Кұрамы жағынан әртүрлі халықтардың қонысы болып, аралас-құралас отырып, тығыз қарым-қатынаста болған өңірі тұрғындары тілін зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... .3
І тарау
Фонетикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Дауысты дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ тарау
Лексикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ..23
2.1 Киім.кешек үй жабдығына байланысты атаулар...
2.2 Үй құрылысына байланысты сөздер ... ... ...27
2.3 Ыдыс.аяқ атауларына байланысты сөздер ... ..29
2.4 Тағам атауларына байланысты ... ... ...30
2.5 Құрал.сайманға байланысты сөздер ... ... .32
2.6 Туыстық атауларға байланысты сөздер ... ... .33
2.7 Өсімдік атауларына байланысты сөздер ... ... .34
2.8 Мал шаруашылығына байланысты сөздер ... .35
2.9 Кәсіби сөздер ... ... ... ... ... ... 36
2.11 Ирригацияға байланысты сөздер ... ... ... ..38
2.12 Бау.бақша, көкөніске байланысты сөздер ... 40
ІІІ тарау
Грамматикалық ерекшеліктер ... ... ... ... .45
3.1 Есім сөздерді тудыратын жұрнақ ... ... .45
3.2 Септік жалғауында кездесетін өзгешелік ... ... 46
3.3 Етістік тудыратын жұрнақтар ... ... ..47
3.4 Есімдіктерде кездесетін өзгешеліктер ... ...48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ..49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ...52
Жер-жердегі тілдік ерекшеліктің болуы сол өңірді мекендейтін халықтың шұғылданатын кәсібіне, әр өлке кәсібінің әдет-ғұрпына, географиялық аймақтық және сол жердегі әр тілді халықтардың араласуына да байланысты. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу өткен ғасырдың отызыншы жылдарында басталғанымен, Қазақстан территориясын және одан тыс жерлердегі қазақтар тілін толық зерттеп біте алған жоқ. Қазақ диалектологиясы үшін қызмет атқарған тіл мамандарының алғашқы адымдары өз республикамыздағы қазақтардың жергілікті тіл ерекшеліктерін жинастырудан бастап, жиналған деректер негізінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мақалалар мен ішінара жеке кітаптар арқылы көрініп отырды. Олардың одан кейінгі жылдары республикадан тыс жердегі басқа түркі халықтарымен немесе басқа текті халықтармен аралас отырған қазақтар тілін зерттеуге ойыса бастады. Атап айтқанда, Түркіменстан қазақтарының тілі жайында Ә.Нұрмағанбетовтің, Өзбекстандағы қазақтар тілі жайында Т.Айдаровтың, Еділ бойы қазақтарының тілі жөнінде А.Тасымовтың, Батыс Сібір қазақтары тілі жөнінде Қ.Нұрманәлиев, Моңғолия қазақтары тілі туралы Б.Базылхан және Ауған Иран қазақтары тілі жөнінде Б.Өтебековтың диссертациялық еңбегі жазылды.
Тарих тауқыметін тарыдай шашыраған қазақтардың Тәжік қазақтары 12 мыңдайы Тәжікстанды мекен еткен. Тәжікстанға қазақтардың көшуі екі кезеңнен тұрады: 1. 1860-1870 жылдары ақ патшаға бодан болмаймыз деген ниетпен 500 үй адай, өзге де кіші жүз рулары Тәжікстанға көшіп, Бұхара хандығынан жер алған. 2. Жаппай көшу деп атасақ болады 1937 жылдағы қуғын-сүргін оқиғасынан кейінгі кезең. Оңтүстік Қазақстан көші-қон басқармасынан алынған мәліметте тәжік қазақтарынынң елге оралу үрдісі диаграмма арқылы көрсетілген. Онда Тәжік қазақтарының оңтүстік өңірге көбірек қоныстанғаны байқалады.
1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка.-
Алма-ата, КазГосУчпедгиз,1959.-С450.
2. Сағындықова Ф. Тәжікстанда тұратын қазақтардық тілі женінде.— Қазақ ССР Ғылым академиясыньщ Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 1979, № 2.
3. Жүсіпова Б. Түркістан тұрғындары тіліндегі ерекшеліктер. Канд.дисс.автореф.-Алматы 2003.
4. Нұрмағамбетов Ә. Қазақ тілі говорының батыс тобы. -Алматы: Ғылым.
1978.-45б.Қазақ СССР тарихы. Бес томдық. -Алматы: Ғылым. 1980.1-том 274,294, 319, 365, 398-беттер.
5. Есімболова М. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшеліктері.
Канд.дисс.автореф. -Алматы, 2001.
6. Нұрмағамбетов Ә. Түркменістандағы қазақтардың тілі.-Алматы: Ғылым,
1974.-296.
7. Бекетов Б. Қарақалпақ қазатарының тілі. — Алматы: Рауан. 1992.-1246.
8. Узбек халқ шевалари луғати. -Тошкент. Узбекистон ССР "Фан
нашриети" 1971.
9. Байжолов А. Языковые особенности казахов Кустанайской области.
Автореф.канд.дисс. -Алма-ата, 1964.-С24.
10. Болатов Ж. Восточная группа говоров казахского языка и ее отношение к литературному языку. Автореф.канд.дисс. —Фрунзе, 1970.-С140.
11. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары
мен міндеттері.// Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелрі.-
Алматы: Ғылым, 1974. 4т. —430б.
12. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі І том – 1996, ІІ том – 1999
13. Омарбеков С. Диалектілік құбылыстар төркінін тереңнен
барлаушы//Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі.-Алматы:
Ғылым, 1990.-3656.
14. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Том I. —Алматы,
1984. II том 1989.
15. Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. -Алматы. 1979.
16. Борибаев А. Языковые особенности урдинских казахов.
Автореф.канд.дисс. Алма-ата, 1966.-С.8.
17. Айдаров Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы 1995 – А., 120б
18. Нурмағамбетов А. «Казахский говор на территории Туркменский ССР» - автореферат дисс.канд.филол Наук Алматы-1965
19. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» 2000 – Алматы, 180б
20. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері»
21. Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер.-
Алматы: Ғылым, 1965.-.2046.
22. Досқараев Ж. Некоторые вопросы диалектологии и истории казахского
языка// Вопросы языкознания. 1953.-N2. С.83-92.
23. Доскараев Ж. «Некоторые вопросы казахской диалектологии» Вестник 1953
24. Османалиева Б. Иранские элементы в тюркских языках. В книге: Источники формирования тюркских языков. -Фрунзе: 1966.
25. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. -Москва: 1962.
26. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение
казахов.-Алма-ата: Наука, 1998.-С.255.
27. Сарыбаев Ш. К вопросу о диалектном членении казахского языка //
Вопросы диалектологии тюркских языков. -Баку: Изд.Слово. АН
Азербайджанской ССР, 1966.-ТЗ. С.45-54.
28. Уйгуро-русский словарь –Москва-1961. 200с
29. Историко-сравнительный словарь тюркских языков XIV века – Москва – 1979
30. Сайфуллаев Д. Қазақша-өзбекше сөздік Алматы-2001 300б
31. Киргизско-русский словарь Москва – 1965.
32. Қашқари М. Түрік сөздігі – Алматы 1997, І-ІІІ том 550б
33. Азербайжанча-русча луғат. – Баку, Азернешр - 1985
34. Каракалпакско-русский словарь – Москва – 1958.
35. Пушту-русский словарь.1986. 256с
36. Арыстанғалиев С, Рамазанов Е. Қазақстан өсімдіктері.- Алматы:
Ғылым, 1977.-2856.
37. Персидско.-русский словарь Москва -1983
38. М.Балақаев пен Е.Жанпейісов "Қазақ тілінің стилистикасы"
39. Русско-таджикский словарь Москва - 1959
40. Нақысбеков О. Қазақ тілінің ауыспалы говоры.- Алматы: Ғылым, 1972.-
266.
41. Жүнісов Н. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. -Алматы: Мектеп,
1981.-196.
42. Өтебеков Б. Қазақ диаспорасының тілі. - Алматы: Білім, 2000.-1826.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау
Фонетикалық
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 8
1.1 Дауысты дыбыстарға байланысты фонетикалық
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..8
1.2 Дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .13
ІІ тарау
Лексикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.1 Киім-кешек үй жабдығына байланысты атаулар ... ... ... ... ... .26
2.2 Үй құрылысына байланысты сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.3 Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.4 Тағам атауларына байланысты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.5 Құрал-сайманға байланысты сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
2.6 Туыстық атауларға байланысты сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.7 Өсімдік атауларына байланысты сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.8 Мал шаруашылығына байланысты сөздер ... ... ... ... ... ... ... .35
2.9 Кәсіби сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.11 Ирригацияға байланысты сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.12 Бау-бақша, көкөніске байланысты сөздер ... ... ... ... ... ... ... .40
ІІІ тарау
Грамматикалық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
3.1 Есім сөздерді тудыратын жұрнақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
3.2 Септік жалғауында кездесетін өзгешелік ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.3 Етістік тудыратын жұрнақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
3.4 Есімдіктерде кездесетін өзгешеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...52

КІРІСПЕ
Тақырыптың жалпы сипаттамасы Жер-жердегі тілдік ерекшеліктің болуы сол
өңірді мекендейтін халықтың шұғылданатын кәсібіне, әр өлке кәсібінің әдет-
ғұрпына, географиялық аймақтық және сол жердегі әр тілді халықтардың
араласуына да байланысты. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу өткен
ғасырдың отызыншы жылдарында басталғанымен, Қазақстан территориясын және
одан тыс жерлердегі қазақтар тілін толық зерттеп біте алған жоқ. Қазақ
диалектологиясы үшін қызмет атқарған тіл мамандарының алғашқы адымдары өз
республикамыздағы қазақтардың жергілікті тіл ерекшеліктерін жинастырудан
бастап, жиналған деректер негізінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының
нәтижелері мақалалар мен ішінара жеке кітаптар арқылы көрініп отырды.
Олардың одан кейінгі жылдары республикадан тыс жердегі басқа түркі
халықтарымен немесе басқа текті халықтармен аралас отырған қазақтар тілін
зерттеуге ойыса бастады. Атап айтқанда, Түркіменстан қазақтарының тілі
жайында Ә.Нұрмағанбетовтің, Өзбекстандағы қазақтар тілі жайында
Т.Айдаровтың, Еділ бойы қазақтарының тілі жөнінде А.Тасымовтың, Батыс Сібір
қазақтары тілі жөнінде Қ.Нұрманәлиев, Моңғолия қазақтары тілі туралы
Б.Базылхан және Ауған Иран қазақтары тілі жөнінде Б.Өтебековтың
диссертациялық еңбегі жазылды.
Тарих тауқыметін тарыдай шашыраған қазақтардың Тәжік қазақтары 12
мыңдайы Тәжікстанды мекен еткен. Тәжікстанға қазақтардың көшуі екі кезеңнен
тұрады: 1. 1860-1870 жылдары ақ патшаға бодан болмаймыз деген ниетпен 500
үй адай, өзге де кіші жүз рулары Тәжікстанға көшіп, Бұхара хандығынан жер
алған. 2. Жаппай көшу деп атасақ болады 1937 жылдағы қуғын-сүргін
оқиғасынан кейінгі кезең. Оңтүстік Қазақстан көші-қон басқармасынан алынған
мәліметте тәжік қазақтарынынң елге оралу үрдісі диаграмма арқылы
көрсетілген. Онда Тәжік қазақтарының оңтүстік өңірге көбірек қоныстанғаны
байқалады.
Мәліметке қарай отырсақ, тәжік қазақтары Оңтүстік өңірге және өзбек
халқымен аралас отырған мекенге орналасуы тілде өзбек тілінің әсері мол
болғаны байқалады. Бұл әсіресе Жетісай, Сарыағаш, Түркістан өңіріне қарасты
елді-мекендерде мақта шаруашылығымен айналысатын көпшілік тілінде анық
байқалады.
Жоғарыда айтылған тарихи оқиғалар нәтижесінде Тәжікстанды әр алуан
халық мекен еткен. Солардың ішінде қазақтармен ертеден етене жақын
араласқан тәжік және өзбек халқы тұрғындардың қоныстануының тарихи
кезеңдеріне, олардың әсіресе өзбек халқымен аралас немесе бөлек, жеке ауыл
болып отыруына, қазақ тіліндегі жергілікті баспасөздің болу-болмауына және
қазақ балаларының ана тілінде оқу-оқымауына байланысты жергілікті
ерекшеліктер болатындығы мәлім.
Бірер сөз қазақ диалектологиясын зерттелуі жайында осы күнге дейінгі
зерттеулерде қазақ диалектологиясының негізін салып, алғаш мақала жарялап,
кандидаттық, докторлық дәреже алғандар С.Аманжолов (1949ж) пен Ж.Досқараев
(1944ж) болды. С.Аманжолов Каспийде сабақ беріп жүргенде, Қазақстанның әр
тарапынан келген студенттердің тіліндегі ерекшеліктерге ерекше назар
аударған.1.15б
Тәжік қазақтары тілінің зерттелуі жайлы сөз етсек, Тәжікстанға үш рет
экспедиция жасалған. Сол экспедицияның материалдары баспасөзде жарық
көрген. 2.3
Тәжік қазақтарының ерекшелігі мүмкін болғанша, қазақ тілінің басқа
сөйленістерімен салыстыра зерттелді. Олар жеке зерттеу нысаны болып,
монография ретінде жазылған Түркістан 3, Маңғыстау 4, Шу 5,
Түркменстан 6, Қарақалпақстан 7, Өзбекстан 8, Қостанай 9, Шығыс
10 сөйленістер тобына қатысты еңбектермен салыстырыла қаралды.
Оңтүстік говорлар тақырыбында докторлық диссертация қорғаған
О.Нақысбеков тәжік қазақтары тіліндегі ерекшеліктерді Оңтүстік сөйленіс
тобына қосқан. Оңтүстік сөйленісіне тән өзгешеліктері болғанымен, олардан
айырма алшақ, ерекше тек өздеріне ғана тән өзгешеліктері де бар екенін
айтқан жөн. Бұл айырмашылықтарды көрсетететін деректер дипломдық жұмыстың
фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне арналған
тарауларында берілген.
Тақырыптың өзектілігі Бүгінгі күні қазақ халқының рухани да қоғамдық-
әлеуметтік тіршілігінің барлық саласына тамырын кең жайып, халқымыздың
қатынас құралы ретінде қызмет істеп отырған әдеби тіліміздің даму жолының
өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп қарасақ, оның қалыптасуы мен
кемелденуіне ұйытқы болған халық тілі екені айқын сезіледі. Әдеби
тіліміздің жаңа дәуір талабына сай биік белестерге де көтерілуіне қозғау
салған халық тілі. Жергілікті халық тілінің байлығы әдеби тіліміз нәр
алатын таусылмас бұлақтың бірі. Қазіргі кезде жергілікті тіл ерекшеліктері
жөнінде ұлттық әдеби тілді байытудың қайнар көзі деп қарайтын оң пікір
қалыптасқан кезде, диалектологиялық материалдарды жинап-теріп жүйелеу,
оларға лингвистикалық талдау жасау аса қажетті істердің бірі болып
саналады. Академик Ә.Қайдаровтың 11.34, "Этностың басып өткен сан
ғасырлық даму жолы, этнос өмірінің даналығы мен дүниетанымы тек тілінде
ғана сақталады" деген тұжырымын еске алсақ, халықтың байырғы кездегі
дүниетанымын, рухани мәдениетін, шаруашылық жүргізу тәсілдері
мен кәсібінен мол дерек беретін
жалпыхалықтық тілдің аса маңызды дерек көздері болып саналатын жергілікті
тіл ерекшеліктерін жинау жұмыстың өзектілігін, оның соны, тың мәселеге
арналғанын көрсетеді.
Әдеби тіліміздің икемділігін арттырып, сөздік қорымызды аз да болса
молайтуға болатын халық тілін Тәжік қазақтары сөйленісі негізінде зерттеп,
оның басқа сөйленістерден, әдеби тілден айырмашылықтарын анықтап, әдеби
тілді байытудағы көкөніс, өсімдік, ирригация, үй құрылысына, тағам
атауларына байланысты сөздердің берілуі Тәжік қазақтары сөйленісінің
қостілділік сипатының анықталуы жұмыстың өзектілігін танытады.
Зерттеудің нысаны Казақ тілінің оңтүстік сөйленістер тобына кіретін
Жетісайға көшіп келген Тәжік қазақ тұрғындары тілінің ерекшеліктерін
зерттеп, оның өзіндік өзгешеліктерін, сондай-ақ қазақ тілінің басқа
говорларымен ортақ әрі айырма жақтарын анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері Жұмыстың негізгі мақсаты кұрамы
жағынан әртүрлі халықтардың қонысы болып, аралас-құралас отырып, тығыз
қарым-қатынаста болған өңірі тұрғындары тілін зерттеп, оның тілдік сипатын
анықтау, оңтүстік сөйленістер тобындағы орнын белгілеу. Осыған байланысты
жұмыс барысында мынандай міндеттерді шешу көзделді:
-Тәжік қазақтарына тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
ерекшкліктерді анықтау, жүйелеу және оның қостілділік сипатын анықтау;
-Тәжік қазақтарының қазақ тілінің оңтүстік сөйленістер тобымен ортақ
фонетикалық, грамматикалық, лексикалық белгілерін анықтау;
Зерттеу жүмысының әдіс-тәсілдері Жұмыстың зерттеу нысанасының
ерекшеліктеріне сәйкес сипаттау, талдау, жинақтау, тарихи-салыстырмалы және
лингво-географиялық тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері Жұмыстың дерек көздері ретінде соңғы екі
жыл көлемінде жиналған 1500-дай дыбыстық, грамматикалық, лексикалық
ерекшелігі бар сөздер мен сөз тіркестер осы жұмысты жазуға негіз болды.
Осымен қатар кейбір материалдар "Қазақ тілінің диалектологиялық
сөздіктерінен 12, тұрғындар тілінен жиналған материалдардан алынды.
Зерттеу нәтижелерінің жаңалығы Тәжік қазақтары тілінің жергілікті
ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде:
-Тәжік қазақтарының тілдік өзгешеліктері жинақталып, бір жүйеге
келтіріліп, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық топтарға жіктелді.
-Тәжік қазақтары тіліндегі ерекшеліктерді қазақ тілінің басқа
сөйленістерімен салыстыра зерттеу нәтижесінде осы өңірге тән дыбыстық,
грамматикалық, лексикалық ерекшеліктер анықталды.
-Тәжік қазақтарынң әдеби тілге қатысы, лексикалық жағынан айырмасы
айқындалып, әдеби тідді байытудағы Тәжік қазақтары тілінің орны көрсетілді.
Әсіресе көкөніске, мақта, ирригация, үй құрылысына, тағам аттарына
байланысты сөздердің әдеби тілден орын алатын мүмкіндігі көрсетілді.
-Тәжік қазақтары тілінің тәжік, өзбек тілдерімен тығыз қарым-қатынасы
ескеріліп, бұл жер қостіліділік сипаттағы подговор деп атауға болатыны
дәлелденді.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы Қазақ тілінің оңтүстік сөйленістер тобындағы
тілдік ерекшеліктердің негізгісі сондағы қазақтардың басқа халықтармен
болған тілідік қарым-қатынастарынан туған айырмашылықтар. Зерттеліп
отырған Оңтүстік сөйленісіндегі өзгешеліктер қазақ-тәжік тілінің бір-
біріне еткен әсерінен туған қостіліділік сипаттағы құбылыстар болып
саналады.
Жұмыстың практикалық мәні Қазақ диалектологиясында қостілді халықтар
қоныстанған мекендегі тұрғындар тілі аз зерттелген. Зерттеудің нәтижесі
қазақ тілінің тарихи диалектология, тарихи грамматика, тарихи лексикология,
этнолингвистика, социолингвистика ғылыми курстарын оқытуда, осы пәндер
бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға пайдалануға болады.
-Тәжік қазақтары тіліндегі фонетикалық, грамматикалық, лексикалық
ерекшеліктердің оңтүстікке кіретін Шу, Жетісу, Қызылорда, Түркістан,
сөйленістерімен салыстырғанда, олармен ортақтық жағымен қатар, едәуір
айымашылықтары да байқалады.
-Тәжік қазақтары тіліндегі лексикалық ерекшеліктердің тілдердің өзара
әсерінен болумен қатар, олардың шұғылданатын кәсібінің түріне де
байланысты. Бұл өңір, әсіресе, егін, мақта, көкөніс, суландыру
шаруашылығына, өсімдік, тағам аттарына байланысты сөздерге бай екендігі
анықталды.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және
қорытындыдан тұрады. Зерттеу соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілді.

І Тарау
Фонетикалық ерекшеліктер.
1.1 Дауысты дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер
Тәжік қазақтары тіліне тән лексикалық, грамматикалық ерекшеліктермен
қатар фонетикалық ерекшеліктер де кездеседі. Зерттеліп отырған тұрғындар
тілінде кездесетін дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер дауыстылардың
бірінің орнына екіншісінің қолданылып, алмасуымен және кейбір дифтонг
дыбыстың ықшамдалып, әдеби тілдің өзгешеленіп келуімен сипатталады. Дыбыс
алмасу құбылысы тек қана қазақ тілінің жергілікті сөйленісіне тән құбылыс
емес екендігі баршаға аян. Сөйленістердегі байқалып жүрген алмасудың түп-
төркіні бүкіл түркі тілдерінің фонетикалық жүйесімен байланысты, тамырын
кең жайған құбылыс екені мәлім. Өйткені тіліміздегі қандай да бір дыбыс
алмасуы түркі тектес тілдердің арасындағы дыбыстық алмасулардан
айырмашылығы жоқ десек те болғандай. Біз бұл зерттеуімізде осы өңірге тән
дыбыстық өзгешеліктердің ішінен басты құбылыс ретінде дауысты дыбыстардың
алмасуын тілге тиек етіп отырмыз.
Дауыстылардың алмасуы Ә-А Зерттеліп отырған тұрғындар тілінен жиналған
материалдардың ішінде көзге түсетіні, жиірек кездесіп, саны жағынан молырақ
сөздерді қамтитын құбылыс ретінде едәуір сөздердің жіңішкеріп айтылуын
атауға болады. Әдеби тілімізде және қазақ тілінің басқа говорларының
көпшілігінде жуан а қолданылатын сөздерде Тәжік қазақтары тілінде жіңішке ә
жұмсалады. Мысалы һәфтә - апта, әшәр-асар, сәәт-сағат, һәрә — ара, һәйран-
қайран, тәмәмләш — тамамдау, чәнчу — шаншу, әшәніп-жасанып, чәрвә-шаруа
т.б.
Диалектология жөніндегі зерттеулерге қарағанда сөздердің жіңішкеріп
айтылуы қазақ тілінің басқа говорларында да кездеседі. Әсіресе бұл құбылыс
қазақ тілінің оңтүстік говорларына (Шу, Шымкент, Тәжік) тән ерекшеліктердің
бірі болып саналады. Сонымен бірге бұл өзгешелік Қарақалпақ пен
Түркменістандағы қазақтар говорында, бір-екі сөз көлемінде болса да,
Қостанай қазақтары тілінде кездесіп қалады. Зерттеліп отыран өңірде
сөздердің жіңішкеріп айтылуы басқа говорларда жоқ сөздерді қамтиды.
Сөздердің жіңішкеріп айтылуы қазақ тілінен басқа өзбек, түрікмен тілдерінің
кейбір говорларында да кездеседі, Тәжік қазақтары тіліндегі сөздерінің
жіңішкеріп айтылу құбылысы жағынан казақ тілінің оңтүстік говорлар тобына
жақын екенін аңғартады 13.24-30.
А–Ә Жоғарыда аталған құбылысқа керісінше жіңішке ә қолданылатын
сөздерде жуан а дауысты дыбысы жұмсалады. Мысалы адат - әдет, аял-әйел, акә-
әке, алам-әлем, аста-аста - әсте-әсте, бары — бәрі, бекар — бекер, даража -
дәреже, дастүр — дәстүр, салам — сәлем, хакім - әкім, палакәт — пәлекет,
асал-әсел, адайы-әдейі, адат-әдет, тарат-дәрет, чаугум- шәугүм, палан-пәлен
т.б.
Бұл дыбыстық алмасу қазақ тілінің басқа говорларында бой көрсетіп
қалып отырады. Карақалпақ қазақтарының оңтүстігінде (аура, маз, ары,
забыр), Семей облысының Мақаншы, Ұржар ауданарында (жардам, аял, тарбия)
бірер сөздерде ә орнына жуан а дыбысы қолданылып айтылады.
Тәжік қазақтары тілінен жоғарыда келтірілген сөздерде ә орнына жуан а-ның
қолданылуы негізінен араб-иран тілдерімен бірдей. Ол тілдерде де жуан
айтылады.14.38
Ә - Е Әдеби тілде е дауысты дыбысы айтылатын кейбір сөздерде Тәжік
қазақтары тілінде ә қолданылады. Мысалы: әгәр-егер, бекәр-бекер, пәндә-
пенде, бәрәкә-береке, дәрт-дерт, зәргәр-зергер, кәсәл-кесел, кәм-кем, мәкән-
мекен, рахмәт-рахмет, сәбәп-себеп, шәкәр-шекер, шәрбәт-шербет, чіллә-шілде,
біләузік-білезік, әтәк-етек, әнә -әне, кәлін-келін, мәктәп-мектеп, әгу-егу,
ән-ен, әркә-ерке, кәләжәк-келешек, кәрәк-керек, күндә-күнде, әртәк-ертек,
өпкә-өпке, бәтігә-бетіне, ләгән-леген, әпчіл-епшіл, тәнә-дене, рәнжу-ренжу,
өгәй-өгей, кәсәк-кесек, әллік-елу, мәмләкәт-мемлекет,тәріс-теріс, дәфтәр-
дәптер, сәллә-сәлде, жөгәрі-жүгері т.б.
Бұл алмасу қазақ говорының Шу говорында бір-екі сөз төңірегінде (нәсеп,
нәгез) Түрікменістандағы қазақтар тілінде және Семей, Шығыс Казақстан
облыстарындағы тұрғындар тілінде кездесіп қалады 15.30.
Тәжік қазақтары тілінде е орнына ә дыбысының молырақ қолданылуы да
сондағы аралас отырып, қарым-қатынас жасаған тәжік тілінің әсері деп
қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
А — Ы Говордағы а, ы дауыстыларының алмасу реттері де жоғарыда сөз болған
дыбыстық алмасуларға ұқсас. Мұнда да бірқатар сөздердегі ашық а дауысты
орнына қысаң ы дауыстысы жұмсалады. Мысалы : разы — риза, тоғры — тура,
ықпыл-ықпал т.б.
Бұл дауыстылардың алмасуы негізінен қазақ тілінің батыс говорлар
тобына тән құбылыс болып саналады. Ғылыми зерттеулер және
экспедициялық материалдар бұл пікірді қуаттай түседі. Оған Орда говорын
зерттеген Д.Бөрібаевтың және қазақ тілінің батыс говорлар тобы жөнінде
жарық көрген Ә.Нұрмағамбетовтың еңбектері дәлел 16.48.
Жалпы а, ы дыбыстарының бірінің орнына бірінің айтылуы жалғыз қазақ
тілі говорларына ғана тән емес, басқа да бірқатар түркі тілдерінің
фонетикалық жүйесіне тән құбылыс. Мысалы : саха, тува, чуваш тілдерінде
түркі тілдерінде ашық а дауыстысы айтылатын жерде ол дыбыстың орнына
әрдайым ы дауыстысы жұмсалады. Өзбек тілінің құрама говоры мен түрікмен
тілінде бұл алмасулар бар.
Е-I Зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде езу дыбыстардың ашық,
қысаң дауыстылары біраз сөздерде алмасып айтылады. Әдеби тілдегі ашық
дауысты е қолданылатын кейбір сөзде Тәжік қазақтарында қысаң і жұмсалады.
Мысалы: ісім - есім, ічкім — ешкім, ігіліп-егіліп, сәскі-сәске т.б.
Қазақ тілінің ерекшеліктері жайында жарық көрген зерттеулерге зер
салсақ, е і дыбыстарының алмасуы да кездеседі. Әсіресе бұл құбылыс
Түркіменістандағы, Түркіменістанмен шектес жатқан Қарақалпақ және Маңғыстау
қазактары тілінде де бар құбылыс болып саналады. Бұл ерекшелік те Тәжік
қазақтары тіліндегі өзбек, түркі тілдерінің әсері деп санауға болады. Бұл
дыбыс алмасуының қазақ тілінде бар құбылыс екеніне П.М.Мелиоранский т.б
ғалымдар назар аударған. Осы алмасулар жөнінде П.В.Радлов, Н.К.Дмитриев
сынды ғалымдар пікір айтқан.17.34-38
Я-Е. Бұл құбылыс қазақ тілінің басқа говорларында кездесе бермейтін,
тек осы зерттеліп отырған Тәжік қазақтары тіліне тән ерекшелік деп
санауымызға болады. Қосалқы е дыбысының орнына езулік я дауыстысының
қолданылуы мына сөздерде кездеседі : сүяк - сүйек, дуния -дүние, Дарие -
Дария, жиян - жиен, жияк — жиек, түя-түйе т.б.
Ү-О Тәжік қазақгары тілінде ашық еріндік о дыбысы орнына қысаң
оның, у-ол, кәртүшкә-картоп , ұнча-онша т.б.
Енді бірқатар сөздерде керісінше құбылыс ұ дыбысының о дыбысына алмасуы
байқалады : оғырлаш — ұрлау, сорау — сұрау, оқшаш - ұқсас, сорақ - сұрақ ,
тоғылдым — туылдым, чоқыр - шұңқыр т.б.
Бұл дыбыстардың алмасуы Карақалпақ, Түркменістан қазақтары мен Батыс
Қазақстанның көп жерлерінде, Оңтүстіктің бірқатар аудандары мен Семей,
Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында кездеседі. Бұл дыбыс алмасулары
қазақ тілінен басқа түркімен тілдерінің говорларында да және XI ғасырдағы
ескерткіш Кодекс Куманикусте де айтылатыны жайлы зерттеуші Ә.Нұрмағамбетов
қызықты деректер келтіреді 18.18-20.
Ү-Ө. Санаулы сөздер болса да Тәжік қазактары тілінде ү орнына ө дыбысы
айтылады : өргәту - үйрету, өзәңгі - үзеңгі, ой - үй т.б.
И-Ы. Ы-И. Дыбыс алмасулары әдеби тілде қысаң ы дыбысы қолданылатын
жерлерде говорда и жұмсалады. Мысалы : миң - мың, идиш -ыдыс, тиш-тыс, киз-
қыз т.б.
Кейбір түркі тілдерінде (өзбек, ұйғыр т.б), қазақ тілінде бар қысаң ы, і
дауыстыларының орнына и дыбысы жұмсалады. Жоғарыда алмасып келген сөздер
өзбек тілімен бірдей. Бұл құбылысты да өзбек тілінің әсерінен деуге болады.
Е-Ө Зерттеліп отырған өңірдегі тұрғындар тілінде езу дыбыстары
кейбір сөздерде алмасып айтылады. Мысалы : өшкі — ешкі, өтік — етік.
І-И Тәжік қазақтары тіліне тән өзгешеліктердің бірі - әдеби тілде қысаң
і, ы дауыстысы қолданылатын сөздерде қосалқы и дыбысының жұмасалуында.
Мысалы : бирі — біреуі, иш — іс, сир — сиыр, иккииз -екіжүз, биз — біз,
инім — інім, ким — кім, иккинчі — екінші, иңичкә-жіңішке , чигіт—шиіт т.б.
Бұл құбылыс қазақ тілінің басқа говорларында кездеспейді. Олар Тәжік
қазақтарына өзбек тілінің тигізген әсерінен пайда болған өзгешелік.
Казақ әдеби тілінің нормасы бойынша сөздің бастапқы буынының құрамындағы
дауыстының жуан не жіңішке болып келуіне байланысты, одан кейінгі
буындардың құрамындағы дауыстылардың да бірыңғай жуан не жіңішке болып
үндесіп келетіндігі белгілі.
Кейде дауыстылардың бірыңғай еріндік не езулік болып үндесіп
келетіндігі тағы бар. Ал жергілікті тұргындар тілінде әдеби тілдегі осындай
сингармонизм заңы бұзылып отырады.
Сингармонизм заңының бұзылуы қазақ тілінің басқа говорларында кездесе
бермейді. Бұл құбылыс Тәжік қазақтары тіліне тән, сондағы өзбек халқымен
араласуынан туған ерекшелік деп тануға болады.
Жоғарыдағы дауысты дыбыстардың алмасу ерекшелігінен басқа а, ы, й
дыбыстарының түсіріліп айтылуы тәрізді элизиялық, метатезалық және
апакопалық сияқты құбылыстар байқалады. Мұндай өзгеріске ұшыраған сөздер
санаулы ғана.
И дифтонг дыбысының монотонгіге айналу прцесі байқалады. Тәжік
қазақтарының тілінде ый, ій қосарлы дыбыстарының ы, і түрінде кездесетіні
де байқалады. Мысалы: қымыл-қимыл, һәрқылы-әрқилы, інабат-инабат, ұқла-
ұйықта, пығыл-пиғыл.
Ұ дыбысы өғ, уғ, ығ дыбыс тіркестеріне сәйкес айтылады. Мысалы: оғлан-
ұлан, оғыл- ұл, оғыры- ұры т.б.
Көне түркі жазбаларының ішінде оғша, оқша (Манихей ескерткіші)
мағыналас сөздері кездеседі. Қазақ тілінде соның екеуі де сақталған сиякты
ұқса, оқса. Алдыңғысы әдеби тіл болса, соңғысы диалектілік ерекшелік. Бұл
фактілер көне түркілік о қазақ тілінде кейбір реттерде ұ-ға сәйкес
келгендігін көрсетеді. Көне түркілік кейбір ашық дауыстылардың қысаңдануы
қыпшақ тілдерінің біразына тән құбылыс 19.63.
Сөз ортасында айтылатын ғ дыбысы қазақ тілінде у-ға айналады. Мысалы:
ағыр-ауыр, ағыз-ауыз, тоғылды-туылды, багыр-бауыр т.б.
Әдеби тілде ауыр, бауыр, ауыз ауна сияқты сөздерінде ғ дыбысының и-ге
ауысуы да кездеседі. Мысалы: бағла-байла, бұғдай- бидай т.б.
Дауысты дыбыстар жөнінде Тәжік қазақтары тіліне тән мынандай фонетикалық
ерекшеліктерді бөліп айтуға болады.
1. Үндестік заңы сақталмайды. Бұл әсіресе а - е, е - а дыбыстарының
алмасуында жиі кездеседі. (дүкән — дүкен, бекар - бекер).
2. Сөз соңында қосалқы я орнына е жұмсалады. (жиян — жиен, тұя — түйе, сүяқ
- сүйек, дүния — дүние)
3. Ы - I. Дыбыстарының орнына и қолданылады (иш- іс, бир- бір, миң -мың,
бирі - біреуі)
Зерттеліп отырған говордағы дыбыстық айырмашылықтардың ең бастысы -
дыбыс алмасулары. Сол сияқты дауысты, дауыссыз дыбыстардың белгілі бір
сөздерге түсірілуі (аферезис, синкопа), кейбір дыбыстардың қосылуы, орын
алмасуы (эпентеза, метатеза) тәрізді ерекшеліктер20.120.
1.2. Дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер.
Тәжік қазақтары тіл ерекшеліктерін бізден бұрын зерттеуге
ұйымдастырылған экспедициялардың материалдарына О.Нақысбековтың еңбегін
Тәжікстаннан көшіп келген қазақтар тіліндегі дыбыстық ерекшеліктер жиналған
материалдарға сүйенсек, мұндағы дыбыстық ерекшеліктердің дені онтүстік
говорлар тобымен ұштасып жатады. Аталған өңірдегі фонетикалық
айырмашылықтар өзбек қазақтары тілімен жақын екенін аңғартады. Осы жиылған
деректерге қарағанда, тәжік қазақтары тілінде жиі ұшырайтын мынадай
ерекшеліктерді бөліп айтуға болады.
П-Б Бұл говорға тән басты дыбыстық құбылыстың бірі көпшілік қазақ
говорларындағы ұяң б орнына қатаң п-ның өте жиі қолданылады.Оңтүстік
говорлар тобында бұл құбылыс бар болғанымен, тәжік қазақтары тілінде өте
жиірек. Мысалы, пайғазы-байғазы, пайпақ-байпақ, пайтесе-байтесе, пал-бал,
палапан-балапан, палгер-балгер, палуан-балуан, палшы-балшы, пата-бата,
пәйге-байге, пәле-бәле, пәте-бата, пейнет-бейнет, пейіл-бейіл, пешмент-
бешмент, пешін-бесін, полат-болат, пор-бор, пөпе-бөпе, пөтелке-бөтелке, пұл-
бұл, пұтақ-бұтақ, пүтін-бүтін, пілте-білте, пітіру-бітіру.
Зерттеліп отырған өңірден жиналған сөздерді өзбек, қарақалпақ
тілдерімен салыстырып көрсек, тәжік қазақтары қолданатын біраз сөздердің
айтылуы осы тілдермен ұқсас болып келеді. Мысалы:
Тәжік қазақтары өзбек тілінде қарақалпақ тілінде қазақ әдеби
тілінде
пайпақ пайпақ байбақ
байпақ
пайтаба пайтава пайтоба
байтаба
пайқау пайқамақ байқау
байқау
пақырбақ пақир бақыр
бақыр
пешін пешин песин
бесін
пешмет пешмат (
бешпет
пимек пимек пимек
білік(шамның)
пәйге пойға бәйге
бәйге
Жиналған диалектологиялық материалдарға қарағанда, бп дыбыстарының
алмасуы тек осы зерттеліп отырған сөйленіске ғана тән емес. Мұндай құбылыс
Қазақстанның Оңтүстік, Жамбыл және басқа облыстарында да кездеседі. Сонымен
қатар, Қазақстаннан тыс жерлерде, әсіресе, қарақалпақ, түрікмен, тәжік
қазақтарында да көбірек ұшырайды. Қазақ тілінің басқа жерлерінде б-ның
орнына қашан қатаң қолданылуын аралас отырған өзбек халқының әсері деп
айтуға болады.
пб дыбыстарының түркі тілдерінде қолданылуы жайында түркологтардың
назарынан тыс қалған емес. Тіл мамандарының топшылауынша, осы жұп
дауыссыздардың сөз басында қатаң сыңарының молырақ қолданылуына, сондай-ақ
өңкей ұяң сыңарының молырақ қолданылуына қарай топтастыруға болатынын
айтады. Оларға сөз басында ұяң дыбыстар айтылмайтын шуваш, хакас тілдерімен
қатар, түркі тілдерінің ішінде сөз басында бұл дыбыстардың ұяң сыңарларынан
гөрі қатаң сыңары молырақ қолданылатын шор, тува, алтай, сары ұйғыр тәрізді
тілдер бар екенін айтады. Бұдан басқа түркі тілдерінде бұл дауыссыз жұптың
қатаң, ұяң сыңарлары көбінесе аралас қолданылатынына назар аударады. Оған
мысал ретінде қазақ тілі мен қырғыз тілінде ұяң б дауыссызы оның қатаң
сыңары п-ға қарағанда сөз басында анағұрлым жиі ұшырайды. М.К.Дмитриев осы
екі тілдегі п дауыссызынан басталатын сөздердің өзі - басқа тілден ауысқан
кірме сөздер. Бұдан басқа жерлерде п-ның қазақ тілі мен қырғыз тілінде сөз
басында кездесетін жері – дыбыстық еліктеуден туған сөзде деп қарайды.
С.Омарбеков өз зерттеуінде қазақ тілі сөйленістерінде сөз басында п-ның
қолданылуы көбінесе өзбек, түркмен, қарақалпақпен аралас жердегі қазақтар
тілінде, яғни кірме сөздерде кездеседі. Оның өзі осы тілдермен қарым-
қатынас нәтижесінде туған құбылыстар деп санайды 21.127.
Ш-С Тәжік қазақтары көзге түсетін тағы бір дыбыстық өзгешеліктің
бірі- әдеби тілде с қолданылатын біраз сөздерде оның орнына ш дыбысының
айтылуына байланысты. Сан жағынан бұл құбылыс біраз сөздерді қамтиды.
Мысалы, аш-ас, ешек-есек, қашық-қасық, қыш қауын-қыс қауын, қыштау-қыстау,
шүйінші–сүйінші, шамал–самал, алмашу–алмасу, шұ–сол, тиш-тіс.
Бұл келтірілген мысалдарға қарағанда, с орнына ш дбысының алмасуы тек
сөз басында ғана емес, сөз ортасы, сөз аяғында да кездеседі екен.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеген диалектологтардың
еңбектеріне қарағанда, сш дыбыстарының алмасуы қазақ тілі сөйленістеріне
жат құбылыс емес. Оңтүстік Қазақстандағы Түлкібас, Сайрам тұрғындары тілін
зерттеген Ж.Досқараев (бет, машқар, ешек) Ұзынағаш тұрғындары тілін жөнінде
мақала жазған Ж.Болатов (шамал, оқымышты, байғұш, тұмамыш, айырбаш, әшкер
т.б.) еңбектерінде біраз мысалдар келтірілген. С орнына ш дауыссызының
қолданылуына байланысты сөздердің молырақ қамтылуы қазақ тілінің Орта Азия
халықтарымен шектес жерлердегі қазақтар тілінде кездеседі. Бір айта кететін
жай тіл ерекшелігіне келтірілген сөздер Қазақстанның әр жерінен
келтірілгенімен, олар бірін-бірі көп қайталай бермейді, әр түрлі сөздерді
қамтиды. Сондай-ақ тәжік қазақтары сш алмасып келген сөздердің кейбірі
өзбек, қырғыз, қарақалпақ тілдерімен ұқсас болып келеді. Мысалы, шамал,
шорпа, аш, мүйіш, төшек т.б. сөздердің бірдей айтылуын айтсақ та болады.
мұндай ұқсас сөздердің тізімі С.Омарбеков еңбегінде бай материалға
негізделіп берілген.
Қазақ тілінің оңтүстік өңірінде жиі кездесетін с орнына ш-ның
қолданылу ерекшеліктерін Ж.Досқараевтың 22.89-90 еңбегінде бұл көрші
халықтардың әсері деген пікірге саяды. Бұл құбылыс та көрші өзбек тілінің
әсерінен болып отыр. Өзбек тілінде келтірілген мысалдардың көбінде ш
қолданылады.
Ш-Ч Тәжік қазақтары тілінде кездесетін дауыссыз дыбыстарға байланысты
басты ерекшеліктердің біріне аффрикат ч дыбысының қолданылуын жатқызуға
болады. Әдеби тіддегі ызың ш айтылатын орындарда зерттеліп отырған өңірдегі
тұрғындар тілінде үнемі шұғыл ч жұмсалады. Ондай айтылу сөздің басында да
(чарча — шарша, чөп — шөп, чәнчу — шаншу, чапчаң - шапшан, чәку — шегу,
чәугүм — шәугім), ортасында да (ұнча — онша, қанча — қанша, қайчі — қайшы,
қиынчылық -қиыншылық) ашылып, кейде сөздің соңында да (һич-еш, чач-шаш,
гүріч-күріш) кездеседі. Бұл құбылыс Тәжік қазақтары тілін ерекшелеп тұрады.
Осы құбылыстың қазақ тілі говорларында сақталуы жайында қазақ тілі
зерттеушілердің арасында екі түрлі пікір бар. Біріншісі — бұл құбылыс
көнеден сақталған ерекшелік десе, екінші — көне тілде айтылғанымен осындай
аффрикат түрінде айтылуына көрші өзбек, ұйғыр, қырғыз, түркімен
тілдерінің әсері болған деп есептейді.
Туркологтардың пікірінше көптеген түркі халықтары, соның ішінде қазақ
халқы да меңгеру, үйрену үстінде алғашқыда ч дыбысын қабылдаған, ал
Солтүстік қазақтары ч дыбысын қолданудан ш дыбысын қолдануға келген деп
есептейді.
Тәжік қазақтарының тіліндегі аффрикат ч дыбысының жүйелі түрде қолдануына
өзбек тілінің ықпалы тиген деген қорытындыға келуге болады.
Бұл айтқан тұжырымымызды түркі тілдері мен иран тілінің дыбыс
сәйкестіктерін салыстыра зерттеуші ғалым В.Османалиеваның 24.130 мынадай
мысалдары дәлелдей түседі.

тілдер фонемалар мысалдар
тәжік ч чарьяк, бечора, чург
ұйғыр ч чарәк, бичарә, муч
өзбек ч чаррак, бечора, мурч
түркімен ч чәрден, бичәре, бурч
қазақ ш ширек, бишара, бұрыш
қарақалпақ ш чейрек, бічара, мүрч
қырғыз ч шерек, бишара, бұрыш

Ж-Й Тәжік қазақтарында дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктердің
бірі – тіл алды ж-ның жартылай дауысты й-мен алмасуы. Бұл құбылыс,
негізінен, бір сөз ішінде емес, екі сөз аралығында да кездесетін өзгешелік.
Яғни қай, ол, бұл, сол, мына тәрізді есімдіктерден соң жақ, жер сөздері
келгенде және бара, келе, әкеле етістіктерімен тіркескен жатыр көмекші
етістігінің басында ж дауыссызы й-ге алмасады: бүйер-бұл жер, ойер-ол жер,
сөйер-сол жер, ойерөйер-ол жер, анайер-ана жер, қайер-қай жер, мынайер-
мына жер; ойақ ұйақ-ол жақ, бұйақ-бұл жақ, сойақ-сол жақ, қайақ-қай жақ,
мынайақмінайақ-мына жақ; барайатыр-бара жатыр, келейатыр-келе жатыр,
әкелейатыр-әкеле жатыр.
Диалектологиялық зерттеулерге қарағанда, ж дауыссызының й-ге
алмасуы жоғарыда келтірілген мысалдарда екі сөз арасында кездесетін құбылыс
екен. Бұл ерекшелік көбінесе Қазақстанның оңтүстік өңірінде кездеседі.
С.Аманжолов, Ж.Досқараев еңбектерінде ж-й дыбыстарының алмасуын өзбек
тілінің әсері деп қарайды.
Кейінгі жазылған еңбектерде ж мен й дыбыстарының сөз басында жиі
кездесетін жерлер анықталып отыр. Басқа түркі тілдеріне қарағанда, қазақ
тілінде сөз басында жүйелі түрде ж қолданылуы деп танығанымызбен, бұл
жүйелілік кейбір жергілікті жерлерде бұзылатыны, яғни сөз басында ж орнына
й-дың қолданылатыны анықталып отыр. Тәжік қазақтарының ж орнына й болып
(йақшы-жақсы, йатта-жатта, йағдай-жағдай, йат-жас т.б.) айтылуы осыны
дәлелдейді. Орта Азиядағы өзбек, тәжік, қарақалпақтармен аралас, тығыз
қарым-қатынаста отырған қазақтар тілінде сөз басында ж-й дыбыстарының
алмасуын осы көрші тілдердің әсерінен деп қарайтын пікір де бар.
Ғ-Қ, Бұл өңірдегі тұрғындар тіліндегі дауыссыз дыбыстарға қатысты
ерекшеліктердің бірі - әдеби тілдегі және қазақ тілінің басқа
сөйленістерінде кейбір сөздерде қатаң қ, к айтылатын жерде оның ұяң жұптары
ғ, г-нің қолданылуында қамтитын сөздерінің саны аз болса да, бұл – айтуға
тұрарлық өзгешелік. Мысалы, ғұю-құю, ғыш-қыш, ғай жыл-қай жыл, неғылсын-не
қылсын.
Г-К Гезлеме-кездеме, есег-есек, гөң-көң, гезек-кезек, гілем-кілем,
гүпті-күпті, әнеугүнгі – анаукүнгі, гүнақ–күнә, гәраң–керең, гедей–кедей,
Бұл дауыссыздардың, яғни қатаң қ, к дыбыстарының орнына ұяң ғ, г-нің
жұмсалуы қазақ тілінің кейбір сөйленістерінде де ұшырайды. Бұл құбылыс
өзбек, түрікмен халықтарымен шектес аралас отырған қазақтар тілінде жиі
ұшырайды. Олар қазақ тілінің қарақалпақ, тәжік сөйленістері жайындағы
Ә.Құрышжанов, Н.Жүнісов, Б.Бекетов және Ю.Авдувалиев еңбектерінен анық
байқалады.
Түркі тілдерінің ішіндегі оғыз тобына жататын тілдерде қыпшақ
тіліндегі қатаң қ мен к дауыссызының орнына сөз басында ұяң ғ, г
қолданылатыны баршамызға аян. Қазақ сөйленістері ішінде сөз басындағы ұяң
дыбыстардың кең тараған аймақ негізінен Орта Азия республикаларымен шектес
Қазақстанның аудандары. Осындай ерекшеліктерін ескеріп, С.Омарбеков сөз
басында қ к-нің ұяңданып, ғ, г болып айтылуы осы тілдердің әсері деп
қарайды.
Тәжік қазақтары тіліндегі осы құбылыс та аралас отырған өзбек тілінің
әсері деп айтуға болады.
Сөз басында кейбір дауыссыздың қосылып айтылуы да бұл говорға тән
құбылыс екенін аңғартады. Қазақ тілінің басқа говорларында дауысты дыбыстан
басталатын әуіз, асар, әр т.б. сөздерге тәжік қазақтары тілінде һ қосылып,
һәуіз, һәшәрһашар, һәр болып айтылады.
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы Жоғарыда сөз болған дыбыстық алмасулардан
басқа дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі ерекшеліктердің бірі сөз ортасындағы
дыбыстардың түсіріліп қалуы әсіресе, л дыбысына байланысты. Жергілікті
түрғындар тілінде кездесетін дыбыстық ерекшеліктердің бірі - дауыссыз
дыбыстардың түсіп қалуына байланысты. Көлемі, таралу шегі жағынан бұ л
құбылыстың мөлшері әр түрлі. Қазақстанның Орталық, Солтүстік, батыс
облыстарымен салыстырғанда, оңтүстік, Алматы, Жамбыл облыстары тұрғындары
тілінде жүйелі түрде кездесетін, кең тараған құқбылстың бірінен саналады.
Бұл жөнінде С.Аманжолдов, Ж.Досқараев еңбектерінде назар аударылған
болатын. Түркологиялық еңбектерде дауыссыз дыбыстардың тұрақсыздығы жөнінде
зерттеулер жүргізген, Н.К.Дмитриев үнді р, л, н дыбыстарының түркі
тілдерінде тұрақсыз екенін айта келе, бұл құбылыстың башқұрт, татар
тілдерінің диалектілерінде бар екенін, үнді л-дың тұрақсыздығы оғыз
тілдерінен гөрі қыпшақ тілдеріне тән құбылыс екенін көрсетеді.
Л дыбысының тұрақсыздығы қазақ тілі сөйленістерінің бәрінде бірдей жиі
кездесетін құбылыс деп айтуға болмайды. Диалектологиялық зерттеулерге
қарағанда, бұл ерекшелік қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен қоныстас,
аралас отырған, жиі қарым-қатынаста болған өңірде молырақ үшырайтыны мәлім
болып отыр.
Үнді л-дың түсіп қалу құбылысы зерттеліп отырған тәжік қазақтары тілінде
кең тараған сипаты ерекшеліктердің бірінен саналады. Бұл дауыссыздың түсіп
қалуыекі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншісі: ол, сол, бұ л тәрізді сілтеу
есімдіктері құрамындағы ойақ (ол жақ), бұ йақ (бұ л жақ), сойақ (сол жақ)
түрінде айтылғанда, сондай-ак атау түлғасынан басқа септіктерде 6ұ(л)ган —
бұған, со(л)ган — соған, о(л)ган — оған және дауыссыз дыбыстан басталатын
анықталушы сөздің алдында келгенде - о(л) жер, бұ (л) жер; бұ(л) кала;
кейбір сілтеу есімдігінің (сол) мағынасы көмескі ғұрлым сөзімен тіркескенде
со(л)ғұрлым л дыбысының түсіп қалатыны әдеби тілде де кездесіп қалатын
құбылыс екені дәлелденген.
Екіншісі: ал, бол, кел, сол, цал, әкел етістіктерінің құрамындағы л
дыбысының түсіп қалуы. Ол мынандай жағдайларда кездеседі:
а) шартты рай формасында айтылғанда: а(л)са - алса, бо(л)са - болса,
ке(л)се - келсе, қа(л)са - қалса, са(л)са - салса, әке(л)се - әкелсе.
б) болымсыз түрде айтылғанда: а(л)май — алып бармай, ке(л)мей — келмей,
қа(л)май) — қалмай, са(л)май — салмай, әке(л)мей — әкемей. Әлі билет
а(л)мадың. Ақындық дарымаса бо(л)майды екен. Ке(л)меймін деген жоқпын.
в)қалау және бұйрық райдың үшінші жағында айтылғанда: бо(л)сын -болсын,
ке(л)сін - келсін, қа(л)сын - қалсын, са(л)сын - сасын, әке(л)сін –әкелсін.
Жұмысты ертерек аяқтайтын бо(л)сын. Айтыңыз құтты бо(л)сын
г)қалау райынан кейін көптік жалғауы жалғанғанда: ке(лі)ңдер -келіңдер,
қа(лы)ңдар - қалыңдар. Сонда барып, оны алып ке(лі)ңдер. Балалар, сендер
бүгін үйде қа(лы)ңдар.
Ауызекі сөйлеу тілінде ал, бол, кел тәрізді етістіктердің соңындағы л
түсіп қалып асайшы (алсайшы), босайшы (болсайшы), кесейші (келсейші)
түрінде айтылу кездесіп қалады. Ауызекі сөйлеу тілінде л дыбысының түсіп
қалатынын У.Н.Ильминский де аңғарған. Сол кездегі шыққан еңбектерде қалыб
орнына қаб, келіп орнына кеб болып қысқарып айтылуын көрсететін мыеалдар
жарық көрген еңбектерден мәлім.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері жайында мақала жазған
диалектологтар еңбегінің қай-қайсысы болмасын, сөз ортасында дауысты
дыбысқа тетелес келген үнді л дыбысының айтылмай түсіп қалуына назар
аудармағандары кем де кем. Оны біз Оңтүстік Қазақстан жөнінде мақала жазған
Ж.Досқараевтың, Шу бойы өңірі тұрғындары жөнінде зерттеулер жүргізген
О.Нақысбековтің, Жамбыл облысы Сарысу тұрғындары тілі жайындағы
С.Омарбековтің еңбектерінен аңғарамыз, Осы Іспеттес л дауыссызының
тұрақсыздық Түрікменстандағы қазақтар тілінде және шығыс сөйленістерінде де
(мыс: әке(л), ке(л)се, кім бі(л)сін, а(л)ган) кездеседі.
Бұл келтірілген мысалдардан С.Аманжолов пен Ж.Досқараевтың үнді л-дің
тұрақсыздығы қазақ тілінің оңтүстік сөйленістер тобына тән деген болжамын
қуаттай түседі.
Үнді л дыбысының түсіп қалуы Қазақстанның оңтүстік-шығыс облыстарынан
шыққан ақын-жазушылардың шығармаларында жиі кездесетіндігі белгілі болып
отыр. Бұл жайында жоғарыда аталғандай ал, бол, қал және басқа көсемше
түріндегі бір буынды етістіктер өзінің оңтүстік-шығыс сөйленістерінде жиі
қолданыла бастағанына қарамастан, әдеби тілге де еніп, жалпы халық тілінде
орын алғанын мысалдармен дәлелдеп келтіреді. Етістіктердің ықшамдалған -п
тәрізді көсемше формасы Семей облысында туып-өскен М.Әуезов шығармаларында
жиі кездесетіні жайлы қызықты деректер келтіреді.
Түркі тілдерінде жарияланған диалектологиялық еңбектерге назар
аударсақ, бұл құбылыс Қазақстаннан тыс өзбек, қырғыз, қарақалпақ
тілдерінде де бар ерекшелік екенін көреміз.
Проф. Н.К.Дмитриев түркі тілдеріндегі үнді р, н дыбыстарының тұрақсыз
дыбыстар, бірақ олар біраз түркі тілдеріне тән болғанымен, оның төркіні әрі
де екеніне назар аударады да, түркі тілдерінен мысалдар келтіреді. Мыс:
башқұртша бу-ган (бул-ган), бу-маган (бул-маган), кал-ган (кал-ма-ган);
қарақалпақша: боса (болса), къаса - къалса.
Дауыссыз дыбыстардың соның ішінде үнді л-дің түрік тілінде түсіп қалуы
Л.Н.Кононов және Ә.В.Севортян еңбектерінде де көрініс тапқан.
Кейбір тілдерде әсіресе ұйғыр тілінде, үнді л дыбысының түсіп қалуы әдеби
тілде де кездеседі. Мысалы: кә(л), кә(л)миди, а(л)му(р)т, а(л)мидим,
е(ли)п, ке(ли)п.
Түркі тілдерінен келтірілген жоғарыдағы материалдарға қарағанда, үнді
л-дің түсіп қалуы жалпы түркілік сипаттағы құбылыс екенін аңғаруға болады.
Ә.В.Севортянның зерттеуіне қарағанда бұл дыбыстың тұрақсыздығы оғүз
тілдеріне қарағанда, қыпшақ тілдері тобында жиі ұшырайтын құбылыс деп
санайды 25.18.
Дауыссыз дыбыстар жөнінде Тәжік қазақтары жөнінде мынандай
ерекшеліктерді бөліп айтуға болады:
Аффрикат ч дыбысы жүйелі түрде қолданылып, сөздің барлық позициясында
кездеседі.
К, қ, п қатаң дауыссыздарының орнына г, ғ, б ұяң варианттары
қолданылатын сөздер молырақ.
С орнына ш дыбысы көбірек қолданылады. Мысалы, аш-ас.

ІІ Тарау
Лексикалық ерекшеліктер
Тәжікстанның Қорғантөбе облысының Вахш алқабын мекен еткен
қазақтардың осы өңірге келіп қоныстанғанына алды бір ғасырдан артық уақыт
болды. Көпшілігі негізінен өткен ғасырдың орта шенінде барса, біразының
орнығуы отызыншы жылдар. Этникалық жағынан орта жүз, кіші жүз құрамына
кіретін адай, әлім және алаша руларының ұрпақтары. Олар алғаш келгенде
Молдаман, Қаратау, Сарыкемер, Теректі тауларындағы Дарбаза бұлақ, Қошқар
бұлақ, Найман бұлақ, Үш бұлақ, Өлең бұлақ, Қара бұлақ деген жерлерді
иемденген екен. 1991-жылға дейін жергілікті тәжік, өзбек халықтарымен тығыз
қарым-қатынас жасап келеді. 1991 жылдан бастап Елбасының қандастарды елге
қайтару саясаты негізінде Тәжікстандағы қазақтар негізінен Оңтүстік өңірге
қоныстанған 26.103. Тәжікстанда тұрған қазақтар өзбек мектептерінде
оқыған. Өз ана тілімен бірге өзбек, тәжік тілдерін де жақсы біледі. Аталған
халықтармен тығыз байланысы осындағы тұрған қазақтардың тіліне де едәуір
әсерін тигізгені байқалып тұрады.
Тәжік қазақтары тұрғындарының этникалық құрамы Кіші жүз қазақтары
болғанымен, тіл ерекшелігі жағынан батыс говорлар тобында айтылатын біраз
сөздер сақталғанымен, олардың ауызекі тілінде негізінен оңтүстік говорлар
тобына тән сөздердің басым екенін аңғаруға болады.
Жергілікті сөйленістерге тән лексикалық ерекшеліктерді сөз еткенде, сол
өңірдегі жергілікті халықтар тілінде ғана айтылатын әдеби тілде де басқа
жерде де қолданылмайтын, қолданылса да, басқа мағынада жұмсалатын сөздер
деп түсінуіміз керек. Түркістан тұрғындары тілінің лексикасында осы жерге
ғана тән сөздер мол. Мысалы: хана бөлме, пахса кесектен жасалған дуал,
сандал аяқ қызыдыратын ыстық шоғы бар жер, үзәңгі саты, доппытақия
тәрізді сөздер қазақ әдеби тілінде де және басқа де сөйленістерде кездесе
бермейді.
Сөйленіске тән деп отырған кейбір сөздердің әдеби тілде боламасы болса,
кейбір сөздердің ондай баламасы бола бермейді. Ал кейбір сөздер әдеби тіл
мен басқа сөйленістердегі мағыналарынан өзгеше болып келеді.
Зерттеліп отырған сөйленістің лексикалық өзгешеліктерінің құрамы екі
саладан тұрады. Оның бірі — тіліміздің дамуының өткен дәуіріне тән байырғы
белгілерінің сөйленісте сақталған ізі ретінде танылса, қалған бірсыпыра
лексикалық құбылыстар аралас өмір сүріп, күнделікті қарым-қатынас жасап
отырған көрші халықтар тілінің әсеріне байланысты пайда болған сөздер.
Тәжік тұрғындары тіліндегі лексикалық ерекшеліктердің ішінде көлем жағынан
молырақ кездесетін өзбек тілінен ауысқан сөздер. Бұл тілден ауысқан
сөздердің көптігі сонша, тіпті, бұл өңір тұрғындары тілін қостілді сипатта
деп атауға мүмкіндік береді. Бұлардан басқа лексикалық кірмелердің ішінде
молырақ ұшырауы орыс тілінен енген сөздер. Араб-иран тілдерінен енген кірме
сөздер де едәуір кездеседі.
Тұрғындар тілінен жиналған сөздердің лексикалық категорияларға қатысы
жағынан әр түрлі. Мұндағы сөздердің дені зат пен құбылыстардың атын
білдірсе, бірқатары зат пен құбылыстың сындық белгісін білдіреді. Бір топ
сөздер іс-әрекет, қимыл процесін білдіретін сөздер.
Зерттеліп отырған сөйленістегі лексикалық материалдар лексика-семантикалық
топтар, түрлі лексикалық категорияға байланысты құбылыстар және кәсіби
сөздер деп үш топқа бөліп қарастырылды. Тәжік тұрғындарының тілі, қазақ
диалектологиясында қалыптасқан дәстүр бойынша, тұрмыстың әр саласына тән
заттық, қимылдық ұғымдарға байланысты бірнеше жаққа бөліп қарастырылды
1. Үй құрылысына байланысты сөздер
2. Киім-кешек, үй жабдықтарына байланысты сөздер
3. Ыдыс-аяқ атауларына байланыста сөздер
4. Тағам атауларына байланысты сөздер
5. Құрал-сайманға байланысты сөздер
6. Туыстық атауларға байланысты сөздер
7. Өсімдік, жеміс-жидекке байланысты сөздер
8. Мал шаруашылығына байланысты сөздер
9. Кәсіби сөздер
Осындағы лексикалық ерекшеліктердің бірі — зерттеліп отырған өңірдегі
заттардың, нәрсенің немесе ұғым аттарының қазақ тілінің басқа говорларда
өзгеше аталуы. Мұндай айырмашылықтар табиғат өзгешелігіне, кәсіп түрлерінің
басқаша болып аталуына, олардың сәйкес келмеуінен туындайды.Осындай белгілі
бір атаулардың әр түрлі говорларда бірде сәйкес келіп жатса, бірде сәйкес
келмей басқаша аталуына байланысты орыс диалектологиясы жөнінде жазылған
ғылыми әдебиеттерде "противопоставленный", "непротивопоставленный" деген
термин қолданылып жүр. Қазақ диалектологиясында бұл сөздерді "сәйкесті,"
"сәйкессіз" деген терминдерді бірінші рет Ш.Сарыбаев 27.154 ұсынған
болатын. Содан бері бұл терминдер калыптасып кетті. Тәжік қазақтары
тіліндегі жиналған лексикалық ерекшеліктердің бір түрі сәйкесті
диалектизмдер.
Тәжік қазақтары тілінің өзіндік лексикалық ерекшеліктердің жеке дара
өзгешеленіп тұруына жиі қарым-қатынас жасап отырған тәжік, өзбек тілдерінің
әсері себеп болды. Қайсыбір атауларды алсақ та, ондай әсерлер анық байқалып
тұрады. Осы тілдердің әсері-ау деген мына төмендегі сөздерді мысалға
келтіруге болады: мағыз (көрпенің жиегі), мәкі (бөтеңке тәрізді өкшесіз аяқ
киім), нар (құс жүні), чығана (шана тәрізді зат),
Тәжік қазақтары тіліндегі жиналған лексикалық ерекшеліктердің бір түрі —
сәйкесті диалектизмдер. Бұлар тұлғалық жағынан өзгеше болып келгенімен
мағыналық жағынан бір ұғымды не зат, нәрсе атауын білдіретін, басқа говорда
баламасы өзге сөздер. Мысалы: бакаш (қыштан жасалған ыдыс), Оңтүстікте -
орта кесе, Өзбекстан, Тәжік қазақтарында - табақ.
Шіпірік сыпыртқы. Қарақалпақ, Түрікмен қазақтарында сенсе, Оңтүстікте
сыпырғыш, Маңғыстауда сібірткі, Орынбор қазақтарында шылауыш.
Ачық-мачық есіктің топсасы. Алматы маңында топшы. Қарақалпақ
қазақтарында күллап, құрлап.
Чымчыр шымшуыр. Алматыда қышқыш. Қызылордада шымшеуір. Ақтөбеде жәмке.
Батыс Қазақстанда мәстемір. Қарақалпақ қазақтарында әтешкір.

2.1 Киім-кешек үй жабдығына байланысты атаулар
Түз теру шие-қошқар мүйіз өрнегімен оралып тоқылған ши.
Түйме- ішінде сылдырмағы бар үлекендігі әр түрлі домалақ Әшекей.
Ертеректе көбіне кемпірлер тоқыған жастар түйме тағушы ма еді?
Тығырық бөрік- дөңгелек бөрік. Басыңнан тығырық бөрікті
тастамайтының не?
Тіз киім- іш киім намаз оқитын сіздерге тіз киім мақұл.
Тік бөрік- шеркеш бөрік-қыздардың үкілі тақиясы іспеттес бөрік.
Тік бөрік киген жан көрнеу.
Шөгерше-басқа киетін бөрік.
Пұл- мата. Магазинде пұл көп бірақ қолда пұл аз.
Сорпай-сыйға жабатын қымбат бағалы шапан.
Сарпайым баржабатын. Түрікше сорпай-сәнді киім, қарақалпақша сорпай-сай,
еркектердің сәнді шапаны.
Сулық- жауын-шашында пальтоның сыртынан киетін қаптал шапан.
Күрте I- сыртқы көйлек. Шеше мына күртемді жуып бер.
Күрте II- мақталы шапанның қысқа түрі. Жадағайдан жеңіл көріп
күрте тіктірдім.
Күшпей- сырт киім. Күшпейге оранып терле жазыларсың.
Күпсер-қаптал шапан. Күпсер деп қаптал шапанды айтады.
Қауама- мақталы шапан. Қауаманы үлкендер киеді.
Қатырма- тақия. Басыма қатырма бөрікті кием.
Қаттау-сауыт. Ішінен киетін жібек шапан. Сыпатай батырдан қалған
қаттау. Мақыш баласы Үайқазымда.
Қалетті киім- жұқа асыл матадан істелген киім. Қалетті киім киген
адам Қыдырбайдың айтқанын тыңдамайды.
Қарғымалы чалбар- балағы жырым. Кестелеген түрлі шалбар.
Қарғымалы чалбарды бұрын күйеу балдар киеді екен.
Қатпал жейде- еркектер киетін ұзын көйлек. Қатпал жейденің алды
ашық жағасы шапанның жағасындай.
Бөкәбай түбіт шәлі. Біз анамызға 8 март бәйрәмігә бөкәбай әппедік.
Нымча камзол, жеңсіз кеудеше киім. Уның сораған нымчасы пақтасыз нымча оды.
Шым матадан жасалған ер адамның шалбары. Өзбек тілінде шим.
Белбақ белбеу. Илһамың белбағы қызыл рәңгі.
Пәшәхана масахана. Пәшә көп, пәшәханасыз ята алмассыз.
Чачық 1.Қол сүртетін немесе нәрсе сүртетін орамал. 2. Тік дастархан.
Чачықны әпкә, колын сүртсін.
Айна пәрдә терезе перде, перде. Айна пәрдәні орныға іл.

2.2 Үй құрылысына байланысты сөздер
Айуан алдындағы көленке үшін істелген бір жағы не жан-жағы ашық бөлме.
Ұйғ. айван 28.13, қырғыз тілінде айван, түрікменде әйван - балкон,
веранда, өзбекшеде айвон – веранда.
Бастырма төбесі жабық, жан-жағы ашық жай, лапас. Бұл атаудың қазақ тілі
сөйленістерінде лапас (Жетісу), әуестік, сәндіре (Орынб.), шертек (түрік.),
пірнәбес (Орал), бірбеткей (Омбы), шортақ (өзб.) баламалары қолданылуда.
Дауал үйді, бақты айналдыра қоршаған қоршау, қабырға. Бабам ойының
дауаллары кәттә.
Пахса дуал, кесектен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Қыпшақтар орыс және европалық ортағасырлық деректерде
«Оңтүстік Қазақстандағы татарлардың арасындағы этнотілдік үрдістер»
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Қазақ атауының шығу тегі
Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы
Қыпшақ хандығы
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Оғыз мелекеті
Пәндер