Қазақстандағы еркін күрес
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I тарау. Еркін күрестің пайда болуы және даму тарихы4
1.1 Еркін күрестің мазмұнын сипаттау ... ... ... ..6
1.2 Еркiн күрестiң ережелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Еркін күрес жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ тарау. Еркін күрестің техникалық әрекеттерінің әдістемесі ... ... ... ... .13
2.1 Күреспен шұғылдану арқылы ерік.жігер қасиетін шыңдау ... ... ... ... ... ...13
2.2 Еркін күрестің техникасы ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Еркін күрестің партердағы техникасы ... ... ...21
2.4 Еркін күрестің техникалық тәсілдері ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... 28
Қосымшалар

Еркін күрес спорт өнерімізді сөз еткенде, алдымен ауызға алатындарымыздың бірі - еркін күрес Ертеден-ақ бұл күш сынасу өнері әрдайым көрнекті орын алып отырған.
Иә, сан ғасырлар бойына маңызы артпаса тұғырдан түспеген осынау күресіміз кеңес заманымызда партиямыз бен үкіметіміздің әкелік қамқорлығының арқасында жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Ол ертеден-ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көтеретін ұлттық өнері, ойыны болса, екінші жағынан, жауынгерлерді алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе-бет шайқастарға өктем болуға шыңдады.
Техникалық жағынан еркін күрестің қалыптасқан әрқилы әдіс-айлалары өте көп. Солардың бәрі еркін күресті әсіресе қазіргі классикалық күреске ұқсастырып жатады. Бастан асыра лақтыру, сондай-ақ шалқая бере кеуде арқылы артқа лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.
Бұрын еркін күрес жарыстары ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Салмағы өзінен әлдеқайда ауыр адаммен күресу, әрине, кімге де болса қолайсыз ғой. 1938 жылы Алматыда өткізілген тұңғыш республикалық спартакиадасының бағдарламасына еркін күрес те енгізілген болатын. Осы спартакиадада палуандар алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша (жеңіл салмақ- 65 килограмға дейін, орташа салмақ – 82 килограмға дейін, ал ауыр салмақ 82 килограмнан жоғары) күресті. Салмақ дәрежелері бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.

1 Алимханов Е. Самбо күресін үйретудің негіздері. – Алматы, 2000. – 120 с.
2 Алимханов Е. Балуанның дене-күш қабілетін арттыру. Алматы, 2004.– 90 с.
3 Койшыбек К. Спорттық жарыстарға қатысушы балуанның копжылды дайындығы : оку кұралы. – Алматы, 2005. – 130 с.
4 Кенесбаев Т. Н. Спортивно-педагогическое совершенствование по вольной борьбе : уч.пособие. – Алматы, 2005. –150 с.
5 Тлешев С. А. Методика обучения и тренировки борца : уч. пособие. – Алматы, 2003. – 130 с.
6 Шепетюк М. Н. Контроль в спортивной борьбе. – Алматы, 2002. – 95 с.
7 Шепетюк М. Н. Обучение в спортивной борьбе. – Алматы, 2003. – 100 с.
8 Шепетюк М. Н. Совершенствование в спортивной борьбе. -Алматы, 2005. – 145 с.
9 Озолин Н. Г. Настольная книга тренера : наука побеждать. ООО «Издательство ACT». – 2003. – 125 с.
10 Программа для ДЮСШ, СДЮСШОР, вольная борьба. – М. : Советский спорт, 2003. – 12 с.
11 Программа для ДЮСШ, СДЮСШОР, дзюдо. – М. : Советский спорт, 2003. – 50 с.
12 Программа для ДЮСШ, СДЮСШОР, греко-римская борьба. –М. : Советский спорт, 2003. – 70 с.
13 Программа для ДЮСШ, СДЮСШОР, самбо. – М. : Советский спорт, 2005. – 80 с.
14 Сайт : www.edinoborets.ru

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I тарау. Еркін күрестің пайда болуы және даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Еркін күрестің мазмұнын
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Еркiн күрестiң
ережелерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..7
1.3 Еркін күрес
жаттығулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..11
ІІ тарау. Еркін күрестің техникалық әрекеттерінің
әдістемесі ... ... ... ... .13
2.1 Күреспен шұғылдану арқылы ерік-жігер қасиетін
шыңдау ... ... ... ... ... ...13
2.2 Еркін күрестің
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 17
2.3 Еркін күрестің партердағы
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.4 Еркін күрестің техникалық
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .28
Қосымшалар
Кіріспе
Еркін күрес спорт өнерімізді сөз еткенде, алдымен ауызға
алатындарымыздың бірі - еркін күрес Ертеден-ақ бұл күш сынасу өнері әрдайым
көрнекті орын алып отырған.
Иә, сан ғасырлар бойына маңызы артпаса тұғырдан түспеген осынау
күресіміз кеңес заманымызда партиямыз бен үкіметіміздің әкелік
қамқорлығының арқасында жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге
айналды. Ол ертеден-ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көтеретін ұлттық
өнері, ойыны болса, екінші жағынан, жауынгерлерді алғырлыққа, ептілікке
үйретіп, жаумен бетпе-бет шайқастарға өктем болуға шыңдады.
Техникалық жағынан еркін күрестің қалыптасқан әрқилы әдіс-айлалары өте
көп. Солардың бәрі еркін күресті әсіресе қазіргі классикалық күреске
ұқсастырып жатады. Бастан асыра лақтыру, сондай-ақ шалқая бере кеуде арқылы
артқа лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының
білетіні сөзсіз.
Бұрын еркін күрес жарыстары ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай
өткізіле беретін. Салмағы өзінен әлдеқайда ауыр адаммен күресу, әрине,
кімге де болса қолайсыз ғой. 1938 жылы Алматыда өткізілген тұңғыш
республикалық спартакиадасының бағдарламасына еркін күрес те енгізілген
болатын. Осы спартакиадада палуандар алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша
(жеңіл салмақ- 65 килограмға дейін, орташа салмақ – 82 килограмға дейін, ал
ауыр салмақ 82 килограмнан жоғары) күресті. Салмақ дәрежелері бойынша Семей
облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов жеңіс
тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.
1. Еркін күрестің пайда болуы және даму тарихы
Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда
пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындарбағдарламасына енген.
Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж.
өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие
болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан
осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін
түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай
санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді.
Оның тарихы кене замандарға кетеді.
Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган.
Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.
Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың
кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем
чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс
басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде
көрсетіледі.
1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар
аталған үш салмақ дәрежесі бойынша күреске түсті. Салмақ дәрежелері бойынша
жеңіл салмақта - Құрманбаев (Алматы облысы), орташа салмақ-та-Досқалиев
(Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта-Мусин (Павлодар облысы) жеңіске
жетті. Мұнда республиканың абсолютті чемпионы атағын Батыс Қазақстан
облысының өкілі Досқалиев жеңіп алды.
1940 жылдығына орай өткізілген біріншілік бес салмақ дәрежесі (аса
жеңіл, жеңіл, орташа, жартылай ауыр және ауыр салмақтар) бойынша өткізілді.
Осы республикалық жарыста салмақ дәрежелері бойынша Байдәулетов,
Құрманбаев, Төлегенов, Мақманов, Жұмабаев чемпион атанды. 1952 жылы Ашхабад
қаласында өткізілген Орта Азия мен Қазақстан спартакиадасы программасына
еркін күрестер де енді. Бұл жарыста, классикалық күреске неғүрлым жақын
болғандықтан, біздің еркін күрестің ережелері негізге алынды.
1955 жылы еркін күрес бойынша тұңғыш ереже жарыққа шықты. Бұл алғашқы
ереже-кітапшаның авторы Мұзафар Рақымқұлов болатын.
1959 жылы екінші спартакиадасы кезінде Москвада еркін күрестің түрлері
бойынша жаттығушылар мен спортшылардың бүкіл-одақтық семинары болды.
Семинарға одақтық және автономиялық республикалардан 20 өкіл қатысты. Мұнда
жарыс ережелері талқыланды. Қорытындыда біздің еркін күрес, грузиннің
чида обасы және молдаванның триньтасы жоғары баға алды. Спартакиаданың
байқау жарыстарында еркін күрес өкілдері, Қазақстанның чемпиондары,
қарағандылықтар Ж. Тәтиев пен С. Аманжолов өз өнерлерін көрсетті. Қай халық
болсын ұлдарының денсаулығы мықты, күшті де денелі, күш сынасқанда
қарсыласын алып жығар әдіс-айласы мол болғанын қалайтыны белгілі.
Қай елді алсақ та, онда өзіндік ерекшелігі бар күрес өнері дамыған.
Біз де ата-бабамыз мұра етіп қалдырған, бүгінгі күннің талабына сәйкес
өсіп, жетіліп, республикамызда кең тараған күресімізді мақтан тұта отырып,
оның одан әрі дамуына барынша атсалысуға тиіспіз.
Еркін күрестен тұңғыш рет Қазақ спорт шеберлері атанғандар - Есімов,
Садықов және Оразбеков болатын. Ал, олардың ізбасарлары жыл сайын көбейіп
келеді. 1973 жылы Ташкент қаласында күрес түрлері бойынша Орта Азия
республикалары мен Қазақстан біріншілігі өткізілді. Бұл жарысқа Қазақстан
құрама командасының палуандары да қатысты. Бұл біріншілікте тұңғыш рет аса
жеңіл салмақта Қазақ мемлекеттік физкультура институтының I курс студенті,
ұлттық күресімізден Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ спорт
шебері Мейірхан Аманбаев жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион атанды. Жеңіл
салмақта Қазақстан құрама командасының мүшесі, Қазақ спорт шебері Рашид
Сапарғалиевта(Семей облысынан) жеңімпаз атанып, чемпион тәжін киді.
1.1 Еркін күрестің мазмұнын сипаттау
Кеңес дәуірінде еркін күрестен арнайы жарыстар өткізіліп жүрді. 1950
жылдарға дейін үш турлі: 66 кг-ға дейін -жеңіл, 82 кг-га дейін - орта және
82 кг-нан жоғары қарай ауыр салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өткізіліп
тұрды. Жарыстың өту ұзақтығы белсенді. Әр белдесуге 10 минуттан уақыт
беріледі. Және бір күнде төрттен артық белдесу курес өткізуге рұқсат
етілмейтін болды. Әр белдесуден кейін демалуға ең аз дегенде 30 минут уақыт
берілді. Жарыс арнайы әзірленген күрес кілемнің үстінде болатын болды.
Кілем үстіндегі төреші палуандарды "қоян-қолтық ұстастырғаннан" кейін
күресті бастауға ысқырық арқылы рұқсат беріледі. Белдесу барысында упай
саны емес, таза жеңіс кана есепке алынды. Демек, карсыластардың біреуінің
жауырыны жерге тигенде гана белдесу тоқтатылады. Белдесу тең аяқталмайды.
Екеуі тең тусіп жатса, сол 10 минут ішінде қолданған әдіс-тәсілдері
ескеріліп, жеңіс ұпай санымен есептелді.
Мұндай жарыстың нәтижесі бойынша атақ және разряд беріледі.
Спортшылардың, салмақ категориясын анықтау үшін өлшеу, жарыс
басталатын куні ереже бойынша жарыстың, басталуына кем дегенде екі сағат
қалғанда өткізіледі салмақты өлшеу 30 минутқа созылады. Салмақты өлшеуден
жарты сағат бұрын (және жарты сағат бойына) жарысқа қатысушыларға
салмақтарын ресми турде өлшеу таразыда тексеріліп көруге құқық беріледі,
өлшегенде кешіккен немесе келмей қалған спортшы жарыстан шығарылады.
Жарысқа қатысушы өлшенген кезде өзін куәландыратын суреті бар документ
көрсетуге міндетті.
Жарысқа қатысушылар шешінініп өлшенеді, өлшну нәтижелері протоколға
түсіріледі протоколға түсіріледі.
Жеке және жекелей командалық жарыстарда спортшы өлшенген кезінде оған
белгіленген тек бір ғана салмақ категориясы бойынша қатысуға ерікті.
Спортшыларды бас төреші тағайындайды комиссия өлшейді.
Ал ескерту алған және жарыстан шығарылған (ережені бүзғанда жэне
екінші рет сақтандырғаннан кейін де сайыста белсенділік көрсетпегені үшін)
спортшы балл бойынша жеңді деп есептеледі.
Еркін күрестің кеңес дәуірінде дейін дәстүрлі белдесу түрі 1950
жылдардан бері қарай мүлде өзгеріп кеткен. Қазір ол еркін күрес деп
аталғанымен, күрес түрі, ережесі, айла-тәсілдері - барлығы да негізінен
жапонның "дзю-до" деп аталатын курекше ұқсап шықты. Оны мынадай белгілерден
байқауға болады.
Біріншіден, палуандар кілем үстіне шыққанда "қоян-қолтық ұстасып"
белдеспейді, жапон күресіндегі сияқты кілем үстінде еркін жүріп күреседі.
Ол бір-бірінің қай жерінен ұстаса да өз еркі.
Екіншіден бұрынғы еркін күрестен ережесінде болмаған ұпай санымен
жеңісті анықтау ережесі енгізілді.
Үшіншіден, тең аяқталатын белдесу турі де 1971 жылдан оері қарай пайда
болды. Бірақ төрешілер жеңісті артықша қайсарлық көрсеткен палуанға береді.
Еркін күрестен үлкен нәтижеге жеткендерге берілетін "Қазақстан спорт
шебері" деген спорттық жоғары атақ белгіленді. Жарысқа қатысушы палуандар
міндетті түрде дәрігерлік комиссиядан өтеді және жарыс кезінде дәрігерлік
бақылауда болады.
2. Еркiн күрестiң ережелерi
Хронометраж көрсеткiші барлық жарыстарда тақтада 0 мен 2 минут
аралығындағы өседі. Күрескердiң түсiнiң шырағы әрбiр мерзiмнiң жеңiмпазын
көрсетуi керек. Айқастардың ұзақтығы төмендегiше бекiтедi:
- 1–30сек байында 3 мерзiмде мектеп оқушылары және кадеттерi
- 2 минут бойында 3 мерзiмде сеньорлар және юниорлары.
Соңында әрбiр айқастан кейін жеңiмпаз мiндеттi түрде жарияланады. 2
мерзiм ұтқан күрескер айқастың жеңiмпазы деп жариялаланады. Егер екi
мерзiмдерінде қатысушы жеңіске жетсе үшінші мерзім алынып тасталады. ТУШЕ
ойын автоматты тоқтататылады. Мерзiм 0:0-шi есебiмен бiткенде соңында
регламент белгiленген крестi белгiленедi. Клинч 30 секундке созылады.
Қатысушылардың шақырылуы
Күрескерлер қатты және анық дауыспен кiлемдерге шақырылады. Күрескер
қалпына келгеннен кейін 15мин өткесін жаңа айқастарға шыға алады:
- бақталастарды 3 рет 30 секундтерден кейiн шақыра алады. Егер кiлемге
күрескерлер үшiншi шақырудан кейiн шықпаса, ол жеңілді деп есептейді;
- оның бақталасына жеңiстi бередi.
- қатысушыларды шақыруы француз және ағылшын тiлдерiнде жүреді.
Ресейлiк чемпионаттарда - орысша.
Қатысушылардың ұсынысы
Барлық күрескерлер әрбiр салмақ дәрежесіндегі халыққа төмендегідей
көрiнедi:
- 1 және 2 орынның финалисттары өз бапкерлерiмен шақырылады. Төреші-
хабаршы ол барлық регалийларын жариялайды. Кiлемнiң жетекшiсi, төреші және
судья финалисттармен бiрге шығады.
Старт
Айқастың алдында әрбiр бақталасушылар шақырылған кезде өзінің
трикосының түсіне қарай кілемде орналасады. Төреші орталық шеңберде тұрып
екі күрескерді шақырады, қол берісумен қарсы алып олардың киімдерін
тексереді. Күрескерлер қол алысып ойынды төрешінің ысқырығынан кейін
бастайды.
Айқастың тоқтауы
а) Төреші айқасты жарақатқа байланысты үзуi керек, регламенттiң 11-шi
бабының ережелерiне сәйкес күрестi үзе алады. Күрескерлер айқастың тоқтаған
кезінде әрбiр өз бұрышында тұруы керек. Олар куртка немесе кеудешенi үстіне
жауып бапкерімен сөйлесе алады;
б) Күрес егер дәрiгерлiк себептерше байланысты жалғаса алмаса, шешiм
дәрiгер, жауапты жарыста қабылдайды. Ол осы жағдайды баяндап ойын
тоқтатылады. (егер төреші өрескел қате жаcаса) кiлемнiң жетекшiсi айқасты
үзе алады. Сонымен бiрге ол төрешінің немесе судьяның бағасында өрескел
қатенi байқаса айқасты үзе алады. Осы жағдайда ол олардың консультациясына
шақырады. Егер кiлемнiң жетекшiсi консультацияның жанында көпшiлiк дауысын
ала алмаса, ол 18-шi бап ескерiлген процедураны қолдануы керек;
в) бақталас еш уақытта айқасты өзі үзу алмайды, ал қарсыласты стойкада
немесе партермен шабуылдау керек екенін өзі біледі;
г) күрескер егер қарсыласы қасақана жарақат жасаса айқасты тоқтата
алады жарақат алған жақ жеңімпаз деп есептелінеді.
Айқастың аяқтауы
Айқастың аяқталуы бақталастардың бiрлерiнің дисквалификация немесе
жарақат алса болады.
Тыйымдар тыйым салынған тәсiл
Негiзгi тыйымдар
Күрескерлерге тыйым салынған:
- шаштарын, құлақтарын, гениталияны, жұлуға,тағы басқаларға, кез
келген әдістер, қатты сөздер немесе тiстеп ауыртуға;
- бақталасты аяғымен тебуге, баспен ұруға, тұншықтыруға, өмiріне қатер
төндiретiн немесе қарсылас жаралана алатын әдістер жасауға тыйым салынған;
- бақталастың iш немесе асқазанын шынтақпен немесе тiземен
ұруға,қарсыласының трикосына жармасуына тыйым салынған;
- кiлемге жармасуға;
- айқас уақытында сөйлесу;
- аяқтың табанына бақталастың жармасуы;
- айқас нәтижелерi туралы өзара алдын ала уәделесу.
Кiлемнен кету
Партердегi кiлемнен кетіа қалса бұл турасында ескерту жасалырп дереу
жазаланады. Шабуылшы күрескерге келесi баллдарды берiледi:
кiлемнен кету: – (0 ) бақталасқа ескерту + 1 балл.
Кiлемнен кету қауiптi жағдайда: – (0 ) бақталасқа ескертудi + 2 баллы.
Күрес табандыда созылады. Барлық баллдар техникалық баллдар болып
есептеледi.
Тыйым салынған тәсiлдер
Келесi әдістер тыйым салынған болып есептеледi:
- тамаққа тұншықтыру;
- қолын айналдыруы 90 градустан көп;
- бiлек өткiзiлетiн кiлтке қолдың басып алуы;
- екi қолдардың бас немесе мойынының басып алуы, сонымен бiрге
тұншықтырумен барлық жағдай;
- екi есе Нельсон басыр алу бiр бүйiрден орындалмаса;
- бiлек сүйiр бұрышты құрастырғанда жағдайда онда бiр уақыттағы қысымы
бар арқасына жаудың қолының басып алуы;
- бақталастың омыртқасының керiлiсiмен басып алу;
- кез келген бағыттағы бiр немесе екi қолдардың (галстук) басының
басып алуы;
- бiр қолмен басты басып алуына рұқсат етiледi;
- құлағанда бақталас арқасымен жоғары қопарылғанда арқалар артынан
табандыдағы басып алуларында бас (дененiң сырт басып алуымен ырғу) төмен
тек қана бүйiрiне және ешқашан (пике) жоғарыдан төменге орындалуы керек;
- басып алу кезінде екi қолдардымен істеу керек;
- бас түрткiмен көпiр бағытында басу;
- егер тыйым салынған тәсiлдермен бақталасқа шабуыл жасалса оған
ескерту iстелiнедi, оның бақталасы 2 балл алады.
3. Еркін күрес жаттығулары
Жаттығулар адамды кемелдендіру үшін физикалық қабілетін арттыру,
рухани әрі әлеуметтік экологиялық шарттарды қамтамасыз ету үшін арналған
жүйелі түрде қайталанатын тәсілдердің бірі. Жаттығулардың мақсаты жақсы
денсаулық пен физикалық дайындыққа кол жету адамның өмірінде гармониялық
дамыған жағдай үшін жасалынады.
Жаттығудың эффектісінің биологиялық негізі жатығу барысында физикалық
күшке ағзаның үйренуі. Әрбір адам өзінің жұмыс қабілетін арттыру денсаулық
жоғары деңгейіне, физикалық кемелдену үшін осы жаттығуларды жасайды. Ол
адамның ой өрісінің дамуында, дене мэдениеті мен спорттық дайындықта зор
роль атқарады. Қажеті мәселеге байланысты жаттығудың әдістемесі
қолданылады. Физикалық жаттығу физикалық тәрбие мен өзіндік тәрбие деген
мақсаттардан тұратын жақсы жаққа өзгертетін эффективті ағзаға әсері.
Физикалық жаттығу барысында ағзада морфологиялық және физиологиялық
өзгерістер пайда болады. Соның арқасында қоршаған ортаның жағымсыз
метеорологиялық факторларына қарсы тұру мүмкіндігі пайда болып, әртүрлі
ауруларға қарсы төтеп беру қасиетіне ие болып, физикалық даму деңгейінің
көрсеткіштері жақсарады. Бұл өзгерістердің ішінде нерв жүйесінде өзгерістер
пайда болады.
Анализаторлар функциясы кемелденіп, күш көбейіп, әрі қозғалыс
реакциясы барынша жылдамдайды. Қанда эритроциттер мен гемоглобинд
көбейтеді. Жүрек бүлшықетінде, мида, бұлшықетте энергия қоры көбейеді.
Сүйек пен шеміршек қатайып, бұлшық массасы мен көлемін үлкейтеді.
Күнделікті жаттығулар кеуде жасушасы қимыл қозғалысқа түсіп, бұлшықеттері
дамиды. Жүрек қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Физикалық жаттығудың негізі
ережесі деп әр адамның өзіне, салмағына, бойына, мінезіне даму ритміне
шақтап жаттығулар екшеленіп алуын айтады. Физикалық жаттығулар кезінде
моральды сапалар, яғни, белсенділік, табандылық, шешімділік, тәртіп әрі
эстетикалық талғам қалыптасып, физикалық сапалар лездік, күш, шапшаңдылық
дамиды.
Бұл ретте жыныстық ерекшеліктің де зор ролі бар; қыздарға лездік
сапалар жиырма, жиырма бес жасында дамиды.
Қартайған шағында адамның күші азайып, дене қимылының деңгейі
төмендейді. Сондықтан адамның жасы өсе келе дене жаттығуларын азайтпай
көбейту қажет. Күнделікті жаттығулар жасаған адамның денсаулығы мықты, дене
тұлғасы сымбатты, қартайғаны білінбейді.
Физикалық жаттығуларды арнайы қолданатын адамдар: су асты жүзушілері,
ғарышкерлер, ұшқыштар. Олар өздері жұмсаған күштерін қайта қалыптастыруы
үшін осы жаттығуларды жасайды. Физикалық жаттығулар жасау барысында кейбір
ережелерді дұрыс сақтамаса, ағзада шамадан тыс дайындық әрі артық кысым
болады.
2 Еркін күрестің техникалық әрекеттерінің әдістемесі
2.1 Күреспен шұғылдану арқылы балалардың ерік-жігер қасиетін шыңдау
Күрес спортымен шұғылдану арқылы ерік-жігер қасиетін тәрбиелеу әр
түрлі кедергілер барысында жүзеге асады. Кедергілер - спорттық дайындық,
жаттығу және жарыс барысында кездеседі.
Жігерлілік - ол үлкен бақыт, үлкен мақтаныш, ол дарындылықтан да
анағүрлым артық. Себебі дарындылық - қыз баланың өзімен бірге туып дамыған
бейімдігі, ал жігерлілік - ол адамның өз сана сезімдерін жақсылыққа
мақсаттанбай, қиындыққа езілмей, берілмей, неге болса да төзу, шыдау және
осыларды қайткен күнде де жеңу - деп сипаттаған екен Бальзак Жігерлілік -
адамдардағы асыл касиеттердің шоқтығы, бұған барлық: батылдық, табандылық,
мақсатқа талпынушылық қажығандыққа жол бермеушілік, ойына алған асыл
мақсаттарын қайткен күнде де орындаушылық секілді бастапқы қабілеттер
жатады. Қыз балалардың мінезіндегі спорттың әсерінен дамып қалыптасқан осы
қасиеттердің бірі - мақсатқа талпынушылық. Әрине, адамның сырт бітімі қанша
әдемі, тартымды болғанымен ол адамның мінез-құлқында шынайы тазалық әдемі
адам деп алмаймыз.
Спорт - адамға сұлулық әкеледі делік. Бірақ біз сұлулықты жан-жақты
түсінеміз. Ал сұлулық - бұл бет жүзінің ажары, күллі дененің мінсіз болуы,
сонымен бірге рухани дүниетаным тереңдігі. Алайда, адамдардың сырт бейнесі
олардың үйлесімді түрде дамығанын көрсете алмайды. Сырт көзге жақсы киінген
сымбатты адамды көріп сүйсініп (ол өз жұмысын да жақсы да атқаруы мүмкін),
бірақ оның мәдениетсіздігін көріп сезгенде көңілге реніш әкелетін сәттер де
болады.
Спортпен шұғылдану барысында дене қабілеттері, табандылық, алғырлық
қалыптасып, оқу мен еңбек етуге ынтасы оянып қана қоймайды, сонымен бірге
ерік-жігер қасиеті де жылдам дамиды.
Қыз баланың денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін шыңцау, тұлғалық
қасиеттерін тәрбиелеуде спорт түрлерінің, соның ішінде күрес спортының орны
ерекше. Құс жеткен жеріне қонады демекші, қазақ қызының ұлтқа тән мәдени,
салт-дәстүрімен ғана шектелмей, өнерді, соның ішінде, күрес спортын меңгеру
арқылы әлі талай белеске көтерілетіндігін дәлелдеу.
Көптеген спортшы қыздарымыздың жақсыға еліктеп, үқсағысы келетін
спортшылары болады. Олар еліктейтін спортшылар қиындығы мен қызығы мол
жаттығулар арқылы тер төгіп, еңбек ету арқылы биік шыңдарға жеткендер.
Осындай спортшы аға-апалардың көтерілген шындарына біз де көтерілсек,
осы спорт түрінен жоғарғы нәтижеге қол жеткізсем деп жалындап тұрған қара
көз қыздарымыз қаншама.
Қыз балалардың күрес спортына шеберлігінің артуы, жоғарғы нәтиже
көрсетуі жаттықтырушының спортшылар арасында тәрбие жұмысын жақсы жолға
қоюына да байланысты. Жаттықтырушының міндеті спорттык мүмкіндігі мол
жастарды жаттықтыру ғана емес, олардың бойына - биік адамгершілік рухты
сіңіру, эстетикалық, ерік-жігер қасиеттерін арттырып, жан дүниесін
байытатындай болуы керек.
Спортшы қыз баланың ерік касиеті - оның тәртібінен, жаттығу мен жарыс
тәртібіне жауапкершілікпен қарау ғана емес, оларды қатаң сақтауында,
жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындауына байланысты. Сонда ғана
спортшы алға қойған мақсатқа, жақсы нәтижеге, биік асуларға қол жеткізе
алады.
Күрес спортымен шұғылдану барысында тек қимыл дағдылары, дене
қабілеттері ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой, ізгілік, адамгершілік
қасиеттері де дамиды. Эстетикалық талғамы, еңбек дағдылары да жетіледі.
Жарысқа дайындық барысында қыз бала моральдық, ерік-жігер қасиеттерін
көрсетуге, батыл болуға, қарсыласының шабуылына қарамастан қайсарлық
танытып қас-қағым сәтге тез шешім қабылдап, күш қуатын сарқа жұмсауға бейім
тұрады. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді сан рет қайталау қыз бала санасында бірте-
бірте қимыл-қозғалыс қажеттілігін керек етеді. Жеңіске жеткен сәттерде
балуан қыздардың өзін қүрметтей бағалауды, рухани қанағат сезімін,
эмоциялық өрлеу, алдағы уақытта да жеңіске деген ынтасын, мақсатын,
сенімділігін күшейтеді.
Тағы да бір көңіл аударарлық жағдай, қандай да болмасын, спорт,
техникалық тәсіл, жаттығу қызықты, егер шұғылданушы қыз бала оның
қажеттілігін түсініп, шын ықыласымен орындаса. Соған байланысты
қызығушылықты тәрбиелеу тек сол спорттың сыртқы қызықтыруына ғана арналып
қана қоймай, сонымен қатар белгілі адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін де
дамытуға, бағытталуы тиіс.
Шұғылданушыларға спорттың барлық түрінің жақсы, пайдалы тұстарынан
хабардар етіп және жаттығу процесінде қызықтырып үйрету керек. Жаттығу
нәтижесінде дене қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен бірге ізгілік,
адамгершілік, еңбексүйгіштік, еркі-жігер т.б. қасиеттерін дамытуды
қамтамасыз етуі керек.
Ерік-жігер адамның ақыл-ойының тәжірибелік көрінісі. Жаттығу
процесінде ерік-жігерді тәрбиелеу - спортқа берілген еңбексүйгіш қыз баланы
тәрбиелеу. Өмірдегі ең қажетті нәрсе қыз баланың өз кемшіліктерін,
жетіспеушіліктерін түсініп ғана қоймай, соны жеңуі.
Қыз балаларды күрес спортына жаттықтыру қиындығы мен қызығы мол
жауапты жұмыс. Жаттықтыру процессі ең басынан дүрыс ұйымдастырылса,
соғүрлым ол нәтижелі, сапалы болады. Қыз балалны жаттыктыру процесінде
тәсілді, жаттығуды неғұрлым қызықты үйретсе, нәтижесі де жақсы болады.
Адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін дамыту, жаттығу кезеңінен арнайы
өзгерістерді енгізуін талап етпейді. Жаттығудың өзі үлкен жүмыс, оған
ықыласпен қарау, оның талаптарын бұлжытпай орындау қыз баланы тәрбиелелуде,
олардан ерік-жігер ойдың кейбір қасиеттерін көрсетуді талап етеді.
Күрес спортымен шұғылдану процесінде қыз балалардың бойында
адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және
әрбір нақты жағдайда талап ететін ыкпал ету әдістері: батылдық, табандылық
сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде қыз баланың көзін
жеткізетін тәсілді, қыз баланың әр әрекеті арқылы іс-тәжірибе жүзінде
үйретуді және табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz