Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық проблемасы


Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық проблемасы

Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.

Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, егер 2003 жылы автокөлік құралдарының саны 84488 бірлікті құраса, 01. 12. 2009 ж. ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша заңды және жеке тұлғалардың 358 394 бірлік көлік құралдары тіркелген.

2003-2008 жылдарға жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары (тонн)

Жылдар: Жылдар
2003*: 2003 *
2004*: 2004 *
2005*: 2005 *
2006*: 2006 *
2007*: 2007 *
2008*: 2008 *
Жылдар: Южно-Казахстанская область
Жылдар: Ластауыш зат шығарындылары, барлығы
2003*: 53278
2004*: 67957
2005*: 81171
2006*: 98024
2007*: 112204
2008*: 121480

* - ластауыш заттардың шығарындыларының мәні есептік жолмен алынған.

2007-2008 жылдарға Оңтүстік Қазақстан облысының аса ірі табиғат пайдаланушыларының тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын ластауыш заттарының шығарындыларының салыстырмалы анализі

Кесте

№ р/с: № р/с
Атауы: Атауы
Зиянды зат шығарындылары, мың тонна: Зиянды зат шығарындылары, мың тонна
Төмендеуі, көбеюі %, есе: Төмендеуі, көбеюі %, есе
№ р/с: 2008г.
Атауы: 2007г.
№ р/с: 1
Атауы: «Петро Қазахстан Ойл Продактс» ЖШС
Зиянды зат шығарындылары, мың тонна: 16, 816
Төмендеуі, көбеюі %, есе: 16, 779
№ р/с: 2
Атауы: «Южполиметалл» ӨК» АҚ
Зиянды зат шығарындылары, мың тонна: 1, 098
Төмендеуі, көбеюі %, есе: 8, 51
№ р/с: 3
Атауы: «Шымкентцемент» АҚ
Зиянды зат шығарындылары, мың тонна: 1, 463
Төмендеуі, көбеюі %, есе: 2, 261
№ р/с: 4
Атауы: «3-Энергоорталық» АҚ
Зиянды зат шығарындылары, мың тонна: 1, 586
Төмендеуі, көбеюі %, есе: 0, 741

*№2ТП-ауа стат. есебінің мәндерінен алынған.

Кестені анализ жасап отырып келесілерді байқауға болады: 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы «Южполиметалл» ӨК» АҚ-да (87%), «Шымкентцемент» АҚ-да (35 %) ластауыш зат шығарындылары төмендеген, сәйкесінше, негізгі металлургиялық кешеннің тоқтап қалуымен және цемент шығарудың төмендеуімен байланысты. «Петро Қазахстан Ойл Продактс» ЖШС-де (0, 22 %) мұнай өңдеудің азырақ өсуіне байланысты шығарындылар да көбейген. «3-Энергоорталық» АҚ кәсіпорнында 2008 жылы ластауыш заттардың 2007 жылмен салыстырғанда өсуі (2 есе) қазандықтардың жұмыс істеуіне отын шығынының артуына және Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету зонасы бұрын 1, 2-ЖЭС қызмет көрсететін аймақтардың қосылуымен кеңеюіне байланысты болды.

Тұрақты көздерден ластауыш заттардың шығарындылары, тоннамен

Жылдар: Жылдар
2004: 2004
2005: 2005
2006: 2006
2007: 2007
2008: 2008
Жылдар: Барлығы
2004: 31075, 9
2005: 36763, 1
2006: 38921, 4
2007: 39899, 179
2008: 40360, 135

Ластауыш заттардың шығарындыларының өсуі ЖЭО-да сұйық отын шығынының артуымен және қатты отын қазандықтарын пайдаланумен байланысты.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Түркістан ауданы экологиялық өзгерістерге толы өлке. Мұнда аптап ыстық та бар, өңменіңнен өтер қара суық та таңсық емес. Арал дағдарысының әсеріне ұшыраған cop басқан атырап та барған сайын ұлғайып келеді. Өңір тұрғындарының ежелден күн көрісі мен кәсібіне айналған егіншілік те құнарлы жер танаптарының дағдарысқа ұшырауын айқын сезінеді. Ежелден жер еміп өскен жергілікті халық сорланған топырақ пен су тапшылығының қиындықтарын үнемі бастан кешіруде. Әлеуметтік саладағы күрделіліктер те кезінде өңірдің жасыл желегіне зиянын тигізіп үлгерді. Күн көріс үшін шабылған ағаш, оталған орман мен алаңқайлар өзен жағалауының ландшафтының өзгерісіне, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесінің азып-тозуына мұрындық болды. Мұның бәрін былай қойғанда, үлкен экологиялық өзгерістерге себепші болғандар қатары - шаруашылық пен өндіріс қалдықтарымен, егіс даласына қисапсыз шашылған улы тыңайтқыш химикаттар мен есепсіз жұмсалған ластаушы қатты және газ тәрізді қалдықтар қатарымен толыға түседі. Ауыл шаруашылығындағы егістік жерлердің тұрақты пайдаланылуы, агротехникалық әдістердің дұрыс қолданылмауы топырақтың қөректік балансын бұзып, жарамсыз жағдайға ұшыратуда және шөлдену процестерін туғызуда. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы - егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Арал-Сырдария бассейнінде орын алып отырған күрделі экологиялық ахуал Түркістан өңіріндегі ауылшаруашылық дақылдарына, жеміс ағаштарына және субтропикалық өсімдіктерге, нәтижесінде адам организміне үнемі зиянын тигізіп келді. Жер және минеральды шикізат ресурстары, ауылшаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы - жалпы Оңтүстік Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс.

Түркістан өңірі үшін бүгінгі күнге дейін әлі де шешімін таппай отырған мәселелердің бірі: қолданылған тұрмыстық қалдық су тазалау қондырғыларының талапқа сай жұмыс істемеуі. Қалдық су тазалау қондырғылардың жай-күйі еш сын көтермейді. Қондырғылардағы түрлі биологиялық, химиялық тазалауыштар түгілі, кэдімгі қарапайым механикалық тазалауыштар да іске жарамай тұр. Су тұндыратын 28 картаның жағдайы мүшкіл - су толып кеткен және уақтылы тазартулар жасалынбаған. Бұл мәселеге тез арада дабыл қағылып, орнықты шешімдер қабылданбаса, өлке тазалығы мен тұрғындар денсаулығы көрсеткіштері ушыға түсері сөзсіз.

Су - тірішілік көзі. Су көздеріне түсетін антропогенді салмақ артқан сайын, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы уақыт өткен сайын күрделене түсуде. Түркістан аймағына 11 ауылдық округі бар Түркістан қаласы және 5 ауылдық округі бар Кентау қаласы енеді. Ауданның сумен қамтамасыз етілуін арттыру мақсатымен өзендер бойынан 7 су қоймасы салынған: "Сасық бұлақ", "Шерт", "Ермак", "Ақтөбе", "Майдантал",

"Шылбыр" және "Қосқорған". Жерасты су деңгейінің көтерілуіне байланысты "Түркістан" және "Борисовка" дренаж коллекторлары салынған. Суға қатысты мәселелерді туындататын негізгі факторлар ретінде су қорғау шараларының тиімсіз орындалуы, аймақтардағы су ресурстарының дефициті, табиғи су көздерінің минералды және микроэлементті құрамының нашарлауы, су құбыры жүйелерінің апатты жағдайы мен су тазалау жұмыстарындағы ол қылықтарды айтуға болады. Әсіресе, Түркістан сияқты аридті қуаңшылық аймақ үшін су қадірі күн санап еселене түсері сөзсіз. Қала тұрғындарының бүгінгі күні 60 пайызға жуығы "Ауыз су" талаптарына сәйкес тазаланбаған құдық суын пайдаланып отыр. Қала аумағының күннен күнге өсуіне қарамастан бұл мәселелер баяу шешімін табуда. Осы мәселенің шешімін табады деп күтілген Кентау-Түркістан су торабының құрылысы созылып барады. Сол сияқты суғармалы су мәселесі де әлі күнге дейін өткір қалпынан танбай келеді. Осы мәселемен тығыз байланысты болып келе жатқан жасыл желек санын көбейту, жасыл екпелер мен көшеттермен қамтамасыз ететін питомниктер санын арттыру күн тақырыбынан түспей отырған өзекті мәселе. Осыған байланысты, көтеріліп отырған "Жасыл аймақ" бағдарламасына барынша қолдау көрсетіп, қуаттаған дұрыс.

Түркістанда барлық шаруашылық объектілері мен жеке үйлерде жылына 200-270 мың тонна қатты отын - көмір жағылады. Басқа тиімді, қалдықсыз отын түрлерінің өңірге жетпеуі салдарынан бұл көрініс жыл сайын қайталануда. Нәтижесінде, қала атмосферасына - қоршаған ортаға 17000 шартты тонна қалдық шығарылып тасталынады. Қалдықсыз немесе мейлінше зиянсыз тиімді отын түрлерін пайдалануды қазіргі күнне бастап қолға алған дұрыс.

Қаланың солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін 8 га жерге рекультивация жасау әлі аяқталмай отыр. Қалпына келтіру жұмыстары біткен соң бұл маңда дендропарк бой көтермек. Қалалық қоқыс төгетін бұл орын қазір қаланың солтүстік батысына көшірілген және бұл мақсат үші 3 га жер телімі бөлінген. Сол сияқты, түрлі мақсаттарға пайдаланған жер телімдері, ашық қарьерлер түрінде рекультивация жасалынбаған күйде қалып отыр.

Түркістан қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Кентау қаласы маңында түрлі өндіріс қалдықтары көптеп шоғырланған. Олар: кен-байыту фабрикасынан шыққан химиялық қосылыстары мол тау-кен қалдықтары, жылу электр орталығының кұл қалдықтары және тағы басқалары. Оның көлемі 140 млн. тоннаға жуықтаған. Олар жел бағытымен жан-жаққа ұшып, өңірдеп топырақ қабатының ауыр металдармен ластануына, құнарлылығының кемуіне, жайылымдар сапасының төмендеуіне, тұрғындар денсаулығының нашарлауына әкеліп соғуда. Қаладағы Хантағы қалдықсақтағышына 2004-2005 жылдары рекультивация жасалынды. Алайда, көлемі жағынан мұнан едәуір үлкен Байылдыр қалдықсақтағышына рекультивация әлі басталған жоқ. Мұның зиянды салдарын Түркістан халқы осы уақытқа дейін бастан кешіруде. Табиғатта қалындығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Сондықтан, топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 500 мың теңгеге дейін, кейде онан да көп. Мұның тағы бір зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді.

Қорыта айтқанда, Түркістан өңірі үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша қордаланған мәселелер жеткілікті. Бірақ мұнан, мемлекеттік мекемелер мен жергілікті ұйымдар қол қусырып қарап отыр деген ой туындамауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы физикалық - географиялық сипаттама
Қарағанды облысының экологиялық-экономикалық жағдайы
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апат аймақтары
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы ақпарат
Апатты аймақтар
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz