Демография пәніне кіріспе


Демография пәніне кіріспе
Кіріспе
Тарихи демография пәні туралы негізгі ұғымдар: халықтану, туылу, туылудың жалпы коэффициенті, өлім, өлімнің жалпы коэффициенті, демографиялық жарылыс, демографиялық саясат, тарихи демография, аймақтық демография, халықтың табиғи өсімі, депопуляция, көші-қон, отбасы және отбасын жоспарлау, еңбек және өндіргіш күштер.
1. 1. Демографияның ғылымдар жүйесіндегі теориялық орны мен маңыздылығы
1. 2. Демографияның практикалық маңыздылығы
1. 3Пәнді оқытудың объектісі және зерттеу әдістері жүйесі
Лекция мақсаты: Студенттерге демография ұғымынның категориялық ұғымдық теориясын түсіндіру және оны талдауды жолдарын үйрету.
Лекция мәтіні Демография (гректің demos - халық және grapho-жазамын деген сөзінен алынған) белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, територияға бөлінуін, өсуіне кему динамикасын қоғамды-тарихи жағдайлары мен зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демографиядағы ең басты мәселе- халықтың ұдайы өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі - ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың басқа аймақтарына қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу, қону жағдайына да байланысты. Сондай-ақ халықтың санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына немесе білім деңгейіне мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді.
Демография үшін бастысы халықтың қоғам дамуы мен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсуінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылыми қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру әдістері де демографияның өзіндік зертту әдісіне жатады.
Тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде елдегі тұрғындар санының жоғары қарқынмен өсу құбылысын демографиялық дүмпу деп атайды. Демографиялық дүмпуден соң арада бір ұрпақ өмірі (мөлшермен 25 жыл) өткеннен кейін сол дүмпудің әсерінен санының табиғи өсім есебімен салыстырмалы жоғары деңгейде көбею құбылысының қайталануын демографиялық жаңғыру дейміз. Тарихи дағдарыс жағдайларынан ашаршылық, соғыс, шетке кету, саяси және экономикалық тоқыраулар мен дағдарыстардан кейін тұрғындардың табиғи өсу деңгейінің қайтадан көтеріле бастауын демографиялық қайта өрлеу деп атайды.
Демографиялық болжам . Әлемдегі белгілі бір елдегі аблыстағы, аудандағы т. б. аумақтағы, халықтың ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрі демографиялық дүмпу мен демографиялық дағдарыс және сол елдің демографиялық саясаты ескеріле отырып, демографиялық болжам қысқа 1-10жылдық және ұзақ бір ғасырлық уақытқа жасалынады. Адамзат тарихының бүкіл өн бойында дерлік Жер Шарындағы халықтың саны өте баяу өсті. Оның жедел өсуі 20 ғасырда басталды. Соңғы мың жылда халық санының бірнеше реет екі еселенуі үшін 600 жыл қажет болса, екінші реет еселенуі үшін 230жыл, үшінші реет еселенуі үшін шамамен 100жыл, төртінші реет еселенуі үшін 40 жылдан сәл артық уақыт керек болды. Дүние жүзі халқының саны 1000 жылы 275 млн, 1500ж. 450 млн.
Қазақстандағы демографиялық процестердітарихи әлеуметтік тұрғыдан алғашқы қарастырған зерттеушілер қатарына М. Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М. Тынышбаевтың 1924 жылы «Сана» журналының 2-3 сандарында жарияланған деректерін т. б. статистердің атауға болады.
Бақылау сұрақтары:
- Демография ұғымы.
- Демография ғылымының құрылымы.
- Тарихи демографияның ерекшеліктері.
- Демографиялық дағдарыс.
- Демографиялық қайта жаңғыру.
- Демографиялық қайта өрлеу.
- Демографиялық болжам.
- Қазақстандағы демографиялық процестер.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
- Демографияның даму тарихы.
- 21ғасыр Қазақстандағы демографиялық процестер.
- ТМД елдеріндегі демографиялық жағдай.
2 лекция. Тақырыбы: Демографиялық саясат.
Жоспары:
2. Тарихи демогрфияның теориялық негіздері
2. 1. Тарихи демографияның пәні, зерттеу объектісі
2. 2. Тарихи демография мен демография тарихының теориялары мен зерттеу әдістері
2. 3. Тарихтағы ел халқының орналасуы (народонаселение)
- Демографиялық саясат және статистика.
- Миграция ағымын реттеу.
3. Тарихи демография мен демография тарихының теориялары мен зерттеу әдістері
Лекция мақсаты: Студенттерді демографиялық дағдарыс жайындағы елдерде тууды және халықтың табиғи өсуін арттыруға бағытталған демографиялық саясаттарымен таныстыру.
Лекция мәтіні: Дүние жүзіндегі және Ресейдегі депопуляция кезіндегі демографиялық саясаттары
Ресейде ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап демографиясында жалпы халық санақтарында бірнеше негативті жағдайлар көріне бастағанын байқауға болады. Ең алдымен, бұл құбылыс отбасы институттары мен халық санының табиғи өсімі үдерістерінде көрініс тапты. Осының салдарынан соңғы 50 жылда халық өсімінде кеми бастаған депопуляциялық үрдістер орын алғандығы тіркелді. Ең алдымен туу сальдасы төмендеп, халықтың орташа медиандық жас ерекшеліктерінде де кері үдерістер орын алған. Мысалы, некеге тұру жасы ұлғайған (32-37 жас) халық саны азая бастаған, некелік ажырасу көбейген. Мұндай факторлар Ресейді ХХІ ғасырдың ортасына қарай демографиялық апатқа ұшыратуы мүмкін.
Жалпы демографиялық зерттеулер бойынша бұл жағдай сонау ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардан бастау алады. Бірақ алғашқы кезде өте жай қарқынмен жүзеге асқан. Мұндай мысалдарды орыс тардың зиялы қауымдарының еңбектерінен байқауға болады.
Демографиялық теория бойынша мұндай келеңсіздік үдерістердің негізгі қуат алуы Ресейдің орталық аудандарындағы халықтардың отар жерлерге қоныс аударуы салдарынан бастау алады. Яғни ХІХ ғасырдың 50-70-жылдары. Олар көбінесе Орта Азия, Қазақстан, Еділ жағалауы мен Сібірге көшіп келіп қоныстану факторларын атауға болады. Ал осы кезеңдерде дүние жүзілік жағдай өзгеріп, Азия, Африка және Латын Америкасы сияқты елдерде халық саны күрт арта бастады. Жалпылама айтқанда £демографиялық жарылыс немесе дүмпу” үдерістері болып жатты.
Кейбір теориялық көзқарастар бойынша үлкен мегаполис қалалар мен халқы тығыз орналасқан мемлекеттерде болып жатқан демографиялық дүмпулер мен жарылыстар ең алдымен әлеуметтік, экологиялық, азық-түлік, энергетикалық т. б ресурстық қиындықтар туғызатындығы туралы нақтыланған теориялар жасап, оларды шешудің нақтыланған бағдарламаларын ұсынып отырғандығы белгілі жәйт. Осындай факторлар мен көзқарастар отбасы институтының дағдарыстарына алып келді. Мысалы, Қытайдағы әр отбасы бір баладан, ал Үндістанда әр отбасы екі балалы болу туралы арнайы шектеулер қабылдауға мәжбүр болды.
Қазіргі теориялық демография тарихы негізінен ХХ ғасырдың 50-60 жылдары толық жеке ғылым болып қалыптасты. Себебі, осы кезеңдерде дүниежүзілік демографиялық үдерістерде £тыныштық” кезең басталды. Жаппай соғыс, қуғын-сүргін, эпидемия және т. б. қырғындар толығымен тоқтатылды деп айтуға болады. Жалпы жер шарындағы демографиялық мінез-құлық өзгерді.
1990 жылдардан Ресейде депопуляция басталды. Ең алдымен, халық саны күрт азая түсті. Мысалы, 1992-2000 жылдары Ресей халқының саны 3, 5 млн адамға азайды. Сонымен қатар, 6, 8 млн адам Ресейден көшіп кеткен. (Медков, стр. 365)
Тек 2000 жылдың өзінде 1 млн астам адамға азайған. Болжам бойынша, алдағы он жылдың ішінде халық санының азаюы жалғаса түседі. 2000 жылғы БҰҰ мәліметі бойынша, 2050 жылы Ресей халқының саны орта есеппен 40 млн адамға азаяды. Шамамен, 2050 жылға қарай Ресей халқы 104 млн адамға дейін қысқарып, дүниежүзі бойынша жетіншіден жиырмасыншы орынға түседі деп күтілуде.
Ал Ермаковтың болжамы бойынша, халық санының азаюы Ресейді геосаяси, экономикалық және әлеуметтік апатқа әкелуі мүмкін. Мысалы, орбитр мемлекет статусынан айырылады, қауіпсіздік шешіміне рөл атқара алмайды.
Бұл процестер демографиялық процестердің негізгі мазмұнын білдіретін факторлардың: туу, өлім-жітім, неке мен ажырасу дағдарысы болады. Яғни, туу динамикасы дағдарысқа ұшырайды. Себебі, бала туу - отбасы институтынің негізі, әлеуметтік функциясы екендігі белгілі.
Ресей демография тарихындағы талдау бойынша туу факторы бұдан 100 жыл алдын тіркеуге алынған. Ал соңғы 40 жылда бұл өзінің шыңына жетті. Динамикалық коэффициент бойынша, ХХ ғасырдың 60-жылдарында туудың көрсеткіші өлім деңгейінен төмендегені нақты көріне бастаған. Осы процесс объективті шешілмесе, отбасы өзінің функциясын бірте-бірте жояды деп болжам жасайды демографтар.
Мұның басты себебі, Ресей экономикалық даму мен табыстың жан басына шаққандағы үлесі бойынша АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінен үш-төрт есе аз болып отыр. Ал балалардың қажеттілігі мен тұтынуы сол мемлекеттермен бірдей.
1994 жылы жүргізілген микросанақта, егер жағдай Ресейде жақсара түскен күннің өзінде әрбір некеге тұрған адамдар арасындағы максимум 2, 03 балаға ғана өсетіндігін көрсеткен. Ал Ресейдегі депопуляция процесін тоқтату үшін, әр некелі адамдарға 2, 6 баладан тура келу керек екен. Қазір 2002 жылғы санақ бойынша, 1, 94 баладан тура келуде. Бұл талдаудан әрі де болса арнайы демографиялық саясатқа оң көзқарас қалыптастыру қажет екендігін ашып айту керек.
Тағы да бір фактор, некесіз бала туу процесі күрт артуда. Мысалы, 2001 жылы бүкіл туудың 29% тура келді. Бұл жағдай 1970 жылдары 10% аспаған болатын. Яғни, соғыстан кейінгі деңгейге жетіп озды. Мысалы, 1945 жылы 24-25% болған. Ол кезде соғыстың салдары ер адамдар мен әйелдер санының депропорциясы болған. Сондықтан, әйелдер жалғыз басты аналықты өздері таңдап алуға мәжбүр болған. Ал қазір саналы түрде.
Некесіз балалықтың екі негізгі шыңы бар:
1) 20 жасқа дейін. Яғни, жастық шақтың тәжірибесіздігімен көп болады.
2) 30-35 жаста. Яғни, саналы немесе отбасы институтының дағдарыстық
динамикасымен түсіндіруге болады.
Демографиялық саясат халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі. Демографиялық саясат мемлекеттегі әлеуметтік институттар арқылы жүзеге асырылады. Шаралар тікелей (некеге тұру, отбасы жандарының туып, өсу қарқынын реттеу, көшіп қонды бақылау, т. б. ) немесе жанама түрде (халақтың өмір сүру деңгейін көтеру, көп балалы отбасыларға жеңілдік жасау, қоғамдың санаға ықпал ету, т. б. ) жүзеге асырылады. Демографиялық саясат халықтың өсуінің түріне байланысты болады. Демографиялық дағдарыс жағдайындағы елдерде тууды және халықтың табиғи өсуін арттыруға бағытталған демографиялық саясат басым болады. Еуропаның кейбір елдерінде(Франция, Германия т. б. ) және Жапонияда демографиялық саясаттың осы түрін ұстанады. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықтың ұдайы өсуі демографиялық дүмпу сипатында болған елдердің көпшілігі соңғы жылдары туу мен халықтың табиғи өсуін азайтуға бағытталған демографиялық саясатты жүзеге асырды. Бұл топқа әсіресе дүние жүзінің екі мемлекеті халық саны көп Үндістан мен Қытай т. б. дамып келе жатқан елдер жатады. Қазақстандағы демографиялық саясат ұлттық стратегияның негізгі бағытының бірі болып саналады. Бұған халқымыздың демографиялық дүмпуіндегі қайта жаңғыруды қолдай отырып, қазақ халқы санының көбеюіне жағдай жасау жатады.
Демографиялық статистика. Халық статистика белгілі бір аймақ халықтарының санын, құрамын, орналасуын, көші-қонын немесе оның жекелеген тобын сипаттайтын деректерді жинау, өңдеу, тіркеу және талдаумен шұғылданатын статистика саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын бір жерден екінші жерге қоныс аударуын статистикалық тәсілдермен зерттейді. Халық санының өсу заңдылығын талдау жасау демографиялық статистиканың басты жұмысы болып саналады. Бұл ретте әр алуан демографиялық оқиғалардың ( туу, өлу, некеге отыру, ажырасу) жиілігін білдіретін коэффициенттерді есептеу арқылы демография процестердің тиімділігін өлшеу маңызды орын алады. Халық саны туралы ақпараттың қазіргі жүйесі 19ғ-дың 2-жартысынан бастап қалыптасты. Демографиялық статистиканың қазіргі дамуына ақпарат жинау мен оны талдау тәсілдерінің кеңеюі, мәліметтерді өңдеу ісіне математика мен социология әдістерінің және компьютерлік технологияның қолданылуы тән. Демографиялық статистика көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор.
Қазақстандағы демографиялық саясаттың бір саласы көші-қон саясаты. Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңы осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
- Демографиялық белес.
- Жан-жақты демографиялық даму.
- Қ. Р -дағы демографиялық жағдай.
- Демографиялық статистика.
- Қ. Р -дағы демографиялық саясат.
- Шет елдердегі демографиялық саясат.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
- Әлем елдерінің демографиялық саясаты.
- Қазақстандағы көші-қон мәселесі.
- Қазіргі кездегі миграциялық процестер.
- Мемлекеттің демографиялық саясаты.
- Әлемдегі демографилық саясатты жүзеге асыру тетіктері.
3. лекция. Тақырыбы: Демография ғылымының дамуы мен құрылымы.
Жоспары:
3. Демография және тарих
3. 1. Тарихтағы халықтардың алатын орны
3. 2. Халық, халықтар категориясы, оның ғылыми
айналымға енуі
3. 3. Тарихи демографиядағы халық тарихы түсінігі
Лекция мақсаты: Студенттерге демография ғылымының пайда болуы мен дамуы жайлы анықма беріп, түсіндіру.
Лекция мәтіні: Демография термині XX ғ. Бастап қолданысқа енді. Бұл терминді ғылымға енгізген Жан Клод Амиль болды. Оның қолданатын аты - Гиияр 1855ж ”Адам статистикасының элементтері мен салыстырмалы демография” деген еңбек жазды. Бұл еңбегінде демографияға адам тегінің табиғи және әлеуметтік тарихы деген анықтама берілді. Немес Демография бұл халықты, оның өзгерісін және оның физикалық, азаматты,, интелектуалдық және моралтдық жағдайын математикалық тұрғыдан тану деді. Бұл анықтама XIX ғ. Ортасында қалыптасқан демография пәнін түсіндіруге өз әсерін тигізді. Демографияның пәніне негізінен статистикалық жазбаша халықты сипаттау тән және ол өзіне халықты математикалық тұрғыдан танудан оның интелектуалдық және моральдық жағдайына дейін тануды қамтиды. Гиияр берген анықтама өте кең тарады және көптеген ғалымдар әсіресе, статистикадан демографияға өтушілер осы анықтаманы қолдады. Көп уақыт бойы демография термині халық статистикасы деп түсінілді. Бұл екі термин ситногним ретінде қарастырылды. Бұған дәлел ретінде Гииярдың кітабының атын айтуға болады.
Демография ғылым болып қалыптаспай тұрып неміс статистігі Э. Энгель Демология терминін ұсынған болатын. Бірақ ол қолдау тапқан жоқ.
Демография ерте заманнан бері пайда болған. Ежелгі уақытта адамзатқа білім беруге, халықтың санын көбейтуге алым салық төлеу және әскерге алуға қажеттілік болады. Алайда демография заңдылықтарының дамудың ғылыми тұрғыдан зерттеудің басталуы Дж. Граундтың «Өлім бюллетендері туралы табиғи саяси ескертулер» (1662ж Лондон) деген еңбегінен басталады. Бұл еңбегінде Дж. Граунд жастарды зерттеп халықты өндірудің теориясын құрды. Демографиялық дамудың әрі қарай жалғастырылуы мына ғалымдардың есімдерімен байланысты Э. Галлей, В. Фарр, А. Катле, И. П. Зюсмильх.
Демографияның дамуына өздерінің үлестерін қосқан орыстың ғалымдары М. В. Ломоносов, Г. П. Семенов-Тянь-Шанский. Демография пәнінің дамуы 60-80 жылдары басталады. Ал Қазақстанда кейінірек қалыптасты. Демографиялық процесстер барлық салаларға өз әсерін тигізді.
Соңғы жылдары Қазақстанда ғалымдар мен саясаткерлер тарихи демографиялық сұрақтарға терең назар аударуда. Бұл қызығушылық бәрінен бұрын елдегі демографиялық жағдайдың маңызын және демографиялық дамудың перспективасын анықтаудан туындады. Тарихта болып өткен демографиялық құбылыстарды түгелдей қарастырмай қазіргі уақыттың демографиялық проблемаларын ғылыми зерттеу мүмкін емес, себебі республиканың қазіргі уақыттың демографиялық проблемаларын ғылыми зерттеу мүмкін емес, себебі республиканың қазіргі демографиялық жағдайы бұрынғы өткен құбылыстан пайда болған.
Мемлекет саясаты мен қоғамның демографиялық дамуы тығыз байланысты. Елдің басшылығымен қабылданған әртүрлісаяси шешімдер демографиялық организмге әсерін тигізеді.
Бақылау сұрақтары:
- Әлем халқының демографиялық дамуы.
- Демография ғылымының пайда болуының алғышарттары.
- Демография ғылымының негізін салуышы ғалымдар.
- Демографияның шығу тарихы.
- Аймақтық демография.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
- Дж. Граундтың демографиялық зерттеулері.
- Теориялық демографияның дамуы.
- Әлемдегі демографиялық даму.
- Жан Беритонның демографиялық зерттеулері.
4 лекция. Тақырыбы: . Демографиялық дамудың негізгі кезеңдері
4. 1. Тарих ғылымының дамуындағы демография тарихы
4. 2. Ежелгі және орта ғасырлардағы демографиялық мәселелердің тарихи зерттелуі
4. 3. Жаңа заман және қазіргі заман тарихындағы демографиялық мәселелердің зерттелуі
. 4. 4. XVII-ХІХ ғ. ғ. халықтың көші-қон мәселелері
4. 5 Көші-қон және табиғи көші-қон түсініктері
4. 6. Табиғи өсім: туылу және өлу. Халықтардың динамикалық өсім
Лекция мақсаты: Студенттерге халықтың табиғи көші -қон мәселесін тереңінен тусіндіру және ішкі және сыртқы жағдайларын анықтау.
Лекция мәтіні: Миграция қоныс аудару, көшіп-қону. Адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп - қонуы. Миграция адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Иммиграция - қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі. Эмиграция -қоныстанушылық, бір мемлекет азаматының екінші бір мемлекетке белгілі бір жағдайлар мен тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кетуі. Экономикалық миграция- әлеуметтік -экономикалық факторларға тікелей байланысты, жұмыс іздеу, табыс табуға байланысты болатын процестер.
Қазақстандағы ұлттық үрдістерді жандандыратын күш, ол миграция. Мәселен 1992 жылдың арасында Қазақстанға 350 мың оралман келді ең көп келген оралмандар 1992 жылы болды. Саны 62 мың сосын биылғы жыл. Біздің өз табиғи өсіміміз 130 мың, оған биыл келген 75 мың оралманды қоссақ, бір жылда 200 мың таза өсім көрудеміз деуге болады. Алдағы 5 жылда осы бағыттан таймасақ 1 миллионға артамыз. Бұл тамаша жетістік. Келесі жылдың алғашқы тоқсанында біз өз жерімізде 9 миллионға жетеміз. Алдағы уақытта Қазақстандағы халықтың саны тек қазақтың есебіне өседі.
Бүгінгі таңдағы шет елдегі шашыраған қазақтарды тарихи отанына уақыт оздырмай оралту, оларды ұйымдасқан түрде орналастыру, тұрғылықты жерінде тиісті жағдайлар туғызу, мемлекетіміздің тікелей міндеті. Бұл міндетті жедел жүзеге асыруға, қаржы қаражат шығаруға мемлекеттің пейілі жетсе шамасы жетері белгілі. Алайда осынау демографиялық саясатымызды жте түсінбейтіндей сыңай танытып аса құлықты болмай, бұл мәселеге әлі жете мән бермей жүргеніміз өте қынжылтады.
1900 жылдың бірінші жартысындағы 12 айда 70 мың адам қайтыс болса, 320 мың бала дүниеге келіп, халқымыз 250 мың немесе 24. 5 промильге өсім берген. Баланы ең көп туатын ай маусымда 25 мың жас нәресте шыр етіп өмірге келсе, 6 мыңдай адам өмірімен қоштасты. Тіптен санымыз 10 миллионға толған мерекелі күндеріміз 30 маусымдағы және шілденің 1 жұлдызындағы 2 тәулік ішінде 200 адам қайтыс болса оның есесіне 1700-дей нәресте дүниеге келген.
2004 жылы мамыдың 28 күні халқымыздың саны 15 миллионға жетті. Сыртқа көшу тежелді. Халықтың саны тек табиғи өссім мен ғана көбейді десек, қазақ әйелінің бала тууы әр анаға шаққанда 2, 3 -ке жетті. 25-30 жастағылар арасында отбасып құру, некелесу саны азда болса арта түсті. Қазір елімізде 8, 5 миллион қазақ бар. Сондай-ақ жаңадан үйленген жас отбасыларына жағдай туғызу керек, ол үшін оларға үкімет тарапынан үұзақ мерзімге несиеге пәтер алу керек. Егер ол отбасына бір бала дүниеге келетін болса 50 пайызын, үш бала келетін болса 75 пайызына, төрт бала келетін болса несиені тегін түгел деп есептеу керек.
Бақылау сұрақтары:
- Оралмандар ахуалы.
2. Миграция түсінігі.
3. Ішкі және сыртқы миграциялық процестер.
4. Миграциялық процестердің обьективтік және субьективтік жақтары.
5. Босқындар проблемасы.
6. Заңсыз көші - қон.
7. Аймақтық миграциялық процестер.
8. Қазақстандағы тарихи миграциялық процестер.
9. Қ. Р миграциялық процестердің ерекшкліктері.
10. Халықтың өсу және құлдырау динамикасы.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
- Қ. Р-дағы көші - қон мәселесі.
- Қазіргі кездегі миграциялық процестер.
- Қазақстандағы мигранттар мәселесі.
- Қ. Р. миграция динамикасы.
5 лекция. Тақырыбы: . Тарихи демография пәні және хронологиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz