Мұхиттар (Әлемдік мұхит)



1. Атлант мұхиты
2. Үнді мұхиты
3. Мұзды мұхит
4. Тынық мұхит
Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады!
Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мұхит(Әлемдік мұхит) -- гидросфераның негізгі бөлігі. Жер шарында төрт
мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар
Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Мұхиттар:

* Атлант мұхиты

* Үнді мұхиты

* Мұзды мұхит

* Тынық мұхит

* Оңтүстік мұхит

Үнді мұхиты

Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты
шарда орналасқан.Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы
аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі
құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана
ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты
жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар
жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да
Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың
соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін
алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы
басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады!

Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік
жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі.

Тынық мұхит
Тынық мұхит (Ұлы мұхит, Ұлы Оңтүстік теңіз) — Жер бетіндегі ең үлкен мұхит.
Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік
мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 34
бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек - бөлек аттары
бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір - біріне жалғасып
жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы
ең үлкен 178,620 млн км² (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан
қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу
саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға
ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған "Тынық мұхит" деген ат берді. Тынық
мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері - Мариан шұңғымасы бар,
оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың
батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен
Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі
есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап
Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.

Атлант мұхиты – Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші
мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант)
тауына байланысты атаған.
Жалпы мәлімет

Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік
Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде
Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында
Африка мен Антарктида аралығында Υнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк
бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай
15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа
бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың
теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі
3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы
қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен
ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте.
Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы
Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз.
Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші
Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу
орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-
Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі
Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве,
Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су
бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс,
Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана,
Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар.
Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал
доғаларын жиектей орналасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
Дүние жүзілік мұхитттарға физ-географиялық шолу
Гидросферадағы физика-химиялық процесстер
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
Әлемдік мұхит туралы ақпарат
Гидросфера
Мұхиттың әлемдегі алатын орны
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Жер қабығының құрамы
Пәндер