Қазақ жазба тілінің тарихы және ауызша мен жазбаша формалардың ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жазба тіл тарихы
  2. Ауызша және жазба тіл
  3. Дистантілі қарым-қатынас және жазба сөз

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Жазба тіл тарихы

Жазба тіл - жазудың шығуымен байланысты пайда болған, өзіндік дәстүрі бар тіл. Жазба тіл адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған байлығын сақтауына және оны жетілдіруге мүмкіндік берді. Қазақ жазба тілі қазақ әдеби тілінің негізгі саласы ретінде қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайына, мәдени, рухани өміріне байланысты ерекшеліктерін, дәстүрін сақтай отырып қалыптасқан. Қазақ жазба тілінің қалыптасу негізі көптеген түркі халықтарына ортақ әдеби нұсқалардан бастау алады. Соған орай көне түркі жазба ескерткіштері (6 - 7 ғасырларда), ерте ортағасырлық Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу білік”, Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” (11 ғасыр), ортағасырлық “Мұхаббатнама”, “Оғызнама” (14 ғасыр) сияқты жазба ескерткіштер қазақ жазба тілінің негізі ретінде танылады. 15 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі аралықта қазақ жазба тіліне ортаазиялық түркі әдеби тілінің дәстүрі ықпал етті. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап халықтық тіл негізінде қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі қалыптасты, оның нормалық белгілері, стильдік салалары дамыды, қоғамдық қолданылу аясы кеңіді.

Ауызша және жазба тіл

Тіл жалпы және абстрактілі құбылыс ретінде әралуан акт қолданыстары мен түрлерінің жүзеге асуы арқылы, белгілі бір нақты жағдаяттардың орындалуы арқылы көрініс табады. Яғни сөйленіс тіл арқылы жарыққа шығады. Бірқатар ғалымдардың зерттеуі бойынша, сөйленімнің түрлері әртекті, әр алуын. Дегенмен, олар екі негізгі формаға сәйкестендіріледі, олар - ауызша және жазбаша формалар. Бұл формалар күрделі бірлікте құрылады және әлеуметтік-тілдік тәжірибеде (қолданыста) бірдей мәнде болады, бірдей қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынас осы екі форманың күрделі тұтастығын білдіргенмен, олардың әрқайсысы жеке дара күйінде көріне алады және жеке (индивидуальді) сипаты мен ерекшеліктері болады. Ең алдымен, тілдің ауызша және жазбаша формалары арасындағы айырмашылықтар әрқайсысының өзіндік жеке материалды негізінің болуы арқылы, тұрмыстық қолданыстағы ерекшеленген формалары арқылы көрініс табады. Ауызша тілдің материалды негізі - бұл ауада таралатын дыбыстық толқындар; жазбаша тілдің материалдық негізін кез келген тәсілмен жазылған контрастық фондағы әріптер құрайды (бояу, жарық, т. б. ) . Жалпы ауызша сөзді жазба сөзбен салыстырғанда олардың негізгі ерекшеленетін тұстары айқын байқалатыны белгілі. Ауызша сөз жазба тілдегі нормадан ауытқығанда оның артықшылығы көрінеді деп есептеледі. Сондықтан жазба тіл дұрыс сөйлеудің жалғыз варианты ретінде ұғынылады: «устная речь перестает осознаваться не только как первичный, но вообще и как самостоятельный феномен, имеющий позитивную ценность и позитивные признаки, а рассматривается как результат ситуативной редукции «кодифицированной», «правильной», то есть письменной речи» [1] .

Ұзақ уақыт бойы жазба сөз әсіресе көркем әдебиетте, ресми қарым-қатынаста, ғылыми ақпараттарды сақтауда және оларды тарату салаларында қызмет етіп келеді. Әсіресе тілдің тұрмыстану формасының Интернет көмегімен жасалған қарым-қатынас кезіндегі көрінісі ерекше назар аудартады, себебі, коммуниканттардың барлық репликасы (сөздері) графикалық формада тіркеліп қалады, яғни «жазылады». Бұл фактінің нәтижесінде әртүрлі желілік баспалардың корреспонденттері мен Интернеттің белсенді қолданушылары қарсыластарымен дауласа отырып, желілік қарым-қатынастың ең бір оңтайлы, маңызды ерекшелігінің бірі ретінде эпистолярлы жанрдың қайта өркендеуін айтады. Осыған орай, коммуниканттарға аса қажет қабілет деп жазбаша тілде жеткізу кезінде ойды нақты әрі айқын беру саналады. Дегенмен, тілші ғалымдар (лингвистер) мұндай көзқарасты одан әрі талдамайды, себебі, сөйленіс, тілдің ауызша және жазбаша формасы тек әртүрлі материалдық негіздің болуымен ғана емес, сондай-ақ олардың жеке табиғи болмысындағы әртүрлі ерекшеліктерге байланысты екенін түсіндіреді. Себебі олардың екеуінің табиғи болмысында тілдік көрінісін жарыққа шығару механизмдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер болады және оның жүзеге асуы шарттарында да өзгешеліктер байқалады.

Дистантілі қарым-қатынас және жазба сөз

Қарым-қатынастың бұл түрі Уақыт пен Кеңістікке тікелей байланысты. Коммуникант Уақыт пен Кеңістік факторынан едәуір алшақ болады. Сондықтан комуникацияның бұл түрі көбінесе жазбаша формада іске асады. Е. А. Земская өз сөзінде былай дейді: «Письменная речь - речь, изображенная на бумаге (или какой-либо другой поверхности: пергаменте, бересте, камне, полотне и т. п. ) с помощью специальных графических знаков (знаков письменности), предназначенных для изображения звуков речи» [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XV-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы: ауызша және жазбаша түрлері
Қазақ әдеби тілінің тарихи қалыптасуы: жазбаша және ауызша түрлері
Ауызша және жазбаша аудармалардың түрлері мен ерекшеліктері
ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің қалыптасуы: ауызша дәстүрден жаңа жазба тілге
Аударманың түсінігі мен түрлері: ауызша және жазбаша аударманың ерекшеліктері
ХV-ХVІІ ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілінің лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктері (жазба ескерткіштер негізінде)
Қазіргі қазақ тіліндегі ауызша және жазбаша қателіктерді болдырмау әдістемесі
ХV-ХVII ғасырлардағы ескі қазақ жазба тілінің лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктері
Ауызша және жазбаша сөйлеуге үйретудің әдістемелік жоспары
ХІХ ғасырдың басынан 60-70-жылдарға дейінгі қазақ әдеби тілінің дамуы: ауызша дәстүрден ұлттық жазба әдеби тіліне өту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz