Ежелгі шығыс мемлекеттері
1 Таќырып 1. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің пайда болуы.
2 Таќырып 2. Антикалық әлемдегі мемлекет және құқық.
3 Таќырып 3.Орталық және Батыс Еуропа мемлекеттері және құқығы
4 Таќырып 4. Еуропадағы Буржуазиялық мемлекеттер.
5 Таќырып 5. Америка Құрама Штаты.
6 Таќырып 6. Ұлттық құқықтық жүйелердің қалыптасуы.

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды,тоған салуды үйрене бастады.Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып,басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп,қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына еңбек-құрал жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.
Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану,балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу,су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған.Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі.
Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар,сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға,байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан,олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың ролі дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар,әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.
Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы.Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Бірақ билік әр түрлі айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасқандықтан сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер шығыстағы билік жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің күрделі байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті шығыс деспотиясы деп атаймыз. «Деспотия, деспотизм»сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді.Бұл сөз ХVІІ Ғ. аяғы мен ХVІІІ ғ. басында өмір сүрген француз жазушысы Ф.Фенелонның романындағы адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүргетін және заңмен қорғалмаған қоғамды атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын себебі патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан қорғалмауына байланысты.

Негізгі әдебиеттер:
1. Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.
2. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.
4. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
5. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
Ќосымша єдебиеттер:
1. Дандамаев М.А. Древный Шумер. СПБ., 2001.
2. История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1.
3. Клочков И.С.Древняя культура Вавилона (человек, судьба, время). М., 1983.
4. Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990.
5. Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М., 1977.
6. Ильин Г.Ф. Основные проблемы рабства в Древней Индии // История и культур Древней Индий. М., 1963.

Виртуалдық дәрістердің курсы.
№ Тақырып Сағаттар
1 Таќырып 1. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің пайда болуы. 2
2 Таќырып 2. Антикалық әлемдегі мемлекет және құқық. 2
3 Таќырып 3.Орталық және Батыс Еуропа мемлекеттері және 2
құқығы
4 Таќырып 4. Еуропадағы Буржуазиялық мемлекеттер. 2
5 Таќырып 5. Америка Құрама Штаты. 1
6 Таќырып 6. Ұлттық құқықтық жүйелердің қалыптасуы. 1
ВСЕГО 10
Таќырып 1. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің пайда болуы.
Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда
болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр
түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау)
адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп
шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған
жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын
теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая
бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр
болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға
бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар
өзен суын бұруды,тоған салуды үйрене бастады.Тың жерге егін салған адамдар
тобы тез байып,басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға
көбірек көніл бөліп,қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне
осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару
жүйесінің ролі басым болгандықтан Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені
ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық
еңбектің басым блуына еңбек-құрал жабдықтарының мыстан және тастан
жасалуы да әсер етті.
Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды.
Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте
заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек
алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану,балшықтану процесі жаңа жерлерде
каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті.
Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу
сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы
кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-
бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен
әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі
ұйымдастырутырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі
бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар
салу,су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру-қоғамдық істер
мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда
аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп
отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай
жолмен салынған.Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің
болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі.
Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне
алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады
және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату
үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса,
кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне
әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті.
Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды топтар-ақсүйектер,
әскерибасшылар, дінбасылар,сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі
олардың жағдайын жақсартуға,байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган
саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан,олар осы баскаруға қатысуға тырысты
және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың
арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен
қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар
бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың ролі дін және
заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-
брахмандар,әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-
шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың
аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан
жаралды деген аңыз пайдаланылды.
Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге
мемлекет меншігінің болуы.Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі
жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Бірақ билік әр түрлі айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен
қалыптасқандықтан сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер
шығыстағы билік жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің
күрделі байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті
шығыс деспотиясы деп атаймыз. Деспотия, деспотизмсөзі ежелгі грек
тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді.Бұл сөз ХVІІ Ғ. аяғы мен
ХVІІІ ғ. басында өмір сүрген француз жазушысы Ф.Фенелонның романындағы
адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүргетін және заңмен қорғалмаған қоғамды
атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын
себебі патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына
шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан
қорғалмауына байланысты.
Ежелгі Египетте мемлекеттің пайда болуы және қезеңдерге бөлінуі. Ежелгі
Египет (Мысыр) Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ніл өзенінің
тар алқабында, яғни Ніл өзенінің бастауынан Жерорта теңізіне құятын атырау
сағаларының аралығында орналасқан. Египетте алғашқы мемлекеттік
құрылымдардың қашан пайда болғаны туралы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ та,
б.з.д. ІІІ мың жылдықта Египет мемлекеті өмір сүрген.
Египет мемлекет және құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі. Жоғарғы және
төменгі Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен
б.э.д.3100-2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-
Ерте немесе Ескі патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің
(пирамидалардың салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан
кейін бірінші өтпелі кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта
Египет өзара жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып
ыдырайды.Фараон билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй
қалыптасты,ном билеушілері өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі
билікке таласады.
Осы кезеңнің соңында Фива қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы
бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-
1700жж). Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-
1580жж), бұл кезең елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың
басып алуымен сипатталады.
Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде
ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді.Египет ірі империяға
айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери
гегемонияға ұмтылады.
Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны
парсылар,кейін Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30
жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.
Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
Ежелгі Египет тұрғындары негізінен жер өңдеумен және мал өсірумен
айналысқан.
Египет қоғамының жоғарғы қабатында перғаун, жрецдер, шенеуніктер және
әскери беделділер тұрды. Египетте қалыптасқан көптеген культтерге
байланысты жрецдер топтарға бөлінген. Әр топтың басында барлық билікті
басқарушы жоғарғы жрец тұрды. Перғаун ең жоғарғы мемлекеттік билік иесі.
Оның қарамағында кеніштер, тас қашайтын орындар, сыртқы саудалар
шоғырландырылды. Оның бұйрығымен су қойма, сарайлар және табыттар салынды.
Перғауынның бірінші көмекшісі уәзір мемлекеттік мекемелерді, шіркеулерді
басқарды, әскерге адамдар жинады және жоғарғы сот билігін атқарды.
Перғауынның жанында бас вельможа және орталық басқарманы басқарушы
сановник (джати). Мемлекет механизмі жүйесінде көрнекі орынды жрецдер алды.
Ежелгі Египетте заң шығарушы, атқарушы және сот билігі өзара бөлінбеген
болды. Тутмос ІІІ кезінде үш везир үшін құрастырылған инструкцияда (текст
фиван мәйіт сақтаушысының қабырғасынды сақталынған) және басқа да деректер
бойынша визирдің өкілеттілігі мен қызмет көлемі өте кең болған.
Ежелгі Египетте визерден басқа да лауазымды тұлғалар болды, олардың
ішінде маңыздылары – мөр сақтаушы немесе бас қазынашы еді. Оны “Төменгі
Египет патшасының қазынашысы ” деп атады, әрине Египетте дамыған мағынада
қазына сөзі болған жоқ, өйткені салық натуралды түрде төленді.
Сонымен қатар патша архитекторының және дербес тұрғындарға жүктелген
тағзым етуін орындауды қадағалау лауазымына ие болған патшаның барлық
жұмысы басшысының рөлі жоғары болды. Ежелгі Египетте іс жүргізуі дамыған
үлкен чиновниктер аппараты құрылды, ондағы көптеген құжаттар чиновниктердің
жемқорлықпен айналысқаны, заңсыздықтың және еріктіліктің болғаны жайында
куәландырады.
Вавилон мемлекетінің пайда болуы және дамуы. Месопатамияда қоныс тебу
неолит дәуірінен басталды. Алғашқы тұрғындары балық шаруашылығымен, аң
аулаумен айналысқан. Б.э.д. ІІІ мың жылдықта Тигр мен Ефрат өзендерінің
аралығында бірнеше қала мемлекеттері пайда болған, соның бірі – Вавилон.
Демек, Месопатамиядағы ежелгі өркениеттің негізін салушылардың бірі
шумерлер.
Б.э.д. 2109 жылы кути тайпаларының жеңілуі нәтижесінде Месопатамидағы
билік толығымен Ур патшасы Ур-Намурдың қолына көшеді. Ол ІІІ Ур әулетінің
негізін қалап біріккен шумер-аккад патшалығына билігін жүргізген.
Вавилонның гүлденуі І Вавилон әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапи
(б.э.д. 1792-1750 жж.) тұсында болды. Хаммурапи ірі мемлекет қайраткері,
айлакер дипломат, ақылды заңгер және көріпкел ұйымдас тырушылық қасиетімен
көзге және сөзге ілінген. Оның басқару кезінде мемлекет экономикасы
суармалы жер шаруашылығына, бау-бақша және мал шаруашылығына, қолөнерге
негізделген, сыртқы және ішкі сауданы дамытуға бағытталған еді. Маңызды
сауда орталықтарына Вавилон, Ниппур, Сиппар, Ларса, Ур және т.б. қалалар
жатқан.
Вавилон мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгівавилон
қоғамының жалпы құрылымы египет қоғамына ұқсас. Яғни, вавилон қоғамының
ерекшелігі ірі жер иеленушілер мен құлиеленушілердің молайуы нәтижесінде
мемлекеттің пайда болуы және патша құқығының күшеюі. Шіркеу жерлерінің
мемлекеттікке көшуі, қауымдық жерлерді сатып алу және жаулап алу
нәтижесінде патшаның жер қоры ұлғайды. Сонымен қоса, патша жер қорының және
жеке меншік жердің көбейуіне қарамастан жер өңдеудің ирригациялық жүйесіне
негізделген қауымдық құрылымының сақталуы қоғамның ерекшелігін танытады.
Вавилонның басқа қоғамдардан ерекшелігі, ондағы ерікті адамдардың екі
категорияға бөлінуі. Олар “күйеудің балалары”-авилум (немесе басқаша,”адам
баласы”) бұлардың толыққанды азамат екендігін білдірді. Басқалары-мушкенум
(“шукену”деген сөзден шығып, жоғары тұлғаға бас ию деген мағына береді).
Барлық мемлекет облыстарға бөлінген, әр облыс басында патша
тағайындаған (наместниктер) тұрды. Сонымен қатар Хаммурапи кезінде екі
басты наместник – солтүстікте Сиппар қаласында және оңтүстігінде Ларс
қаласында тағайындалған. Олардың негізгі жұмысы ирригациялық қаруландыруды
және жаңа каналдарды қазуды қадағалау, осы жұмыстарға жергілікті
тұрғындарды тартты. Сондай-ақ патша кірісін жинау және патшаға жеткізуді
қадағалады, қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметін атқарды.
Ежелгівавилон мемлекетінде қауымдық басқару органы сақталған. Қауымдық
басқарудың органы қауымдық кеңес болды, бірақ оның басшысы болып патшамен
тағайындалған-рабианум есептелді. Қауымдық кеңесті жүргізуде бөлінбеген
қауымдық жерлерді басқару, жер және суды пайдаланудағы келіспеушіліктерді
шешу, салық жинау,патша бұйрықтарының орындалуын қадағалау қарастырылды.
Қауым жеке жағдайларда оның территориясында жасалған қылмыс үшін ұжыммен
жауап берді.
Вавилонда сот билігі басқа ежелгі шығыс мемлекеттері сияқты
әкімшіліктен ажыратылмаған болған. Сот қызметі сонымен қатар, сот алқасына
төрелік етуші “ жергілікті әкімнің ” “рабианумның” қолында болған.
Ежелгі Үнді мемлекетінің қалыптасуы. Үнді-адамзаттық мәдениеті ошағының
бірі. Үнді тарихы өте көне ғасырдан бастау алады.
Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы мен Імыңжылдықтың басындағы Солтүстік
Үндістан тарихының негізгі деректеріне ертедегі үнді діни-әдеби
ескерткештері ведалар жатады. Олар ән ұрандар, құрбандық пен қарғыс және
қасиетті дәстүрлердің жыр жинақтары болып саналады. Ведалар үндіевропалық
тілде пайда болған(“веда” сөзі, мысалы, орыстың “ведать” сөзімен туыстас).
Оларды құрастыру фактісін өзі Үндістанда үндіевропалық тайпалардың
келуімен байланыстырылады. Тілі, діні және аңызы жағынан ведалар Иранның
“Авестасына” ұқсас.Ертедегі ведаларды шығарған үнділіктер мен ирандықтардың
арғы аталары ортақ бір территорияда тұрған туысқан тайпалар болуы мүмкін.
Ғылымда бұлардың екеуінде ариилер деп атау қалыптасқан (арья-қайырымды ерте
үнді, ерте иран тайпалық бірлестіктеріндегі жоғары ру басшылары деген аттан-
ақ көрініп тұр.
Қоғамның теңсіздігінің күшеюне байланысты, бұрын тайпа жиналысымен
сайланған әскери қолбасшысы (раджа), өзіне тайпалық басқару органын
бағындырды.
Сол кезде үлкен, күшті мемлекет – Магадха болған. ІҮ-ІІІ ғғ. Маурийлер
әулеті өз қол астына бүкіл Үндістан территориясын біріктірген, бұл кезең
осы мемлекеттің ең шырқап дамыған кезеңі болған. Магадхо-Маурийлер дәуірі
ежелгіүнді мемлекеттілік құрылымы дамуының ерекше кезеңі болып саналады.
Маурийлер дәуірінде көптеген мемлекет институттарының негізі қаланды және
көптеген саяси оқиғаларға куә болды.
Маурьи империясы әртүрлі даму сатысындағы тайпалардың және халықтардың
конглораметі (бірлестігі). Бірақ күшті әскеріне және мықты басқару
аппаратына қарамастан, Маурийлер мемлекеті бірлігін сақтай алмады. Б.э.д.
ІІғ. Үнді көптеген мемлекеттерге ыдырады.
Ежелгі Үнді мемлекетінің қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық құрылыстың
бөлінуіне, қоғамдық және мүліктік теңсіздікке байланысты варналар құрылды.
Варналар таптық қоғамға дейін пайда болып, таптық қоғамда жария бекітілді.
Кейін, тең құқылылар топтарға, ал тең еместер өздерінің қоғамдық
дәрежелеріне қарай және құқықтары мен міндеттеріне байланысты бөліне
бастады. Некелер тек өз варналарында ғана қиылуға рұхсат етілді, яғни
қатаң эндогамдық талап қойылды; белгілі қәсіп мұрагерлікпен бекітілді; бір
құдайға бас иеді. Сөйтіп, варналар сапалық өзгеріске ұшырады, яғни тұйық
топтарға (каста) айналды. Кастаға жатқызылу адамның тумысынан белгілі
болған және мұраланады. Әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық
сипаттағы факторлар Үндістанда өз ерекшелігі бар әлеуметтік құрылымның
пайда болуына, нығайуына және сақталуына ұйытқы болды.
Үнді деректері, жекелеп алсақ Ману заңы варналарға мынадай сипаттама
береді: брахмандар – абыздар тайпасы мүшелері, кшатрии - әскери
аристократия, вайшья – қатардағы шаруалар, шудра – құқығы жоқ қоғам
мүшелері енген. Брахмандар абыздардың функциясын атқарған және құдіретті
ілімді менгергендер, қоғамда құрметті орынға ие болған. Оларды авадхья
- қолсұғылмайтындар деп таныған. Шудра варнасының пайда болуы соғыстармен
және қоғамдық, мүліктік теңсіздіктің күшеюімен байланыстырады. Өйткені,
осының нәтижесінде қауым мүшелері емес көптеген адамдар пайда болды,
оларды шудра деп атаған. Қауымға келген келімсектер қауымның толыққанды
мүшелері сияқты құқыққа ие бола алмады. Олар қоғамдық жұмыстарды шешуге
кіріспейді, қауымдық жиналыстарда қатыспайды; екінші рет дүнииеге келу
атты құдіретті жораны өтпейді, демек шудралардан басқа ерікті қауым
мүшелері екінші рет туылған (двиджати) деп саналған. Ал, ең төменгі
төртінші варна, бір ғана рет туылған шудралар деп есептелген.
Ежелгі Үнді мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Магадхско- Маурийлер
дәуірі монархиялық биліктің күшеюмен және тайпалық басқару институттарының
ролінің құлауымен мінезделеді. Мемлекеттің негізгі тұғыры - патша.
Мұрагерлік принципі өте қатаң түрде сақталған. Патша тірі кезінде өзінің
мұрагерін тағайындаған.
Маурийлер дәуірінде чакраввартина концепциясы қалыптасты – бұл
бүкіл территорияда жалғыз басқарушының билік етуі.
Маурий патшасы мемлекеттің аппаратының басшысы және заңшығарушы билігін
иемденген. Эдиктілер патша атынан және рұқсатымен шығарылады. Ол өзі ірі
мемлекеттік шенеуніктерді қызметке тағайындаған және әкімшіліктің басшысы,
жоғарғы соттың судьясы лауазымына ие болған. Сонымен қоса, саны жағынан
көп әскердің әскерибасшысы.
Көптеген патшаға қарсы ұйымдастырылған сөз байласуларға байланысты
патшаның қүзетіне ерекше көңіл аударылған.
Патша сарайында әйгілі брахман әулетінен шыққан патша абызы үлкен
рольге ие болған.
Патша сановниктерінің кеңесі – паришад – бұрыннан бері пайда болған,
бірақ Маурий дәуірінде саяси кеңестің функцияларын иемденіп, маңызы арта
түсті. Ол барлық басқару жүйесіне тексеріс жүргізген және патшаның
бұйрықтарын орындаған. Паришадтан басқа сенімді адамдардан тұратын құпиялы
кеңес болған.
Паришад саяси орган ретінде – билеушінің абсолютті билігін шектейтін
және өзіндік үстемдігін сақтауға ұмтылған әскери және абыздар
біліктілерінен құрылған.
Маурийлер дәуірінде мемлекет территориясы провинцияларға бөлінген. Төрт
басты провинцияларының басында царевичтер отырған. Бұл провинциялар ерекше
мәртебеге, сонымен қоса кіші автономияға ие болған. Жергілікті
шенеуніктердің жұмысын тексеру үшін царевичтер өзінің басқару
территориясына арнайы инспекторларды жіберіп отырған.
Басты провинцияларға бөлінгеннен басқа, қарапайым провинцияларға
(джанападтарға), облыстарға (прадештер), округке (ахале) бөлінген.
Провинциалдық басқарудың төменгі әкімшілік бірлігі- ауыл.
Джанапад басында үлкен мемлекеттік шенеуніктер - раджуктар тұрды.
Округтың басты қалаларында кеңселер болды, бүкіл үкімдер сол жерден
жіберілетін.
Шекараны қорғайтын арнайы шенеуніктер жоғары дәрежеге ие болған.
Мемлекетте жалпы империялық басқару жүйесіне енетін, ескі саяси
ұйымдарын сақтаған автономиялық, тәуелсіз полистер сақталған.
Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі Қытай мемлекетінің тарихын
төрт кезеңге бөліп қарарстырады: 1).Шань (инь) дәуірі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ
ғғ.). 2).Чжоу дәуірі (б.э.д. ХІ-ІІІ ғғ.) 3). Цинь дәуірі (б.э.д. 221-207
жж.). 4).Хань дәуірі (б.э.д. ІІІ-б.э. ІІІ ғғ.).
Бізге дейін жеткен аңыздарда ертедегі билеуші кемеңгер Яо болған. Ол
қартайған кезде өзінің мұрагері етіп, Шуньді тағайындады. Оның тұсында
топаң су басады. Одан құтылу жолын Юю тапқан. Ол билікті мұрагерлік жолмен
өзінің ұлы Циге берген. Кейіннен Ююдің баласы Ци Ся әулетінің негізін
салды. Осы кезден бастап, билік мұрагерлік жолмен берілетін болған. Оның
озбырлығына қарсы шан тайпасының көсемі тан қарсы шығып Циді құлатып, Шан
әулетінің негізін қалады. Кейіннен ол Инь дап атала бастайды.
Ежелгі Қытай мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Инь
мемлекеті рулық тайпалықтан басқа территориялық жағынан бөлінбеген.
Мемлекетті ван басқарған. Ол басқа жерлерге жорықтар ұйымдастырып тұрған.
Оған бағындырылған тайпалар салық төлеп, әскерге адамдар беріп отырған және
Шан қаласына үнемі келіп отыру міндетті болған. Ван сонымен бірге елдегі
жоғарғы абыз да болып есептелген.
Шань қоғамының маңызды орталығы Аньян қаласы. Бұл кезеңнен бізге қалған
деректі мұра-киіз кітап мұражайы, хайуандардың жауырын сүйектеріне және
тасбақаның тас қабығына жазылған 100000 жазуы бар Инь оракулы, мәлімет
бойынша абыздар оның ішіне 41000 жазу жариялаған дейді. Бұл жауырын мен тас
қабықтарды бал ашуға пайдаланған.
Үкіметті де, шіркеу шаруашылығын да және дала шаруасын да Ван
басқарған. Ван аспанның баласы, ол тағын балаларына мұрагерлікпен бере
алған, әскери қол басшы қызметін қоса атқарған. Оның билігі шексіз, айтқан
бұйрығын орындамаған адамдардың басын шауып тастаған.
Ванның көмекшілері болатын, олардың қатарына жоғарғы вельможа-цзай,
нәйши, сот қызметкерлері, жоғары абыз, хатшылар кіретін. Қытайдың
мемлекеттік басқару аппараты иерархиялық қағидаға негізделген,
қызметкерлері 20 жуық рангіге бөлінген. Лауазымды тұлғаларды атқаратын
қызметтеріне байланысты үш топқа бөлген. Ванға көмектесетін әртүрлі
әкімшілік қызметтерді орындаушыларды азаматтық лауазымды тұлғалар деп
бірінші категорияға жатықызған. Екінші категорияға әскери лауазым иелерін
енгізеді. Үшінші категорияға барлық балгерлерді, көріпкелдерді және т.б.
көмекшілерді жатқызады.
Қытай қоғамында жергілікті көсемдерді чжухау деп атаған. Олардың 8
рангісі болған. Чжухоу Ван сарайына тұрақты келіп есеп беріп тұруға және
оның әмірлерін орындауға міндетті. Жергілікті халықтан алым-салық жинауды
чжухау жүзеге асырады.
Шаньда тұрақты әскер болған жоқ, чжухоу 3000, 5000, 6000 сарбаздардан
тұратын жасақтар дайындайтын. Сарбаздар қола қару жарақтармен жабдықталған.
Олар атты және жаяу әскер болып екіге бөлінген.
Чжоу мемлекеті (б.э.д. ХІІ-ІІІ ғғ.). Чжоу әулетінің басқарган кезі үш
кезеңге бөлінді: Батыс Чжоу кезеңі (б.э.д. 1122-742 жж.), Шығыс чжоу кезеңі
(б.э.д. 770-403 жж.), күрескен патшалықтар (б.э.д. 403-221 жж.).
Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылысына келсек, үстемдік билік
құлиеленуші аристократтардың қолында болған. Аристократтар тобына чжоу
мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының
сенімін ақтаған инь аристократтары жатады:-Ван-адамдар ішіндегі ерекше
адам; - Чжухоу провинцияларды мұраланушылар немесе чжоу ақсүйектерінің
өкілдері; - Дафу - ру-тайпа көсемдері; - Ши – үлкен семья басшылары. Қалған
адамдар қарапайым халық деп саналған.
Әрбір топтағылар киімі ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті
өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың
қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері киім
дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек деген қағиданы
ұстанған. Жер мемлекеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген.
Сонымен қоса ірі жериеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер
бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болады.
Мықты орталықтанған Цинь мемлекеттің пайда болуына мемлекет сановнигі
Шан Ян реформасы әсерін тигізді. Мемлекетті күшейту туралы реформалар
жөніндегі алғашқы бұйрықтарды Шан Ян б.э.д. 359 жылы дайындады. Онда:1.
Тұрғындарды жаңа территориялық бөліністерге – бестік және ондық
семьяларға бөлу. 2. Ата-аналарымен бір семьяда тұрып жатқан екі ер жеткен
балалы адамдарды жазалау. 3. Әскери еңбегінсіз құрметтеу мен қанды кекке
тыйым салу. 4. Егін шаруашылығы және тоқыма кәсібімен шұғылданатындарды
қолдау. 5. Әскерге еңбегі сіңбеген мұрагерлік ақсүйектердің артықшылық
құқықтарын жою жарияланды.
Шан Ян әкімшілік реформасы бойынша, бұрынғы патша шекарасын бұзып,
территорияны 36 облысқа бөлді. Облыс уездерге, уездер болыстарға, болыстар
тиндерге (ең төменгі әкімшілік бөлініс) бөлінген. Әр облыстың басында
азаматтық және әскери билікті жүзеге асыратын екі басқарушы отырды, оларды
Астанадан император лауазымға сайлаған, кез келген уақытта биліктен босата
алады. Бұл кезде мемлекеттік шенеуніктер үшін талап өте қатал еді,
кішігірім қате жібергені үшін ауыр жазаға тартылатын. Бұрынғы
аристократиялық титулдар жойылды. Біліктілер қатарына қосылу үшін байлық
пен мемлекетке сіңірген еңбегін баға-ланатын. Осы кездегі мемлекеттік
аппарат өзінің күрделігімен, ауқымдылығымен ерекшеленді. Аталмыш реформа
ерте Қытай мемлекетін біршама біріктіріп ұстады. Бірақ, терең әлеуметтік
қайшылықтардың нәтижесінде көтерілістер шығып, мемлекеттің саяси жағдайын
өте тұрақсыздандырды. Б.э.д. 209 жылғы көтеріліс Цинь монархиясының
ыдырауына әкеп соқты. Оның орнына билікке Хань әулеті келді. Жаңа әулеттің
негізін қалаушы ауыл старостасы, көтеріліс жетекшісі Лю Бан.
Негізгі әдебиеттер:
1. Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.
2. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы,
1999.
3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права.
Алматы, 1999.
4. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран
(рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
5. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
Ќосымша єдебиеттер:
1. Дандамаев М.А. Древный Шумер. СПБ., 2001.
2. История государства и права зарубежных стран Под ред. О.А. Жидкова и
Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1.
3. Клочков И.С.Древняя культура Вавилона (человек, судьба, время). М.,
1983.
4. Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М.,
1990.
5. Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М.,
1977.
6. Ильин Г.Ф. Основные проблемы рабства в Древней Индии История и
культур Древней Индий. М., 1963.
Таќырып 2. Антикалық әлемдегі мемлекет және құқық.
Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы.Мың жылдан астам ежелгі
Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы
территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының
бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын
Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б
территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс
жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды.
Египеттің тікелей ықпалында болған Крит аралы күшейген кезінде Греция
территориясына ықпал етіп біраз уақыт бағыныштылықта ұстады. Крит аралының
табиғи апаттан зардап шегуі Жерорта теңізі аймағындағы экономикалық
қатынастардың жаңа аймақтарға ауысуына әсер етті. Алайда солтүстіктен
келген дорий тайпаларының шабуылы Греция жеріндегі біршама дами бастаған
мәдениетке кері әсер етті. Шапқыншылықтың әсерінен халықтың бір бөлігі
теңіздің Шығыс жағалауына қоныс аударуға мәжүбір болды. Халық санының
азаюы, пайдалы жер көлемінің жеткілікті болуы, сырттан әсер ете алатын
күштердің әлсіздігі, шаруашылық жүргізудің ерекшеліктеріантикалық азаматтық
қауымның пайда болуына әсер етті. Ежелгі Грециядағы мемлекеттік құрылымдар
қала- мемлекет немесе азаматтық қауым сатысында болды. Жалпы алғашқы
мемлекеттердің қала- мемлекет сатысында болуы заңды құбылыс. Антикалық
кезеңдегі азаматтық қауымдардың пайда болуында ерікті бірігу-синойкизмнің
ролі ерекше болды. Аристотель полистің қалыптасу жолын былай деп көрсетеді
;семья-деревня(семьялардың бірігуі-селолық қауым)азаматтық қауым немесе
полис.
Азаматтық қауым немесе полис – меншігінде жері бар ерікті азаматтардан
тұратын селолық қауымдардың бейбіт бірігуі. Ежелгі Шыцғыстағы қауым
мүшесінің құқығы шаруашылық жүргізуде қоғамдық істердің, яғни каналдар
қазу, ағаштан тазалау сияқты жұмыстардың көптігіне жэне діни дүние танымға
(мысалы Индиядағы варналар)байланысты шектелген болса, ал көне Грециядағы
қауым мүшесі қауым өмірінің бар саласына қатысуға құқығы болды. Оның
ақысының кеңеюіне шаруашылықты дербес жүргізуі әсер етті. Ал шаруашылықты
дербес жүргізуге темірден жасалған еңбек құралдары мен осы жерлерде негізгі
шаруашылық дақылы ретінде өсірілетін өсімдік түрлері әсер етті. Греция мен
Италиядағы табиғат жағдайы егіншіліктен гөрі жүзім мен зәйтүн ағашын
өсіруге қолайлы болғандықтан,әрбір шаруаның өзінің жер үлесінде дербес
жұмыс істеуіне жағдай жасады. Ал бұл өз кезегінде әрбір қауым мүшесінің
экономикалық дербестігіне, ал экономикалық дербестік саяси дербестіктің,
еркіндіктің дамуына жағдай жасады.
Грек қала мемлекеттерінің қалыптасуына мына жағдайлар әсер етті ;
1. Жерорта теңізі аймағының Греция орналасқан солтүстік жағалауына
ықпал ететін Крит сияқты мемлекеттің ыдырауы және дорий тайпаларының
шапқыншылығынан халық саны азайды.
2. Темірдің пайда болуы адамдардың азаматтық қауым шеңберінде жеке
шаруашылық жүргізуіне мүмкіндік берді. Грецияның табиғи орналасқан жері
таулы-қыратты болып келгендіктен жүзім,зәйтүн ағашын өсіру егіншілікте
үлкен роль атқарды.
3. Грек қала-мемлекеттерінің қалыптасу кезеңінде оның дамуына кері
әсер ететін сыртқы факторлар, яғни көрші ірі мемлекеттердің барлығы дерлік
дағдарысты бастан кешіріп жатты.
4. Тарихи заңдылық бойынша қала-мемлекеттер біртіндеп адам санының
көбеюіне жэне экономикалық қатынастардың дамуына байланысты басқа
территориялардағыдай, мысалы, ежелгі Египеттегі номдардың төменгі және
жоғары Египет мемлекеттеріне,сонан соң біртүтас мемлекетке айналғаны
сияқты,даму сатыларын бастан кешіруге тиіс болатын.
Алайда гректердің дүниетанымына және философиясына байланысты грек
дүниесіндегі мемлекет қала-мемлекет сатысында ұзақ тұрып қалды. Оған
мынандай себептер әсер етті:
1. Адам санының көбеюі және жер тапшылығының пайда болуы грек қала-
мемлекеттерінің үстемдік үшін күресіне алып келуге тиіс болатын. Бұл
күресті біршама уақыт кейінге шегеруге және осы процесті бәсеңдетуге әсер
еткен б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғасырлардағы колонизациялық шаралар болды. Теңізде
жүзу жақсы дамыған грек қала-мемлекеттері әлеуметтік күресті бәсеңдету үшін
адамдардың бір бөлегін сыртқа, жаңа жепрлерге көшіруге мәжүбір болды. Қара
теңіз жағалауларында және Жерорта теңізінің басқа аймақтарында грек
колониялары пайда болды.
2. Грек дүниесі адам санының көбеюін тежеуге ұмтылды.
3. Әлеуметтік күрестің қоғамның ыдырап кетуіне алып келетінін түсінген
грек дүниесінің қайраткерлері реформалар жүргізе бастады. Спартадағы Ликург
реформасы, Афинадағы, Солон және Клисфен реформаларының басты мақсаты
әлеуметтік күресті бәсеңдету болатын.
Қала мемлекттердегі ерікті азаматтардың экономикалық жэне саяси
құқықтары біршама дамығандықтан грек дүниесі дамудың жаңа моделін жасады.
Грек философиясы мен ғылымы адамзаттың дүние танымын жаңа сатыға көтерді.
4. Қала – мемлекет жүйесінің біраз уақыт сакталғанына қарамастан тарихи
даму заңдылығы оны мемлекет және орталықтанған мемлекет сатысына
итермеледі. Бұл процесстің басталуын жылдамдатқан грек- парсы соғыстары
болды. Жас қала- мемлекттерден тұрған грек дүниесі алып Парсы империясымен
өлім не өмір үшін күреске түсті. Спарта және Афины бастаған грек қала –
мемлекеттері ерен ерліктерінің арқасында өз жерін аман сақтап қалды.
Соғысқа дейін ақ Спарта бастаған егіншілікпен айналысушы полистер одағы
және Афины бастаған қол өнер сауда полистер одағы ұйымдаса бастаған
болатын. Соғыстан екі одақта нығайып шықты. Енді грек дүниесіне үстемдік
үшін екі ірі одақ арасындағы күрес соғысқа ұласып, ол Спартаның жеңісімен
аяқталды. Бірақ бір орталыққа бағынған мемлекет құру толық аяқталмай қалды.
Себебі екі одақтың соғыстан қалжырап шығуына Парсы державасы Көп көмек
берді. Басы бірікпеген грек дүниесі Макидон патшалығының қол астына түсті.
Азамат тарихының дамуына өзіндік үлес қосқан елдің бірі-Рим мемлекеті.
Рим Италия территориясындағы кішігірім қала мемлекеттен алып империяға
дейін өскен мемлекеттік құрылым. Грек қала мемлекеттерінің тарихынан
олардың даму сатыларын әр сатыдағы даму заңдылықтарын көргендіктен енді
Рим қала-мемлекетінің тарихына, оның билік формаларының мемлекеттік
құрлысына, құқықтық жүйесіне әсерін түсінуге тырысайық.
Рим республикасының құрылуы. Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге
бөлінеді:
1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж.
2. Рим республикалық кезеңі б.з.д. 510 – б.з. 27 ж.ж.
3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.),
доминат (284 – 395 ж.ж)
Рим мемлекеті алты төбедегі қоныстардың бейбіт қосылуына (Синойкизм)
пайда болған азаматтық қауым бастапқыда Римдегі саяси билік патшаның
қолында болды. Патша әскери және діни билікті қолына шоғырландырғандықтан
ақсақалдардың билікке ұмтылуын қанағаттандыру үшін ақсақалдар кеңесін
құруға мәжбүр болды.
Рим патшаларының бірі –сергии туллии коғамдағы мүліктік жіктелістің
күшейгендігін байқағандықтан мүліктік цензді енгізіп, Рим халқын алты
класқа бөлді бұл қоғамдағы саяси күштердің ара салмағының өзгеруіне әсер
етті. Римнің жетінші патшасы өр көкірек Тарквиниидің жеке басының
кемшіліктері ақсақалдар мен патша арасындағы қарама-қайшылықты күшейтіп,
патша билігінің құлауына алып келді. Бастапқыда Римде халық жиналыстары
трибуттық – рулық жиналыстар болса, кейіннен Сервии Тулии реформасының
нәтижесінде центуриаттық-жүздік жиналыстар болды. Центуриаттық жиналыстарда
жоғарғы мемлекеттік қызметтерге сайланатын және маңызды саяси - құқықтық
мәселелер қаралды. Жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды. Бірақ
халық жиналыстарына ұсынылатын мәселелер алдын ала сенатта, сосын
ақсақалдар кеңесінде қаралатын.
Патша билігін құлатуға қатысқан ақсүйектердің екі ірі тобының билік
үшін күресін болдырмау ушін жыл сайын биліктегілерді сайлау жүйесі
енгізіліп, Республикалық билеу формасы, яғни басқарудың барлық сатысына
адамдар сайланып қойылатын болды.
Республикалық биліктің қалыптасуына және нығайуына ақсүйектер мен
құқығы жағынан шектелген әлеуметтік топ – плебейлердің арасындағы курес те
әсер етті. Осы күрестің нәтижесінде XІІ Таблица заңдары қабылданды. XІІ
таблица заңдарында плебейлер құқы шектелген топ ретінде көрінсе бірте-
бірте елдегі қиын жағдайларды пайдалана отырып плебейлер өздеріне саяси
жэне экономикалық құқықтар алды. Плебейлер біртіндеп өздерінің өкілдерін
мемлекеттік қызметкер дәрежесәне көтерді. Оларды халық трибундары деп
атады. Бастапқыда екі халық трибуны болса,кейіннен олардың саны он-ға
дейін жетті. Плебейлер өздерінің жиналысын плебисит шақыру құқына қол
жеткізді және кейіннен бұл жиналыстың шешімі заң күшіне ие болды.
Әлеуметтік топтардың арасындағы шиеленістің дұрыс шешілуі мемлекетік
баскару жүйесінің тиімділігін арыттырғандықтан жэне де азаматтардың
соғысқа деген ынтасын басып алынған территориядан жер беру арқылы қызықтыра
білген. Рим басшылары біртіндер көрші территоряларды басып ала бастады.
Римнің мемлекеттік құрылысының басқаруға тиімділігі оның алып державаға
айналуына әсер еткен фатордың бірі.
Сондықтан да Римнің мемлекеттік құрылысына тоқталып өтейік.
Рим республикасының ең жоғарғы билік органдары халық жиналыстары мен
сенат болды.
Халық жиналыстарының үш түрі болды:
1. Куриаттық халық жиналыстары – Римдегі ең көне халық жиналысы және ол
негізінен рулар бойынша жиналыс болды.
Римде 30 курия болды.
2. Трибуттық жиналыстар-территориялық жиналыс,яғни трип бойынша
жиналатын жиналыс болды. Бұл жиналыста консулдар мен преторлардан басқа
магистраттарға сайлау өткізілді.
3. Центуриаттық жиналыс- әскери-саяси бөлімдер бойынша,яғни халық
жасағының тұрақты бөлімдері бойынша шақырылатын жиналыс болды және саяси
жағынан ең маңызды орган болды. Центуриаттық жиналысты консул шақыра алатын
болды және бұл жиналыста мемлекеттегі ең жоғарғы қызмет адамдары-консулдар
мен преторлар сайланды.
Центурияттық және трибуттық жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие
болды.
Ақсақалдар кеңесі - Рим республикасындағы ең маңызды басқару
органдарының бірі.Бастапқыда ру ақсақалдарының жиналысы ретінде пайда болды
және құрамында 300 рудың өкілі болды.Кеіннен,б.э.д. 1 ғ. Сенат құрамында
600 мүше болды. Сенат құрамына бұрын жоғарғы мемлекеттік қызымет атқарған
адамдар кірді. Әр бес жылсайын сенаторлардың тізімін арнайы магистраттар-
цензорлар тексеріп,қайта жасалып отырғСенатта мемлекеттік маңызы бар
мәселелер мен заң жобалары каралып ,халык жиналысына бекітуге үсынылып
отырған. Сенаттың шешімдері сенатуусконсульт деп аталып,магистраттар
басшылыққа алатынқұжат ретінде маңызы болғанымен ресми түрде заң күші
болмады.
Рим республикасында басқару жұмысын арнайы мемлекеттік қызметкерлер
жүргізеді. Оларды магистраттар деп атады. Мемлекеттік қызыметтің екі түрі
болады: ординаллық жэне экстраординарлық.
Ординарлық магистраттарға мына қызметтер кіреді:
1. Консулдар. Патша қуылғаннан кейін патшаның функциясын атқару үшін
екі консулдың қызметті тағайындалады. Олар бір жылға халық жиналысында
сайланып отырды.Б.ә.д 367 ж. консулдар тек патрицилерден сайланса,ал осы
жылдан бастап консулдардың бірі плебейлерден сайлана бастады. Консулдың
билігін көрсету үшін алдында салтанатты қарауылдар-ликторларжүріп отырады.
2. Цензорлар - Рим республикасында б.ә.д. 434 жылдан бастап сайлана
бастаған магистраттардың бірі.Әр бес жылда 1,5 жылға сайланып отырған.
Цензорлар азаматтардың санағын жүргізуге,сенаторлардың тізімін қайта
қарауға жэне салықтың казынаға түсуін қадағалауға,мемлекеттік табысты
жинауды тапсыруга жауапты болған және азаматтардың тәртібіне ,іс-
әрекетіне бақылау жасап отырған.
3. Преторлар - жоғарғы магистраттардың бірі,сот ісін жүргізуші.Претор
қызыметі б.э.д.366 ж. енгізілді.Б.э.д. 267 ж.
2 претор сайлана бастады. Бірі-қалалық претор деп аталады,ал екіншісі
прегриндік претор деп аталады. Қалалық претор азаматтардың арасындағы сот
ісін жүргізді,ал прегриндік претор Рим азаматы емес (прегрин) прегрин
адамдардың арасындағы сот ісін жүргізді. Сот ісімен қатар претор әскер
басшылары болып тағайындалды және провинцияларды басқарды. Претордың
алдында 6 адамдық салтанатты қарауыл жүріп отырды.
5. Эдилдер. Рим қаласын көріктендіруге,қоғамдық мейрамдарды өткізуге,
қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуге,қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға
жауапты қызыметкер болды.
6. Халық трибундары – тек плебейлерден сайланатын Рим магистраттары.
Халық трибундары плебейлерді патрицилерден қорғайтын қызымет ретінде пайда
болды және олардың вето құқы болды. Халық трибундарының трибуттық
жиналыстарды шақыруға,комицияларға заң жобаларын ұсынуға,магистраттардың
шешімін тоқтатуға.сенаттың пікіріне қарсы шығу құқы болды. Халық трибуны
қызыметі қасиетті саналды және оған қарсы жасалған қылмыс діни қылмыспен
қатар бағаланды.
Римнің әкімшілік жүйесінің бір ерекшелігі - әрбір Рим азаматы
мемлекеттік қызыметке сатылап өсті және жасына қарай сайланды. Мысалы,
консулдық қызыметке жасы 42 толған және ең төменгі қызыметтен біртіндеп
өскен азаматтар ғана сайланған. Рим мемлекеттік қызыметінің тағы бір
ерекшелігі – қызыметтердің көпшілігі коллегиалды болды. Мысалы, екі
консул,халық трибундары қызыметі және тағы да басқа қызыметтерді бірнеше
адамдар атқарғандықтан шешім қабылдау барысында көптеген мәселелер
келісіліп шешілді және бірін-бірі тежеп отырды. Рим республикасындағы
мемлекеттік басқару ісінің осылай ұйымдастырылуы мемлекетті басқару ісін
жеңілдетті және Рим азаматтарының мемлекетті басқару ісіне әсер етіп
отыруына жағдай жасады.
Жалпы ежелгі Шығыс елдерінде құқық жүйелері қазіргідей қылмыстық,
азаматтық және поцесуалдық құқық деп бөлінуі білген жоқ. Себебі
экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тым күрделенбеуі тым
күрделенбеуі , деспоттық билік адам құқы мәселесін күн тәртібіне қойған
жоқ болатын.
Ел енді ежелгі дүниедегі құқығы дамыған ел Рим болды. Рим құқығының
дамуына тауар-ақша қатынастары әсер етті. Рим құқығының тарихынан біз
жоғарыда аталған институттарды ғана емес, сонымен бірге қылмыстық-құқықтық
нормалардың жеке құқықтық нормалардан азаматтық-құқықтық, қылмыстық
процестің азаматтық процестен бөлшектегенін көреміз. Бұның өзі азаматтардың
арасындағы экономикалық қатынастардың күрделеніу сан-салалы құқықтық жүйені
туғызып отыр. Осындай күрделі құқықтық жүйені Ежелгі Шығыс елдері білген
жоқ. Сондықтан да студент ежелгі Рим құқының ескерткіштерімен танысқанда
ежелгі шығыс елдерінің заңдарымен салыстыра қарағаны жөн.
Афина құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Афина құқығының қайнар көзі әдет-
ғұрып (themic).
Б.э.д. 621 жылы ру беделділері мен халықтың арасындағы қүрестің
нәтижесінде әдет-ғұрып жазбаларының жинағы Драконт заңы (nomoi) дүниеге
келген.
Афин тұрғындарының құқықтық жағдайы. Грек қоғамы үш әлеуметтік топтан
құрылды: құлдар, азаматтар, билік иегерлері. Құлдардың қайнар көзі - соғыс,
пираттық және құл саудасы: 1).әскери тұтқындар мен қолға түскен бейбіт
тұрғындар., 2).Фракия және скиф ақсүйектерінің өз қандастарын сатуы.,
3).құлдардың өзара көбейуі.
Құлдар құқықтың субьектісі емес обьектісі болып табылған. Яғни құлдар
жанды құралдар санатына жатқызылған. Іскер құлдарды қожайыны қолдап, жеке
кішігірім шеберхана ашып беретін. Бұл жағдайда құл кейбір заңды мәмілелерді
жасайтын болғандықтан, белгілі бір құқыққабілеттілікке ие болған.
Құлдарды босату, еркіндікке жіберу мүмкіндігі бар. Бірақта олар
азаматтыққа ие бола алмайды тек бөтендер деген санатқа қосылады.
Еркіндікке босатылған құлдар бұрынғы қожайынына, яғни патронына толық
тәуелді және оның рұхсатымен қана үйленетін немесе өлер өлгенше оған қызмет
атқарады. Олар өлгенде ұрпағы, яғни балалары болмаса оның мүлкі қожайынына
қалады.
Меншік құқығы. Б.э.д. Ү ғасырда Афин азаматтары арасында жеке меншіктің
саны көбейген. Афинда меншік мемлекет тарапынан берген игілік көзі ретінде
есептелген. Ірі жер иегерлері мемлекетке пайдалы салық (литургии) төлеп
отырған.
Афин құқығында бөтеннің мүлкіне деген құқық болған.
Жер иеленуші өз жерін 20 метрге дейін қазып су көзін таба алмаса,
көршісінің үйінен күнінде екі рет белгілі мөлшерде су ала алады.
Афин құқығында шарттардың келесі түрлері болды: сауда-саттық, жалдау,
серіктестік, тапсырма, жеке жалдамалық және т.б. Деликтіден туындайтын
міндеттемелер болған.
Неке және отбасылық құқық. Ежелгі Грецияның әйел адамдары бала күнінде
әкесінің билігінде, тұрмыс құрған соң күйеунің билігінде болған және
әрекетқабілеттілігі жоқ деп саналған. Неке құру кезінде қыздың келісімі
есептелінбеген, яғни ата-анасының қабылдаған шешімі заңзы болып саналған.
Қызға төсек орын берілген, егер ажырасқан жағдайда өзімен бірге
қайтарылатын.немесе өліп қалса әкесіне қайтарып беретін. Некенің мақсаты
ұрпақты жалғастыру. Әйелі бедеу болса және екеуінің бірі біреуінің көзіне
шөп салса, ажыраса алады.
Қайтыс болған адамның мүлкі оның отбасына және жақын туыстарына
қалдырылған. Ереже бойынша әйелін мұрагерлер тізімінен алып тастаған.
XII таблица заңдары Рим құқығының негізгі қайнар көзі болды. Белгілі
батыс теоретигі Р. Давид : тек римдік гендер ғана әлемде жоқ прецеденті
бар заң жүйесін құрған деп айтқан. Қазіргі батыс өркениеті бұл жүйені
құқық жүйесінің түп төркіні ретінде қабылдаған.
Олар 12 таблицаға созылып, қаланың басты алаңы – Форумда қойылған еді,
сол себепті оларды XII таблица заңдары деп атайды. Бұл заңдарды әрбір
азамат білуге міндетті болды.
Қылмыстық құқық. XII таблица. Заңдар таблицасында қылмыстық жазаланатын
әрекеттердің шағын ғана тізімі берілген. Ең алдымен қылмыстық әрекет болып
мемлекетке және қоғамдық құрылысқа қарсы бағытталған әрекет болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай көптеген заңбұзушылық әрекеттер қылмыстық деп
топтастырылмай, азаматтық-құқықтық деликт ретінде қарастырылған.
Негізгі єдебиеттер:
1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права.
Алматы, 1999.
3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран

4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
Ќосымша єдебиеттер:
Кайнар көздер тізімі
1. Законы ХІІ таблиц Текст, пер., всуп. Ст. Л. Л.Кофанова; Отв.
ред. В. И. Уколова. М., 1996.
2. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В
2. Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1. Древный мир и Средние
века Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003.
Қосымша әдебиеттер тізімі
1. Античная Греция: проблемы развития полиса. –М., 1983.
2. Винничук Л. Люди,нравы и обычай Древней Греции и Рима Пер. с
польск.-М.,1988.
3. Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства
(формирование основ социальной структуры и политической
администрации).-М.,1983.
4. Город и государство в Античном мире: проблеы исорического
развития.-М.,1987.
5. Громаков Б.С. История рабовладельческого государства и права. -
М.,1986.
6. Кечекьян С.Т. Государство и право Древней Греции.-М.,1963.
7. Корецкий В.И. Лекции по истории государства и права.-М.,1947.
8. Андреев М. Недвижимая собственность в Риме до ХІІ таблиц
Вестник древней истории. 1955. №. С. 142-146.
9. Бартошек М. Римское право. Понятие, термины, определения. М.,
1989.
10. Бирюков Ю.М. Государство и право Древнего Рима.-М.,1969.
11. Галанза П.Н. Государство и право Древнего Рима. -М., МГУ.1963.
12. Гюнтер Р. К развитию социальной и имущественной дифференциации в
древнейшем Риме Вестник древней истории. 1959. №41. С. 52-83.
13. Дождев Д.В. Римское архаическое наследственное право. М., 1993.
14. Кофанов Л.Л. Владение и собственность в Законах ХІІ таблиц
Древное право. Luz antiguum. 2000. №6. С. 146-159.
15. Кофанов Л.Л. Обьязательственное право в архаичес ком Риме (ҮІ – ІҮ
вв. До н.э.). М., 1994.
16. Кофанов Л.Л. Характер коллегий и проблема неразделенной
коллективной собственности erctum non citum в Законах ХІІ таблиц
Антиковедение и медиевистика: Сб. Науч. Трудов. Вып. 2. Ярославль,
2000. С. 14-25.
17. Нечай Ф.М. Образование Римского государства.-Минск,1972.
18. Покровский И.А. История римского права. СПб., 1998.
19. Римское частное право под ред. И. Б. Новицкого, И. С.
Перетерского. М., 1995. Античная Греция: проблемы развития полиса.
–М., 1983.
20. Савельев В. А. Римское частное право (проблемы истории и теории).
М., 1995.
Таќырып 3.Орталық және Батыс Еуропа мемлекеттері және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz