Қоршаған ортаның сапасын басқару пәні бойынша лекциялар жоспары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:
Лекциялық сабақтар тезисі
Қоршаған ортаның сапасын басқару пәні бойынша лекциялар жоспары
Глоссарий
Экологиялық мониторинг және бақылау - табиғи құбылыстардың және антропогенді іс - әрекетердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағлау, тексеру және болжау жүйелері. Мониторинг тікелей басқару міндетін атқармайды, ал бақылаумен қатар, мәліметтер жинақтау және басқару қызметтерін қарастырады.
“Мониторинг” деген термин “монитор” - сақтандырушы қадағалаушы деген латын сөзінен алынған.
Биосфералық (глобальды) - бүкіл әлемдік процестерді бақылау және жер биосферасы экологиясының барлық компоненттерін қаса алғандағы құбылыстар;
Базалық - жалпы биосфералық, негізінен аймақтық антропогендік өзгерістердің табиғи құбылыстарымен қабаттаспауын бақылау;
. Экологиялық - экожүйенің әр түрлі дәрежедегі құрамы мен функцияларындағы өзгерістерді, табиғи ресурстардың динамикасы мен орта түзуші компоненттерді бақылау;
Биологиялық - биологиялық объектілерді бақылау;
. Комплекстық - экожүйедегі ерекшеліктер туралы үздіксіз ұзақ мерзімді бағдарлама жайлы мәліметтер жинау;
. Санитарлық - таксикологиялы - адамды қоршаған ортаның гигиеналы мониторингтық жағдайы;
. Халықаралық - жалпы планетадағы процестер мен құбылыстарды, сонымен қатар, антропогендік өзгерістердің нәтижелерін халықаралық жүйе арқылы бақылау;
. Аймақтық - базалық фоннан табиғи және антропогендік сипаты арқылы ерекшелене алатын белгілі бір шектегі кез - келген аймақтағы процестер мен құбылыстарды бақылау;
. Ұлттық - белгілі бір территорядағы мемлекеттің қоршаған ортасының жағдайы мен өзгерістерін национальды жүйе арқылы бақылау;
Локальдық (жергілікті) - маңызды территорияларға таралмайтын қоршаған ортаның мониторингты ластануы;
Инпактық - табиғи процестер мен құбылыстарды және де өте қауіпті зоналар мен жерлердге антропогендік әсерді бақылау.
. Қашықтықтан байқау - бұл жердің үстіңгі қабатынан электромагниттік сәулеленуді тіркеу жолымен тікелей қатынассыз жердің үстіңгі қабаты туралы ақпараттарды алу.
Техногенді бүлінулер: көлік коммуникациялары мен көлік құрылысы, тау - кен өнеркәсібі, мұнай және газ игеру, гидроэнергетика, өнеркәсіптік аэрозольді - түтінді ластаулар мен олардың салдары, техногенді ақаба сулар, шығарындылар мен апаттар, үйінділер, террикондар, көму мен консервация учаскелері.
. Ауыл шаруашылығын шеруден болған табиғи орта бүлінулері: эрозиялық процестер, дефляция мен шаңды борандар, территорияның агротекті сортаңдану, жерлерді өңдеу мен пайдалану кезінде су қоймаларын ластануы; малды қайта жаю кезіндегі жайылымдардың нашарлауы, ауыл шаруашылық дақылдарына және шабындыққа пішен шабуға арналған жерлердің өртенуі; т. б.
. Мелиоративті шаралар нәтижесінде табиғи ортаның бүлінуі: мелиорацияны жүргізу сапасы, суармалы мелиоративті жерлердің жай - күйі, мелиорацияға пайдаланылатын жерлерді құрғатудың жай - күйі, мелиоративті объектілер әсеріне ұшырайтын акватоийлар.
Ормандардың жай - күйі: техно -, фито -, лиропотология, орман өрттері, орман суларын қорғау белделерінің және орман жолақтарының бүлінгіштігі және жай - күйі.
Трофты мен батпақты массивтердің антропогенді бүлінулері: трофты өңдеу, олардың түрлері мен жай - күйі, трофтық өрттер, батпақты массивтердің антропогенді эвтрофикация және оның салдары.
Мәңгі тоң режімінің антропогенді өзгерістері және онымен байланысты процестер: территория гидрорежімінің трансформациясы, термоэрозиялы әрекет пен термокарст, өсімдік жамылғысындағы өзгерістер.
. Гидросфера объектілерінің бүлінуі: қабықтың (үстіңгі жағының) ластағыштар (мұнай, органикалық табиғи және синтетикалық ПАВ), өлшенген ластағыштар, су қоймаларының гүлденуі, т. б.
. Қар жамылғысының жай - күйі: қар жамылғысы кетуінің сипаты, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көлік коммуникацияларының әсер ету белдеулеріндегі қар жамылғысының ластануы.
қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, мұндай қалдықтармен жұмыс iстеу ережелерiнiң, оларды бақылау әдiстерiнiң, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат;
қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен қауiпсiз жою мақсатында оларды арнайы бөлiнген жерлерде жинап қою;
қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды жiктеуге жатқызу тәртiбi;
биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi;
биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi;
генетикалық түрлендiрiлген организмдер - өсiмiн молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекше, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе солардың компоненттерi бар өсiмдiктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнiмдер;
ең озық қолжетiмдi технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлетiндей деңгейге дейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн техника және жабдық;
инерттi қалдықтар - елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар;
коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi;
қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;
қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;
қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою;
қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;
қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес жалпы белгiлерi бар, қалдықтар жiктеуiшi негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;
қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi;
қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;
қауiптi емес қалдықтар - қауiптi және инерттi қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;
қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта;
қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;
қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатып немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;
қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгіндiлері, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету;
қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгiлi бiр мерзiмге бөлiнген қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттiң бiр бөлiгi;
қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгiлi бiр мерзiмге арнап белгiленетiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтiк көлемi;
қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi - қоршаған ортаның сапасын бiртiндеп жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның белгiлi бiр уақыт кезеңiне арнап нормаланатын параметрлерiнiң шектi деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер;
қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бойынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы кезiнде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер бетi учаскесiнде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластағыш заттардың жайылуы немесе иiстiң, шудың, тербелiстiң, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берiлетiн деңгейден асатын электромагниттiк, температуралық әсер ету, жарықтың әсерi немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы;
қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға ықпалы;
қоршаған ортаның ластану учаскелерi - жер бетiнiң және су объектiлерiнiң қауiптi химиялық заттармен белгiленген нормативтерден артық ластанған шектеулi учаскелерi;
қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң сипаттамасы;
тiршiлiк ету ортасы - қандай да бiр организмнiң немесе популяцияның табиғи мекендейтiн жерiнiң типi немесе орны;
мемлекеттiк экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi;
өндiрiс және тұтыну қалдықтары (қалдықтар) - шикiзаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнiмдердiң өндiрiс немесе тұтыну процесiнде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтқан тауарлар (өнiмдер) ;
өндiрiс пен тұтынудың тұрақты моделi - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтiру және қоршаған ортаның антропогендiк ластануын азайту кезiнде өндiрiстiң өсуiмен сипатталатын әлеуметтiк-экономикалық модель;
радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен шоғырлануы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгiленген радиоактивтi заттар үшiн регламенттелген мәндерден асатын радиоактивтi заттары бар қалдықтар;
сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердi салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ нормативтiк-құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты жүзеге асырылуы;
сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметi нәтижесiнде немесе ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектiлерiне немесе жергiлiктi жер рельефiне ағызылатын сулар;
су объектiлерi - құрлық бетiнiң рельефiнде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемi мен су режимi бар сулар;
сұйық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрдегi кез келген қалдықтар;
табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
табиғи объектiлер - шекарасы, көлемi және тiршiлiк режимi бар табиғи объектiлер;
табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi;
табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы;
шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi - нәтижесiнде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкiн болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi;
экологиялық ағарту iсi - қоғамда экологиялық мәдениет негiздерiн қалыптастыру мақсатында экологиялық бiлiм, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйi, экологиялық қауiпсiздiк туралы ақпарат тарату;
экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу бағытында тәуелсiз тексеру;
экологиялық бiлiм беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйi үшiн экологиялық жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiм мен дағды жүйесiн, құндылық бағдарларды, имандылық-эстетикалық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудiң, оқытудың, оның өз бiлiмiн көтеруiнiң және дамуының үздiксiз процесi;
экологиялық жүйе (экожүйе) - бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара әрекетте болатын организмдердiң және солар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы;
экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, соның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй;
экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйi;
экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект;
экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершiлiктi, әдiстердi, рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды;
экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде байқау мен бағалау;
экологиялық нормалау - ережелердiң (нормалардың) және олардағы қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштердiң (нормативтердiң) жүйесi;
экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;
экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және солармен байланысты әлеуметтiк зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске қосуға жол берiлуiн айқындау;
экологиялық таза өнiм белгiсi - таңбаланған өнiмнiң экологиялық таза өнiм стандарттарына сәйкестiгiн растайтын тiркелген белгi;
экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу және оларға тыйым салу;
экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi растаудан өткен өнiмге экологиялық таза өнiм белгiсiн беру;
экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы;
эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуы қамтамасыз етiлетiн жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi;
эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - қоршаған ортаға эмиссиялардың уақыт бiрлiгiне немесе шығарылатын өнiм бiрлiгiне немесе басқа да көрсеткiштердегi, елiмiздiң экономикасы үшiн қолдануға болатын шығындар кезiнде оларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндігi негiзiнде айқындалатын шамалары.
Бөлім 1 Қоршаған ортаның сапасын басқару сабағына кіріспе.
Тақырып 1: Кіріспе.
Өткізілу түрі: семинар
Мақсаты: Қоршаған ортаның сапасын басқару сабағына кіріспе. Негізгі әдістері мен міндеттері. Физико-химиялық әдістер, олардың шығу тарихы. Физикалық және химиялық әдістердің қалыптасу тарихы. Қоршаған ортаның сапасын басқару сабағының ғылым ретінде даму тарихы. Қоршаған ортаның сапасын басқару сабағының фундаментальды пәндермен байланысы жайлы түсіндіру.
Жоспар:
- Қоршаған ортаның сапасын басқару сабағының негізгі әдістері мен міндеттері.
- Қоршаған ортаның сапасын басқару сабағының фундаментальды пәндермен байланысы
- Қоршаған ортаның сапасын басқару сабағының ғылым ретінде даму тарихы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны.
Фундаментальды пәндермен байланысы
Экономикалық нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» (6-бап, 3-бөлім) . Конституцияда сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын норма да бар, соның ішінде мұрагерлік құқығын қорғайды (26-бап, 2-бөлім) . Яғни, бұл ереже жер учаскесін мұрагерлікке алу құқығына қолданылады. Конституцияның бұл нормалары негізгі табиғат ресурстары заңдары мен кодекстерінде өзінің құқықтық дамуына жол ашты.
даму этаптары.
Қазақстанның экологиялық саясатының маңызды элементтерінің бірі құқықтық қамтамасыз ету болып табылатынын анықтағаннан кейін біз қоғамдық өмірдің бұл саласын құқықтық реттеу мәселесіне тікелей көшеміз. Республиканың осы заманғы құқық жүйесі мемлекеттің экологиялық дербес жаңа қызметі ретінде анықтады.
Қазақстан Республикасының экологиялық қызметінің дамуы мен орнығуы мәселесін зерттеген Б. А Мұхаметжанов былай деп атап көрсетеді: белгілі бір кезеңде мемлекеттік қызметтің бытыраңқы бағыттары дербес бір бағытқа - экологиялық қызметке бірігеді. Мемлекеттің экологиялық қызметі - бұл қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қызметтің экологиялық саладағы объективті - қажетті, мақсатты, заң жүзінде қамтамасыз етілген бағыт. Мемлекеттің экологиялық қызметін жүзеге асырудың құқықтық тетігі, құқықтық құралдары құқықтық экологиялық қызметінің мазмұны болып табылады. Құқықтың қызметі - бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын құқықтық жағынан реттеудің бағыты екенін ескере отырып, мынандай қорытынды да жасауға болады: Қазақстанда қалыптасқан экологиялық қоғамдық қатынастар құқықтың экологиялық қызметінің қалыптасуына себепші болды.
Мемлекет қоғамның экологиялық мүдделерін жүзеге асырып, орындай отырып, тиісінше ұйымдық тетікті құрады. Бұл тетікте өкілеттіліктерге ие болатын белгілі бір құрылым жатады; экологиялық қатынастардың субъектілері орындауға міндетті нормалар мен талаптар - бұл экологиялық қатынастар субъектілерінің құқықтық актілерінде баянды етілген тәртібінің ережелері, олар Қазақстанның асы заманғы құқығы жүйесіндегі құқықтың оқшау саласының мазмұны болып табылады. Сонымен мынадай қарытында жасауға болады: осы элементтердің құқықтық саласы мен мемлекеттік тетіктің болуы - мемлекет пен құқықтың дербес экологиялық қызметін қалыптастыруды дәлелдейді.
Бүгінгі таңда, ғылым ретінде қоғамның, мемлекеттің табиғат ортасымен және оның ресурстарымен өзара қатынасының проблемасына құқықтық көзқарастар жүйе, сі болып табылатын экологиялық құқық серпінді дамып, Қазақстанның экономикалық өзгерістерін және нарықтық реформаны анық көрсетеді
Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:
- негізгі әдістері мен міндеттері.
- фундаментальды пәндермен байланысы
- ғылым ретінде даму тарихы.
Әдебиеттер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz