МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
КІРІСПЕ 3
1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ 4
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
4. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
5. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ 13
6. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ 19
7. ОРАЛЫМДЫ БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ 26
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі. Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» атты акті қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) «Есім ханның ескі жолы» аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) «Жеті жарғысы» аталған жинақ болып отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. Әңгіме біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе жатқан өзекті мәселелердің бірі.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заң Алматы: Жеті-Жарғы. 2002 ж.
Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
3. Сулейменов М.К. развитие института права собственности в законодательстве Казахстана. - Научные труды «Адилет». 1997. №1.
4. Зиманов С.З, Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов. Алма-Ата: Наука, 1989.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ 4
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 5
3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ 7
4. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 11
5. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ ЖӘНЕ
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ 13
6. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ 19
7. ОРАЛЫМДЫ БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ 26
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт
шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан
зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты
да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық
қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында
меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың
дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы
кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері
көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене
араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды
реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан
салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның
тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі.
Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама
заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде
Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында Қасым ханның қасқа жолы атты акті
қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) Есім ханның ескі
жолы аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен
жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) Жеті жарғысы аталған жинақ болып
отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық
объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. әңгіме
біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе
жатқан өзекті мәселелердің бірі.
Меншік құқығы қазақтардың әдеттегі құқығының ажырамас бөлшегі екенін
осы Жеті жарғы баптарынан көреміз.
1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Мемлекеттік меншік Конституциямен (6-бап), Азаматтык кодекспен (192-
бап) меншіктің бір түрі ретінде бекітілген.
Азаматтық кодексте азаматтық-кұқықтық қатынастардағы барлық
катысушылардың тендігі көзделген.
Азаматтық кодекстің 111—114-баптарына сәйкес мемлекет азаматтық-
құқықтық қатынаста өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта
азаматтық зандармен реттелетін қатынастарға осы катынастардың өзге
қатысушыларымен тен негіздерде қатынасады. Мысалы, мемлекетке және
әкімшілік-аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық зандармен
реттелетін катынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан
өзге норма туындамайтын болса, қолданылады (АК-тін, 114-бабы) және
азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар
шешеді (АК-тің 111-бабы 3-тармағы).
Мемлекеттік меншік катынасы тендікті жариялай отырып, бірак белгілі
бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай
заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет занды тұлға
болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару
органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шиегінде, белгіленген
заңдар мен ережелер шенберінде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы
зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе
шектелгеңдерін де иелене алады; в) мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер
қолданады, айталык, салық, баж салығы, жинау жәнет.б. бар; г) мемлекеттік
меншік негізінде әлеуметтік міндетгер жүзеге асады, яғни тұрғындарды
күнкеріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы
атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін және корғайтын
қүқықтык нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекеттік
мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін
бекітеді.
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Мемлекеттік меншік құкығының субъектісі мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік меншікті басқару және меншік иесінің қүқыктық өкілеттігін
жүзеге асыру мемлекеттік билік органдары аркылы жүзеге асады. Занда
көрсетілген немесе Қазақстан Республикасы тапсырмасы болған ретте оның
атынан басқа мемлекеттік органдар, занды түлғалар мен азаматтар әрекет
етеді. Конституцияның 66-бабы, 4)-тармакшасына сәйкес ҚР Үкіметіне
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру жүктелген. Қазақстан
Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар 1995 жылы 18-
желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасыньщ Үкіметі туралы"
Жарлығының 9-бабы 8-тармағына сәйкес Үкімет мемлекеттік меншікті басқаруды
үйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды жасап әрі жүзеге асырады,
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік меншіктің құкығын қорғауды
қамтамасыз етеді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемлекеттік
меншік қүқығының субъектісі ретіндегі міндеті жүктелген. Демек, Үкімет
мемлекеттік мүлікке қатысты кез келген әрекетті жасай алады, ҚР Үкіметіне
конституциялық бекітілген өкілеттігіне орай өзіне мемлекетгік меншікті
басқаруды ұйымдастыру тапсырылғандықтан, оны өзі немесе өкілетті органдары
арқылы жүзеге асырады, яғни осыған орай мемле-кеттік меншікті иелену,
пайдалану жөне билік ету мәселелерін шешеді.
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлықтың 1-бабы негізінде
мемлекеттік кәсіпорындар мынадай түрге бөлінеді: а) республикалық
меншіктегі — республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; ә) коммуналдық
меншіктегі — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар. Республикалық
мемлекеттік кәсіпорындарға байланысты мемлекеттік меншік субъектісі
министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, министрліктердің
бірқатар департаменттері және басқа өкілетті органдар, оған өкілдік ете
алатын әкімдер болып есептеледі. 1996 жылы 25 маусымда Үкімет қаулысымен
бекітілген республикалық Мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілген
еді, ал коммуналдық мемлекеттік көсіпорындардың тізбесін "Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы" Жарлықтың 2-бабына сәйкес жергілікті әкімдер бекітеді.
Жоғарыда айтып еткеніміздей, занда көзделген немесе мемлекеттің арнайы
тапсырмасымен мемлекет атынан басқа мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар
мен азаматтар әрекет ете алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңының 105-бабы 8-тармағында:
"Мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ак жарғы-лық капиталындағы мемлекеттің
үлесі 50 пайыздан астам болатын шаруашылық серіктестіктерінің төлем
кабілетсіздігін оңалтуды жүргізуге уәкілдік берілген органдарға (ұйымдарға)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлік иесінің кұкықтарын
беруі мүмкін деп көрсетілген.
3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады: 1) қозғалмалы және
қозғалмайтын заттар; 2) ақша, шетелдік валюта; 3) бағалы қағаздар; 4)
міндеттемелік және басқалай заттық қүқықтар мен міндеттер.
Қазіргі заң мемлекеттік занды тұлғалардың мүлкін айыруда қор жөніндегі
бұрынғы дәрежелеуді сақтаған (АК-тің 200-бабы). Коғамдык өнім экономикалық
түрде бөлінеді, ол қоғамдық өнімнің құрамындағы кажетті бөліну мен мақсатты
бөлінуге негізделеді.1
Бүгінгі таңда мүлікті қор бойынша дәрежелеу экономикалык жағынан кұнды
әрі кәсіпорынның бухгалтерлік есебін, мүлік есептеуге жүргізуге оңтайлы
келеді. Әрине, мүліктерді негізгі қорға, айналым қаржысы, шикізат, дайын
өнім тәрізді қорларға бөлу белгілі бір практикалық мәнге ие, өйткені
олардың әрқайсысының өзіне тән кұкылық тәртібі бар. Бірақ та ендігі жерде
жалпы азаматтық занда занды түлғаның, кай қорды, қандай көлемде және қандай
мақсатта құратынын оның тек өзі шешетіндігі айқындалған. Қазіргі қолданылып
жүрген зандар нормаларында мүлікті мақсатты пайдаланудан бас тарту принципі
бекітілген, демек, қорлар бойынша мүлікті шектеу енді жоқ (АК-тің 44-бабы).
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік меншік республикалық мемлекеттік
меншік және коммуналдық мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Азаматтық
кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық мемлекеттік
меншіктің объектісіне жататындар: республикалық меншік республикалық
қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік рес-публикалық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Бұрынғы Азаматтық кодексте
болмаған "қазына" деген ұғым пайда болды. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынасына республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры
және алмас қоры, мемлекеттік меншіктің 193-бабында аталған объектілері
(жер, оның қойнауы, су, жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар) және
мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік
жатады.
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999-жылғы 1-
сәуірдегі Заңына сәйкес республикалык бюджет Қазақстан Республикасынын,
Заңымен бекітілген түсімдермен бюджет тапшылығын каржыландыру (профицитті
пайдалану) есебінен калыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасы,
Конституция мен заң актілері арқылы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасынын. Үкіметі белгілейтін Республикалық бюджет
бағдарламаларын каржы-ландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры —
Казақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және республикалық бюджеттен
қаржыландыратын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалардан тұрады.
Бюджет тиісті қаржы жылына арналған Үкімет кабылдаған Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының
негізінде Қазақстан Ресггубликасы Президентінің Қазакстан халқына жыл
сайынғы жолдауын ескере отырып калып-тастырылады.
Республикалык бюджетке түсетін түсіңдер: 1) республикалық бюджеттің
кірістері (арнайы экономикалық аймактардың қаржы қорларына (бюджеттеріне)
есептелетін сомадан басқа), олар мыналардан тұрады: а) салықтардан,
адамдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер; ә)
салықтық емес түсімдер; б) кагшталмен жүргізілетін операциялардан алынатын
кірістер; 2) алынған ресми трансферттер (грант-тар); 3) республикалық
бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі борышты өтеу (Заңның 7-
бабы).
Азаматтық кодекстің 192-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қазынаны
алтын-валюта қоры және алмас қоры қүрайды. Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылы 30 наурызда қабылдаған "Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы" және 1995 жылғы 20 шілдедегі "Бағалы металдар мен
бағалы тастарға байланысты мемлекеттік қатынастарды реттеу туралы"
Жарлықтары өзгерістер енгізілгеннен кейін оны "алтын-валюта қоры және
бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік резерві" деп атайды.
Қазақстан Республикасы Үлттық банкісінің алтьн-валюта қоры қазақстандық
теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кұрылып,
пайдаланылады. Және де ол шетелде сақталатын алтын, шетелдік валюта, мәнет,
банк каржысынан және Қазақстан Республикасы Ұлттык банкісінде сақталатын
валюталық құндылыктардан тұрады. Сондай-ақ халықаралық танылған кез келген
актив қорлары; аударылатын вексельдер, жай және казыналық вексельдер (шет
мемлекеттер мен халықаралық каржы мекемелері арқылы шығарылып,
кепілдендірілген), басқа да сыртқы активтер (кірістер), қорлардың сатып алу
күнын сактау да алтын-валюта корына жатады.
Алтын-валют ақорын несие ретінде беруге болмайды, Қазақстан
Республикасының Президенті шешімдерінде қаралған реттерден басқа жағдайда
Қазақстан Республикасы резиденті болсын, болмасын кепілдік және басқа
міндеттілікті ұсынуға да жол берілмейді.
Алтын-валюта қорын толықтыруды Қазақстан Республикасы Үлттық банкісі
жүргізеді (Жарлықтың 58-бабы).
Бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік коры бағалы металл,
оның ішінде алтыннан және бағалы тастардан, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетте қаралған қаржыға сатып алған
зергерлік бұйымдарынан, тәркіленген немесе караусыз қалған, кейін мемлекет
меншігіне өткізілген мүліктерден, табылған көмбеден, тарихи және мәдени
ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған бағалы металдар
мен бағалы тастардан, бұйымдардан құралады.
Мемлекеттік (бюджеттік) қор Мемлекеттік күзетте сақталады. Бұл қорға
тапсырылған құндылықтарды беру, есептеу, сату және оған өткізу Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асады (Жарлықтың 11-бабы).
Қазынаға сондай-ақ мынадай мемлекеттік меншік объектілері де жатады:
жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар (ҚР АК-тің 193-бабы). Жер, сондай-ақ занда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (Қазақстан
Респуб-ликасының Конституциясы 6-бабы, 3-тармағы).
Занда тек мемлекет қана меншік иесі болатын мүліктердің тізбесі толык
камтылмаған.
Табиғи ресурстарға меншік қүқығын жүзеге асыру ерекшеліктері былайша
ерекшеленеді: а) табиғи ресурстарды пайдалану өзге мүліктерді пайдаланудан
айтарлықтай ерекшеліктерге ие; сондықтан да ол белгілі бір мақсатпен
қолданылады, бүл орайда табиғатқа залалы тимеуі тиіс; ә) аталған
ресурстарды үнемі бақылап отыру, сол үшін арнайы жүйе мониторинг
қарастырылған; б) табиғат объектілеріне жасалған залал белгілі бір уақыт
өткен соң көрінеді; в) арнайы өкілеттігі бар бақылаудын тұтастай жүйелері
болады (жерді, орманды бақылайтын органдар т.б.); г) тиісті мемлекеттік
органдардың табиғат объектілерін пайдаланушылар қызметіне араласу құкығы
ескерілген.1
Қазіргі заң республикалық кәсіпорындарға мүлікке шаруашылық жүргізу
құқығын, ал қазыналык кәсіпорындарға,1 мемлекеттік мекемелерге оралымды
басқару құқығын бекіткен.
Азаматтық кодекстің 192-бабы 3-тармағына сәйкес коммуналдық меншік
жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жрргілікті қазынаны құрайды.
Конституцияның 87-бабында жергілікті аткарушы органдардың қарауынпа
коммуналдық меншікті басқару да енеді делінген. Бұл меншіктің жаңа түрі
пайда болды деген сөз емес.
Коммуналдык меншіктің ерекшелігі оның қызметінің жергілікті
мәселелерге арналып, белгілі мақсатқа жұмылдырылатындығымен ерекшеленеді.
4. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Мемлекет Азаматтық кодекстің 192-бабы негізінде мемлекеттік мүліктің
біртұтас меншік иесі болып табылады. Оның иелену, пайдалану және билік ету
тәрізді құкықтық өкілеттіктеріне ешкім де ешқашан шек қоя алмайды. Яғни
мемлекет өзі үшін заң шығарып, мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібін
айқындап отырады.
Қазақстан Республикасы азаматтық күқықтың субъектісі ретінде
мемлекеттік меншікті өзінің органдары арқылы басқарады, солардьщ ішінде
мемлекеттік занды түлғалар арқылы да басқарады.
Мемлекеттің иелену құқыгы дегеніміз, карамағындағы заңмен қорғалатын
мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік органдарға немесе кейбір бөліктерін
кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық жүргізу және оралымды басқару
күқықтарына беруге қарамастан өзінің кұзыретінде қала береді.2
1Батыстың экономикалық және зан әдебиеттерінде кәсіпорынды әр түрлі
факторлардың бірлігі ретінде кұрайды: өндіріс, табиғи ресурс, еңбек және
капитал. Кәсіпорынды азаматтық және сауда қүқықтарының субъектілері деп
қарайтын елдер онша көп те емес. Мысалы, Лихтенштейн — Латын Америкасының
бірқатар елдерінін зандары, айталық, Коста-Риканы айтуға болады. Батыс
елдерінің зандары кәсіпорынды негізінде құқықтың дербес субъектісі ретінде
қарамайды, "ал қараса, тек жеке кәсіпорнымен шектеледі". (Кулааш М.И.
Предпринимательство и право: опытЗапада. М.,: Дело. 1992,45-бет).
1 А.В.Венедиктов иеленуді затка үстемдік ету, яғни, "затты уыста
үстау" деп түсінді. Сондықтан да ол мемлекет мүліктерін тікелей өзі емес,
өз органдары арқылы иеленеді деді. ВенедиктовА.В. "Государственная
сощшлистическая собственность)". М-Л., 1948, 340-341-беттер.
Мемлекет өзінің кәсіпорындарында, қазыналық кәсіпорындар мен
мекемелерге мүлікті иелену кұкығын бергенімен, мемлекет меншік иесі ретінде
бұл мүліктерге иелену кұкығын сақтайды. Өйткені, мемлекеттік заңды
тұлғалардың құқыктык өкілеттікті иеленуі мемлекет иелігін жоққа шығармайды,
ол көлемі бойынша да, мақсаты бойынша да бір-біріне сай келмейді.
Мемлекеттік занды тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құкығымен
салыстырғанда, онын бір бөлшегі, тұтас нәрсенің бір бөлігіндей ғана болады.
Мемлекеттік кәсіпорын, казыналық кәсіпорын және мекемелер салалық мүліктік
кешен ретінде мемлекеттік меншіктің объектісі болып табылады, демек оның
иелігінде болады. ("Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Жарлықтың 12-бабы).
Пайдалану құқығы дегеніміз, мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы
қоғам мүддесі үшін пайданың бәрін алуға байланысты мемлекетгің өзіне тән
мүмкіндігі болып табылады.
Мемлекеттің билік ету құқығы мемлекеттік мүлікті иелену мен пайдалану,
мүлікті бөлу, ұтымды қүқықтык әдістерді айқындау, сол арқылы мемлекеттік
меншікті басқаруды өз дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін белгілеуінен
тұрады. Мемлекеттің билік ету кұқығы жаңа нормаларды шығару, оларды өзгерту
мен тоқтату, сондай-ақ оралымды қызмет процесінде өндірістің каржылары мен
өнімдерін ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік актілердің көмегін пайдалана
отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік биліктің билік етуге байланысты қатынастары Азаматтық
кодекстен басқа да көптеген заң актілерімен реттеледі. Мысалы,
"Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 16-бабы негізінде жекешелендіруге жататын
кәсіпорын занды тәртіпке сай акционерлік қоғамға айналуы мүмкін, бұл орайда
кейіннен сатып алу құқығы сенімділік басқаруға немесе жалға беріледі.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру — мемлекеттік мүліктерді
қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы меншікті ұйымдастыру шаралары
жөніндегі жүйенін күрделі мәселесі болып есептеледі.
Ғылыми әдебиетте және тәжірибеде "мемлекет иелігінен алу" және
"жекешелендіру" синоним ретінде колданылғанымен, шын мәнінде олар бір-
біріне дөп келе бермейді.
1991 жылы 1-маусымдағы КСРО-нын. "Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің бастапқы негіздері туралы" заңы мен 1991 жылғы 22
маусымдағы Қазақ КСР-інің "Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
туралы"1 Заңы меншікті реформалаудың екі жолын карастырған болатын:
мемлекет иелігінен алу немесе "мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа
түріндегі (мемлекеттік емес) кәсіпорындарға айналдыру" және жекешелендіру
жолымен — мемлекеттік мүлікті азаматтар мен заңды түлғалардың меншігіне
алуы (1-бап).
Заң әдебиеттеріне сүйенсек, мемлекет иелігінен алу дегеніміз,
мемлекеттік кәсіпорындарды, басқа шаруашылык және тұтыну кұрылымдарын
әкімшілдік-әміршілік әрекет ыкдалынан шығарудағы нормативті реттелген
процесс болып шығады.1 Сол арқылы мемлекеттік басқару органдарының
жекешешендіру мен монополиясыздандыру кезінде бөгде әрекеттеріне тосқауыл
койылады. Ал жекешелендіру дегеніміз, мемлекеттік меншікті жеке, занды
түлғалардың және шетелдік занды тұлға-ларының мемлекеттің келісімі арқылы
заң бойынша жүзеге асуы ("Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 1-бабы).
Қазақстан Республикасындағы қазіргі зандарда "жекешелендіру" деген бір
ғана термин колданылады.
Қазақстан Рсепубликасында жекешелендіру сатылы негізде өтуде.
Қазақстандағы бірінші сатыда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
салдары: кәсіпорындар еңбек ұжымдарына кейін сатып алу құқығымен жалға
берілді, сейтіп ол ұжымдык кәсіпорынға айналды; кейбір жағдайда еңбек
ұжымдары мемлекеттік мүлікті тегін сатып алу мүмкіндігін иеленді;
тұрғындарға жекешелендіруге жекешелендіру купондары арқылы тарту жүзеге
асты (бірақ қалай істеу тәртібі болмады; аукцион, конкурс және баскару
арқылы сату т.б.)-
Сонымен мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінен мемлекеттік
кәсіпорындарды жалға берумен ұжымдық кәсіпорындарға айналдыруымен немесе
еңбек ұжымдарының меншігіне беруімен шектелді. Қазақ КСР-інің "Жалға беру
туралы" 1990 жылғы 22-ақпандағы Заңы соның бір мысалы бола алады. Бұл заңда
мемлекетгік кәсіпорындарды жалға беру үлкен орын алды. Мысалы,
кәсіпорындарды жалға беру (аренда) еңбек ұжымының жалға берілетін мүлікті
сатып алу арқылы кейін ұжымдық кәсіпорынға айналуға себеп болды.
Қазақ КСР-інің "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы"
Заңының 25-бабына сәйкес еңбек ұжымы ең алдымен кәсіпорынды сатып алу
құқығын алды, мемлекеттік кәсіпорынға жататын құрал-жабдықтың бір бөлігін
сатып алу үшін пайдалануына мүмкіндік ашылды: еңбек ұжымы алатын мүліктің
тек 50 процент құнын төлеу жеңілдігіне ие болды, сондай-ақ өндірістік және
әлеуметтік инфракұрылымдардың объектілерін меншігіне тегін алу құқығын
иеленді; кәсіпорын сауда жасап, түсірген пайдасының бір белігіне салық
төлеуден босату тәрізді жеңілдіктерді еншіледі.1
Алайда мемлекет меншігін еңбек ұжымдарының меншігіне беру экономикалық
проблемаларды шеіпе қойған жоқ, өйткені, жұмыскерлер бұрынғысынша істі
басқарудан тыс қала берді де өзінің күнделікті кірісіне көп онша ықыласты
болған жоқ, сайып келгенде жеке адам тап осы әдістен кайыр көре алмады да,
кәсіпорынның болашағына бас ауыртып жатпады. Соның салдарынан келіп ақыры
"Жалға беру туралы", "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы"
бұрынғы Зандар күшін жойды.
1993 жылы 5-наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
"Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
Ұлттық бағдарламасы" 1993-1995 жылдарға арналып бекітілді (бұл 2-ші кезең).
Оньң ерекшеліктері мынадай еді: мемлекетгік секторды акционерлендіру;
дербес жобалар бойынша жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркәсіптік
кешенінде жекешелендіру.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындарды
акционерлік қоғамдарға айналдыру жөніндегі үйымдастыру шаралары туралы"
Жарлығы негізінде еңбек ұжымының қызметкерлері 10 пайызға дейінгі акцияны
тегін алу құқығын алды. Жаппай жекешелендіру объектілері бойынша
акциялардың келемінде 51 пайызы купондық аукциондық инвестициялық
жекешелендіру корларына тұрғындардың жекешелендіру инвестициялық
купондарына сатылуы тиіс; акциялардың қалған бөлігі (39 пайызы) кор
биржалары, аукциондар, конкурстар аркылы ақшаға сатылады; кәсіпорын бас
пайызының номиналдық құнын алу мүмкіндігіне ие болды.1
Жекешелендіру туралы заңның одан әрі дамуы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсандағы заң күші бар "Жекешелендіру
туралы" Жарлығы аясында жүзеге асты. Айта кетелік, бұл Жарлық 1996 жылдын 1-
қаңтарынан бастап күшіне еніп, Қазақстан Республикасындағы
жекешелендірудін, шын мәніндегі үшінші кезеңін бастады. Жарлық нормаларын
жүзеге асыру үшін Қазақстан Республи-касының Үкіметі 1996 жылы 7-ақпанда
қаулы қабылдап, Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға
арналған бағдарламасын бекітті, ал қазір Үкіметтің 1999 жылы 1 мамырда
қабылдаған қаулысымен 1999-2000 жылдар (4 ке-зең) жекешелендірудің жаңа
бағдарламасы жүріп жатыр.
"Жекешелендіру туралы" Президенттің заң күші бар Жарлығы
жекешелендірудің неғұрлым маңызды белгілерін айқындап берді: 1)
жекешелендірілген мүліктің мемлекеттік және коммуналдык меншікке
жататындығы; 2) жекешелендірілетін объектіні сатып алушының жеке меншіктің
субъектісіне катыстылығы. "Жекешелендіру туралы" заңға сәйкес басқа да
белгілердің болу мүмкіндігі.
"Жекешелендіру туралы" Жарлыққа сәйкес жекешелендіру мынадай түрлерде
жүзеге асырылады: 1) сауда-саттықта сату (аукциондеңдер); 2)тікелей
бәсірелі сату (Жарлықтың 12-бабы).
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігіне, айналадағы табиғи ортаны
қорғауға, сыртқы экономикалық ахуалына байланысты ерекше жағдайларда тендер
жабық болуы мүмкін. Оны өткізу тәртібін Қазақстан Республикасьның Үкіметі
белгілейді (Жарлықтың 13-бабы). Жарлықта жекешелендірудін, негізгі
принциптері аталған: жекешелендіруді жүргізген кезде негізгі принциптер
жариялық, бәсекелестік, қүқықтық сабақтастық, лауазым иелерінің
жекешелендіруді жүргізудің зандылығына жауапкершілігі және сатуға
шығарылатын объектілер туралы берілген мағлұматтардың растығы болып
табылады (Жарлық-тың 4-бабы).[1]
"Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 2-бабына сәйкес сатып алушы
дегеніміз, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz