Қадыр Мырза Әли поэмалары



1. Қадыр Мырза Әли . эпик ақын.
2. Қадыр Мырза Әли поэмаларында халық қасіретінің көркем бейнесі бар.
3. Қадыр Мырза Әлидің поэмалары бұрын.соңды ешкім айтпаған, айта алмаған жаңа ой.пікірлерге толы.
4. Ақынның поэмаларына дәстүрлі көркемдік баяндау , диалог, алуан қырлы теңеулер мен күрделі троптар . сыйымды.
5. Ақынның поэмалары . Атамекен , туған жердің топырағы ерлік пен ездіктің қуаныш пен қиянаттың куәсі
6. Ақынның поэмаларында ғасыр дерті.
7. Ұлтымыздың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әлидің есімі әр қазақтың жүрегінде жазулы.
Қадыр Мырза Әли – эпик ақын. Ол ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірді. Оның поэмаларының көбі лирика – публицистикалық сипатта жазылған.
Поэманың бұл түрлерінің арғы тегі қазақтың ежелгі жыр , толғаулары мен тығыз тамырлас екені мәлім. Жиырмасыншы ғасырда қазақтың лирика-публицистикалық поэмасы қатты дамыды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей», Ілияс Жансүгіровтың «Дала», Жұбан Молдағалиевтың «Мен - қазақпын» сияқты лирика-публицистикалық поэманың классикалық түрлері туды. Сол әдебиет алыптарының жасап кеткен ізгі дәстүрін жалғастырып, поэманың осы бір саласына жаңа бір өрнек тың сарын әкелген қазақ ақындарының бірі – Қадыр Мырза Әли . Ол эпикалық кең құлашпен, терең лирикалық тебреніспен берілген толғау – сырлар арқылы туған елі – Қазақстанның , тұтас бір ұрпақтың , дәуірдің бет-бейнесін таныта білді.
Ақынның поэмаларында да соны идеялық кең серпін , жаңа көркемдік бояулар молына ұшырайды. Мәселен, оның «Қызыл кітап» (1986) поэмасы – ой-толғамы ауқымды, бүкіл адамзатты ойландырар пікір-тұжырымға бай, философиялық туынды. Адамзат тарихына шолу жасап , жер бетіндегі адамдардың өзіне көп зиян келтіргенін ақын өкінішпен жырлайды. Жер үстіндегі көптеген жан-жануарларды (аң-құс) қырып-жойып, аяулы жер-ананы жесір қалдырған, планетаны экологиялық апатқа ұшыратқан адамдардың зұлымдық іс-әрекетіне қарғыс айтады. Адамдардың осы зиянды істерінің түбі неге соғарын да абайлап, ақынның жер бетіндегі бүкіл адамдарды , замандасты ойлануға үндеуі – поэманың мағыналы, мәнді идеялық түйіні десе де болғандай.
1. Қ.Мырзалиев «Шығарамалар жинағы» 1-том . Алматы, «Жазушы» , 1989.
2. Қ.Мырзалиев «Қорамсақ» . Алматы «Жалын» ,1980.
3. Қ.Мырзалиев «Дастандар» 9-том. Алматы «Қазығұрт», 2001.
4. Қ.Мырзалиев «Таңдамалы екі томдық шығармалар жинағы» 1-том . Алматы «Жазушы», 2005.
5. Қ.Мырзалиев «Таңдамалы екі томдық шығармалар жинағы» 2-том . Алматы «Жазушы», 2005.
6. Қ.Мырзалиев «Сөз сиқыры». Алматы «Жазушы», 1982.
7. Қ. Мырзалиев «Үш томдық шығармалар жинағы» 1-том. Алматы «Жазушы», 1990.
8. Қ. Мырзалиев «Үш томдық шығармалар жинағы» 2-том. Алматы «Жазушы», 1990.
9. Қ. Мырзалиев «Үш томдық шығармалар жинағы» 3-том. Алматы «Жазушы», 1990.
10. З.Серікқалиұлы «Таңдамалы шығармалары» 1-том. Алматы «Раритет», 2011.
11. Ш. Елеукенов «Замандас парасаты». Алматы «Жазушы» 1997.
12. А. Егеубаев «Сөз жүйесі» . Алматы «Жазушы», 1985.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті

Имамиддинова Умида Бегзодқызы

Қадыр Мырза Әли поэмалары

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 010517 – қазақ тілі және қазақ әдебиеті

Туркістан – 2012

Жоспары:

1. Қадыр Мырза Әли – эпик ақын.

2. Қадыр Мырза Әли поэмаларында халық қасіретінің көркем бейнесі бар.

3. Қадыр Мырза Әлидің поэмалары бұрын-соңды ешкім айтпаған, айта алмаған
жаңа ой-пікірлерге толы.

4. Ақынның поэмаларына дәстүрлі көркемдік баяндау , диалог, алуан қырлы
теңеулер мен күрделі троптар – сыйымды.

5. Ақынның поэмалары – Атамекен , туған жердің топырағы ерлік пен
ездіктің қуаныш пен қиянаттың куәсі

6. Ақынның поэмаларында ғасыр дерті.

7. Ұлтымыздың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әлидің есімі әр қазақтың жүрегінде
жазулы.

Қадыр Мырза Әли – эпик ақын. Ол ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі
поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірді. Оның поэмаларының көбі
лирика – публицистикалық сипатта жазылған.

Поэманың бұл түрлерінің арғы тегі қазақтың ежелгі жыр , толғаулары мен
тығыз тамырлас екені мәлім. Жиырмасыншы ғасырда қазақтың лирика-
публицистикалық поэмасы қатты дамыды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Адасқан
өмір, Кедей, Ілияс Жансүгіровтың Дала, Жұбан Молдағалиевтың Мен -
қазақпын сияқты лирика-публицистикалық поэманың классикалық түрлері туды.
Сол әдебиет алыптарының жасап кеткен ізгі дәстүрін жалғастырып, поэманың
осы бір саласына жаңа бір өрнек тың сарын әкелген қазақ ақындарының бірі –
Қадыр Мырза Әли . Ол эпикалық кең құлашпен, терең лирикалық тебреніспен
берілген толғау – сырлар арқылы туған елі – Қазақстанның , тұтас бір
ұрпақтың , дәуірдің бет-бейнесін таныта білді.

Ақынның поэмаларында да соны идеялық кең серпін , жаңа көркемдік
бояулар молына ұшырайды. Мәселен, оның Қызыл кітап (1986) поэмасы – ой-
толғамы ауқымды, бүкіл адамзатты ойландырар пікір-тұжырымға бай,
философиялық туынды. Адамзат тарихына шолу жасап , жер бетіндегі адамдардың
өзіне көп зиян келтіргенін ақын өкінішпен жырлайды. Жер үстіндегі көптеген
жан-жануарларды (аң-құс) қырып-жойып, аяулы жер-ананы жесір қалдырған,
планетаны экологиялық апатқа ұшыратқан адамдардың зұлымдық іс-әрекетіне
қарғыс айтады. Адамдардың осы зиянды істерінің түбі неге соғарын да
абайлап, ақынның жер бетіндегі бүкіл адамдарды , замандасты ойлануға үндеуі
– поэманың мағыналы, мәнді идеялық түйіні десе де болғандай.

Ақын Заман-ай поэмасында (1997) Қазақстанның Кеңес өкіметі
жылдарындағы тарихына бүгінгі биіктен жаңаша көзғараспен қарап, шамырқана
толғанады. Жетпіс жыл ішінде қазақ халқы бастан кешкен адам небір
қиындықтарды нақты көркемдік ойлармен жинақтап, әсерлі бейнелеген. Поэманың
Бұқара мен Партократия деген тарауында ұзақ жылдар бойы Коммунистік
партияның жауыздық , жәдігөйлік, арамзалық саясатынан қалың жұрттың өлердей
жапа шеккенін автор шыншылдықпен тебрене жыр еткен.

Уландырды сәбидей саналарды,

Тыңдамадық көреген даналарды.

Енді, міне,

Ұятын Партияның

Адал жандар арқалап қала барды!

Қадыр Мырза Әли поэмасында 1917-1991 жылдар арасындағы Кеңес Одағындағы
халық қасіретінің әрі нақты, әрі жинақталған көркем бейнесі бар.

Қадыр Мырза Әлидің Бес жыл өткен соң поэмасынан (1997) нарықтық
экономикаға көшкен дертті қоғам тұсындағы қазақ халқының ұсқынсыз, аянышты,
жүдеу кейпін көреміз. Поэмада ол қазіргі жалғанды жалпағынан басып жүрген
алаяқтардың қулық-сұмдықпен жинаған арам байлығын шымбайына батыра
әшкерелей отырып, бұқара халықтың күйзелген күйкі тірлігін, күйбең өмірін
ет жүрегі елжірей , зарлана толғайды. Поэмада сапырылысқан шетел
машиналарынан аяқ алып жүргісіз Алматы қаласының бүгінгі алабажақ бейнесі
де , Өгіз арба мен Жорға шанаға қарап қалған қазіргі қазақ ауылының
сұрықсыз келбеті де елес береді.

Заман-ай , Бес жыл өткен соң поэмалары – қазақ халқының ХХ ғасырдағы
көркемдік тарихын оқырман санасына толық жеткізетін көрнекті эпикалық
туындылар. Өткелдер , Махаббат , Пайғамбар жасы, Дерт, Парламент,
Күдік атты поэмалар осы циклды толықтырады.

Ал Ақыр заман, Көкей кесті, Ғадауат ғасыры сияқты ақындық терең
тебреніспен, шалқыған жүрек жалынымен жазылған поэмалары таңдамалы
туындыларының көп томдығының 9-томында (2001) жарық көрді. Бұр поэмаларда
ол халықтың өткен тарихына көркемдік шолу жасаған. Алайда, Қадыр Мырза Әли
өзіне дейінгі ақындарды мүлде қайталамай өз тарапынан тың ақындық сөз,
өткір идеялық пікірлер айтқан. Мәселен, Ақырзаман поэмасында қазақ
халқының орыс мемлекетіне отар болудан шеккен адам айтқысыз зардаптарын
ақын батыл-батыл жыр жолдарымен жеткізе суреттейді. Ғадауат ғасыры
поэмасында ХХ ғасырдағы бүкіл адамзаттың шеккен шексіз азабы мен көрген
қорлығына (дүниежүзілік қырғын соғыстар, Муссолини, Гитлер, Сталиндердің
жендеттік істері т.б.) үлкен ақындық биіктен көз тастайды. Зәлім ғасыр,
Қиянатшыл ғасыр, Қатал ғасыр, Қу ғасыр, Жебір ғасыр, Қомағай
ғасыр, Обыр ғасыр, Керең ғасыр, Күнәлі ғасыр - деп бүкіл эпитет
атаулыны үйіп-түгіп өтіп кеткен жиырмасыншы ғасырға қаһарлы қарғыс сөздерін
қолданады. Дегенмен де, адамзат басынан кешкен сол жүз жылдықтан ешқандай
ұнамды жағдайды ақынның мүлде көре алмауын тұтастай мақұлдау орынды бол
қоймас. Қазақ халқының тарихта тұңғыш рет дербес мемлекет болып,
тәуелсіздік алуы сол ХХ ғасырдың ұлы сыйы, ғажайып тартуы емес пе?!

Поэманың соңында :

Той болып кел, келешек, ұлын – асыр !

Қалдырайын жазып мен Далама сыр.

Зәлім ғасыр,

Бәріне мәлім ғасыр,

Саған тартып тумасын жаңа ғасыр ! –

деп ақын жаңа ХХ ғасырдан көп-көп жақсылық күтеді. Алдағы мезгілге үлкен
үмітпен қарайды.Сөйтіп, трагедиялық қара бояуы басым поэмасын жарқан
оптимистік сезіммен аяқтайды.

Тұтастай алғанда, Қадыр Мырза Әлидің поэмалары бұрын-соңды ешкім
айтпаған, айта алмаған жаңа ой-пікірлерге толы. Көркемдік бояулары қалың да
жарқын оның поэмалары қазақ поэзиясына жаңа үн, соны серпін әкелді. Ұлттық
эпиканың өрісін кеңейтті. [9-том, 681-682-683 б.]

Нағыз суреткер үнемі өмірдің беймәлім жаңа беттерін ашып отырмағы
ләзім. Уолт Уитменнің бұл ой-толғамын шама шарқымызша әрқалай түсінуге
құқылымыз. Әйтеуір, әңгіме тек қана жаңа кен көзін, жаңа өлкені, я болмаса
жаңа өндіріс орнын, мекемені ашу туралы емес екені рас. Поэзия жанрында
әр жол сайын, әр шумақ , тармақ сайын жаңалық ашу – жаңа образдар тудыру,
соны сөз өрнектерін өрбіту... Поэзия тілі – сиқырлы тіл. Суреткерлік
толғамынан тайса-қисынсыз қиял, талғамға толмаса – шарасыз, қанатсыз,
дәрменсіз... Әлімсақтан бергіні қайталауды қаламайды, қанатсыз, өрнексіз
өлең ашуға олақ. Рас, жаңашылдық хақында тақырып та композициялық шешім де
, сюжет ширату да – бәрі-бәрі жөнінде қырық қырлы зерттеу, болжам,
тұжырымдар айтылып келеді. Поэзия үшін үрдіс жаңалық, үнемі соны сүрлеу,
қиын асу – образдылық. Сөздің жаңа сыңғыры, метафораның жаңалығы ойға да,
өлеңге де әл – қуат. Соны образ, өзіндік бітімі бөлек метафора ақынды
қанаттандырады, шабыттандырады, оқырман талғамын таң арайындай сепгітеді.
Ақындық ерекшелік те, даралық та , өзіндік дүниетаным да сондай өзіндік
қасиеті күшті, дара қолтаңбадан, детальдардан-ақ танылады. Белгілі
әдебиетші, ақының: Ақындар өздерін дүниенің тірегіндей көріп, өздерін-
өздері айнала береді. Әрі кеткенде , көңіл-күй әуенін мінез-құлқының
қиқарлығын, адасып, шалқуын жырлайды: дүниені , алып әлемді өз көзімен
ғана көреді.Оның көзі әлемнің көзі емес қой, - дегендей , кез келген
ақынның тебренісі дүниеге көзқарасы әлемдік , ауқымды қамти қоймас.
Интеллектіні , суреткерлік парасаттың безбенге түсер тұсы да осы.
Поэтикалық образ – уақыт рухы. Поэтикалық образ - ақынның дүниетанымының ,
эстетикалық талғамының көрсеткіші. Поэтикалық образ - ақын мен оны
қоршаған орта қарым-қатынасының таразысы. Қолтаңбасы, стилі қалыптасқан
ақындардың творчестволарынан пікірлерімізге көптеген дәлелдер табар едік.
Тіпті, бір ақынның бірнеше жинағынан тақырыпқа, материал ерекшелігіне орай,
әр қырынан, әлденеше қасиеттерімен танылады. Мысалы, Қадыр Мырза Әлидің
соңғы жылдары жарық көрген кітаптарынан-ақ көп жайды аңғарамыз. Көш...
Домбыра, Жерұйық ... Қорамсақ ... Көкпар ... Қызыл кітап...
Ақынның соңғы екі-үш жыл айналасында оқырман қауым қолына тиген
кітаптарының бір қатары ғана. Егер жеке ақын творчесволық тұлға ретінде өз
кезіндегі әдеби процеске әсер ете алады десек, ол туралы сөз қозғағысы
келген сыншы алдымен Кешке я Жерұйыққа , бәрінен бұрын кейінгі Қызыл
кітап поэмасына қол артар еді. Әдетте, әр өлеңнің , әр кітабының тағдыр-
талайына , оқырман қолы мен ойына қай жағынан болсын – мейлі көркемдік,
мейлі баспа бетінде дер кезінде сапалы көрінуі , т.б. – қылаусыз,
көлеңкесіз жетуіне асқан педантизммен , кірпияз қарайтын ақынның Көкпар
кітабы шынында да басқаларынан гөрі шусыз , момақан күйде жарық көрді.
Көкпардың шыққан-шықпағанын бір оқушы біліп, бір оқушы білмей қалғандай.
Шусыз дегенде , Жерұйық , Домбыра кітаптарындай мерзімді баспасөздегі
рубрикалардан алдын-ала кең жария болмағанын еске түсіреміз.

Жалны түрлі бітімі тектес дегенмен, Көкпар Жерұйықтан да , Қызыл
кітаптан да оқшауырақ. Мазмұны тектес дегенмен, Домбыраға да ұқсамайды.
Көкпардағы қайсыбір өлеңдер көркемдік жағынан келгенде, Ой орманынан ,
Домбырадан аз –кем олқы түсіп жатуы... Қайсыбір шумақ, тармақтарда
машықтық мақамы байқалуы... Оның бәрі өз алдына бөлек дүние. Көкпар ,
символикалық аты айғайлап тұрғандай, жеке адамның, лирикалық меннің
тіршілік додасындағы, тағдыр көкпарындағы ол -сезім тебренісі. Жан
дүниесінің астары мен тысы.

Ақын бұл жинақта да композициялық тұтастықтан айнамаған. Бірінші бөлім:
Тыс . Екінші бөлім: Астар. Тыс бөлімінде ел , жер , өскен орта,
азамат т.б. тәрізді сыртқы орта жайлы жырлар топтастырылса, оның астары
- лирикалық қаһарманның сол сыртқы ортаға қарым-қатынасы, ішкі сезім
қозғалысы, оңашадағы ой-толғаныстары хақындағы тебреністер. Ақындық сезімде
шекара болмайды, адам үшін , ақын үшін әлем де бір , ел де бір. Өйткені
ақындық , азаматтық жалпы адамзатқа ортақ ұғым. Сондықтан да эстетикалық
қарқыны жетсе, қай ақын да үлкен категориялармен , үлкен ұғымдармен
сөйлеуге міндетті. Қазіргі заманда қолына қалам алған қай ақын да осыларды
толғамай отыра алмайды. Қазіргі информация тасқыны , дәуір тынысы жеке
ақынның ағына ақтарылып ашылмас еркіне қоймайды. Сондықтан да Қызыл кітап
поэмасыдағы экологиялық проблемалар мен астасып жатқан ел тағдырын, қоғам
тағдырын жырлаған туындыларды жалаң отансүйгіштік, әдеттегі күйдім,
сүйдім жырларға жатқызу мүмкін емес.

Көкпар жинағындағы өлеңдердің дені – Астар бөлімі тұтастай
лирикалық меннің жан-дүние бұлқыныстарын ақ қағазға кардиограмма
сызықтарындай түсіріп отырған. Қуаныш, шаттық, күйініш, өкпе, өкініш –
осының бәрі түзіле келіп бір адамның тағдыр – жолын , арман-мұңын
қалтарыссыз ашады.

Үйренгенмін кетпеніңе,

Қайлаңа,

Үйренгем жоқ бірақ ,тірлік,айлаңа.

Не істесең де,

Аяғымды тусама!

Не істесең де,

Қолыңды сен байлама!

Аты-жөні жазылсын деп тақтаңа,

Мені де бір қасиетті тапты ана.

Қиындық па?

Қиындыққа сал мені!

Бірақ, тірлік , намысымды таптама! -

дейді Тірлікке тіл қату жырында. Қандай азаматтың да айтқысы келетін ,
сондай болғысы келетін сөзі.

Астар бөліміндегі ішкі психологиялық тебреністі сәттерді толғаған
жырларға ортақ қасиет - тағы да азаматтық , адамдық қасиеттерге адалдық .

Әрине, ойсыз өнер , ойсыз өлең болуы мүмкін емес. Сондықтан да ақын
өлеңдеріндегі ой желілері заңды құбылыс, жарасымды түйіндер. Автор өзіне де
, өзгеге де ой көзімен үңіледі, өзінше көшелі қорытындылар жасайды. Сол
мазасыз сезім мен ойдың одағына өлең туады. Көкпардың басқа жинақтарынан
сәл де болса өзгешелеу мінезі – ақынның өзіне – өзі көбірек үңілуі, өзіне-
өзі жиірек сын көзімен қарауы. Ішкі сезім арпалысы. Жақсы мағынасындағы
тіршілікке құмарлық, құштарлық, тірлік қызығын көре білу, көрумен бірге
іңкәрлігін үстемелей түсу. Ақынның генераторы да сол құштарлық. Ләйліге
Мәжнүннің көзімен қарағанындай тіршілікке құмарлық, ғашықтық көзбен қарап,
өзінше зерделеу – Көкпар осындай қасиеттермен ұнамды. Бірқатар
өлеңдеріндегі тың субъективтік , тым жеке бастың өкпе- назынан ғана туған
күйініштер, жалпыға қызықсыз да қажетсіз реніштерді сезіну оңай.

Көкпарда да Қызыл кітапта да тың тебіреніс саздары мол. Үнемі
ізденіс , қозғалыс үстіндегі ақын жаңа бір ақындық белеске беттегендей . Ол
– адамзаттық, әлеуметтік, дүниелік проблемалар мен тақырыптарға барлау
жасап, батыл түйіндерге баруы. Ақынның өзі айтқандай, көп нүктесіз
сөйлемдерге көбірек , анығырақ ден қоюы .

Соңғы бес-он жыл көлемінде тынбай ізденіп, жыр өлкесінде өзіндік бел-
белестерін түсірген ақындар көп-ақ. Әсіресе, орта буын өкілдерінің
творчествосы ізденіске , аға буын дәстүрін жалғастырып, көркемдік жаңа
арналарға бет қоюға толы. Жаңашылдық дәстүрсіз болмайды. Жаңаның жаңалығын
дәстүр байқатады. Дәстүр болған жерде жаңашылдық тууға тиіс. Мұқағали
Мақатаев , Қадыр Мырза Әли, Сағи Жиенбаев , Кәкімбек Салықов, Әділбек
Абайділданов, Сабырхан Асанов тағы басқа ақындар жөнінде осыны айтар едік.

Поэмаға бәрі де – дәстүрлі көркемдік баяндау да , диалог та , алуан
қырлы теңеулер мен күрделі троптар да – сыйымды. Көп желілік те , көп
тартыстылық та лайық. Қазіргі поэмалардағы ең басты сипат – публицистикалық
сарын, бүгінгі күн тынысына үн қосу болғанға ұқсайды. Бұл – уақыт талабы.
Ал, бүкіл қазіргі қазақ поэмасы атты үлкен жанр үшін бұл аз сияқты көрінбей
ме?! Поэмаларымызда кең тыныс ұзын арқан, кең тұсауға , әлеуметтік зерттеу
мен зерделеу оңай-оспақ дидактикаға айналып кетпеді ме екен!? Қазіргі
дәуірдің күрделі поэмасын жазу үшін күрделі ақын, күрделі дүниетаным қажет.
Бұл – дәлелденген ақиқат. Ондай туындыны парасат биігіне , поэтикалық тұлға
дәрежесіне көтерілген ақын ғана жаза алар.

Бізде философиялық толғамдары терең поэмалар тым аз. Замандас бейнесін
бар қайшылығы мен , күрделі тыныс-тіршілігі мен жырлаған поэмалар да жоқтың
қасы. Әуелі, поэмаларды эпикалық жанрдың әліппесі – характер қалтарыстарына
зер салу жеңілдеп кетті. Романдардан , жалпы проза шығармаларынан
образдардың даралығын , характерлердің айқындығын бөле-жара айтып жүреміз ,
бұл талап поэзияның кесек жанрларына неге қойылмайды?.. Белгілі бір
проблемаларды , идеяларды көтермесе , образ табиғаты, характері
дараланбаса, поэма жанрының салмағын қалай көтереді?

Оқиғалы поэмалар да дәстүр арнасын тарылтып алғандай. Сюжет , оқиға
болған жерде тартыс қыртыстары да айқын. Тартыс бар жерде характер де,
бәрі де болады. Бізде қазіргі кейбір оқиғалы , не бүгінгі күн тақырыбына
арналып жүрген поэмаларда болғанды болғандай солғын , сүлесоқ баяндау
басым. Бұл өмірдегі құбылыстың ішкі тынысына үңілмей, сырттай тамсанудан.
Болмаса газет-журналдардан , кітаптардан белгілі бір тарихи жайды , бір-екі
жол информацияны тарау , бөлімдерге эпиграф етіп, нақ сол тарихи
документтерде жазылған оқиғаларды қайталап айтып беру белең алған.
Шындығына жүгінсек, бұл нағыз творчестволық ізденіс пен поэтикалық
құлшыныстан туған туынды емес қой. Бар болғаны деректерді деректендірген
монтаж ғана . Айналып келгенде айтпағымыз – мұндайда ақын оқиғаға елтіп,
құбылыстың соңында қалмай, еркін, жан-жақты көріп, қорытынды түйіндей
аларлық биікте болуы шарт.

Жалпы , қазіргі қазақ поэзиясының тақырыптық , көркемдік проблемалары
көп-ақ.Поэзиялық шығармалар тілі – бүгінгі әдеби тынысымыздың ең елеулі
мәселесі. Поэзиялық шығармалардың тіл саралығы да бірінші кезектегі
көркемдік талап.

Түр, стилдің бәрі бірдей болуы шарт емес, тек өлеңнің бәрі бірдей
шынайы поэзия туындысы болмағы ләзім. Жүрекке жылы тиіп , жүректе
жатталмаған жырдың ғұмыры бір-ақ тұтам. Қолымызға кітап, қағаз алмай-ақ
қазіргі үнемі көкейде жүретін орта буын ақындарды атап көрейікші: Мұқағали
Мақатаев , Қадыр Мырза Әли , Тұманбай Молдағалиев , Марфуға Айтқлжина,
Фариза Оңғарсынова, Сәкен Иманасов, Мұхтар Шаханов қыры , творчестволық
бағыт, принциптері қалыптасқан. Бұл ақындардың қай-қайсысының твочествосы
да қазіргі поэзияның белгілі бір қырларын бойына дарытқандар. Жаңағы қазақ
ақындарымыздың творчестволарын да бүкіл совет поэзиясынан бөліп қарау
мүмкін емес. Бір қызығы , біздің де бірқатар ақындарымызда (Сырбай
Мәуленов, Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Шаханов) да
негізінен көркемдік қабылдауға, ақынның эмоциялық әсеріне жазылған өлеңдері
жиі кездеседі. Біздіңше , оқырман қауым философиялық , дидактикалық
поэзияның өкілі ретінде қабылдап жүрген Қадыр Мырза Әли жырлары да осы
стилдік түзілімімен оқшауланады. Сондай-ақ Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің дені
негізінен халық, оқырман санасына жақын бір ұғымды ірілендіру, символикаға
айналдыру арқылы көкейде қорытқан ойын жеткізуге ден қойды. Мысалы:

Туған соң – туған игі ғажап Айша,

Сынған соң – сынған игі нажағайша.

Ұшқан соң – қайтқан дұрыс Айға қонып,

Шуласаң – шулаған жөн Тайга болып.

Алдамай аңқауларды уақыт құсап,

Көшкен соң – көшкен абзал бақыт құсап,

Болашақ жақтамайды таланты ұсақ,

Жоғалса – жоғала біл мамонт құсап.

Қадыр Мырза Әли творчествосының тұтастай алғанда өз тынысы, дәстүр
–талғамы, өз оқырманы бар. Оның оқырман мен сырласуы, тілдесуі қайшылығы
мол көркемдік стиль. [107-130 б.]

Сәл-пәл ақымақтау, щолақ ойлы , ақылға кенде қайсыбір ақынды рухани
қуатынан , ішкі тірегінен айыру үшін оның басын ептеп бұлдыратып жіберу
жетіп жатыр. Ең дүниедегі жыраулы ерең бітіміне , ептілік іскерлігіне
назар аударсаңыз болы, қашан ол тауы шағылып, өзінің де жер басқан жұмыр
басты пенде екенін сезінгенінше көкірегімен көк тіреп бара жатады.

Қадыр Мырза Әлиді мен ондай топқа қоспаймын . Ақын көкірегі кеуек емес,
көр-көсір қазына болғаны жақсы.

Оқушыны толғантар сүйеніш болар атарған сөз, астарлы ой айту үшін
көркемдік құрал тәсілдердің адамзат ұрпағы жинақтаған қыруар бай
тәжірибесін мүмкіндігін жетісе түгел пайдалана білуі керек...

Халқымыздың сонау көне тарихының шерлі дір шежіресі - жоқшылық пен
тапшылықтың , зұлымдық пен қиянаттың тепкісін көріп, ел-жұртына кең
әлемінен еш рахат атаб алмай торығып өткен азабы өмір қасіреті азап
тұрмысында Асан Қайғы аңызымен атамекен жүзінде іс қалдырған. Бір өңірден
болмаса, бір өңірден береке- бақыт табармын деп тәтті арман жетегіне
беріліп, иен дүниені шарласа да желмаясы мен жеткен жерінен сорлау жүрек
жер бетіндегі әділетсіздікті көрген...

Қадір Мырза Әли Асан қайғының зары дейтін өлеңінде осы тентіреген
тірліктің баянсыз жолын түгел тізіп жатпайды, басын тасқа ұрып , басы тасқа
ұрылып , тау шағылған адамның өмірден өтер алдындағы ең соңғы монологын
толғайды. Қиналған жанның ащы мұңында әлеуметтік терең мән жатыр. Асан
қайғының зары – Асан қайғының біржола кесілген үміті, жеткен межесі, бұл
жалғаннан иемденген емшісі. Адамдарды алалау , адамдарды өзіне басталған:
біреулерге кең дала – біреулерге түрмедей көз жасы, қайғы езілген тап,
еңіреген қауымның, қара халықтың атынан сөйлейді. Ақын заман қайшылығын қас
қалпында берген. Тағдыр дегеніне қарсыласпай бас иіп , бір ғана шыдам
төзімге құрылған жаназасы мынау: туу деген қайғыда өлу деген бақыт бар?!
немесе

Көз жасына семірген

Хан емеспін – қарамын,

Жылап келдім өмірге,

Жылап кетіп барамын.

Осы жолдардың өзінде трагедиялық қаншама қасірет ұялаған. Асан қайғы
құдайға ашынып , қыр көрсеткенімен, заман құбылысын, қоғам шындығын,
теңсіздік, әділетсіздік сырын жете түсіне алған жоқ. Оның бар өмірі – өз
үмітімен алданып, адасқан өмір. Өз жүрегінің білік-білігінң өмірі мен
еңбектерінің құдіретіне де табына алмай кеткен өмір.Ақын жырында ашылған
Асан қайғы күйігінің әлеуметтік астары осындай..

Қадыр Мырза Әлидің Дала дидары жинағы әр алуан өмір құбылысына орай әр
кезде үздік – создық туған автор көңіл-күйінің жай құрамы ғана емес. Бұл –
халқымыздың өткен , ежелгі тынысы мен бүгінгі тұрмысын таразыға тартып,
тарих сабағын , ғұмыр жолын терең жүйелі жырлаған ақынның біртұтас ,
бірегей ой-толғамы .

Атамекен , туған жердің топырағы ерлік пен ездіктің қуаныш пен
қиянаттың куәсі:

Көптеу болып жанғанынан өшкені,

Көздің жасы – бүкіл елдің көшкені.

(Көш)

Көне заманның кескін-келбеті Қадыр қаламына тіреліп отыр.
Бауырмалдық, туыстық бәрі де қараң болып, ең далада шұбырып, босып келе
жатқан көштің бұл сапарда іздегені -жайлау емес, тыныштық. Артта ,
кейінде бір лаңның , ала бүліктің ізі қалған.

Қаралы көш күйшісі өлген домбырадай тынысынан тыйылып, ағайындар
еңсесін ауыр батпан зіл басқан. Іргелес қоныстың арасы жылан жорғалап
өткендей. Сұп-суық , сұсты көңілдер.

Бұл – Ақтабан Шұбырынды ма, әйтеуір сонау бір жаугершілік жылдарының
күңіренген күйі. Қырсық жолы ұзын. Барар жер басар тауы тарылып, азап ,
мезнаттан құтылар жолын білмей тұйыққа тірелген халық:

Артта – дұшпан ,

Қуған елді сорлатып,

Алда-дос жоқ,

Жандарына сол батып.

Бір ақсақал келе жатыр өлгелі,

Бір келіншек келе жатыр толғатып!

Бірер ұлыс тапқан түгел қырылыс,

Жоқ сондықтан аялдау, не кідіріс.

Көш келеді,

Қолда - қару.

Белбеуде –

Туған жердің топырағы бір уыс!

Елінен, жерінен шетінеген босқындар әлі бір жола үмітінен айрылған жоқ.
Көңіл құлазып, қасірет жасын жұтқанмен, туған жердің бір уыс топырағы
талшық қылар бір тірліктің тірегі тәрізді. Қолдағы қаруды қайрайтын,
азаттық еркіндікті қорғап, ар-намысты оятатын құдірет бастауы осы болар ма?
Тоз-тозы шыққан дүние-мүлкін жау қолында қалдырып, бар байлығын , мұрасын
жоғалтса да , туған жердің шипасын бауырына басып келеді. Ел мен жердің
бірлігі қара құйын ойнаған қиын-қыстау шақта да осылай көрінсе керек.

Ұлттық салт-жоралар дәстүрінің байыбын барлап отырып, ақын бүкіл бір
халықтың өз ішіндегі қайшылықтар сырына да терең бойлай алған. Сүрінгенді
күлкі етпе , жыласаң да досыңа жау алдында бүлк етпе, немесе қаралы
елдің таңы бол жаралы елдің жаны бол деп бесік жырынан бастап, өмір
қадамын аттаған жас адамға ізгілік өлшемдерін санап, бата беретін ата
дәстүр барымта мен бақталастық тұсында басқаша көрінеді. Намыс бүйірі
қызған кезде жақының де жаумен бірдей, әсіресе, қазақтың тамаша ұлттық
ойынының бірі көкпар тарту шарттарын түсіндіруден басталатын жыр жолы
көкірекке жігер құйып, оқушыны баурап алады.

Көкпар – қазақ үшін де , Қадыр үшін де әрі қуаныш, әрі салтанат. Көкпар
тұсында ат жалын ұстай білетін еркек кіндіктің ошақ басында қалатыны жоқ.
Қайта оралып соққан албарт жастықтың бір лыпыл оты пеш түбіне кәрі сүйекті
де көтеріп алып, қазақы ердің қасымен қайта табыстыратын .

Немене!

Жасып қалдың ба?

Азамат болма,

Құрып кет!

Көр тұрса егер алдыңда,

Көзіңді жұм да кіріп кет!

Жып-жылы күрек қан жұққан

Жайқалып жатсын боз көде.

Қайтсең де тартып ал жұрттан

Қайтсең де берме өзгеге!

Жандайшап жанкүйерлердің қолпаштауы Көкпар жырында мейлінше шымыр.
Бұрқыраған жігер мен өнер сайысының үстінде өзімдікі дегенннің мерей
үстемдігін көксеген жұлқынған бір шындық көлбең берген сияқты. Кейінгі қос
жол оқушыны еріксіз ойлантып тастайды. Ғаламат өнер шарты , бір есептен
өзіне бұйырмасты өзгенің қолынан да , жолынан да жұлып алудың жаттығуы екен
ғой.

Ақынның Күрес Барымта дейтін жырлары де бірін-бірі қалай жеңу
айласынан басталып, бақастық пен бақталастыққа тіреледі. Алғаш ер жігіттің
қанын қыздырар қажау, егеу, ар-намыс жетегі кейін жауласу салтына айналып
кеткен. Айласы көп әлсіздер атып ұрып, қулығы жоқ қара күш қапы кеткен
той-топырдың , сәні күш сынасқан күрес көрінісімен жалғас болат тұяқ
даланың белін үзіп жатқандай барымта сойылы түн түндігін түріп, әңгір таяқ
ойнатып шыға келеді. Өзге адамның малы үшін өз жанын сыйлайтын әлдебір
сорлының құны да Тәңір билігіне тапсырылған.

Қазақ тұрмысында мал – бір-бірімен кереғар қос шындықтың қазығы, мал -
тіршілік тірегі. Жазғытұры жырында қыстың қытымы жұтына қалтырап толған
жарлы шаңырақтың ақырғы талшығы осы екен деп ойлайтын едіңіз. Көз алдыңызға
Бөрібүлік жолдарында бұған керісінше, бір өмір эпизоды келеді. Қойы
қырылып, дала жыртқышында кеткен кегін ашулы бай күнәсіз бейшаралардан
таяқтың таспасы мен қайтарып жүр. Адамның жанын жаралау хайуанның қамын
ойлаудан басталған. Шашылған ырыста ата құны кеткен. Адам –байлықтың құлы.
Осыдан барып, жалың күдірейтіп, қиянат-зорлық көрінеді.

Қадір Мырза Әли бір түндіктің астындағы тағдыры ортақ, мұны ортақ
адмдардың іргесі жараспайтын, басы бірікпейтін өштестік драмасын берген.
Жас келіншектің қалтасына отбасында елеусіз шоқ салған кәрі күндес –
жауыздық есеп тұтқыны. Атылған көктей сытырлап, тұтанған көде бақытсыз бір
өмірді қыршынынан қиып кетті:

Күдестердің көзінен от шашырап,

Қызғаныштан өртеніп жатты дала.

Күндестер - зұлымдық суреті, кешегі қайырымсыз заман суреті, қазақ
даласының бір ауыр азасы.

Өз халқының өткен жолын , көрген қиыншылығын , қасірет-қуанышын айта
келіп, бойындағы бар ащы мінезін де аямай сылып алған ақындық, қалам енді
бірден қазақтың ерлігі , серілігі, әділет-адалдығы, даладай дархан пейілі
мен өнері , жомарттық – жылылығы сияқты елдік сияқты үлгілерін төгілтіп
жырлайды.

Бір сөз үшін дос болып , бір сөз үшін жауласар ата жұртқа дарыған тіл
өнері ерлік пен серіліктің межесі тәрізді. Қылышқа қызығып шыға келетін
батыры әділет сөзіне басын иген, табынған. Жүйелі сөздің жеңбейтіні жоқ.
Айтыста ат – шапан киіп аттанатын ақындық дегеніміз де осы, тіл өнері.

Жылы жүзді жатсынбайтын бауырмал ниет , қонақ жайлы, кең пейіл ел тану
, жер танудың да бір өрісі болар. Қадыр халқымыздың әдет-ғұрпы , өнерінің
жақсылы жаманы сарапқа сала отырып, ізгілік іздері туралы да толғай алады.
Кетпенге ор шолақ ата жұрт абақты тұрғызуды да үйренбей өткен; жел сөзге
ерсе де, қулыққа қоңсы қонбаған. Оның шайқасар жауы – қоян емес , барыс ,
ән салса да - аспан толар дауыс .

Шиыт мылтық, сұр жебемен кең даланы ғасырлар бойы сырт жауды, сұғанық
көзді қия бастырмай, елдігін қорғап қалған ерлікті бадырайтып айту,
құрметті де қызық. Ерлігі , даналығы бар халықтың - балалығы да бар.
Аңқаулық характерін әдемі берген қайсыбір ақын жолдарын еріксіз жырын еске
аласыз.

Кекке қарап , көз жасына су алған өз қорғаны , өз батырын қол бастап
, қиянат зорлыққа бас көтерген азаттық туын халық ешқандай қазаға қимайды.
Исатай ерлігі – ата-бабамыздың сыры, бүгінгі ұрпақтың жыры. Ол Қадыр
поэзиясында елінен-қынабынан суырылып, қақ бөлінген қылыштай. Ал, қайғы-
қасіретте тұгшығып сыңсыған құм Нарынның жыртауы Махамбет – Орда төсінен
сұмдық ұясына атылған сұр желі тәрізді.

Қадыр Мырза Әли бір ғана қазақ емес, бүкіл шығыс ғылымының жұлдызы, Әл-
Фараби , Шоқан туралы да ойланады. Зұлымдық сиған дала даналыққа тарлық
болған. Өзі тапқан , бірақ өз алақаныедағы алтынын аялайалмай өткен ата
шаңырағында айыптай беру жеткіліксіз. Әл-Фараби , надандықтың маңдайына тар
келген ұлы ғалым – енді бүгін қазақ ақынының табынып, бір бас иетін
мақтанышы.

Қырандай қияға көтеріліп , жұлдыздай шырқау биікте қалып қойған Шоқан -
Қадыр жырында жаңа өмір, жаңа мәдениет баспалдағы.

Заман зары мен сілкінісіп күй болып құйылған Құрманғазы ақындық пен
махаббат үшін туып, көңілі күн шуағын көрмей, еркіндікке жарымай жүзін
жасырған Сара , тұп-тұнық ән – даусымен мөлдіретіп дала аспанын тазалап
кеткен Біржан , күнсіз жерге ұқсаған қараңғы елдің нұры Ыбырай, кең байтақ
сахараның күш құдіретіндей тас түйілген даланың бұлшық еті Қажмұқан – міне
ақын жырының диапозоны.

Үміт еткен шырағы , көксеген бағыты ата-бабаның өзіне бұйырмағанымен,
оның бүгінгі ұрпағына бұйырған. Қадыр Мырза Әлидің Дала дидары жинағы
өзінің композициялық құрылысы жағынан да жүйелі шыққан. Кітаптың төрт
бөлімі халқымыздың өмір жолын бейнелейтін төрт белес тәрізді, бір-бірімен
мейлінше сабақтас. Әрбір лирикалық шегіністің орналасу ерекшелігінде де
автор жеке шығармалардың тақырыптық , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жырының Қадыры
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ - КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қадыр Мырза Әлі – балалар әдебиетінің классигі
Ж.Молдағалиев
Мемуарлық шығарма (конспект)
Оңғарсынова Фариза
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Еркеш Ибраһимның ақынның мұрасы
Жайықта мен қазақпын
Пәндер