Қазақстандағы ислам діні ағымдары нені көздейді?



1 VІІ ғасырда мәуесін жайған хақ дін
2 Шынайы мұсылмандар
VІІ ғасырда мәуесін жайған хақ дін – ислам XXІ ғасырға дейін ондаған ағымға бөлініп кеткені бүгінде ешкімге жасырын емес. Қазақстандағы жергілікті мұсылман қауымының арасында да түрлі ағымдардың бой көтеріп отырғаны сондықтан. Ортада қарапайым мұсылмандардың басы қатады. Еуропадағы қауіпсіздікпен айналысатын ұйымға жетекшілік еткелі отырған Қазақстан өз ішіндегі, шекарасындағы дағдарысты жағдайларға қаншалықты дайын? Еліміздегі түрлі ислам ағымдарының көздегені не? Мәселен, жақында «Литер» басылымында «құраншылар» деген атпен белгілі «Ізгі амал» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асылбек Мусин Құран Кәрімге ғана сүйенетінін, Құдайдың сөзі болмағандықтан, хадис пен сүннетке қырын қарайтынын жеткізді. Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков болса «Құраниттер – биліктің кезекті жобасы» деп отыр. Не десек те, ұлтымыз өз ішінде қырық құрау дінге бөлініп, берекесі кетпей ме? Осыған байланысты біз алдағы уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз ұстанымын ашық әрі батыл білдіргенін қалар едік.
Орталық Азиядағы саяси ислам

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІ АҒЫМДАРЫ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ?
VІІ ғасырда мәуесін жайған хақ дін – ислам XXІ ғасырға дейін ондаған ағымға
бөлініп кеткені бүгінде ешкімге жасырын емес. Қазақстандағы жергілікті
мұсылман қауымының арасында да түрлі ағымдардың бой көтеріп отырғаны
сондықтан. Ортада қарапайым мұсылмандардың басы қатады. Еуропадағы
қауіпсіздікпен айналысатын ұйымға жетекшілік еткелі отырған Қазақстан өз
ішіндегі, шекарасындағы дағдарысты жағдайларға қаншалықты дайын? Еліміздегі
түрлі ислам ағымдарының көздегені не? Мәселен, жақында Литер басылымында
құраншылар деген атпен белгілі Ізгі амал қоғамдық бірлестігінің
жетекшісі Асылбек Мусин Құран Кәрімге ғана сүйенетінін, Құдайдың сөзі
болмағандықтан, хадис пен сүннетке қырын қарайтынын жеткізді. Қазақстан
мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков болса Құраниттер – биліктің
кезекті жобасы деп отыр. Не десек те, ұлтымыз өз ішінде қырық құрау дінге
бөлініп, берекесі кетпей ме? Осыған байланысты біз алдағы уақытта Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасы өз ұстанымын ашық әрі батыл білдіргенін қалар
едік.
Орталық Азиядағы саяси ислам
Ислам әлемінде әртүрлі ағымдар бары белгілі. Атышулы әл Қаида, Хамас,
Хезболлах, Хизб-ут тахрир әлемді шулатып тұр. Бұлардың кейбірінен
тікелей болмаса да, жанама түрде Орталық Азия­ның қауіпсіздігіне қатер
тумай қоймайды. Шындығын айтқанда, Орталық Азиядағы діни тұрақсыздыққа
Өзбекстан ислам қозғалысы мен Қытайдың Шыңжаң өлкесінен шыққан ұйғыр
сепаратистері жиі же­телейді. Осының ішіндегі соңғысының атын атап, түсін
түстесек, ол – Уйгар озатилик ташлахаты (УОТ). Бұл қозғалыс өткен
ғасырдың елуінші жылдары Үрімжіде пайда болған. Оның мүшелері ондаған
жылдар бойы Қытайдан СУАР-ды (Синьцзянь-Ұйғыр автономиялық ауданы) бөліп
алып, тәуелсіз Шығыс Түркістан (Ұйғырстан) мемлекетін құруды армандап
келеді. Қырғызстан мен Қазақстанның шекаралас аудандарына да ара-тұра көз
алартып қояды.
Мызғымас тәртіпке негізделген Қытайда тұтастай армия бас көтерген ұйғыр
сепаратистерін қатаң жазалап отырады. Сондықтан олардың кейбір қашып-
пысқандары кең-байтақ Қазақстанды паналағысы ке­леді. Біз халықаралық
келісімге сай Қытайдан бас сауғалап қашып келген УОТ мүшелерін Бейжіңге
ұстап беруге міндеттіміз. Бұл әлбетте осындағы ұйғыр диаспорасының
наразылығын тудырмай қалмайды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ұйғыр
сепаратистерінің идеологтары Орталық Азиядағы тілекші отандастарынан 10
миллион долларға дейін жинап әкетіп отырған. Еске түсірсек, осыдан біраз
жыл бұрын төрт ұйғыр сепаратисі Алматының қақ орталығында ІІМ-нің Сұңқар
мен Бүркіт бөлімдерінің 210 жауынгерімен үш сағат соғысқаны есімізде.
Мұндай жағдай қайталанбауы үшін елімізге ерекше сақтық қажеттігі біз
айтпасақ та түсінікті.
Енді Орталық Азияда діни экстремизмнің қаупі айтарлықтай екенін дәлелдейтін
деректерге орын берелік.
1994 жылы терроршылар Тәжікстанда ішінде БҰҰ-ның жеті әскери бақылаушысы
бар 23 адамды кепілдікке алған. Ал 1999 жылы бір генерал-майор мен төрт
жапон геологын кепілге алған 500 адам Қыр­ғызстан арқылы Өзбекстанға тау
жолы арқылы өтпек болды. Олардың талабы өз сыбайластарын Ислам Кәрімовтің
түрмесінен босату еді. 2002 жылы Қырғызстанның Дордай базарында жарылыс
болып, жеті адам қаза тапты және 20 адам әртүрлі жарақат алды. 2004 жылы
Ташкент пен Бұхарада жарылыс болып, 47 адам көз жұмды, 30 адам жараланды.
2005 жылы Қырғызстанда қызғалдақ төңкерісі болып, 15 адам көз жұмды.
Орталық Азиядағы тұрақсыздық жайлаған елдің бірден-бірі – Тәжікстан. Бұл
елде 1992-97-жылдары азамат соғысы болды.
Орталық Азия елдерінің бірде-біреуінде исламдық оппозицияға ресми түрде
рұқсат берілмеген. Барлығы да зайырлы ел болып табылады. Мұның өзі де
экстремистік топтардан биліктің барынша сақтанатынын сездірсе керек. Орта
Азияда сұрау салынғандардың 78 пайызы діннің мемлекеттен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін тарихы Республика жерінде таралған негізгі діндер
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Қазақ халқының исламмен байланысқан салт - дәстүрлері
Діни басқарма тұсында
Дін және бақ: кеше және бүгін
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Жаңа кәлам дәуірі
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Пәндер