Мектеп жұмысын жоспарлау



1. Жоспарлау туралы ұғым.
2. Жоспардың түрлері.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.
2. Нысаны бойынша жоспар мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады. Жоспардың түрлері:
• мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары;
• мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;
• әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;
• қоғамдық ұйымдардың жоспары. Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісіледі.
Жылдық жоспарлар мамыр-маусым айларында жасалып, тпмыз айындағы педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Мектепті дамытудың перспективалық жоспары. Бұл жоспар аудандық өкімет органдарының жұмысын ескере отырып жасалады. Міндеті мектепті белгілі бір кезеңге дейін дамытатын басты жұмыстарды белгілеу.
Перспективалық жоспарда болатындар:
• Оқушылардың, сыныптың саны, шамамен бөлінетін қаржы.
• Түрлі пәндер бойынша керекті мұғалімдер.
• Мұғалімдердің біліктілігін көтеру графигі.
• Құрылыс-жөндеу жұмыстары, кабинеттерді жабдықтау, кітаптар сатып алу, т.б.
• Қаржы, сауда қызметі.
Перспективалық жоспарда мұғалімдердің біліктілігін көтеруге ерекше орын беріледі
1. Шағын комплектілі мектепте оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігі. - Орал, 1992
2. Т.Оспанов, Ш.Ққрманалина. Математиканың бастауыш курсын Оқыту әдістемесі. II бөлім. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. - 96-1176.
4. И.П.Подласый. Педагогика начальной школы. - М.: Владос,
5. Л. К.Мамырова, С.Нүрсейітова. Шағын жинақталған мектеп-білім беру. - Алматы: Ғылым, 2002.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жұмысын жоспарлау

Мектеп жұмысын жоспарлау
Жоспары:
1. Жоспарлау туралы ұғым.
2. Жоспардың түрлері.
1. Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында
көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі,
сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын
көрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.
2. Нысаны бойынша жоспар мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке
күндер бойынша орналастырылады. Жоспардың түрлері:
• мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары;
• мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;
• әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;
• қоғамдық ұйымдардың жоспары. Перспективалық жоспар аудандық (қалалық)
оқу бөлімдерімен келісіледі.
Жылдық жоспарлар мамыр-маусым айларында жасалып, тпмыз айындағы
педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Мектепті дамытудың перспективалық жоспары. Бұл жоспар аудандық өкімет
органдарының жұмысын ескере отырып жасалады. Міндеті мектепті белгілі бір
кезеңге дейін дамытатын басты жұмыстарды белгілеу.
Перспективалық жоспарда болатындар:
• Оқушылардың, сыныптың саны, шамамен бөлінетін қаржы.
• Түрлі пәндер бойынша керекті мұғалімдер.
• Мұғалімдердің біліктілігін көтеру графигі.
• Құрылыс-жөндеу жұмыстары, кабинеттерді жабдықтау, кітаптар сатып алу,
т.б.
• Қаржы, сауда қызметі.
Перспективалық жоспарда мұғалімдердің біліктілігін көтеруге ерекше орын
беріледі.
Оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарының үлгісі:
Құрылымы:
1. Кіріспе:
а) Мөлтек ауданының ерекшелігі және мектеп жұмысына әсер ететін жағдайлар.
ә) Өткен оқу жылындары жұмыстың қорытындыларын қысқаша талдау.
2. Біліктілікті көтеру және әдістемелік жұмыс.
3. Озық тәжірибені зерттеу және тарату.
4. Мектептегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар.
5. Оқу-тәрбие процесіне басшылық.
7. Ата-аналармен, демеушілермен, жұртшылықпен жұмыс.
8. Мектептің материалдық-техникалық негізін нығайту. Қосымшалар:
а) кітапхананың жұмыс жоспары;
ә) ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары;
б) балаларға арналған жазғы сауықтыру жұмыстары.
Кіріспе. Шағын аудандарға, оның тұрғындарына, мәдени мекемелерге, мектепке
зиян келтіретін қолайсыз жағдайларға қысқаша сипаттама беріледі. Өткен
жылғы істелген жұмыстар талданып, жаңа оқу жылының міндеттері белгіленеді.
Кіріспеде негізгі мәселелер жазылады: оқушылардың білім сапасы және
тәрбиелілігі, білім және тәрбиелік іс-шаралардың деңгейі, т.б. Шешілмеген
мәселелер аталып, себептері көрсетіледі. Білім туралы заңның орындалуы
қадағаланады. Оқушылардың есебін алу түрлері және мерзімі анықталып, әр
учаскеге жауапты адамдар бөлінеді. Балаларға берілетін көмектің түрлері
көрсетіледі.
Педагог кадрлармен жұмыс бөлімі
1. Кадрларды орналастыру және міндеттерді бөлу. Мұғалімдердің, сынып
жетекшілерінің жүктемелері анықталады. Басқару циклограммасының міндеті –
мұғалімдердің еңбегін реттеу, шамадан тыс күш түсірмеу, жиналыс, мәжіліс,
қоғамдық жұмыстарды реттеу.
2. Біліктілікті көтеру және әдістемелік жұмыс. Педагогикалық кеңестің,
әдістемелік бірлестіктердің жұмыс мазмұны анықталып, жұмысқа жауап
беретіндер белгіленеді.
3. Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Ашық сабақтар,
тәлімгерлік, т.б. жоспарланады.
4. Ғылыми педагогикалық ақпарат арқылы мұғалімдер жаңа педагогикалық
әдебиеттермен танысады, әдістемелік бұрыштар ашылады.
5. Оқу-тәрбие процесін басқару. Бөлімде оқу және тәрбие жұмыстарының басты
мақсаты көрсетіліп, оған жетуге көмектесетін шаралар нақтыландырылады.
6. Оқу-тәрбие процесін бақылауды ұйымдастыру. Жалпыға міндетті білім беру
ісі, мұғалімдердің жұмысы, бағдарламалардың орындалуы, оқушылардың
білімінің сапасы, тәрбие жұмысы жоспарланады.
7. Ата-аналармен жұмыс, т.б. Бұл бөлімде ата-аналар арасындағы
педагогикалық насихат, ата-аналар жиналыстары, т.б. жоспарланады.
8. Материалдық-техникалық негізді нығайту.
Шағын кешенді мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі:

ЖОСПАРЫ:
1. Шағын кешенді мектептің ерекшелігі.
2. Шағын кешенді мектептегі оқыту.
3. Тәрбие процесі.
1. Шағын кешенді мектеп дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын
оқушылары бар жалпы білім беру мектебі.
Ауылдық жерлерде шағын кешенді мектептер бар. Аз кешенді бастауыш мектепте
қатарлас сыныптар болмайды, оқушылардың саны аз. Сынып - комплект - бір
мұғалім - сынып жетекшісі басқаратын сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы
мүмкін.
Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский
өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің
пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII
ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің
ділгір мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Шағын кешенді мектептерде
негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады.
Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
• сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
• бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге
ыңғайластырылуы;
• көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
• сабақ тақырыбының өзара байланысы;
• сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
• сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
• тиімді оқыту әдістерін таңдау;
• сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
• оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін
жұмыстармен ауыстырып отыру;
• мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
• барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.
Шағын кешенді мектептер үшін қазақ тілі пәні мен оқулықтары жоқ, өйткені
толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу шарттары
ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде "үлкен" сабақтың құрамындағы "кіші"
сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай "кіші" сабақтарында
алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы
шарт.
Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін
төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар:
• бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке
арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы;
• өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы;
• шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан
әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы;
• шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы.
Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді.
Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей
ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын
ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір сыныпқа жаңа
материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше
жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар)
қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт
жетіңкіремейді.
2. Оқу сабақтарының кестесін жасауда негізінен екі тәсіл қолданылады.
Бірінші тәсіл арқылы бір пән бойынша сабақтар біріктіріледі. Мысалы,
мұғалім 1, 3-сыныптарда бірінші сабаққа математиканы, екінші сабаққа қазақ
тілін қояды.

Апта аттары 1-сынып 3-сынып
Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі Әліппе
Математика
Денешынықтыру
Әліппе
Әліппе
Математика

Математика
Әліппе
Еңбекке баулу
Еңбекке баулу
Әліппе
Дүниетану
Денешынықтыру
Әліппе
Математика
Музыка

Әліппе
Дүниетану
Бейнелеу өнері Бөлім 1.02 Анатілі
Математика
Дене шынықтыру
Ана тілі
Математика
Қазақ тілі
Орыс тілі
Математика
Қазақ тілі
Еңбекке баулу
Еңбекке баулу
Математика
Қазақ тілі
Дүниетану
Ана тілі
Математика
Музыка
Орыс тілі
Қазақ тілі
Дүниетану
Бейнелеу өнері

Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен
өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал,
қосымша ой-пікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім әдетте жаңа білімді
меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді.
Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау
керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін
тексеріп, келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған
соң сыныпқа өздік жұмыс береді.
Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап,
мұғалім сабақты жүргізіп отырады.
Сабақтың құрылымы:
1. Мұғаліммен жұмыс - өздік жұмыс.
2. Өздік жұмыс - мұғаліммен жұмыс.
Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағының құрылымы
1. Ұйымдастыру бөлімі 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Мұғалімнің сұрағына жауап беруге әзірлену, көрнекі кұралмен немесе басқа
шағын тапсырмамен жұмыс 2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа материалды түсіндіру 3. Өздік жұмыс
4. Өздік жұмыс. 4. Жаңа материалды түсіндіру
5. Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге тапсырма
5. Өздік жұмыс
6. Үй тапсырмасының мазмұнын өз бетімен оқу және күнделікке жазу. 6.
Өздік жұмысты тексеру. Сабақтың қорытындыларын шығару. Үйге тапсырма

Мұғалім екі сыныптың оқушыларының да іс-әрекетін толықтай бақылап, өздік
жұмыстың нәтижелерін міндетті түрде тексеріп, жауап беріп көмектеседі.
Әр сыныптағы өздік жұмысқа 15 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде
мұғалім басқа сыныптың оқушыларына жаңа сабақ түсіндіреді, оны
қайталаттырады, жүйелетеді.
ІІІағын кешенді мектепте жұмыс істейтін мұғалім кіші мектеп жасындағы
оқушыларға берілетін өздік жұмыстың барлық түрлерін білу керек. Шағын
кешенді мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы
жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақтың кестесі бойынша өткізеді.
Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас
тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.
Мұғалімнің мақсаты:
• әр сыныппен істейтін жұмысына уақытты дұрыс бөлу;
• таным процесінің жүйесін бұзбау;
• оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, меңгеруін, есте
сақтауларын ынталандыру;
• барлық сыныппен бір мезгілде тәрбие жұмысын жүргізу;
• білімнің негізгі мазмұнын меңгерту.
Сыныпты топтастыруда жұмыс жасау оқушыға да қиын, себебі ол тапсырманы
орындауға зейінді шоғырландырып, басқа сыныпқа мұғалім түсіндірген сабаққа
мән бермеуі, өзіне арналмаған сурет және басқа материалдарға назар
аудармауы, басқа сынып оқушыларының жауаптарын тыңдамауы тиіс.
Бұл күрделі іскерліктер өмірде де керек. Бірақ оларды игеру қиын, көп күшті
қажет етеді. Оқушы аталған іскерліктерді үйренуге мәжбүр болады, себебі оқу
тиімділігі зейінді шоғырландыруға тікелей байланысты. Сондықтан мұғалім
сыныптың топтастыруда әдеттегі сыныптарға қарағанда оқушылардың өздік
жұмыстарды жасау іскерлігіне назар аудару керек.
Бастауыш шағын кешенді мектептегі сабаққа қойылатын жалпы талаптар, сабаққа
қойылатын талаптармен бірдей. Сабақ негізінен аралас сабақ түрінде өтеді.
Жаңа білім, іскерліктерді меңгертудің жетекші түрлері – мұғалім
басшылығымен жұмыс, оқушылардың өздік жұмыстары. Бұл жұмыстар сабақ
уақытының 80-90% -ын алады.
Мұғалім басшылығымен және оның тікелей қатысуымен атқарылатын жұмыстар:
• кейбір дайындық жұмыстары;
• бұрынғы өздік жұмысқа сүйенетін жаңа материалды түсіндіру;
• жаңа материалды әңгімелеу - баяндау;
• түсіндіру, әңгіме, нұсқау;
• эвристикалық әңгіме;
• дидактикалық ойындар;
• жаңа материалды бірінші қабылдау, түсіну, бекіту;
• білім деңгейін диагностикалау;
• меңгерілген білім, іскерліктерді бақылау және түзету;
• білімді қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету;
• материалдарды тақырып бойынша жинақтау.
Мұғалімнің материалды терең және жан-жақты түсіндіруге уақыты жоқ,
сондықтан кейбір оқу материалдарын мұғалім оқушыға өз беттерімен оқуды
ұсынады.
Меңгерту процесін ұйымдастырудың мына түрлері кең тараған:
1) мұғалім оқу материалын түсіндіріп, көрнекілікпен бекітеді;
2) оқушылар жаңа білім, іскерліктерді ізденіс іс-әрекеті, эвристикалық
әңгіме, бақылау, фактілерді талдау, салыстыру арқылы мұғалім басшылығымен
алады;
3) балалар білім, іскерліктердің жаңа түрлерін бағдарламалық оқулық,
алгоритм бойынша өз бетімен меңгереді.
2-сыныптан тұратын комплектідегі сабақтың құрылымы:

Сабақ минуттері Сыныптар
2-ші 3-ші
2-3 Оқу жұмысын ұйымдастыру Оқу жұмысын ұйымдастыру
15-18 Мұғалім түсіндіруі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты
МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Мектепішілік бақылау жүйесі
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Пәндер