Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

1- ЛЕКЦИЯ.

1- лекция. Тақырыбы: Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде)

Жоспары: 1. Ғылым туралы түсінік қалыптастыру.

2. Ғылыми әдіснама.

3. Ғылыми әдіс.

Лекция мақсаты: Ғылыми ізденісте- студенттердің еңбектену іс-әрекеті.

Лекция мәтіні (қысқаша)

1. Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз -адамның еңбектену іс-әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс-әрекеттің адамның еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуальды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатын табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын адамды, оның ішкі, яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған. Өздерін ғылымға арнаған адамзат баласының ең жақсы өкілдерінің есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталуда.

Терең білімсіз педагогикалық теория және іс-тәжірибені, өзгерту мүмкін емес, оны зерттеп дамыту білім саясат және ғылыми адам тәрбиесінде К. Д. Ушинский былай деді:

“Егер де педагогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе онда адам алдымен педагогиканы білу қажет”.

Педагогикалық қызмет классификациясы

Негізгі: Негізгі
Тәжірибе.: Тәжірибе.
Жұмыстары.: Жұмыстары.
Негізгі: Тәрбие процестерін ашу, терең білімге жол көрсету әдіснама-лық ғылыми дамыту, жаңа білім іздеу және іс-тәжірибе жүзінде ізденістер ашу.
Тәжірибе.: Теориялық және іс-тәжірибелік мысалдары бөліп ажырату, білім мен тәрбие бір-бірімен байланысады, педагогикалық технология жұмыстар ғылым мен іс-тәжірибе байланысады, негізгі қызметтер мен жұмыстар.
Жұмыстары.: Бағдарламаны шығару мақсатында, кітаптарды әдіс-намалық көрнекіліктер, қосым-ша материалдар, құрылымы бойынша әдіснамалық тәрбие мен білім жаңалықтары, әдіс және үлгі әдіснамалық зерттеу студенттерде және педагогтар-ды тәрбие система бойынша оқыту.
Негізгі: Теориялық
Тәжірибе.: Іс-тәжірибелік
Жұмыстары.:

2. Әдіснама-грек сөзінен алынған зерттеу деген мағына білдіреді.

1. теориялық және практикалық, системалық принциптерінің жолдары, практикалық теориялық қызмет, әрекеттері.

2. Ғылыми әдіснамалық оқыту.

3. Ғылыми әдіснамалық қолдану.

Әдіснама оқу принципінің әдісі, формасы педагогикалық қызметтермен байланысады. Әдіснама төрт бөлімге бөлінеді.

1. Философиялық теңдік (экзистенционализм, неотолизм, позивитизм, неопозивитизм, прагматизм, диалектикалық материализм) .

2. Жалпы ғылыми оқу тендігі.

3. нақты ғылыми оқу тендігі. Теориялық концепциясы.

4. технологиялық теңдік әдіснамасы, зерттеу техникасы.

Әдіснама, ғылыми зерттеу әдісі және әдіс.

“Әдіснама”-термині грек сөзінен алынған. Ол оқу немесе теория әдісі ұғымды білдіреді. Әдіснама теориялық проблемалардың жолдарымен, ғылыми және творчестволық әдістерімен айналысады.

Осымен қатар әдіснама жаңа ғылыми қызмет әрекеттері шындайды. Әдіснама әр қашанда бір ұғымды білдірмей өзгертіп отырады.

Бұл жағдайда әдіс философиялық ғылыми түсінік бойынша жалпы тәрбиеленеді.

Әдіснама ұғымы қысқаша оймен сөзбен түсіндіргенде теория бойынша танып нақты ғылым бойынша тәрбиеленеді. В. А. Штоффтың пікірі бойынша былай анықтайды: ”Әдіснама кең философиялық ұғым, әдіснама назар анализде әдіснамалық ролінде және эвристикалық мағынасы негізгі антологикалық принциптері, тәртіптері мен категориялары методология ғылыми шағын көлемінде гносеология бөлімі пайда болады; ал білдіреді өзімен ғылыми теориялық тану және жүйелі тәрбиелеу заң бойынша қате жобаны тану олардың жалпы (кесін, мүсін) және бір-біріне байланысты формасын және ғылыми жағына тиісті ”.

Әдіснама педагогика ұсынады өзімен жобаны білу ерекше және педагогикалық теориялық және педагогикалық жолдарын, олардың алған білімін, нақты шындықты қамтып көрсету әр қашанда алмастыру педагогикалық нақты жалпы (жетілдіру, дамыту) .

Қазірге теңдікте даму педагогикалық ғылым керекті нәрсені шешу жеке әдіснамалық қажетті сұрақтар, және де әдіснаманы педагогикада мамандық бойынша жұмысын білу. Бұл жолы педагогикалық теориялық білім. Керісінше жоба жатқа тәжірибе әдіснаманы жеке ғылым қызмет ету дамыту жалпы ғылыми әдіснамасы.

3. Әдіс термині гректің Methodos деген сөзінен алынған, ол “Білімге жол ашу”, -дегенді білдіреді. Түсінік ғылым әдіс болатын мінездеме мақсат бойынша қандай жоба, жол көмек арқылы жеткізу анықтайтын мақсатына, шешеді немесе дәлелдейді. Әдіс ұсынады өзімен әр түрлі тану жолдарын және практикалықоперацияны, жан-жақтығылыми білімдерде көрсетеді. Педагогикада түсінік бойынша ғылыми әдістер барлық негізгі жағына және ғылыми ізденістер, жауапты пәнге және педагогикалық есеп.

Әдіс ұғымы білдіреді тәжірибелер, жаттығуларды ғылым ұғымдарды. Мысалы: педагогикада әдіс ғылыми көзқарас тәжірибелі әдіс, әдіс бойынша сұрақтар, әдіс жолдары. Әр кезде әдіс ұғымы кең көлемде ұғымды мысалы әдіс теориялық тәжірибе. Бұл жағдайда ол қызмет етеді анықтайды танып-білу процесі, шешуші анализдер басқа да логикалық ойлар (синтез, абстракт, жалпы қорытынды) .

Бірнеше әдістер эмпирикалық ізденістер, нақты әдіс, сұрақтары және әдіс пікірлері, кейде “техника”терминімен дәлелдейді. Біз, жалпы терминінін қолданамыз.

Әдіснама термині-түрлі нақты формаларды және қолданылатын әдіс түрлері, оларға көмектесетінімен ерекшеленеді ең бағалы тереңдік түсінік педагогикалық процестермен және анализдері дегенді білдіреді. Педагогикалық ғылыми жағының түсінік, ”ізденіс талаптары”, социологиялық білім алу. Ол нақты жоба танымдық ұсыныстармен қабылдаулар және де ғылыми қызмет жұмыстарын ұйымдастыру, (нақты мерзім, іздестіру жолдары, мүшелер саны, қаржы шығындары) .

Әдіснама педагогика жобасының үлгісі:

Педагогикалық ғылыми түсінік.: Педагогикалық ғылыми түсінік.
Ғылыми процестің педагогикаға енуі.: Ғылыми процестің педагогикаға енуі.
Педагогикалық практикалық түрде дәлелдеу.: Педагогикалық практикалық түрде дәлелдеу.
Педагогикалық ғылыми түсінік.: Педагогикалық пән функция есеп.
Ғылыми процестің педагогикаға енуі.: Әдіснамалық таңдаудың проблемалық таңдауы.
Педагогикалық практикалық түрде дәлелдеу.: Әдіс заңдарымен заңдылық-тарын процестерін оқыту және тәрбиелеу.
Педагогикалық ғылыми түсінік.:

Адамзат баласының педагогикада алатын орны.

Жалпы педагогикалық мамандықтар қызметі.

Педагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы.

Педагогикалық терминологиялық түсініктер.

Ғылыми процестің педагогикаға енуі.:

Ғылыми әдістің ерекшеліктері мен байланыстары.

Әдістердің оқушылардың мінездеріне, мана сезімдері, сапалары бір-бірімен ерекшеліктері.

Эмпирикалық және теориялық қызметтегі теңдік.

Әдіснамалық проблемаларды зерттеу.

Педагогикалық практикалық түрде дәлелдеу.:

Мысалдарды анықтау есеп бойынша тәрбиелеу.

Факторлардың пайда болуын оқыту және бір-бірімен салыстару.

Жүйе жұмыс формалары, міндет ұйымдастырушылық процесс бойынша тәрбиелеу.

Әдіснамалық принциптері ғылымының мақсаты-педагогикалық қызмет ету.

Ғылымның міндетті-педагогикалық қызмет ету қажетті:

Жоба бойынша детерминиялық педагогикалық құбылыс оқиға-олар жасалады, күшейеді іштегі жобалардың заңдылықтарын, қарсылықтары, іздестіру жолдарын байланыстыру.

Қамтамасыз ету толық жақындау жатқа педагогикалық құбылыс және процестері.

Құбылыстардың дамуы және олардың жетілу жолдарын оқыту.

Осы заңның даму олардың бір-біріне байланысты басқа құбылыстарымен.

Жобаны көру дамыту процесте қарау өзімен даму қозғалу қалай өзқім-өзі қозғалысты болса солай өзімен-өзі дамиды, жалпы ішке жағда қозғалыс күштерімен негізгі бөлімдері.

Бақылау сұрақтары:

1. Білім және ғылым министрі кім

2. ВАК- жікте және міндеті

3. Ғылыми әдіснамалық оқыту

2. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

2- лекция. Тақырыбы: Студенттердің ғылыми үйірмелері, олардың студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы ролі.

Жоспары: 1. Тақырып таңдау мәселесі.

2. Ғылыми жұмысты жазу талаптары.

3. Курстық және дипломдық жұмыс.

Лекция мақсаты: Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері.

Лекция мәтіні (қысқаша)

1. Университет қабырғасында студенттер білім алумен қатар оқытушы ұстаздарының жетекшілігімен ғылыми үйірмелерге қатысып, ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын- ізденістерін де бастайды. Бұл ретте студенттердің өзіндік жұмыстарының атқарар ролі ерекше.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері де сан алуан, олар белгілі бір тақырып, проблема, туынды бойынша реферат жазу, оқу әдістемелік, ғылыми сын еңбектерден конспект жасау, студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасау, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу т. б.

Курстық және дипломдық жұмыстар - студенттердің сөз өнерінің сырлары мен етене танысып, әдеби - эстетикалық талғамы мен шығармашылық тұлғасының қалыптасуына, ғылыми ізденіс жолына бел алуына, жазу дағдысына машықтануына мол мүмкіндіктер ашатын өзіндік жұмыс түрлері. Сондықтан жоғары кәсіби білім беретін университеттердің оқу процесінде курстық, дипломдық жұмыстардың да алатын өзіндік орны ерекше.

Жоғары мектептің типтік оқу жоспарына сәйкес курстық жұмыстар ІІІ курста, ал диплом жұмыстары соңғы курста жазылады.

Жоғары оқу орындарындағы оқу педагогикалық процесте курстық жұмыстардың өзіндік маңызды рөлі бар.

Курстық жұмыстардың мақсат-міндеті - әдбиет тарихының немесе қазіргі әдеби дамуға қатысты, сондай ақ әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті бір мәселелерін қарастыру, зерттеу, сөйтіп, студенттердің өзбетімен жұмыс істеу, ғылым жолында іздену дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізу.

Практикалық, семинарлық сабақтардың маңыздылығы өз алдына, студентер өткен курстарда алған әдеби- теориялық білімдерін басшылыққа ала отрып курс жұмыстарын жазу барысында ізденеді, әдеби фактілерді талдауға, жинақтауға, бағалауға, зерттеу жұмысында қолданылатын түрлі әдіс тәсілдерді игеруге машықтанады. Осындай сан- сала шығармашылық ізденістер, зерттеу жүргізу нәтижесінде орындалатын қурыстық жұмыстар студенттердің ғылыми - танымдық көзқарасының кеңеюіне, жауапкершілігінің артуына, күнделікті үлгерімінің жақсаруына да игі әсер етеді.

2. Өкінішке орай жоғары мектептерде түрлі себептер мен студенттердің жазу дағдысының қалыптасуына жеткілікті көңіл бөліне бермейді.

Курстық жұмысқа кірісер алдында студент ең алдымен жалпы жұмыс жостарын жасап алуы міндетті. Жалпы жұмыс жоспары мынадай бөліктерден тұрады.

1) . тақырып таңдау;

2) Таңдаған тақырыпты жан- жақты таңдап ашуға қажетті көркем туындыларын іріктеу, әдеби - сын зерттеу еңбектерді іздестіріп, олардың тізбесін жасау;

3) Іріктелген көркем туындылар мен әдеби - сын, зерттеу еңбектерді оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, міндет- мақсаты айқындау;

4) Курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау;

5) Жұмысты жазу аяқтау.

Курстық жұмысқа кірісудің бастамасы тақырып таңдаудан басталады.

Кафедра ұсынған тақырыптар тізбесін студент өзіне тиесілі тақырыпқа байланысты таңдауға құқылы.

Жоғары мектеп тәжірибесінде студенттің курстық жұмыстарында жоспардың жиі кездесетін бірнеше түрлері бар. Біріншісі, кіріспеден негізгі тараудан (курс жұмысының тақырыбы жазылады) . Қорытынды мен әдебиет тізімінен түзілсе, екіншісі де осыған жақын, тек негізгі тараудың бірнеше тараушалардан (параграфтардан) немесе а) ; ә) ; б) ; деп санамалаған бөліктерден құрылуы мүмкін. Сондай- ақ, кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиет тізімімен түзілген жоспар үлгі де кездеседі.

Жоспарды әдетте ғылыми жетекшіге бекітуге ұсынылады.

Курс жұмысын жазуға дағдылық сатыларынан өткен соң енді ең жауапты кезең- жұмысты жазу басталады. Басты талап, тілек, туындыны тақырыптақ- идеялық тұтастықта, мазмұн мен пішін бірлігі тұрғысынан қарастырып, көркемдік әлемінің құпия сырларына бойлай білу, осынау алуан тағдыры адамдар жаратылысы, өмір- тіршілік күйлері жайлы, өзінше толғанып, ойлай білу.

Курстық жұмыс шығармашылық еңбек болғандықтан, студенттер зерттеу, сын материалдарын, жетекшінің кеңесін басшылыққа ала отырып тақырыпты мүмкіндігінше өзінің көркемдік- эстетикалық түсінігі тұрғысынан талдап- таразылап, түйген ой- тұжырымдарын ортаға салуы керек.

3. Көп жағдайда курстық жұмыстарды төмендегідей олқылықтар орын алады:

1) Тақырыпқа, зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ

Мемлекеттік стандарттарына сай құрылған оқу жоспары университетті бітірушілердің міндетті түрде диплом жұмысын орындауын талап етеді.

Диплом жұмысын бүкіл оқу мерзімінде студенттің таңдап алынған тақырыбына орындалған курстық жұмыстарының тұтастығы деп қарауға болады.

Диплом жұмысын жоғары оқу орнын бітірушінің ғылыми жұмысы деп қарауға болады. Диплом жұмысын белгілі бір педагогикалық құбылысқа байланысты заңдылықтар мен оның шешімін табу жолдары деп қарауға болады.

Диплом жұмысын белгілі бір тақырыпқа байланысты ғылыми мазмұндағы ішкі бірлік пен тұтастығы және зерттеу барысы мен нәтижесі деп қарауға болады.

Мамандыққа сәйкес диплом жұмысының мақсаты - әлеуметтік гуманитарлық, ғылыми- жаратылыстану, жалпы кәсіпқой және арнаулы пәндер блоктары бойынша студенттердің өзіндік танымдық іс- әрекет нәтижелерін ұштастыра біріктіріп, қазіргі бастауыш мектептің кәсіпқой мұғалімі ретіндегі даярлығын қамтамасыз ету.

Бұл анықталған мақсатқа жету жолындағы орындалатын диплом жұмысына төмендегідей міндеттер жүктеледі:

-мамандыққа сәйкес теориялық және тәжірибелік білімдерді жүйелеу, бекіту және кеңейту;

-осы білімдерді нақты педагогикалық мәселелерді шешу барысында пайдалануды қамтамасыз ету;

-ғылыми - зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгеру және өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту;

-қазіргі бастауыш мектеп тәжірибесіне студенттің дайындығын анықтау.

Диплом жұмысына бірқатар талаптар қойылады:

-зерттелетін тақырыптың көкейтестілігі және оның сол мамандыққа сәйкес келуі, факультетте орындалатын диплом жұмысының жалпы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі;

-Диплом жұмысының тақырыбы қамтитын таным ауқымына сай ғылыми педагогикалық және әдістемелік еңбектерді зерттеу және талдау;

-зерттеліп отырған мәселенің тарихын зерттеу және оған сипаттама беру, педагогикалық озық тәжірибені жинақтау және қорытындылау, студенттің жеке тәжірибесін дамыту;

-зерттеу объектісіне, пәніне, әдістеріне және кезеңдеріне айқын сипаттама беру, жүргізілген педагогикалық тәжірибені талдау және жазу;

-Жұмыс нәтижелерін, қорытындыларды және тәжірибелік нұсқамаларды жинақтау;

Дипломдық жұмыстар студенттердің жоғары теориялық білімінің көрсеткіші әрі мамандық пән бойынша мемлекеттік емтиханнан орнына қабылданатын болғандықтан, оларға тақырыптық- проблематикалық жағынан да, талдау сапасы, мазмұны тұрғысынан да жоғары талап қойылады.

Курстық жұмыс тақырыптарын әдетте кафедра ұсынса, диплом тақырыптарын студенттердің өздірінің таңдауына ерік беріледі, кейде ғылыми жетекші - оқытушымен ақылдаса отырып, та тақырыпты білуге болады. Диплом жұмыстарының жетекшілік жасайтын оқытушылардың ғылыми - зерттеу жұмыстарымен байланыс сабақтастыққа берілсе тиімдірек. Тақырыптар кафедра мәжілісінде және факультеттің ғылыми кеңесінде бекітілуге тиісті.

Дипломдық жұмыстың жоспары қарастыратын проблеманың күрделілігіне орай бірнеше тараулардан түзілуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1. Үйірме жұмыс жаспарларының түзілуі?

2. Ғылыми жұмыстарға мәлімет беріңіз?

3. Курстық және дипломдық жұмыстардың жазылу емлесі?

3. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

3- лекция. Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері.

Жоспары: 1. Педагогикалық бақылау, ішінара бақылау, әңгіме әдісі.

2. Эксперимент және мектеп құжаттарымен жұмыс.

Лекция мақсаты: Терең білімге жол көрсетуде, әдіснамалық ғылымды дамыту.

Лекция мәтіні (қысқаша)

1. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізгі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тісілдерін іздестіру.

Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты - ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснамның философиялық және нақты - ғылыми деңгейлері теңестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндікткрі мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.

Педагогика ғылымы сияқты педагогикалық зерттеу әдістерінің қазіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлаудың шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудің барлық әдістерінің мен олардың өзара байланысынң сипаттайтын ортақ теорияны құрастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай, таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектігі және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.

Ғылыми зерттеулердегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейтесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінң бірі-ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе.

Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайиын бірнеше компоненттерден тұрады: а) факторологиялық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомолардан, болжамалардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теоияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте дәріптелген объектіні құрастыруды кез- келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, жорамалдарын, дәріптешілігін, анық білімдерге жету принциптері мен механизмін құрастырудың қажетті шарты ретінде қарастыру қажет.

Сонымен, зерттеу әдіс дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.

Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тісілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол- жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттерінің бір түрі.

Педагогканың өзіне тән ғылыми-педагогикалық әдістерінің бірі бақылау әдісі. Ол зерттеуде жиі қолданады бақылау деп педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылау мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурция, табороториядағы, шеберханадағы, оқу- тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көтерілуі мүмкін. Оны жоспарлау зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Бақылау нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығы мен мәдениеттілігіне байланысты.

Педагогикалық бақылау-белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады.

Жаппай бақылау әдісі- сабақ үстінде оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылардың зейін белсенділігін, балалар іс- әрекеті т. б. арқылы жүргізіледі.

Ішінара бақылау әдісі-кейбір оқушының кітаппен жұмысы, картамен жұмысы, мінез-құлқын бақылау.

Әңгіме әдісі- бақылауында алынған мәліметтерді толықтырады. Ол үшін арнайы жоспар жасалып онда негізгі және жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.

Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғаліммен сынып жетекшілерімен, мектеп басшыларымен, ата-аналармен және адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді.

Әңгіме протоколға жазылады, магнитафон арқылы жазып алуға болады. Әңгіме әдісі эксперимент, бақылау т. б. әдістермен ұштастырла жүргізіледі

2. Мектеп құжатарын зерттеуде кейбір күнделікті нәрселерді құжатарға сүйеніп зертеуге болады. Архив мәліметері, сынып жұрналдары, оқушы күнделіктері, сыныптық оқу-тәрбие жоспары үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп; үйірме баяндамалары, педкеңестің протолколдары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізінде әдістемелік және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына, жазылған байандамалармен ғылыми мақалалар жатады.

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әртүрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары мен және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбеке көз қарасын, практикалық даярлығың, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық проблемалардың қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие процесі
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Педагогика. Оқулық
Дүниетаным-қалыптасушы тұлғаның өзегі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны
Электрондық оқытудың маңызы
Әкімшілік процесте
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Әлеуметтану обектісі
Қабылдаушының ақпаратты пайдалануы
Әдістердің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz