Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қазақстанды зерттеу қоғамы: құрылуы мен қызметінің тарихы (1920-1936 жж.)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қазақстанды зерттеу қоғамы: құрылуы мен қызметінің тарихы (1920-1936 жж. )


МАЗМҰНЫ

Қысқартылған сӨздер
Қысқартылған сӨздер: КІРІСПЕ .
: 3
Қысқартылған сӨздер:

1 ҚАЗАҚСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ НЕГІЗДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАР

  1. Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының құрылуы және оның қызметінің басты бағыттарының нықталуы. .

1. 2 Қазақстанды зерттеу қоғамының ғылыми - ағартушылық іс-әрекетінің нәтижелері. .

:

14

29

Қысқартылған сӨздер:
  1. ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ

ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХЫ

  1. Жергілікті жерлердегі бөлімшелердің құрылуы мен

олардың қызметінің бағыттары. .

  1. Қазақ мәдениетін көркейтушілердің «Талап» қоғамы. .
:

46

62

Қысқартылған сӨздер:
  1. ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ

3. 1 Қазақстанды зерттеу қоғамының кітапхана және

өлкетану ісін ұйымдастырудағы қызметі . . .

3. 2 Қазақстанды зерттеу қоғамының мұражай ісін одан әрі

жандандыруға бағытталған әрекеттері.

:

82

91

Қысқартылған сӨздер: ҚОРЫТЫНДЫ
:
Қысқартылған сӨздер: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . .
:
Қысқартылған сӨздер: ҚОСЫМШАЛАР
:

Қ ысқартылған сӨздер:

АКСР -Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

БЛКЖО - Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы

БОАК -Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті

Госплан - Государственный план

Испарт - история партии

ҚазМу -Қазақ Мемлекеттік университеті

Казпедвуз - Казахский педогагически вышее учебное заведения

КИНО - Казахский институт народного образовния

Кирвоенком -Киргизский военный комитет

КНИИМЛ -Казахский национальный институт исследовании марксизма-ленинизма

КСРО -Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ҚазПҚЖ - Қазақстан пролетарлық жазушылары қауымдастығы

ҚЖХК -Қазақтың Жер Халық комитеті

ҚКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚР -Қазақстан Республикасы

ҚРОММ - Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты

ҚР ПМ - Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты

Қырревком -Қырғыз революциялық комитеті

Местком -местный комитет

ОАК - Орталық Атқару комитеті

ОИК -Общества исследовании Казахстана

ОраазКТЕСҚКҚ -Ортаазиялық көне тариха ескерткіштерді сақтау мен қалпына келтіру комитеті

Оргбюро - Организационная бюро

ПИНО - Практический институт народного рбразования

РГО -Российское Географическое Общество

РК(б) П - Ресей Коммунистік (большевиктік) партиясы

РКФСР - Ресей Кеңестің Федерациялық Социалистік Республикасы

САГУ -Среднеазиатский государственный университет

ХАК - Халық Ағарту комитеті

Халком -Халық комитеті

ХКК- Халық Кеңесінің комитеті


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы Отан тарихының түрлі салалары бойынша ғылыми зерттеулердің қарқынды түрде жүргізіліп жатқандығы баршамызға аян. Соған қарамастан әлі де болса өз кезегін күтіп, ғылыми-зерттеу нысанасына айналмаған тақырыптар да бар. Соның бірі “Қазақстанды зерттеу қоғамының” тарихы.

Кеңестік кезеңдегі тарихи оқиғалардың өрбу барысына көз жүгіртер болсақ, оның бастапқы кезеңінің күрделі, әрі қарама-қайшылықта толы болғандығын байқаймыз. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы азамат соғысынан кейінгі тарих ғылымының даму мәселесі аса күрделі таптық және идеялық күрестермен ұштастырылған еді.

Қазақстандағы тарихи зерттеулерді 30-шы жылдардың ортасына дейін бірнеше мекемелер мен қоғамдық ұйымдар: Қазақтың маркстік-лениндік ғылыми зерттеу институты (КНИИМЛ), Қазақтың ұлттық мәдениетінің ғылыми зерттеу институты (КНИИНК), Қазақстанды зерттеу қоғамы (ОИК) жүргізді. Сонымен қатар тарих саласында ғылыми-зерттеулерді азды-көпті болса да Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайы, Орталық мұрағат басқармасы және “Қазақ АКСР-ның 10 жылдығы” атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасы атқарған болатын.

20-шы жылдардың басындағы кеңестік жаңа интеллигенцияның ғылыми зерттеулер төңірегіндегі айтыс-тартыстары қызу идеологиялық мазмұнға ие болды. Шығыс халықтарының соның ішінде қазақтардың рухани жаңғыруы мәселесіне қатысты айтыс-тартыстар әр түрлі деңгейде, тіпті ең бір “тыныш” делінген мәдениет саласында, мысалы халық ән-күйіне де қатысты жүргізілді.

Қазақстанды зерттеу қоғамының отырыстарында тұрақты түрде халық ағарту ісінің, денсаулық сақтау, кәсіби өнер, әдебиет, ғылымның жағдайы мен болашағы жайында баяндамалар тыңдалып, өте қызу талқылаулар мен айтыстарға айналатын. Мысалы, Қазақстанды зерттеу отырысының бірінде қазақтың ән-күй өнерінің даму жолдары туралы баяндама тыңдалғанда, оған қатысты екі жақты көзқарастың бар екендігі көрініс берді. Өнертанушы И. П. Словохотовтың айтуы бойынша: “Прививка европейской культуры казахскому народу должна повести в ближайшем будущем к вытеснению родных мотивов из сердец казахов . . . ” - делінсе, оған қарсы И. П. Третьяков мынаны айтты: “ . . . необходимо дать казахским детям европейское музыкальное образование с тем, чтобы в будущем на основе народного музыкального творчества строить свое художественное творчество. Только тогда возможно ожидать появления казахских симфоний и опер, и в казахском народе может появиться свой Глинка, который поведет казахскую музыку по новому национальному руслу, приобщив казахское искусство к общей сокровищнице музыкального творчества народных гениев” [1] .

Міне, жоғарыда айтылған пікірлерге жүгіне отырып, қоғамдық өмірдің барлық саласында 20-шы жылдардың басында қалыптасу кезеңінің еркін түрде өткір қайшылықтармен өрбігенін көреміз. Тоталитарлық жүйенің қанды шеңгеліне жол ашқан 30-шы жылдарға қарағанда, 20-шы жылдардың басын еркіндік, кең-тыныстау жылдары деуге де болады. Дәл осы жылдары “Алаштың” көшбасшыларына кешірім жасалған еді. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу” қоғамының жұмысы да (Орынбордағы), “Қырғыз мәдениетін көркейтушілердің “Талап” қоғамының (Ташкенттегі) ғылыми-мәдени қызметінің жандануы да осы кезеңге дәл келеді.

Ал, осыдан кейінгі 30-шы жылдардағы Қазақстанның тарих ғылымы жайында ой толғасақ, анығына көз жеткізуде қиындық тудыратын нәрселер жетістігіміз көп пе, жоғалтқанымыз көп пе және тарихтың таласты мәселелерінде, шығармашылық немесе келісімпаздықтың, күрес немесе ауытқушылықтың қай жағына шыққанын дөп басып айту қиын. Бір жағынан алғанда, осы кезеңде жаңа ғылыми мекемелердің құрылуы, қалыптасуы жүріп жатса, екінші жағынан өлкетану ісіне ешбір себепсіз тосқауыл қойылып, өзінің бар мүмкіндігін тауысып болмаған, толыққанды жұмыс істеп жатқан Қазақстанды зерттеу қоғамы жойылды, өлкенің өткен тарихын жан-жақты зерттеуге ұрандаумен қатар, дәл осы кезде ғалымдарды және олармен қызметтес болған мемлекет немесе партия қайраткерлерін жаппай қырып-жою басталады. Аса зор қиындықтармен және аздаған тиражбен, ғылыми тұрғыдан шалалау болса да, аса құнды мәліметтер мен байқауларға толы еңбектер басылып шықты, бұған керісінше көпшілік қауым жиырма жылдан астам уақытқа, кітапханалар мен сауда сөрелерінен “халық жаулары” дегендердің шығармалары алынып тасталынуы себепті олармен танысу құқығынан айырылды.

ХХ ғасырдың бастапқы кезін қоғамдық санада ұлт-азаттық идеяларының күшейіп, ұлттық рухтың оянуына түрткі болған кезең деп айтуға болады. Бұған ұйытқы болған ұлттық мәдениеттің жанашырлары - қазақ зиялылары еді. Ұлттың жаршысы болған қазақ баспасөзін ашудан бастаған олар, азаттық идеяларын жалпыұлттық санаға айналдыру жолында қызмет етті. Кейін кеңес өкіметі орнаған соң, ұлттық интеллигенцияның мәдениет саласындағы қызметін-азаттық жолындағы күрестің ерекше түрі деп түсінген дұрыс. Мұндағы айтпақ ойымыз, қоғамда объективтік-тарихи жағдай қалыптасқан кезеңде ұлттың зиялы қауымының қоғамдық сананы қалыптастыруы арқылы өмірді белгілі бір арнаға бағыттауға мүмкіндігі болатындығы, қазақ елінде қалыптасқан мұндай жағдайды Ресей империясында жүзеге асырылған қазан революциясы басқа арнаға бұрып, өз ықпалына бағындырып алды.

Бұл жерде орыс интеллигенциясының арасында, өз мүдделеріне қабысып жатқан социалистік идеологияға берілгендік басым болса, қазан төңкерісіне дейінгі қазақ зиялы қауымы демократиялық құндылықтарға жақын болғандығын айтуымыз керек.

Жалпы ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында орыс интеллигенциясының идеологиясы мен саяси психологиясында ұлттық идеология басымдылықта болмады. Орыс философы Н. А. Бердяев бұл туралы мынаны айтады: “Дәстүрлі интеллигентік санада қайырымдылық, әділеттілік, халықтың қамы, халықтар туыстығы сияқты құндылықтар болды, бірақ әлемдік құндылықтар дәрежесінде ерекше орын алатын ұлттық құндылықтар болмады” [2] .

Бұл берілген сипаттаманың қазақ интеллигенциясына ешбір қатысы болмады. Отарлық-империялық езгіде болған елдің интеллигенциясы ретінде оның идеологиясының басты бағыты - ұлт-азаттық мағынада болуы заңды құбылыс еді. Оны ұлт зиялылары жақсы түсінді. Осыған байланысты, Міржақып Дулатовтың 1923 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 50-жылдығына арнап жазған мақаласында ұлт ұстазының жазған мына бір ойы келтірілген: “Если пришлый элемент окажется в культурном отношении сильнее коренного населения, то со временем последнее должно быть поглощено первым. И наборот, если оба окажутся в равной мере культурными, тогда только они могут развиватся самостоятельно, существовать на одинаковых правах и сохранить национальный облик свои . . . Поэтому перед нами во всем своем величин выростает вопрос о самостоятельном существовании киргизского народа. Для того, чтобы сохранить свою самостоятельность, нам необходимо всеми силами и средствами стремится к просвящению и общей культуре; для этого мы обязаны первым долгом заняться развитием литературы на родном языке. Никогда не нужно забывать, что на самостоятельную жизнь вправе претендовать только тот народ, который говорит на своем языке и имеет свою литературу” [3] .

Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы тарихи оқиғалардың мың құбылған заманында “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу” қоғамы төңірегіне топтасқан ғылыми-мәдени топтың, қазақ зиялыларының қызметі мен осы қоғамның тарихына толғамды зерттеу жүргізіп, оны өркениеттілік негізде бағалау қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Бұл мәселені жан-жақты, әрі терең қарастыру еліміздің мәдениет тарихын зерттеуге қосылған белгілі деңгейдегі үлес болар еді. Сондықтан біздің жұмысыздың негізгі зерттеу нысанасына кейіннен “Қазақстанды зерттеу қоғамы” деп аталған қоғамдық бірлестіктің құрылуы мен қызметінің тарихы тұтас бір мәселе әрі - ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында Республикада жүзеге асырылған кең көлемдегі мәдени құрылыстың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының құрылуы мен қызметінің тарихын тың деректік материалдар негізінде, жаңа пайымдаулар тұрғысынан талдау жасай отырып, оның Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы ғылыми зерттеулерге бастама болған маңызын ашып көрсету - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылып отыр:

- Қазақстандағы азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі мұрағат ісінің, Академиялық орталықтың қызметін жолға қоюға қатысты қабылданған шараларды анықтау;

- Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының Орынборда құрылуы мен оның қызметі, жарғысына байланысты қолға алған істері мен оның жүзеге асуының барысын талдау;

- Қазақстанды зерттеу қоғамының жергілікті бөлімшелерінің құрылуын және олардың ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық қызметінің бағыттарын көрсету;

- Ташкенттегі “Қырғыз (қазақ) мәдениетін көркейтушілердің Талап қоғамының” құрылу тарихы мен қызметін зерттеу және оның құрамындағы болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын пайымдау;

- Қазақстанды зерттеу қоғамының елдегі өлкетану, мұражай және кітапхана ісін жандандыру барысындағы іс-әрекеттеріне талдау жасау;

- Қазақстанды зерттеу қоғамының қазақ ғылымы мен ағарту ісіне қосқан үлесін бағалау және оның қазіргі кездегі Қазақстан ғылымымен сабақтастылығы жөнінде ой қорыту.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанды зерттеу қоғамының құрылуы мен қызметінің тарихына қатысты тікелей, арнайы зерттеулер жүргізілмегенімен, оның қызметіне байланысты мәліметтер мен зерттеулер 1920 жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі жарық көрген еңбектерде көрініс тапқан. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік маңызды мәселелердің бірі сәулет пен өнер туындыларын, тарихи ескерткіштерді зерттеу мен сақтау болды. 1918 жылы РКФСР Халық комиссариаты елдегі бүкіл материалдық және рухани жәдігерлерді тізімдеу жайында декрет қабылдады, ал 1919 жылы көне ескерткіштерді зерттеу, есепке алу және қалпына келтіру міндеті жүктелген Материалдық мәдениет тарихының мемлекеттік академиясы (ГАИМК) құрылды. 1920 ж. Ташкентте Түркістан (кейіннен Орта Азиялық (Среднеазиатский) деп аталған) мұражайлар ісі мен көне ескерткіштерді, өнерді және табиғатты қорғау (Туркомстарис - Средазкомстарис) комитеті құрылды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанның тарихи зерттеу нысанасына айналған әр түрлі елді мекендеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері белгілі ғалымдар В. В. Бартольдтің [4], П. П. Ивановтың [5] және М. Е. Массонның [6] еңбектерінде кең түрде баяндалды. Бұл ғалымдардың еңбектерінде жәдігерлердің түгелдей сипаттамасы беріліп, олар жайында бар мәлімет толықтай жинастырылды.

М. П. Грязнова [7] мен Б. Н. Граковтың [8] жүргізген ғылыми зерттеулері жәдігерлерді зерттеудің жаңа жүйесінің қалыптасуында үлкен маңызға ие болды. Олардың 1926-1928 жылдары Батыс Қазақстанда жүргізген зерттеулері Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің жоғары дамыған мәдени орталықтарының орнын ашуға мүмкіндік берді.

Б. Н. Жданов пен [9] С. С. Черниковтың [10] ізденістері де нәтижелі болды. Бұл еңбектердің негізгі бағыттарын жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелері айқындады.

Кеңестік кезеңдегі жас қазақ этнографиясының бастаулары революцияға дейінгі шығыстанудан нәр алып 20 жылдардың басында қалыптасу кезеңіне аяқ басып, мынадай ғылыми бірлестіктерге арқа сүйеді: Республиканың Халық ағарту комиссариаты жанындағы академиялық орталық, Ресейдің тайпалық құрамын зерттеу комиссиясының Сібір бөлімшесі (КИПС), КСРО Шығыс халықтарының ұлттық және этникалық мәдениетін ғылыми-зерттеу институты, Орыс географиялық қоғамының - Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі, Ташкенттегі бөлімшелеріне. Бұл мәселе Б. Герасимовтың [11], Х. И. Бисенов [12], Э. А. Масанов [13], С. Ш. Ахметовалардың [14] ғылыми-зерттеу еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Олар Қазақстанды зерттеу қоғамының өлшеусіз еңбек сіңіргенін айта келе, оның 1920 жылы құрылуына белсенді түрде атсалысқандар белгілі өлкетанушы ғалымдар Ә. Диваев, П. А. Гра, А. Л. Мелков, И. В. Мелкова, С. М. Петров, А. А. Четыркина, А. П. Чулошников, Н. А. Чулошникова және басқалар деп атап көрсетеді.

Қазақтардың рухани мәдениетін зерттеу - ғылыми ірі бағытының қалыптасуы мен дамуы көрнекті ғалым Әбубәкір Диваев есімімен тығыз байланысты. Ол ең алғашқылардың бірі болып нақты этнографиялық мәліметтер негізінде халықтық білімнің этникалық ерекшелігі мен құрылымына сипаттама берді [15] .

Қазақстанды зерттеу қоғамының қолдауына ие болған жұмыстардың бірі ретінде белгілі өнертанушы және сазгер А. Затаевичтің еңбегін атап өтуіміз керек [16] . Ол өзінің еңбегінде қазақ халқының 1000-нан астам ән-күйлері мен әуендерін жинақтап, оған ғылыми түсініктеме берді. С. Д. Асфендияров [17], М. Тынышпаев [18], А. П. Чулошников [19], Г. Е. Грум-Гржимайло [20], А. Н. Бернштам [21], Ғ. О. Тоғжанов [22], Ә. Х. Марғұлан [23] және тағы басқалардың зерттеулерінде этногенез және этникалық тарих, қазақ этносының ру-тайпалық құрылымы, көшпенділердегі қоғамдық-саяси қатынастар және т. б. мәселелер көтеріліп жан-жақты талдауға алынды.

Ә. Жангелдин [24], О. Жандосов [25], С. Сейфуллин [26], Т. Рысқұлов [27], О. Исаев [28], А. Асылбеков [29] еңбектерінде кеңестік кезеңдегі саяси-экономикалық өмірдің сан қырлы салалары жайында құнды мәліметтер келтірілген.

1926 жылы құрылған алғашқы қазақстандық жоғарғы оқу орны - Қазпедвуздың директоры (САГУ-дың студенті) Т. К. Жүргенов өзінің мақалаларында Қазақстанда жоғарғы оқу орындарын ашу туралы нақты ұсыныстар жасады. Ол ең алдымен Алматыда Қазақтың мемлекеттік университетін ашуды қажет деп санады. Өзінің көзқарасының дұрыстығына нақты мысалдар ретінде Ресей ғылым Академиясының және М. В. Ломоносов атындағы Москва университетінің кейбір факультеттерінде алғашқы жылдары бір студенттен болғандығы жайында тарихи мәліметтер келтірді [30] .

20-жылдардың ортасына таманғы осы тектес зерттеулерден І. Қабыловтың еңбегін ерекше атауға болады. Автор республикадағы халыққа білім беру ісін терең бақылауы барысында ондағы кемшіліктерді шынайы түрде көрсете білді [31] . Сонымен қатар Қазақстан мәдениеті мен ғылымның аса өзекті мәселелері де оның ғылыми мақалаларына арқау болды. Оның жарияланымдарында көтерілген мәселелердің ауқымы кең болды - ағарту саласының материалдық-техникалық базасын жасау, мектептер салу, театрды дамыту, баспасөз, кітап шығару ісі. Сонымен қатар І. Қабылов Қазақстанның “ескі интеллигенциясын” қазақ мәдениеті мен ғылымын дамытуға тарту қажеттігін баса айтты.

Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы ғылыми мекемелердің қалыптасуы әсіресе, 20-30-жылдардағы ғылыми-тарихи орталықтардың құрылу тарихы жөнінде, Г. Д. Алексеев, Г. И. Желтова еңбектерінде баяндалса [32], Орта Азия мен Қазақстандағы осы жылдардағы тарихи-өлкетанудың тәжірибесі жөніндегі мәліметтер Б. В. Луниннің еңбегінде берілген [33] . Бұл еңбекте революцияға дейінгі ғылыми-зерттеу мекемелерінің ізденістерінен бастап кеңестік кезеңдегі жаңа мекемелердің құрылуы мен олардың ғылыми-зерттеу бағыттарына талдау жасалған. Соның ішінде Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының қызметінің жемісті болғандығы айтылады.

Қазақстан ғылымының дамуында революцияға дейінгі ғылыми зерттеу мекемелері мен қоғамдардың үлкен маңызы бар екендігі жайында М. А. Асаинов [34], Е. Ж. Уәлиханов [35], Ә. Пірманов, А. Қапаева [36] еңбектерінде көрсетілген.

А. В. Миронов [37], Д. Святский [38], Л. В. Иванова [39], К. Әуезова [40], Ғ. Сапарғалиев [41], А. К. Капышев [42], А. И. Сембаев [43] және т. б. зерттеулерінде кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі мәдениет пен ғылым саласындағы өзгерістер, кадр мәселесі, мекемелер құрылуының тарихы әр түрлі деңгейде зерттеу нысанасына алынған.

Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметі жайындағы мәліметтер Х. И. Бисеновтың, Р. Б. Сүлейменовтың [44], Н. Әлімбаев [45], М. Х. Асылбеков, А. Б. Галиев [46], З. О. Дүкенбаева [47], В. К. Кайрханова [48], Қ. Ә. Ахметов [49], А. С. Мұсағалиева [50] зерттеулерінде берілген.

Ғылыми-зерттеу орталықтары мен маман-тарихшылардың қалыптасуы мәселесі - І. М. Қозыбаев [51], Б. А. Төлепбаев, В. К. Янулов [52] еңбектерінде жан-жағынан қарастырылған, ал біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ зиялылары туралы мол мағұлматтарды К. Нұрпейіс [53], Х. Абжанов [54], М. Қойгелдиевтің [55] ғылыми іргелі еңбектерінен алуға болады.

Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстандағы өлкетану ісі, мұражай қызметі және әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының тарихы С. Ахметованың еңбегінде біршама құнды мәліметтер негізінде қарастырылып, талданған. Соған қарамастан, Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамына қатысты көптеген мәліметтер назардан тыс қалған және оның қызметіне жасалған талдау жүйеленбеген. Бірақта бұл еңбек біздің қарастырып отырған тақырыбымызға қатысты мол мағұлмат береді [56] .

Мемлекеттік бағдарлама бойынша мұрағат қорларында деректермен жұмыс жасаған Д. Қамзабекұлының кітабында Қазақстанды зерттеу қоғамы қатарында және Ташкентте құрылған Қазақ мәдениетін көркейтушілердің “Талап” қоғамы мүшелері жайында, қоғамның қызметі мен шығармашылық ғылыми мұралары жайында құнды мәліметтер келтірілген [57] . Жоғарыда сөз болған тарихнамалық шолу Қазақстанды зерттеу қоғамының тарихын жеке ғылыми тақырып ретінде қарастыру қажет екендігін көрсетеді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері мен территориялық қамту аймағы. Қаралып отырған тақырыбына сәйкес оның қамтылу аймағы мен уақыты анықталды. Түркістан АКСР және Қырғыз (Қазақ) АКСР территориясындағы Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметі, оның құрылған 1920 жылдардан бастап, ол таратылған 30-шы жылдардың екінші жартысына дейінгі кезең қамтылды.


1
ҚАЗАҚСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ НЕГІЗДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАР

1. 1 Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының құрылуы және оның қызметінің басты бағыттарын анықтау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Қаз АКСР құрамына кірген қалалар
Мәдени жаңғыру қарқыны
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілу алғышарттары
Қазақстандық археография
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz