Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік-экономиклық зардаптары



Мазмұны

Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

І. Инфлляцияның мәні мен мазмұны
1.1. Инфляция мәні, мақсаты және түрлері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Инфляцияның экономикалық зардаптары және
Филипст қисығы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасының деңгейін таңдау. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.2. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы
саясаты. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 47
Кіріспе

Қазақстан Республикасының Егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне он жеті жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілуі «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні», - деп көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасқаны жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы заматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек». Бұдан туындайтын негізгі талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Осыған орай қазіргі таңда өзекті де, тартымды да мәселелердің бірі еліміздің инвестициялық, құрылымдық саясаты, оның құқықтық реттелуі болып отыр. Сонымен қатар экономиканың жедел дамуы, әлеуметтік өмірді тұрақтандыру, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына да үлкен үлесін қосуда. Сондай-ақ Елбасының жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты шоғырлануы-мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі» атты басым бағыттарының бірі – Қазақстанды зияткерлік меншік құқықтары қорғалған және сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасуы болып тұр.
Курстық жұмыс жоспардан, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімі жалпы инфляция мәні, пайда болу себептері, зардаптары оған қарсы күресу шараларына арналса, екінші бөлімі Қазақстандағы инфляциялық процестерге арналған.
Бұл тақырыптың өзектіліктігі инфляцияның негізгі түрлерін дамыту және оларға туындайтын негізгі мәселелерді шешу болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты инфляциялық процестің экономикаға теріс әсерін, қауіптілігін, пайда болу көздерін, түрлерін, әлеуметтік салдарын тереңдете ашып, нақты анықтап, жеткізу болды.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті болып, қай жағдай да болмасын инфляциялық процестерді танып, оған тиісті іс-шаралар қолдана білу,не мүлдем болдырмау.
Инфляция – осы күндері бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған кең ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын, өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін бұзып отыр. Инфляция бұл күрделі де көп факторлы құрылыс; осы қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өндірісіндегі ең өткір мәселелердің бірі болғандықтан әлем экономистері осы мәселені терең зерттеп, одан шығу жолдарын іздестірген. Бұл процесс біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін байқалса, ал басқа шет елдерде бұл мәселе ХІХ ғасырдың орта шенінен белгілі. Осы мәселені ең алғаш терең зерттеген шет елдің ғалымдары болды. Олар: ағылшын экономисі О. Филлипс, Р.Липси, кейіннен американ экономисттері: Р. Солоу және П.Самуэльсон, М. Фридмен швед экономист ғалымдары: Еста Рен және Рудельф Майднерлер және т.б. дүние жүзінің ғалымдары болды. Олар инфляцияның пайда болу себептерін, әлеуметтік және экономикалық зардаптарын зерттеп аңғара білді. Олар инфляцияны бәсеңдету шараларын іздестірді. Алдымен экономисттер ең басты сұраққа жауап іздейді. Әр елдің ғалымдары әр түрлі пікірлер айтып, әр түрлі шешімдер қабылдады.
Ал біздің елде бұл процесті зерттеу тек оншақты жыл бұрын ғана қолға алынған. Оны зерттеуге еліміздең Я. А. Әубәкіров, Б.А.Жүнісов, С.С. Сахариев, О.Қ. Шеденов, К.Н. Кәрібаев, Д.Қ.Қабдиев сынды экономист-ғалымдарымыз ат салысуда. Олар Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктерін көрсетіп, оған нақты баға берді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейін) даму стратегиясы –Алматы, 1997 ж.
2. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б., Экономикалық теория негіздері /оқулық – Алматы: ҚазМҰУ, 1998 ж.
3. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ү.Е., Байжомартов Ұ.С., Нарық экономика негіздері /Оқу құралы.- Алматы Республика баспа кабинеті, 1984 ж.
4. С.С. Сахариев, А.С. Сахариев, Жаңа кезең – экономикалық теориясы / Оқулық.- Алматы: Дәнекер, 2004 ж.
5. Д.Қ. Қабдиев, Т.Қ. Оралтаев, Ә.Е. Ескендіров, Экономикалық саясат / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002 ж.
6. Я. Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұманов, Ф.Н. Жақыпов, Т.П. Табеев, Экономикалық теория, – Алматы: Қазақ университеті, 1999 ж.
7. С.С. Сахариев, А.С. Сахариев, Әлем экономикасы / Оқулық.- Алматы: Дәнекер, 2003 ж.
8. Н.Қ Мамыров, А.О. Мұса, Е.Қ. Құдайбергенов, Ж.Ш. Әбиев, І.М.Төлегенов. Орыс-қазақ қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Экономика, 1998 ж.
9. Е.М. Баяділов, Б.Ж. Ермекбаев, С.Қ.Құлпыбаев – Алматы: Экономика, 1999. Қаржы-несие терминдерінің қысқаша түсініктеме сөздігі.
10. Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнусов, У.С. Бажомартов, Б.И. Колягин. Жалпы экономикалық теория / Оқулық- Алматы: Ақтөбе, 2001 ж.
11. В.Крымова. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы:Аркаим, 2003ж.
12. Г.М. Осипова. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002 ж.
13. Байжомартов К.С, Аукенов Р.А. Экономикалық теорияның
негіздері. Алматы: 2003.
14. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Экономика. Алматы. ҚазГАУ. 1999ж.
15. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Маркет. Алматы – 2004ж.
16. Егемен Қазақстан. 2004, 19 мамыр.
17. Қазақ елі. 2004, 21 сәуір.
18. Егемен Қазақстан. 2006, 14 маусым.
19. Егемен Қазақстан. 2006, 19 сәуір.
20. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5. 2006 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Инфляция: мәні, себептері және
әлеуметтік-экономиклық зардаптары. Бұл тақырыпта инфляцияның мәні және
даму механизмі, түрлері, формалары, факторлары, оның экономикаға тигізетін
зардаптары мен себептерін қарастырып шықтым.
Курстық жұмыста Қазақстанның инфляция деңгейін, оны болдырмау жолдарын
және нақты шараларын талдадым.
Курстық жұмыс 47 бет 2 сурет 2 диограмма 2 кестеден 20 әдебиеттен
тұрады.

Мазмұны

Кіріспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 6

І. Инфлляцияның мәні мен мазмұны
1.1. Инфляция мәні, мақсаты және түрлері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Инфляцияның экономикалық зардаптары және
Филипст қисығы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 21

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасының деңгейін таңдау.
... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.2. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы
саясаты.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да,
міне он жеті жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні
аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілуі Осы жылдар ішінде
тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып
қалыптасқаны жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз
керек, Қазақстандағы заматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек.
Бұдан туындайтын негізгі талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың
бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-
экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Осыған орай қазіргі таңда өзекті де, тартымды да мәселелердің бірі
еліміздің инвестициялық, құрылымдық саясаты, оның құқықтық реттелуі болып
отыр. Сонымен қатар экономиканың жедел дамуы, әлеуметтік өмірді
тұрақтандыру, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына да үлкен үлесін
қосуда. Сондай-ақ Елбасының жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға
табысты шоғырлануы-мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі
атты басым бағыттарының бірі – Қазақстанды зияткерлік меншік құқықтары
қорғалған және сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы
жағдайлардың қалыптасуы болып тұр.
Курстық жұмыс жоспардан, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімі жалпы инфляция мәні, пайда болу
себептері, зардаптары оған қарсы күресу шараларына арналса, екінші бөлімі
Қазақстандағы инфляциялық процестерге арналған.
Бұл тақырыптың өзектіліктігі инфляцияның негізгі түрлерін дамыту және
оларға туындайтын негізгі мәселелерді шешу болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты инфляциялық процестің экономикаға
теріс әсерін, қауіптілігін, пайда болу көздерін, түрлерін, әлеуметтік
салдарын тереңдете ашып, нақты анықтап, жеткізу болды.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті болып, қай жағдай да болмасын
инфляциялық процестерді танып, оған тиісті іс-шаралар қолдана білу,не
мүлдем болдырмау.
Инфляция – осы күндері бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған кең
ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын,
өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін бұзып отыр. Инфляция бұл күрделі де
көп факторлы құрылыс; осы қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға
тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция дүние
жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өндірісіндегі ең өткір
мәселелердің бірі болғандықтан әлем экономистері осы мәселені терең
зерттеп, одан шығу жолдарын іздестірген. Бұл процесс біздің елімізде
тәуелсіздік алғаннан кейін байқалса, ал басқа шет елдерде бұл мәселе ХІХ
ғасырдың орта шенінен белгілі. Осы мәселені ең алғаш терең зерттеген шет
елдің ғалымдары болды. Олар: ағылшын экономисі О. Филлипс, Р.Липси,
кейіннен американ экономисттері: Р. Солоу және П.Самуэльсон, М. Фридмен
швед экономист ғалымдары: Еста Рен және Рудельф Майднерлер және т.б.
дүние жүзінің ғалымдары болды. Олар инфляцияның пайда болу себептерін,
әлеуметтік және экономикалық зардаптарын зерттеп аңғара білді. Олар
инфляцияны бәсеңдету шараларын іздестірді. Алдымен экономисттер ең басты
сұраққа жауап іздейді. Әр елдің ғалымдары әр түрлі пікірлер айтып, әр
түрлі шешімдер қабылдады.
Ал біздің елде бұл процесті зерттеу тек оншақты жыл бұрын ғана қолға
алынған. Оны зерттеуге еліміздең Я. А. Әубәкіров, Б.А.Жүнісов, С.С.
Сахариев, О.Қ. Шеденов, К.Н. Кәрібаев, Д.Қ.Қабдиев сынды экономист-
ғалымдарымыз ат салысуда. Олар Қазақстан жағдайындағы инфляцияның
ерекшеліктерін көрсетіп, оған нақты баға берді.

І. Инфлляцияның мәні мен мазмұны
1.1. Инфляция мәні, мақсаты және түрлері
Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда инфляция деген ұғым
капитализмнің кеселі ретінде орнықты. Инфляция термині латын сөзі –
inflatio – (вздутие) – қампаю деген мағына береді. Құн заңы әрекетімен
анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді
тудырады. Инфляция себебі, әрекет ету механизімі, көрінуі және оның
зардаптары мен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген.
Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына
қатысты сан алуан себептерден турады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл
шаруашлық механизімінің қызметінен туындайды.
Инфляция азамат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс
доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Франция 1789-1794 жылдары революция
кезінде өндірілген қағаз асигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та
азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж.) орасан зор гривналар ақша орнына
қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолданыла
бастады, ол оның төлем қабілеті екі жылдың ішінде 60 % дейін төмендеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістің прапорциясын стихиялық реттеу, соның
ішінде ақшанаң қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезінде
қалыптасқан айналым саласында, алтын монометаллизмі жағдайында инфляцияның
созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі
капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар
кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтауы кезінде
пайда болды. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы
созылмалы сипат алып, мазмұнды әлеуметтік-экономикалық проблемалардың
біріне айналды.
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция –
бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының
көбіне тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция бүкіл
жалпы ұсыныс пен сұраныста қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында
сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ
мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды.
Инфляция – бұл рыноктардың көбіне сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-
теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы
өсуі.
АҚШ сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтық
манополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдайятына
(конъюктурасына), сытқы экономикалық жағдайға, мемлекеттін реттеуге және
басқада себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни, бағаның өсуін көптеген
себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес.
Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптас-
тыратындарын анықтап алу қажет.
Айталық экономиканың конъюктуралық ауытқуына байланысты бағалардың
өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға
деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбек ақы
деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашлықта шығын
инфляциясы деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені, қандай
жағдайларды жатқызуға болады.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі
диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі
себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен
табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы.
Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы ретінде көрінеді. Егер тапшылық орталық
банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған
болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны
қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру,
жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жүргізілген
болса, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнге экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ
ғасырда нарық құрлымының өзгеруімен түсіндірді. Бүгінге нарық ХІХ
ғасырдағы нарық түріне тіпті ұқсамайды. ХХ ғасырдағы нарықты негізінен
өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын. Бұл тауарларды көптеген
өндірушілір өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және
салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші
салаға ауысатын еді. Қазіргі рынок – көбіне алигопия түрінде қалыптасқан.
Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір
деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей
алады. Фирма-алигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін
түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына
мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайы бұзып алмау
мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға
тырысады. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою
арқылы алигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы
диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың атына түсуіне, олардың дүние
жүзілік шаруашылық қатыстары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның
бір елден екінші елге ауысу қаупі артады. Импортталған инфляциямен
күресі мүмкіндіктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын
арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда импорт қымбаттап,
ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді. Бесіншіден, инфляцияны
тосу деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін өзі қолдап жалғаса
береді, Батыс елдерде көптеген экономисттердең пікірінше, инфляцияны тосу
психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп
анықталады.
Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе
мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта
төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар
олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үмітке талап қояды. Еңбек ақының өсуі
тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Өндірушілер де шиказат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін
болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін
инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді.
Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, инфляцияны
тосу деңгейіне көтеріледіү
Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-
экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша
өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының
нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны
білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынандай мысал келтірейік. Айталық, тауар
айналымы үшін 10 млрд алтын доллар керек екен, ол қағаз ақша 20 млрд.
доллар шамасында шығарылады делік. Мұның өзі қағаз ақшаны екі есе
құнсыздануына әкеп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына
зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал
мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның
құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляция өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің
көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар
тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген
норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады және оның
маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны
азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар
шығарылады. Тұтыну игіліктерінің көбейуіне айналмайтын, адамзат еңбегінің
мақсатынсыз шығындарына жол беретін мемлекеттік өндірістік емес шығындары
(әсіресе әскери шығындар).
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде
бағаның өсуі, бірқатар өндірушіліердің өз өнімдеріне, олардың тұтыну
сапасын арттырмай-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім
шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің
еңбек өнімділігінің өсуіне алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер
мемлекеттік бюджетінің тапшылығының тұрақты ұдайы өндірілуіне және жиі-жиі
артық ақша эмиссиясына (эмиссия -- айналысқа ақша және бағалы қағаздар
шығару) жағдай жасайды.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір
комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, ІІ дүниужүзілік соғыстан
кейін Батыс Еуропа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция
қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс Елдерінде инфляцияның негізгі себебі
мемлекет шығындарының өсуі, баға-еңбекақы, инфляциялық тосу,
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы және басқалары болды. Бұрынғы
Кеңес одағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау
жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болады.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы; соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржылындыру үшін өте көп
мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш жылдықта көптеген елдерде
инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналады.
Шет ел мамандары өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі:
1) баяу немесе сұрама инфляция
2) қарқынды инфляция
3) ұшқыр инфляция
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы
экономисттер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды
әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің
бірден-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция
саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес
бағаларды реттеп отыруға мумкіндік береді. Баяу инфляция кезінде баға жай
өседі де (жылына 10-20%-тен аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады.
Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтың
экономикада инфляция 2-3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі.
Мысалы; 1992 жылы инфляция Францияда -2,7%, Германия мен АҚШ-та – 3,8%
құрады.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20% дан 200-300%-ға дейін
өседі. Қарқынды инфляция - экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ
іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған
икемделе береді. Қарқынды инфляция кезінде жалақы өсіп ол бағаның одан
әрі өсуіне әкеп соқтырады.
Гипер инфляцияда, яғни ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға
астрономиялық қарқынмен (500-1000 %-дан жоғары) өседі. Ұшқыр инфляцияда
бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады.
Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша
төлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу
қарқыны соншалық, тиісті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс
істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей
қалады екен. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның таңкаларлық мысалын
келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда - 3400%, 1990 жылы Аргентинада --
2000% құрады. Ал Венгриядағы ұшқыр инфляция бұрынғы барша белгілі
ркордтардан асып түсті. 1946 жылы тамызда құнсызданған 829 актильон (22
нөлі бар единица) форинттар соғысқа дейінгі бір форинттің бағасына
теңесті. Америка доллары 3*1022 (22 нөлі бар) з форинке бағаланды. 1947
жылы мапамдықтардың балықшылыра мен фермерлері санап әуре болмау үшін
валюталар мен ұсақ тиындарды таразыға тартып есептеген болатын – 1938 жыл
мен 1948 жыл аралығында бұл елдегі баға 116 есе көтерілді, германиядағы
инфляция да апаттық ауыр сипат алды. Германияның Вейшарлық Республикасы -
әлсіз үкіметтің бұзылған қаржылық инфляциямен шамалы уақыт қана тұра
алғандығына көрнекі мысал бола алады, 1921 жылы 27 сәүірде неміс үкіметіне
оны соғыста жеңген одақтас елдер естен тандырарлықтай – 132 млрд. алтын
марка көлемінде репарациялық төлем төлеуге жықты. Бұл Ваймар
республикасының салық төлеушілірден жинауға болатын сомасынан анағұрлым
асып кетті. Өте үлкен бюджеттік шығынға ұшыраған Вайнар өкіметі өз
қарыздарын төлеу үшін амалсыздан ақша жасайтын станоктарын барынша іске
қосқан болатын. 1922 жылы Германияда баға деңгейі 5470% көтерілді. 1923
жылы жағдай одан да нашарлады: баға деңгейі 1 300 000 000 000 есеге өсті.
1923 жылы, Германиядан Құрама штатқа хат жіберу үшін 200 мың марка төлеуге
тура келді. Майдың фунты 1,5 млн. марка, ет – 2 млн, батон 200 мың марка,
бір жұмыртқа 60 мың марка тұрды. Бағаның тез өскендігі соншалық, даяшылар
ертеңгі тамақты беріп жатып дастархан мәзіріндегі тағамдардың бағасын
бірнеше рет өзгертіп жатты, мейрамханаға кірген қонақтар түскі тағамдар жеп
болып берген тапсырыстарын екі есе көп ақша төлеуге дейін барады.
Никарагуада азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300 % -ке
дейіе жетті. Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті – МV=PQ қолдана
отырып осыны қалай түсіндіруге болады? Егер М-n есе өскен болса, баға
деңгейі соншаға есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V-көрсеткішін
де есепке алу қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін
толық жойған жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады.
Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдығы (V) күрт өседі, ал бұл айналымға
қажетті ақша көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу
қарқыны айналымға ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен,
инфляцияны тосу факторын қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып
асқындап кетудің негізгі бір себебі ретінде қарастыруға болады.
Гиперинфляция жағдайында халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты
тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашлық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан
өткізген бірқатар елдерде, бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша
мөлшерінің өсу қарқынына әлдеқайда жоғары болады. Шаруашлық субъктілері
ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан
құтылуға тырысады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның
санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін
шарықтайды.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына
байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөлінеді. Жоғарыда сөз
болғандар инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция жағдайында
бағалардың өсуі және өсу айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады.
Еркін баға экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен
қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінедішық инфляция кейбір тауар
нарығындағы бағаның ақтын-ақтын төмендеуімен немесе оның өсуінің
баяулауымен сиыса береді. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизімін едәуір
бұрмалағанмен, әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді. Бірақ,
бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да құнсыздану (инфляция)
жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрі тауар ташылығынан көрінеді.
Тауардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни
ақша (табыс) құнсызданады.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар
қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының
нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда астынтын экономикада, бартерлік
айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем
қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін
атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік
бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдану нәтижесінде пайда болады.
Мұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз
жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі
бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен тұрады, онда ақшалар жалпы төлем
құрамы және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер
біздің осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы
инфляция жағдайында болды және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес,
одан әлі де болса құтылуға болады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және
баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент көлемі
(ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады.
Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бір қалыпты
емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Сонымен тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған
инфляцияны алдын ала болжауға болады немесе оны үкімет арнайы мақсатпен
жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен
көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар
бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында
тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай
бұзылады, сұраныммен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен
бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың инфляциялық тосу
психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі)
экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер
етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғандар бағаның уақытша
ауытқуынан қорықпайды және бағаның өсуі қанша тез болса, соншама оның
құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді, сондықтан олар бағаның
түсуіне күтіп үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық
сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды,
олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Бұл жерде бір қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында
пайда болатыны белгілі Италия экономисті есімімен аталатын Пигу әсері,
немесе нақты кассалық қалдықтың әсері деп аталатын құбылысты суреттедік.
Айта кететін тағы бір ескертпе, Пигу әсері икемді бағалармен икемді
процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен.
Бірақ Батыс экономистерінің пікірінше, Пигу әсері экономикада нақты
болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке
бөледі: а) сұраным инфляциясы; б) өндіріс шығындарының өсуінің немесе
жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын инфляция – ұсыным
инфляциясы. Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға
болады: тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды. Сұраным инфляциясы
артық байланыстарды монополизм мен әкімшілдік - әміршілдік басқару
жүйесінің ұсақ үстемдігі болған жағдай да орын алады. Олар өзіндік айрықша
нысан сипатында болады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ
жылдар бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталады. Оған
табыссыз жұмыс жасайтын бірталай кәсіпорындардың санын және артық жұмыс
орнын, ең көп еңбек шығынын қажет ететін өндірісті сақтау арқылы қол жетті,
ал ол еңбек өнімділігіне кері әсер етті. Ал жалақының еңбексіз табылған
табысқа айналуы, оны сұраным инфляциясына айландырады, бағаны өсіреді.
Жалпы сұраным инфляциясы ол сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің
сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы,
өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс
құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық
мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға деңгейі өседі.
Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымға артық төлем
ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық
өсуін қалыптастыраты.
Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы
сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (АD1 – АD2) және экономика
жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық үзіндісінде болса,
бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2) яғни, инфляция қылыптасады.
Ұсыным инфляциясы ұсыным мен шығындырды өзгерту нәтижесінде болады. Бұл
инфляцияны басқаша шығындар инфляциясы деп те атайды. Шығындар инфляциясы,
өндіріс шығындардың өсуінен туындаған бағалардың жаппай өсуін білдіреді.
Өндіріс шығындарының өсуі монополиялық немесе алигополиялық бағалардың
қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы саясатынан, шикізатпен энергия
ресурстарына бағаның өсуінен және басқа себептерден болады. Ұсыным
инфляциясының екі түрі бар: а) жалақының өсу әсерінен болатын инфляция; б)
ұсыным экономикасы механизімінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын
инфляция.
Айтылған есептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным
қисығы солға қарай жылжиды (АS2 – АS1 ) баға деңгейі өседі (Р1 – Р2) ,
өндіріс көлемі қысқарады (Q1 – Q2), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан
кәсіподақтар еңбек ақыны номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады.
Бағалардың жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс
шығындарын арттырады, яғни инфляцияның одан да жоғары көтерілуіне себеп
болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр-түрлі салалары
үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау
барлық топтар үшін бірдей болмайды.
Инфляция философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне байланысты
экономиканың уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне
кедергі жасайтын факторға айналды.
Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің
пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизімі бүлінеді
елде әлеуметтік-экономикалық қарым қатнастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру
шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына салуды
ынталандырады, экономикалық құбылыстар мен астыртын экономиканың дамуын
жеделдетеді.
Инфляция баға индексі (екі әр-түрлі уақыт кезіндегі тауарлар мен
қызметтердің ара қатысын білдіретін көрсеткіш) арқылы өлшенеді. Ағымдағы
жолдың инфляция деңгейі төмендегі формуламен анықталады:
И=Pа –Pө * 100%

бұндағы И-инфляция деңгейі
Pа – ағымдағы мерзім бағасы
Рө - өткен мерзімдегі баға
Инфляция деңгейі, әдетте, бір жылға есептеп шығарылады. Тіпті егер ол
бір ай үшін есептелсе де, онда алынған шаманы жылма-жылға дейінге дейін
жеткізу керек.
Мысалы, 1999 жылдың қаңтар айында инфляция деңгейі 105,8 % құрады делік,
осы шаманы 12-ге көбейтсек, онда бір жыл ішіндегі инфляция деңгейінің
1269,6 % құрайтынын көреміз. Инфляцияның әр-түрін оның басқа түрінен
ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды.
Мысалы, еңбек ақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі
мүмкін.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық
жағдайы бағалардық ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде
қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп
отырады, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер
үшін болмаған жағдай.

Сурет №1

1.2 Инфляцияның экономикалық зардаптары және Филипст қисығы

Инфляцияның зардаптары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу
инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық
жағдаяттың (коннъюктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор
болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдай өндірістің
кедергісіне айналады, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық жағдай
қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларғада,
кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция
кезінде конъюктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес
болғандықтан бизнесте тәуекелдік (риск) жоғарылайды, іскерлік әрекеттер
күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де
кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әр-түрлі өсуі экономикадағы сала
аралық сәйкессіздіктерді (диспропорцияларды) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным
құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін – нарықтық объективті
өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады бұл процесс
қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор
жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды
тауарға тікелей айрбастау (бартер) туындап кеңейді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер
етеді, экономикада Ганзи-Оливер әсері деп алатын нәтиже қалыптасады. Бұл
әсерді ХХ ғасырдың 70-ы жылдары Латын Амикасы экономистері ашып зерттеген
еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы,
егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (квартал) есептеліп осы жылдың
төртінші ширегінде төленген болса, онда Гиперинфляция жағдайында бюджетке
түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды.
Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады,
несие беруші мекемелер және банктер шығын шегеді.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге аусуына мүмкінді береді, бұл халық аралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта
бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты,
бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады,
сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысты
шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан 1958 жылы
Ағылшын экономисті А. Филлипс оның ықпалын көрсететін сұраныс инфляциясы
деген үлгісін ұсынды:
Ол 1861-1956 жылдар аралығындағы Ұлыбритания статистика мәліметтерін
пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруімен жұмыссыздық деңгейінің
арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызығы арқылы көрсетті.
Филлипстің айтуынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3% -тен артық өсу бағалар
мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы бағамен
еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығарады. Басқаша
айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру
арқылы қысқартуға болады. Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси
есімді экономист жасаған екен. Кейіннен Американ экономистері Р. Солоу және
П. Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген.
Олар Филлипс моделіне еңбекақы көлемін (ставкасын) тауар бағаларын өсу
қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық
саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі,
бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады. Х – сызығында
жұмыссыздық деңгейі (проценттен), Y-сызығында тауар бағаларының өсу қарқыны
(проценттен) көрсетілген (3-сутер). Филлипс қисығы осы көрсеткіштердің ара
қатынасын белгілейді.

Филлипст қисығы.
Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, И1 (Р1-инфляция
деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін
қысқарту мақсатында белгілі ақша-несие және қаржы-бюджет іс шараларының
жүргізілуі қажет болады.
Сурет №2

Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай
жасалады. ЖҰӨ-нің өсуі жалпы сұранымның өсуіне байланысты жалпы сұраным
өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі
өскенде ұсыным, өндіріс ауқымы өседі, түптеп келген де, ЖҚӨ өседі. Ұллтық
өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның оның ішінде еңбекке қосымша
сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың
үлес салмағы И2 –ге дейін қысқарған болса, онда инфляция қарқыны Р2 –ге
дейін көтеріледі. Бұл экономиканың қызуын арттырып, дағдарыс жағдайын
қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет енді басқаша саясат жүргізуге
мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады,
қымбат ақша-несие саясатын іске асырады. Осы шаралардың нәтижесінде
бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық
сәл өседі, оның деңгейі И3 –ке жетеді.
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс қисығы қысқа мерзімділік
экономика жағдайында қолдануға болады, ол ұзақ мерзімде (5-10 жыл)
жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы
сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.
Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны
ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында
жүргізген іс-әрекеті қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.
Айталық, номеналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы
артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі
жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның
өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны
номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді.
Еңбек ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкер де еңбек факторына қосымша
сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен
артық көтеру талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы
азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшылырды жұмысқа алуды
тоқтатады, ал белгілі жағдайларда олар жұмыс орнын қысқартып,
жұмыссыздықты арттырады. Бұл мәселеге 60-шы жылдары американ экономисті
М.Фридмен ерекше назар аударғаны еді. Оның айтуынша, жұмысыздық пен
инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әркет екен.
Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес
еместігі анықталған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни
стагфляция басталуы мүмкін.
Стагфляцияны Филлипс қисығы арқылы да суреттеп көрсетуге, яғни
Филлипс қисығының солдан-оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады. Филлипс
қисығы оңға жылжығанда бағалардың өсуі жұмыссыздықтың өсуімен қатар
қалыптасады.
Филлипс қисығы жұмыссыздық пен инфляция баламасын талдау құралы
ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал
тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстары бағаның
тосын кезіндегідей) бағалардың күрт өсуін жұмыссыздықты бұрынғыдан да
жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің
негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономикалық
заңдылықты көрсетпейді.
Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты,
оған экономикалық жағдайлар әсер етеді.
Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғары бағаға белгілейді, сойтіп
қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап
айтсақ, Ресей экономикасында (қаңтар-сәүір 1991 ж.) инфляцияның жоғарғы
қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылырдың бағаны көтеру
мүмкіндігін сақтап, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатады.
Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы
төлем қабілеті бар ұсыныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден
де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляцияның сан түрлі
себептері бар.
Қоғамдық мүдде тұрғысынан үлкен зиян келтірді, яғни жұмыссыздықты
өсіріп, өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша, инфляцияны 1%-ке
төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2%-ке
жоғарлатады, ол нақты ЖҰӨ-ді 4%-ке кемітеді. Филлипс қисығының орнына
1979 жылдан бастап АҚШ-та және Англияда жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ
мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен атпаса ғана қоғамда
баяу инфляция қалыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның
оңды дамуына әсер ететін фактор болады.
Инфляцияның өсу қарқыны %-пен өлшенетін белгілі бір мерзімде баға
деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай
түсіндіруге болады. Өндірістер тоқтайды, сол себептен баға өседі, баға
өсуімен байланысты ақша құнсызданады да жұмыссыздар саны көбейеді.
Нарықтық жағдай да да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа
жарамды бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының
бәрі осы нарық заманында жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес. Қоғамдағы
жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерін құраған
болса, жұмыссыздықтың табиғи (тепе-тең) деңгейі еңбек нарығының құрылымы
мен анықталады.
Фрикциондық – бұл жұмыссыздықтың жұмыс күшінің өзгеруімен объективті
түрде жылжумен байланысты. Жұмысын ауыстыруда, мекен-жайын өзгертуде,
көшіп-қонып жүруіне сұранысының, ұсынысының өзгеруінде. Мелекетке тек қана
фрикционды және құрылымды жұмыссыздық болса, онда мұндай жағдай жаман
емес. Ол жұмыссыздарды қамтамасыз етеді. Ал нағыз жұмыссыздық циклы
жұмыссыздық дағдарыс кезінде туады.
Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу
қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат әрқашан оңды нәтиже
бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, мынадай бір
мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне төмендегенде де
бағалардың өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса
береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі 60- жылдары 4 %-ке тең болса, 80-жылдардың екінші жартысында
6-7%-ке дейін өскен екен.
Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейі мен инфляция деңгейінің
арасындағы өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің
экономикалық саясатымен оларды азайтудың шаралары жүйесі ( салықтар нарқы
және басқа тұтқалар) жасалып шығарылды. Швед экономист-ғалымдары - Еста
Рен (1913 ж. туған) Рудольф Мейднер (1914 ж. туған) 50- жылдары
жұмыссыздыққа қарсы әрекет ету мен инфляцияны ұстаудың экономикалық
моделін ұсынады. Ол тарихта Сен-Мейднер моделі деген атпен белгілі.
Бірақ Филлипс қисық сызығында қалыптасқан экономикалық байланыстар
жағдайында, барынша көп еңбекке қамтуға қол жеткізуге инфляциясыз мүмкін
емес.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы
2.1 Қазақстандағы инфляциялық деңгейін таңдау
Осы күндегі Қазақстанда қалыптасып отырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның түрлері
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары
Инфляция дегеніміз не
Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы
Инфляцияның түрлері мен себептері
Инфляция мен жұмыссыздық арақатынасы
Инфляцияның әлеуметтік экономикалық орны оны тоқтатудың шаралары қр-дағы инфляцияның даму процесі
Инфляцияның түрлері, себептері
Инфляцияға жалпы сипаттама
Инфляция процесі
Пәндер