Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ және ЕУРОПАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер ... 8
1.2 Еуропалық итеграцияны зерттеудегі теориялық аспектілер ... . 15
1.3 Еуропалық Одақтың құрылуы және интеграциялық мәселелер..
18
2 ТМД.ғы ИНТЕГРАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ және ОНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РОЛІ
2.1 ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... 37
2.2 ТМД интеграциясына әсер ететін факторлар ... ... ... ... .. 48
2.3 Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық ... ... ... .
57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... 65

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр. Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.
Экономиканың, қоғам мен мемлекеттің неолибералды моделі әлем мемлекеттерін кей жерлерде - ерікті түрде, ал кей мемлекеттерде қанатты зымырандардың көмегімен олардың арасындағы шаруашылық байланыстарды терең интеграциялауға итермелейді. Соңғы онжылдықта бұл интеграциялық үрдістер бұрынғы социалистік лагерьдің, Ресейдің және ТМД басқа елдерін қоса алғандағы мемлекеттерді де қамтып-ақ алды. Посткеңестік кеңістіктегі интеграцияланған экономиканы құрудың көңілден шықпаған қорытындылары көрсеткендей, бұл үрдісте тек көрінбейтін қолға, нарық стихиясына ғана сүйенуге болмайды және экономикалық интеграциядағы жетістіктер көптеген күрделі мәселелердің терең ғылыми сарапталуына байланысты. Осы орайда, шетелдік тәжірибе, яғни интеграциялық үрдістерді соңғы онжылдықта емес, кем дегенде жарты ғасыр бұрын жүзеге асыруға кіріскен елдердің тәжірибесі ТМД-ның бүкіл халықтары үшін үлкен мәнге ие.
Экономикалық интеграция - мемлекет аралық келісімдер формасымен және мемлекет аралық ұйымдар келісімі арқылы реттелетін елдер арасындағы өзара байланысты экономикалық процесс. Интеграциялық процесстер экономикалық аймақтанудың дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде жеке елдер топтары сыртқы сауда, халықаралық экономикалық қатынастар, валюта- қаржылық және т.б. байланыстар үшін тиімді жағдайларды, шарттарды қалыптастырады.
Қазіргі кезде әлемде көптеген интеграциялық бірлестіктер мен топтар бар. Олар ТМД, Шанхай ынтымақтастарының ұйымы (Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікістан), ЕурАзЭҚ (Ресей, Қазақстан, Белорусия, Қырғызстан, Тәжікістан, Өзбекстан) және т.б.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кеңістікте жаңа құрылымдар жасау, көпжақты өзара байланыстарды сақтау мақсатындағы бастамалардың қазіргі күнгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, ЕурАзЭҚ, Орта Азиялық ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастық Ұйымы мен Бірыңғай экономикалық Кеңістік жасау секілді қауымдастықтарды ұйымдастыру мен қалыптастыруда біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының активті де, жинақтаушы рөлі белгілі. Осы аталған саясаттың негізінде аталған одақтарға енуші елдердің экономикаларының тиімділігін арттыру үшін олардың терең, көптарапты әрекеттестігін түсіну жатыр.

1. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. - А.: Атамұра, 2003. - 256 б.
2. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. А.: ҒӨ Пбк «GAUHAR», 2002. - 568 б.
3. Пискорская Л. Вчера СССР - завтра Евразийство // Мир Евразии. - 2005. - №5. - 21 б.
4. Авдокушин Е.Ф. Международная экономическая интеграция М.,1996.с.179 -193
5. Актуальные проблемы деятельности международных организаций: Теория и
практика. М., 1982
6. Вашанов В.А. экономическая эффективность интеграции // Вестник Содружества, спец.выпуск. 1998, декабрь. С.65
7. Иванов Ю.О. О международных сопоставлениях ВВП России и других стран СНГ// Вопросы Экономики.1998,№1.
8. Барковский А.Н., Краснов Л.В., Рыбаков О.К. СНГ! На пути к экономическому союзу. Москва, 2000.
9. Абрамова М.Г. Положение на рынке труда/Латинская Америка.1997. С.18-24.
10. Абрамова М.Г. Уругвай в системе Меркосур. 1997. С.52-57.
11. Иннарбаев Е. Интегративные процессы на постсоветском пространстве в контексте Евразийской идеи // Евразийское сообщество. 1999, №3.
12. Пискорская Л. Вчера СССР - завтра Евразийство // Мир Евразии. - 2005. - №5. - 21 б.
13. Евразийское пространство интеграционный потенциал и его реализации. Ответственный редактор Тажин М.М. Алматы, 1994.
14. Жукубович Т.С. СНГ и интересы России. Москва, 1997.
15. Гаврилов В. Интеграции в СНГ и национальные интересы. Москва, 1993.
16. Исингарин Н. Выбор в пользу единения сравнивая интеграционные процессы стран ЕС и СНГ // Евразийское сообщество. 2000, №3 апрель.
17. Исингарин Н. Для становления нормального таможенного союза потребуется два-три года // Панорама. 1997, 29 май.
18. Огневск В.В. СНГ на фоне геостратегической карты России// Саясат, 1996.
19. Исингарин Н. Проблемы интеграции в СНГ. Алматы, 1998.
20. Матакбаева Л. Об интеграционной политике Республики Казахстан в условиях демократических реформ // Республика Казахстан: перспективы демократических реформ. - А., КИСИ. 1998. - 41-45 бб.
21. Мацнев Д. Интеграционная стратегия для стран СНГ. Москва, 1997.
22. Чесноков Г.Д. Евразийство и проблемы современной России // Социальная теория и современность. Евразийский проект модернизации России: за и против. - М., 1995. - № 2. - C. 8-10.
23. Губайдуллина М.Ш., Тасубаев С.М. В преддверии председательства в ОБСЕ: из опыта международных организаций по урегулированию Косовского конфликта // Қаз ҰУ Хабаршысы. - 2009. - №4-5 (42-43). - C. 10-18.
24. Назарбаев Н. На пороге ХХІ века. - Алматы: Өнер, 1996. - 288 с.
25. Мансұров Т. Қазақстан және Ресей: егемендену, кірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. - А.: Қазақстан, 1999.- 344 б.
26. Мансұров Т. Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар. Алматы; М., 1995 - 324 б.
27. Самат М±са. Интеграция дамуѓа бастайтын тµте жол.// Егемен Ќазаќстан. 23.01.2002.
28. Третяков В. Н.Назарбаев: мы - за многополюсный мир // Независимая газета. - 2000. - 24 февраль
29. Протокол к Соглашению о создании Содружества Независимых Государств. Сборник документов под ред. К. Токаева. Алматы, 1998. І том.
30. Нүрпейсова К. ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері // Саясат. - 2003. - №10. - 9-11 бб.
31. Шиманский М. ТМД-да өзара төлем үшін ортақ банк болады // Известия. - 1992. - 15 желтоқсан.
32. Соглашение о создании зоны свободной торговли // Дипломатический вестник. - 1994. - № 9-10. - C. 40-46.
33. Карсанов Л. ТМД елдерінің экономикалық одағы бола алады. Тек тең құқық негізінде // Росийская газета. - 1993. - 8 қыркүйек.
34. Исингарин Н.К. Проблемы интеграции в СНГ. - Алматы: Атамұра, 1998. - 216 с.
35. Исингарин Н.К. 10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решения. - Алматы: БИС, 2001. - 400 с.
36. Назарбаев Н. Қалың елім қазағым - Алматы: Өнер, 1998. - 306 б.
37. Казахстан в современном мире: реалии и перспективы. - Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008. - 348 с.
38. Бженинский З. Геополитическое положение после распада СССР // Казахстан в мировое сообщество. - 1994. - №1. - С.45-47.
39. Стратегия экономических реформ Республики Казахстан. Научное издание / Под ред. Б.К. Султанова. - Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2005. - 220 с.
40. Жұмағұлов Б.Т. Орталық Азиядағы мемлекетарлық интеграцияның саяси аспектілері // Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту атты Орта Азия елдерінің ІІ Түркістан интеграциялық форум жинағы. - Түркістан, 2006. - 9-12 бб.
41. Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс және интеграциялық тәсіл ретінде // Саясат. - 2000. - Ақпан-аурыз. - 51-57 бб.
42. Сыздыков М. Идеи Евразийского союза и стратегические интересы Казахсана // Мир Евразии. - 2004. - №1. - С. 22-24.
43. Кушкумбаев С.К. Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность. - Алматы: Қазақстан. 2002. - 200 б.
44. Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы, 2005. - 46-48 бб.
45. Евразийская стратегия суверенного Казахстана. Научное издание / Под общ. Ред Б.К. Султанова. Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2005. - 202 c.
46. Қойгелдиев М. Орталық Азия халықтарының тұтастығы мәселесінің тарихи негіздері жөнінде // Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту атты Орта Азия елдерінің ІІ Түркістан интеграциялық форум жинағы. - Түркістан, 2006. - 232 б.
47. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Алимкулов Жомарт
КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ЫДЫРАУЫНАН КЕЙІНГІ ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050114 – Тарихмамандығы
ТҮРКІСТАН 2014
Мазмұны:
Кіріспе___________________________ ___________________________ 3
1 ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ және ЕУРОПАЛЫҚ
ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер____ 8
1.2 Еуропалық итеграцияны зерттеудегі теориялық аспектілер_____ 15
1.3 Еуропалық Одақтың құрылуы және интеграциялық мәселелер__ 18
2 ТМД-ғы ИНТЕГРАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ және ОНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РОЛІ
2.1 ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы____________ 37
2.2 ТМД интеграциясына әсер ететін факторлар__________________ 48
2.3 Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық_____________ 57
ҚОРЫТЫНДЫ_________________________ ______________________ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_________________________ ___ 65
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңдағы халықаралық
қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен
заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық
мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен
байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше
алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді
интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге
болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ
болып отыр. Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші
ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал
әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар
Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде
қарастырылады.
Экономиканың, қоғам мен мемлекеттің неолибералды моделі әлем
мемлекеттерін кей жерлерде - ерікті түрде, ал кей мемлекеттерде қанатты
зымырандардың көмегімен олардың арасындағы шаруашылық байланыстарды терең
интеграциялауға итермелейді. Соңғы онжылдықта бұл интеграциялық үрдістер
бұрынғы социалистік лагерьдің, Ресейдің және ТМД басқа елдерін қоса
алғандағы мемлекеттерді де қамтып-ақ алды. Посткеңестік кеңістіктегі
интеграцияланған экономиканы құрудың көңілден шықпаған қорытындылары
көрсеткендей, бұл үрдісте тек көрінбейтін қолға, нарық стихиясына ғана
сүйенуге болмайды және экономикалық интеграциядағы жетістіктер көптеген
күрделі мәселелердің терең ғылыми сарапталуына байланысты. Осы орайда,
шетелдік тәжірибе, яғни интеграциялық үрдістерді соңғы онжылдықта емес, кем
дегенде жарты ғасыр бұрын жүзеге асыруға кіріскен елдердің тәжірибесі ТМД-
ның бүкіл халықтары үшін үлкен мәнге ие.
Экономикалық интеграция - мемлекет аралық келісімдер формасымен және
мемлекет аралық ұйымдар келісімі арқылы реттелетін елдер арасындағы өзара
байланысты экономикалық процесс. Интеграциялық процесстер экономикалық
аймақтанудың дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде жеке елдер топтары
сыртқы сауда, халықаралық экономикалық қатынастар, валюта- қаржылық және
т.б. байланыстар үшін тиімді жағдайларды, шарттарды қалыптастырады.
Қазіргі кезде әлемде көптеген интеграциялық бірлестіктер мен топтар
бар. Олар ТМД, Шанхай ынтымақтастарының ұйымы (Қазақстан, Өзбекстан, Ресей,
Қытай, Қырғызстан, Тәжікістан), ЕурАзЭҚ (Ресей, Қазақстан, Белорусия,
Қырғызстан, Тәжікістан, Өзбекстан) және т.б.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кеңістікте жаңа құрылымдар жасау,
көпжақты өзара байланыстарды сақтау мақсатындағы бастамалардың қазіргі
күнгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, ЕурАзЭҚ, Орта Азиялық ынтымақтастық,
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы мен Бірыңғай экономикалық Кеңістік жасау секілді
қауымдастықтарды ұйымдастыру мен қалыптастыруда біздің елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлының активті де, жинақтаушы рөлі белгілі. Осы аталған саясаттың
негізінде аталған одақтарға енуші елдердің экономикаларының тиімділігін
арттыру үшін олардың терең, көптарапты әрекеттестігін түсіну жатыр.
ТМД бірлестігіне Қазақстан Республикасы мүше. Кешегі алып біртұтас КСРО
елдің аумағында түркі және славян одақтарының құрылуы өте қауіпті екендігін
білген Қазақстан басшысы оқиғаның дәл осылайша дамуына жол бермеуге бар күш-
жігерін салған еді.
Нәтижесінде 1991 жылғы 21 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы
бойынша Алматыда он бір тәуелсіз мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп,
тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды. Бұл факті Алматы
Декларациясына жазылған.
Бұл шешім объективті және жаһандық тенденциялардың логикасын көрсетеді,
мемлекеттердің нақты қажеттілігін жалпы сұрақтармен шешу, мәселелерді шешу
алдында өзара назар қызығушылықтар мен әріптестік болу қажет дегенге
саяды.
Достастық өзінің жұмыс істеу кезеңдерінде үлкен институционалдық
эволюциядан өтті, бүгінде 280 миллион адамды құрайтын 12 мемлекетті
біріктіріп отыр. Біздің елдеріміздің барлық бағыттағы ынтымақтастығына
арналған келісімдік құқықтық ауқымды базасы жасақталды. ТМД-ның жарғылық
және атқарушылық органдары, 70- тен астам үйлестіруші салалық құрылымдары
жұмыс істейді.
Өтіп кеткен 2006 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз
мемлекеттер достастығындағы төрағалығын қабылдады. Алдағы уақыттарда
Достастақты біздің көз алдымызға елестеу трансформациясы мен дамуын ТМД- ға
мүше мемлекеттер барлық проблемаларға бірдей келіп, шешім қабылдаса,
қалыптасқан дағдарыстарды жоюға болады.
Бүгінде Қазақстан сыртқы дүниемен интенсивті экономикалық ынтымақтастық
үшін ашық. Халықаралық бизнестің көптеген өкілдері осы жағдайды пайдалана
білді. ТМД елдері арасында Қазақстан шетелдік инвестициялардың және
капиталдың келіп құйылуының көлемі бойынша алдыңғы орындардың бірінде тұр
және ықтимал байлықты нақты байлыққа айналдыруына, адамдарға айқын пайда
беруіне көмектесетін озық идеялар мен технологияларға, ең жаңа жабдықтарға,
бағалы басқару тәжірибесіне, бос қаржы активтеріне ынта қойып отырғанын
жасырмауда.
ТМД шеңберіндегі ортақ экономикалық кеңістіктің құру перспективасы 1994
жылдың сәуір айында өткен ТМД елдерінің экономикалық одағы жөніндегі
келісімде белгіленді. Бұл келісімнің іс-әрекеттері төрт кезеңнен тұрады:
• еркін сауданың мемлекетаралық (көпжақты) ассоциациясы;
• Кедендік Одак;
• тауарлар мен қызметтер, капиталдар және жұмысшы
күшінің ортақ нарығы;
• валюталық (ақшалай) одақ.
Біртұтас ұлттық емес валютаға көшу немесе ұлттық валюталардың толық
конвертирленуіне дейінгі кезеңде Төлем одағын құру көзделген.
ТМД көлеміндегі ішкі тарифтік бөгеттер әлі де бар: өте маңызды
тауарларға, әсіресе энергия тасымалдаушы, шикізат және азық-түліктің кейбір
түрлеріне белгіленген квоталар әлі де өз күшінде; біртұтас кедендік
тарифтер жөнінде және үшінші елдерге қатысты ортақ саясатын жүргізу жөнінде
ТМД-ның көптеген мемлекеттері ойланып та жатқан жоқ.
Осындай көкейтесті мәселелердің шешімін іздеу және Қазақстанның сыртқы
экономикалық қатынастарын әрі қарай дамыту дипломдық тақырыптың өзектілігін
көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты- Қазақстан және ТМД елдерінің
мәселелерін зерттеу және ынтымақтастық перспективаларын анықтау. Қойылған
мақсатқа жету үшін келесідей қызметтерді атқару қажеттілігі туындады:
- Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу және даму үрдістерінің
негізгі аспектлерін қарастыру;
- ТМД интеграциялық бірлестігінің негізгі бағыттарын анықтау;
- ТМД- дағы Қазақстанның орнын белгілеу;
- Қазақстанның Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекеттермен
қарым- қатынастарын қарастыру;
- Достастықтағы қазіргі уақыттағы мәселелерді қарастыру және оларды
шешу жолдарын ұсыну.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. ХХ ғасыр соңында Кеңестік жүйенің ыдырауымен
тәуелсіз мемлекеттер арасындағы интеграциялық қатынастарды жаңа тұрғыдан
қайтадан қалпына келтіру сол кездегі күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі
боды. Интеграциялық процестерді жүзеге асыруда ғалымдар, қоғам
қайраткерлері мен ақпарат құралдары өз ойлары мен пікірлерін білдіріп
отырды. 1994 жылы жариялағаннан кейін бұл идеяның көптеген қағидалары 1994
жылы қыркүйек айында Алматы қаласында өткен Еуразия кеңiстiгi ықпалдастық
мүмкiндiктерi және олардың жүзеге асуы атты тақырыпта өткізілген ғылыми-
практикалық конференцияда жан-жақты талқыланды. Оған Достастық елдерiнiң
барлығынан мемлекет, қоғам, саяси қайраткерлерi, ғалымдар, ақпарат өкiлдерi
қатысты. Конференцияға қатысушылар өздерi қабылдаған қорытынды құжатта:
Мемлекеттердiң Еуразия одағы идеясын және басқа ықпалдастық жобаларын
пайдалана отырып, ТМД ықпалдастық мүмкiндiктерiн бекiте түсу жолында
қадамдар жасауы ұсынылды [1, 99 б.]. 1994 жылы 18 маусымда өткен Еуразия
қауымдастығы: әр алуандықтан туындайтын тұтастық атты конференцияға
бұрынғы кеңестiк кеңiстiктегi 30 партия мен 60 қоғамдық қозғалыстың
өкiлдерi қатысты. Олар халықтарға, парламенттерге, мемлекет басшыларына
үндеу жолдап: Бiз Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә. Назарбаев
жасақтаған Еуразия Одағы жобасын қолдаймыз және мемлекет басшыларын оған өз
халықтары мүддесi тұрғысынан қарауға шақырамыз, - деп мәлiмдедi [1, 99
б.].
Мәскеу қаласында шыққан Евразийский Союз: идеи, практика, перспективы
(1994-1997) атты кiтапта кеңестік жүйеден кейінгі тәуелсіз елдердің
арасындағы орын алған экономикалық қиыншылықтардың себеп салдары мен оны
шешудегі интеграциялық процестердің тиімділігі жөнінде ғалымдар мен
саясаткерлердің пікірі айтылған.
Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттердің интеграциялық одағын құру туралы
ұсынысының мәнi ТМД мемлекеттерiнiң әрқайсысының әлеуметтiк-экономикалық
ерекшелiктерiн ескере отырып, интеграциялық процестердi бiртiндеп жүзеге
асыруға болатындығында екенiн Оразалы Сәбден ХХI ғасырға қандай
экономикамен кiремiз атты монографиясында атап көрсетедi. Бұл монографияда
Қазақстан мемлекетiн өтпелi кезеңде тығырықтан алып шығудың кезек
күттiрмейтiн экономикалық жолдары зерделенiп, нарықтық экономиканы
реформалау, басқару жүйесiн жетiлдiру, аймақтық реформа, жаңа экономикалық
концепция жайында айта келе автор ХХI ғасыр қарсаңында Қазақстан
экономикасына қандай басымдылық беру керек екенi жөнiндегi өз ойын ортаға
салады.
Қазақстан Республикасының сыртқы министрі қызметін атқарған Қ.
Тоқаевтың еңбектерінде мемлекетіміздің қазіргі заманғы геосаясат және
Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары қарастырылады [2, 19 б.].
Сондай-ақ, тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен
қарым-қатынасы жан-жақты қарастырылып, интеграциялық байланыстары жайында
Т. Мансуров еңбектерінде айқындалып көрсетілген.
Г. Толмачевтiң Елбасы атты еңбегiнде Еуразиялық одақ жобасының ғылыми
ортада толық қолдау тауып, оны айғақтайтын фактіліреді мысалға келтірген.
О.Видованың Н. Назарбаев портрет человека и политика еңбегінде Еуразиялық
одақ идеясының ТМД елдерінің арасында тұралап қалған мәселелерді шешуде
бастамашы жол екендігі көрсетіледі.
Б.К. Сұлтановтың жалпы басшылық редакциялығымен Қазақстан Республикасы
стратегиялық зерттеу институтының ғылыми басылымдары тәуелсіз Қазақстан
Республикасының интеграциялық стратегиясы, Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық
бастамасы, Қазақстанның Орталық Азия, Еуропа елдерімен қатынасына,
Қазақстанның Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына
ғылыми тұрғыда сараптаулар жасалынған.
Еуразия континетіндегі интеграция мәселесі жөніндегі сарапшы Мерлин
Ларюэль еуразиялық идеясының мүмкіндіктері туралы пікірін білдіре отырып,
қазақстандық еуразия идеясы – бұл Н.Ә. Назарбаев ұсынған мемлекеттік
идеология екенідігін атап көрсетеді [3, 21 б.].
ТМД шеңберіндегі экономикалық шиеленістер мен қиындықтардың шешімін
табу жолында Қазақстан Республикасының ұсынған интеграциялық идеялары
әсіресе Еуразиялық жоба жайында айтылған сын-пiкiрлер, ұсыныстар, оның даму
болашағы жайлы мақалалар Саясат, Ақиқат, Евразийское сообщество,
Мысль, Евразия, Қоғам және Дәуір, Отан тарихы журналдары және
Егемен Қазақстан, Жас Алаш, Түркістан, Казахстанская правда,
Известия, Заман-Қазақстан газеттерi бетiнде жарық көрдi. Соның iшiнде
Талас Омарбеков, Жан Шаймұратұлы Еуразиялық одақ: бiр үмiт, бiр күдiк,
Iнкәрбаев Есенай Еуразияшылдар доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс
және интеграциялық тәсiл ретiнде, И.Ерғалиев, Т.Тихонов Идея евразийства
и будущее Казахстана, Сапиулла Абдулпаттаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы,
Самат Мұса Интеграция дамуға бастайтын төте жол, М.Әшiмбаев Достастық
және жаһандасу атты т.б. жарық көрген мақалаларды ерекше айтып өту керек.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Кеңестік жүйеден кейінгі
кеңістікте тәуелсіз елдердің қарым-қатынасын жаңа тұрғыдан дамытуда
интеграциялық процесті жүйелі түрде жүзеге асыруда маңызды шешімдер
қабылдау қажеттілігі туындады. Осы мәселеде Қазақстан Республикасының
посткеңестік елдер арасындағы интеграциялық үрдістерді жүзеге асыруда тың
идеяларды ұсынды. Диплом жұмысының мақсаты тәуелсіз елдер арасындағы
интеграциялық процестердің қалыптасуы, жүзеге асуы мен ТМД елдері
арасындағы интеграциялық процестерді жүзеге асыруда Қазақстан
Республикасының рөлін көрсету болып табылады. Диплом жұмысы осы мақсатқа
жету үшін төмендегідей міндеттерді көздейді:
- Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілеріне шолу
жасау;
- Еуропалық итеграцияны зерттеудегі теориялық аспектілерге және
Еуропалық Одақтың құрылуы және интеграциялық мәселелерін айқындау;
- ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы жолдарын көрсету;
- ТМД интеграциясына әсер ететін факторларды айқындау;
- Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастықтың интеграциялану жолындағы
өзара қарым-қатынастарына шолу жасау, көрсету;
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ және ЕУРОПАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер
Тарихтан бізге мәлім ең бірінші антикалық интеграциялық форма ретінде
б.д.д. 2371 жыл 4 мың жыл бұрын солтүстік Месопатамиядағы ежелгі Саргон
империясын айтуға болады. Содан бері интеграциялық үрдіс адам өмірінің
ажырамас бір бөлігі ретінде. Адам өзі жалғыз өмір сүре алмайтын секілді
қоғам да өзі оқшау өмір сүре алмайды. Міне, осы интеграциялық үрдістің
бастамасы.
Интеграция сөзінің ұғымы теориясына тоқталатын болсақ, интеграция
термині алғаш рет неміс және швед ғалымдарымен ХХ ғасырдың 30 жылдарында
қолданылған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін
ішедгаііо деген латын сөзінен шыққан. Интеграцияны топтық, әлеуметтік,
этникааралық, мемлекетаралық болып бөледі. Сонымен қатар әскери-саяси,
ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. интеграциялар болады. Интеграция
мәселесіне байланысты Барановский В.Г. былай деп түсінік береді: Бөлек
ерекше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске
әкелетін жағдай. Ол интеграцияның үш белгісін бөліп алуды ұсынады.
Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, бір
жақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан байланыстар мен қатынастарды
бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерді жүзеге
асыратын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен
реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың, оқиғалардың стихиялық
дамуынан ерекшеленеді. Ал үшіншіге, интеграциялық кешендегі тұтастық пен
құрылымдық бөлшектердің арақатынасы [4, 179-193 бб.].
Әлеуметтік өмірге қолданылатын интеграция ұғымы, кең анықтама, мәдени,
экономикалық, саяси және басқа салаларды қамтиды. Топтық, әлеуметтік,
этникааралық, мемлекетаралық болып бөлінеді. Сонымен қатар, интеграция,
саяси-әскери, ғылыми-техникалық, техникалық түрлері бар, яғни интеграция
қазіргі таңдағы қоғам қызметінің барлық салаларын қамтыған.
Интеграциялық үрдістің саяси жақтарын зерттеу, түрлі мелекеттерде
болатын ішкі және сыртқы саяси үрдістермен тығыз байланысты. Бізді
қызықтырып отырған мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және
халықаралық қатынастар мәселесінің шеңберіне кіреді. Мемлекетаралық
интеграция, мемлекеттердің арасындағы интеграциялық үрдістің саяси
проблемасымен байланысты мәселелердің жай-жапсарын көрсету үшін, зерттеуші
ғалымдар саяси интеграция деген ұғымы туралы айта бастады.
Көп зерттеуші ғалымдар саяси интеграция ұғымының толық анықтамасын
берген америкалық политолог Э.Хаас деп санайды. Бұл терминді ол біренше
ұлттық жүйелердің саяси өмірінің мүшелері өз қызметінде заңдастырды және
белгілі бір заңы бар жаңа орталыққа бағыттала бастады немесе оны басқа
мемлекеттер қазірге дейін біріккен жалпы теория жоқ. Барановский В.Г. айтып
кеткендей: интеграция дегеніміз дифференциацияланған бөліктердің
біртұтасқа байланыстылық жағдайы, сонымен қатар осындай жағдайға алып
келетін үрдіс.Мысалға интеграция ұғымын жүйелі функционализмнің негізін
салушы Т.Парсонның ұсынысы бойынша екі негізгі компонентті қамтиды:
біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сиымдылығы; екіншіден,
интеграциялық жиынның сыртқы ортадан оқшау тұратын спецификалық жағдайын
қамтамасыз ету және сақтау [5, 73-74 бб.].
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграцияның ең бірінші жүйелік
сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы
біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін. Мынадай ой-
пікірмен келісуіміз қажет кейбір мемлекеттердің қандай да бір
мемлекетаралық қатынастардағы жүйеге енуі, әрдайым олар интеграция үрдісіне
кірді дей алмаймыз. Мұндай жағдайда біз интеграция әр уақыт жүйе, бірақ
жүйе әр уақытта интеграция бола алмайды. Жүйелілік иерархиялық
элементтердің автономдығы - интеграция және интерация еместің арасына
шектеу қойғанда бұл аса маңызды болмай қалды.
Интеграция ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік,
Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы,
мемлекетаралық интеграция түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең
бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық интеграция теориясының
шарттары құрады. Құралған концепция жоғары дамыған индустриалды
қоғамдастыққа бағытталғаны заңды-ақ, өйткені соғыстан кейінгі кезеңде
үшінші әлемдегі мемлекеттер интеграциялық ағымға келетіндей әлі бытыраңқы
еді.
Ең бірінші аймақтық интеграция үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге
тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жүмыс істеген ғалымдар
болды (А.Предоль, В.Репке). Рынок концепциясына сүйене отырып, олар,
интеграция деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас
геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді. Мұны жүзеге асыру үшін сыртқы
сауда және валюта-қаржы сферасын мемлекеттік бақылаудан босату керек. Бұл
көбіне мемлекеттердің қызмет етуіндегі либералдық көзқараспен сәйкес
келеді, ол сол кезде Батыс заңдары мен саяси ғылымында болған еді.
Әлемдік даму ағымы, дамыған мемлекеттердің ұлттық мүдделерін тиімді
қорғау формуласын іздеуге итермеледі. Неолибералистердің
көзқарасы бойынша бұл жердегі маңызды нәрсе аймақтың ішінде біртұтас
кедендік тәртіптің қызмет етуіне жағдай жасау және үшінші мемлекеттерге
біртұтас әдіс, қатынас жасап шығару.
Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың
теориялық концепциясы болды.
1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды.
Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін
кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты
түрде дирижистер деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін
жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе
институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция
барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар
реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ
ғалымы Б.Белаши интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді. Олар:
Еркін сауда аймағы - мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық
шектеулер алынған;
Кедендік одақ - жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем
енгізілген;
Ортақ нарық - саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал
мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;
Экономикалық одақ - тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі
дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде
сәйкестендірілумен толықтырылады;
Саяси одақ - толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар
толықтай жүйеленеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады.
Әлемдік интеграциялық үрдістің даму динамикасы интеграция теориясының
дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың
көрнекті өкілдері - Р. Купер, Г.Мюрдаль, П.Стриптен, Я.Тринберген, А.Филип
[6. 65 б.].
Швед ғалымы Г.Мюрдальдің айтуы бойынша рыноктық көзқарасты
ұстанатындардың теориялық жағдайдағы концепциялары кедей және бай елдердің
дамуын бірдей қылуды көздейді, іс жүзінде поляризация одан ары күрделене
түспек. Оның айтуынша, бұл ұлттық-саяси мүдделердің ықпалымен айқындалады.
Осыған сәйкес ол мемлекеттік реттеу рөлін және экономикалық координациясын,
әсіресе даму темпін және деңгейді біркелкі қылу үшін әлеуметтік саясаттың
рөлін күшейтуді ұсынады. Зерттеудің теоретикалық негізінде мамандар
интеграция концепцияларының үш ірі бағытын анықтады. Бірінші тәсіл, Батыс
Еуропалық елдердің тарихи, экономикалық және саяси мүдделерінің бірлігі.
Осыған сүйене отырып, осы ағымның жақтастары институцияланған құрылым құру
керектігін айтады. Осы ғасырдың 50 жылдары американ және бірқатар еуропалық
саясаткерлер жаңа концепцияны ұсынды, негізгі мәні әр түрлі мемлекеттерді
федерацияға қосу. Осы ағым саясат ұғымында федерализм деген атқа ие болды.
Биліктің федерациялық жүйесі бір жағынан тұрақтылықты және ұлттық
қауіпсіздіктің дамуын қамтамасыз ете алатын қабілетке ие, ал екінші жағынан
әр елдің ерекшелігін сақтай отырып, нақты федерация субъектілерінің және
ұлтүсті органдардың саясаи және әкімшілік ұйымдардың құзыретін шектеу.
Осы бағыттағы екінші тәсіл: классикалық федерализм және неофедерализм.
Бірінші әдістің жақтаушылары конституцианализм және биліктің бөлінісі
идеясына негізделді. Мәні, аймақтық интеграция халықаралық көлемдегі
нормативті қайта құруға негізделген кезде ғана мүмкін. Бұл ағымның
жақтастары федеративтік жүйенің құрылуы интегарцияның ең соңғы бекеті
дейді. АҚШ, Швейцария конфедерация қызметін мысал ете отырып, федералистер,
федерацияны құру біріктіруші мемлекеттердің басқарушы элитасының шығуы
тиіс. Жалпы бұл әдіс интеграциялық үрдісте конституциялық мүмкіндіктердің
рөлін жарыққа шығарды, сонымен қатар ішкі және сыртқы факторлардың да.
Кейін келе дәстүрлі классикалық федерализм әдістерінің жетіспеушілігі
теорияның жаңалануын және федералдық интеграция идеясының жүзеге асырылу
үшін кең мүмкіншіліктерді талап етті.
Неофедералистік концепция әлеуметтік интеграцияға арқа сүйей отырып,
саяси және конституциялық деңгейдегі федералдық интеграция үрдісінің
біртұтастығынан туындады. Осы ағымның көрнекті өкілі американдық политолог
А.Этционе, К.Фридрих. Бұл ағым бойынша федералистер сияқты бірден секіру
емес кезең-кезеңімен болатын үрдіс. Федералистік үрдіс саяси
бірлестіктердің түрлі жақтарын қамтуы мүмкін, эволюция барысында сонда
құрылымның федералдық принципі бірте-бірте кеңейді. Олардың ойынша да
интеграцияның соңғы бекеті федеративтік мемлекет формасындағы саяси
қоғамдастық [7].
Федеративтік интеграция идеясын Еуропалық Одақтың дамуында біраз
байқай аламыз. Қазіргі кездегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұлттардың
егеменді заңдары және жалпы интеграциялық құрылымдардың қайта бөлінуі баяу
жүреді. Тіпті кейбір жағдайларда ұлттық мемлекеттің өкілетінің пайдасына
бөлініп, кері серпіліс болуы мүмкін.
Федерализмнің теориялық кемшіліктерінің орнын толтыруға тырысқан
функционалистерді айта аламыз. Олардың ойынша, қазіргі кездегі
индустрияның, коммуникациялық құралдарының дамуы халықаралық
ынтымақтастыққа жол ашады, ал бұл өз кезегінде функционалды интернационалды
ұйымдардың құрылуына себепші болады. Бірінші кезекте интеграция мемлекет
арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы құрылымдарда қызмет жасайды. Бұл
мектептің негізін салушылар Д.Метрани және А.Клоуд.
Аймақтық интеграция саласындағы тағы бір ірі ағым коммуникациялық
ағым. Бұл ағымның негізін салушы американдық Карл Дойч. Ол әлемдік
қауымдастықты әр уақытта өзара әрекет (коммуникация) және өзара ықпал ету
үрдісінде болатын және жеңілдіктерге бару мүмкіншілігі және соған мәжбүрлеу
механизмі бар түрлі саяси топтардың жиынтығы ретінде қарастырады.
Интеграция үрдісінде негізгі назар қауіпсіздік қауымдастығын құру жолында
және жағдайына бөлінуі тиіс.
К.Дойч интеграцияның ең басты қозғаушы күші тек ұлттық мемлекет емес,
сонымен қатар, партиялық жүйелер, қысым жасау топтары және басқа ішкі саяси
аренадағы факторлар жатады деп ойлайды. Оның пікірі бойынша мемлекеттердің
ішкі интеграциялануы қауіпсіздік қоғамдастығына қол жеткізгенде ғана бола
алады. Осыған байланысты осы мектептің жақтаушылары интеграцияға әсер
ететін екі факторды белгіледі: Біріншіден, қоғамдастықта өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ету керек. Мұнда интеграцияланбаған топтар әр уақытта
конфронтация күйінде болады. Екіншіден, белгілі бір топтардың потенциалды
мақсатына қол жеткізу үшін саяси интеграцияланған қоғамдастық жағдайында
барлық мүмкіншілікті топтастыру [8, 38-39 бб.].
Оң нәтижеге жету үшін интеграция барысында К.Дойч интеграцияланушы
бірлестіктер арасында, коммуникациялық құралдар арасында бір-біріне
бағыныштылық керек дейді.
Коммуникациялық мектептің өкілдері интеграцияланған қоғамдастыққа
апаратын жағдайларды ойлап шығарды. Олар:
Саяси сферада негізгі құндылықтардың сыиымдылығы;
Өмір сүрудің белгілі бір түрі;
Тығыз экономикалық қатынастарды күту;
Интеграция субъектілері арасындағы әкімшілік және саяси мүмкіндіктер;
Кейбір факторлар бөлігінің арасында интенсивті экономикалық даму;
Қоғамның түрлі қабаттары мен түрлі аймақтар арасындағы қоғамдық
коммуникацияның болуы;
Интеграциялық топтардың арасында саяси элитаның тарауы;
Интеграция субъектілері арасындағы коммуникациялық байланыстардың көптігі;
Өзара коммуникациялық сипат;
Интеграцияланған кеңістіктегі түрлі топтардың оңай ауысуы;
Интеграция субъектісінің мінез-құлқының айқындығының жоғарғы деңгейлігі.
Бұл жоғарыда айтылғандар федералистік және функционалистік
мектептердің айтқандарына келгенімен коммуникацияшылдар әлеуметтік-
психологиялық факторға артықшылық берді. Интеграцияланушы мемлекет
аймақтарының азаматтарының сыиымдылығы, қоғамдық сезімін көріп білуі
интеграция жетістігіндегі ең маңызды шарт.
Біз осылайша, интеграция шығу тегі, ұғымы және теориясы туралы азды
-көпті баяндадық.
Интеграциялық үрдіс әлемде, аймақтарда, мемлекеттерде әр түрлі дамуда.
Тарих көрсетіп отырғандай қала-мемлекеттерден де кеңірек саяси ұйымдарды
құру қажеттілігі, антикалық әлемнің шаруашылық дамуындағы қажеттіліктердің
арқасында дүниеге келді, яғни тауар өнімінің дамуы, аймақтар арасындағы
экономикалық байланыс. Осы өзгерістер, дамулардың нәтижесінде
Шығыс Жерорта теңізінде элинистік мемлекет Римнің Италияны жаулап алуы
Сирануз державасының дүниеге келуіне жол ашты. Жалпы интеграция және
дезинтеграция экономикада, ғылымда, мәдениетте ауқымды прогрестерге алып
келген. Егер де тарихқа үңілсек, біз көптеген мемлекеттердің,
империялардың, державалардың құрылғанын, ал енді кейбіреулерінің күйрегенін
көреміз. Бұл үрдістерді біз интеграция және дезинтеграция деп айта аламыз,
Бірақ бұл жердегі дезинтеграция тоқтап қалу немесе жоқ болып кетуді
білдірмейді. Бұл жерде үрдіс өз шеңберінде қайталана бастайды, яғни бір
спираль тәріздес, әр айналымда күшейе түседі. Мемелкет әлеуметтік
интеграцияның бір түрі ретінде дүниеге келді. Әр түрлі халықтарды жаулау
немесе күштеу негізінде біріктіру өз жемісін бермеді. Осы жолмен құрылған
біршама ұзақ уақыт өмір сүрсе де сол мемлекеттердің ішіндегі халықтардың
шаруашылық және мәдениетінің түрлілігі, олардың ұлттық сана-сезімдерінің
жетіліп, дамуы, бұл жасанды құрылымның күйреуіне алып келетін. Осы жерде
біз КСРО-ны мысал ретінде айтып кете аламыз. Біз білетіндей КСРО-ның
құрамына кіретін халықтар күштеп осы құрылымға енгізілген. Бірақ уақыт өте
келе бұл өз нәтижесін көрсетті. Біздің осыдан шығаратын түйініміз - қандай
да болсын халық бір құрылымға жоғарыдан күштеп емес өз қолдауымен кіру
қажет. Мұның мысалы ретінде тек КСРО емес, сонымен қатар Рим, Византия,
Осман, Австро-Венгрия, Британия империяларының тағдырын айтуға болады.
Интеграция бұл белгілі бір жүйенің қозғалысы және даму үрдісі, мұнда
қатысушылардың саны және өзара қатынасы күшейе түседі. Бір-біріне
қатынасында өзіндік кішірейеді, ал дезинтеграция болса, интеграцияға қарама-
қарсы, яғни қатысушылар саны азаяды, өзара қарым-қатынас әлсірейді, тарау,
құлдырау, жайылу, бөліну, оқшаулану үрдісі. Бірақ дезинтеграция әр уақытта
күйреу, жойылуды білдірмейді. Яғни кейбір жағдайларда интеграция үрдісті
тоқтатушы ретінде немесе кері әсерін тигізуші ретінде болуы мүмкін.
Интеграция әр уақытта дезинтеграция үрдісімен байланысты, бұл оның
алғышарты немесе салдарлары болуы мүмкін.
Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің түкпір-
түкпірінде дүниеге келе бастады. Қазірде дүние жүзінде 30-ға жуық
интеграциялық бірлестіктер бар. Осылардың ішінде ең ірілерінің бірі
40жылдан астам интеграциялық тарихы бар Еуропалық Одақ.
Бірнеше жыл бұрын Батыс жарты шарында жаңа интеграциялық бірлестік
НАФТА (Солтүстік америкалық еркін сауда туралы келісім), мүшелері АҚШ,
Канада, Мексика.
Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай,
Парагвай, Оңтүстік Шығыс Азиядағы АСЕАН.
Кейбір кедергілерге қарамастан Батыс Еуропадағы интеграциялық топ
бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда өзінің артықшылығын көрсетті. Осы
жағдайдан терең әсер алған үшінші әлем өздерінің экононмикалық және саяси
мәселелерін мемлекетаралық интеграция жолында шешуге тырысты.
Азия мемлекеттері және үшінші әлемдегі интеграциялық жүйелерді
сараптау барысында, қызмет жасау барысында олардың сәтсіздіктерге
ұшырағанын көреміз. Ал Батыс Еуропада дәл осы уақытта сәттіліктерге қол
жеткізді. Бұл жерде алым ретінде тек АСЕАН-ды айтып кеткеніміз жөн.
Оңтүстік-Шығыс Азия Ассоциациясының құрылуы сол аймақтағы Үндіқытайдағы
қақтығысының орын алған кезінде құрылды. Яғни, бұл қақтығыс субаймақтық
топтың құрылуында бір бастама болды. Бұл халықаралық ұйымды 1967 жылы
Сингапур, Малайзия, Индонезия, Филиппин, Тайланд мемлекеттері құрылды. Бұл
ұйымның алғашқы кездегі мақсаты қауіпсіз дамуға жағдай жасау. Кейін келе,
АСЕАН әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси тұстарды қамти бастады.
АСЕАН сыртқы саяси сферада, аймақтық қауіпсіздік негізін құруда көптеген
жетістіктерге қол жеткізді, сонымен қатар Азия-Тынық мұхит аймағындағы
тұрақтылыққа үлкен ықпал етті, яғни тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кеңеюіне
себепші болды. Қазіргі кезде Бруней мен Вьетнамның қосылуымен бұл ұйымның
мүше саны тоғыз болды. Бірақ өз қызметінің 30 жылдық кезеңі барысында
экономикалық сферадағы жетістіктері жоққа шақ. Сыртқы сауданың көп бөлігі
АСЕАН-нан тыс елдердің үлесінде жатыр, яғни біріншіден, Жапония, АҚШ және
ЕО елдері. 1997 жылы Сингапурдағы төртінші жоғарғы деңгейдегі кездесуде
Ассоциацияға мүше-мемлекеттер 2007 жылға дейін еркін сауда зонасын құруға
келісті.
Латын Америкасындағы ірі интеграциялық бірлестік ретінде МЕРКОСУР-ды
айтуға болады. 1991 жылы Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай
мемлекеттері құрған интеграциялық бірлестік. Бұл мемлекеттердің тауар
айналымы 1991-1995 жылдар аралығында үш есе өскен. 1994 жылы жалпы рынок
кеңесі құрылды. Оның құрамында сыртқы істер министрлері бар және тұрақты
атқарушы орган, құрамында атқарушы хатшылығы және он техникалық комиссия
бар. Жалпы рынок тобы құрылды, МЕРКОСУР-ға қатысушылар кереметтей
жетістіктерге қол жеткізбесе де олар алдағы жылда интеграциялық үрдісті
дамытып, көптеген жетістіктерге жетеміз деген үмітте.
Қазіргі таңдағы ең дамыған және басқаларға үлгі болатындай жағдайы бар
Еуропалық Одақ туралы айтар болсақ, ең бірінші артықшылығы, жетістігі, ол
соғыстан кейінгі күйреген Еуропа экономикасын қалпына келтіріп қана қоймай,
әлемдегі ең дамығандарын шығарды. Бұл ұйымның тарихы 1950 жылы Р.Шуманның
Франция мен Германияның бүкіл көмір мен болат өндірісін, Еуропа халықаралық
қатынастарында негізгі қарсыластар арасында өзара сенім деңгейін жоғарылату
үшін орталықтанған басшылыққа беруді ұсынды. Бұл Германия тарапынан қолдау
тапты. Сөйтіп, 1951 жылы Еуропалық көмір бірлестігін құру туралы Париж
келісімне Еуропаның 6 елі қол қойды -Бельгия, Нидерланды, Люксембург,
Италия, Франция, Германия. Одан ары бұл бастама 1957 жылы Еуропалық
Экономикалық Қауымдастықтың құрылуымен жалғасты. 1973 жылы бұл алтылыққа
Ұлыбритания, Ирландия, Дания, ал 1981 жылы Греция қосылып, құрамы кеңейе
түсті. 1986 жылы Испания, Португалия, 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция
кірді [9, 18-24 бб.]. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер осы ұйымға
тартылуда. Ол заңды құбылыс. Өйткені бұл ұйымның тиімділігн, жемісін
барлықтары мойындайды. Осылайша бұл ұйым қазіргі таңдағы ең дамыған теңдесі
жоқ интеграциялық бірлестік.
Қазір бүкіл әлем интеграциялануға ұмтылуда. Техника, мәдениет, білім
барлығы дерлік бір-бірімен қабысуда. Адамзат басынан өткерген түрлі
қиыншылықтар, жойқын соғыстар, тәртіп, жүйеге қарамастан, бір-бірімен тығыз
қатынаспен бірігуге ұмтылуда. Мұның айқын айғағы ретінде Араб
мемлекеттерінің Лигасы, Еуропалық Одақ, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің
бірлестігі, Азия Тынық мұхит аймағындағы елдер бір-бірі арасындағы
қатынастарды тереңдетіп, тиімді түрде саяси және экономикалық мәселелерді
шешуге тырысуда.
Кеңестер Одағының ыдырауы жаңа интеграциялық үрдістің басталуына жол
ашты. Демек, біз бұл жерден жоғарыда айтып кеткен интеграция және
дезинтеграция мәселесін көреміз, яғни Кеңес Одағы ішіндегі дезинтеграция
немесе ыдырау процесі жаңа интеграцияға бастама болды. Міне, ТМД-дағы
аймақтық интеграцияның ерекшелігі де осында жатыр, яғни бұл үрдіс ыдыраған
Кеңес Одағының аяқталмаған дезинтеграциялық үрдісімен тығыз байланысты.
Интеграция дезинтеграциясыз бола алмайды, немесе дезинтеграция
интеграциясыз бола алмайды. Кез келген интеграцияда дезинтеграциялық үрдіс
мәселесі туады. Ең біріншіден, әлеуметтік және ұлттық топтардың, мемлекет
пен аймақтардың түрлі мүддесімен байланысты.
Тарихтан білетініміздей, әр кезеңде интеграция және ыдырау үрдістері
жүріп отырған. Бірақ әр уақытта интеграция үрдістері басымырақ болған.
Кейбір мемлекеттердің ұстанған оқшаулану саясаты, шаралары тиімсіз де
жеміссіз болған. Сондықтан да Қазақстан Республикасының интеграцияға
ұмтылуы тарихи заңды құбылыс. Бұл Қазақстан үшін тұрақтылықты қамтамасыз
ететін маңызды бағыт. Ең алдымен тұрақтылық болмаса, экономикалық
реформалардың жемісті түрде жүзеге асуы екіталай. Қазақстан ТМД құрылған
кезден бастап-ақ, Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты.
Қазақстан қол жеткізген уағдаластықтарды бұлжытпай іске асыруда жақтай
отырып, ТМД-ға қатысушы елдердің интеграциясын тереңдету бағытын дәйекті
түрде жүргізіп келеді. Достастыққа қатысты Қазақстан позициясының заңдылығы
мен өміршеңдігін тәжірибе барысы дәлелдеді.
1.2 Еуропалық итеграцияны зерттеудегі теориялық аспектілер
Әйгілі американ экономисті Ф. Махлуп ретроспектива терминін анықтап ол
1942 жылдан бұрын пайда болғанын айтады. Бұл термин халықаралық
экономикалық қатынастарда халықаралық саудада капитал қозғалысында және
қаржы саласында тез қолданыла бастады. Саяси интеграцияның тар мағынасы
саяси және ғылыми терминологияға 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында
енді.
Саяси интеграция түсінігі - бұл қоғамдық мемлекеттік құрылымдардың
мемлекет шеңберінде бірігуі. Мемлекетаралық саяси интеграция биліктің жаңа
институтарының қалыптасу жолымен жүреді. Әртүрлі зерттеушілердің саяси
интеграция теориялары интеграциялық процесс формалары мен мазмұнына қарай
өзара ерекшеленеді. Еуропа тарихында алуан түрлі жобалар болды, олардың
негізінде еуропалық мемлекеттердің саяси бірігу идеясы жүзеге асты.
Әр ғасырда, әр түрлі мақсат қоя отырып, қоғам алдында өздерінің
интеграциялық жобаларын ұсынған қайраткерлердің ішінде француз королі
Филипп Пьер Дюбуа ХІҮ ғасыр, Чех королі Иржи Подебрад ХY ғасыр публицист
Пьер Жозеф Прудон және жазушы Виктор Гюгоны айтуға болады. Алайда бұл
зерттеушілердің Еуропалық мемлекеттерді біріктіру процессі бойынша барлық
ұсыныстары тек теориялық формада қалып, Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін
тәжірибе ретінде саяси өмірге енбеді. Біріккен Еуропаның құрылуына негіз
болған ұлттық суверенитетке приоритетті бағыт негізіндегі ұлттық
мемлекеттердегі Еуропалықтардың көңілінен шықпауы болды. Ұлттық
мемлекеттерді жақтырмаушылық бірінші дүние жүзілік соғыста үлкен
құрбандарға алып келуімен пайда болды [10. 52-57 бб.]. Дәл осы себептер
интеграцияның ғылыми мектептерінің қалыптасуы мен Еуропалық мемлекеттердің
бірігу жобаларының пайда болуына алып келді. Бұл жаңа әлемдік тәртіп орнату
қажеттілігінің дәлелі болды.
Егер біз теориялық интеграцияның пайда болуы мен дамуында маңызды рол
ойнаған теориялық бағыттарда хронологиялық тәртіппен тізетін болсақ, онда
олардың арасында бірінші орынды Батыс Еуропалық Федеративтік Одақты құру
жақтаушыларын біріктіретін федерализм алады. Бұл концепцияның өкілдері
Еуропаны біріктіруді жүзеге асыру идеяларында федералды принципті
пайдаланды. Ол жалпы аймақтық үкіметтер жеке салада тәуелсіз болуын, яғни
осылайша билікті бөлу әдісі ретінде анықталды. Жаңа біріккен Еуропаның
мемлекетаралық органдарының өкілеттіктері жеке мемлекеттердің
өкілеттіктерімен салыстырғанда кең болмауы керек. Бұның нәтижесінде Э.
Уистрич федерализмнің мәні билік қажет жерде оның орталықсыздандырылуын
талап етеді деп есептеді.
Өз кезегінде атақты батыс еуропалық қайраткер, Еуро Одақ шеңберіндегі
Ж. Моннэ Еуропаның саяси одағы және экономикалық интеграцияның жүзеге асуы
қадам-қадаммен құралу керек. Сонымен қоса ол тек мемлекеттер арасындағы
қатынасттармен шектеліп қалмауы керек.
Мемлекет - ұлтты құратын сипатқа қарсы шыққан бағыттың бірі, сондай-ақ
федералистік қадамнан айтарлықтай айрықша бағыттың бірін көрсеткен Д.
Митрани өз жұмысының классикалық түрінде көрсеткен функциянализм теориясы
болды, ол мемлекет аралық шиеленстерді шешу жолын табуға тырысты, бұл үшін
федералистердің жасағанындай халықаралық қауымдастықтың жаңа идеалдық
формасын іздеудің қажеті жоқ, орындалуы қажет фунцияларды табу қажет.
Функцианализм жақтастары өз интеграциялық процестерді талқылағанда
адам мүддесі мен қажеттілігін құндылығында ескермей қалдырған. Д. Митрани
интернационалды ұйым ұлттық мемлекетке қарағанда адам қажеттілігін толық
қанағаттандырады.
Американ саясаттанушысы Карл Дойч ғылымда коммуникациялық қадам немесе
қауіпсіздік қауымдастығы теориясы жасалынды. Бұл теория қазіргі заман
халықаралық қатынастардың дамуының заңдылықтарын анықтап ашты. К. Дойч
мемлекет ішіндегі өзара қатынастар мен мемлекет қауіпсіздік қауымдастығы
құрған кезде халықаралық салада ынтымақтастық паралелін жүргізді [11].
К.Дойч бұнымен байланысты мемлекеттердің интеграциялық мүдделерінің
жүзеге асырылуын, олардың іс-қимылдарының жүзеге асырылу жылдамдығының
анықталуын көрсету мақсатымен сынаудың нақты жүйесін енгізу ұсыныстарымен
шықты.
Процесс ретінде интеграцияның бір қатар сипатты және сапалы ерекшеліктері
байқалады:
уақыт факторына үлкен көңіл бөлінеді, инетеграциялық процесс оның
қатысушылары өздеріне тиімді жетістікке жеткен жағдайда есептелуі мүмкін;
интеграциялық процесс жиі түрде күш орталығының айналасында пайда болып
дамиды;
интеграциялық процес қатысушылары арасындағы соғыстардың психологиялық
қабылдамауының тереңдеуімен сипатталынады;
интеграция даму процесінде саяси партиялар, діни экономикалық топ
мүдделерінің арасындағы ұлтішілік сәйкессіздік өзінің ұлтішілік сипатын
жоғалтып барынша тарансұлттық бола бастайды;
өткен уақыттағы интеграциялық бірігудің сәттілігі көбінесе негізгі саяси
партиялар немесе фракциялардың бірнеше жаңа идеялары және жалпы аймақтық
сипаттағы жоспарлары мен анықталады.
Оңды нәтижелерге қарамастан интеграциядағы коммуникациялық бағыт
кейбір кемшіліктерге ие болды. Ол Хофман, Фридрих, Райкер, Фишер секілді
зерттеушілер тарапынан сынау объектісі болды.
Неофукционалдық анализ саяси интеграцияны зеттеудегі басты бағыттарының
бірі болып табылады. Көпшіліктің тұжырымдауынша Еуропалық интеграцияның
қазіргі дамуы функционалдық емес стартегиясымен жасалынған
бағытпен сәйкес келеді, ал Еуропалық Одақ осы концепцияның негізгі
ұсыныстарын тексеру үшін нағыз лаборатория болып табылады.
Неофукционализмнің көрнекті өкілдерінің бірі және оның құрушысы Эрнст
Хаас өзінің концепциясын жасауға ұмтылды, ол ғаламдық емес айамақтық
деңгейде болуды көздеді.
Өзінің Еуропаның бірігуі: саяси, экономикалық және әлеуметтік күштер
атты кітабында Хаас саяси интеграцияны оның барысында саяси өмірдің
қатысушылары өзінің мақсаттары мен саяси қызметін жаңа орталыққа қарай
бағытталғанда пайда болатын процесс деп анықтама береді. Бұл жаңа орталық
институттары юрисдикцияға ие болып табылады.
Осылайша саяси интеграция саяси қауымдастықтың ұлттық мемлекет
өлшемімен қалыптасатын процесс ретінде қарастырады. Хаас мынадай
қорытындыға келеді, яғни интеграциялық процесстердің дамуы еуропалық идея
бағытымен емес, бірлестіктегі әлеуметтік саяси топтардың прагматикалық
мінез құлқынан, тәжірибелік мүдделіліктен туындайды [12].
Мұндай нәтиже іс жүзінде ғылыми неофункционалистік пікірді интеграция
процесінде экономика ролінің маңыздылығының мойындалуына итермеледі.
Қатысушылар мүдделерінің прагматизация туралы тезисінің кеңейуі саясаттың
үлкен және кіші болып бөлінуіне алып келеді. Алғашқысы ұлттық амбицияға
беделділік пайдасына негізделеді екіншісі экономикалық өсуді көтеру
қажеттілігімен байланысты. Бұл жерде тағы да дуализм пайда болады.
Интеграция логикасына кеңейу және жаңа салаларға таралумен қамту тән.
Экономикалық интеграцияның дамуында Хаас және оның жақтаушылары алмасу
түсінігін енгізді. Бұл іс-әрекет алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа
қамалдардың қабылдануымен ғана қамтамасыз етіледі.
Алмасу концепциясы фукционалистермен интеграцияның экономикалық
шынжырының теориялық үлгісін түсіндіру мақсатында пайдаланылды: еркін сауда
зонасының алдымен кеден одағына, кейін жалпы нарыққа, сосын барып
экономикалық және валюталық одаққа өтуі. Сонымен қатар бұл теорияның
жақтаушылары экономикалық интеграцияның дамуы институционалды өзгерістерге
алып келеді және саяси интеграцияны жаңа деңгейге көтереді деп
тұжырымдайды.
Сонымен алмасу логикасының мәні экономикалық және саяси интеграцияның
шектеулі бірлігін дәлелдеу және экономикалық одақ саяси одаққа ауысатынын
көрсету болып табылады.
1.3 Еуропалық Одақтың құрылуы және интеграциялық мәселелер
Қазіргі таңда көптеген халықаралық ұйымдардың ішінде экономикалық және
саяси тұрғыдан интеграцияланған жалғыз Еуропалық Одақты айтуға болады.
Еуропалық Одақтың туылған күні ретінде , яғни бүгіндегі қызмет етуі 1950
жылы 5 мамырда бастау алған.Осы күні Францияның сыртқы істер министрі Робер
Шумен, өзінің мемлекетінің атынан ,болат пен көмірді қолдану туралы және
еуропалық ұйым құруды ұсынды.Нәтижесінде бірінші бірлестік -
1951 жылы 18 сәуірде Еуропа көмір және болат бірлестігі (Париждік келісім)
туралы келісімге қол қойды және оны алты мемлекеттің парламенті қолдады:
ГФР, Бельгия, Франция, Италия, Люксембург, Нидерланды. Бұл келісім-шарт
Еуропадағы өндірілетін көмір, ауыр және жеңіл, темір өнімдерін, машина
өнеркәсібін дамытып біріктіру мақсатында жасалынды [13].
1957 жылы осы келісім-шартқа қол қойған елдер Римде бірігіп Еуропалық
Экономикалық Қауымдастық және атом энергетикасы жөніндегі Екропалық
Қауымдастықты құруға қол қойды.Бұл екі қауымдастықты қысқаша біріншісін
ортақ рынок, екіншісін Еуроатом деп атады. Римде келісілгендіктен Рим
келісімі деп аталды.1959 жылы Еуропалық Экономикалық Қауымдастық Еуропалық
Парламентті консультативті өкілдік ретінде,киінірек заң шығарушы орган
болып құрылды.
1960 жылдың аяғында жоғарыда аталған үш келісім шарттың негізінде
Еуропалық Қауымдастық құрылды. Еуропалық қауымдастықты құрудағы басты
мақсат осы елдердегі кедендік тосқауылдарды біртіндеп жою және жалпы сауда
саясатын жүргізу. Сонымен қатар капиталдың еркін қозғалысы, осы келісім
шарт негізінде еңбек күші, ауылшаруашылық өнімдері еркін айналысқа
өтті.1969 жылы желтоқсан айында Гаагада қауымдастықтың кеңеюі және
интеграцияны одан әрі күшейту жөнінде шешім қабылданды. 1973 жылы 1-
қаңтарда Еуропалық Экономикалық Қауымдастыққа Дания, Ирландия, Ұлыбритания,
ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Испания мен Партугалия, 1995 жылы Австрия,
Финляндия және Швеция қосылды [14].
XX ғасырдың аяғы XXI ғасырдың басында екі блоктың қарсыластық бағыты
бірте-бірте Еуропада интеграциялык үрдіспен үйлесті. Құрлықтағы геосаяси
өзгеріс реформатор елдерден осы елдердің ішкі саяси даму бағдарламасын
қолға алумен қатар сыртқы саясатта басты бағыттарды қайта қарастыруға бел
байлауға итермеледі. Орталық және Шығыс Еуропаның (ОШЕ) постсоциалистік
елдері НАТО мен ЕО-ға мүше болуға бәрі бірдей, бір уақытта қолдау көрсетті.
ОШЕ мемлекеттерінің құрылысын өзгертуде өз қызығушылығын көрсеткен НАТО-ға
қарағанда Еуропалық Одақ жаңа реформатор мемлекеттермен қарым-қатынасты
дамыту бағытын анықтай алмады, яғни ол тек экономикалық ынтымақтастық па,
әлде ЕО-ға мүше болу мүмкіндігі ме? ЕО-ның ОШЕ елдеріне қатысты саясатының
қалыптасуы мен дамуында бірнеше этапты бөліп көрсетуге болады.
1980 жж. аяғына дейін ЕО жағынан не Шығыс саясаты, не 12 елді қамтыған
кауымдастықтың жалпы еуропалық рөлі анықталмады. Бұл уақытта ЕО-да батыс
еуропалық интеграциясын тереңдеу үрдісіне басым көңіл бөлінді. 1990 жылы
Германияның бірігуі жөне ЕО-ға, сонымен қатар НАТО-ға Германияның автоматты
түрде енуі қауіпсіздіктің батыс еуропалық жүйесін күшейтуге жағдай туғызды.
1992-1993 жж. Мастрихт келісімінің қол қойылу және ратификациялау қиын
үрдісі жүріп жатты, бұл Еуропалық қауымдастықтың дамуында жаңа этап болып,
осы уақыттан Еуропалық Одақ болып атала бастады. Шығыс Еуропа елдерінің ЕО-
ның бұл үрдісіне қосылуы, ұйымның сәтті тереңдеу үрдісіне кедергі жасауы
мүмкін еді. Еуропалық Одақ реформатор елдерге бағытталған Батыс көмегіне
және көмек керсету бағдарламаларын жасауға баса көңіл бөлді, олар негізінен
гуманитарлық көмек, сауда және кеден шегерімдері, макроэкономикалық
тұрактылық сияқты компоненттерді қамтыды. 1988 жылдан 1993 жылға дейін
реформатор елдермен қол қойылған сауда және ынтымақтастық келісімдері
негізінен экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған болды. Бұлар бірінші
жеткіншектер келісімдері деп аталды. Басты мақсаты ортақ мүдде салаларында
белгілі тұтас даму және сауда-саяси экономикалық ынтымақтастықты дамыту
болды. Мағынасына, сипатына қарай жалпы бұл келісімдер шектеулі сипатта
болғанын айта кету керек. Біріншіден, олар белгіленген уақытқа дейін
келісілді, ал ұзарту туралы келісімге қайта оралудың қажеттілігі, әсіресе
шетел инвесторлары үшін қарым-қатынастың тұрақсыздығын білдірді. Екіншіден,
Ломе мемлекеттерімен салыстырғанда ОШЕ мемлекеттері ЕО-ның үшінші елдермен
қарым-қатынасының жалпы иерархиясында әлдеқайда төменгі шепке қойылды.
Сауда және ынтымақтастық келісімі Орталық және Шығыс Еуропадағы
өзгерістерге реакция ретінде болды. Еуропалық Одақ Еуропадағы күтпеген
геосаяси өзгерістерге дайын емес еді және реформатор елдерге қолдау
көрсететін бағытты стратегиясы немесе жаңа құралдары болмады [15, 74 б.].
Сол уақытта Өзара Экономикалық Көмек (ӨЭК) және Варшавалық Келісім
Ұйымының (ВКҰ) құлауынан соң саяси және экономикалық жағынан Батысқа
бағытталған реформатор елдер ЕО-ға интеграциялык құлшынысын айқын білдірді.
ЕО-ның Шығысқа кеңею мүмкіндігі батыс ғылыми әдебиеттерінде 1990 жылдардан
бастап талқылана бастады. Басты көңіл, біріншіден, жалпы еуропалық көлемде
тиімді болатын ынтымақтастыққа бөлінді. ЕО және Еуропалық еркін сауда
ассоциациясы (ЕЕСА) бұрынғы ӨЭК елдерінің де қосылу шартында Еуропада
ынтымақтасатын аймақтарды тартатын орталық ретінде қарастырылды. 1993 жылы
ақпан-сәуірде ЕО-мен басталынған ЕЕСА елдерінің қосылуы туралы келісімдер
Жалпы еуропалық біріккен экономикалық кеңістікті құрудың мүмкіндігін
жоғалтты.
Алғашқыдағы Еуропалық Одақпен жүргізілген ОШЕ елдерінің ЕО-ға
қосылуының шешімін ұзаққа шегіндіру тактикасы жақын болашақта кеңеюмен
байланысты көбейетін шығыннан қашу мен ЕО-ның мүше мемлекеттері арасында
табыс пен шығынды бөлу саясатында статус-квоны сақтап қалумен негізделді.
Еуропалық Одақ мүше мемлекеттер позициясынан қарасақ, ОШЕ елдеріндегі
трансформациялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz