Қалқанша без


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos -қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден ( фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин - тироглобулин болатын қоймалжың зат - коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.

Қызметі:

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

Жемсау (зоб) ауруы - бұл қалқанша безінің әнтек зораюынан пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін.

Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті әйелдің организмінде йодтың жетіспеушілігі баланың өлі тууына немесе ақьш-есі кем, мылқау боп тууына себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай анасы жемсау боп ауырмаса да болуы мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтарда жиі кездеседі. Таулы аймақ тұрғындары үнемі бір өңкей азықпен, мәселен, маниока сияқты организмді зоб ауруына шалдықтыруға бейім тағамдармен көп тамақтанбауы қажет.

Зобты қалайша алдын алып емдел жазуға жэне кретинизмді қайтіп болдырмауға болады: Зоб ауруы көп тараған аймақта тұратын адамдардың барлығы ішіп-жемінде йодталған тұзды қолданулары қажет. Бүл зобтан алдын-ала сақтандырғыш әрі оны емдеп жазатын дәрмек те болып табылады (қатайып, беріштеніп кеткен жемсауды тек қана хирургиялық жолмен алып тастауға болады, бірақ мұның қажеттілігі жоқ) .

Егер йодталған тұзды таба алмасаңыз, йод ерітіндісін қолданыңыз. Бір тамшы йодты бір стақан суға ерітіп, күн сайын 1 стақаннан ішіп отырыңыз. Алайда сақ болыңыз: йодтың дозасын аңдамай арттырып жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Йодтың артық дозасы болып кетсе (бір стақан суға қосылатын йод 1 тамшыдан артық болып кетсе), ауруды одан әрі қоздырып жіберу қаупі бар. Йод құйылған құтыны баланың қолы жетпейтін жерде ұстау керек. Жалпы йодтың өзінен гөрі йодталған тұз қолдану анағұрлым қауіпсіз де ыңғайлы.

Зобқа қарсы қолданылатын үйдегі емдік нәрселердің көпшілігінің әсері әлсіз болып келеді. Бұларға қарағанда, құрамында йод мөлшері көп краб және басқа да теңіз жәндіктері мен өсімдіктерінің зоб ауруын емдеп-жазуға немесе оны болдырмауға тигізетін пайдасы зор. Сондықтан да асқа жеуге болатын теңіз балдырын қосып отырса да пайдалы. Дегенмен де зобтан құтылудың ең оңай жолы йодталған тұзды қолдану болып табылатынын қайталап айтамыз.

[өңдеу]

Зобты қалай болдырмауға болады

Әрдайым йодталған тұзды қолданыңыз. Йодталған тұз ас тұзымен салыстырғанда қымбаттырақ, бірақ одан анағұрлым пайдалырақ.

Егер сіз зоб ауруы көп таралған аймақта тұрсаңыз және осы аурумен ауыруға организмнің бейімділігін сезініп, тіпті алғашқы белгілері пайда бола бастаған жағдайда ең алдымен капуста мен маниока жеуді тоқтатыңыз.

Ескертпе: Егер зоб ауруымен ауыратын адам қолы-басы қалтырап, өте ашуланшақ болып, көз шарасы үлкейіп кетсе, онда бүл зобтың ерекше түрі (улы зоб) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шұғыл түрде білікті дәрігер маманға көріну қажет.

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиеттер

Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық) . Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А. -Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994- 506 бет.

↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9

↑ Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х

↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалқанша безі құрылысы, синтезі және зат алмасуға, клетка биоэнергетикасына әсер ету механизмдері
Эндемиялық бұғақ ауруына жалпы сипаттама
Эндокриндік жүйе
Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Гипофиз және эпифиз
ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
Жыныс бездері туралы
Эндокриндік жүйе туралы
Эндокриндік бездер физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz