Оқу-үйретімнің ойын технологиясы және оны шәкірттердің жалпы дамуына пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Оқу-үйретімнің ойын технологиясы және оны шәкірттердің жалпы дамуына пайдалану

Мазмұны

Кіріспе

I. Бастауыш мектепте оқыту барысында ойын технологиясын қолданудың теориялық негіздері

  1. Бастауыш мектепте оқыту барысында дидактикалық ойын технологиясын қолданудың психологиялық негіздері
  2. Бастауыш мектепте оқыту барысында дидактикалық ойын технологиясын қолданудың педагогикалық негіздері

II. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік негіздері

2. 1 Қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың түрлері, оларды іріктеу белгілері

2. 2. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
қолдану әдістері, құралдары, жетілдіру жолдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Диплом жұмысының көкейкестілігі Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін парасатты, білімі мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібі шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру саласындағы тұжырымдамасы, Қазақстан мектептерінде қазақ тілінен білім берудің мемлекеттік стандартында жеке тұлғаның шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары білімді мамандар даярлауды көздейді(1) . Осы орайда орта мектепте қазақ тілін оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды қазақ тілі ғылымының негізгі білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын ескерсек, бастауыш мектептегі оқушылардың барлығы негізгі және орта мектепте оқытудың тірегі болатындығы белгілі.

Осы мақсатта жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру - бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі.

В. А. Сухомлинскийдің: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты», - дейді. Ал, М. Жұмабаев: «Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығарады. Ойын - балаға бір жұмыс»(16), - десе, С. М. Торайғыровтың: «Балалықтың қамына ойын азық», - деуінің өзі көп жайды түсіндіреді. Мектепке дейінгі бала әрекетінің негізгі түрі ойын болып табылатынын, ал бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай ойын мен ойын жаттығулары да түрлі сипатта болуы қажет екенін ескерсек, оқушы білімін тереңдету, пәнге деген олардың қызығушылығын арттырады. Әсіресе, дидактикалық ойындар оқушылардың лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге тықпалын тигізеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды тілдік материалдарға қызықтыру мен қатар, тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшінде тиімді. Мұның өзі дидактикалық ойындар барысында оқушылар өздерінің еркін сезінеді, басқа жолдастарымен тілдік қарым-қатынасқа оңай түседі. Бұл шәкіттредің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруіне, сабақтың тартымды өтуіне, жаңа материалды терең игеруіне ықпал етеді. Сондықтан, оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдану - қазақ тілін сапалы оқытудың, меңгертудің ұтымды жолдарының бірі.

К. Ушинский дидактикалық ойындардың маңыздылығын айта келсе, ол балалардың жадының дамуы мен оқуға деген қызығушылығының артуында маңызды орын алып, жеке тұлғаның бір ғана қыры емес, оның тұтастай адам болып қалыптасуына ықпал ететінін атап өтеді(21) .

Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі қазақ тілі пәнін оқыту үрдісі.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолднаудың тиімді әдістемесін ұсыну, дидактикалық ойындардың түрлерін, өзіндік белгілерін айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • қазақ тілін оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды қолданудыңғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;
  • қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқытудың ұтымды жолдарын айқындау;
  • дидактикалық ойындардың түрлерін белгілеу және олардың бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда үтымдылығын көрсету;
  • қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуте қолданылатын негізгі әдістерді анықтау;
  • дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық, іздемпаздық қабілеттерін арттыру;

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Қазақ мектебінің бастауыш сыныбында дидактикалық ойындар арқылы оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілі білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін тоериялық тұрғыдан толықтырады, қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқытуға арналған басты талаптар мен ұсталымдар қазақ тілін оқыту технологияларын дамытады.

Зертеу жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материялдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Зерттеу жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тіліне оқыту әдістемесін зертеушілерге көмекші құрал бола алады. Іріктеліп алынған ойын түрлері мен оны сабақта қолданудың тиімді жолдарын мектеп мұғалімдері сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да пайдалануына болады.

Зерттеу жұммысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1 Бастауыш мектепте оқыту барысында дидактикалық ойын технологиясын қолданудың психологиялық негіздері

Бастауыш сыныпта қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуге психология ғылымының жетістіктеріне суйенбесе болмайды. Психология ғылымы оқушылардың психиқалық қабілеттерін, ой санысының даму заңдылықтарын, іс-әрекеттерінің объективті заңдарын және қабылдау түсіну, ойлау, байымдау, қиялдау психиқалық құбылыстарының даму жолдарын зерттейді. Сондықтан дидактикалық ойындар арқылы қазақ тілін игертудің психологиялық негізіне мұғалімнің сабаққа психологиялық дайындығының болуы. Яғни ұстаздың сабақты оқушылардың жас ерекшеліктері мен материалдарды меңгертудің қабілеттерін ескере отырып, қызықты әрі тиімді өтуі және оқушыларды білімді игеру қабілеттерінің қалыптасу деңгейлері жатады.

Психология ғылымында ойынды оқу және еңбек секілді адам іс-әрекетттерінің бір түрі ретінде таниды. Психолог ғалымдар іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктерін, оның құрамдас бөліктерін, анықтамасын айқындауда түрлі көзқарас білдіреді.

Психолог ғалым Т. Тәжібаев: «Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс-әрекетінің басты басты белгірін атап өткен жөн. Осындай айрықша сипаттардың бірі - адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек объектісіне, оның процесіне назар соғуы, зейін қоюы, әр уақыт адам санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бағыт алып» отыруын іс-әрекет таниды. Ғалым іс-әрекеттің анықтамасын жан-жақты ашып көрсеткен.

В. В. Давыдов адамның қоршаған ортаны өзгертуге арналған практикалық қимылын іс-әрекет дамиды: «Деятельность - практическое преобразование общество человеком объективного мира». Ғалым іс-әрекеті іштей мынадай бөліктерге жіктейді: образ - зат (предметность) - мағына (смысл) - іс-әрекет (действия) жіктейді.

Бірқатар психолог ғалымдар іс-әрекеттің мынадай құрамдас бөліктерін атап көрсетеді:

  1. Мақсат - құрал - нәтиже (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн)
  2. Іс-әрекет - қимыл - нәтиже (А. Н. Леонтьев)
  3. Түрткі - норма - білім - дағды - құрал (М. С. Кветной)
  4. Мақсат - себеп - дағды - нәтиже - іс-әрекет пен нәтиже арасындағы байланыс (А. А. Любинская) .

Біздің ойымызша қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар алдарын ойын мақсатына сәйкес тапсырманы орындауды мақсат етіп қояды, осы мақсатқа жету үшін қазақ тілінен игерген білімдері мен дағдыларын қолданады, нәтижесінде тапсырманы орындайды.

Демек, оқушылардың сабақтағы іс-әрекеті мақсат - құрал - нәтиже тұрғысынан жүзеге асады.

Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындар барысында оқушылардың іс-әрекеті деп - балалардың бүтіндей ақыл ой, теориялық білімдері мен практикалық дағдылары арқылы алдына қойылған проблеманы шешу барысында қолданылатын әрекеттер тобын айтамыз. Оқыту барысында дұрыс ұйымдастырылған дидактикалық ойындар ғана оқушылардың мақсатқа жету керек деген мативтерін қанағаттандырып, осы арқылы оның басқа психиқалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Себебі, оқушылардың мақсатқа жету тілегін ішкі және сыртқы түйсіктер туғызады. Ал орындалатын іс-әрекеттер қимыл түйсіктері арқылы реттеліп отырылады. Түйсіктер арқылы оқушылар сыртқы дүниемен әсерленеді, осы әсердің негізінде оған жауап береді. Түйсіктер оқушылардың көру, қабылдау, есту, эмоциялық жәй күйімен тығыз байланысты. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған идактикалық ойындар оқушылардың бірнеше түйсігіне бір уақытта әсер етіп, тілдік материалдарды саналы қабылдауына түсінуіне, игеруіне ықпал етеді. Осы арқылы дидактикалық ойындар шәкірттердің «жақындамау аймағымен» байланысқа түседі. Бұл жөнінде психолог-ғалым Л. С. Выготский былай пайымдайды: «В игре ребенок всегда своего среднего возраста, выше своего обычного поведения, в игре он как бы на голову выше самого себя. Игра в конденсированном виде содержит в себе, как в фоқусе увеличительного стекла, все тенденции развития, ребенок в игре как пытается сделать прыжок над уровнем своего обычного поведение . . игра - источник развития и создает зону ближайшего развития . . . ».

Демек, дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың психиқалық қабілеттерін дамытуға болады. Бұл үшін дидактикалық ойындарды қолдану барысында оқушылардың көру түйсіктеріне көрнекі құралдарды пайдалану, есту түйсіктерін дамыту үшін мұғалім жағымды дауыспен, бір сарынды сөйлеуі керек. Сабақтың қызықты өтуі оқушылардың эмоционалдық күйін бей-жай қалдырмайды, эмоциясы шарықтау шегіне жеткен оқушылар сабаққа белсене қатысып, өтілген материалдары талдауға жарыса қатысады.

Оқушылардың қазақ тілінен тілдік материалдарды меңгеруі алдымен олардың өтілген материалдардың қабылдаудан басталады. Қабылдау - бірнеше түйсіктер арқылы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі. Қабылдау ойлаудың пайымдау және ой қорыту актілерімен тікелей байланысты. Оқушы алдымен талдау және жинақтау ойлау операциялары арқылы игерген білімін пайымдайды, ал топтастыру, қорыту, жалпылау ой операциялары көмегімен игерген білімнің негізгі ерекшеліктері мен өзіндік белгілері туралы ой қорытады. Осы арқылы оқушыларда өтілген тілдік материалдар туралы ұғым қалыптасады.

Ой - сөйлеу арқылы жарыққа шығады. Тіл арқылы адам баласы өз ой-пікірін басқа біреуге жеткізеді. М. Жұмабаев ойдың жарыққа шығатын екі жолы бар екенін атап көрсете келе, тіл арқылы адам өз ойын толық жеткізеді дейді: «Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа шығару үшін адамның екі құралы бар - біреуі ым - мимика, біреуі сөз . Мимика дегеніміз - жанның, сырының дене арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау сықылды) . Ым сынын әркім ұғады. Бірақ ыммен бар нәрсені ұқтырып болмайды. Ым - ішкі сезім «тілі». Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз, хам басқа адамдардың ойларын біле аламыз»(16) . Ғалымның пікірі бойынша ой мен тіл өзара бірлікте қолданылады. Сондықтан оқушыларға тілдің заңдылықтарын ұғындыру арқылы олардың ойлау қабілеттерінде дамытуға болады.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін дидактикалық ойындарды проблемалық сипатта беру қажет. Адамның миы бір проблеманы шешу барысында белсенді жұмыс істейді. Бұл ойлау қабілеттердің жетілуіне ықпал етеді. Бастауыш сыныптардың ойлау қабілеттерін жетілдіруде әсіресе интеллектулдық ойындар мен ізденімдік ойындардың маңызы ерекше. Бұл ойындарды ойнау барысында оқушылардың алдына тапсырмалар жасырылып беріледі, тапсырманы оқушының өзі табуы керек.

Тілдік материалдар проблемалық сипатта тұрады. Психолог М. Ф. Фрадкинаның пікірі бойынша спорттық қызығушылықтың арқасында оқушылардың ойлау қабілеттері артады: «Побуждает школьников к этим играм стремление проявить догадку, ловкость умственной деятельности. Мотив этих игр с процесса деятельности перемещается на ее результат -выйгрыш в соревновании, завоевание первенства своей команды или личного первенства в умственном состязании. В интеллектуальных играх с правилами детей привлекает не только возможность выигрыша, но и сам процесс отгадывания, проявление сообразительности»(5) . Бұған оқыту процесінде қолданылған ойындардың барлығы оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіреді деген ой тумауы қажет. Ол үшін мұғалім ойындарды оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатындай етіп түзуі, сондай-ақ сабақта дидактикалық ойындарды орнымен пайдалануы тиіс. Мұнда мынадай мәселелерді:

  1. Дидактикалық ойындардың оқушыларды ;
  2. Ойындардың проблемалық сипатта түзіліп, оқушыларбелгісізді өздері табуын;
  3. Оқу процесінде ойындарға неғұрлым көп оқушы қатысуын;
  4. Дидактикалық ойындардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылуын қадағалау керек.

Мысалы, лексика тақырыбы бойынша оқушылардың ойлау қабілеттерін «Дұрыс жолмен жүр» ойыны арқылы жетілдіруге болады.

Ойынның ережесі: Әрбір оқушының алдына кеспе қағаздарға белгілі бір ақынның қанатты сөзі жазылып, таратылып беріледі. Бірінші орындаған оқушы жанында отырған жолдасына түсіндіреді. Екеуі бірлесе отырып, тапсырманы шешеді. Екеуі тапсырманы орындап болғаннан кейін артындағы не алдындағы оқушыларға түсіндіреді.

Р: Р
,: ,
Л: Л
Г: Г
!: !
О: О
А: А
Н: Н
М: М
Д: Д
Р: А
,: о
Л: I
Г: Е
!: қ
О: Қ
А: Ш
Н: А
М: И
Д: о
Р: Л
,: Қ
Л: Ң
Г: ,
!: Ы
О: Ы
А: ,
Н: Ң
М: П
Д: А
Р: А
,: Ы
Л: Ө
Г: Ы
!: Л
О: С
А: Р
Н: Ш
М: Р
Д: Е
Р: Л
,: Қ
Л: К
Г: Қ
!: Ы
О: А
А: А
Н: Ы
М: Н
Д: А
Р: А
,: ,
Л: ,
Г: Ы
!: Қ
О: Ң
А: Л
Н: р
М: П
Д: О
Р: Б
,: О
Л: Ы
Г: л
!: О
О: Д
А: А
Н: А
М:
Д: Р
Р: ,
,: Қ
Л: Д
Г: А
!: Т
О: А
А: Л
Н: Қ
М: Р
Д: М
Р: Л
,: Ы
Л: Н
Г: С
!: Н
О: Р
А: А
Н: Ж
М: А
Д: И
Р: Е
,: Ғ
Л: А
Г: П
!: Е
О:
А: Б
Н: А
М: Л
Д: М
Р: К
,: А
Л: Н
Г: Ж
!: Ш
О: И
А: В
Н: Ғ
М: Ы
Д: Т

Жауабы:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңдар балалар,

Шамнан шырақ жағылар. (Ы. Алтынсарин)

Осыған ұқсас ойындарды ойнату барысында оқушыларға лексикадан өтілген материалға сай ықылас, шырақ, шам т. б. сөздерге синоним сөздерді тапқызылады. Ойындардың қызығына түскен оқушылар өтілген материалдарды игереді және олардың ойлау қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасалады. Ол үшін дидактикалық ойындарды ойнау барысында мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар дайындап қояды.

  • Қай жолмен бастаған дұрыс?
  • Қазақ тілінде екі дауыссыз не дауысты дыбыстар қатар келедіме?
  • Қай ақынның өлеңі?
  • Сен ақынның тағы қандай өлеңцерін білесің?
  • Досыңа қай жолмен бастаған тиімді деп ойлайсың?
  • Тапқан синоним сөздерді кіріктіріп сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастыр.

Бастауыш сынып оқушылары осы сұрақтарға жауап беру талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау ойлау операцияларын орындап, логикалық ойлауды меңгереді. Бұл оқушылардың таным белсенділігінің артуына ықпал етеді. Әдіскер-ғалым Ж. Дәулетбекова сынып оқушыларының таным белсенділігі мынадай жағдайда туындайтынын атап көрсетеді:

«Дидактикалық тұрғыда танымдық белсенділік сұрақ, тапсырма, көрнекілік, ой қорытындысын жасату т. б. арқылы туындайды. Мақсатты түрде жүзеге асырылған жағдайларда бұл элементтер оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятумен қатар, олардың еркін тәрбиелеуге, оқуға саналы қатынасын қалыптастыруға да түрткі жасайтын құралға айналады»(37) .

Демек, оқушылардың еркін, танымдық белсенділігін тәрбиелеуде дидактикалық ойындарды қызғылықты өту қажет. Осы арқылы мұғалім оқушылардың зейінін өзіне қаратып, олардың ынта-жігерін бір мәселеге жұмылдырады. Қазақ тілі сабақтарында өтілген тілдік материалдарды оқушылардың саналы меңгеруіне олардың зейіні ерекше рөл атқарады. Оқушылардың зейінін ескермей дидактикалық ойындар арқылы қазақ тілін меңгерту нәтижелі болмайды. Сондықтан мұғалім сабақта дидактикалық ойындарды орынды пайдаланып, олардың зейінін өзіне аудару қажет. 10-12 жасар оқушылар зейіні тұрақталып, назарын оқуға аударуымен ерекшеленеді. Бұл кезең - оқушыларға оқудың қаншалықты мәні бар екендігін ұғындырып, сабақта дидактикалық ойындар арқылы балалардың зейінін өзіне аударудың оңтайлы кезеңі. Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындарды мұғалім күн ілгері іріктеп, арасынан проблемалық сипатта түзілген қызғылықты ойындарды таңдап алуға тиіс. Ойындар қызғылықты болған жағдайда ғана балалар ойын процесінде бүкіл білімін, бар күш-жігерін бір арнаға тоғыстырады. Бұл үшін мұғалім оқушы зейінін өзіне аударуда мынадай талаптарды орындауға міндетті:

1. Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматымен
ұштастыру;

2. Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына
ынталандырып, ілтипат аудару;

3. Сабақтың алдын-ала даярлайтын сұраулар қою ынтасын,
ілтипатын сақтау;

4. Қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын
қоздыратын қызық нәрселерді сөйлеп, үйрету;

5. Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлүматтардан сақтану,
лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру түрлі әдіс, оңтайлы оқытуды
жандандыруға тырысу;

6. Алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болу. Оған сай
жобаларды дұрыс қолдану;

7. Өзгелерді ынталандыру үшін үйрететін нәрсесіне өзі де
ынталану, өзі де жақсы көру; оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да
сүйеді;

8. Оқушыларға берілетін дидактикалық ойындардың
қызғылықты болуы;

9. Дидактикалық ойындар түзгенде мұғалімдер оқушылардың
психиқалық ерекшеліктерін ескеруі қажет.

Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар оқушылардың пәнге қызығушылықтары мен эмоциялық күйіне әсер етуімен тікелей байланысты. Дидактикалық ойындар оқушылардың эмоциялық күйін көтереді, сабаққа белсенді араластырады. Себебі: «Игра всегда эмоционально захватывает ребенка, иначе она не будет игрой, но не всякую эмоционально захватывающую деятельность можно считать игрой. Эмоционально захватить может и учение и турд. Эмоциональность -обязательный, но не конституирующий признак игры. Особенность игры и отличие ее от других видов деятельности не в наличии эмоциональность порождается».

Дидактикалық ойындардың қарапайым жаттығу, тапсырмалардан негізгі айырмашылығы бұл ойындардың оқушылардың эмоциясына оң әсер етуінде. Күнделікті сабақта ұялып, өз ойын айтуға жасқанып жүрген оқушылар дидактикалық ойындарды ойнау барысында түрленіп, сабаққа белсене қатысады. Олар өздерінің ойларын, пікірлерін, көзқарастарын таласа отырып дәлелдейді. Мұнда оқушылардың басқа біреуден тобы не өзі қалып кетпеу спорттық түрткісі іске асырылады. Дидактикалық ойындарды мақсатты түрде қолдана отырып, оқушылардың оқуға, ізденуге деген түрткілерін тәрбиелеуге болады. Бұл оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуге, ішкі ынтасы мен талпынысын реттеуге мүмкіндік береді. Ес - адамның сыртқы шындық әлеммен әсерленуі негізінде қабылданған ақпараттар мен бейнелерді тұрақтандыратын психиқалық процестердің бірі. Оқушылардың ес қабілеті оларды сабаққа, оқуға деген қызығушылықтарымен, зейінімен, өтілген материалды қабылдау мүмкіндіктерімен, тілдің негізгі ұғымдарын бір-бірімен ассоциациялық байланыстыруымен тығыз байланысты. Ассоциациялар ес процесінің негізі болып табылады. Оқушылардың белгілі бір қозу аймақтарына, түйсіктері арқылы ойлау процестеріне мақсатты түрде бірнеше рет қайта- қайта әсер ету арқылы олардың есін қайта жаңғырту процесін шартты рефлекске айналдыруға болады. Ғылымда ассоциация құбылыстарын шартты рефлекс құбылысымен дәлелдеген - И. П. Павлов. Ғалымның пікірі неше ассоциация ми қабығында екі езу қозу процесінің қабаттасып келуі арқылы пайда болып, бірнеше рет қайталаудың әсерінен тұрақтанады. Сонымен қатар ассоциация құбылысына мынадай түсініктеме береді. «Уақытша нервтік байланыс жануарлар дүниесінде де біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс. Сонымен қатар ол әрекеттерден, әсерлерден құралған психиқалық құбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Кемел адам - тұлға қалыптасуы
Игеріліп жатқан материалдың шәкірттер тарпынан қабылдануы
Педагогика бойынша студенттердің өзіндік жұмыс дәптері (Оқу-әдістемелік құрал)
БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТҰЛҒАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері туралы
Тұлғалық тәрбиеге жанаспаған білім қаншалықты қажет
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу
Оқыту әдістері және тәрбие парадигмасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz