Неке мен отбасылық қатынастың мәні және оның тарихи дамуы
1 Неке мен отбасылық қатынастың мәні және оның тарихи дамуы
2.лекция Отбасындағы идеялық және адамгершілік негіздер мен психологиялық ахуал.
3.лекция Отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеy
4. лекция Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
5.лекция Отбасы өмірінің эстетикасы мен бос уақты
6.лекция. Жастарды отбасы.некелік өмірге даярлаудың
әлеуметтік мәні
7.лекция Жастардың некелесуге дейінгі қарым.қатынас жасау мәдениеті.
8.лекция Жастарды отбасылық өмірге тәрбиелеудегі
пән аралық байланыстар
9.лекция Отбасының әртүрлі кезеңдерде қызмет ету ерекшеліктері
10.лекция. Серіктестік және ерлі.зайыптылық қарым.қатынас психологиясы
11.лекция. Отбасы психотерапиясы
12.лекция. Отбасылық кеңес беру
13 . лекция. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Неке туралы жалпы түсінік. Неке – тарихи кезендерге сай қалыптасқан, қоғам негіздейтін және реттейтін, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейтін рәсім.Неке дәстүр бойынша ер жеткен адамзат пен бой жеткен қыздың, ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынастың заң жүзінде бекітілуі, сөйтіп олардың өздеріне жұбайлық міндеттер қабылдауы. Неке және отбасы туралы заң бойынша, азаматтық хал, еркек пен әйелдің отасып, отбасын құрайтын ерікті одағы. Жаңа ұрпақтың тұлғасы мен рухани жетілуі көбінесе некелік қатынастың сипатына байланысты . Әлеуметтік жағдай мен мәдениеттің өзгеруімен орайлас адамдардың өз ұрпағын жалғастыруға деген табиғи құштарлығы неке арқылы реттеліп отырады.некенің әлеуметтік мәні, сайып келгенде, үстем қоғамдық қатынастың сипатымен белгіленеді, оған саясат, мораль, дін де әсер етеді. Неке тәртібін реттеумен қатар қоғам оны қорғау жөнінде өзіне белгілі дәрежеде міндеттеме алады, некелескен жұбайлар өз балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етуге, тәрбиелеуге міндетті болады,демек, оларға отбасының болашағы үшін жауапкершілік жүктеледі.
Некенің тұрақтылығын үшін зор маңызы бар маральдық қасиеттер - өзара сыйластық пен өзара көмек және ата–аналық парыз. Некенің алғашқы түрлері жайында әр түрлі жорамалдар бар.Некенің тарихи нысандары алуан түрлі. Оларды былайша топтауға болады: моногамия – бір еркектің бір әйелмен некелесуі (бұл бүгінгі таңда басым болып отырған неке нысаны); поляндрия – бір әйел мен бірнеше еркектің арасындағы неке; экзогамия - өзімен рулас адамдармен емес, басқа рудың, тайпаның т.б. өкілдерімен некелесу;эндогамия – тек өз руының, тайпасының т.б. ішінде ғана некелесу. Неке жыныстық сезімді және соның негізінде туындайтын қатынастарды реттеу тәсілі ретінде өркениеттің ертерек кезеңдерінде пайда болды. Қоғамдастықтың әрбір мүшесі үшін тіршілік харекетінің осы бір қырының маңыздылығын ескере отырып, неке әуел бастан-ақ мифологиялық және магиалық тұрғыда түсінілді, оған діни сипатта рұқсат берілді.
Қоғам дамуының демократиалану үрдісі некелік қатынастардың отбасы мен неке туралы ескі түсініктердің құрсауынан толық болмағанымен, айтарлықтай босанып шығуына мүмкіндік туғызды. Ұрпақ жалғастыру дүниеге бала әкелу міндетті некенің ашықтан – ашық жарияланған бірден- бір мақсаты болудан қалды. Ол ерлі-зайыптылардың тату–тәтті тұрмыс құрып, тіршілік етуінің нысанына айналды, адамдар некелі отбасы ауқымында жыныстық- нәпсілік қажеттерін қандырып қана қоймай, сонымен бірге некелес жұбайлар үй шаруасын ұйымдастырып, бір-бірінен сезімдік, экономикалық және тұрмыстық қолдау тауып отырды.
Отбасы – некеге немесе қандас туысқа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысының ортақтылығымен және өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі. Отбасы қоғамның дамуында маңызды роль атқарады. Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Отбасында бастапқы әлеуметтену үрдісі жүзеге асады, балалар адамзаттық кәмілетке толғанша тәрбиеленеді, қоғамның еңбекке жарамсыз қарт мүшелеріне қамқорлық жасау міндеттемесі іске асырылады. Отбасы сондай–ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы, ощағы және маңызды тұтынушылық бірлік әрі негізгі элементтік саясат объектілерінің бірі болып табылады. Отбасы өмірінің материалдық жағы табиғи биалогиялық және шаруашылық – тұтыну қатынастарынан құралады, рухани жағы – қоғамдық–экономикалық жүйенің, қоғамдық қатынастардың сипатымен, мәдени – даму дәрежесінің ерекшеліктерімен, ұлттық әдет–ғұрып үрдісімен сипатталады.

Жоспар:
1. Неке туралы жалпы түсінік.
2. Отбасы туралы жалпы түсінік.
3. Неке мен отбасылық қатынастардың мәні.
4. Неке мен отбасының тарихи дамуы.
1. Неке туралы жалпы түсінік. Неке – тарихи кезендерге сай
қалыптасқан, қоғам негіздейтін және реттейтін, ерлі-зайыптылардың
отбасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейтін рәсім.Неке дәстүр
бойынша ер жеткен адамзат пен бой жеткен қыздың, ер мен әйелдің
арасындағы қарым-қатынастың заң жүзінде бекітілуі, сөйтіп олардың
өздеріне жұбайлық міндеттер қабылдауы. Неке және отбасы туралы заң
бойынша, азаматтық хал, еркек пен әйелдің отасып, отбасын құрайтын
ерікті одағы. Жаңа ұрпақтың тұлғасы мен рухани жетілуі көбінесе некелік
қатынастың сипатына байланысты . Әлеуметтік жағдай мен мәдениеттің
өзгеруімен орайлас адамдардың өз ұрпағын жалғастыруға деген табиғи
құштарлығы неке арқылы реттеліп отырады.некенің әлеуметтік мәні, сайып
келгенде, үстем қоғамдық қатынастың сипатымен белгіленеді, оған саясат,
мораль, дін де әсер етеді. Неке тәртібін реттеумен қатар қоғам оны
қорғау жөнінде өзіне белгілі дәрежеде міндеттеме алады, некелескен
жұбайлар өз балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етуге, тәрбиелеуге
міндетті болады,демек, оларға отбасының болашағы үшін жауапкершілік
жүктеледі.
Некенің тұрақтылығын үшін зор маңызы бар маральдық қасиеттер -
өзара сыйластық пен өзара көмек және ата–аналық парыз. Некенің алғашқы
түрлері жайында әр түрлі жорамалдар бар.Некенің тарихи нысандары алуан
түрлі. Оларды былайша топтауға болады: моногамия – бір еркектің бір
әйелмен некелесуі (бұл бүгінгі таңда басым болып отырған неке нысаны);
поляндрия – бір әйел мен бірнеше еркектің арасындағы неке; экзогамия -
өзімен рулас адамдармен емес, басқа рудың, тайпаның т.б. өкілдерімен
некелесу;эндогамия – тек өз руының, тайпасының т.б. ішінде ғана некелесу.
Неке жыныстық сезімді және соның негізінде туындайтын қатынастарды реттеу
тәсілі ретінде өркениеттің ертерек кезеңдерінде пайда болды.
Қоғамдастықтың әрбір мүшесі үшін тіршілік харекетінің осы бір қырының
маңыздылығын ескере отырып, неке әуел бастан-ақ мифологиялық және
магиалық тұрғыда түсінілді, оған діни сипатта рұқсат берілді.
Қоғам дамуының демократиалану үрдісі некелік қатынастардың отбасы
мен неке туралы ескі түсініктердің құрсауынан толық болмағанымен,
айтарлықтай босанып шығуына мүмкіндік туғызды. Ұрпақ жалғастыру дүниеге
бала әкелу міндетті некенің ашықтан – ашық жарияланған бірден- бір
мақсаты болудан қалды. Ол ерлі-зайыптылардың тату–тәтті тұрмыс құрып,
тіршілік етуінің нысанына айналды, адамдар некелі отбасы ауқымында
жыныстық- нәпсілік қажеттерін қандырып қана қоймай, сонымен бірге некелес
жұбайлар үй шаруасын ұйымдастырып, бір-бірінен сезімдік, экономикалық
және тұрмыстық қолдау тауып отырды.
Отбасы – некеге немесе қандас туысқа негізделген қоғамдық шағын
топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысын
ұйымдастырудың бастапқы нысанасы, яғни тұрмысының ортақтылығымен және
өзара моральдық жауапкершілік, көмекпен байланысқан адамдардың
бірлесуі. Отбасы қоғамның дамуында маңызды роль атқарады. Онда адам
дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Отбасында бастапқы әлеуметтену үрдісі
жүзеге асады, балалар адамзаттық кәмілетке толғанша тәрбиеленеді,
қоғамның еңбекке жарамсыз қарт мүшелеріне қамқорлық жасау міндеттемесі
іске асырылады. Отбасы сондай–ақ тұрмысты ұйымдастырудың ұйытқысы, ощағы
және маңызды тұтынушылық бірлік әрі негізгі элементтік саясат
объектілерінің бірі болып табылады. Отбасы өмірінің материалдық жағы
табиғи биалогиялық және шаруашылық – тұтыну қатынастарынан құралады,
рухани жағы – қоғамдық–экономикалық жүйенің, қоғамдық қатынастардың
сипатымен, мәдени – даму дәрежесінің ерекшеліктерімен, ұлттық әдет–ғұрып
үрдісімен сипатталады.
Отбасының негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды.
Алайда отбасы тек еркек пен әйел арасындағы қатынастардан ғана
емес,сонымен қатар адамдардың қатынастарынан да тұрады. Мұның өзі аса
маңызды әлеуметтік сипат береді.
Отбасының мәні оның міндеті мен құрылымы, мүшелерінің атқаратын
рольі деген ұғымдар арқылы көрініс табады.Отбасының міндеттері, бір
жағынан, отбасы мен қоғамның, екінші жағынан, отбасы мен жеке адамның
өзара іс-қимылын көрсетеді. Қоғам дамуына қарай оның белгілі бір
әлеуметтік қажеттерін қанағаттандыруға тиіс әлеуметтік интернет
ретінде отбасының мазмұны да, әлеуметтік міндеттері де өзгеріп отырады.
Отбасының аса маңызды міндеттері – артына ұрпақ қалдыру және оны
тәрбиелеу мен асырау, жеке меншікті мұраға қалдыру. Отбасының құрылымы
дегеніміз туыстық қатынастармен қатар, рухани, адамгершілік қатынастар,
яғни оның мүшелері арасындағы бүкіл қатынастардың жиынтығы.Қазіргі
заманғы некелік–отбасылық қатынастарда құқықтық қатынастар ерекше роль
атқарады. Бұл қатынастар ерлі–зайыптылардың, әке–шеше мен балалардың
бір–біріне қатысты өзара құқықтары мен міндеттерін заңи нормаларда
бекітеді.
Отбасындағы негізгі рольдік қатынастардың ерлі–зайыптылардың, әке
(шеше) мен балалар, ағайындылар: ағалы–інілер, апалы–сіңілілер, енелер
мен келіндер, аталар мен келіндер, күйеу балалар, абысын–ажындар
арасындағы дәстүрлі қатынастардың және қазіргі заманғы қатынастардан
айырмашылықтары бар. Дәстүрлі қатынастарға сәйкес әйел үй шаруасын
қамдады, бала туып, тәрбиеледі,ал еркек қожайын болды, көбнесе жермен
мүлік иесі рольін атқарды, отбасының экономикалық дербестігін қамтамасыз
етті. Келе–келе отбасындағы әйелдерде өндірістік қызметтерге араласып,
отбасылық ортақ міндеттерді шешуге тең дәрежеде қатыса бастады.
Мұның өзі некелік-отбасылық қатынастардың ерекшеліктеріне, бала
туу денгейінің төмендеуіне және ажырасу денгейінің өсуіне әкеліп соқты.
2. Отбасы туралы жалпы түсінік. Отбасы ана маңызды әлеуметтік
құрылым ретінде көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі. Отбасы
немесе үй қожалығы экономикалық негізінен, тұтынушы құрылым ретінде
экономиканың басты назарында болды, социология отбасына, некеге
негізделген және белгілі бір әлеуметтік міндеттерді орындайтын әлеуметтік
интернет ретінде талдау жасайды, этнографиялық зерттеулер түрлі
этнографиялық сипаттағы отбасылардың өмірі мен тұрмыс салтының
ерекшеліктерін зерделейді,демография үшін халықтың ұдайы өсіп-өніп,
өркендеуіндегі отбасы мен отбасылық құрамның рольі маңызды. Зерделеу
аясына қарай отбасының анықтамасы да түрліше болуы мүмкін. Мәселен, ерлі
зайыптылар арасындағы заң жүзінде рәсімделген қатынастардың болуының
шешуші мәні жоқ, ал құқықтану үшін ол басты назарда болады: педагогика
үшін баласыз отбасының мәні жоқ, ал социология үшін ол маңызды.
Адамзат қоғамның тарихи дамуы барысында әртүрлі жыныс өкілдерінің
арасындағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде табиғи байланыстар мен мүдде
бірлігінің ұштасуынан отбасы дүниеге келді. Отбасы некенің сипатына қарай
моногам, полигам, құрамына қарай дербес немесе бір некелік көп және
құрама некелік көп (бір немесе бірнеше некелік топ), отбасындағы
үстемдіктің сыйпатына қарай патриархтың және матиархтың болып
жіктеледі. Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және даму кезеңдері
туралы ғылым тарихында әртүрлі қағидалар мен пікірлер, белгілі ағымдар
болды. ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі ойшылдар (Ж.Руссо, Х.Гердер, Г
.Гегель) отбасын табиғаты жағынан қоғамның алғашқы некелік негізі деп
түсіндіріп әлеуметтік қатынастарды отбасылық қатынастардан жоғары қойды.
Бұл көзқарасты тұңғыш рет жоққа шығарған Швейцариялық құқық тарихшысы
И.Я.Баховен болды.
Ол неке мен отбасының тарихы жағынан үнемі өзгеріп отырғанын, бір
некелі отбасынан бұрын екі түрлі жыныс өкілдері арасында көп некелі
қатынастардың болғанын, патриархтың бұрын ру өмірінде әйелдің
экономикалық және рухани билігінің басым болғанын дәлелдеді. Бұдан
бұлайғаы жерде отбасы туралы ілім тарихында патриархтық және матриархтық
ағымдар үстемдік алды. Ағылшын этнографы Л.Морган Көне қоғам атты
еңбегінде отбасы тарихын дұрыс бағытта талдады. Бұл кітапты отбасы туралы
материалистік ілімді қалыптастырған Ф.Энгельс өзінің Отбасының жеке
меншіктің және мемлекеттің шығуы атты еңбегіне арқау етті. Марксизм
отбасын дара және топтық қатынастардан тұратын тарихи әлеуметтік құбылыс
деп қарады.
Неке мен отбасының әлеуметтік мәнін, сайып келгенде үстемдік етуші
экономикалық қатынастар белгілейді. Сондай–ақ оған қоғамдық қондырманың
құрамдас бөліктері – құқық, саясат, адамгершілік белгілі бір дәрежеде
ықпал жасап отырады. Қоғам некелескен ерлі–зайыптылардың белгілі бір бір
моральдық нормаларға бағынуын талдап ете отырып, олардың болашағын
қорғайды. Отбасы бақытының баянды болуын қамқорлыққа алады. Отбасының
негізі - еркек пен әйел арасындағы қарым–қатынас нысаны болып табылатын
неке. Ал некелік-отбасылық қатынастарды реттеуге қоғам мүдделі. Өйткені
қоғам өмірінде жүріп жатқан аса күрделі үрдістердің бір парасы –
халықтық өсіп-өнуі мен табиғи тығыздығының артуы, өмірге келіп жатқан
жаңа ұрпақтың рухани және материалдық жағынан қамтамасыз етілуі,
балалардың ата–ана тәрбиесінде және қамқорлығында болуы осы қатынастардың
қалыпты жағдайы мен сыйпатына, мазмұндылығы мен баяндылығына байланысты.
Жалпы неке дегеніміз – ерлі зайыптылардың отбасындағы
құқықтарымен міндеттерін, қоғам негіздейтін және реттейтін рәсім. Неке
дәстүр бойынша ер мен әйелдің арасындағы қарым – қатынастың заң
түрінде бекітілуі, сөйтіп олар өздеріне жұбайлық міндеттер қабылдауы.
Некенің әлеуметтік мәні, сонымен келгенде, үстем қоғамдық қатынастың
сипатымен белгіленеді. Оған саясат мораль, дін де әсер етеді. Неке
тәртібін реттеумен қатар қоғам оны қорғау жөнінде өзіне белгілі
дәрежеде міндеттеме алады.
Некенің тарихи нысаны алуан – түрлі. Олардың былайша топтауға
болады: моногамия – бір еркектің бір әйелмен некелесуі; бір әйел мен
бірнеше еркектің арасындағы неке, қоғам дамуының демократиялану үрдісі
некелік қатынастың отбасы мен неке туралы ескі түсініктердің
болмағанымен.Ұрпақ жалғастыру, дүниеге сәби әкелу. Міндеті некенің
ашықтан – ашық жарияланған бірден–бір мақсаты болудан қалды. Ол
ерлі–зайыптылардың тату–тәтті тұрмыс құрып, тәрбиелі етуінің көзі болып
табылады. Адамдар некелі отбасы ауқымында жыныстық - нәпсілік
қажеттерін қандырып қана қоймай, сонымен бірге некелес жұбайлар үй
шаруасын ұйымдастырып, бір – бірін сезімдік экономикалық және
тұрмыстық қолдау тауып отырды.
Қоғамдастықтың әрбір мүшесі үшін әрекеттің осы бір қырының
маңыздылығын ескере отырып, неке әуел бастан – ақ мифологиялық және
магиялық тұрғыдан түсінілді. Отбасының негізін еркек пен әйел
арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасы қоғамның дамуында маңызды роль
атқарады. Онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Отбасында бастапқы
әлеуметтену үрдісі жүзеге асады, балалар азаматтық кәмілетке толғанша
тәрбиеленеді, қоғамдық еңбекке жарамсыз қарт мүшелеріне қамқорлық жасау
міндеттемесі іске асады.
Отбасы негізін еркек пен әйел арасындағы некелік одақ құрайды.
Алайда отбасы тек еркек пен әйел арасындағы қатынастардан ғана емес
сонымен қатар адамның қатынастарынан да тұрады. Мұның өзі аса маңызды
әлеуметтік сипат береді. Отбасы некеге қандас туысқа негізделген
қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасын
ұйымдастырудың бастапқы нысанасы яғни тұрмысының ортақтығымен және

бірлесуі.
Неке – тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан қоғам негіздейді және
реттейді. Әлеуметтік жағдай мен мәдениеттің өзгеруімен орайлас
адамдардың өз ұрпағын жалғастыруға деген табиғи құштарлығы. Неке арқылы
реттеліп отырады. Неке тәртібін реттеумен қатар қоғам оны қорғау
жөнінде өзіне белгілі дәрежеде міндеттеме алады. Некелескен жұбайлар
өз балаларын материалдық жағынан қамтамасыз етуге, тәрбиелеуге
міндетті болды. Демек оларға отбасының болашағы үшін жауапкершілік
жүктеледі.
Отбасының құрылымы дегеніміз – туыстық қатынастармен қатар,
рухани, адамгершілік қатынастар, яғни оның мүшелері арасындағы бүкіл
бүкіл қатынастардың жиынтығы. Қазіргі заманғы некелік - отбасылық
қатынастарда құқықтық қатынастар ерекше рөл атқарады.Бұл қатынастар
ерлі зайыптылардың, әке – шеше мен балалардың бір – біріне қатысты
өзара құқықтары мен міндеттерін заңы нормаларды бекітеді. Отбасының мәні
оның міндеті мен құрылымы, мүшенің атқаратын ролі деген қоғамдар
арқылы көрініс табады.
Отбасының аса маңызды міндеттері артына ұрпақ қалдыру және оны
тәрбиелеу мен асырау жеке меншікті мұраға қалдыру. Отбасындағы негізгі
ролдік қатынастардың ерлі – зайыптылардың, әке мен балалар, я
ағайындылар, ағалы – інілер, апалы – сіңілер, енелер мен келіндер, аталар
мен келіндер, күйеу балалар арасындағы дәстүрлі қатынастардың және
қазіргі заманғы қатынастардан айырмашылықтары бар. Отбасының міндеттері
бір жағынан, отбасы мен қоғамның екінші жағынан отбасы мен жеке
адамның өзара іс – қимылын көрсетеді.

тәрбиелеу мен асырау жеке меншікті мұраға қалдыру. Отбасы аса маңызды
әлеуметтік құрылым ретінде көптеген қоғамдық ғылымилық зерттеулердің
объектісі. Дәстүрлі қатынастарға смәйкес әйел үй шаруасын қамдады, бала
туып, тәрбиеледі, ал еркек қожайын болды. Отбасының экономикалық
дербестігін қамтамасыз етті. Мұның өзі некелік отбасылық қатынастардың
ерекшеліктеріне, бала туу деңгейінің төмендеуіне және ажырасу деңгейінің
өсуіне әкеліп соқты.Адамзат қоғамның тарихи даму барысында әртүрлі
жыныс өкілдерінің арасындағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде табиғи
байланыстар мен мүдде бірлігінің ұштасуынан отбасы дүниеге келді.
Отбасы немесе үй қожалық экономикалық негізінен тұтынушы құрылым
ретінде экономиканың басты назарында болды. Этнографиялық зерттеулер
түрлі этнографиялық сипаттағы отбасылардың өмірі мен тұрмыс салтының
ерекшеліктерін зерделейді. Демография - үшін халықтың ұдайы өсуі,
өркендеуі отбасы мен отбасылық құрамның рөлі маңызды болып табылады.
Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және дамуы кезеңі тұр
ғылым тарихында Гегель. Руссо отбасын табиғаты жағынан қоғамның
алғашқы некелік негізі деген. Ал бұл көз – қарасты тұңғыш рет жоққа
шығарған Баховен болды. Ол неке мен отбасының тарихи жағынан үнемі
өзгеретінін, бір некелі отбасынан бұрын екі түрлі жыныс өкілі арасында
көп некелі қатындардың болғаны, рухани билігінің басым болғанын
дәлелдеді. Материалистік білімді қалыптастырған Ф.Энгельс өзінің
отбасының жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы атты еңбегіне арқау
етті.
Отбасының негізі еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынас нысаны
болып табылатын неке. Ал некелік отбасылық қатынастарды реттеуге қоғам
мүдделі. Отбасы некеге немесе қандас туысқа негізделген қоғамдық
шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысанасы. Отбасы
қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Онда адамның дүниеге келіп,
ұрпақ жалғастырады. Қорыта айтқанда отбасының негізін еркек пен әйел
арасындағы некелік одақ құрайды. Яғни неке және отбасы туралы заң
бойынша еркек пен әйелдің отасуы, отбасын құрайтын ерікті одағы. Жаңа
ұрпақтың тұлғасы мен рухани жетілуі көбінесе некелік қатынастың
сыйпатына байланысты болады. Некенің тұрақтылығына моральдық қасиеттер
әсер етеді, өзара сыйластық пен ата-ананың парызы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Неке дегеніміз не?
2. Қазіргі заманғы неке түрлері .
3. Отбасы дегеніміз не?
4. Отбасы қызметтері .
5. Неке мен отбасының әлеуметтік мәні?
6. ҚР- ның Неке және отбасы заңы.
2-лекция Отбасындағы идеялық және адамгершілік негіздер мен
психологиялық ахуал.
Жоспар:
1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері
2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі
3. Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні
4. Отбасындағы психологиялық ахуал
5. Отбасы ынтымағы
1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері.
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Отбасы – тәрбиенің негізі.
Оның құндылығын Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесіңдеген мақалда анық
көрінген. Отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін
айқындайды. Адамгершілік принциптерінің идеялық мазмұнымен қаруланған
отбасының негізгі мақсаты болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Осының негізінде
әрбір адамның, әрбір отбасы мүшесінің өмір және еңбек процесінде
қарапайым, кішіпейіл, қайырымды және ұстамды болуы, бірін-бірі сыйлай
білуі, балалар тәрбиесіне ерекше қамқорлық жасауы – адамгершілік
принциптерінің негізі. Мысалы, қарапайымдылықты әрбір адамның сөзінен,
ісінен, тәртібінен, басқа адамдармен сыйласып, қарым-қатынас жасай
білуінен көруге болады. Кішіпейілділік пен қайырымдылық адамдарға
ілтипатты, сыйлаушылықты білдіреді. Қайырымды адам әр уақытта, әр түрлі
жағдайда көмек көрсетуге дайын тұрады. Ал, ұстамдылық – адамның өзін-өзі
бақылай білуі. Қандай да бір қиыншылық жағдайда болсын немесе өте күрделі
қиын мәселелерді шешуде шыдамдылық көрсету ұстамдылықтың белгісі.
Ұстамсыз адам Тежеуіші жоқ машина, - дейді А.С.Макаренко.
Осындай жағымды қасиеттер жеке адамның жан-жақты және жарасымды
дамуына, қалыптасуына игі әсер етеді. Отбасы негізінің берік, баянды
болуы бақытқа байланысты. Бақыт жайлы ұғымды әркім әр түрлі түсінеді.
Біреулер бақытты жаратқан тәңірге шүкіршілік ету,оған қызмет жасау, бұл
дүниедегі игіліктен бас тарту деп түсінсе, екіншілері ләззат алу,
махаббатқа бөлену, енді біреулер бақытты шындықты, ақиқатты айтушылық деп
түсінеді.
Бұл анықтамаларға қарағанда бақыт әрбір жеке адамның, ақсүйектердің
мүддесі тұрғысынан қарастырылып, халықтың негізгі іс-әрекет өрісі- еңбек
және әділетті адамгершілік принциптері еске алынбайды. Бақыт туралы
мұндай ұғым қоғамның табиғатына жат, ақиқатқа қайшы болады. Адамның бақыт
туралы ұғымы адамгершілік принцип негіздерімен ұштасады. Мысалы,
махаббат, отбасы мүшелерінің міндеттері мен бір-біріне тәуелділігі(ата-
ананың балаға қамқорлығы), баланың ата-анаға қамқорлығы, олардың
қарияларға қамқорлығы), отбасының микроклиматы отбасының моральдық
негізін құрайды.
Біздің қоғам одан әрі дамыған сайын махаббатқа негізделген некенің
моральдық нормасы нығая түседі. Қазірдің өзінде отбасының көпшілігі осы
махаббатқа негізделе құрылып жатыр. Махаббат – бұл жұбайлардың бір-біріне
сенімділігі мен жауапкершілігі, өмірде, іс-әрекетінде, бала тәрбиелеуде
олардың мүдделерінің бірлігі. Ал, отбасы мүшелерін біріктіретін басты күш-
олардың бір-біріне адамгершілік сезімі, қамқорлығы мен көмегі, отбасы
мен Отан алдындағы борышымен жауапкершілігі.
Отбасылық борыш - бұл өте терең мағыналы ұғым. Бұған ата-аналар
борышы, балалар борышы, аға-іні, апа-сіңлі және немерелер борышы кіреді.
Ата-аналар борышы өскелең өмір талабына сай балаларды адамгершілігі
жоғары, абыройлы азамат етіп тәрбиелеу, түрлі қиыншылықтармен күресе
білуге, ата-аналарын түсіне білуге, олардың жан дүниесінде не болып
жатқанын тануға үйрету. Мұндай сезім, қабілет болмайынша отбасы
мүшелерінің өзара қарым-қатынастар байлығы туралы әңгіме болуы мүмкін
емес. Ал қарым-қатынас арасында идеялық-азаматтық қасиет үлкен орын
алады. Отбасының идеялық-азаматтығының негізі –оның әрбір мүшесінің
дүниеге азаматтық көзімен қарап, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзінің азаматтық
борышын дұрыс түсіне және бағалай білуі негіз болады,
Тәрбие елегінен өткен, адамгершілік сезім, еріктік және моральдық
қасиеттері қалыптасқан балалар, оқу және еңбек іс-әрекеттерінде елеулі
табыстарға жетіп, ата-аналарын қуанышқа бөлейді. Олар ата-аналар
алдындағы өзінің борышымен жауапкершілігін толық сезеді. Демек, жайдары
тұтмыс, оптимизм, ұстамдылық, білім алуға тырысушылық, жолдасына
көмектесуге әрдайым әзір тұру, үлкендерді құрметтеу, адалдық, шындық
–міне балалардың ерекше сипаты осындай. Қорыта келе В.А.Сухомлинскийдің
Бала – ата- ананың адамгершілік өмірінің айнасы, - деген ойын негізге
ала отырып отбасы тәрбиесінің басты міндеттерін яғни баланы еңбекке
жастай үйретуді, үлкендерді құрметтей білуді, оларға қамқоршы болу және
отбасы мүшелерінің тең құқылы болуын отбасының моральдық негізі деп
түсінуіміз қажет.
2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі. Ғасырлар бойы қазақ отбасында
сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала
тәрбиесінде жалғасып жатыр. Отбасында халықтық рухани-интеллектуалды
мұраларын, мәдени құндылықтарды жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы
мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабы.
Белгілі педагог А.С.Макаренко Ата-анаға арналған кітабында
...Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз
тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп
ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де
іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз,өзгелермен қалай
сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, қалай күлетініңіз, қалай
газет оқығаныңыз, осы іс-әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды.
Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз
баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ал
отбасында сіз дөрекілік көрсетіп жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен
сіз балаға жаман тәрбие бересіз..., - дейді.
Ересектер мен балалардың өмірі тек өнегелі іс-қылықтардан
тұрмайтыны белгілі, кейде олар шалыс басады, ол кезде тіпті, кейбіреулер
қылмысқа да барады. Сондықтан да есею жолындағы басты нәрсе- баланы
парасатты іске, адал қылыққа үйрету,жақсы іс атқару, ата-ананы,
мұғалімді, достары мен таныстарын, бейтаныс адамдарды да қуанта білу т.б.
жатады.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік
пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу,
халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.
Осыған орай, отбасында еңбек сүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек
түрлеріне және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана
және әллеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау
үшін оның тәнінің дұрыс түзіліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын
нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі болып
саналады.
Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін,атқарған еңбегін
құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі -өнеге еткен, бірлесіп атқарған
пайдалы- қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап,
дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп,
қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала
кезінен қалыптастырған. Мысалы, ойын ойнау, көркем-өнермен шұғылдану,
еңбекке баланы қатыстыру арқылы ересек адам мен баланың қарым-қатынасын
нығайтуды көздеген. Сонымен қатар үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі
алу, біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс-әрекетке баулуды
дәстүрлі мерекелер,фольклорлық кештер, ұлттық өнер, ойын сайыстары арқылы
іске асырған.
Туыстарға, айналадағыларға қамқор бола білу, қиын жағдайда оларға
қол ұшын беру, туған жерді ондағы табиғатты сүю, оны қорғау күнделікті
өмір салтына айналған. Ересек бала өзінен кішіге қарым-қатынас құрып,
әлеуметтік мәдени қалыптарды үйретіп, қамқорлық көрсетіп, ол отбасы
мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін
қалыптастыру керек. Халық даналығына назар аударсақ ол былай дейді: егер
сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, ал ғасырлық өміріңді
ойласаң онда бала тәрбиеле.
Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным,
түсінік, рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы
түсініктерді тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан
сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арасында әлемдік
өркениет жетістіктерін игеріп, терең меңгерсек, ешкімге есебімізді
жібермейтін дәрежеге жетсек онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Сонымен
қатар отбасында діни түсінікті қалыптастыруда маңызды орынға ие болып
жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған,
болашағына арманына балаған. Сондықтан да халқымыз: Балалы үй – базар,
баласыз үй – мазар, Босағасын алтыннан соқсаң да перзент сүймей,
адамның мейірі қанбас, Ақыл- тойға келген қыз емес пе, байлық – қолға
ұстаған мұз емес пе,- деп барлық асыл сөздерін арнаған.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-
ана, әке-шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрған. Отбасы экономикалық
жағынан қамтамасыз етіліп отырған. Ата- ана мен әке-шешенің қарым-
қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес
қосады және ізгілікті іске баулиды.
Кейіннен экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты отбасы
мүшелері шағындалып, жастардың отбасы үлкендерден бөлек тұра бастады.
Осыған орай, ұрпақ тәрбиесіндегі атадан балаға беріліп келе жатқан
тәрбиелік сабақтастық үзілді. Дегенмен де жас отаулар бөлектенгенмен,
ата мен әженің немере тәрбиесіне ықпалы зор. Үлкендер немере тәрбиесінен
қол үзгілері келмейді. Үш ұрпақты құрамдағы қазақ отбасы өзінің құрылымын
әлеуметтік жағдайлардың есебінен сақтай алмайды. Солай болса да, жас
отбасылар үлкендердің бала тәрбиесіндегі ықпалын сақтауға тырысады.
Қорытындылай келгенде, үш ұрпақты құрамдағы отбасы мүшелерінің арасындағы
қарым-қатынастың тәрбиелік мәні ерекше, бірақ та, оны іске асыруда екі
түрлі мәселе туындайды. Біріншіден, үш ұрпақты құрамдағы отбасының
мүмкіндігі қолданылмайды. Оның бірнеше себептері бар: отбасындағы
үлкендер мен немерелер арасындағы қарым-қатынас өз мәнінде емес.
Үлкендер бала тәрбиесіне қатыспау, бақылау жағын ұстанады. Өйткені,
отбасы мүшелерінің көзқарасында қайшылықтар бар. Екіншіден, қала мен
ауылдың алшақтығынан, ата-әжелер алыстағы немерелерімен тығыз қарым-
қатынас ұстай алмайды. Жас отбасылар бөлек тұратындықтан үлкендерге көмек
көрсете алмайды, сол сияқты үлкендер де бала тәрбиесінен аулақ болады.
Ұрпақтар сабақтастығы үзілгендіктен, жас ұрпақ бойында қара басының қамын
ойлау, тәкәппарлық, шарасыздық белең алса, ал үлкендерге оқшаулық,
балаларына қажетсіздік сияқты сезім орнығады.
3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні. Қатынас - таным
процесі, ал таным және қатынас өзара байланысты. Олар адамдардың таным іс-
әрекеттерінде байқалады. Коммуникация құралдарының көмегімен болатын
адамдар арасындағы өзара байланысты, түсінушілікті қатынас деп атайды.
Осы қатынас арқылы отбасы мүшелері, олардың жақын туған- туысқандары өмір
тәжірибесіне үйренеді, мінез-құлық нормасын игереді, өздерінің
қуаныштарын, еңбектегі табыстарын, сәтсіздік істерін, кейде өзара
өкпелерін ортаға салып, пікір алысады, бір-біріне қамқоршы болып, көмек
көрсетеді. Олар өздерінің рухани күш- қуатын қалпына келтіріп, өмірі мен
тіршілік іс-әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды. Осындай таным және
қатынас процесі нәтижесінде отбасы мен жақын туысқан отбасылар арасында
өзара қарым-қатынас бірте-бірте дәстүрге айналады [N2. 15бет].
Отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімділігі, ата-аналар мен балалар
арасындағы жылы қарым-қатынас, жұбайлардың сүйіспеншілігі мен өзара
түсінушілігі жайлы жоғарыда айтып өттік.
Алайда, кейбір отбасы өмірінде адалдық, қақтығысу, керітартпалық
сияқты жағымсыз әдеттер де кездеседі. Осындай әдеттердің түп тамыры неде?
Белгілі психолог А.В.Петровский отбасындағы қатынастарды үстемдік,
қамқоршылық, қақтығысулық, араласпаушылық, ынтымақтастық сияқты бес типке
бөледі.
Үстемдік жағдайында балалардың өз бетімен іс-әрекет жасауына жол
берілмейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты бірде-бір мәселені
шешуде үй іші кеңесіне қатыспайды.
Қамқоршылық жағдайы – ол балаларды желге-күнге тигізбей, мәпелеп
өсіру. Бұндай өскен бала, түрлі қиыншылықтармен кездескенде, дұрыс шешім
таба алмай, өмірдің шынжыр торына түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды.
Қақтығысулық отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады.
Отбасында бір-біріне наразылық білдіру, бірін-бірі табалаушылық немесе
қиянат жасау, ал кейде ашу үстінде тіпті орынсыз тиісу, сөгу, беделіне
нұқсан келтіру, отбасы мүшелерін шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың
ауыз бірлігі бұзылады.
Араласпаушылық жағдайда үлкендермен балалар әрқайсысы өз
беттерінше, бір- бірімен ақылдаспай томаға тұйық өмір сүреді. Отбасы
мүшелерінің бірі кездейсоқ қайғылы уақиғаға ұшыраса,оған қалғандарының
қайғысына ортақ болуы өз дәрежесінде бола бермейді. Өйткені мұндай
отбасында қатыгездік, селқостық немесе мейірімсіздік сезімдері байқалады.
Ынтымақтастық үлкендермен балалар арасындағы сыйлаушылық
принципіне сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тыңдалынып,
барлық мәселе бірігіп үй кеңесінде шешіледі. Ынтымақтастық отбасының
айырмашылық белгілері - әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан
ебін тауып абыроймен құтылу. Ал, кейде түсініспеушілік немесе кикілжің
сөздер бола қалған жағдайда отбасы мүшелерінің бір-біріне ізгілік сезімін
сақтағаны жөн. Сонда ғана отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас нығая
түседі. Сонымен қатынастар типтерін терең зерттеудің маңызы өте зор.
Өйткені, тәрбие жұмысын ата-аналармен дұрыс және тиімді етіп жүргізу үшін
психологиялық және педагогикалық құбылыстардың ерекшеліктерін мұғалімнің
немесе тәрбиешінің жете білгені жөн.
Отбасы - өмір университеті, онда бала ең алғашқы рет ізгілік
сабағын алады, оның бойында мейірбандық, еңбек сүйгіш, әділеттік
қасиеттері қалыптасады, жақынына, туған-туысқандарына қайырымдылығы,
махаббат сезімі артады, яғни оның келешегінің адамгершілік, азаматтық
позициясының негізін салады.
4.Отбасындағы психологиялық ахуал. Отбасы – ерекше әлеуметтік
институт. Оның қалыптасуы мен дамуы қоғамның дамуымен байланысты.
Қоғамның дағдарысы отбасының дағдарысы туғызады. Экономикалық –саяси,
әлеуметтік, рухани тұрақтылық отбасын тұрақтандырады, сондықтан бұлардың
барлығы отбасы өміріне, оның психологиялық жағдайына әсерін тигізеді.
Отбасылық психологиялық оңды ахуал – татулық пен тыныштық, жайдары
қабақ, пейіл – береке оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің
өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
Отбасының қалыпты өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары мыналар:
- әлеуметтік, ұлттық сипаттар
- өмір сүру ортасы
- материалдық жағдайы
- отбасы мүшелерінің білімі мен мәдени дәрежесі
- ұстанатын әдет-ғұрпы
- экономикалық негізі.
Сонымен қатар отбасындағы қатынастың бір түрі – бос уақытты тиімді
пайдалану. Бос уақыттың әлеуметтік рөлі өте зор. Өйткені, ол аддамның
дене және рухани күшін қалпына келтірумен бірге оны келешек еңбек және
қоғамдық іс-әрекеттеріне дайындайды. Осы тұрғыдан бос уақытты дұрыс
пайдалану үшін отбасы мүшелерінің арасындағы өзара келісім нық және
баянды болуы керек. Жеке адамның (әке не ана) тілегі жайлы отбасы
мүшелерінің тілегімен сай келуі жөн. Сонда ғана отбасында алауыздық,
қайшылық, дау-жанжал болмайды.
Соңғы кезде бұл мәселеге социологтар аса көңіл аударуда. Үлкен
қалаларда тұратын ер адамдардың біразы бос уақытын отбасынан тыс
өткізеді. Мысалы, И.Ф.Дементьевтің зерттеу мәліметтерінде Москва
тұрғындары (ерлер) өздерінің достарымен жиі кездесіп, бос уақыттарын
отбасынан тыс дербес өткізетіндігі (35,6 процент), үй жұмысындағы
әйелдердің еңбегі еске алынбайтындығы, ер адамдардың отбасы алдындағы
міндеттеріне жауапсыздық пен жеңіл-желпі қарайтындығы айтылған. Мұндай
жағдай отбасы негізінің бұзылуына әсер етуі мүмкін.
Отбасында бос уақытты өткізудің толып жатқан түрлері бар:сурет
салу, спорт түрлерімен (дойбы,шахмат,теннис,городки т.б.) айналысу, қол
өнерімен (кесте тігу,шілтер тоқу, іс тігу) шұғылдану, коллекция жасау,
баспа материалдарын оқу, кино, спектакльдерге бару, оларды талқылап,
пікір алысу т.б.
Бос уақытты пайдаланудың коллективтік түрлері де бар. Мысалы,
жексенбі күні немесе кезекті еңбек демалысы кезінде бүкіл отбасымен
қыдырып (серуендеу, туристік жорық, демалыс үйі), мәдени орындармен
танысу. Осылардың барлығы баланы өмірге, еңбекке тәрбиелеудің негізгі
құралдарының бірі болып саналады. Ал, бос уақытты тиімді етіп ұйымдастыру
ата-аналардың мәдени және білім дәрежесіне, отбасының психологиялық
ахуалына байланысты екендігіне күмән келтіруге болмайды.
Сонымен отбасы мүшелерінің және туысқан жақын отбасылардың өзара
қатынас жасау функциясының нәтижесінде, олардың идеологиялық, тәрбиелік,
эмоционалдық аспектілер жайлы ой-өрісі кеңіп, түсінушілігі артады, бір-
біріне деген сүйіспеншілік және басқа да адамгершілік қасиеттері
қалыптасады, танымдық іс-әрекеттері дамиды.
5.Отбасының ынтымағы. Отбасын ұстау, бала бағу, еңбек ету, туған-
туыспен қатынас екі адамға бірдей. Үй ішіндегі мүлікті пайдалануда барлық
отбасы мүшелеріне ортақ. Сондықтан оларды пайдаланып қана қоймай, таза
ұстау, бүлдірмей сақтау, керекті заттарды қосып,көбейтіп отыруға бәрі де
міндетті.
Отбасына қамқорлық - республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі.
Себебі отбасының тату-тәтті қалыпта сақталуы қоғамға да пайдасын
тигізеді. Конституцияның 27-бабаында Неке мен отбасы ана мен әке және
бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
Қазақ отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы бар. Үлкенді сыйлау, айтқан
ақылдарын тыңдау, кішінің тіл алғыштығы, үлкендер-кішіге ақылшы,
қамқоршы. Кіші- көмекші. Үй ішінде әр адам өз шама- шарқына қарай еңбек
етеді. Қай халықта болсын отбасы құрылған соң бала тәрбиелеу міндеті
тұрады. Ата-ана баласын әлпештеп өсіреді. Заман талабына сай білім
береді. Отбасының әр ересек мүшесі еңбек жасайды. Еңбегіне қарай табыс
табады. Табысына байланысты тұрмыс құрады. Отбасы табысынан ортақ қор
жиналады. Дүние-мүлік, үй, мал – осының бәрі отбасының қорына кіреді.
Әрбір жас отбасы жеке тұруға да –ата-анасымен бірге тұруға да құқықты.
Бөлек тұрса олар ата-анаға көмек көрсетіп, қамқорлық жасайды.
Үйдің ері жанұясының өзіне бағынуын қаласа, әрдайым табысының
сөзсіз адал болуына мұқият қарауы қажет. әйел ерін риза ету үшін қандайда
болмасын қиыншылықтарға төзген сияқты, ері де өз мойнына жүктелген
міндеттерді атқаруға тиісті. Яғни, отбасымды бақытты етемін деген үмітпен
керексіз қарыздарға кірмеуі керек. Баз біреу еркектер де мүмкіндігінің
барынша әйелдерінің қалаған нәрсесін алып беруге тырысады. Сөйтіп,
олардан өздеріне деген махаббат, құрмет, ілтипат күтеді. Бірақ
әйелдерінің ықыласы алынған сыйлықтарға ауып, ол сыйлықтардың қайдан
келгендігін көрмейтіндей халге жетеді. Қанағатсыздықтары күннен-күнге
артып, рахмет айтудың орнына одан да көбірек болса екен деген тілектері
арта түседі. Ал айтқандары болмаған жағдайда көңілсіздіктері,
әдепсіздіктері артып, соның себебінен отбасында келіспеушіліктер
басталады.
Еркек әйелінің,өз туыстарына не қайын жұртына барып-келуіне, оларға
болуы тиіс мәміледе немқұрайлық танытпауына барынша мұқият болуы керек.
Екі жаққа деген құрмет бірдей болуы керек. Қарым-қатынастар жиі де сирек
те болмауы қажет. Ері әйелінің өзінен рұқсатсыз басқа адамдармен
жолығуына тыйым салуы керек. Әсіресе артығынша шалқыған өмір сүруге люкс
тағамдарға және ысырапқа батқан адамдармен қарым-қатынасты азайтқан жөн.
Әйел ерінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Бұл мәселені жақсылап
түсіндіргені жөн. Егер әйел еріне шамасы жетпейтін заттарды алып беруін
сұраса, еркек ашық түрде Біздің бар байлығымыз осы ғана. Егер оған
риза болмасаң қазірден бастап ажырасып кетуіңе болады - дей алатындай
болуы керек. өкінішке орай көптеген еркектер мал, дүниелері жетпесе де
намыстанып мұндай шындықты айтуға батылдары жетпейді, солай бола тұра
қиналып, күйзеліп керек болсын, болмасын қалағанын алуға тырысып бағады,
бірақ қысқа жіп күрмеуге келмейді.
Еркек ысыраптан сақталған әйеліне әр қашан риза болуы керек және
әйеліне Неткен тамаша жұмсайсың,ысыраптан сақтанғаның үшін Аллаһ
Тағаланың берекеті бізбен бірге деп көңілін жұбатуы керек.
Қандайда бір отбасында Аллаһ Тағаланың әмірлеріне мойынұсынған
жағдайда өмір сүріліп жатса, еш күмән келтірместен бұл отбасы мүшелері
жәннәт өмірінің ләззатын осы өмірде-ақ татқан болады. Көкіректері ашық
болып, кез-келген нәрседен ләззат алады. Сүйгенінен, сүйікті
болғанынан,жеп-ішуінен,киім киюінен қорыта айтқанда барлық құлшылық
борышын өтегенінен шаттанып ләззат алады. Молшылыққа да жоқшылыққа да
разы болады.Басқа адамдардың айыбын ашумен әуре болмайды, себебі әлдайым
өз айыптарын түзетумен әуре болады. Бекерден – бекер қызғаншақтық орынды
емес. Әйел ақылды, парасатты болуы керек. Өзін құрметтей білгені жөн.
Мұның жалғыз жолы еріне мойынсұнып мейірімді және сыйлы болу. Ешбір
себепсізден – себепсіз көкіректікке салынып қарсы шығу өз нәпсісінің еру
жақсы нәтиже бермейді. Еркек отбасына шынайы, адал, нәзік және жылы
жүректі болуы керек. Әйел еріне деген міндеттерін орындауға тиіс. Егер
немқұрайлық танытса, күйеуі бұған жол бермей тәртіпке салуы қажет.
Үйленген еркек үйіне күнделікті уақытында келуге тырысуы керек. Отбасылық
өмірде ерлі-зайыптылар кешірімшіл болуды өздеріне дәстүр етуі керек.
Отбасын құру үшін нағыз махаббат қажет. Отбасы – шағын мемлекет.
Мемлекеттің берік болуы – сол мемлекеттің іргесін өз еркімен,
демократиялық тұрғыда құру болып табылады.
3-лекция Отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеy
Жоспар:
1. Отбасылық құқық
2. Ерлі-зайыптылардың және ата-ананың құқығы мен міндеттері
3. Ажырасу,алимент төлеу мәселелері
1. Отбасылық құқық. Отбасы-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан
немесе балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын мүліктік
және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы
қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Отбасылық құқықтық қатынастар-құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері
арасындағы қатынастар.
Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың
заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
Куәландыру жолдары:
- баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын
растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде
туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе
өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын
адамдардан туған баланың туу тегі, ата-анасының неке туралы жазбасымен
куәландырылады.
Өзара некеден тұрмаған әке-шешеден туған баланың тегң әкесі мен
шешесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп
берген арызымен анықталады.Мұндай мойындау болмаған күнде,баланың
әкесі,сот арқылы анықталады.
Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай-қайсысының болсада арызы
бойынша туу арқылы кітапқа баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде
тұрмаған анадан бала туған кезде,егер ата-анасының бірлесіп берген арызы
немесе соттың шешімі болмаса шешесінің фамилиясы және ұлты баланың
шешесінің айтуы бойынша жазылады.
Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей
болады. Сондықтанегер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол
текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-
ананың келісуі бойынша белгіленеді.
Отбасы құқығының қайнар көздері:
Қазақыстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі - Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы неке және отбасы туралы
заңы болып табылды. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6 тамызда
Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы кодекісті
алмастырды.
Неке және отбасы туралы Заң 7 бөлімнен 29 тараудан 213-баптан
тұрады.
Бірінші бөлімдегі жалпы ережелерде неке отбасы заңдарының негізі
жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар неке отбасы қатынастарын
реттеудің негізгі принціптері белгіленеді.
Неке деп аталатын екінші бөлімінде некеге тұру, оны тіркеу,
некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік
қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
Отбасы деп аталатын үшінші бөлім ата-аналармен балаларының
құқықтары мен міндеттерінің негізгі турасы ата-аналарды туу туралы
жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты
құқықтары мен міндеттері туралы ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру
және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын
ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан
тұрады.
Қорғаншылық және қамқоршылық деген төртінші бөлімінде қорған болу
мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен
қамқоршылықтың жасалуы, қорғаншылар мен қамқоршылықтың құқықтары мен
міндеттері.
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары деген бесінші бөлімінде
ата-аналардың балаларды асырау және кәмілетке толғандардың ата-аналардың
бағып-күтуі жөніндегі міндетті сөз болады , отбасының басқа да
мүшелерінің алименттік міндеттері көрсетіледі сондай-ақ алимент
тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
Азаматтық хал актілері деп аталатын алтыншы бөлімінде азаматтық
хал актілерін тіркну, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты
дауларды шешу тәртібін анықтау акті кітаптарын жүргізу ережесі.
Жетінші бөлімінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке
отбас заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Неке және отбасы туралы Заңның 3-бабы Қазақстан Республикасының
неке отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді:
1. Еркек пен әйелдің некелік одағының еріктігі;
2. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтық теңдігі;
3. Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол
берілмеушілік;
4. Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5. Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру;
6. Отбасының кәмілетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің
құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7. Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыру мен
қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
2. Ерлі зайыптылардың және ата-ананың құқұғы мен міндеті.
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік
құқықтармен міндеттерді тудырады . Неке және отбасы туралы заңның 29-
бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін
таңдау құқығы, қызмет түрі, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау
құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы .
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең
міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқығының теңдігі отбасы
өмірінің барлық жалпы мәселелерін ана-әке болу балаларға тәрбие мен білім
берку мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері олардың
бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді . Алайда ерлі-
зайыптылардың ешқайсысыда жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Заң ерлі–зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және
оны бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жайында екіншісінің де сонда
баруына мүмкіндік туғызады . Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу
құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын
жүргізу, туған–туысқандармен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-
зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынща шешілетінін белгілейді. Ерлі-
зайыптылардың ешқайсысы өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер
ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса онда олар өз
дауларын шешу үшін заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы.
Мәселен ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен таңдауда
кеісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы
шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың әр қайсысы некені тоқтатқан сәтте де
сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы орта мүлікті бөлісуді
талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанлда
олардың үлестері тең болуы тиіс. Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа
ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесуінен
өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит
берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізіледі.
Балалардың тууы олар мен ата-аналарының арасында әр түрлі
құқықтармен міндеттерінің туындауына мүмкіндік алып келеді. Бұл құқықтар
мен міндеттер мынадай жағдайларды қамтиды:
а) баланың атын, тегін, әкесінің атын және оның ұлты мен
азаматтығын анықтау кезінде;
б) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-
аналарының олардың атынан өкілеттік алуды жүзеге асырғанда;
в) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асырғанда .
Жаңа заң баланың мәселесін мына сияқты құқықтарын реттейді: баланың
отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын, баланың ата-анасы мен және
басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын баланың өз пікірін
білдіру құқығы болып табылады. Балаға ат ата-анасының немесе олардың
орнындағы адамдардың келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні,
әкесінің аты бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі.
Некеге отырмаған шешеден туған баланың аты-жөні егер ата-аналарының
бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған
жағдайда анасының көрсетуі бойынша анықталады.
Баланың тегі ата-анасының тегімен анықталады егер ата-аналарының
тегі ортақ болса, онда сол тек балаға да беріледі. Ал ата-анасының тегі
әр түрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің
немесе анасының тегі беріледі. Егер ата-анасының екеуіде белгісіз болса
баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.
Ата-анасының балалр тәрбиесіне байланысты құқықтары мен
міндеттері. Бала тәрбиесіне байланысты құқық ата-аналарының ең маңызды
жеке құлықтары болып табылады. Сонымен бірге бала тәрбиесі олардың
міндеттеріне де жатады. Неке және отбасы туралы заңның 62-бабы ата-
аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті де олардың
денсаулығына қамқорлық жасауға орта білім алуын қамтамасыз етуге
міндетті .
Бала тәрбиелеуді ата-аналар бірлесіп жүзеге асырады Неке және
отбасы туралы заңның 60-бабы ата-аналарының өз балаларына қатысты
міндеттері мен тең құқықтары принциптерін жария етіп отыр. Бұрынғы
заңдарға қарағанда жаңа заңда ата–аналар құқығының тең болу принципі неке
бұзылған кезде де сақталғандығы тікелей қарастырылмайды. Сонымен бірге
басқаша болуы да сөз болмайды. Ата-аналар құқығын баладан бөлек тұратын
ата-аналардың жүзеге асыруы белгілі бір ерекшеліәк ретінде қабылданып
отыр. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізсіз баланың өз қолында ұстап
отырған кез-келген адамның оны қайтаруды талап етуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz