Ақша - несие саясатыі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І.Ақша нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1Ақша туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қ.Р. ақшаға сұраныс және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ.Ақша.несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1Ақша . несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты ... ... ... ... ... ... .13
2.2Несие операциялары. Ақша нарығының операциялары ... ... ... ... ...15
2.3Ақша . несие саясатының механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ІІІ.Қ.Р.ғы ақша.несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.1ҚҰБ ақша.несия саясатының басты мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Кіріспе
Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндіруідіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады. Қазақстанның Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының жанама құралдарын пайдалана отырып, ақша базасының деңгейін реттеу жолымен инфляцияның төмен қарқынын ұстауға бағытталған тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізеді.
1998 жылдан бастап Ұлттық Банк бюджет тапшылығын тікелей кредиттеу практикасын доғарды.
Соңғы 5 жылдың (1996-2000 жж.) қорытындысы бойынша девальвация мен инфляция сияқты көрсеткіштер бойынша Қазақстан Шығыс Еуропаның Польша және Венгрия тәрізді елдерімен бір қатарда тұр. Инфляцияның төмен қарқыны және ұлттық валютаның нақты қайта бағалануының болмауы өндірістің және экспорттың өсуіне оң ықпал етеді.
Бай табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану теңге бағамын нығайтуға және төлем балансының ағымдағы шотының оң сальдосын қолдауға ықпал ететін шетел валютасының елге жеткілікті келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі тұрақты қалыптасты, ол таяу шетелдердегі банк жүйесімен салыстырғанда неғұрлым дамыған болып табылады. Екінші деңгейдегі банктердің қызметтің және есептіліктің ха-лықаралық стандарттарына көшуі, шетел банктерін ішкі нарыққа жіберу, банк капиталын шоғырландыру және банк секторын капиталдандыруды одан әрі арттыру банктеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, Қазақстанның банк капиталының әлемдік қаржы ағынына интеграциялануын ынталандырады. Халықаралық рейтингілік агенттіктердің кредиттік рейтингіне ие отандық банктердің саны 8-ге дейін өсті.
Банктік сектордың тұрақтылығы, жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесінің жүмыс істеуі коммерциялық банктердің жүмысына халықтың сенімін біртіндеп нығайтады, мұның өзі банктердің ресурстық базасының ұлғаюына ықпал етеді.Өз кезегінде олардың ресурстық базасының өсуі, банктер арасындағы бәсекенің күшеюі және қайта қаржыландыру ставкаларының бірнеше мәрте төмендеуі экономиканы кредиттеуді кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазіргі кезде таза халықаралық резервтер ақша базасынан 2,3 есе асып түседі, мұның өзі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оның үстіне Қазақстан алтын өндіретін ел болып табылады және алтын-валюта резервтерін ішкі тауар өндірушілерінен алтын сатып алу есебінен толықтыру мүмкіндігіне ие.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже-Актілер жинағы,2002,18құжат.
2.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.-Егемен Қазақстан, 1995,5шілде.
3."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.
4.Ақша,несие,банктер.-Алматы,2001.
5.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.
6.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
7.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред
8.Валюта түсінігі.-"Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
9.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6.
10.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
11."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
12.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І.Ақша
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1Ақша туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5

1.2 Қ.Р. ақшаға сұраныс және ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ.Ақша-несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 13

2.1Ақша – несие саясатының түрлері, құралы,
мақсаты ... ... ... ... ... ... .13

2.2Несие операциялары. Ақша нарығының операциялары ... ... ... ... ...15

2.3Ақша – несие саясатының
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...18

ІІІ.Қ.Р-ғы ақша-несие саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

3.1ҚҰБ ақша-несия саясатының басты
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...29 Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...31

Кіріспе

Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның
эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни
ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп
шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама
(эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның
қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен
байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол
мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің
нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында
делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық
есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де
ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал
екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны
мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге
жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің
қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның
құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар
өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндіруідіге түскен ақшаның
мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға
мүмкіндік туады. Қазақстанның Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының жанама
құралдарын пайдалана отырып, ақша базасының деңгейін реттеу жолымен
инфляцияның төмен қарқынын ұстауға бағытталған тәуелсіз ақша-кредит
саясатын жүргізеді.
1998 жылдан бастап Ұлттық Банк бюджет тапшылығын тікелей кредиттеу
практикасын доғарды.
Соңғы 5 жылдың (1996-2000 жж.) қорытындысы бойынша девальвация мен
инфляция сияқты көрсеткіштер бойынша Қазақстан Шығыс Еуропаның Польша және
Венгрия тәрізді елдерімен бір қатарда тұр. Инфляцияның төмен қарқыны және
ұлттық валютаның нақты қайта бағалануының болмауы өндірістің және
экспорттың өсуіне оң ықпал етеді.
Бай табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану теңге бағамын нығайтуға және
төлем балансының ағымдағы шотының оң сальдосын қолдауға ықпал ететін шетел
валютасының елге жеткілікті келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі тұрақты қалыптасты, ол таяу
шетелдердегі банк жүйесімен салыстырғанда неғұрлым дамыған болып табылады.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметтің және есептіліктің ха-лықаралық
стандарттарына көшуі, шетел банктерін ішкі нарыққа жіберу, банк капиталын
шоғырландыру және банк секторын капиталдандыруды одан әрі арттыру
банктеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, Қазақстанның банк
капиталының әлемдік қаржы ағынына интеграциялануын ынталандырады.
Халықаралық рейтингілік агенттіктердің кредиттік рейтингіне ие отандық
банктердің саны 8-ге дейін өсті.
Банктік сектордың тұрақтылығы, жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті
ұжымдық сақтандыру жүйесінің жүмыс істеуі коммерциялық банктердің жүмысына
халықтың сенімін біртіндеп нығайтады, мұның өзі банктердің ресурстық
базасының ұлғаюына ықпал етеді.Өз кезегінде олардың ресурстық базасының
өсуі, банктер арасындағы бәсекенің күшеюі және қайта қаржыландыру
ставкаларының бірнеше мәрте төмендеуі экономиканы кредиттеуді кеңейту үшін
қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазіргі кезде таза халықаралық резервтер ақша базасынан 2,3 есе асып
түседі, мұның өзі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оның
үстіне Қазақстан алтын өндіретін ел болып табылады және алтын-валюта
резервтерін ішкі тауар өндірушілерінен алтын сатып алу есебінен толықтыру
мүмкіндігіне ие.

I.Ақша нарығы
1.1 Ақша турулы түсінік

Акша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толык кұнды ақшалар және
толық құнсыз акшалар.Толық кұнды ақшалар — номиналдық құны оны дайындауга
кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және
алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған.
Монета түріндегі формасы — бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы —
аверс, артқы жағы — реверс және жаны гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы
Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген акшалай
қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.)
жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша mоnео — кеңес
беремін, көңіліңнен шығамын дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX
— Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі алған. Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай
белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
* алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай,нәтижесінде
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
* жоғары қүнды алтын ақшалар ұсаң құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
* алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауарайналымын
ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар (құннын белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан,
яғни олардын өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін
ақшалар.Оларға мыналар жатады:
құнның металдық белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалган белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік
ақшалар.
Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардын өкілдері.Қағаз ақшалар (қазыналық
билеттер) — бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға
ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналыбар құнның
белгілері.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем күрс қызметін
атқарады.
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінін дамуын яғни тауарларды сатып алу
және сатудын уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар.Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель,
банкнота және чек.
Вексель — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордын қарыздық міндеттемесі.
Қазакстанда жоғарыда аталған заң ңабылданға дейін және онан кейін де
вексель айналысы дамып келеді.
Банкнота (ағыл. сөзінде Ваnk-nоtе аударғанда банк билеті) — орталық
банктін айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Чек — ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.
Электрондық ақшалар — компыотер торабының ақпараттарды автоматты түрде
өндеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардын клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жынтығы.Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады.
Олар екі түрлі болып келеді: Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы
карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы
қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы колма-қол ақша алуға, сондай-ақ
тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.Кредиттік
карточка — онын эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартка сәйкес,
несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-
қол ақша алуға арналған карточка.

1.2. Қазақстанда ақшаға сұраныс және ерекшеліктері
Ақша сұранысы: теория. Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
Ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабі
летіне байланысты:
1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда
жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға
деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам
"ақша сұранысына" ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің
өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады
да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс
сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды
болатынын көреміз.
Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі
болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз
мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер
мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге
болады.
Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен
сабақтас келеді:
* Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде
қолданылады;
* Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
* Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына
сенімсіздік білдіреді.
Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М1
жөнінде айтамыз, себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:
* монетарлық;
* кейнстік.
Классиктер ақша сұранысын мына тендеу арқылы түсіндіреді:
МV= РҮ
М — айналымдағы ақша көлемі;
V - ақша айналымының жылдамдығы;
Р — баға деңгейі;
Ү - өнім шығару көлемі.
Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. 1-мотив
бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны телем құралы ретінде қажет етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
* тауар жиынының кәлемі;
* баға;
* жиынтық табыс;
* ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан
M dt =(f*Y+)
Бұл жерде M dt — ақшаға трансакциялық сұраныс;
Ү — жиынтық табыс.
Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болды.
Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін
оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар
көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды
болуы керек:
M di =(f*Y+)

M di — сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы. Бұл 2 сұраныс пайыз
мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, 1-суретте ол тік сызық ретінде
көрсетіледі.
Сурет 1. Ақша сұранысы. а-трансакциялық, ә- жалдаптық, б- жалпы.
Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотивті - жалдаптық мотивті бөліп
көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады.
Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату
арқылы табыс әкеледі.
Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында келесі факторларды
бөліп шығарады:
* табыс көлемі Ү
* пайыз мөлшерлемесі і
Md=f(Y+,i)
Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстік керісінше
пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады.
Инфляция факторын жою үшін ақшаға нақты сұраныс көрсеткішін пайдаланады
(МР)d=f(Yi)
1(б)-суретінде жалпы ақшаға сұраныс қисығы трансакциондық және жалдаптық
сұраныстарды горизонталды қосу арқылы алынған. Ақшаға сұраныс Мd і осін
қиып өтпейді, өйткені трансакциялық сұраныс және ақшаға сұраныс мотиві
бойынша пайыз мөлшерлемесінен байланыссыз, ол табыс деңгейімен анықталады.
Мұқтаждықты қанағаттандыратын ақша басқаға да пайдасын тигізеді.
Адамдардың алыпсатарлық жасауы үшін бірқатар қаражаты болғанымен, олар
кездейсоқ мұқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкін. Жоғарыда айтылған
үш дәлелдің әрқайсысы, егер басқа активтерге пайыз мөлшерлемесі артса, онда
ақша сұранысы төмендейді.
Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсіреді: доллар пайызының
түсуі көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз
мөлшерлемесі артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге
пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Іс жүзінде біз ақша құнын ақшаға
аламыз және де басқа активтерге, мысалы, сақтау мекемелеріндегі депозит
немесе бірлестіктердің депозит куәлігі немесе коммерциялық іс қағаздарға
төленген пайыз арқылы да өлшеп аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі — дербес
пайыз мөлшерлемесіне жатады.

Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз
мөлшерлемесі аралығындағы айырмашылыққа тең болады.

Сурет 2.

Келісімдер жөніндегі сұраныс. Келісімдер жөніндегі сұраныс қашанда
ақшаның тауар және қызметке төленуі барысында пайда болады.
Келісімдер жөніндегі сұранысты қарастыра отырып, біз пайыз
мөлшерлемесінің сомасы мен ақшаны аз ұстаудағы қолайсыздықтар арасындағы
айырмашылыққа кезігеміз. Бұл түсінікті болу үшін мынадай мысал келтірейік.
Әлдекім ай сайын, салық төлегеннен кейін, 1800 долл. алады делік. Ал бір
күнде ол ай сайын алатын 1800 доллардан 60 долларды жұмсайды немесе бір
күнде 60 долл. жұмсап, қалған 1,740 долларды үнемдеуіне болады. Бірақ оның
кұн сайын банктен 60 долл. алып тұруына тура келеді. Салымшы ай сайын
сақтық кассасында қалып отыратын ақшасына пайыз алады.
Мұны ақшадан түскен табыс дейміз. Келісім арқылы қанша ақша ұстауды білу
үшін жеке адам қолдағы ақшасының құнын білуі тиіс. Жеке адамның ай сайынғы
атаулы табысы Үn делік. Сол Үn кассадағы есепке ай сайын төленеді; оны
жұмсау үшін ол кассадан валюта немесе чек түрінде қаражат алады. Кассада
қалған депозиттен әр ай сайын і пайыз мөлшерлемесі пайда ретінде түседі. Ал
қолдағы ақшадан ондай пайда түспейді. Жеке адамның қолындағы және сақтық
кассасындағы есебі арасындағы басқа келісім құны (іс). Ол қүн жеке адам
уақыты немесе басқа адам аударымының қүны болуы мүмкін.
Ай сайынғы қолда бар ақша сомасының шегерілгендегі сомасына жақындығы
2(а) суретінде жеке адам бір айда бір келісімге сақтық кассасынан қолма-қол
ақша алғаны көрсетіледі. Айдың басында жеке адам бар сомасын Үn-ді қолма-
қол алады да, оны сол бір ай бойы жұмсайды. 2(ә) суретінде ақшаны екі
келісім жа-сағаны үшін ұстайды, біріншісі айдың басында, ал екіншісі айдың
орта шенінде жүзеге асады. (а)-да бір айдағы кассадағы ақша — Үn 2; (ә)-де
— Үn 4).
Кассаны үлесімді реттеу – орынды шығын санын анықтайды. Басқа келісім
құны –tc- тұрақты сома, ол МС сызығымен кескінделген. Шекті табыс — МВ — аз
мөлшердегі ақша балансының пайыздық сомасы. Шекті табыс шығын саны көбейген
сайын азая береді. Е нүктесінде ақша құны азайған Е нүктесіне сәйкес n*
шығын санын үнемдеу есебінен ақшаға айналады.
3-суреттен екі маңызды мәселе туындап отыр. Біріншіден, делдалдық құны
артты делік. Ол МС қисық сызығын жоғары қозғалтып, шығындар санын азайтады,

Сурет 3.
сондықтан n ақшаны арттырады. Екіншіден, пайыз мөлшерлемесінің өсуі МВ
қисық сызығын қозғалтады. Сондықтан артқан n ақшаны азайтады: пайыз
мөлшерлемесі жоғары болған кезде жеке адам жоғары пайыз мөлшерлемесін алу
үшін банкке жиі баратын болады. Сол себепті 3-сурет ақша сұранысы пайыз
мөлшерлемесіне қатысты екенін көрсетеді.
Табыстың өсуімен алғанда, 3-суреттен көрініп тұрғандай пайдасы аз.
Табыстың өсуі МВ қисық сызығын жылжытып, келісімдер санын арттырады.
Ақша сұранысының икемділігі. Тендеуде табыстың өсуіне қарай ақша
сұранысы пропорционалды артатыны көрсетілген. Басқаша айтқанда, табыстың
ақшаға коэффициенті - ҮnМ табыс деңгейіне қарай артады. Табысы жоғары адам
шамамен ақшаны аз мөлшерде ұстайды. Бұл жерде кассаны басқаруда экономика
деңгейі орын алады. Яғни ақша сұранысының икемділігі 1-ден аз [ол тендеуде
12-ге тең].
Табыс икемділігі ақша сұранысының пайыздық өзгеруін өлшейді. Ондағы
өзгеріс табыстағы бір пайыздық өзгерісте болуы тиіс. Сонымен, тендеу ақша
аударымының икемділігі делдалдыққа 12 екенін және пайыз мөлшерлемісіне де
12 екенін көрсетеді.
Табыс артқан кезде адам қолдағы бір долларын жұмсаған тұста қандай
жағдай туындайды? Табыс жоғарылағанда кассаны басқару нәтижелі болады.
Өйткені келісімнің әрбір долларының қүны жоғары келісімдерге қарағанда
төмендеу. Табыстың сұранысқа икемділігі:
Δ(М Р) ΔҮ Бұдан пайыздық Δ (М Р) . Δі
МР Ү икемділік: М Р і
Бұл ез кезегінде келісімдердің төменгі құны - делдалдық келісімінің
нәтижесі болып отыр. 10 долл. аударымның құны 10 млн. долл. аударыммен
шамалас, яғни бұл аударылған әр доллардың құны көп мөлшердегі аударымдар
кезінде төмен болады.
"Делдалдық кұны" (tс - кассадан алу құны) уақытқа байланысты. Табыс
артқанда tс Ү^-мен бірге артады. Ол кезде табыстың өсуі акдіа сұранысының
артуын көрсетеді де, ол 12-ден көп болады. Өйткені tс Ү^ -пен қатар
жүреді.

II Ақша – несие саясаты
1. Ақша – несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің
негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды
қағаздарды алып-сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша
нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет
мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде
орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады,
коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық
банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың
шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын
тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету
арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк опера-
цияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие
саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем
қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз
етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие
саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан
Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақ-
тылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық
банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол
ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері. Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-
несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының мақсаты және құралдары. Ақша саясатының
құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде,
тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық,
валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере
отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде
қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
* қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
* ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған
қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
* мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу жәнесату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу;
* банктерге және үкіметке несие беру;
* валюталық нарықтағы басқыншылық;
* кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер еңгізу;
* ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

2.2 Несиелік операциялары. Ақша нырығындағы операциялар
Міндетті резервтер. Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз
мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі
ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз
мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты
бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды — бұл міндетті резервтердің артық
сомасы өтімді құралдарға сұраныс есетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.
Резервтік талаптар. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде,
банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері
бойынша төлемсіздікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы айналым активтерін және босалқы қорды басқару
Фашизмнің саяси тәжірибесі және оны бағалау
Гитлердің ұстанған сыртқы саясаты
Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениеті
Ұйым элементтері және басқару үрдісі
Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
Ақша саясаты
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Пәндер