Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті



Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.3

II.Негізгі бөлім
2.1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті ... ..4.12
2.2 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі ... ... ... ...13.23
2.3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және оның негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.31

III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32.33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... .34

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .2-3
II.Негізгі бөлім
2.1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті ... ..4-12
2.2 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі ... ... ... ...13-23
2.3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және оның негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-
31
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
-33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... .34

Кіріспе
Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі күшті әлеуметтік саясат
жүргізу.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі
бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын
мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы
белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық
насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға
негізделген қызметі болып табылады.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында мемлекеттер қатарында әлеуметтік
шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс
мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға араласу
қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғам өмірінің әлеуметтік –
экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының
негізгі бағыты болып есептеледі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – әлеуметтік топттар арасындағы қарым
қатынастарды қолдап, қоғам мүшелерінің әл – ауқатын және өмірлік деңгейін
жоғарылату үшін жағдайлар жасау, сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысу
үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру
болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен
қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің
жергілікті мүшелерінің әлеуметтік – экономикалық тәсілдер кешені.
Әлеуметтік саясат – қоғамдағы әлеуметтік дамуды басқаратын, оның
мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін
сонымен қатар, әлеуметтік дифференсация үрдістерін реттеуге бағытталған
саясат болып табылады.
Әлеуметтік саясатты іске асыру кезіндегі ең күрделісі – шешімді талап
ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақтарды шешу болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік
бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Әлеуметтік мемлекет
халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін
азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек яғни халықты
аурудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға
негізделген.
Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол
жергілікті басқару органдары мен өндірістік коллективтер көпшіліктің
жағдайын жақсартуға байланысты және әлеуметтік саяси тұрақтылықты сақтауға
байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты
әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады.

2.2 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті

Әлеуметтік саясат – бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын толығымен,
сондай-ақ оны құраушы класстарды, деңгейлерді (қабаттардың), әлеуметтік,
әлеуметтік–демографиялық, әлеуметтік професионалды топтарды, әлеуметтік
бірлестіктерді (жанұялар, халықтар, қала, аудан, аймақ тұрғындары) өзгерту
және сақтау мақсатындағы әлеуметтік топтардың өзара арақатынасы.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі
бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік жағдай – бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің
тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі.
Әлеуметтік жағдай тіршіліктің қоғамдық жағдайларын және қоғам
бөліктерінің құрылымдық дамуын қалыптастыратын жүйенің өте маңызды
факторларының әсері ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын қоғамдық жағдайлардың ішіндегі ең
маңыздылары мыналар:
• Қоғамдық құрылыс. Мұнда қоғамдық рольдердің негізгі үлестірімі
бірінші кезекте қанаушылар мен қаналушыларға бөлу, үстемдік ету
мен бағыну бекітілген.
• Қоғамдағы билік. Әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрушы әдіс
ретінде. Тікелей диктатурадан әлеуметтік серіктестікке дейін
өзгеретін биліктегі үстемдік етуші топтың басымдылық немесе
үстемдік үлгісі өте маңызды.
• Шаруашылықтағы билік. (меншік) Меншік – бұл әкімшіл-шаруашылық
қатынастар, яғни шаруашылықта маңызды шешімді қабылдаушылар мен
оларды орындаушыларға бөлу. Мүлікті бөлу билеуші мен
бағынушылардың арасында көрініс табады. Меншіктің негізгі
анықтаушылары болып мүлік емес, әкімшіл- шаруашылық қатынастар
табылады.
• Экономикалық жағдай – тіршілік пен дамуды қамтамасыз ететін,
әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің әлеуметтік жағдайларының
қалыпты эволюциясын суреттеуге қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Мұнда тек қана кірістер емес, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау,
коммуналды – тұрмыстық қызметтермен, үймен қамтамасыз ету,
жабдықтау жағдайлары кіреді.
• Экологиялық қауіпсіздік – өндірістік сферадағы, тұрғылықты
жерлердегі, табиғи ортадағы экологиялық қауіпсіздік деңгейлері.
• Әлеуметтік қауіп - қатерден қорғану (әлеуметтік қорғаныс) –
қоғамдағы жағдайды сақтау мен жақсарту талаптарын қозғау кезіндегі
субьектілерге сүйемел болатын әлеуметтік тәртіп.
Әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашу үшін кейбір маңызды аспектілердегі
өзара әрекеттерін суреттеу қажет. Ол аспектілер мыналар:
➢ Әлеуметтік саясатқа нақты қатысатындар, яғни оның шеңберінде
нақты әрекет етушілер мен әлеуметтік пассив субьектілерді
анықтау.
➢ Ең беделді адамдар (класстардың, әлеуметтік топтардың).
➢ Субьектілердің әлеуметтік жағдайларын шешу жолдары.
➢ Субьектілердің қазіргі таңдағы ең маңызды әлеуметтік
проблемалары (мәселері).
➢ Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің орны.
➢ Әлеуметтік саясаттың беделді субьектілердің мақсаттары,
стратегиялары және бағдарламалық приоритеттері.
➢ Әлеуметтік күштердің нақты тарихи арақатынасы.
➢ Әлеуметтік дамудың қалыптасқан тұрақты тенденциясы және
бағыттары.
➢ Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың деңгейі, оның тұрақтылығы
мен тұрақсыздығының маңызды факторлары (бұл әлеуметтік
қауіпсіздік, тұрақтылық мәселелері)
Әлеуметтік саясаттың пәні дегеніміз ғылымның құрамдас бөлігі,
заңдылықтар, қоғамның мазмұнды қарым – қатынасы, сонымен қатар қоғамдық
тәжірбиенің процестері мен факторлары. Мұнда әлеуметтік топтар жағдайына
байланысты қатынасқа түседі. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын
саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік
коллективтер көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік – саяси
тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті
жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге
бағытталады.
Субьективті – обьективті жағынан қарасақ әлеуметтік саясат термині көп
вариантты. Көп авторлардың көзқарасы бойынша бұл мемлекеттің әлеуметтік
сферадағы қызметі. Басқалар болса бұл түсінікке басқаша қарайды - өзі
әрекет етуші көпшіліктің барлық субьектілерінің қатынасы, шаруашылық,
басқарушылық құрылымдарының заңда негізделген мақсат пен міндетінің болуы.
Әлеуметтік саясаттың обьективті – субьективті қатынасында өзі қызмет
етуші көпшіліктің барлығы қатысады, бөлек азаматтар, белгілі – бір
деңгейдің әлеуметтік қауымдастығы.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері мемлекеттік билік органдары,
ұйымдары мен кәсіпорындары, сонымен қатар әлеуметтік сферада қызмет ететін
мемлекетік емес ұйымдар, азаматтардың қоғамдық құрылымы мен
инициативалары. Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналарды жатқызуға
болады: құқық беруші; атқарушы; сот жүйесі. Олар қоғамның қатысуымен
мемлекеттің әлеуметтік саясатының мақсатын, міндетін анықтайды және оны
жүзеге асыруға қатысады.
Кейбір зерттеушілердің ойынша обьект – бұл бағынушы, пассивті, екінші
деңгейлі басқарылушы құрылым. Оның өзінің белсенділігі мен инициативасы
болмайды. Бұл көп жағдайда олай емес, өйткені ол қоғамның өмірімен
байланысты.
Бұл контексте әлеуметтік саясаттың обьектілері қоғамның әлеуметтік және
әлеуметтік еңбек саласында кездеседі. Оның негізгі көрсеткіштеріне -
❖ көпшіліктің білім алуы
❖ денсаулығы
❖ жағдайы
❖ әлеуметтік топтардың қарым – қатынасының конструктивтілігі және
әлеуметтік тұрақтылық жатады.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері – бұл дербес әрекет ететін әлеуметтік
топтар, олардың органдары, ұйымдары, институттары, құрылымы. Бұл әлеуметтік
топтардан басқа әлеуметтік саясаттың субьектілеріне осы әлеуметтік топттың
мүдделеріне ұйымдық құрылымдар жатады. Яғни, субьектілер 2-ге бөлінеді.
Бастапқы субьектілер - әлеуметтік топтардың өздері. Ал қосымша бұл
олардың мүдделерін көрсететін ұйымдық құрылымдар.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері – бұл әлеуметтік топттар мен
азаматтар, олардың институттары, бұйымдар мен билік органдары. Ал олар
азаматтар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді
және қорғайды.
Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналар жатады:
✓ Мемлекеттік ұйымдар мен ведомствалар;
✓ Жергілікті басқару органдары;
✓ Бюджеттік емес қорлар;
✓ Қоғамдық , діни ұйымдар;
✓ Мемлекеттік емес құрылымдар;
✓ Коммерциялық құрылым және бизнес;
✓ Әлеуметтік саясатпен айналысатын және оны жүзеге асыратын
профессионалды қызметкерлер;
✓ Азаматтар (мысалы, азаматтық инициативаларға қатысу арқылы,
басқада көмекке қатысу және т.б.).
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын
мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бүл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы
белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық –
насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты – тарихи жағдай мен мақсаттарға
негізделген қызметі.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында, мемлекеттер қатарында әлеуметтік
шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс
мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға арласу
қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты-қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының бірі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мәні – әлеуметтік топтар арасындағы
қарым-қатынастарды қолдау, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, өмірлік деңгейін
жоғарылату үшін жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін
экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру. Осыған
байланысты, қоғамдық өндірістің шарттарын реттеу мақсатында мемлекет пен
жүргізілетін іс-шараның құрамды бөлігі ретінде жүзеге асатын мемлекеттің
әлеуметтік саясаты тұтасымен елдегі жалпы экономикалық ахуалмен тығыз
байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын айта отырып, біз үкіметтің,
қоғамның әртүрлі мүшелері мен топтарының кірістерін үлестіруге және қайта
үлестіруге бағытталған іс-әрекетін түсінеміз. Осылай әлеуметтік саясатты
тар мағынада түсіндіруге болады.
Ал кең мағынада әлеуметтік саясат бұл қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын
қамтамасыз етуге негізделген макроэкономикалық реттеу бағыттарының бірі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл - өзінің мақсаты ретінде кірістердің
дифференциасын әлсіретуді, нарықтық экономикаға қатысушылары арасындағы
қарама-қайшылықты жұмсартуды және экономикалық салдарда әлеуметтік
қақтығысты болдырмауды мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі, бұл
халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің,
кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-
экономикалық тәсілдер кешені. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нарықтық
экономикаға қатысуымен, азаматтардың жағдайларын түзетудің, белгілі
тәсілдерін, халықтың барлық топтарына әлеуметтік кепілдіктер жүйесін құруды
мақсат ететініне, әлеуметтік әділеттілік қағидасы жүзеге асады. Әлеуметтік
саясатты жүргізудің негізгі принциптері
o Бағаның көтерілуі кезінде орнына төлеудің әртүрлі формаларын
кіргізу және индексация жүргізу жолдарымен өмір деңгейін қорғау.
o Ең кедей отбасыларын көмекпен қамтамасыз ету
o Жұмыссыздық жағдайында көмек беру.
o Әлеуметтік сақтандыру саясатымен қамтамасыз ету, ең төменгі
жалақыны белгілеу.
o Білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды мемлекет
есебінен дамыту.
o Мамандануды қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясат
жүргізу.
ХХ ғасыр барлық мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі
әлеуметтік саясат екенін көрсетті. Әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті
болып қоғамдық өмірде тепе-теңдіктің белгілі деңгейіне төмендегілер арқылы
жету болып табылады:
▪ аштық, ауру, табиғи және техногендік апаттар, демографиялық жарылыс
және тағы басқаларының салдарының алдын алу үшін мемлекеттік
кепілдіктер беру.
▪ Белгілі өмір деңгейін және оны әлеуметтік шиеленісуін төмендететін
бағытқа сапалы өзгертуді қамтамасыз етуге бағытталған материалды
жабдықтарды және ұйымдық күш салуларды қайта үйлестіру.
▪ Өмір салтын реттеу (салықтармен, жабдықтармен, әл-ауқатты
жоғарылатумен, кәсіпкерлік бастаулар мен және тағы басқалары).
Әлеуметтік саясатты жасау кезінде мемлекет алдында әлеуметтік алымдар
туралы немесе әлеуметтік міндеттер туралы сұрақ тұрады, ол дамудың нақты
кезеңінде ең қажетті және бірінші кезекті шешімді талап етуші сапасында
қоғаммен қабылданады. Бұл таңдау әлеуметтік сферадағы азаматтық құқығына,
әлеуметтік қажеттіліктер мен талаптар үшін күресудегі мемлекеттік саясаттың
әртүрлі қағидалары арасындағы ұрыс-қысымында және алаңында өтеді.
Әлеуметтік саясат қызметі ретінде қоғамның әлеуметтік дамуын басқаруға,
оның мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге
және қоғамның әлеуметтік дифференсация үрдістерін реттеуге бағытталған.
Әлеуметтік саясаттың базалық мақсаты болып тепе-теңдікке тұрақтылыққа,
тұтастылықққа және динамизмге материалдық ресурстар, сәйкес саяси күштер
және әлеуметтік жүйе болуы арқылы жету табылады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі-әлеуметтік қарама-
қайшылықтарды шешу, стратегиялық және тактикалық қоғамдық, қоғамдық
қызушылықтар тепе-теңдігін сақтау немесе қалпына келтіру.
Әлеуметтік саясатты өндіру және жүргізуде ең күрделісі болып бірінші
кезекте шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақты шешу болып
табылады.
Адамның әлеуметтік реформалануының негізгі обьектісі ретінде әлеуметтік
ахуалын қамтамасыз ету әлеуметтік көмек және мемлекеттік қолдау арқылы
жүзеге асуы қажет, ең алдымен бұл көмектер ерекше әлсіз және қажет ететін
топтарға көрсетіледі, бұл топтарға жататындар:
❖ көпбалалы және толық емес отбасылар
❖ жұмыссыздар
❖ нарықтық талаптарға сәйкес емес мамандандырылған немесе жеткілікті
білім алмаған тұлғалар
❖ қарттар
❖ мағыналы жеке меншігі жоқ адамдар
Осыған сәйкес мемлекеттік тәсілдер кешені ең төменгі өмір сүру
минимумымен қамтамасыз ету және мұқтаж адамдарға материалдық көмек
көрсетуге, білім алу, медициналық көмек алу үшін жақсы жағдайлар жасауға,
азаматтық құқық және еркіндікпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар
психологиялық прессингтен қорғауға бағытталуы керек.
Реформалардың тиімділігі мен табыстылығы туралы халықтың өмір сүру
өзгерісі, оның сапалық және сандық өлшемдерінің жаңа мазмұнымен айтылады.
Келешекте әлеуметтік көмектің тапшылығы елдегі саяси тұрақтылыққа әсер
етеді, сондықтан бірінші кезекте, елдің экономикалық өсуіне шешімді мағына
беретін еңбек өнімділігінің жоғарылауына және тиімділігіне бағытталатын
тәсілдер болуы қажет, ол қызметкердің біліміне, мамандануына, ынталануына
және денсаулық көрсеткішіне байланысты болады. Осыған сәйкес әлеуметтік
саясаттың негізгі бағыттары келесідегідей топталады:
➢ Кедейшілікпен күресу
➢ Адам қорларын сақтау
➢ Адам қорларының нарық талаптарына бейімделуі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты тәуелсіздік шарттарында
(жағдайларында) келесі 3 кезеңмен сипатталады:
Бірінші кезеңде (1991-1993) әлеуметтік сфералы басқарудың ескі әдістері
жаңа экономикалық және саяси шарттарға ауыстырылды.
Екінші кезеңде (1993-1995) қоғамда дағдарыстық үрдістер және
құбылыстардың өсу алаңында халықты әлеуметтік қолдаудың дәстүрлі
механизмдерін жою үрдістері басталды.
1995-1997 жылдар аралығындағы уақытша бөлігі тәуелсіздік шарттарындағы
әлеуметтік саясаттың реформалануы басталды. Реформалардың негізгі
сипаттамалары: бюджеттік қорларды үйлесімді шығындау есебінен әлеуметтік
сфераны экономикалық қамтамасыз етуге жаңа жолдарды енгізу, қаржыландырудың
бюджеттен тыс көздерін құру және меншік құқығын реттеу.
Әлеуметтік бардарланған нарықтық экономика мемлекеттің әлеуметтік
мәселелерді шешудегі маңызды қызметін мақсат етеді. Бұл дегеніміз нарықтық
экономика еңбеккерлерге, еңбекке және қажетті білімге кепілдік бермейді,
мүгедектердің, аз қамтылғандардың, зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекеттің кірістерді үлестіру сферасына
әлеуметтік саясат жүргізу жолымен араласу қажеттілігі туындайды. Ұлттық
кірістің бюджет арқылы қайта үлестірілуі жүзеге асады, мемлекет әлеуметтік
бағдарламалар жүйесін жүзеге асырады.
Әлеуметтік сферада басты орынды мемлекеттік сектор алады (басты
функцияларды нарықтық құрылымдар орындайтын экономикадан басқа). Елдегі
мемлекеттік сектор көлеміне тәуелді әлеуметтік саясаттың өз ерекшеліктері
бар. Тәжірбиеде бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының әртүрлі көлемінде
көрініс береді. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың
қолжетерлігін, әлеуметтік төлемдердің жан – жақтылығын мемлекеттің қайта
үлестірілген қызметінің жалпы қамтитын сипатын білдіреді.
Шектеулі әлеуметтік саясат оның минимумға әлеуметтік сфераның дәстүрлі
институттарын толықтыру функциясына жинақтауын білдіреді.
Әлеуметтік саясат минималды кіріс кепілдігін беруге халықты аурудан,
мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға негізделген.
Осыған байланысты мемлекеттің минималды өмір жағдайларын қамтамасыз етуі
тек қана өз бетімен жасай алмайтын халық тобына арналады.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік
бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың
әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің тұтынушыға
бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл
осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Сондықтан адам үшін
экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып
табылады. Мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген
реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге
ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге
асырылуынан алдын – ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет.

2.2Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі

Мемлекет – халықтың мемлекеттік өміріндегі елеулі орын алатын тарихи
пішін.
Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің рөлі:
❖ Әр түрдегі мемлекет адамды қоғамға біріктіреді, оның өмір жолын
қоғам мүлкіне айналдырады (мысалға, еңбек жолын, отбасылық өмірін,
қолының бос кезіндегі уақыт және қоғамдық саяси өмірі). Қоғамдағы
тәуір өмір сүру шарттары осы қоғам мүлкіне айналдыру жолдары арқылы
жүзеге асады. Нормадан жағымсыз ауытқу, әлеуметтік жаман халге түсу
болып қабылданады және оны тұрақты ету үшін қоғамдық және мемлекеттік
іс - әрекеттер талап етіледі.
❖ Демократиялық мемлекет қоғамдық топтар мен азаматтардың әлеуметтік
белсенділігінкүшейту және кластық қоғамның жақсаруын қамтамасыз
етеді. Демократиялық мемлекет кезінде азаматтардың ешқайсысы қоғамнан
жоюға,қанауға жол берілмейді
❖ Демократиялық мемлекет әлеуметтік топттың және азаматтардың
әлеуметтік ортадағы субьектіге құқығын ала алмайды және әлеуметтік
мемлекеттік саясат пішініне өсіре алмайды. Әйтсе де демократиялық
мемлекет қандай да бір әлеуметтік топтардың әлеуметтік жағдайының
жақсаруына тосқауыл қоймайды.
❖ Демократиялық мемлекет әлеуметтік мүмкіндіктер кеңістігін жеке
күштерден қорғалуын құрайды.
Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі субьектісі болып мемлекет
табылады. Әрбір мемлекет өзінің даму перспективасын анықтайды. Сонымен
қатар глобалды әлеуметтік-экономикалық саясаттың орталықтандырылған
проблемалары да бар:
• экономиканың экологиялық және әлеуметтік бағыты;
• халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
• елдердің даму саясатын тұрақтандыру;
• болашақ ұрпақ пен қазіргі ұрпақтың мүдделерінің теңділігін
орналастыру.
Экономика болса әрқашан әлеуметтік проблемалардың шешімінің негізі
болып табылады, бірақ әлеуметтік сфераның міндеті экономикалық дамудың
алдында өсіп отырады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың негізгі қызметі:
✓ Құқық беруші органдардың заңдылық іс-әрекеті
✓ Атқарушы органдардың ұйымдық – басқарушылық, қаржылық –
экономикалық, болжамдық және т.б. қызметі.
Конституция бойынша Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет.
Әлеуметтік мемлекеттің мінездемесі:
➢ Әлеуметтік жүйелердің дамыған жүйесі, салықтың жоғары деңгейі,
әлеуметтік сфераға бөлінген қаржының жоғары деңгейі;
➢ Қазақстанның барлық топтарына көрсетілген әлеуметтік
қызметтің дамыған жүйесі;
➢ Құқықтық жүйенің дамыған түрі, мұнда биліктің бөлінуі, әрбір
билік салсының қызметін бөлу, әлеуметтік өмірдің нормативті –
құқықтық жүйесінің қызметі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаты әлеуметтік сұрақтармен айналысытан
билік органдарының қызметіне жатпайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын
қалыптастыру және жүзеге асыру кезінде үш жақ қатысады:
▪ билік (заң шығарушы, атқарушы және сот органдары);
▪ қоғам (саяси институттар);
▪ көпшілік (азаматтардың әлеуметтік професионалды және т.б.
топтары, жеке инвалидтер).
Әлеуметтік саясат – қоғамдық өзара іс -әрекеттер механизмі ретінде
мемлекетсіз даму түріне жету мүмкін емес, сондықтан да мемлекет әлеуметтік
саясатты біртұтас қоғамдық кеңістікте біріктіру кепілі ретінде танылады.
Мемлекеттің кепілдігін беру рөлі әлеуметтік саясаттың тең құқылы
субьектісі болып табылады.
Мемлекет - өз қызметінде өркениетті әлеуметтік саясатты жалпы ұлттық
масштабта кепілдік береді.
Кепілдік – бұл қамтамасыз етуші шартты қамтамасыз етуші жүйе. Өркениетті
әлеуметтік саясаттың жеткілікті кепілдік мүмкіндіктері тек қана
мемлекеттегі ұлттық қауіпсіздігін үміттендіретіп қана емес сонымен қатар
сыртқы факторлардан да әлеуметтік әсер ету арқылы қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік топтардың өздері мемлекеттің қатысуынсыз белгілі бір дәрежеге
жете алмайды,сондықтан мемлекет әлеуметтік проблемаларға қатысып оны шешуі
қажет.
Қоғам барлық халықтың формасы сияқты проблемаларға кездеседі, яғни жалпы
қоғамға қатысты проблемалар бар, ол проблемаларды тек қана халық шешеді,
бірақ ол топтарға бөлінген болғандықтан белгілі бір міндетке негізделіп
соны шешу қажет. Халықтың айтуы бойынша мемлекет сол ережені орындау
қажетті. Жалпы қоғамдық проблемаларды шешу арқылы мемлекет әлеуметтік
саясаттың ресурсы рөлін атқарады.
Бұл қандай проблемалар төртеуін атап өтейік:
o әлеуметтік перспективалар проблемасы
o әлеуметтік мақсат проблемасы
o әлеуметтік мүмкіндік проблемасы
o әлеуметтік қауіп проблемасы
Мемлекет әлеуметтік саясатына байланысты Мықты әлеуметтік саясат
түсінігі қолданылады, яғни толық әлеуметтік саясат азаматтардың әлеуметтік
сферадағы құқығы, бостандығы және міндеттемесін қамтамасыз ету қызметін
орындайды. Ал тотаритарлы мемлекет өзінің демократиялық емес,
антигумандық әлеуметтік мәнін көрсетеді.
Мықты әлеуметтік саясаттың антиподы пассивті әлеуметтік саясат. Мұнда
демократиялық мемлекет өзінің конститутциялық міндетін орындай алмайды, ал
тоталитарлы мемлекет құлайды.
90 -шы жылдары Қазақстанда нарықтық реформаларды радикалды
жүргізуімен байланысты Шоковая терапия моделі қолданылады, сонымен қатар
танымалы емес шара түсінігі пайда болды. Реформаторлар бұл түсінікке
түсінбеушілікпен қарады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі компоненттерінің мазмұны –
бұл:
▪ мемлекеттің әлеуметтік саясатының стратегиясын өмірге алып
келу және жүзеге асыру;
▪ әлеуметтік саясаттың мемлекеттік приоритетін анықтау;
▪ әлеуметтік саясаттың барлық процесін мен приоритетке
бағыттау.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың проблемалары президенттің елге
жолдауында көрсетіледі:
❖ Президенттің өкіметке бюджеттік жолдауларында
❖ Өкіметтің концептуалды шешімдерінде
❖ Парламенттің жарлығында
❖ Қазақстан Республикасының Заңдарында
Қазақстан Республикасының міндеттері 1993 жылы қабылданған Қазақстан
Республикасының конституциясында бекітілген. Бұл міндеттер Қазақстанның
әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттің конституциясында - өкіметтің әлеуметтік сферада қызмет етуін
яғни азаматтар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғауға міндетті.
ҚР Конституциясының 1,28,29 – бабтарында былай делінген:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам
және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген,науқастанған, мүгедек
болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған
ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына
кепілдік беріледі.
Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша
нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің
көлемін тегін алуға хақылы.
Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай –ақ, жеке
медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу
заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.
Әлеуметтік саясаттың негізі ол – әлеуметтік топтар мемлекетте осы
міндеттерді орындау қажет, ал басқа топтар мен күштер бұл міндеттерді
орындауға ықпал етлуі қажет.
Әлеуметтік саясаттың проблемасында мынандай халықаралық актілер
қолданылады:
❖ Жалпы адам құқық декларациясы (БҰҰ 10 желтоқсан 1948ж)
❖ Адамның құқығы туралы Копенгагендік декларация.
❖ Адамның құқығы туралы басқада халықаралық құжаттар.
❖ Европа Кеңесінің құжаттары, соның ішінде Европалық әлеуметтік
хартия.
❖ Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құжаттары (ОБСЕ).
❖ ТМД елдерінің құжаттары.
Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздікті қорғайтын әлеуметтік саясат қажет.
Ол ұлттық қауіпсіздікті күшейту. Мұның өзі әлеуметтік саясаттың мінезі мен
мазмұнындағы ерекшеліктер саясаттың стратегиялық мәні.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатында негізгі орынды халықтың табысын
қалыптастыру саясаты алады. Табыс ұғымы экономикалық қызмет нәтижесінің
көрсеткіші болып табылады. Басқаша айтқанда – табыс өндіріске қатысушының
оған қатысу деңгейіне байланысты алған, шығарған өнімнің бір бөлігі.
Экономикалық әдебиеттерде табыс ұғымы өнімді шығаруда құнның шығыннан
жоғары болуын сипаттайды.
Қоғам мүшелерінің табыс деңгейі олардың тұрмыс – жағдайының маңызды
көрсеткіші, себебі индивидтің материалдық және рухани өмірінің
мүмкіндіктерін анықтайды дем алуы,білім алуы, денсаулығын сақтау,
қажеттілігін қанағаттандыру. Еңбек ақыдан басқа халық табысының көлеміне
әсер ететін факторларға жеке баға динамикасын, тұтыну нарығының тауарлармен
қамтамасыз ету деңгейін жатқызуға болады. Ақшалай табыстың негізгі үш көзін
көрсетуге болады:
➢ еңбекақы
➢ меншіктен түсетін табыс (девиденд, пайыз,рента)
➢ әлеуметтік төлемдер(зейнетақы, жәрдемақы)
Халық табысының динамикасы мен деңгейін бағалау үшін номиналды, қолда
бар және нақты табыс көрсеткіштері қолданады.
Номиналды табыс NI ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері: теориялық талдау
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Экономикалық саясат
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты Фискалдық саясаттың міндеттері
Бюджетті жоспарлау негіздері
Әлеуметтік қоргау жүйесін құрудагы альтернативтілік принципі
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Мемлекеттің қаржы жоспары
Пәндер