«Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі» атты әдістемелік нұсқау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3
1. Сабаққа дейінгі гинастика ... ... ... ... ... ... . 4
2. Денешынықтыру минутасы ... ... ... ... ... 4
3. Қозғалу қоңырауы ... ... ... ... ... ... ... ..5
4. Сабақтағы және қоңыраудағы қозғалу ойындары ... ... ... ... ... ... .7
5. Ерекше қозғалу ойындары ... ... ... ... ... ... ..10
6. 1.3 сынып аралықтарындағы қозғалу ойындары ... ... ... ... ... ... .12
6.1. Әлсіз үддемелі ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
6.2. Орташа үддемелі ... ... ... ... ... ... ... ...16
6.3. Жоғары үддемелі ... ... ... ... ... ... ... ...20
7. Үлгілі қозғалу ойындары 4.6 сынып аралықтарында ... ... ... ... .24
7.1 Әлсіз үддемелі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
7.2 Орташа үддемелі ... ... ... ... ... ...27
7.3 Жоғары үддемелі ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ...35
Әдебиет ... ... ... ... 36
Қозғалыс ойындары қатысушылардан арнайы дайындықтарды талап етпейді. Ойынның шарттары ойын өткізілетін алаңның жағдайына сәйкестендіріліп, оқушыларға және ұстаздарына қатысты жүргізіледі. Оларда дәл құрылған ойыншылардың саны, ауданның дәл өлшемі және де инвентарь орнатылады: волейбол және баскетбол доптары, скакалкалар, гимнастикалық орындықтар мен таяқшалар, түрлі жалаулар және т.б.
Физикалық сапа тәрбиесінде қозғалыс ойындарының мәні ерекше: жылдамдықта, ептілікте, күште, шыдамдылықта, иілгіштікте. Негізі, қозғалыс ойындарында физикалық сапа кешенді дамиды. Қозғалыс ойындарының көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты қажет етеді (жылдам қашу, қуып жету, дыбысты және көрермен сигналдарын сезіну).
Ойындағы жиі өзгеретін ереже, қатысушылардан бір әрекеттен екінші әрекетке жылдам ауысуды талап етеді, ептілікті шыңдауғы тәрбиелейді. Жылдамдылық-күштілік бағытындағы ойындар күшті жетілдіреді. Жиі қайталанатын күйзеліс қозғалысындағы, үздіксіз қозғалғыш әрекетіндегі, энергия мен күшті көп жұмсауға байланысты ойындар, шыдамдылықты шыңдайды. Қозғалыс бағытында жиі өзгеретін ойындар, иілгіштікті тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Әрбір қозғалыс ойындары өзінің мазмұнына, формасына (құрылымы) және әдістемелік ерекшеліктерге ие болады.
Қозғалыс ойындарының мазмұны мыналардан тұрады: сюжеті (бейнелі және шартты байламдар, ойынның жоспары), ереже және қозғалыс қызметтері, ойынға енудегі басты мақсат.
Қозғалыс ойындарының формасы – қатысушылардың әрекеттер ұйымы, көзделген мақсатқа жетуге арналған кең көлемдегі әдістерді қолдана алу мүмкіншілігі. Кейбір ойындарда қатысушылар жекелей немесе топпен қызмет атқарады, ал басқа ойындарда – ұжыммен, өзінің ұжымының және тобының қызығушылығымен әрекет етеді. Сонымен қатар ойынға қатысушылардың түрлі құрамы бойынша ойындар (шашыраңқы, айнала тұру, сапқа тұру).
1. Бондарь Н.И.В // Мектептегі дене-шынықтыру. 1983. - № 4. – 26-27с
2. Веленский М.Я., Сафин Р.С. Студенттер арасындағы дене- шынықтырудың кәсіптік бағдары. 198-159с
3. Геллер Е.М қоңырау арасындағы ойын 1-3 сынып – М., Дене-шынықтыру және спорт, 1985-48с
4. Геллер Е.М қоңырау арасындағы ойын 4-6 сынып – М.: Дене-шынықтыру және спорт, 1985-48с
5. Дьяконов В.В., Фокин Л.Н Саптағы жаттығулар 1-5 сынып // Дене-шынықтыру және спорт 1987. - № 1.-22с
6. Дубогай А.Д., Хрущев С.В Қозғалыс ойындары – М., Дене-шынықтыру және спорт, 1986-31с
7. Каменцер М.Т Оқудан тыс сабақ – М.: Дене-шынықтыру және спорт, 1987-10с
8. Шухурина В.К Сабаққа дейінгі гимнастика 1-3 сынып аралығында. Дене-шнықтыру және спорт – 1980. №7. -43-46с
9. Шрухина В.К Дене-шынықтыру сабақтары 1-3 сынып аралығында – М.: 1980.-78с

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері
Қозғалыс ойындары қатысушылардан арнайы дайындықтарды талап етпейді.
Ойынның шарттары ойын өткізілетін алаңның жағдайына сәйкестендіріліп,
оқушыларға және ұстаздарына қатысты жүргізіледі. Оларда дәл құрылған
ойыншылардың саны, ауданның дәл өлшемі және де инвентарь орнатылады:
волейбол және баскетбол доптары, скакалкалар, гимнастикалық орындықтар мен
таяқшалар, түрлі жалаулар және т.б.
Физикалық сапа тәрбиесінде қозғалыс ойындарының мәні ерекше:
жылдамдықта, ептілікте, күште, шыдамдылықта, иілгіштікте. Негізі, қозғалыс
ойындарында физикалық сапа кешенді дамиды. Қозғалыс ойындарының көпшілігі
қатысушылардан жылдамдықты қажет етеді (жылдам қашу, қуып жету, дыбысты
және көрермен сигналдарын сезіну).
Ойындағы жиі өзгеретін ереже, қатысушылардан бір әрекеттен екінші
әрекетке жылдам ауысуды талап етеді, ептілікті шыңдауғы тәрбиелейді.
Жылдамдылық-күштілік бағытындағы ойындар күшті жетілдіреді. Жиі
қайталанатын күйзеліс қозғалысындағы, үздіксіз қозғалғыш әрекетіндегі,
энергия мен күшті көп жұмсауға байланысты ойындар, шыдамдылықты шыңдайды.
Қозғалыс бағытында жиі өзгеретін ойындар, иілгіштікті тәрбиелеуге септігін
тигізеді.
Әрбір қозғалыс ойындары өзінің мазмұнына, формасына (құрылымы) және
әдістемелік ерекшеліктерге ие болады.
Қозғалыс ойындарының мазмұны мыналардан тұрады: сюжеті (бейнелі және
шартты байламдар, ойынның жоспары), ереже және қозғалыс қызметтері, ойынға
енудегі басты мақсат.
Қозғалыс ойындарының формасы – қатысушылардың әрекеттер ұйымы,
көзделген мақсатқа жетуге арналған кең көлемдегі әдістерді қолдана алу
мүмкіншілігі. Кейбір ойындарда қатысушылар жекелей немесе топпен қызмет
атқарады, ал басқа ойындарда – ұжыммен, өзінің ұжымының және тобының
қызығушылығымен әрекет етеді. Сонымен қатар ойынға қатысушылардың түрлі
құрамы бойынша ойындар (шашыраңқы, айнала тұру, сапқа тұру).
Ойынның формасы оның мазмұны мен шарттылығына байланысты.

Әдістемелік ерекшеліктері оның мазмұны мен формасына байланысты. Қозғалыс
ойындарының әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар тән:
а) бейнелілік;
б) ережемен шектелген мақсаттарға жету үшін іс әрекеттердің
өзіндік мақсаты;
в) ережемен сәйкестендірілген әрекеттегі шығармашылық ынта;
г) ойынның сюжетіне байланысты арнайы рөлдердің іске асуы, бұл ойынға
қатысушылардың ұйымның өзара қатынастарын қалыптастырады;
д) ойындағы құбылыстың аяқастылығы, өзгергіштігі, қатысушылардан
реакция жылдамдылығын, ынтасын талап етеді;
е) жарысу ойындарының белгілері, күштің толық қалпын талап етеді және
ойындағы сезімдік күштерін жоғарылатады;
ж) ойындағы текетірестерді шешудегі қарсы жақтың пікірлерімен
түйісуі жоғары эмоционалды тонусты қалыптастырады.
Қозғалыс ойындары физикалық мәдениет құралы ретінде ғана емес, сондай-
ақ әдістемесі де болып табылады. Тәрбиелеудегі ойын әдісінің түсінігі,
ойынның әдістемелік ерекшеліктеріне көрініс береді, яғни, оны басқа тәрбие
әдістерінен әдістемелік қатынасынан ерекшелейді (жарыстың белгілері,
сюжеттілігі, көркемділігі, мақсатқа жетудің түрлі әдістері, әрекеттің
өзіндік қатынасы). Ойын әдісі күрделі нұсқаланған шарттардағы қозғалыстың
кешенді жетілуі басты назарда қолданылады.
Физикалық мәдениет және ойын әдісінің құралы ретіндегі қозғалыс
ойындары физикалық сапаның тәрбиеленуіне және жетілуіне септігін тигізеді.
Бұдан басқа, қозғалыс ойындарында гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы және
басқа да спорт сабақтарында қалыптасқан шынайы әрекеттері және жекеленген
дағдысы мен қабілеттілігі жетіледі және бекітіледі.

6. 1-3 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының мысалдары
6.1. Жеңіл қарқындылық.

ҮКІ
Дайындық. Ойыншылар арасынан Үкі таңдалады. Ойыншылар – Дала
тышқандары барлық зал қабырғаларында інде жайылады. Үкінің Ұясы ойын
алаңының шетінде орналасады. Үкі өзінің ұясында.
Бейнелеу.Ұстаз Күн! деп айтады. Барлық тышқандар залдың ортасына
жүгіріп шығады: жүгіреді, секіреді. Үкі ұясында ұйықтап отырады. Ұстаз
Түн! деп айтады. Барлық тышқандар орындарында қатып қалады, ал Үкі
оянады, аң аулауға шығады және ойыншылардың қайсысы қозғалғандығын
бақылайды. Егер Үкі тышқандардың қозғалғандығын байқап қалса, оларды өз
ұясына әкетеді. Үкі ұстаз Күн! деген бұйрық бергенше тышқандарды
аулайды. Күн! белгісі берілгенде Үкі өз ұясына ұшып кетеді. Ал
ұсталмаған тышқандар Түн! деген белгі берілгенше жүгіреді. Ұяда 3-5
тышқан ұсталса, жаңа Үкі тағайындалады. Осылай бірнеше рет ойналады.
Соңында бір де бір ұсталмаған тышқан және басқаларға қарағанда тышқандарды
тез арада ұстаған, өте байқампаз Үкі аталып өтеді.
Ереже.
1. Үкі ойын алаңына шыққанда, тышқандарға қозғалуға тыйым салынады.
Үкі байқамаған жағдайда тышқандар үкінің артынан тұрысын өзгерте
алады.
2. Ұсталған тышқандар ойын аяқталып, басқа Үкі тағайындалғанға
шейін ұяда отырады.
3. Ұстаздың Күн! белгісі бойынша Үкі міндетті түрде ұясына ұшып
кетуі керек.

ЕМЕН ЖАҢҒАҒЫ, ІСІК, ЖАҢҒАҚ
Дайындық... Ойыншылар үштен бөлінеді. Біріншілер – Емен жаңғағы,
екіншілері – Ісіктер, үшіншілері – Жаңғақтар. Бір ойын басқарушы.
Бейнелеу.Әрбір үштік: Емен жаңғағы, Ісіктер, Жаңғақтар шеңбер
түзе қолдарын ұстайды. Ойын басқарушы ойын алаңының ортасында тұрады. Ұстаз
Емен жаңғағы дегенде Емен жаңғағы аталған барлық ойыншылар, орындарымен
ауысуы қажет, бұл уақытта ойын басқарушы қандай да бір босатылған орынды
алуға талпынады. Ісіктер мен Жаңғақтар орындарымен ауысады. Сол
уақытта барлық ойыншылар орындарымен ауысулары қажет.
Ереже.
1. Ойынды тек ұстаздың белгісімен бастау керек.
2. Әр ойыншы жүргізуші орынында болуы шарт.

ҒАРЫШКЕРЛЕР
Дайындық. Алаңның бұрыштары мен жақтауларында Ракетодром деген 5-
8 үлкен ұшбұрыштар сызылады. Әрбір ракетодромның ішінде 2-5 Ракета
жолақшалары салынады. Ракеталардың жалпы саны 5-8 дана ойыншылар санынан аз
болу керек. Ал қалған ойыншылар ойын алаңының ортасында шеңберде тұрады.

Бейнелеу. Ойыншылар шеңбер бойынша қол ұстасып Ғаламшарлар
саяхатына, ракеталар тосады, қайсысын біз қалаймыз, соған барып қонады.
Ойынның бір жұмбағын балақай тек есіне тоқ. Әрқашанда, әр кезде, кешіккенге
орын жоқ деп айқайлап жүреді. Осыдан сөздерден кейін барлығы ракетадромға
жүгіріп, кез келген ракетаға орналасады. Орынсыз қалғандар ұстазға барады
немесе залдың ортасына шегінеді.Кейін кешіккендермен қоса барлығы шеңберге
жиналып ойынды қайта бастайды.
Ереже.
1. Ойынды Оқытушы беретін белгі бойынша ғана бастау керек.
2. Кешіккенге орын жоқ сөзі айтылысымен жүгіру керек.

БІЗ КӨҢІЛДІ БАЛАЛАРМЫЗ
Дайындық. Ойынның қарама-қарсы жақтарында немесе залда 15-20м
аралықта екі үй бірінен бірі сызықтар арқылы ажыратылады. Үйлермен қоса
ойын алаңында ойын басқарушы тұрады. Басқа ойыншылар ойын алаңының бір
жағында, үй сызықтарының артында болады.
Егер ойын үлкен алаңда ойнатылса, оның жақтарын шектеу қажет, ал,
сызықтарды 8010м аралықта сызу керек.
Бейнелеу Ойын басқарушы, ойыншыларға ортасында тұрып, Бір,екі,үш!
деп қатты айтуы керек. Барлық ойыншылар хормен:
Біз-көңілді балалар, жүгіру мен ойнауды ұнатамыз. Бізге жете алсаң
жетіп ал!
Бұдан кейін барлық балалар қарсы жақтағы үйлердің сызықтарына дейін
жүгіріп барады. Ойын басқарушы жүгіргендерді ұстап алады. Барлық балалар
жүгіріп келгеннен соң, ойын басқарушы тағы Бір,екі,үш! деп тағы да
санайды, ал барлығы, төрт жолды өлең айтып, бірінші үйге жүгіреді.
Ұсталғандар тағы да шеттетіледі. 2-3 айналып жүгіргеннен кейін ұсталғандар,
ұсталмағандардан жаңа ойын басқарушыны таңдайды, ал ұсталғандар ойынға
қайта енеді және ойын басынан басталады.
Ойын 3-4 рет өткізіледі, осыдан кейін бірде бір рет ұсталмаған
балалар мен көп балалар ұстаған үздік ойын басқарушы белгіленеді.
Ереже.
1. Тек Бізді қуып жету сөзінен кейін ғана басқа жаққа жүгіруге
болады.
2. Үй сызығынан жүгіріп шығып, қайта оралуға болмайды; осы әрекетпен
ойнаған ойыншы ұсталған болып саналады.
3. Ұстап алу- яғни ойыншыға қол тигізу.
4. Ойын басқарушы үй сызығына дейін жеткен ойыншыны ұстай алады, ал,
сызықтан шеттетілген ойыншыны ұсталған деп санамайды.

ОРЫНДАРҒА ТЕЗ
Дайындық. Барлық ойыншылар бір немесе екі бағандарға бір-бірден сапқа
тұрады жәнеқолдарын алға созады, алдында тұрғандардың иығын қолының ұшымен
сәл түртеді.
Бейнелеу Оқытушы белгісі бойынша: Қашыңдар! дегенде барлық
ойыншылар жан-жаққа қашады. Екінші бұйрықта: Орындарына тез!
Барлығы алдыңғы негізгі жағдайға қайта тұрып, алда тұрғанның иығына
қолдарын қоюы керек. Кім соңғы орын алса, сол ұтылады. Егер екі бағана
ойнаса, онда ертерек реттеліп тұрған топ ұтады.
Реттелу құрылысы әр түрлі бола алады: екі сап бетерімен қарама-қарсы,
екі шеңбер, серіктердің иықтарына қолдарын қою.
Ереже.1. Тек қана анықталған белгімен ғана ойынды бастау.
2. Тек қана басқарушының командасымен жүгіру.
3. Бағанаға жылдам реттелу керек, бірақ әңгімесіз және шусыз.

Тиым салынған қозғалыс
Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады.
Бейнелеу Оқытушы ойнаушылармен бірге шеңберге тұрады және оларға
барлық қозғалысты орындауды ұсынады, бірақ олар алдын ала анықталған тиым
салынған қозғалысты орындамауы қажет. Кім жаңылады және тиым салынған
қозғалысты орындайды, ол айып пұл ұпай алады.
Содан соң ойын қайта жүре береді.
Ойын аяқталысымен қателік істемегендер мен ең ықыласты емес
қатысушылар белгіленеді.
Ереже: 1. Ойнаушылар тиым салынған қозғалыстан басқасының барлығын
орындауы міндетті.
2. Айып пұл ұпай алғандар ойынды жалғастырады.

Пішіндер
Дайындық. Ойынды бастап жүргізетін ойыншыдан басқа ойыншылар алаң
бойынша жүгіреді және кім не қалайды соны ойнайды. Ойынды бастап жүргізетін
ойыншы алаң жағының біреуінде орналасады.
Бейнелеу Жүргізетін ойыншының бірінші белгісімен ойнаушылар
тоқтатылады және олардың әрбірі қандай болмасын дене тұрысын қабылдайды.
Екінші белгі жалауды қағуымен алаңға ойынды бастап жүргізетін ойыншы
шығады. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы қозғалған ойыншы көріп қалып оны
қолмен тиеді. Осыдан кейін Ойнандар! деген үшінші белгі беріледі. Барлығы
жаңадан жүгіреді.
Ойынды бастап жүргізген ойыншы қолмен тигізген ойыншы ойынды бастап
жүргізеді, бұрынғы ойынды бастап жүргізген ойыншы бәрімен қайта бірдей
ойнайды.
Ереже: 1. Ойынды бастап жүргізген ойыншы бір ойыншыны қайта-қайта
бақылап тұруға құқығы жоқ.
2. Қабылданған дене тұрыстарын алмастыруға болмайды.

Ортаңғыға доп
Дайындық. Ойнаушылар 3-4 командаға бөлінеді. Әрбір топойыншылары
қолдарың жан-жағына керілген ара қашықтықта шеңберге тұрады. Шеңберлердің
сызықтары сызықпен белгіленеді. Әрбір шеңбер ортасына волейбол добымен
ойынды бастап жүргізуші ойыншы кіреді.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен ойынды бастап жүргізетін ойыншы
ойыншылардың біреуіне допты тастайды, ол ойынды бастап жүргізген ойыншыға
қайтарып береді. Дәл осылай әрбір ойынды бастап жүргізген ойыншы өзінің
шеңбердегі барлық ойыншыларға бреді. Ойынды бастап жүргізген ойыншы соңғы
ойыншыдан допты алып, допты жоғары көтереді. Қай команда ойыншылары допты
асыра лақтыруды ертерек аяқтаса, сол ұтады.
Ереже: 1. Оқытушының белгісімен ойынды бастау.
2. Ойынды қайта ойнаған жағдайда ойынды бастап жүргізетін ойыншы
болып басқа ойыншы тағайындалады.

Дауыс арқылы біл
Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады. Бір ойыншы шеңбердің ортасына
тұрады және көзін жабады (көзді ормалмен не мойын орағышпен байлауға
болады).
Бейнелеу Барлық ойнаушылар шеңбер бойымен жүреді, ортасында көзі
жабылған ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.
Ойыншылар басқарушының артынан шеңбер бойымен жүреді, оның
қозғалыстарын қайталап, содан кейін тоқтайды және былай деп айтады: Біз
аздап ойнадық, ал қазір біз шеңберге тұрдық, сен жұмбақты тап, кім сені
шақырды, біл! Басқарушы бір ойнаушыларды үнсіз көрсетеді, ол айқайлайды:
біл, мен кім!.
Ойынды бастап жүргізген ойыншы оны дауысы арқылы білуі қажет. Егер ол
таңыса, таңылған ойыншы ойынды жүргізуші болады, егер қателесе, онда ойын
қайта басынан басталады.
Ереже. 1. Біл, мен кім! деген сөзді тек басқарушы көрсеткен бір
ойыншы ғана айтады.
2. Ойынды бастап жүргізген ойыншы айтып жатқан ойыншы айтып болғанша
көзін ашуға құқығы жоқ.

Нысанға мерген
Дайындық. Алаң ортасына сызық сызылады, бойлай 10 күрзілер қойылады.
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді және бір саппен бірінін артынан бірі
күрзілерге бетпен алаңның бір жағында тұрады. Алда тұрған саптың ойыншылары
кішкентай доптарды алады.
Сап алдында мәре сызығы сызылады.
Бейнелеу Ойыншының анықталған белгісімен бірінші саптың ойыншылары
күрзілерге доптарды лақтырады, оларды ұшырып түсіруге талпынады. Ұшырып
түсірілген күрзілер саналады және қайта орнына қойылады. Допты лақтыратын
балалар жүгіріп оларды алады және келесі команда ойыншыларына береді, ал
өздері олардың артында сапқа тұрады.
Оқытушының белгісімен екінші саптың қатысушылары тағы да солай
күрзілерге доптарын лақтырады. Тағы да ұшырып түсірілген күрзілер саналады.
Дәл осылай 2-4 рет ойналады.
Бірнеше рет көбірек күрзілерді ұшырып түсірген команда жеңеді.
Ереже. 1. Допты тек басқарушы белгісімен ғана лақтыруға болады.
2. Лақтыру барысында мәре сызығынан шығуға болмайды. Сызықтан атап
өткен лақтыру саналмайды.

6.2 Орта күшейте түскендікті

Сүрлеу жол
Дайындық. Ойнаушылар 8-10 адамнан топтарға бөлінеді. Әрбір топ
қолдарын алып шеңберді құрайды.
Бейнелеу Ойын шеңбер арқылы оң жаққа жүгірумен басталады. Сүрлеу
жол белгісімен әрбір шеңбердің ойыншылары бағанға реттеліп және отырулары
кажет. Басқарушы төмпешік белгісін бергенде, әрбір шеңбер 2 шағын топқа
бөлінеді, ойыншылар қолдарын қосады және жоғары көтереді. Әрбір орындалған
тапсырмадан кейін ойын ойнаушылардың шеңбермен оңға жүгірістерімен
ойналады.
Ереже. 1. Басқарушы әрдайым қай топ тапсырманы дұрыс орындайтынын
белгілейді де оған ұтымды ұпай есептейді.
2. Ұтымды ұпай жинаған ойыншылар командасы жеңеді.

Аюдың қылқанды орманында
Дайындық. Барлық ойнаушылар алаңның бір жағында орналасады. Қарама-
қарсы жақта сызық сызылады - орман жұрындауы. Сызықтан 2-3 қадамнан кейін
аю апаны орналасады.
Бейнелеу Ойнаушылар аю апанына жақын келеді және жидектерді және
саңырауқұлақтарды жинауды еліктеп қозғала бастайды, барлығы бірге үкім
етеді: аюдың қылқанды орманында жидек саңырауқұлақтары аламын, ал аю отыр
және бізге ырылдайды. Балалар соңғы сөздерін айтқанда, аю апанан
ырылдап ұтып шығып біреуді ұстап алуға тырысады.
Ереже. 1. Ұсталған ойыншыны апанға апарады. Ойын 3-5 ойыншы
ұсталғаннан кейін аяқталады.
2. Аю келбетінде кез келген ойыншы бола алады.

Торғайлар
Дайындық. 4-6 диаметрлі шеңбер сызылады. Ойынды бастап жүргізетін
ойыншы шеңбердің ортасында тұратын немесе отыратын мысық тағайындалады.
Қалған ойыншылар торғайлар шеңбердің сыртында болады.
Бейнелеу Басқарушының белгісімен торғайлар шеңберге секіріп кіреді
және шеңберден секіріп шығады. Мысық шеңберден секіріп шыға алмаған
торғайды ұстап алуға тырысады. Ұсталған шеңберде ортасында отырады немесе
сәл отырады. Мысық 3-4 торғай ұсталғаннан кейін ұсталмағандардан жаңа
мысық таңдалады. Мысықпен ұсталған торғайлар қайта ойынға қосылады.
Ойын қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді. Сонымен қатар
тез белгіленген торғай санын ұстаған мысық та белгіленеді.
Ереже. 1. Мысық торғайларды тек шеңберде ғана ұстауы мүмкін.
2. Торғайлар тек бір не екі аяқпен ғана секіреді. Кім шеңбер арқылы
жүгіріп өтсе, ол ұсталған болып саналады да шеңбер ортасына мысыққа
барады.
3. Ұсталған торғай болып саналады, егер мысық оны қолымен тисе,
ол шеңберде бір аяқпен болған жайдайда да.

Қояндар бау-бақшада
Дайындық. Екі сызық сызылады: 6-8м сыртқы диаметрі, 3-4м ішкі (біреуі
біреуінде). Ойынды бастаушы – күзетші кіші шеңбер бау-бақшаға тұрады.
Қалған ойыншылар қояндар үлкен шеңбер сыртында орналасады.
Бейнелеу Белгі берілгенен кейін қояндар бір не екі аяқпен секіріп
бау-бақшаға кіші шеңберге кіруге талпынады. Күзетші үлкен шеңбер
сыртына шықпай, қояндарды ұстауға, яғни қолымен тиуге талпынады. Ұсталған
қояндар шетке шығады.
3-5 қоян ұсталғанан кейін жаңа күзетші тағайындалады және ойын
қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді.
Ереже. 1. Күзетші қояндарды бау-бақшада да, үлкен шеңберде де
ұстауы мүмкін.
2. Ұсталған қояндар ойынға қосылмайды, қайта жаңа күзетші
тағайындалмағанша.

Доптардың бастың үстімен берілуі
Дайындық. Ойыншылар бірнеше топтарға бөлінеді және бір-бірден бірі-
біріне параллельді бағанға реттеледі. Бағанадағы ойыншылар қолдарын жан-
жаққа керілген арақашықтықта орналасады. Алда тұрған бағаналардың доппен.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен алда тұрған ойыншылар бастарының
үстімен арта тұрған ойыншыларға береді. Олар да осы тәсіл арқылы допты арта
тұрғандарға бағана біткенше береді.
Әрдайым бағанадағы соңғы ойыншы допты алғаннан кейін өз бағанасының
сол жағымен жүгіріп, бірінші болып тұрады да допты басының үстімен артқа
береді. Ойынды бастаған бірінші ойыншы бағанның өзінің алдыңғы орнына
келгенше ойын жалғаса береді. Өз орнына келгесін, ол допты жоғары көтеруі
қажет.
Бірінші болып жеткен команда жеңеді және ұтымды ұпай алады.
Ереже. 1. Допты тек өзінің көрші тұрған ойыншыға ғана беруге болады.
Допты бірнеше ойыншылар үстінен лақтыруға тыйым салынады.
2. Допты құлатып алған ойыншы өзі допты көтеріп, орына тұрып және
допты артында тұрған ойыншыға беруі қажет.
3. Әрдайым ең соңғы ойыншы бірінші орынға жүгіріп келгесін, барлық
баған артқа жарты қадамға жылжуы керек.
4. Ең көп ұпай жинаған команда жеңеді.

Бос орын
Дайындық. Ойынды бастап жүргізетін ойыншыдан басқалары бір-бірінен
жарты қадамнан көп емес арақашықтықта шеңберге тұрады және қолдарын
арқларына салады. Ойынды бастаушы шеңбер сыртыңда болады.
Бейнелеу Ойынды бастаушы шеңбер бойымен жүгіреді, ойнаушылардың біреу
тиеді және осыдан кейін шеңбер бойымен басқа жаққа жүгіреді. Тиген ойыншы
қарама-қарсы жаққа жүгіріп, өз орына тез жетуге талпынады. Ойыншылар жолда
кездесіп, амандасады: бір-біріне қолдарын береді, бір-бірлерінің алдарында
отырады және т.с.с. Бос орынды ала алмаған ойыншы ойынды бастап жүргізеді.
Ереже. 1. Ойынды бастаушы ойыншының қолынан тиісуі қажет, оны жүгіру
жарысына шақыру.
2. Ойыншылар шеңберді бойлап жүгіргенде оларға ешкім кедергі
тигізбеуі керек.
3. Ойыншылар кездескенде міндетті түрде тапсырманы орындаулары қажет,
кім тапсырманы орындамаса, сол ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.

Екі аяз
Дайындық. Қарама-қарсы алаң жақтарында 10-20м арақашықтықтағы екі
үй сызылады. Біреуінде барлық ойыншылар болады, тек екі аяздан
басқлары, олар ортада тұрады.
Бейнелеу Аяздар сөйлейді: Біз екі жас ағайындылармыз, ер жүректі
екі аяз. Біреуі сөйлейді: Мен аяз – қызыл мұрынды. Екіншісі: Мен аяз –
көк мұрынды. Және бірге: Қайсыларының біреулерін жолға шығуға шешім
қабылдайды?. Балалар барлығы бірге жауап береді: Біз қорқытулардан
қорықпаймыз және бізге аяз қорқынышты емес!.
Осыдан кейін ойнаушылар қарама-қарсы үйге жүгіреді. Аяздар
қолдарымен тиген ойыншылар тоңазытылғандар, келесі жүгіруге дейін
орындарында тоқтап тұрады. Дәл осылай келесі жүгірулер өтеді. Жүгірудегі
ойыншылар аязбен тоқтатылған ойыншыларды қолдарымен тиіп көмек көрсете
алады. Көмек көрсетілгендер барлығымен сызықтан жүгіріп өтеді. Кім көп
ойыншы тоқтатса сол ең мықты аяз болып саналады.
Ереже. 1. Бізге аяз қорқынышты емес! деген сөздерден кейін ғана
ойыншылар үйден жүгіріп шығады.
2. Үйден шыққаннан кейін қайта үйге кіруге болмайды.
3. Ұсталған ойыншы тоңазытылған жерде тұруы шарт.

Табандар және шортандар
Дайындық. Ойыншылар – тбандар, тек бір ойынды басқарушыдан
басқалары 2-3м бөлменің қысқа жағында сызылған сызықтан кейін тұрады.
Екінші сызық қарам-қарсы жақтағы оқу орынында белгіленеді. Алаңның
ортасында ойынды бастаушы шортан орналасады.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен табандар қарама-қарсы жақтағы
сызыққа қарай өтеді. Шортанмен ұсталған табандар шетке қарай тұрады.
Жүгіріс қайталанады. Ұсталған табандар бірнешеу болғанда, олар қол
ұстасып ау құрады, ол арқылы ойыншылар жеңіл өтеді де, кейін олар себет
құрады, бұл жерде бүкіл табандар өтуі керек. Шортан табандарды
себттен тыс ұстайды.
Ереже: ойын оқытушының белгісімен басталады.

Допқа тура тигіз.
Дайындық. Ойыншылар бір-бірінен аралығы 18 м болатын 2 тізбекке тұрады.
Алаңның ортасында волейбол добы орналасқан.
Бейнелеу 1-ші қатардағы ойыншыларға кішкентай доп таратады. Оқытушы белгі
бергенде, ойыншылар кішкене допты ортада тұрған волейбол добына тигізуі
керек. Допқа тигізген кішкене доптар шетке қарай қойылады. Бұл доптарды
қарама-қарсы тұрған ойыншылар жинап алып, енді өз кезектеріне кіріседі.
Допқа тигізген сайын ол ары қарай жылжиды. Қай команда допты сызытан
асырса, сол жеңімпаз атанады.
Ереже. 1. Ойын оқытушының белгі беруімен ғана басталады. 2. Командалардың
допқа лақтыруы шексіз болады.

Нөмірлерді шақыру
Дайындық. Ойыншылар 2-4 команда болып бөлінеді және бір-біріне
параллель тұрады.
Бейнелеу Әр топта ойыншылар санаққа түседі. 2 м аралығында
ойыншылар тұрған жерде, мәрі сызығы сызылады. Жол бойы 10-15 м аралығында
таяқшалар қойылады. Оқытушы ойыншыларды нөмірлерін атап шақырады, бірақ өз
қалауы бойынша. Кейбіреуін екі реттен шақыруы мүмкін. Шақырылған ойыншылар
қатардың оң жағынан жүгіріп шығуы керек. әрбір жүгіріп келген ойыншы қайта
өз орнына тұрады.
Мәреге бірінші болып жеткен ойыншы өз командасына ұпай әкеледі. Ұпайы ең
көп команда жеңіске жетеді.
Ереже. 1. Егер, екі команданың ойыншылары мәреге бірге келсе, онда ұпай
ешкімге берілмейді.
2. Егер ойыншы мәреге дейін жетпесе, ұпай оның қарсыласына беріледі.

6.3. Жоғары қарқындылықпен.

Бір төмпешіктен екінші төмпешікке
Дайындық. Ойыншылар 3-4 топқа бөлініп, сызықтың қасына тұрады.
Жүгіру сызығынан мәреге дейін 10-12 шеңбер – Төмпешік сызылады. Диаметрі
25-30 см.
Бейнелеу Оқытушының белгі беруімен ойыншылар Төмпешіктен
Төмпешікке секіреді. Мәреге жеткеннен кейін, жүгіріп қатуы керек. Бірінші
болып жүгіріп келген ойыншыға ұпай беріледі. Ойын бірнеше рет өткізіледі.
Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ереже. Ойын оқытушының белгісімен басталады.

Қарапайым салкалар
Дайындық. Ойыншылардың біреуі – Салка. Бұл ойыншы қолына көзге
түсер орамал алып, ойынның басталар алдында, алаңның ортасына тұрады.
Қалған ойыншылар алаңдағы кез-келген орынға тұрады.
Бейнелеу Ортада тұрған ойынша орамалды көкке көтеріп Мен –
салка! деп айқай салады. Осыдан кейін ол ойыншыларға қарай жүгіріп,
біреуін қолмен тигізуі керек. Егер ол бір ойыншыны жетіп алса, сол Салка
болады, оған орамал беріледі. Ойыншылардың ішінде Салка болған ойыншы
жеңіледі.
Ереже. 1. Салка болған ойыншы басқа ойыншыны ұстап алар алдында
Мен – салка! деп айқайлау керек.
2. Жаңа Салка болған ойыншы сол уақытта басқаны ұстауға болмайды.

Бір аяқта тұрып салка болу
Дайындық. Ойыншылардың ішінен Салка сайланады, қалған ойыншылар
кез-келген орынға орналасады.
Бейнелеу Салка бір аяқта секіріп, басқа ойыншыны жүгіріп, ұстап
алуға тырысады. Жетіп алғаннан кейін олар рөлдерімен ауысады.
Ереже. 1. Ойын оқытушының белгісімен басталады.
2. Уақыт аралығында аяқты ауыстырып отыруға болады, бірақ жүгіріп кетуге
тыйым салынады.

Таңбаланған
Дайындық. Ойыншылар ішінен ойын жүргізушіні – таңбаланғанды
таңдайды.
Бейнелеу . Қалған ойыншылар алаң бойынша жүгіреді, ал таңбаланған
оларды ұстайды. Ұсталған ойыншы таңбаланған болады.
Ереже. Егер таңбаланған жүгіргенде, ойыншының басқа ойыншы жолын
жауып тұрса, онда қуып жүрген ойыншы керісінше ойыншыны ұстап алуы керек.

Атты-спортшылар
Дайындық. 2 м аралығында алаңның ұзындығы бойынша тұрақ құрады.
Олардың саны ойыншыларға қарағанда 3-ке кем болуы керек. Барлығы бір
шеңберде тұрады. Әрбір ат үстіндегі ойыншы спорттық аттың шығуын
суреттейді.
Бейнелеу. Оқытушының айтуы бойынша, аттың қадамы! дегенде ойыншылар
жүре бастайды, тізесін биікке көтереді, тізесі қолдың алақанына жетуі
керек. Бұрылу командасында аттылар мен аттар дөңгеленіп бұрылады. Желе
жортып деген командада аттар шеңбер бойынша жүгіреді. Бұйрықтар 2-3 рет
қайталанады. Тұраққа! бұйрығымен барлығы жүгіріп, белгіленген орынға
тұруға ұмтылады. Тұрақсыз қалып қойған аттар жеңіледі.
Ереже. 1. ойында барлығы тізесін биікке көтеріп жүгіреді, ережені
бұзғандар жеңілген болып табылады.
2. Бір-бірін итеруге тыйым салынады.

Өз жалауына қарай
Дайындық. Ойыншылар 5-7 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Топтар шеңбер
құрады. әр шеңбердің ортасына қолында жалауы бар ойыншыны тұрғызады.
Бейнелеу. Оқытушының белгі беруімен ойыншылар жан-жаққа таралып не
артқа бұрылады, не көздерін жауып қояды. Бұл уақытта жалауы бар ойыншылар
ақырын орындарын ауыстырады. Оқытушы белгі береді: Өз жалауларына.
Ойыншылар көздерін ашып, өз қолындағы түсті жалауларына қарай жүгіреді. әр
топ бірінші болуға асығады. Бірінші шеңбер құрған ойыншылар жеңеді.
Ереже. 1. Ойыншыларға оқытушының белгі бермеуінше көздерін ашуға тыйым
салынған, егер ойыншы көзін алдын-ала ашып қойса, онда оның тобы ойыннан
мүлдем шығарылады.
2. Қолында жалауы бар ойыншылар міндетті түрде орындарын ауыстыруы керек.

Ордағы қасқыр
Дайындық. Алаңның ортасына бір-біріне параллельді 2 сызық, аралығы
70-100 см, сызылады. Оның аралығында 2 қасқыр жүреді, қалған ойыншылар
қозы, алаңның басқа жағында орналасады.
Бейнелеу Оқытушының белгі беруімен қозылар үйінен шығады. Сол
уақытта қасқырлар қозыларды ұстай бастайды. Ұсталып қалған қозылар
шетке тұрады, кейін оларды санап, қайта ойынға қосады. 2-4 жүгірістен кейін
қайта қасқырларды сайлайды да, ойын қайталанады. Ең көп қозы жинап
алған қасқыр және керісінше бір де бір рет ұсталынбаған қозы жеңімпаз
атанады.
Ереже. 1. Қасқырлар қозыларды сызықтан шек шықпай ғана ұстай алады.
2. Егер қозы сызықты аттамай, басып кетсе, онда ол ұсталған болып
саналады.
3. Қозылар тек оқытушының беглі беруімен ғана жүгіре алады.

Ақ аюлар
Дайындық. Бір шеңберге, мұзды суреттейтін 2 ойыншы тұрады. Басқа
ойыншылар мұздықтан басқа жерге еркін орналасады.
Бейнелеу . Аюлар қол ұстасып жорыққа шығады. Олар қолдарымен
ойыншыларды ұстауға тырысады. Ұсталғанды мұздықтың үстіне апарады. Кейін
аюлар тағы да ойыншыларды ұстауға аттанады. Ұсталғандар қол ұстасып аю
болады да, жорыққа шығады. Ұсталмаған 2-3 ойыншы жеңеді.
Ереже. 1. Ұсталған ойыншылар, сол уақытта шығып кетпей, біраз
тұтқындардың жиналуын күтуі керек.
2. әрбір жорық оқытушының айтуымен басталады.

Екіншісі артық
Дайындық. Ойыншылар бір-бірінен екі қадам қашықтықта шеңбер құрады.
Бейнелеу . Екі ойыншы шеңберден тыс тұрады, біреуі басқаны ұстауға
тырысады. Жүгіріп жүрген ойыншы, басқа ойыншының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі әдістемелік нұсқаулық
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар
Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы мұғалімнің қызметі
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Денешынықтырудан дәрістер
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Пәндер