Ғылыми теория ретінде менеджметтің қалыптасуы


: Ғылыми теория ретінде менеджметтің қалыптасуы.
- Лекция жоспары:
1. Менеджменттің қалыптасып дамуының тарихы.
2. Менеджмент жайлы ғалымдардың еңбектеріне шолу.
3. Психологиялық-педагогикалық менеджмент жайлы түсінік.
4. Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
3. Лекция мақсаты: Студенттерде менеджмент жайлы түсінікті қалыптастыру. Менеджменттің даму тарихы мен менедежерлік қызметтің маңыздылығын ұғындыру.
4. Лекцияның мазмұны.
- Менеджменттің қалыптасып дамуының тарихы.
Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пйда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған амарикан инженері Фредерик Тейлор (1856-1915) . Ол өндірісті ғылыми тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде жаңалық болған бұл құбылысы ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф. Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919) т. б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
Классикалық үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А. К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорыныға келді: «басқару-кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оның белгіі бір мақсатқа жетелеуң. Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару іін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.
Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белен алды. Бұл бағат психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысы. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американдық ғалым - Элтон Мейр (1880-1949) болды. Американдық зертеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахим Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады.
Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқару ғылымы немесе сандықықпалң мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Гербарт Саймон, Райт Джен Форрестер. Х. Райфа.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментке жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдісң деп аталды. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшеігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді.
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манусң яғни «қол, күшң деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәрілік айтқанда, ал ізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін бідіген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми парктикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорт сөздігінде бұл ұғымғы мынадай түсінік беріледі:
а) адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
ә) билік және басқару өнері;
б) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
в) басқару органы, әкімшілік бөлігі.
Белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі:
1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылыды.
2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемеерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық (ассоциоциялық) немесе клубтық менеджмет. Мемлекеттік мекемедегісекілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5. Бизнес-менеджмент. Үкіметтен және мемлекеттен өзгеше келетін ерекше түрі.
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі.
Менеджмент әдістері - бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедуралының жүйесі.
Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жүктелеі: өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркентингтік менеджмент, сапа менеджменті және т. б.
- Менеджмент жайлы ғалымдардың еңбектеріне шолу.
Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізгі үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынның қалыптасуы мен дамуына ықпал тигізуде.
Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашаға мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатындаОтырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.
Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрециті мемлекет және рухани қайраткерлері Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Әйтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғың деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндалады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті жарғың - бұләкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып абылады. «Жеті жарғығаң сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс құрылтай арқылы сұландардың және ру басыларының қатсуымен жүзеге асырылды.
Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. и алайда, бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.
XІХ ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартушы Ш. Уалиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол рыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш. Уалиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырыпы, басқару обылысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш. Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты.
ХХ ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді. Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев, М. Шоқаев, Л. мирзоян, О. Исаев, Ү. Құлыметов, С. Меңдешев, Н. Нұрмахов, Т. Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров және т. б. Торғай обылысында - Ә. Бөкейханов. Жетісуда - М. Тынышбаев, Түркістанда - М. Шохаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссиялары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктеріболып табылғандықтан жергіліктіқазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық жәнемемлекеттік қайраткер Д. А. Қонаев (1912-1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдам астам уақыт бойы респубиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетедің делінген.
Менеджмет тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастырудаүлкен роль атқарады.
- Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
Басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады:
Топ менджмент -басқарудың жоғарғы буыны. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стартегиясын жасаумен, божаумен және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерірін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады.
Мидле менеджмент -бұл басшыларға шешім қабылдап қажеті жоқ. Себебі оның міндеті қабылданған шешімді жүзеге асыру. Көпшілік жағдайда ортаңғы басшылар жергілікті жағдйды ескере отырып, шешімді орындауы тиіс.
Ловер менеджмент -басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар-төменгі жұмысшылар мен қызметкерлерге басшылық етеді. «Боссң және «Менеджерң ұғымдарын бірдей деуге болмайды. Меншік иесі және басқарушы-бұлар мүлде бөлек жандар.
Менеджер деген кім?
Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшынның «to menedgeң деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші, әкімшілік деген ұғымды білдіреді. Менеджер деген сөз бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен шұғылданатын, заң және бсқада мәселелерді жақсы білетін адам. Менеджер табиғаына П. Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер мекеме жұмыскерлерінің ешқайсында жоқ.
5) Менеджерге қойылатын талаптар.
Еуропалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М. Вудкок пен Д. Френсис алдағы он жылдықты басқару үшін менеджерлерге мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептеген:
- өзін меңгере білу;
- жеке басының бағалы қасиеттері;
- жеке өзінің айқын жоспарлары;
- жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;
- пробемалады шешуге дағдылану;
- өнертапқыштық және инновацияға қабіеттілік;
- маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;
- қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;
- басшылық ету қабілетін;
- қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;
- тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.
Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:
1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал, басшы-соңынан ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды күлкі әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырады.
2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.
3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.
4. өз қол астындағылардың уақытын бағалай ьілуі тиіс.
5. Басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс алайда қаталдық пен талап қойғыштық ешқашанда кінамшілдікке, мейрімсіздікке апармауы тиіс.
6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі әзіл сынай білуі тиіс.
7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.
8. Әзіл соқпақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзідеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.
9. Айта да, тыңдай да білу керек.
10. үнемдеуге тырысы керек.
11. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі керек.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Менеджмент ғылым ретінде дамуына түсініктеме.
2. Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихына шолу.
3. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтерін талдау.
4. Менеджер және оның іс-әрекеті.
5. Менеджерге қойылатын негізгі талаптар.
7. Қажетті әдебиеттер:
1. Ақылбекова А. «Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының мазмұны мен негізгі бағыттарың. Алматы, 2006.
2. Баймолдаев Т. М. «Педагогическтй менеджмент и современное управление школойң. Алматы, 2001
3. Баймодаев Т. М. «Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымың. Алматы, 2005
4. Баймолдаев Т. М. «Менеджмент-басқару тәсілің. Алматы, 2001.
5. Вазина К. Я. Петров Ю. Н., Белиловский В. Д. «Педагогический менеджментң Москва, 1991.
6. Лебедева НА. «Білім берудегі менеджментң. Алматы, 1998.
7. Лебедева Н. А. «Білім беру мекемелерін басқаруды жетілдіруң. Алматы, 1996.
8. Поташник М. М. «Управление современной школойң. Москва, 1992.
9. «Мектеп басшыларына арналған көмекші құралң. Алматы, 2003.
1. Лекция тақырыбы: Басқарудың тәжірибелік негіздері.
2. Лекция жоспары:
1. Білім беруді басқару жөніндегі ғылымды дамыту.
2. Басқару деңгейлері.
3. Басқару жұмысы (жоспарлау, ұйымдастыру, себеп жүйесі, бақылау, стратегия, стратегиялық басқару, шешім қабылдау, басқару) әдістері.
4. Басқару субъектінің басқару іс-әрекетнің барлық түрлерін жүзеге асыруға даярлығы-алдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және т. б.
3. Лекция мақсаты:
4. Лекцияның мазмұны.
1. Білім беруді басқару жөніндегі ғылымды дамыту.
Бұрынғы басқарушылардың басшылыққа алып келген басқарудың ілімдік ғылыми негізінің қазіргі көп қолданылып жүрген дүниежүзіндегі басқару ілімінен негізгі айырмашалағы қандай?
“Менеджмент” ағылшын сөзі, латынның “манус” - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы.
Профессор Л. И. Евенконың сөзінше “Менеджмент” - бұл еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент - орысша “басқару, меңгеру, ұйымдастыру” міндеттері, әр түрлі мекемелердегі адамдарды басқару жөніндегі жұмыс түрі. Менеджмент-бұл, сондай-ақ адам баласының білім саласы, өз міндетін жүзеге асыруға көмекші. Соңында менеджмент менеджер (басқару) сөзі жинағы ретінде, бұл адамдардың белгілі дәрежесі, әлеуметтік топ, олар басқару бойынша жұмысты жүзеге асырушылар. (“К основам менеджмента” вступительная статья. М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури) . (65) Питер Ф. Друкер (65) өзінің зерттеулерінде былай деп жазады, “Менеджмент …қимыл және қолдану ісімен байланысты: оның бақылауы нәтижеге жету болады. Бұл оны әдістер жинағына ұқсас жасайды. Бірақ менеджмент сондай-ақ адамдармен де, олардың құндылығымен де, өсуімен де, дамуымен де ісі баржәне бұл оны қоғамдық ғылымға ұстатады… Сонымен менеджмент өзіне дәстүрлі деп есептейтіні “еркін мамандық”, “еркін болу себебі, білім негізінде өзін-өзі тану данышпандық және басшылықпен байланысты, “мамандық” ол сол бір уақытта тәжірибе және қолданбалы ғылым болады”.
Бұл айтылған сөзбен келіспесе болмайды, демек социолизм кезінде басқарудың ғылыми негізін оқып білген және өз жұмысында осы ілімге сүйенуге үйренген мамандар үшін осы тұжырымдама көптеген мәліметтер шындыққа сәйкес емес көрінеді, мысалы, біздің республика мектептерінің сауал-сұраққа жауап берген 20 мектеп директорының 15 менеджмент еркін мамандық дегенмен келіспейтіндігін білдірді. Олардың пікірінше басқарушы адам ол тәуелді адам, олардың көбі бұл тәуелділіктің (негізінен жоғары мекемелерге) азаю бағыты жоқ деп есептейді. 20 директордың 5 кейбір еркіндіктің көрінуін оқу мекемелеріне дербестік берумен байланыстырады. Сондықтан, біздің көзқарасымызшақазіргі кездегі менеджмент ілімдері жеткіліксіз сенім үлесімен қабылданады, себебі өтпелі кезеңнің барлығын өткеніміз жоқ, социолизімнің қалдық күштері көптеген дамуға кедергі болуда, соның ішінде білім жүйесінің дамуы да бар.
Бір жағынан қайта құру кезеңіне дейін жұмыс істеген отандық ғылымдардың зерттеулерінде орынды мәселелер аз емес. Мысалы, біздің көзқарасымызша Ф. Друкердің пікірін басшылар жұмысының шығармашылық бағытымен толықтыруға болады.
Бұл жөнінде Т. И. Шамованың (105) ойы назар аударларлық:
“Басқару жұмысы шын мәнінде зерттеу жұмысы, егер зерттеуші оны тәжірибеде осылай түсінікте болса, онда ішкі үлкен қорды ашуға болады, оларды босату мектеп жұмысының түпкі нәтижесін жедел көтереді”. Осы жолдар социолистік дәуірде жазылғанынақарамастан, бұл дерек біздерге ақиқат, ол адамдармен жұмыс істеуде басшылар жұмысынан зерттеудің кейбір сапаларын талап етеді, олар басқарушылық мәселелер мен жағдайларды оған тереңірек ұғынуға көмектеседі.
Сол кездегі білім жүйесін басқару саласындағы көрнекті ғылым П. В. Худаминский социолистік дәуірдегі мамандардың басқа сипаттағы көз қарасын қамтып көрсетеді. Ол “басқару” ұғымы тым жалпылама санға жатады және өте жан-жақты ұғым: ол әлеуметтік басқаруды, биологиялық дамуды басқарады және әр түрлі машина мен механизімдердің түрлерін басқарады” деп жазды.
Осы анықтамадан адамның сөзсіз ұмтылғаны көрініп тұр. Бірақ мынадай болжам тууы мүмкін, ол “әлеуметтік басқаруда” сөз болуы мүмкін. Бірақ “ әлеуметтік басқару” ұғымын одан әрі туындыгер былайша сипаттайды: “әлеуметтік басқару, экономикалық (шаруашылық) басқаруды, әлеуметтік- саяси басқаруды және қоғамның рухани өмірін қосады. Әрине соңғыға білім беруді басқару да жатады, оның басты міндеті, коммунистік тәрбиені және жас ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ету. Әлеуметтік басқару партиялық, таптық сипатта болады”. Одан әрі П. В. Худоминский өз ойын бекітуге Л. И. Бережневтен сөздәйек келтіреді: “… Басқару мәселесі-бұл бірінші кезектесаяси, ал ол техникалық мәселе емес. Басқаруда ең басты - негізгі шешімді қабылдау, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық және басқа салада маркстік-лениндік жолды жасау, біздің партияның және мемлекеттің маңызды міндеті болып қалады”.
Осы мәселені түсіндіретін, тіпті идиологиялықт жағын алып тастағанда, ғылымның тиісті қоғамға қалай құрмет көрсетуі қажет болғанын түсіну қиын емес, сонымен бірге туындыгер басқарушылық қызмет ортасына адамдарды қоймайды, ол қалай болғандада ілімді мемлекеттік идеологияға жақындастыру.
Біздің көзқарасымызша “Ғылыми басқару” және “Басқарудың ғылыми негіздері” бөлімдерді П. В. Худоминский (93) тым ойдан ала салған. Ол “ғылыми басқару” басқару тәжірибесінің сапасын сипаттайтын кең ұғым, бұл ақиқат өмір сүріп отырған заңдардың талабын іске асыруды қамтамасыз етеді. Ағарту жүйесін ғылыми басқару: социолистік қоғамның табиғи құрамды бөлігі болғандықтан, басқарушы адам, оның барлық бөлігіне, жүйелі, жоспарлы, саналы және мақсатқа сай ықпал жасайды.
(Білім министірлігінен мектепке, мектеп және мектепке дейінгі мекемелер) . Жас өспірімдерді комунистік тәрбие мен қамтамасыз ету мақсатында, олардың әр жақты таным негізінде үйлесімді дамуына және социолизімге тән жалпы заңдылық ретінде, тек оқу - тәрбие жұмысының барысындағы бұлардың дене және психикалық дамуының ақиқат заңдылығын пайдалану.
“Басқарудың ғылыми негізі (оның ішінде білім беруді басқару) - бұл, басқару тәжірибесінің ілімдік негізін құрайтын ғылыми білім жүйесі. Қоғамды ғылыми негде басқаруда орталық бөлімі мен негізі марксизім - ленинзм есептеледі”. -деп жазды.
Біздер социолизм дәуіріндегі білім жүйесін басқару саласының көрнекті ғалымының келтірген тұжырымдамасына толық тоқталуымыз жай емес. Шын мәнінде осы ғылым саласындағы барлық ғылымдарда осы көзқарасты ұстайды, немесе жоғырыда айтылғандардан бағыттарының айырмашылығы аздау болады.
Бұл жөнінде себептер көп. Жалпы себептерді бұтіндей белгілеуге болады: социолистік құрылыстың шеңбері. Осы шебердің жойылуына байланысты тұтас немесе жартылай ілім тарихқа кетеді, олар қазіргі шындыққа қолдануға мүмкін болмай қалды.
О. В. Амуржуевтің басшылығымен шыққан “Словарь делового человека” (81) еңбекте берілген менеджмент туралы тұжырым шетелдік тұжырымға жақын келеді.
Менеджмент:
- Өңдірісті басқару. Өңдірістің нәтижесін және табыстың өсуін көтеру мақсатындағы өндірістің басқарудың негізін, әдісін, құралы мен түрінің жиынтығын қосады.
- Өндірістік жұмыстың барысндағы адамдар қатнасын басқару және өндірушімен тұтынушылардың өзара байланысы туралы ғылым. Шаруашылық қатнастардың және базардағы басқару өнері мен іс әдісі мөлшерінің күрделенуіне қарай менеджментке үлкен көңіл бөлуге сәті түсуде. Басқарудың озат тәжірибесімен қолдану, басқару жұмысына жаңа әдістерді дайындау, жоғарғы экономикалық - қаражат жетістіктеріне жетуге маңызды күш және қайнар көзі есептеледі.
Мұнда бірінші орынға өндіріс қойылады және сөз адамдар туралы емес, керсінше өндірісті басқару жөнінде болады. Керек десек анықтаманың екінші бөлімінде де адамдарды басқару жөнінде сөз болмайды, тек “өндірістік жұмыстың барысындағы адамдар қатнасын” басқару жөнінде сөз болады. Осы кездегі басқада зерттеулерді зерттегенде басшылар бәрінен бұрын өндірісті, мекемелерді басқаруға бағытталған, ал адамдарды басқаруға бағытталмаған. Адам өзіне тиісті бірінші дәрежедегі маңызды қажеттілігі мен, қабілетімен, мүдесімен және дәлел себептерімен шұғылданбаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz