Крест жорықтары тарихы


Крест жорықтары
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Крест жорықтары
Мазмұны
[жасыру]
1 Крест жорықтарының себептері2 Шіркеу - Шығысқа жорықты ұйымдастырушы3 Кедейлердің Шығысқа жорығы4 Рыцарьлардың I крест жорығы5 Кейінгі крест жорықтары. 6 1212 жылғы балалар жорығы7 Соңғы крест жорықтары8 Крест жорықтарының салдары9 Пайдаланған әдебиет[өңдеу] Крест жорықтарының себептері
VII ғасырислам дінініңөрлеп, христиан дінініңдағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласынаРим папасыныңжоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Текдінбасыларығана киелі жерге қажылыққа қару алып, шығуға шақырып жатты.
[өңдеу] Шіркеу - Шығысқа жорықты ұйымдастырушы
Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды II Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермон қаласында (Франдия) шіркеужиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйледі. салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табытыжатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа катысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді деп жариялады. Папа киелі жердің байлығы мен құнарлылығы туралы да еске салды. II Урбанның қаһарлы сөзі жиынға қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар тізерлеп отырып, Құдайтабытын азат ету үшін өмірлерін аямайтыны туралы ант берді. «Құдай осыны қалайды»деп айқайлап жүріп, сол жерде маталарданкрестқиып алып, оны киімдеріне тіге бастады. Бұл христиан жауларына қарсы жорыққа аттанушының белгісі болды.
[өңдеу] Кедейлердің Шығысқа жорығы
Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары«қажылық жорыққа»аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.
1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап, байлыққа батуды аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осылай сәтсіздікке ұшырады.
Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодалдары бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан кедейлерге көмекке аттанды. 1097 жылдың басында Константинопольге келіп жеткен кресшілер өздерін дөрекі ұстады: жергілікті халықты тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ етті. ШығысРим императорыалдап-арбап, пара беріп, кресшілер жасақтарын әрең дегенде Кіші Азияға жөнелтіп салды.
[өңдеу] Рыцарьлардың I крест жорығы
"
Ұзақ, қанды шайқастан кейін алды. Ол жерде кресшілердің бір көсемі өз кінәздігін құрды да, Иерусалимгебармай, сонда қалды. Тағы бір көсем бай қаласын басып алды. Осы арада кресшілердің тағы бір мемлекеті - Эдесса графтығының негізі қаланды. 1099 жылдың шілде айында кескілескен шабуылдан кейін кресшілер Иерусалимді алды. Кресшілер қалада шектен тыс баскесерлік жасады. Олар әйел-еркек, бала-шаға, кемпір-шал демей, қала халқын шетінен қыра бастады. Тіпті жас балаларды басын тасқа ұрып өлтірді. Қала халқының үйлерін мүліктерімен қоса кресшілер иемденіп алды. Кресшілер Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы шағын жерде өз мемлекеттерін құрды. Олардың ішіндегі ең бастысы Иерусалим корольдігі болды. Еуропалық басқыншылар ол мемлекеттердің халқын зорлықпен басыбайлы шаруаларға айналдырды. Оларға бұрын-соңды болмаған ауыр алым-салық салды. Батыс Еуропа феодалдары жаулап алынған елдердің халқын қанды қырғынға ұшыратты, зорлық-зомбылық жасап, құлдық езгіге түсірді.
[өңдеу] Кейінгі крест жорықтары.
басқыншы кресшілерді жек көрді, оларға қарсы күресті тоқтатпады. Сөйтіп басқыншылар өздеріне жау елде үнемі қауіп-қатерде өмір сүрді. Бернар христиандарды қолына қару алып, қайтадан Палестинаға аттануға шақырды. Бұл шақыруды француз королі VII Людовик пен неміс императоры III Конрад қабыл алып, 1147 жылы екінші крест жорығын жасады. Олар Кіші Азияда салжұқ түріктерінен жеңіліп қайтты. 1187 жылы Египет сұлтаны Салах-ад-Дин кресшілерді Палестина мен Сириядан қуып шықты. Иерусалим қайтадан мұсылмандар қол астына көшті. Енді оны қайтарып алу үшін Германия, Англия, Франция корольдері 1189-1192 жылдары үшінші крест жорығын жасады. Ол жорық та нәтижесіз аяқталды. Христиандар теңіз жағалауындағы енсіз жерді ғана иемденді. Иерусалим мұсылмандардың қолында қалды. 1204 жылғы төртінші крест жорығынIII Иннокентий папаұйымдастырды. Кресшілер қасиетті жерге теңіз аркылы бармақ болып, Венецияның кемелерін жалдады. Ақысын төлеуге ақшалары жетпей қалған соң, Венецияның оміршісі кресшілерді өздерімен бәсекелес Шығыс Рим империясының астанасына басып кіруге көндіреді. Сөйтіп кресшілер христиандар қаласы Константинопольді басып алып, оны талан-таражға салды. Еуропаның ең бай қаласын иемденген кресшілер Византияда өз мемлекетін қүрып, Палестинаға бармай қалды. Олардың мемлекетіЛатын империясыдеп аталып, 1261 жылға дейін өмір сүрді. Осы төртінші жорық кресшілердің құдайдың мүрдесін азат ету үшін күресушілер емес, өздерінің баюын ғана ойлайтын тонаушы басқыншылар екенін анық көрсетті.
[өңдеу] 1212 жылғы балалар жорығы
Кресшілер жорығын жалғастыру мақсатындағы дінбасыларының уағызымен Еуропаның кейбір елдерінде балалар топтары құрылды. Оларды өздерін«құдай елшісі»деп жариялаған балалар басқарды. Олар құдай мүрдесін күнәға батпаған балалар ғана азат ете алады деп жариялады. Жас кресшілердің біразы жолда аштық пен аурудан қаза тапты, аман қалғандары теңіз жетті. Ол қалалардағы көпестер балаларды қасиетті жерге жеткіземіз деп алдап, кемелерге отырғызды да, Египетке апарып, құлдыққа сатып жіберді.
[өңдеу] Соңғы крест жорықтары
Людовик ІХ кресшілердің басшылығында
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz