Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы


ЖОСПАРЫ
Кіріспе. . 3
I. Ислам дініндегі сенім мазхабтарының шығу тарихы.
1. 1. Ислам дініндегі сенім мазхабтарының пайда болуы мен шығу себептері . . . 4-5
1. 2. Имам Матуридидің өмірі мен мазхабының құрылуы. …… . . . 6-10
ІІ. Матуридия мазхабының ерекшеліктері.
2. 1. Матуридия мен Әшария мазхабтарының айырмашылықтары . . . 11-24
2. 2. Имам Матуриди ақидасы методикасы . . . 25-27
2. 3. Имам Матуриди ақидасы мен Әбу Ханифаның «Фиқһ-ул акбардағы» сенімдік көзқарастары . . . 28-
ІІІ. Матуриди ақидасы мен қазақ дін ойшылдары.
3. 1. ХІ-ХV ғасырдағы қазақ дін ойшылдары . . .
3. 2. ХVI-ХХ ғасырдағы қазақ дін ойшылдары . . .
Қорытынды . . . ……… . . .
Пайдаланылған әдебиеттер. .
Кіріспе
Қазіргі таңда қоғамымызда «мазхаб деген не?» «мазхабтың бізге қажеті бар ма?» деген сұрақтарға кездесіп жүреміз. Әрине бұл сұрақтың туындауының өзіндік себептері де жоқ емес. Атап айтар болсақ, біріншіден; Кеңес үкіметінің жүргізген 70 жылдық атейстік саясатының салдарынан халықтың діни сауатының төмендеуі мен діннің ішкі сенім мәселесін дұрыс түсіне алмай жатқандығында. Екіншіден; сырттан келіп өзге ағым өкілдерінің жүргізіп жатқан теріс уағыздары да айтарлықтай әсер етіп жатқанын көріп те жүрміз. Тек амалдық мазхабымыз тұрғысынан емес, ендігі кезекте сенім мәселесінде де іштей алауыздық туындатып жатқанын көріп те жүрміз. Бүкіл ислам әлемі мойындаған сенімдік Әшәрия және Матуридия мазхабтарын жоққа шығарып, мойындамай жүргендігі сезіле бастады десек қате айтпаған болар едік. Міне осындай діннің күрделі де нәзік мәселесіне өз бетіммен жауап іздеп ғылыми жұмысымның тақырыбы етіп алдым.
Диплом жұмысының өзектілігі: ислам тарихындағы мазхабтардың шығу себептерін, сенімдік мазхабтардың өзіндік көзқарастары мен ұстанымдары, әдіс тәсілдері жайында ашып көрсету. Соның ішінде сенімдегі мазхабымыз Матуридия мазхабы туралы кеңірек зерттеу жүргізіп, қазіргі қоғамдағы орнын талдап, саралап зерттеу. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ұстанып келген сенімдік матуридия мазхабын бүгінгі таңда жоққа шығарып үлкен күнә жасадың деп талайларға өз бетінше үкім айтып жүргендерді де кездестіріп жатамыз. Ал матуриди мазхабының ақидасы бойынша үлкен күнә жасағандар мен амал, ғибадат етпегендерді кафир(дінсіз) болдың деп айыптамаған өйткенң ол Алланың құзіретіндегі мәселе деп ешбір адамды дінсіз деп айыптамаған.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Менің диплом жұмысымның мақсаты матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылығын ашып көрсету. Сонымен қатар қоғамымыздағы өзекті діни мәлелерге жауап ретінде матуриди мәзхабының үкімдерін кеңінен қолдану. Сондай-ақ халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында матуриди мәзхабының ерекшеліктерін барынша ашып көрсету болды. Осы мақсатқа жету үшін мен өз алдыма мыныдай міндеттер қойдым:
- Исламдағы мазхабтардың пайда болуы мен себептері;
- Матуридия және Әшария мазхабтарының айырмашылықтары;
- Имам Матуриди ақидасы методикасы.
Диплом жұмысының мақсаты: Менің диплом жұмысымның мақсаты матуриди мәзхабының ерекшелігі мен өзге мазхабтардан айырмашылығын ашып көрсету. Сонымен қатар қоғамымыздағы өзекті діни мәлелерге жауап ретінде матуриди мәзхабының үкімдерін кеңінен қолдану. Сондай-ақ халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында матуриди мәзхабының ерекшеліктерін барынша ашып көрсету болды. Осы мақсатқа жұмыстың міндеттері Матуридидің өмірі мен діндегі тұлғалық орнын ашып көрсету мен Матуридидің діни үкім беру мәселесіндегі әдіс тәсілдерін жете зерттеу болып белгіленді.
Диплом жұмысының өзектілігі: Менің диплом жұмысымның өзектілігі матуриди мәзхабының қазіргі таңдағы орнын ашып көрсету. Бүгінгі күнде қоғамымызда «бізге мәзхабтың қажеті жоқ», «пайғамбар заманында мәзхаб деген болмаған», «біз Құранды хадиссіз түсіне аламыз» деп жүрген ағым өкілдерін кездестіріп жүрміз. Міне осындай айтылған ойларға жауап ретінде біз Имам Матуридидің айтып кеткен ойлары мен үкімдерін жауап ретінде ұсына аламыз. Осындай ойларға жауап айта алуымыз үшін біз Имам Матуридидің еңбектерін жетік меңгеруіміз қажет. Осындай өзекті мәселелерге жауап бере алатын Имам Матуридидің қалыптастырып кеткен матуриди мәзхабыны ғылыми жұмысыма арқау болды.
Диплом тақырыбының зерттелуі деңгейі: Қазақстанда Матуридидің еңбектері қазақ тіліне аударылмаған, сол себепті тақырып ғылыми негізде зерттеу жұмыстары толық қарастырылмаған. Дегенмен А. Асалыоглы, Д. Шәуенов, Қ. Жолдыбайұлы және т. б. ғалымдардың еңбектерінде Матуриди мазхабы жалпы тақырыптар мазмұнында қамтылады. Сондықтан зерттеу барысында жұмысымызға негізгі арқау ретінде Түркиялық зерттеушілер М. А. Зехраның Р. Е. Фиғлали, С. Хизметли еңбектеріне сүйендік.
Диплом жұмысында қолданылған әдістер: Диплом жұмысымызда Имам Матуриди мен Имам Әшари ілімдеріне қатысты ғылыми тұжырымдарға талдау жасалды. Ғұламаның ақидалық көзқарастарына қатысты саралау әдісі арқылы ашып көрсетуге ұмтылыс жасалды. Жалпы зерттеу жұмысы барысында талдау, салыстыру, саралау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының негізгі нәтижелері: Матуриди көзқарасының құндылықтық мәні талданып, оның сенімге, дүниетанымға әсері салмақты ғылыми пікірлермен дәлелденді. Зерттеудің бұл нәтижесі қазіргі қоғамдағы керағар діни ағымдар мен экстремизмнің және дәстүрлі емес діндарлықтың алдын алуда, жастар бойында ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыруда маңызы зор.
Диплом жұмысының құрылымы: Бұл диплом жұмысы жоспардан, кіріспе бөлімі мен негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Ислам дініндегі сенім мазхабтарының шығу тарихы мен Матуридия мазхабының ерекшеліктері.
1. 1. Ислам дініндегі сенім мазхабтарының пайда болуы мен шығу себептері
«Мазхаб» сөзі араб тілінен аударғанда жүретін жол, баратын бағыт, көзқарас деген мағыналарды білдіреді. Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен Сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын «мазхаб» делінеді.
Ислам тарихында мазхап сөзі кең мағынада сенімдік (итиқади), амалдық (фикһи) және саяси мазхаптарға да қолданылады. Сонымен қатар саяси және сенімдік мазхабтармен қатар фырқа яғни түрлі көзқарастағы топтар, ниһл яғни әртүрлі сенімдегі топтар, макале яғни сенімді әрқилы қабылдаушы топтардың бар екендігі де белгілі.
Кейбір мазхаб тарихшылары ислам тарихындағы мазхаптардың шығу себептерін Хз. Пайғамбарымыздың мына бір хадисімен байланыстырады: иаһудилер 71 тармаққа, христиандар 72 тармаққа ал мұсылмандар 73 тармаққа бөлінеді. Мұсылмандардың тек бір тармағы ғана жаннатқа кіреді. Олар менің жіне сахабаларымның жолынан жүргендер.
Ислам тарихындағы мазхабтардың шығу себептері:
1 - адамдардың таным мен түсінігінің әртүрлі болуы;
2 - әдіс тәсілдердің әртүрлі болуы. Мәселен; Мутазилия мазхабының өкілдері ақылды жоғары қойып нақылды оған тәуелді қылды. Әхли сунна ғалымдары нақылды ақыл арқылы түсіне аламыз десе ислам философтары тек ақылға сүйену керек деген көзқараста болды;
3 - Хз. Оспан халифалығының соңғы жылдарындағы саяси оқиғалар;
4 - халифат ішіндегі болған соғыстардың кезінде мұсылмандардың бірін бірі өлтіруі мен үлкен күнә мәселесі, үлкен күнә жасағандардың кәфир болып болмауы, тағдыр мен ақырет, құлдың еркі мен таңдау мәселелері жайында адамдардың әртүрлі көзқараста болуы;
5 - көне грек, үнді және иран философиялық шығармаларының араб тіліне аударылуы;
6 - ескі наным-сенімдер мен әдет-ғұрыптардың ислам дінінің негіздерімен сәйкес келмеуі. Жаулап алынған жаңа өлкелердің өмір сүру тәрізі мен әдет-ғұрыптарының сан қилы болуы;
7 - қисса мен хикаялардың ойдан шығарылып, оны ислам дінімен байланстырылуы адамдар арасында әртүрлі көзқарастардың пайда болуына әкеліп соқты;
8 - исламды әр адамның өзінше түсіне бастауы;
9 - Құрандағы мағынасы ашық және жабық айаттарға байланысты тәфсир мен тәууил ғылымдарының пайда болуы;
10 - хадистердің жеткізілу шарттарына қарай сахих, хасан және зайыф болып бөлінуі. Зайыф хадистерге амал етіп етілмеу мәселелері;
11 - араб түбегіндегі тілдердің әртүрлі болуы мен сөздердің әрқилы түсінілуі;
12 - әдет-ғұрыптардың санқилы болуы секілді жоғарыда санамалап өткен бірнеше себептердің салдарынан ислам мазхабтары пайда болды.
Мазхабтардың шығуы
Хз. Пайғамбарымыз (с. а. с. ) тірі кезінде қандай да болмасын діни мәселелерге өзі жауап беретін. Кез келген діни мәселе туындаса сахабалар Пайғамбарымызға (с. а. с. ) баратын және барлық сұрақтарына лайықты жауап алатын. Бұл жағдай Хз. Әбу Бәкір мен Хз. Омар халифалығы тұстарында және Хз. Оспан халифалығының алғашқы жылдарында да бұзылған жоқ. Сахаба және табиғындар заманында да бір діни мәселе туындай қалса сенімді дін ғалымдарына барып сұрау арқылы кез келген мәселе өз шешімін табатын. Хз. Оспанның өлтірілуімен ислам әлемінде саяси оқиғалар басталып алғашқы саяси бидғаттық мазхабтар бой көрсете бастады. Алғашқы саяси бидғаттық мазхабтар алғашында белгілі бір діни маңызға ие болған жоқ.
Хз. Әли халифалығы тұсында болған Жамал және Сыффын соғыстары, хакам оқиғасынан кейін Хз. Әлиді қолдаушылар Шиа яғни жақтаушылар ал одан бөлініп кеткендер Харижиттер деп аталды.
Хз. Әлидің өлімінен кейін Қадария мазхабы пайда болды. Олар құлдың таңдауы мен ерік мәселесін талдаумен өзіндік ерекшелікке ие болды. Бұл бағыттың негізін салушы Маабед ел-Жуһани (80-699) болды. Бұның көзқарастарын ары қарай дамытқан Ғайлан ад-Дамашқи болды. Сонымен Хз. Әлидің өлімінен кейін әхли суунамен қатар бір уақытта бес бидғат мазхабтары пайда болды. Олар: Харижия, Қадария, Жабрия, Шия және Муржия.
Әхли сунна қауымы сенім мәселесінде үш мазхабқа бөлінеді. Олар; Салафия, Әшария және Матуридия{1}.
1. 2. Имам Матуридидің өмірі мен мазхабының құрылуы
Әбул Мансур әл-Матуридидің толық аты Мухаммед ибн Мухаммед ибн Мансур. Оның толық есімі - Мухаммад Абу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әс-Самарқанди. Самарқандағы көне Матурид ауылында (шамамен х. 238/ м. 862 жылы) дүниеге келген. Мұсылмандардың жүрегінен үлкен орын алған Имам Матуриди «Имам ул-һуда» «Тура жолдың имамы», «Имам ул-мутакаллимин» «Ақида ғалымдарының имамы» деген құрметке ие болды.
Ол 334/934 ж. Самарқандта дүниеден өткен. Ол түркі текті деген көзқарас басымырақ. Самарқандта Әбу Ханифаның сенімдік және фикхтық көзқарастарының философиялық және теологиялық негіздері талқыланатын «Дарул -Жузжания» деген атпен танылған аса маңыздылы білім беру орталығы болған. Әбу Мансур әл-Матуриди осы жерде білім алды. Ұстазы Әбу Насыр әл-Язиден кейін осы білім беру орталығының басшысы болды. Білім алған ұстаздарынан атақтылары Әбу Насыр Ахмед ибн Аббас ибн Хусейн әл-Язи (х. ІV ғ. бастары), Әбу Бәкір Ахмед ибн Ысқақ ибн Сахих әл-Жузжани (х. ІІІ ғ. ортасы) және Нусайр ибн Яхя әл-Балхи (268/881) . Самарқандтан басқа қалаларға шыққандығы жайлы ешбір дерек берілмеген. Бәлхтық ғалымдармен кездескендігі жайлы кейбір деректер бар. Ұстаздарының жалғастырған ғылыми ұстанымдары түп тамыры Әбу Ханифаға барып тіреледі. Әбу Мансур әл-Матуриди кәләм, фикх, фикх методикасы, мазхабтар және қырағат тақырыптарында көптеген шығармалар жазып қалдырған. Бірақ бұлардың көбісі қазіргі таңға дейін жетпеген. Ол бұл кітаптарын жалпы мұғтазила, харижиттер, рафизилер, хадисшілер және шиа карматилерді сынға алып жазған. Фикх және фикх методикасына байланысты кітаптары бізге жетпегенімен «Тәуилатул -Құран» атты тәфсірі мен «Китабут Таухид» атты кәләмдік кітабы осы дәуірге дейін жеткен. Қашқаридың Диуани Лұғат ат-Түркі түрік тілі тұрғысынан, Фараби мен ибн Синаның философияға байланысты кітаптары Ислам философиясы тұрғысында қаншалықты маңызды болған болса Матуридидің Китабут Таухиді де соншалықты маңызды болып табылды. Сол дәуірдің жетілу тұрғысынан ең жемісті бір кезең болуында ханафи-матуриди мазхабтары шеңберінде әрі фикх әрі кәләм жайлы көптеген маңызды кітаптар жазылды. Осылайша ханафилік пен матуридилік, түркі әлеміне ет пен сүйек секілді бір-бірінен айрылмайтын денеге айналды. Әрбір матуридилікті ұстанатын адам фикхта ханафи мазхабын ұстанды. Сежұқтар және Османылар дәуірінде түркі халықтарының мазхабы жалпы алғанда сенімде матуриди, фикхта ханафи болып танылды{1, 2}.
ХV ғасырдан бастап шийттер мен сунниттердің талас-тартыстарының артуының салдарынан Имам Матуриди және оның дін түсінігі қайтадан маңызды рөлге қол жеткізді. Матуридиді Османлы дәуірінде жаңадан қалыптастырған маңызды тұлғалардың бірі Ибн Камал Паша (1534), ал тағы бірі болса «Ираде-и жузия рисалесі» атты кітаптың авторы Аккирмани (1760) болып табылады. Бұл екі ғалым жазған кітаптарында Имам Матуридиді және оның көзқарастарын мақтанышпен жазып өткен. Османлы, суннитер мен шиалардың арасындағы талас-тартысында суннилікті жеңіске жетелейтін мектеп ретінде матуридилікті таңдаған болуы мүмкін. Өйткені Имам Матуриди кітаптарында сопылық іліміне қарсы шыққан рафизилікті және батыния карматияны сынға алған рационалист ғалым болатын. Атап айтқанда оның көзқарастарын түркі халықтарының жалпы көпшілігі ұстанатын.
Матуридилік ханафилікпен бірге Хорасан мен Мауреннахрдан бастау алып, Орта Азия, Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан, Шығыс Түркістан, Малайзия, Индонезия, Кавказ, Рассия, Түркия, Орта Шығыс және басқа да өлкелерде жайылып, қазірге дейін жалғасын тауып келе жатыр.
2. Матуридиліктің тарихы.
Матуридилік Ислам тарихы бойынша ІV/ІХ және V/ХІ ғасырларда имам Әбу Мансур әл-Матуридидің пікірлеріне негізделген кәләмдық мектеп. Бұл мектепке құрушысының атына байланысты матурдилік делінген.
Матуридилік Мауреннахрде жайыла бастаған харижилік, мұғтазила және шиаға қарсы табанды күрес жүргізген. Матуриди 333/944 жылы дүниеден өткен. Ол Әбу Ханифа шеңберінде жетілген ханафи ғалымдарынан сабақ алған және өте көптеген кітаптар жазған. Бұлардан Китабут-Таухид және Тә'уйлатул -Құран қазіргі таңға дейін жеткен. Маззавуй, Сабуни, Саффар әл-Бухари, Омар ән-Насафи, Әбул Муйин ән-Насафи, Әбул-Баракат ән-Насафи және Ибн Хуммам секілді ғалымдар арқылы матуридің көзқарастары жайылды. Ол Әбу Ханифа шеңберіндегі әхли сүннет сенімін бір жүйеге келтірген. Оның құрған жүйесінде білім маңызды рөл алды. Матуриди өзіне тән таным теориясын жетілдірді. Ол өз таным теориясын, тәпсір, фикх және кәләмда қолданды. Матуридилік Саманилер кезеңінен бастап Орта Азия, Балкан, Анадолы, Ирак және Сирияда жайылды. Селжұқтар аса ірі ғалымдар жетілдіріп шықты. Османылар кезеңінде ХV ғасырдан бастап матуридилік деген қызығушылық арта түсті. Матуридилік айрықша айтар болсақ, түркі халықтарының арасында кең жайылып ханафилікпен бірлесті. Имам Матуриди ақыл және нақыл арасында нәзік бір тепе-теңдік құра білді. Бұл бағытта маңызды көзқарастар салды. Бұл көзқарастары өзінен кейінгі матуриди ғалымдары дамытып, әрі қарай жалғастырды. Олардың пікірінше Аллаһ бар және бір. Аллаһтың заттық және субутилік кейбір сипаттары бар. Бұл сипаттар, Аллаһтың өзі де емес, одан басқа нәрседе емес. Тәкуин мен мукаууин екеуі екі бөлек. Адам баласының ақыл жолымен Аллаһтың бар екендігін танып білуі уәжіп. Иман тілмен ашық айтылып, жүрекпен бекітіледі. Амалдар иманның бір бөлігі емес. Амалдармен иман артпайды. Оларды тәрк етумен немесе күнә істеумен иман азаймайды. Иманды білдіруде «Иншаллаһ му'минмін» деп айтуға болмайды, оның орнына «мен шынында мұсылманмын» деп айту керек. Иман және Ислам терминдік тұрғыдан бірдей болып табылады. Үлкен күнә істеген иманнан шықпайды және күпірлікпен айыпталмайды. Құран Аллаһтың кәләмі. Кәләм Аллаһтың затымен бар болған әзәли бір сипаты. Құранның әріптері және дыбыстары кейіннен жаратылған. Адамның әрекеттерінің екі тарапы бар. Олардың жаратушысы Аллаһ. Адамның әрекеттері жарату жөнінен Аллаһқа, кәсб (іске асырып нәтижеге қол жеткізу) жөнінен адамға тән. Адам бүкіл іс-әрекетіне жауапты. Адамда болған жүз -и ираде (шектеулі қалау) жаратылмаған (мақылұқ емес) . Адам бір істі жасауға шешім қабылдаған кезде, Аллаһ бұл әрекеттің жүзеге асырылуы үшін күш жаратады; адам да бұл күшпен ол әрекетті жүзеге асырады. Аллаһтың ақыретте муминдерге көрінетіндігі нақылдық және ақылдық дәлелдермен дәлелденген. Әйелдердің пайғамбар болуы дұрыс емес{3}.
ІV/ІХ ғ. ғ. және V/ХІ ғ. ғ. Бағдатта Бувайхилердің үстемдік ете бастаған кезеңі; Табаристанда зәйдиялардың мемлекет құрған кезеңі; Исмайлилердің, карматилердің Орта Азияда атап айтқанда Нәсәф, Самарқант және Бадахшанда саманилерді үрейлендіретіндей дәрежеде күшеюі және фатимиттік исмайлиттердің Солтүстік Африкада мемлекет құрған кезеңдері болып табылады. Мауреннахр және Хорасанда матуридилікпайда болмай тұрып муғтазила, хадисшілер исмайлиттер, харижиттер, зәйдилер, мүржия және кәрәмия өз жақтастарын табу үшін әрекет жасап жатқан болатын. Дәл сол кезеңде бұл өлкеде манихейзм, буддизм, брахманизм, иудаизм және христиан діндерінің өздеріне тән орталықтары мен ғибадатханалары бар болатын. Муғтазила Мутауаккил кезеңінде бақылауға алынып, қысым көрсетіліп және зорлық-зомбылықтың нәтижесінде басқа өлкелерге кетуге мәжбүр болғандықтан іс-әрекеттерін Бағдат пен Басрадан басқа қалаларға ауыстырды. Осы себепті Хорасан мен Мауреннахр Исламмен қауышқаннан кейін муғтазила өкілдері паналайтын қалаларға айналды. Матуридимен тартысқан және қарсы пікірлер жазған мұғтазилалық Әбул Қасым әл-Бәлһи, матуриди кезеңінде Самарқантта саманилер әмірінің қол астында қызмет етті. Фикхта ханафилікті ұстануы, ол жерде ханафилер арасында іс-әрекеттерін жеңілдетуіне себеп болды. Дәл сол секілді исмайлилер, карматилік атымен саманилер кезеңінде Самарқанд, Нәсәф және басқа да Мауреннахр қалаларында жасырын немесе ашық түрде іс-әрекеттерін жүргізді. Саманилер кезеңінде исмайлиттік Мұхаммед ибн Ахмед ән-Нәсәфи (331/942) кейбір ресми қызметкерлерді өз жағына тартуда табысты болды. Кейінірек оның әрекеттеріне тиым салынып, өзі өлім жазасына кесілді. Карамилер фикхта ханафи мазхабында болуларына байланысты сол өлкедегі көптеген қалаларда дәруіштер мекені мен медреселер тұрғызды. Хадисшілер де шафиғи және ханбали мазхабтарын ұстанды. Хадисшілердің ұстанатын кітаптарының ішінде маңызды рөл алған «Кутубус -ситта» атты хадис жинақтарын жазған алты мухаддистің төртеуі, яғни, имам Бұхари, Муслим, Нәсәйи және Тирмизи осы өлкенің ғалымдары еді. Бұл жерде олардың шығармалары арқылы хадисшілер жамағатынының пікірлері күшейе бастады. Бірақ өлкеде ең күшті мазхаб фикхта ханафилік, сенім бойынша мүржиялық еді. Міне имам Матуриди Ислам жамағаттарының және басқа дінге қатыстылардың әрекеттері күшейе түскен уақытта Самарқандта дүниеге келді.
Имам Матуриди болса Әбу Ханифаның көзқарастары дамыту мақсатында кәләми жүйе құруды жүзеге асырды. Ханафиліктің негізі Куфада қаланған болатын. Әбу Ханифаның өзі кітап жазбағандықтан фикхқа және сенімге байланысты көзқарастары Әбу Юсуф, Имам Мухаммед және басқа да шәкірттері тарапынан кітап болып жинақталды. Аббасилер дәуірінің алғашқы ғасырында Куфа қаласы ханафиліктің білім беру орталығы болды. Әбу Ханифаның фикхтағы көзқарастары ең алдымен осы қалада ауқымды түрде дамыды және жорамалданып, кейінірек шығыста Хорасан және Мауреннахрда жайыла бастады. Атап айтқанда бүгін Өзбекстан шекарасында қалған Самарқанд және Ауғанстан шекарасында қалған Хорасанның Бәлх қаласы ханафиліктің және мүржияның Әмәуйлер дәуірінен бастап ең күшті орталықтары деп аталатын дәрежесіне дейін жетті. Әмәуйлер дәуірінен бастап кейбір мүржия ағымының кісілері жиі келіп кететін орталығы болған Самарқандта Әбу Ханифаның алғашқы маңызды әрекеттерінің Әбу Муқатил әс-Самарқандимен басталғандығы белгілі. Әбу Ханифаның жақын досы және шәкірттерінің бірі болған Әбу Муқатил оның сенімдік көзқарастарын ең жақсы білетіндердің бірі еді. Әбу Ханифаның сабақтарына қатысып, оның өте көп көзқарастарын үйренді. Оның Мәмуннің дәуіріне дейін өмір сүргендігі айтылады. Әбу Ханифадан тыңдаған пікірлерді ұстаз бен шәкірт арасында айтылған диалог тәрізді «Китабул-алим уәл-мутааллим» деген атпен жинақтап Самарқандта таратқан{4}.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz