Ландшафтының дамуы туралы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЛАНДШАФТЫНЫҢ ДАМУЫ

Қандай территориялық табиғат кешені болсын зоналық және азоналық факторлардың әрекеттеріне байланысты үздіксіз өзгеріп, дамиды. Бірақ ландшафтының даму тарихын зерттеп білу өте қиын іс. Өйткені адам әрекеті мен табиғи процестер арасында қайшылық жиі болып тұрады. Міне, осылардың нәтижесінде ландшафтының даму тарихын баяндайтын белгілер із-түзсіз жойылып кетуі ықтимал. Дегенмен, ландшафтының даму тарихы, формасы, негізгі занлылықтары туралы біршама жинақталған материал бар.

Ландшафтының даму формаларын алғаш рет Л. С. Берг зсрттен, тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісін қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтерге жіктеді.

Ландшафтының қалпына келетін өзгерістері тәуліктік, маусымдық, жылдық, ғасырлық, дәуірлік ырғақты табиғат құбылыстары мен апатты оқиғаларға байланысты болады. Олар ландшафт динамикасын дамытуда жеке-дара да, бірімен-бірі қосарланып та әрекет етеді.

Ырғақты табиғат құбылыстарына байланысты болатын қалпына келетін өзгерістер ландшафтының құрамдас бөлік аралық динамикалық тұрақтылығын сақтайды. Оны сипатына қарай С. В. Калесник (1970) кезеңді және циклді деп екіге бөлген.

Кезеңді ландшафт өзгерістері жыл сайын белгілі бір тұрақты уақыт өлшемінде қайталана береді. Оның күн мен түннің ауысуына байланысты болатын тәуліктік және жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын маусымдық ырғақтылығы байқалады. Тәуліктік ырғақ жердің өз осінен айнала қозғалысына байланысты. Тәуліктік ырғақты жылу балансының, ауа температурасының, абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтың, фотосинтез процесінің, тірі ағзалардың белсенділігінің, бриз желі сипатының, т. б. күндізгі және түнгі айырмаларынан айқын көруге болады. Жер осінің еңкіштігіне байланысты күн сәулесі жер бетіне түрліше бұрышпен келіп түсетін болғандықтан, тәуліктік ырғақ әр түрлі радиациялық белдеулерде түрліше байқалады. Оның жалпы сипаты экватордан полюстерге жылжыған сайын көмескілене береді, тіпті поляр белдеуінде байқала да қоймайды.

Кезеңді ландшафт өзгерісінің екінші түрі маусымдық өлшеммен өлшенеді. Маусымдық ырғақ жердің күнді айнала қозғалысына байланысты. Оны фенологиялық бақылаудың көмегімен танып білуге болады. Маусымдық ырғақ климат элементтерінің, гидрологиялық құбылыстардың, топырақ жамылғысының пайда болуының, геоморфологиялық процестердің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі әрекетінің өзгерістерінен айқын байқалады. Ландшафтты дамытушы табиғи процестердің маусымдық динамикасы негізінен жылу мен ылғал режимінің жыл бойы бірдей болып келмейтінінен туындайды. Басқаша айтқанда, жылу мен ылғал режимінің өзгеруіне байланысты минералды және органикалық заттар балансы, органи-калық заттардың түсімділігі, қорлануы, шіруі, биологиялық айналымы, топырақ құрамындағы тұздың бір қабаттан екіншісіне өтуі, жыныс қабаттарының химиялық, механикалық және органикалық үгілуі. биоценоздар фенофазаларының дамуы т. б. маусымдар ауысқан сайын өзге-реді. Маусымдық ырғақ әрбір нақтылы ландшафттың құрамдас бөлік аралық құрамы мен морфологиялық түзілісінің құрылым ерекшеліктеріне қарай әрбір географиялық белдеуде және олардың зоналық беліктерінде түрліше байқалады да, әр түрлі факторларға байланысты болып келеді.

Арктика мен экваторлық ормандарда маусымдық ырғақ онша байқалмайды, субарктикада айқындала түседі де, күн сәулесі режиміне (поляр күні мен түнінің ауысуына) байланысты болады.

Жер шарының қалған географиялық белдеулеріндегі жылдың төрт мезгілі мен фазалары (белгілі мерзім араларында өзгеруі) түгелдей байқалады да, суық жерлерде (көпжылдық тоңды аудандарда) жылу балансы, шөл мен шөлейтте ылғал балансы негізгі фактор рөлін атқарады.

Маусымдық ырғақ жер бетінің абсолют биіктігі артқан сайын да түрленеді. Іле Алатауының төменгі бөлігінде (1000-1800м биіктікке дейін) жыл мезгілінің қыс, көктем алды мезгіл, ерте көктем, көктем, ерте жаз, жаз, ерте күз, күз соңы, қыс деген маусым, ал жоғары бөлігінде (2500-3200м биіктікте) қыс, көктем алды мезгіл, күз соңы, қыс деген маусымдық ырғақ байқалады. Ал биік таулы бөлігінде (3200 м биіктіктен жоғары) маусымдық ырғақ байқалмайды. Маусымдық ырғақ Қазақстан жері ландшафтыларында айқын байқалады. Соған орай халқымыздың ата кәсібі қалыптасқан. Ертеден мал шаруашылығымен айналысатын ата-бабамыз жыл маусымы ауысқан сайын көктеу, жайлау, күздеу және қыстау қоныстарына ұдайы көшіп-қонып отырған. Маусымдық табиғат құбылыстары "сәуір", "бесқонақ", "үркер", "шілде", "есекқырған" деген т. б. атаулармен халық санасына берік сіңген. "Сәуір", "бесқонақ", "үркер" деп жауын-шашын көп түсетін көктемді айтады. Жазғы аптап ыстық пен қысқы қара суық "шілде", күзгі жауын-шашын мен қара суығы аралас аласапыран "есекқырған" деп аталады.

Территориялық табиғат кешендерінің жуық шамамен өлшенетін ырғағын цикл дейді. Оның он бір жылдық қайтымы көптеген табиғат құбылысының мысалында айқын байқалады, соның бірі жұт. Жұт көбіне антициклондар мен арктикалық құрғақ ауа массасының ұзақ уақыт әсер етуінен болады. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, бұл құбылыс күн активтілігінің минимумы кезеңіне сәйкес келуі мүмкін. Ондай жылдары жауын-шашын мөлшері мүлде азайып, аңызақ жел дамылсыз соғады, яғни климаттың континенттігі күрт артады, осының салдарынан өсімдік қурап қалады. Кейде атмосфералық циркуляция кезінде ауа массасының бағыты мен полюсі қалыпты жағдайынан ауытқиды да, оның салдарынан жылы аймақтар қатты суынып кетеді.

Жылы аудандарда қарлы жаңбырдан кейінгі ауа температурасының тез суынуынан пайда болатын көк тайғақ жайылымдағы малға өте қауіпті. Жергілікті атмосфералық циркуляцияға байланысты болатын көк тайғақты жұт шағын аудандарды ғана қамтиды. Революцияға дейін Қазақстан жерінде Акқоян, Мешін, Жылан, т. б. сияқты қырғын жұттар болды. Әсіресе, 1880, 1892 жылдары болған жұт халықты қатты күйзелтіп кетті. 1880 жылы Торғай өңірі 42%, Сырдария - 56% малынан айырылса, 1892 жылы Қазалы уезінің 90% жылқысы, 80% қойы, 60% түйесі қырылған.

Көпжылдық ырғақты көбірек зерттеген ғалымдардан Э. А. Брикнерді (Bruckner, 1890) атауға болады. Ол жер шарыньщ барлық жерінде де климаттың циклді ауытқуының байқалатындығын өткен ғасырда-ақ тұжырымдап айтқан.

Климаттың толық бір циклі 30-35 жылды қамтиды. Осы кезеңде ылғалды және қоңыржай жылдар жылы және құрғақ жылдармен ауысады. Ландшафтының дамуындағы брикнер циклін соңғы жылдардағы географиялық зерттеулер жан-жақты дәлелдеп отыр.

Көпжылдық циклді ырғақ негізінен аймақтық құбылыс (жеке-дара физикалық-географиялық аймақты ғана қамтиды) болғандықтан, әр жерде ор түрлі сипатта байқалады. Атап айтқанда, жазық жерде айқын байқалады да, таулы аймақта шамалы болады, сонымен бірге сирек табиғат құбылысы болып саналады.

Ландшафтының дамуының әрбір циклі 1800-1900 жылға жетеді, оны "әр түрлі дәрежедегі ғылыми зерттеу материалдары дәлелдеп отыр. Көпғасырлық ырғақтылықты А. В. Шнитников (1957, 1969) үш фазаға бөледі. Біріншісін, трансгрессиялы фаза деп атады. Ол ылғалды, қоңыржай салқын климатты жағдаймен сипатталады. 300-500 жылдық өлшеммен өлшенеді. Екіншісі - регрессиялы фаза, ол құрғақ, жылы болады, 600-800 жылға созылады. Үшіншісі - өтпеліфаза, 700-800 жылды қамтиды. Оның регрессиялы фазадан трансгрессиялы фазасына өтуі тез және анық болса, трансгрессиялы фазадан регрессиялы фазаға өтуі баяу болады.

Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, біздің дәуіріміз мынадай көпжылдық ырғақтарға бөлінеді: 1) V-ХІV ғасырларда Каспийдің деңгейі төмендеп, Арктиканың, тіпті бүкіл жер шарының мұздылығы кеміген. Исландия мен Гренландия жерлерінн ел көптеп қоныстанған; 2) ХІV ғасырдың аяғынан XIX ғасырдың басына дейін дүние-жүзілік мұздылық (әсіресе Арктика) артып, дүниежүзілік мұхит деңгейі регрессияланған, көл деңгейі көтерілген, Гренландия мекендерін мұз басқан; 3) XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, таулы мұздықтар қайтуда, жазықтағы көл деңгейі төмендеуде, Арктика мұздылығы кеміп, дүниежүзілік мұхит деңгейі трансгрессиялануда.

Көпжылдық ырғақтылықты О. Петтерсон (Petterson, 1914) астрономиялық тарnылыс күшінің өзгерісімен байланыстырып түсіндіреді. Басқаша айтқанда, әрбір 1800 жылда Күн, Жер және Ай бір түзу сызықты жазықтық бойынша Жер мен Күннің перигейінде жатқандықтан максимум мәніне жетіп, гидросферадағы су массасының тепе-теңдігін бұзады. Осыған байланысты дүниежүзілік мұхит түбінен су бетіне тез арада шыққан суық су массасы ауаның жылынуы мен суынуына әсер еткен де, территориялық табиғат кешендерінің көпжылдық ырғағын өзгерткен.

Мұндай астрономиялық тартылыс күшінің максимумы біздің дәуірімізге дейінгі 2100, 360 және біздің дәуіріміздін. 1433 жылдарында байқалған.

Табиғаты толық зерттелмеген ырғаққа геологиялық циклділікті жатқызуға болады. Дегенмен, жердің даму тарихында 200 млн. жылға созылған каледон (кембрий, ордовик және силур дәуірлерін қамтиды), 150-190 млн. жылдарға созылған герцин (девон, карбон және пермь дәуірлерін қамтиды), 2400 млн. жылға созылған алып (мезозойдан басталып кайнозойға жалғасқан) кезендерінде айқын байқалады. Бұл кезеңдердің қай-қайсысында болсын, алғашында жер қыртысы иіліп, жер шарының теңіздік режимі артқан. Соңынан құрлықтың жалпы көтерілуі басталып, ірі-ірі тау пайда болған, жер шарының климаты әр жерде әр түрлі болып күрделене түскен. Жердің даму-ындағы бұл кезеңдер 30-40, 10-15 млн. жылмен өлшенетін екінші, үшінші қатардағы циклдерге бөлінеді. Әрбір геологиялық циклде өзіндік ерекшелігі бар тірі ағзалар дүниесі дамыған. Олар бір жағынан, пайда болып көбейсе, екінші жағынан, қырылып жойылған. Мысалы, жануарлар дүниесі трилобиттер (ордовик), сауытты балықтар (силур-девон), амфибиялар (стегоцефалдар) мен қосмекенділер (карбон-триас, юра-бор), сүтқоректілер -және құстар (кайназой) дәуірлеріне бөлінеді. Өсімдіктер дүниесі балдырлар (ортаңғы девонға дейін), папоротник тәрізділер (ортаңғы пермьге дейін), ашықтұқымдылар (ортаңғы борға дейін), қауызтұқымдылар (бор дәуірінен осы кезге дейін) дәуірлеріне бөлінсді.

В. В. Белоусов геологиялық циклді, атап айтқанда, тектогенездің циклділігін жоғары мантиядағы минералдардыц тығыздалуына байланысты түсіндіреді. Ал, Д. Г. Панов күн жүйесінің құрылымы әр түрлі галактикалық кеңістікті басып өтумен байланыстырады. Сонда жер орбитасы мен оның ауытқуы және эксцентрисі өзгереді.

Жер беті ландшафтысының кез келген уақытта, кенеттсн болған апатты оқиғаларға байланысты болатын қайтымды өзгерістері де болады. Оларға жер сілкінудің, кең ауқымды өрттің салдары жатады. Табиғаттың мұндай құбылыстары ландшафтының құрамдас бөліктік құрамы мен морфо-логиялық түзілісінің құрылымын қаншалықты тез өзгертсе, кейін тұлғасы өзгерген ландшафты сондай жылдамдықпен қалпына келуге тырысады, көпшілік жағдайда қалпына келеді.

Қайтымды ландшафт өзгерісінің қай сипаты болсын спираль бойымен дамиды. Уақыт өткен сайын ландшафт бойына аз да болса жаңа сапа сіңісе-ді, оның құрамдас бөлігінің салыстырмалы тепе-теңдігі бұзылады, ақыр аяғында ол қалпына келмейтіндей дәрежеде өзгереді.

Ландшафтының қалпына келмейтін қайтымсыз өзгерістерін туындатушы табиғи процестер сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты болып келеді.

Сыртқы жағдай факторларына күн активтілігін, жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын, жер полюстерінің орын ауыстыруларын жатқызады. Олардың әрекеті геологиялық циклдер өлшемімен өлшенеді. Күн активтілігі мен жер қыртысының тектоникалық қозғалысының әрекетіне байланысты болатын жер шары ландшафтысының даму эволюциясы байкалиттік, каледониттік, герциндік, киммериялық, альпілік кезендерді және олардың фазаларын басынан кешірген. Жер полюстерінің орын ауыс-тыруын қазіргі қоңыржай және суық белдеулердегі жыныс қабаттарынан табылған көмір кендері дәлелдейді. Демек, көмір қабаттары қалыптасқан кезде (мысалы, Қарағандының көмір қабаттарының жасы тас көмір дәуірімен анықталып жүр) ол жерлердің ландшафтысы тропиктік орманды болып сипатталған.

Ландшафтының қайтымсыз динамикасын туындатушы ішкі жағдайға байланысты әрекет ететін факторлар қатарына ландшафтының құрамдас бөліктері мен орта арасындағы және ландшафтының құрамдас бөліктері қайшылықтарын жатқызады. Олар әр уақытта да қатар әрекет етіп, ландшафтының өздігінен даму қабілетін жетілдіреді. Атап айтқанда, табиғи жағдай өзгерген сайын ландшафтының құрамдас бөліктері мен оны қоршаған орта үнемі үйлесе бермейді. Әсіресе, биогенді құрамдас бөліктер мен ортаның екі жақты байланысы бірден көзге түседі. Біріншіден, биогенді құрамдас бөліктер орта жағдай-ының жаңа өзгерісіне бейімделсе (бейімсіз өсімдіктер өспей қалады, ал жануарлар қырылып жойылады), екіншіден, олар ортаға өзгеріс енгізеді. Осылай ландшафтының құрамы мен құрылымы біртіндеп жаңа сапа жинақтайды. Ол алғашында сандық өзгерістен басталып, кейін сапасын өзгертеді. Ландшафтының мұндай өзгерістерін өздігінен даму деп атайды.

Ландшафтының өздігінен дамуының қарқыны баяу болады, ол ұдайы сыртқы фактор әрекетінен (ауаның жалпы циркуляциясының өзгеруі, жер қыртысының көтерілуі мен басылуы сияқты құбылыстар) болатын өзгеріс-термен қабысып күрделенеді. Сыртқы фактор әрекеті ландшафтының өздігінен дамуын тездетуі де, баяулатуы да, тіпті тоқтатып тастауы да мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафттану курсы туралы
Ландшафттану ғылымы туралы
Ландшафтының дамуы
Ландшафт геохимиясы
Ландшафтардың геологиялық, геоморфологиялық факторлары
Ландшафт түзуші құрайтын факторлар
Ландшафт түзуші факторлар
Қазақстанның ландшафтарының заманауи экологиялық жағдайларын бағалау
Антропогендік ландшафт
Географиялық ландшафт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz