Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «алғашқы қадам» бағдарламасы



1. Түсіндірме жазба ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың
тіршілік әрекетін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3. 1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
Балалардың жас ерекшелік
мүмкіндіктеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4. Күн тәртібінің үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
5. «Денсаулық» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
6. «Қатынас» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
7. «Таным» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 39
8. «Шығармашылық» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... . 48
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... .. 52
10. Ойын іс.әрекетіндегі баланың дамуы ... ... ... ... ... ... .. 55
11. Мерекелер мен ойын.сауықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 58
12. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі І сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама
Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
13. Күн тәртібінің үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63
14. «Денсаулық» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
15. «Қатынас» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
16. «Таным» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 79
17. «Шығармашылық» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... . 88
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы ... ... ... ... ... ... .. 95
19. Ойын іс.әрекетіндегі баланың дамуы ... ... ... ... ... ... .. 97
20. Баланы қарапайым еңбек іс.әрекетіне қатыстыру ... .. 101
21. Мерекелер мен ойын.сауықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 103
22. Ата.аналармен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 104
21 Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 106
23. Қосымша:
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі
балаларға арналған ұйымдастырылған
оқу іс.әрекетінің тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 108
24. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға
арналған ұйымдастырылған
оқу іс.әрекетінің тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 115
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері осы жаста қалыптасатындықтан, ересектердің балаларға тікелей әсер етуі ерекше болады.
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы отандық мектепке дейінгі педагогика және ерте жастаға балаларды тәрбиелеу мен оқыту тісілдері тәжірибесіне негізделеді, сондай-ақ «Балабақшадағы оқыту мен тіәрбиелеудің типтік бағдарламасы» мазмұны мен базалық принципіне сүйенеді.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы баланың жан-жақты дамуына, олардың денсаулығын сақтауға, келесі жасқа табысты өтуге мүмкіндік туғызады.
Бағдарламада екі-үш жастағы баланың дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуына талдау жасалған, топта балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығын құру бойынша нұсқаулар берілген. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардағы және отбасындағы күн тәртібінің үлгісі мен оларды ұйымдастыру бойынша нұсқаулары ұсынылады.
Бала тілін дамытуға, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары мен мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға басты назар аударылады. Ерте жастағы балаларда заттармен әрекет жасау дағдыларының дамуымен өздік тәжірибесі молаяды, көру, есту және сипап сезу сияқты қабылдау түрлері жетіле түседі. Сондықтан, бағдарламада берілген осы жастағы балаларға арналған күн тәртібі уақытты есепке алу арқылы ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалық және мазмұнды-тәрбиелік бағытты қамтамасыз ету есебінде құрылады. Баланың танымдық іс-әрекеті икемділік, маусымдық, отбасы тәрбиесімен сабақтастық ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ
(1 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ)
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
БАҒДАРЛАМАСЫ

АСТАНА 2010
УДК 372.3.4
ББК 74.102
Н 70

Құрастырушы-авторлар: Б.Ж. Ноғайбекова, И.А. Тирская, Г.К.
Мақсұтова

Рецензенттер:
Л.Т. Искакова - п.ғ.к., доцент, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университетінің бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының
меңгерушісі
Ш.Н. Ергешбаева - п.ғ.к., доцент, ОҚО ПБАИ директордың ғылыми ісі жөніндегі
орынбасары

Н 70 Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды
тәрбиелеу мен оқытуға арналған Алғашқы қадам бағдарламасы. - Астана,
2010. - 126 б.

ISBN 9965-810-47-8

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен
оқытуға арналған Алғашқы қадам бағдарламасы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру
стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы
балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық
ыңғай жасау қарастырылған.
Алғашқы қадам бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, ата-
аналарға, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне
арналған.
УДК 372.34
ББК 74.102

ISBN 9965-810-47-8

©Мектепке дейінгі балалық шақ

республикалық орталығы, 2010

МАЗМҰНЫ

1. Түсіндірме жазба 5
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
2. 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі
балалардың 10
тіршілік әрекетін ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі
балаларға арналған бағдарлама
3. Балалардың жас ерекшелік
мүмкіндіктеріне сипаттама 16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
...
4. Күн тәртібінің үлгісі 21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
... ... ... ...
5. Денсаулық білім беру саласы 23
... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Қатынас білім беру саласы 29
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. Таным білім беру саласы 39
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
8. Шығармашылық білім беру саласы 48
... ... ... ... ... ... .
9. Әлеуметтік орта білім беру саласы 52
... ... ... ... ... ... ..
10.Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы 55
... ... ... ... ... ... ..
11.Мерекелер мен ойын-сауықтар 58
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі І
сәбилер тобындағы балаларға арналған
12.бағдарлама
Балалардың жас ерекшелік 59
мүмкіндіктеріне сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
13.Күн тәртібінің үлгісі 63
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
... ... ... ...
14.Денсаулық білім беру саласы 65
... ... ... ... ... ... ... ... ...
15.Қатынас білім беру саласы 70
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16.Таным білім беру саласы 79
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
17.Шығармашылық білім беру саласы 88
... ... ... ... ... ... .
18.Әлеуметтік орта білім беру саласы 95
... ... ... ... ... ... ..
19.Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы 97
... ... ... ... ... ... ..
20.Баланы қарапайым еңбек іс-әрекетіне 101
қатыстыру ... ..
21.Мерекелер мен ойын-сауықтар 103
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
22.Ата-аналармен жұмыс 104
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
21 Әдебиеттер 106
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
Қосымша:
23.1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі
балаларға арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің тақырыптары 108
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
24.2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі
балаларға
арналған ұйымдастырылған 115
оқу іс-әрекетінің тақырыптары
... ... ... ... ... ... ... ... ...

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала
өміріндегі ерекше кезең. Баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен
адамгершілік қасиетінің негіздері осы жаста қалыптасатындықтан,
ересектердің балаларға тікелей әсер етуі ерекше болады.
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен
оқытуға арналған Алғашқы қадам бағдарламасы отандық мектепке дейінгі
педагогика және ерте жастаға балаларды тәрбиелеу мен оқыту тісілдері
тәжірибесіне негізделеді, сондай-ақ Балабақшадағы оқыту мен тіәрбиелеудің
типтік бағдарламасы мазмұны мен базалық принципіне сүйенеді.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы баланың жан-жақты дамуына,
олардың денсаулығын сақтауға, келесі жасқа табысты өтуге мүмкіндік
туғызады.
Бағдарламада екі-үш жастағы баланың дене және жүйке жүйесі мен психикасының
дамуына талдау жасалған, топта балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру,
мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығын құру бойынша
нұсқаулар берілген. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардағы және
отбасындағы күн тәртібінің үлгісі мен оларды ұйымдастыру бойынша нұсқаулары
ұсынылады.
Бала тілін дамытуға, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары мен мінез-құлық
ережелерін қалыптастыруға басты назар аударылады. Ерте жастағы балаларда
заттармен әрекет жасау дағдыларының дамуымен өздік тәжірибесі молаяды,
көру, есту және сипап сезу сияқты қабылдау түрлері жетіле түседі.
Сондықтан, бағдарламада берілген осы жастағы балаларға арналған күн тәртібі
уақытты есепке алу арқылы ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалық және мазмұнды-
тәрбиелік бағытты қамтамасыз ету есебінде құрылады. Баланың танымдық іс-
әрекеті икемділік, маусымдық, отбасы тәрбиесімен сабақтастық ұстанымдары
негізінде құрылуы тиіс.
Маңызды орын бағдарламада оның құрылымдық компоненттері мен мазмұнын
тұтастай қамтитын ойын әрекетіне беріледі.
Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді
үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты,
денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға
бағытталған.
Осыған байланысты, Алғашқы қадам бағдарламасындағы білім беру міндеттері
бес білім беру салалары: Денсаулық, Таным, Қатынас, Шығармашылық,
Әлеуметтік ортаның үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке
кіші бөлімдері мен өзінің мақсатты бағыттары бар.
Білім беру салаларының мазмұны:
- денсаулық сақтау;
- коммуникативті-тілдік;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.
Денсаулық білім беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін
қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды
мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс
дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты, міндеттері мен жұмыстардың
мазмұны анықталады.
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны:
- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті;
- балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру арқылы өздік қимыл әрекеті,
мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру
шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Таным білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық
эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың
қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық
жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген.
Таным білім беру саласының базалық мазмұны:
- сенсорика;
- құрастыру;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге
асады.
Қатынас білім беру саласының мазмұны бала тілін дамытуға, коммуникативті-
тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, белсенді және белсенді емес сөздік
қорын, грамматикалық құрылымды, тіл мәдениетін, баланың байланыстырып
сөйлеуін жетілдіруге бағытталған.
Қатынас білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге
асады.
Шығармашылық білім беру саласы бала бойында шығармашылық құзыреттілікті
қалыптастырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, классикалық
және ұлттық өнер құралдары арқылы көркемдік даму, балалардың көркем
шығармашылығының түрлерін кіріктіруді қарастырады.
Шығармашылық білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- желімсіз жапсыру;
- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Әлеуметтік орта білім беру саласы балалардың әлеуметтік құзыреттіліктерін
қалыптастыру бойынша жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін біртіндеп
күрделендіру тізбесінен тұрады. Әлеуметтік орта білім беру саласының
базалық мазмұны балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады және тұлға
аралық қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік туғызатын эмоциялар мен маңызды
себеп түрінде қарастырылады.
Білім беру салаларының барлық бөлімдері бағдарламалық материалдарды меңгеру
көрсеткіштері тізімімен аяқталады.
Алғашқы қадам бағдарламасында мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының нақты
жағдайлары, өңірлік компонентті ескере отыра, педагогикалық үдеріс
мазмұнына түзету енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Бағдарлама
қосымшасында барлық білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті тақырыптарының үлгісі берілген. Педагогке топтағы педагогикалық
үдерісті ұйымдастыруға шығармашылықпен қарау мүмкіндігі ұсынылады.
Базистік оқу жоспарына сәйкес бағдарламада ұзақтығы 7-15 минут
болатын 7-9 сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) берілген. Ерте жастағы
балалардың ұйымдастырылған оқу-танымдық әрекеті шағын топтағы ойын түрінде
жүргізіледі. Бағдарлама бала әрекетінің барлық түрлерінің психологиялық
жайлы болуын қарастырады.
Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың сапалы
жаңа жолдарын көрсетеді және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үдерісінде ғана
емес күн бойында күнделікті балаларға педагогикалық ықпал жасауды да
қамтиды.
Алғашқы қадам бағдарламасында тұлғалық-бағдарлы, балаға жекелей қарау,
тұлғаның адамгершілік бастамасын, әлеуметтік мінез-құлық және қарым-қатынас
дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылықтарын, жалпыадамзаттық
құндылықтарды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескере отыра
ұйымдастырылатын ерте жастағы балалардың ойын, қимыл белсенділігін дамытуға
басты орын берілген.
Ерте жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі Алғашқы қадам
бағдарламасының мазмұны тәрбиешінің осы бағдарламадағы әдістемелік
нұсқаулар мен дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы жетістікке
жетеді.
Бағдарлама құрылымы
Бағдарлама түсінік хаттан, ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру, балалардың жас ерекешелік мүмкіндіктерінің сипаттамасынан, күн
тәртібінің үлгісінен, бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұнынан,
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін іске асыратын базалық мазмұнынан тұрады:
- Денсаулық білім беру саласы - дене шынықтыру;
- Қатынас білім беру саласы - тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған
ортамен таныстыру;
- Таным білім беру саласы - сенсорика, құрастыру, қоршаған ортамен
таныстыру;
- Шығармашылық білім беру саласы - сурет салу, мүсіндеу, желімсіз
жапсыру, музыка;
- Әлеуметтік орта білім беру саласы - балалардың барлық іс-әрекет
түрлері.
1 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен
балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:
- бала денсаулығына, эмоционалдық жай-күйіне, жан-жақты дамуына
қамқорлық жасау;
- топта тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынасын
құру;
- осы жастағы балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін барынша көп қолдану,
оларды кіріктіру;
- тәрбиелеу және оқыту процесстерін шығармашылықпен ұйымдастыру;
- білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;
- отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен
дамыту жолдарын үйлестіру есебінен құрылады.
Ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеттері Денсаулық, Қатынас,
Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта білім беру салаларының кірігуі
аясында ұйымдастырылады.
Педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады:
1. ҚР МЖМБС 1.001-2009 базалық оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті.
2. Балалардың өмірі мен тәрбиесін күн тізбелік кезеңдерінде, еркін дербес
қозғалыс іс-әрекеттерінде, ойында, ересектермен көркем-тілдік іс-әрекетте
ұйымдастыру.
Ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін
тұтастай және оның әрбір элементін нақты орындау, топта жарыққа, ауаға,
температуралық режимге, жиһаздар мен жабдықтарды іріктеу мен орналастыруға
қойылатын физиологиялық-гигиеналық талаптар негізгі болып табылады.
Сергектік уақытында баланың жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой, дене және
эмоционалдық жүктемелерді, сонымен қатар толық демалуды қамтитын әрекет
түрлерін орынды кезектестіру қажет.
Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, сергіту жаттығуларына және музыкалық
үзілістерді өткізуге уақыт бөлінуі тиіс.
Тәрбиеші қызметінің басты бағыттарының бірі - балалардың қимыл-қозғалыс
белсенділігін арттыру. Әртүрлі қимыл-қозғалыс балада жағымды көңіл күй
туғызып, шаршаудың алдын алады, бұлшық етке түсетін күшті кезектестіруді
қамтамасыз етеді. Күн бойында (мысалы, серуенде) тәрбиеші бақылау, қимылды
немесе дидактикалық ойындар ұйымдастырады. Педагог балалардың жағымды
эмоционалды жай-күйін қолдай отырып, дербес ойындар мен мазмұнды іс-
әрекеттерге бағыттай келе, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген
білімдерді бекітіп, алған тәжірибесін қолдануға үйретеді.
Ерте жастағы балалар арасында дене және жүйке жүйесі мен психикасының
дамуында ерекшеліктер байқалады, сондықтан тәрбиеленушілердің әрекеті мен
демалысын ұйымдастыруды саралап қарау маңызды. Ол дәрігерлік-педагогикалық
бақылау нәтижесіне, әр баланың денсаулығына және оның жүйке жүйесі мен даму
деңгейінің ерекшелігіне байланысты іске асырылады.
Күн тәртібінде балалардың гигиеналық күтіміне маңызды орын беріледі. Сондай-
ақ, күнделікті өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, бала
дербестігін тәрбиелеу қажеттілігінің артуы сияқты мақсатты түрде
педагогикалық әсер ету белгілі бір орын алады. Балаларда өзіне-өзі қызмет
ету дағдыларын қалыптастыра отырып, үнемі көмек көрсету қажет.
1 жас пен 1 жас 6 ай аралығындағы балалар күндіз екі рет, ал 1 жас 6 айдан
асқан балалар 1 рет ұйықтайды, сөйтіп, балалар бір топта тәрбиеленгенімен,
екі түрлі режимде болады
Таңертеңгі ас балалар оянғаннан кейін 1-1,5 сағаттан соң беріледі.
Балаларды біртіндеп, шағын топтармен, балабақшаға келу уақытына байланысты
немесе түнгі ұйқыдан кейінгі гигиеналық шаралардан соң тамақтандырады.
Балалардың өздігінен әрекеттерді орындай алмайтындығын және қажетті
дағдылар мен іскерліктерді біртіндеп меңгеретінін ескере отырып, бір
мезгілде көп дегенде төрт балаға ғана тамақ беріп, жуындыру, киіндіру
немесе шешіндіру жүзеге асырылған жөн. Серуенге жиналғанда топтағы
балалардың бір жартысын тәрбиеші мен күтуші киіндіреді (балалардың екінші
жартысы бұл уақытта ойнап жүреді), серуеннен кейін шешіндірген балалар
басқаларын күтпей, топқа кіріп ойнай береді.
Әр шағын топта жасы кіші және әлсіз балаларды бірінші кезекте ұйықтауға
жатқызып, ең соңында оятады.
1 жас 6 ай - 1 жас 7 айлық бала күндіз 1 рет ұйықтауға ауыстырылған кезде
сылбыр, не мазасыз күйде болса, баланы біраз уақытқа бұрынғы режиміне
көшіру қажет. Күндізгі ұйқыдан соң балаларды кезекпен оянуына қарай
тамақтандырады.
Қыстыгүні бір жарым жастан асқан балалар таңғы және бесін астан соң
күнделікті серуенге шығады. Жазда, қолайлы жағдай болғанда, балалар жақсы
жабдықталған көгалдандырылған алаңда ойнайды.
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу
іс әрекеті шағын топпен күннің бірінші және екінші жартысында жүргізіледі.
Ерте жастағы балалардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін ескере
отырып, білім беру салаларындағы барлық тақырыптар бір ай ішінде білім,
білік, дағдыларды жалпылау, бекіту мақсатында 2-3 рет қайталануы мүмкін.
Балалардың дербес іс-әрекеттерін ұйымдастыруда жақсы көңіл күйге жағдай
тудыру ерекше мәнге ие болады. Балалардың жағымды көңіл күйін ән айту,
музыкалық аспаптарда ойнау, көңілді тақпақтар оқу, билеу кезінде тудыруға
болады.
Балаларға арналған көңілді ойын-сауықтар ұйымдастырылады: билер, жақсы
таныс немесе жаттап алуды қажет етпейтін қимылды ойындар (мысалы, айнамен
шағылыстырған күн сәулесін, сабын көбіктерін ұстап алу), бұрамалы
ойыншықтарды, таныс қуыршақ театрының кейіпкерлерін (доппен ойнайтын, сүт
ішетін, киімге тырмысып өрмелейтін мысық) көрсету.
Тәрбиеші іс-әрекет үстінде балалардың барлығын көз алдында ұстағаны,
педагог назарын, мейірімін, тілектестігін әр баланың сезгені маңызды.
Жақсы көңіл күй балалардың бір-біріне жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеумен
байланысты. Екі жаста балалардың арасында дау-жанжалдар пайда болуы мүмкін,
өйткені тілдері нашар дамығандықтан бала толық түсіндіре алмайды, сұрай
білмейді. Сондықтан, бірге ойнаған балалардың шаршамауын қадағалау қажет.
Балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасына кешкі уақыт қолайлы, себебі
тәрбиеші барлық уақытын балалардың дербес әрекетін ұйымдастыруға арнайды,
ересек балалардың өзін-өзі ұстауы мен ойын үлгілерін сәбилердің еліктеуі
үшін қолданады.
Балалармен жұмыс істеуде тәрбиешіге бірқалыпты, байсалды дауыс ырғағын
сақтап, еліктеуге лайықты жағдайға назар аударып, ескертуді бір балаға
басқаларға сездіртпей жасау қажет. Белсенді сөйлеудің дамуымен байланысты
баланы өзінің қажеттілігін қимылмен емес (тартып алды, ұрып жіберді),
сөзбен (сұрау, тәрбиешіден көмек сұрау) білдіруге үйрету қажет.
Бала өзін-өзі ұстау ережелері мен ойыншықтарды сақтау орнын топқа келген
күннен бастап білуі тиіс.
Бала үш жаста тұрмыстық процессте, ойында, ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде дербес, ал қозғалыстары үйлесімді бола бастайды.
3 жастағы баланың күн тәртібін құру барысында, ең алдымен, сергіту
уақытының сипаты мен ұзақтығында болатын өзгерістерді ескеру қажет. 2
жастағы балалармен салыстырғанда дербестігінің айтарлықтай артуымен
байланысты түрлі гигиеналық шараларды жүргізу мен органикалық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған уақыты едәуір кемиді. Бұл жастағы
балалар тамақты жылдамырақ ішеді, киімін ауыстыруға да аз уақыт жұмсайды,
сондықтан сергектік уақыты түрлі күрделірек істермен толықтырылады. Балалар
ұзағырақ ойнайды, қоршаған ортаны бақылайды, ересектермен бірге болып, ұзақ
серуендей алады. Әлбетте, сергектік сипаттамасы сергіту уақыты ұзағырақ
болғандықтан өзгермейді, бұл өзгерістер жалпы дамумен анықталатын баланың
мінез-құлқындағы өзгерістерге байланысты жүзеге асырылады.
Баланың жалпы дамуымен байланысты сергектігіндегі өзгерістерге қарамастан,
бала 3 жаста жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелiктеріне сай ұзақ уақыт
бiр іспен шұғылдана алмайды: бiрқалыпты іс-әрекеттер мен қимылдар оларды
жалықтырады. Сонымен бірге, бала әрдайым өзінің жай-күйін бағалай білмейді,
іс-әрекетінің сипатын, енжарлығын өзгерте алмайды. Ол үшін күн тәртібін
құру барысында бөлмедегі және серуендегі іс-әрекеттердің түрлерін ауыстырып
отыру қажет. Сергектік уақытында балалардың өздігінен ойыны тәрбиешімен
бірлесіп әрекет жасауға, бөлмедегі ойын - серуенмен, қимылды ойындар -
тыныш ойындармен ауыстырылуы қажет. Бала өмірін ұйымдастыруда әр баланың
ұйқыдан оянғаннан кейін тамақ ішіп, басқа балаларды күтпей, тәрбиешінің
бақылауымен өздігінен ойнауын ұйымдастырған жөн.
Режимдік процесcтерді ересектердің әңгімелеуімен, түсіндіруімен ұластырған
маңызды. 3 жаста сөз жетекші рөл атқара бастайды, сондай-ақ, жаңа қимылдар
мен іс-әрекеттерді үйретуде көрсету маңызды
тәсілдердің бірі болып қала береді. Сөздің көмегімен ересек адам кейбір
әрекет түрлерін баланың есіне салады (Арман, қолыңды жудың ба?), есіне
түсіреді (Әсел, қолыңды жуып болсаң, үстел басына отыр), түсіндіреді
(Бақыт, тәрелкедегі тамақты қолыңмен ұстама, екінші қолыңа нан ал).
Ақыл-ойдың дамуы, бала тұлғасының дербестік, бастамашылық, шығармашылық
жағынан қалыптасуы белсенді іс-әрекет процесінде іске асырылады. Сондықтан,
ерте жастағы балалардың режимдік процесстер мен ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінен бос уақыттарының барлығы дербес іс-әрекетпен толықтырылуы қажет.
Осы кезеңдегі дербес іс-әрекет әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сюжетті-рөлдік,
дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылдар, бағдарлық-танымдық әрекет,
бақылаулар, кітаптар мен суреттер қарастыру, бейнелеу өнері, өзіне-өзі
қызмет ету элементтері, ересектердің тапсырмаларын орындау.
Ересектер ерте жастағы балаларды заттар әлеміне енгізеді, олардың
қызметімен және неге арналғандығымен таныстырады, қоршаған ортаны тануға
бағытталған іс-әрекеттерін ынталандырады. Осыған байланысты, күннің кез
келген уақытында өз қалауынша заттармен әрекет етуге, ойнауға, қозғалу
мүмкіндігіне ие болатын пәндiк-ойын дамытушылық ортасымен қамтамасыз етілуі
қажет. Сол себепті:
- қозғалыс белсенділігін қажет ететін ойыншықтар және жабдықтармен
қамтамасыз етіп, олардың орындарын жиі ауыстырып, санитарлық өңдеу тәртібін
сақтау;
- баланың қолы жететін жерге автодидактикалық, ойын материалдарын
орналастыру;
- ойын бөлмелерінде өзгертуге жеңіл тақырыптық дамыту орталықтарын
жабдықтау: Өнер, Сенсорлық-құрылыс, Көңілді доп, Табиғат бұрышы,
Құм және су, Ертегі аралы, Ас үй, Сәндену бұрышымен;
- әрбір орталықта балалардың жеке қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына,
тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сүйене отырып, дидактикалық және ойын
материалдарын іріктеу;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасындағы жағдайларға қойылатын талаптардың
бірыңғай болуы маңызды.

1 ЖАСТАН БАСТАП 2 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА

Бала өмірінде екінші жыл ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп-
кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкiндiк туғызады, екiншi
сигналдық жүйенiң қалыптасуы бала өмірінің екiншi жылын ерекшелейдi.
Екі жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай
сайын салмағына 170,0—190,0 г, бойына - 1 см қосып отырады. Екі жастағы
баланың салмағы орташа есеппен 12,0—12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0— 86,0 см
жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергу уақытының ұзақтығы: бірінші жарты
жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4
сағаттан бастап 5,5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12,5
сағатқа дейін қысқарады.
Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет
жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін
қажет етеді, бірақ сәбилерге қарағанда, онда талпыныс, ересектерге
түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады.
2 жаста қарқынды даму бағыттары айқындалады. Бұл ересек адамдардың тілін
түсіну және сөйлеу қабілетінің дамуы, сенсорлық даму, заттармен әрекеттің,
ойындардың, қимыл-қозғалыстарының, дербестіктің дамуы. Дамудың әр бағыты
басқа бағыттармен байланысты дамиды. Мысалы, заттармен әрекет жасаудың және
ойынның дамуы қимыл-қозғалыстың дамуымен, ал 1 жас 6 айдан кейін сөздерді
түсінуімен тығыз байланысты. Дамудың бұл бағыттары осы жаста ерекше
маңызды, өйткені олар едәуір күшті болып табылады және жағымсыз факторлар
әсеріне (нашар анамнез, аурушаңдық, педагогикалық әсерлердің жетіспеушілігі
және т.б.) аз ұшырайды. Белсенді тілдің дамуы - жағымсыз факторлардың
әсеріне едәуір сезімтал жаңа бағыт.
Екі жас — тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық
байқалатын тіл дамытудағы сенситивті кезең. Бала екі жасында ересек
адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның
белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді,
сөйлемдерді қолдана бастайды.
Тілді түсіну біртіндеп болатын процесс. Бұл процесстің дамуы үшін бір жарым
жасқа дейін заттар, қимылдар мен олардың атаулары арасындағы байланыс
қарқынды орнай бастайды, бұл байланыстар алдымен әлсіз болады, оларды
нығайту үшін арнайы жағдайлар қажет. Жекелеген анализаторлардың (қозғалыс,
көру, есту қабілеттері) арасындағы байланыс тым берік болмайды, бала
ересектерді түсінгенімен, оларға назар аудармауы мүмкін.
Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай қарқынмен дамиды; сөйлеуге еліктеу
қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында белсенді сөздік
қоры 30-40 сөзге жетеді.
Екінші жарты жылдықта белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады:
белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде
зат есімдердің септік және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен
өткен шақ пен келер шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз
дыбыстарды дұрыс айтады.
2 жастың соңына қарай тіл өзінің негізгі қызметі — қоршаған ортамен қарым-
қатынас қызметін атқара бастайды. Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен
әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы
таныс қарапайым сюжеттерді түсініп қана қоймай, сонымен бірге ересектердің
кейбір сұрақтарына жауап бере алады.
Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау құралы, ал ересектердің
тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады.
Бала үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше. Өмірінің
екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен айналысуды
жалғастырады: алмалы-салмалы ойыншықтармен ойнайды, текшелерді бірінің
үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен шығыршықтарды алып, қайта кигізеді.
Заттармен әрекет жасай отырып, олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен
әрекет жасау еліктеу қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының
арқасында біртіндеп күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен
қояды, қоршау жасайды, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды және тағы
басқа заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге үйренеді, яғни іс-
әрекетті ойлана отырып жүргізеді.
1 жас 3 айдан бастап, 1 жас 6 айға дейін бала жаңа іс-әрекеттерді
орындай бастайды, ересектер мен жасы үлкен балалардың іс-әрекеттеріне қарай
отыра, тәрбиешінің қимылын қайталап, көргендерін орындайды. Ол бейнелеу
әрекеттері деп аталады, 2 жастың соңына қарай бірізділікті қажет ететін
сюжеттік ойындарға ауысады. Өйткені, бір жарым жасқа дейін бала көзбен
көргенінің әсерінде болады, оның тәжірибелері мардымсыз, ойындары тұрақсыз,
ал ойын жағдайын тәрбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын едәуір
тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер
бір жарым жасқа дейін бала бір іс-әрекетпен 2-4 минут айналысса, екі жасқа
қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса
алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау қалыптаса бастайды: бала ойында
ауыстырғыш заттарды қолданады, ересектердің қимылына еліктейді, өзінің іс-
әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды ойлау
қабілетінің негізі қалыптаса бастайды.
Ересектер балаларға белгілі талап қойып, оларды орындауға көмектеседі. Өзін-
өзі ұстаудың қарапайым ережелерін орындап, ұқыптылықты сақтауға үйретеді.
Белгілі міндеттерге сәйкес үй тұрмысындағы заттарды қолдана білу біліктерін
қалыптастырады. Құрал ретінде кейбір тұрмыстық заттарды қолдана білу
қабілеттерін дамытады. Баланың мінез-құлқын жетілдіруде, тілді меңгеруде
және ойын әрекеттерін дамытуға баланың еліктеу қабілеті маңызды орын алады:
бір жарым жастан кейін бала ересектердің қимылдарын қайталап қана қоймай,
өзі көрген қимылдарды қайталай бастайды.
Екі жаста негізгі қимылдардың барлық түрлері жетіледі, сонда да кейбір
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты: бұл жастағы баланың
аяқтары қысқа, басы үлкен, денесі ұзын; қимылдарды үйлестіру мен сыртқы
белгілерге сәйкес ауыстыру іскерліктері жеткіліксіз.
Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің
бойымен жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі кедергілер
болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын
сәйкестендіру, кеңістікке бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа
балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда кездесетін
кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс жерді аттап
өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты жылдығында
баланың жүрісі жетіле түседі — бала тек тегіс еденде ғана емес, сонымен
қатар далада, шөптің үстінде жақсы жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді,
үлкендердің көмегімен сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу жетіледі,
балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі кедергілерден (бөрене,
орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды.
Біртіндеп балалар өздерінің қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен
сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды.
Балалар заттарды ауыстырып, олармен түрлі қимылдар орындағанды жақсы
көреді. Қимылдардың қарапайым түрлерін меңгеруіне байланысты заттар мен
олардың қасиеттерін (пішіні, көлемі, түсі, т.б.) қабылдау қабілеттері
жетіледі. Бала таныс заттарды өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан
тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі
бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-
әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне,
кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді.
Екі жастағы бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және
байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту
ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды.
Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым
ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.
Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен
байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді,
үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен
бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары
пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді,
қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына
қосылуға талаптанады. Екі жастағы балалардың дамуында айтарлықтай
өзгерістер пайда болады, сондықтан да тәрбие жұмысында әр баланың жеке
ерекшеліктерін ескеру қажет.

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

Үйде 1 жас – 1 жас 6 ай
1 жас 6 ай –
2 жас
Ұйқыдан тұру, таңертеңгі 7.40-8.00 7.30-8.00
тазалық шаралары
Мектепке дейінгі ұйымда
Балаларды қабылдау, 8.00-9.00 8.00-9.00
тексеру, ойындар
Таңғы ас 9.00-9.50 9.00-9.40
Баланың дербес ойындары
9.50-10.00

Ұйқы
10.00-11.40

Ересектердің 9.40.-
жетекшілігімен 11.40
ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті ойын немесе
серуен
Біртіндеп тұру, түскі ас 11.40-12.00
Түскі ас 11.40-12.3
0
Ұйқы 12.30-15.0
0
Белсенді сергектік 12.00-12.40
Екінші ұйқы 12.40-15.20
Ұйқыдан біртіндеп тұру, 15.20-16.0015.00-15.4
сауықтыру және гигиеналық 0
шаралар
Бесін ас 16.00-16.4015.40-16.3
0
Ересектердің 16.40-18.0016.30-18.0
жетекшілігімен 0
ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті ойын немесе
серуен
Балалардың үйге қайтуы 18.30-ға 18.30-ға
дейін дейін
Үйде
Серуен 18.30-19.0018.30-19.3
Кешкі ас, байсалды ойындар19.00-20.000
19.30-20.0
0
Түнгі ұйқы 20.00-7.40 20.00-7.30

ДЕНСАУЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: бала денсаулығын нығайту, оның өсіп келе жатқан ағзасының қызметі
мен жүйесін дамыту.
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны жүзеге асырылады:
- дене шынықтыру - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде;
- балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру: дербес қимыл әрекеті, мәдени-
гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары
арқылы жүзеге асырылады.

Дене шынықтыру
Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, қимылдың негізгі
түрлерін дамыту.
Міндеттері:
1. Жүру және басқа да негізгі қимыл түрлерін (еңбектеу, өрмелеу, допты
лақтыру, жүгіру және жоғары секіру және т.б.) жетілдіру, тепе-теңдікті
дамыту, дұрыс дене бітімін қалыптастыру.
2. Май табанды болдырмаудың алдын алу шараларын жүзеге асыру және қимыл
үйлесімділігін дамыту, басқа балалармен кейбір қимылдарды бірге орындауға
үйрету.
Мазмұны:
1 жас — 1 жас 6 ай
Жүру және тепе-теңдік сақтау: белгілі бағытта жолақшамен (клеёнка) жүру,
көлбеу тақтай бойымен жоғары көтерілу, төмен түсу, ленталар мен жіптерден,
еденде жатқан таяқшалардан аттап жүру. Жәшікке шығу (биіктігі 10-15 см).
Еңбектеу, өрмелеу: үстелдің, жіптің, доғаның астынан еңбектеуге жаттығу.
Бөренеден аттап өту, параллель жатқан жіптердің арасынан төрттағандап
құрсаудан еңбектеп өту; орындықтың астынан өту.
Лақтыру, домалату, қағып алу: түрлі көлемдегі доптар мен шарларды, әртүрлі
ойыншықтарды жинау, бір орыннан екінші орынға ауыстыру дағдыларын дамыту.
Допты бір немесе екі қолмен төменгі жақтан алға лақтыру, себетке салу.
1 жас 6 ай — 2 жас
Жүру және тепе-теңдік сақтау: бір-бірінің қолынан ұстап ересектердің
артынан, бірінің артынан бірі, топпен бірге (5-7 адам) жүру;шеңбер бойымен
жүру;таяқша мен жіптен аттап жүру;жолақша бойымен, көлбеу тақтай үстімен
жүру; гимнастикалық орындықтың үстімен (тәрбиешінің қолынан ұстап) жүру;
жәшіктің үстіне (10-15 см) шығып, түсу.
Жүгіру: түзу бағытпен жүгіруге үйрету.
Жалпы дамыту жаттығулары: ересектердің көрсетуімен қимылдар жасауға үйрету
— қолды жоғары көтеріп, түсіру; қолды алға созу; қолды артқа жасыру;
саусақтарды ашып-жұму; еденді тықылдату (тізе бүге отырып); бір-біріне
заттарды бере отыра, оңға, солға бұрылуға үйрету.
Еңбектеу, өрмелеу:
Еңбектеп бөренеден асып өту, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп
өту; құрсау ішінен, орындықтың астынан еңбектеп өту, сатыға (биіктігі 1,5
м) өрмелеу.
Лақтыру, домалату, қағып алу: допты жоғары лақтыру (қағып алмай), екі
қолмен домалату, допты бір-біріне беру, гимнастикалық орындық пен тартылған
жіп (бала көзінің деңгейінде) арқылы түрлі заттарды бір-біріне лақтыру.
Жыл аяғында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- белгілі бағыт бойымен жүру: жолмен, көлбеу тақтай бойымен жоғары, төмен
жіпті, лентаны, таяқшаны аттап жүруді;
- түзу бағытта жүгіруді;
- бөренеден еңбектеп асып түсуді, параллель жатқан жіптердің арасынан
еңбектеп өтуді;
- құрсау ішімен орындықтың астынан еңбектеп өтуді, сатыға (биіктігі 1,5 м)
өрмелеуді;
- ересектердің көрсетуімен жалпы дамыту жаттығуларын орындауды;
- допты жоғарыға лақтыру (қағып алмай), екі қолмен домалату, допты бір-
біріне беруді;
- гимнастикалық орындық пен тартылған жіп арқылы әртүрлі заттарды бір-
біріне лақтыруды білуі тиіс.

Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу
Мақсаты: балалардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру, олардың сергек күйін
қолдау және шаршаудың алдын алу, қарапайым өзіне-өзі қызмет ету мен
ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балалардың қозғалыс белсенділігін ынталандыруға, қозғалыстың негізгі
түрлерін дамытуға мүмкіндік туғызу, қимыл-қозғалыс тәжірибелерін жинақтауға
жағдайлар жасау.
2. Балалардың бойында тазалық пен ұқыптылыққа деген қажеттіліктерін
қалыптастыру. Алдын ала меңгерген мәдени-гигиеналық дағдыларды бекіту және
жаңа біліктерді қалыптастыру.
Мазмұны:
Мәдени-гигиеналық дағдылар
1 жас - 1 жас 6 ай
Тамақтануда:
- үнемі тамақтану алдында баланың қолын жуу;
- 1 жастан 1 айдан бастап 1 жас 3 айға дейін қасықпен қою тамақты, ал 1 жас
4-5 айдан бастап кез-келген тамақты өз бетімен іше білуге үйрету;
- нанды көже ішу кезінде бірге жеу;
- тамақты өз ыдысынан ғана ішу;
- балаларға арналған орындыққа өз бетімен отыру, ересек адам орындықты
үстелге жақындатады, тамақ ішіп болған соң, ересектердің айтуымен, өз
орындығын орнына итеріп қою.
Баланы түбекке сұрануға және дұрыс отыруға үйрету.
Баланың қолдарын өз бетімен жууын, киімдерін киюін және шешуін,
бәтеңкесінің бауын байлауын, киімінің түймесін ағытуын, бас киімін шешуін
мадақтау.
Барлық кір, лас нәрсеге жағымсыз қарым-қатынасты тәрбиелеу: бет-аузының
тазалығына назар аударуға, жуынуға, сүртінуге, су болған киімдерін шешуді
сұрауға үйрету.
1 жас 6 ай - 2 жас:
Тамақтануда:
- үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру;
- орындыққа өзі отырып, тұру;
- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету (еске түсіру),
тамақтан соң алғыс айту.
Жуынуда:
- қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын
алақандарымен жуу;
- ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту.
Киініп-шешіну барысында:
- бас киімін, шалбарын, түймелері ағытылған жейдесін, бәтеңкесін белгілі
ретпен шешуі;
- шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін киюі.
Баланың түбекке сұрануы, өз түбегінің орнын білуі, өзінің ғана түбегіне
отыра білуді бекіту.
Ескерту жасаған соң қол орамалмен мұрнын сүрту, қалтасынан алып, қайтадан
салу.
Өз киімдерінің, орамалының орнын, үстел басындағы өз орнын, киіміне
арналған шкафты білу, түбекке отыру қажеттілігін уақытында айту.
Дербес қимыл іс-әрекеті:
Балаларды түрлі қозғалыс белсенділігіне ынталандыру. Бөлмеде және серуенде
түрлі қимылдарды қолданып, арбалармен, ойыншықтармен дербес ойындарды
ұйымдастыру. Қимылды ойындарға қатыстыру, ересектермен жұптасып түрлі
қимылдарды орындау.
Салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Медицина қызметкерінің жетекшілігімен ауада және суда шынықтыру шараларын
жүргізу.
Ұзақтығы 3-5 минут болатын ауа ванналары киімдерін ауыстыру, массаж,
күндізгі ұйқы мен бөлмедегі қалыпты ауа температурасының барысында іске
асырылады.
Күнделікті шынықтырудың бір түрі — суды ағызып, қолын шынтаққа дейін жуу.
Сумен шынықтыру бөлме температурасы +22°С болғанда жалпы немесе жергілікті
шаралар түрінде жүргізіледі.
Арнайы шаралар (ұсынылған тәсілдердің біреуі қолданылады):
- беліне дейін және бүкіл денесін дымқыл шүберекпен сүрту. Судың
температурасын +36°С бастап +28°С жеткенге дейін біртіндеп төмендету (4-5
күн сайын 2 градусқа төмен). Сүртінуде су температурасын +35°С бастап +23°С
дейін (4 күн сайын 2 градусқа төмен) жеткізу.
- қарама-қарсы температурадағы жылы, салқын су құю: су температурасы +36°С
бастап +25°С дейін, соңында +38°С бастап +18°С дейін .
Жаз мезгілінде бүкіл режимдік кезеңдер мүмкіндігінше таза ауада
ұйымдастырылады.
Жеке бас гигиенасының ережелерін үйрету: қолын аузына салмау, едендегі лас
заттарды көтермеу, өз қажеттіліктері туралы уақытында хабарлау.
Балаларға таныс заттардың қасиеттерімен таныстыру (сабын, тарақ, қолорамал,
сүлгі, т.б.) және жеке бас гигиенасы мақсатында қолданылатындығын айту.
Ересектердің көмегімен балаларды қол орамалды қолдануға, киіміндегі
ұқыпсыздықты байқауға және өзін тәртіпке келтіруге үйрету.
Жыл аяғында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- доппен ойнай алуы;
- еңістен жоғары көтеріліп, төмен түсуі;
- сатымен төбешікке көтеріліп, төмен түсуі;
- арба мен ойыншық машиналарды сүйреуі;
- ірі жұмсақ ойыншықтарды көтеру, отырғызу, жатқызуды;
- орындыққа өзі отырып, тұруды;
- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету (еске түсіру),
тамақтан соң алғыс айтуды;
- өзінің қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі
жағын алақандарымен жууды;
- ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүртуді;
- бас киімін, шалбарды, түймесі ағытылған жейдесін, бәтеңкесін шешуді;
- белгіленген тәртіппен киімдерін дұрыс бүктеп жинауды;
- шалбарын, бас киімі мен бәтеңкелерін киюді;
- түбекке сұрану, өз түбегінің орнын білуі;
- ескертуден соң қол орамалмен мұрнын сүрту, қалтасынан алып қайтадан
орнына салуы;
- өзінің орамалы мен заттарын сақтайтын орынды білуі;
- өзінің үстел басындағы орны мен киім ілетін шкафын білуі;
- түбекке отыру қажеттілігі туралы уақытында хабарлауды білуі тиіс.

ҚАТЫНАС БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуді дамыту, қоршаған ортамен байланыс
құралы ретінде тілдік реакциялардың барлық түрлерін, белсенді сөйлеуді
қалыптастыру
Қатынас білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге
асады.

Тіл дамыту
Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуін, баланың бастамашылық және жауап
бере білу тілін дамыту.
Міндеттері:
1. Тілдік еліктеу қабілеттілігін және сөйлеу тілін дамыту. Бала тілін
дамытуда барлық режимдік және тұрмыстық жағдайларды қолдану.
2. Сөздік қорды толықтыруға, тілдің грамматикалық жақтарын және дауыс сазы
мен дыбыстауды жетілдіруге мүмкіндіктер туғызу.
Мазмұны:
Алғашқы жарты жылдықтың маңызды міндеті ересектердің тілін түсінуді дамыту
болып табылады. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса
назар аударылады.
1 жас – 1 жас 6 ай
Тілді түсінуді дамыту
Заттардың атын, тіршілік иелерінің қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді,
ән айтады, тыңдайды және т.б.), сонымен қатар балаларға таныс заттардың
белгілерін білдіретін (үлкен, кіші, қызыл және т.б.) сөздермен балалардың
сөздік қорын молайту. Балалар өзінің, жақын туыстарының аты-жөнін, киім,
жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір көлік құралдарының, бірнеше жануарлар мен
өсімдіктердің атауларын білуі тиіс.
Өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене
мүшелерін ажыратып, атай білуін қалыптастыру.
Балалардың күнделікті орындайтын (ұйықтауға жат, отыр - қазір киініп,
серуенге шығамыз және т.б.), сонымен қатар сабақтар мен ойын
процесстеріндегі (домалат, шеш, ки, аш, жап, т.б.) іс-әрекеттерін
білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.
Тәрбиеші өз қимыл-әрекеттерін, ойыншықтарды балаға көрсете отырып,
қарапайым тіркестердің және фразалардың мағынасын түсінуге балаларды
үйретеді.
Баланы жай сөйлеммен білдірілген өтініштерді түсініп, орындауға үйрету
(Айжанға қуыршақты берші. Шыныаяқ әкеліп берші).
Тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін, 1-3 көріністен тұратын
ойыншықтармен, қуыршақтармен шағын қойылымдардың қарапайым сюжеттерін
балаларға түсіндіре білу. Тұтас сөйлем мағынасын көрнекіліктермен, іс-
әрекеттермен толықтыра отырып, түсінуге үйрету. Бейнеленіп отырған оқиға
барысын қадағалай білуді дамыту. Сахналауда көлік түрлерін (машина, арба),
тұрмыста жиі қолданылатын ыдыс-аяқ, жиһаз, киімдерді қолдану, 2-3 ойыншық
заттарды көрсетіп, атын атау.
Баланың (1 жас 6 айға қарай) тілдерді түсінуіне, көрсетіліммен бекітілмеген
алғышарт жасау. Ересектердің өтінішімен заттарды таба білуге, тақырыптық
суреттегі бейнелерді, 1 жас 3 айдан кейін заттың қимылын көрсететін
суреттерді танып-білуге үйрету.
Айтарлықтай белгілері бойынша заттарды іріктеуге, тапсырмаларды түсініп
орындауға үйрету (тілдерді түсінуін жалпылау).
Белсенді сөйлеуді дамыту
Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі
жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б.
Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды
қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай - 1 жас 4 ай) былдырды
белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін
дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық,
өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік
қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар
мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.),
кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.)
білдіретін сөздермен толықтыру. 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім,
жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге
үйрету.
Ересектердің сөздерін тыңдауға, Бұл не?, Не істеді? сұрақтарына жауап
беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды,
рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі
сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру.
1 жас 6 ай - 2 жас
Тілді түсінуін дамыту
Пассив сөздік қорларын төменде берілген сөздер есебінен кеңейту:
- бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде);
- кейбір жануарлар (мысық, ит, әтеш, тауық, т.б.), олардың қимылдары;
- ойыншықтар (көжек, қонжық, балықтар, құстар);
- заттардың белгілері (үлкен, кіші, қызыл, көк, сары, жасыл), заттардың
күйі (таза, кір), заттардың орны (мұнда, ана жерде);
- уақыт (қазір, содан кейін) және сандық (біреу, көп) қарым-қатынастар;
- ниет білдірумен байланысты (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) іс-
әрекеттер;
- дене күйі (суық, ыстық, дымқыл және т.б.), көмек, жанашырлық сезімі
(Көжек ауырып қалды, емдеу керек және т.б.);
- жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдар (қыз, ұл, тәте, көке, ата,
әже).
Тұрғын үй бөлмелерінің атауын (ауыз үй, ұйықтайтын бөлме, дәретхана және
т.б.) және олардың неге арналғаны мен бұл бөлмелерде еркін бағдарлай білуге
үйрету.
Балаларға таныс заттарды аты мен түстері бойынша топтастыру (тәрбиешінің
көмегімен) іскерліктерін бекіту.
Күрделі таңдау жағдайында сөздік нұсқаулардың көмегімен ойыншық-заттарды
іріктеу: пішіні ұқсас (мысалы, текше мен кірпіш, доп пен шар, машина мен
арба және т.б.), сонымен қатар, айтылуы ұқсас (мысалы, шыныаяқ пен шәйнек,
үстел мен орындық, бас киім мен мойын орамал және т.б.) таба білуге үйрету.

Балаларды ересектердің айтқанын мұқият тыңдауға, топта мінез-құлық
мәдениетінің ережелерін сақтау (болады, болмайды, керек), басқа балалармен
қарым-қатынастар (кедергі жасама, көмектес, әрі отыр, ойыншықты бер және
т.б.) бойынша нұсқауларды орындауға үйрету. Екі-үш әрекеттен тұратын жеңіл
тапсырмаларды есте сақтап, орындауға үйрету (мысалы, сөредегі қонжықты
алып, маған кел). Қосымшалары бар сөйлемдерді түсінуге үйрету (Шыныаяқ
үстелде тұр. Шыныаяқта сүт бар. Шарды шелекке сал, текшені сөреге қой).
Балаларды (1 жас 7 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін) таныс іс-әрекеттерді
бейнелейтін қуыршақтармен және сюжетті ойыншықтармен жағдаяттар ұйымдастыру
арқылы (мысық доппен ойнауда, әтеш су ішіп жатыр т.б.), кейіннен (1 жас
10 айдан бастап 2 жасқа дейін) баланың жеке тәжірибесінен (іс-
әрекеттер мен суреттерді көрсетпей) (мерекелер, серуендерде бақылаған
балапандар туралы) қарапайым мазмұнды әңгімені түсінуге үйрету.
Баламен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді күй құру, ересектермен
әңгімелесу ниетін қолдау, олардың айтқандарын орындау, сөздері мен істеріне
еліктеу үшін тақпақтар, шумақты өлеңдер қолдану.

Белсенді сөйлеуді дамыту
Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді
жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді
дауыстап және әндетіп айту.
Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді
білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді
біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді
қолдануға үйрету.
Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті
сөздерді (алғым келеді, берші, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері
Музыка тыңдау
Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің салыстырмалы анализі
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі
Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Бөлім тәрбиешінің балалармен еңбек іс – әрекетінің ұйымдастыру және тәрбиешімен атқаратын жұмыстар жүргізу
Пәндер