Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері

Ескеева М. Қ.,

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің

профессоры, ф. ғ. д.

Еуразия кеңістігінің ұлан-ғайыр аумағын алып жатқан автохтонды суперэтнос-түркі халықтарының тұтас мәдени-өркениеттік аясы Солтүстік мұзды мұхиттан Жерорта теңізінің аралығындағы, шамамен 14-15 миллион шаршы километр болатын алып территорияны қамтиды. Ежелгі түркі тайпаларының мекені тек мал шаруашылығына ыңғайлы Еуразияның далалық аймақтарымен ғана шектелмей, адамзат өркениетінің ерте кезден қалыптасқан суармалы оазистік ошақтарын, Алтай, Тянь-Шань, Памир, Кавказ тауларын да қамтуы олардың мәдени-тұрмыстық кеңістігінің біркелкі табиғи ландшафтан ғана емес үлкен өркениет қалыптастыруға қолайлы әртүрлі жер бедерлерінен тұратынын көрсетеді. Түркілердің өздері бейімделген тұрмыстық-мәдени кеңістігін қалыптастыруы, игеруі шегаралас, өзіндік өркениеті қалыптасқан басқа да суперэтностардың мәдени-саяси ұстанымдары мен саяси-экономикалық даму-құлдырау үдерісінің амплитудасына байланысты болды. Өркениеттер арасындағы байланыс мәдени сұхбаттасу деңгейінде ғана емес жаугершілік сипатта да болатыны белгілі. Түркі халықтары мен көршілес халықтар арасындағы тарихи процестер де екіжақты болғаны тарихтан белгілі. Түркі халықтарының тарихы, жалпы адамзат өркениетіндегі орны жайлы шынайы көзқарастармен қатар, «тұрпайы, мәдениеті дамымаған жабайы халық» деген тәрізді біржақты көзқарастардың қалыптасқаны көпшілікке аян. Қалай болғанда да техногендік өркениетке дейін мыңдаған жылдық адамзат тарихында түркілердің қуатты күш болғаны күмән тудымайтын тарихи шындық. . Этномәдени кеңістіктің ұлғаюы немесе ықшамдалуы да, этностардың өз ата-мекенінен ығыстырылуы, ассимиляцияға ұшырауы, тіпті тұтастай жойылып кетуі де тарихи-әлеуметтік үрдіс. Мұндай тарихи оқиғалардан түркі халықтары да тыс қалмады. Көне замандардан бері дербес тайпалық одақтар мен хандықтарға бөлінсе де, өзара ұласып-сабақтасып жататын суперэтностық тұтастығын қамтамасыз етіп келген түркі кеңістігі көршілес империялар тарапынан бөлшектеуге түсті. Сібір мен Орталық Азияның арасына, Еділ бойы түркі халықтары мекенінің ортасына, Еуропа мен Азияның аралығына басқа мәдениеттер орнықты, тамыры бір Осман түріктерімен байланыс үзілді. Империялық саясатқа байланысты түркі халықтарының біразы ата-мекенінен шетелдерге ауа көшуге мәжбүр болса, Қытай мен Ресей арасындағы саяси-дипломатиялық ахуалға байланысты 1990 жылдардың алғашқы кезеңдеріне дейін Шығыс Түркістанды, Тұрфан өңірін мекендеген автохтонды (ұйғыр, сары ұйғыр, салар т. б. ) түркі этностарымен де қарым-қатынас күрделене түсті. Бұл негізін жалпытүркілік тектілден алатын, сан ғасырлық даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан Еуразия кеңістігіндегі 40 -тан аса түркі тілдерінің дамуында, жазба дәстүрінің қалыптасуында, қолданыс аясында белгілі бір дәрежеде із қалдырды.

Өкінішке орай, түркі халықтарының жартылай көшпелі өмір салты мен саяси-әлеуметтік жағдайына байланысты ХІ ғасырда Махмұд Қашқари шығармашылығынан басталып, ХҮ ғасырға дейін классикалық араб тіл білімімен сабақтастықта қалыптасқан түркі тіл білімі (Жалалиддин Әбу Мұхаммад Абдуллах Түрки, Махмұд ибн Омар Замахшари, Джамал ад-дин ибн Муханна, Асиф ад-Дин Абу Хайан Мухаммад ибн Али ибн Юсуф ал-Гарнати) біраз уақыт кешеуілдеп барып, жалғасын тапты. Түркі тілдерін, түркі жазба мұраларын зерттеу ХХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейін негізінен басқа ұлт өкілдерінің, шетел ғалымдарының үлесінде болды. Саяси-әлеуметті жағдайларға, академиялық ғылыми дәстүрдің кешеуілдеп қалыптасуына байланысты түркі халықтары өкілдерінің өз тілдері мен оның тарихын зерттеуге мүмкіндігі аз болды. Бұл мәселе де түркі тілдерінің табиғи болмысы мен тарихи даму жолын анықтаудағы еуроцентристік көзқарастардың қалыптасуына алып келді.

Кеңес үкіметі кезінде орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің көбеюі, жаңа емлелік ережелердің қалыптасуы, жаңа жазу жүйелерінің енгізілуі түркі халықтары тілдерінің табиғи дыбыстық жүйесіне көп өзгерістер әкеліп, қолданыс аясын біршама тарылтқанымен, ұлттық кадрлардың қалыптасуы, әрбір түркі тілінің терең зерттелуі, түркі тіл білімінің аясында академиялық деңгейдегі салалық тіл білімдерінің (қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі, түркімен тіл білімі, қырғыз тіл білімі, әзірбайжан тіл білімі, татар тіл білімі т. б. ) қалыптасуы осы кезеңнің жемісі. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін түркі тілдерін, түркі тілдерінің тарихын зерттеудің бағыт-бағдары жаңаша сипат алып келеді. Әсіресе дербес мемлекетін құрған түркі халықтары тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында жұмыстар жүргізіп, түркі тілдерінің тарихына қатысты жіберілген олқылықтар мен бұрмалаушылықтарды тарихи ақиқат тұрғысынан зерделеуді қолға алынуда. Дегенмен бұл түркі тілдерінің проблемасы шешілді деген сөз емес екені белгілі. Ұзақ жылдар бойы басқа мәдениеттің ықпалында болып, суперэтностық тұтастығына нұқсан келген түркі халықтарының тіліне қатысты өзекті мәселелер де жеткілікті. Қазіргі түркі халықтарының мәдени-рухани құндылықтары мен ұлттық рухы жалпытүркі әлемінің рухани құндылықтарынан бастау алатындықтан ұрпақ бойына ұлттық рухты сіңіріп, жалпытүркілік ұлттық сананың берік қалыптасуын қамтамасыз ету қазіргі түркілердің түркілік тектілден тараған ана тілдерін меңгеру деңгейіне байланысты. Сондықтан түркі тілдерінің қолданыс аясына, әліпби жүйесіне, зерттелуіне тарихына қатысты мәселелер жалпытүркілік континиумда қарастырылса нәтижелі болмақ .

Түркі тілдеріне қатысты қордаланған проблемаларды шешудің негізгі жолдарының бірі - әлемдік түркітану саласында жинақталған ғылыми білімнің озық идеяларымен, соңғы жетістіктерімен қаруланған, креативті ойлауға машықтанған, білікті лингвист-түрколог мамандар дайындау екені белгілі. Кәсіби түрколог-лингвистер дайындау біздің елімізде қолға алына бастады. 2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «түркі тілдері» мамандығы бойынша магистратура ашылса, биылғы жылы (2009) «түркі жазба ескерткіштерінің тілі» мамандығы бойынша да магистрлер қабылдау, «түркі тілдері» бойынша PhD (докторлар) дайындау және осы мамандықтың базалық (бакалавриаттық) деңгейі ретінде бұрыннан бар «қазақ тілі мен әдебиеті», «қазақ филологиясы» мамандықтарымен қатар жаңадан «түрік тілі» мамандығын ашу жоспарланып отыр. Болашақта аталған мамандықтар бойынша тек қазақстандық жастар ғана емес түркі халықтары шоғырланған басқа елдерден де түркі тілдері бойынша (әсіресе, хакас, якут, қарашай-балқар, татар, башқұрт, ноғай, чуваш халықтары тәрізді басқа мәдениет арасындағы түркі тілдерінің өкілдерін) базалық білімі бар магистрлер тарту және әлемдік түркологиядағы қазақ тілінің рөлін арттыру мақсатында оқу үдерісінің «жұмыс тілі» ретінде мемлекеттік тілді белгілеу көзделуде. Бұл университет жанынан қазақ тілі бойынша қысқа мерзімдік (2-3 айлық) дайындық курсын ашуды қажет ететін мәселе. Өз ана тілін жақсы білетін түркі халықтарының жастарына 2-3 ай мерзімінде қазақ тілін меңгерту қиындық тудырмайтынын оқытушылық тәжірибемізден білеміз.

Елімізде, лингвист-түрколог мамандар дайындауға қатысты мынадай проблемалар туындап отыр:

І. Түркі тілдерінің хронологиялық - тарихи даму кезеңдерін, толық қамтитын, жүйелі оқу құралдары мен оқулықтар кешенін дайындау . Оқу үдерісінде қолданылып жүрген түркітануға байланысты еңбектердің көпшілігі монографиялық сипатта болып келуі, сондай-ақ “Түркітануға кіріспе”( Ә. Қайдар, М, Оразов), “Түркі филологиясы және жазу тарихы” (А. Аманжолов) “Түркітану” (О. Бүркіт), “Түркі филологиясына кіріспе” (М. Ескеева), “Қазақ жазуының тарихи негіздері”(М. Ескеева) т. б. тәрізді бірен-саран оқулықтар мен оқу құралдарының түркологиялық лингвистиканың толық бағдарламасын қамти алмауы аталған мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр.

ҚР Президентінің Жолдауында да («Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2008 жылғы ақпан айындағы) білім беру жүйесін жетілдіру басым бағыттар қатарында аталып, қоғамның басты байлығы мен қозғаушы күші - адам факторына, ел тарихы мен тағлымына, мәдени-рухани құндылықтарға, ұлттық рух пен патриотизмге, жастардың кәсіби біліктілігі мен тәлім-тәрбиесіне ерекше ден қойылды. Жаһандану үдерісіне өзіндік болмыс-бітімімен араласа алатын, әлемдік ақпараттық кеңістікке ұлттық мүддені ескере отырып, еркін бойлай алатын, бәсекеге қабілетті кәсіби маман дайындау түркітану ғылымының салалық пәндерін білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарына сай жаңа технологиялар мен инновациялық әдістемеге негізделген жаңа тұрпатты оқу құралдарын дайындаумен ұштасады.

Сондықтан түркітануға қатысты лингвистикалық пәндерді жоғары оқу орындарында оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздемесін жасау, соған орай түркі тілдерінің даму кезеңдерін толық қамтитын, түркі халықтарының алғашқы төл жазуы - көне түркі руна әліпбиінен бастап, орта ғасыр түркі мұралары хатқа түскен көне ұйғыр, араб, көне латын, армян әліпбилерін меңгертуге, қазіргі түркі тілдеріне тән заңдылықтарды ҮІІ- ХҮІ ғасыр жазба мұралары тілі негізінде игертуге бағытталған жүйелі оқу құралдары мен оқулықтар кешенін дайындау кезек күттірмейтін мәселе. Бұл - болашақ мамандардың жалпытүркілік өзекті мәселелерді терең түсініп, өз білімдерін жаһандану дәуіріндегі түркі әлемінің ортақ рухани құндылықтарын сақтауға, түркілік гуманитарлық ғылыми білімнің тарихи тұғырын нығайтуға жұмсауларына жол ашады. Оқулықтарды дайындау барысында:

* Түркі тілдерінің тарихи даму кезеңдерін сипаттайтын ғылыми-теориялық зерттеу нәтижелерін, прототүркі тілі жайлы идеялар мен ғылыми гипотезаларды, әр кезеңнің басты ерекшеліктерін көрсететін тілдік материалдарды жинақтау, өңдеу, сұрыптау және оларды жаңа сападағы оқулықтар дайындау барысында тиімді пайдаланудың методологиялық негіздемесін жасау қажет;

* Түркі тілдеріне қатысты лингвистикалық деректерді интерпретациялауда структуралық және антропологиялық парадигмалардың сабақтастығына құрылған аралық қағидаларды негізге ала отырып, түркі лингвистикасын зерттеудің, оқытудың заманауи проблемаларын айқындау және оларды шешудің обьективті амалдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі өркениеті
Саһа кеңістігі
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні мен мазмұны
Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ және хакас тілдерінің орны
Тас (жоғарғы-энеолит) ғасырларындағы антропо-мәдени және шаруашылық жүйесі
Еуразияшылдық идея
Әлем тілдерінің топтастырылуы
Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру бағдарламалары - жаңа Қазақстанның философиясы. Еуразияшылдық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz