Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі граматикалық сәйкестіктер
Жоспар:
Кіріспе
І.бөлім. Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі морфологиялық ұқсастықтар.
1.1. Ескерткіштердегі сөз тұлғасы.
1.2 Көне түркі тіліндегі сөз таптары
1.3 Орхон.Енисей жазбаларындағы көптік жалғау.
1.4 Сөздердің тәуелдену мен септелу жүйсіндегі сәйкестіктер мен айырмашылықтар.
ІІ.бөлім. Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі сиртаксистік сабақтастықтар.
2.1 Ескерткіштердегі сөйлемнің мағынасына және айтылуына қарай ерекшеліктері.
2.2 Сөздердің байланысуы.
2.3 Сөйлем мүшелеріндегі сәйкестіктер.
2.4 Көне түркі тіліндегң сөйлемнің түрлері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

секілді түркі халықтарының да өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбір халық және ұлт тарихсыз болмайды. Түркі халқының тарихы туралы құнды деректерді біз Батыс Еуропадағы Византия материалдары мен Қытай жылнамаларынан көбірек кездестіреміз. Бұл деректер түркі халқы үшін баға жетпес тарихи да, мәдени мұра болып табылады. Түркі тілін зерттеуге көптеген түркітанушылар өз еңбегін сіңірді. Н.А. Баскаков түркі тілдерінің жалпы даму кезеңдерін алты дәуірге бөледі:
1. Алтай дәуірі
2. Хун дәуірі (б.з.б, III ғ-б.з.V)
3. Көне түркі дәуірі (Vғ-Хғ.ғ)
4. Орта дәуірі (X ғ.-ХVғ.ғ.)
5. Жаңа дәуірі (ХV-ХХ ғ)
6. Ең жаңа дәуір (Қазан көтерлісінен кейінгі кезең).
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін жазылу ксзеңі «Көне түркі дәуіріне » сай келеді. Шығыс Түрк қағандығының құрамында өмір сүрген түрктер жері - Орхон, Енисей, Селенга және Талас өзендерінің бойы.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы XVII ғасырдың II жартысынан басталады. Н.Витзен – Орхон - Енисей жазба ескерткіштері жөнінде ең алғаш рет (1662 ж) хабар берген болатын. Сонымен қатар Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Ф.И.Табберт-Страленбург 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше үлгілерін табады. Сол жылы Стокголым қаласында неміс тілінде жарық көрген «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қажетті мағлұматтар береді. Табберт - Страленберг өзі таяқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Скандинавия халықтарының тілінде «Рунь» деген сөз қазақ тіліне аударғанда «Сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді.
XVIII ғ. I жартысында Орхон-Енисей жазба есткерткіштері жайлы П.С. Паллас, Г.И. Спаский, А.Ремюза, А.Гумбольдт секілді көрнекті ғалымдардың көлемді мақалалары жарық көрген.
Орыс География қоғамының Шығыс-Сібір бөлімі 1889 жылы Моңғолияға арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М. Ядринцев басқарып, Орхон өзені аңғарынан «құпия» жазуы бар үлкен-үлкен екі ескерткіш тапты. Оның бірі Күлтегінге, екіншісі-Білге қағанға (Могилянға) арналған ескерткіш еді. Оны құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін 1890 жылы Г.Гейкель бастаған Фин және В.В.Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бірақ та екі ғасыр бойы бұл жазудың сыры құпия болып келген. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Ескерткіштерді ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілер де, оны ежелгі моңғол жазуы, фин жазуы, скиф главян жазуы деп жорамал жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.
Көне түркі жазба ескерткіштернің ең алғаш сырын ашқан - В.Томсон болды. 1893 жылы 15 желтоқсанда Дания Корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгелм Томсон ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жязылғанын моәлімдеді.
Көне түркі жазуларын, зерттеуге айрықша көніл бөлген ғалымдарының бірі -В.В.Радлов, В.Томсоннің ізімен 1894 жылы 19 қаңтарда Күлтегін ескерткішін аударыл шықты. Одан соң Могилян ескерткіші аударылды.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне арнап В.Радлов, В.Томсен, П.М.Мелиорянский, В.Бартольд, А.Н. Бернштам, С.Е. Малов, С.В. Киселев, И.А. Батманов, К.Н. Оркун, В.Банг, В.Л.Котвич; Г.И. Ральстед секілді көрнекті ғалымдар көптеген еңбектер мен ғылыми мақалалар жазды.
Енисей жазуының нұсқалары осы күнгі түркі халықтарының ішіндегі қырғыз, хакас, тува, алтай тілдеріне жақын деген пікірлер де айтылып жүр. К.Сүйіншәлиев: «Тілдік құрылысы жағынан ескерткіш жазуды ескі қазақ тіліне мүлде жақын. Сөйлемі мен сөз тіркестері ұғуға жеңіл» - деген. Ал, профессор С.Аманжолов болса: «Менің түсінігімше, қазіргі дулаттар - V-VІІІ ғасырлардағы ежелгі Орхон-Енисей түркілерінің тікелей ұрпақтары». Яғни, С.А. Аманжоловтың пайымдауынша Орхон-Енисей жазуы дулат диалектісінде жазылған. Ал, Ғ.Мұсабаев талас жазуының ескерткіштері үйсін диалектілінде жазылған деп топшылайды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің негізгі түрлері қалыптастыруға ойылған жазба түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк (VІІ-VІІІ ғасырлар) басына қойған құлпытастарға өте мәнерлі жазу қолданған. Бұларды тасқа жазылған кітап деуге болады.
Орхон-Енисей ескерткіштерін тарихшылар: «тарихи дегеннен гөрі эпикалық дәстүр деп атауға болар еді. Одан әрі сол ырғақта екінші Түрк қағанатының құрылуына байланысты оқиғалар баяндалып, Білге қаған мен Күлтегін ерлігі айтылады. Көркемдік тәсілдерінің алуан түрінің, тұрақты сөз тіркестері мен тұжырымды нақыл сөздердің қолданылуы ресми баяндауды эмоциялық жағынан әрлендіріп, оның стилін құлпырта түседі», -дейді.
Орхон-Енисей жазуы географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай түрктанушылар тарапынан төмендегідей үш үлкен топқа бөлінген:
1. Енисей ескерткіштері
2. Талас ескерткіштері
3. Орхон ескерткіштері
Енисей ескерткіштері көлемі жағынан өте шағын, олардың ең үлкені 10 Енисей ескерткіштері түркі жазбаларының ең көнесі, ол шамамен V-VІІ ғасырларды қамтиды. Енисей ескерткіштері қатарына: Енисей өзені, Тува автономиялы республикасы, Алтай, Хакас автономиясы облысымен Красноярск өлкесі территориясынан табылған бір сыпыра ірілі-уақты ескерткіштер жатады.
Зерттеушілердің шамаларынша, Талас ескерткіштерін V ғасырда қойылған.
Талас жазу ескерткіштері қатарына Талас өзені бойына табылған 13 ескерткіш жатады.
Талас өзені бойындағы Айыртам-Ой дейтін жерден (қазіргі Тараз) 1896 жылы Әулие Ата уезінің бастығы В.А. Каллаур ғылымға үлкен жаңалық боп енген жазуы бар тас тауып алды.
Орхон ескерткіштері қатарына VII ғасырдың аяғымен VIII ғасырдың бас кезіндегі Орхон, Селенгі, Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған Құтлық қаған (Онгин), Білге қаған (Могилян), Күлтегін, Тоныкөк, Мойын Чөр, Күлі Чөр, Суджы және т.б. бір қатар ескерткіштер жатады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Х.Айдаров, Ә.Құрышжанов, М.Таманов «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» Алматы, 1971.
2. Х.Айдаров «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» Алматы, 1986 ж.
3. Х.Сүйіншәлиев «VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» Алматы, 1989.
4. С.А. Аманжолов, Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Алматы 1959 ж.
5. Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», Алматы, 1991.
6. К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы, 1991ж. 379 бет.
7. Қаз ССР тарихы. Алматы, 1980 ж. І-том.
8. Балақаев М және Қордабаев Т. «Қазіргі қазақ тілі грамматикасы».
9. Алма Қыраубаева «Ежелгі әдебиет» Астана 2000.
10. Нығмет Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы 1991.
11. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев «Қазақтілі» Алматы 1993 ж.
12. Ежелгі дәуір әдебиеті хрестоматиясы.
13. М.Томанов «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы».
14.Х. Сүйіншәлиев. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Алматы 1989, 20 бет.
15.С.А. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Алматф 1959 ж, стр 36.
16. Қаз ССР тарихы. Алматы, 1980 ж І том 455 бет.
17. Х.Айдаров «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» Алматы, 1986. 61-бет.
18. Балақаев М және Қордабаев Т «Қазіргі қазақ тілі грамматикасы».
19. Айдаров Ғ, Құрышжанов Ә, Томапов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, Алматы, 71 ж 104 бет.
20. Л. Ысқақов. Қазірі қазақ тілі, Морфология. Ллмаіы, 1991 ж, 217 бет.
19. Ғ.Айдаров «Кәне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» Алматы 1986, 100 бет.
21. А.Қыраубаева «Ежелгі әдебиет» Алматы 2000 ж. 23 бет
22. К.Аханов. Тіл білімінің иегіздері. Алматы, 1993ж. 379 бет.

І-бөлім. Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі морфологиялық
ұқсастықтар.
1.1. Ескерткіштердегі сөз тұлғасы.
1.2 Көне түркі тіліндегі сөз таптары
1.3 Орхон-Енисей жазбаларындағы көптік жалғау.
1.4 Сөздердің тәуелдену мен септелу жүйсіндегі сәйкестіктер мен
айырмашылықтар.
ІІ-бөлім. Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі сиртаксистік
сабақтастықтар.
2.1 Ескерткіштердегі сөйлемнің мағынасына және айтылуына қарай
ерекшеліктері.
2.2 Сөздердің байланысуы.
2.3 Сөйлем мүшелеріндегі сәйкестіктер.
2.4 Көне түркі тіліндегң сөйлемнің түрлері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдеби тілінің қайнар көздерін,
оның қалыптасу жолдары мен зерттелу тарихына мән беру. Оның қалай
дамуға, қалыптасқандығын ашып беру моселесі қаралады. Көне түркі
тілі мен қазақ әдеби тіліндегі грамматикалық сәйкестіктерді нақты
мысалдармен дәлелдеп көрсету. Ол үшін мынадай міндеттер қойылады:
грамматикалық категорияның ескі жүйесі мен жаңа жүйесінің арасындағы
жазба жадыхаттар материалдары, тілдік реңктері т.б. деректер
негізінде грамматикалық ұқсастықтар мен айырмашылықтардың жай-жалсарын
түсіндіріп беру.
Кіріспе
Әлемдегі халықтар секілді түркі халықтарының да өздеріне тән
даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбір халық және ұлт тарихсыз
болмайды. Түркі халқының тарихы туралы құнды деректерді біз Батыс
Еуропадағы Византия материалдары мен Қытай жылнамаларынан көбірек
кездестіреміз. Бұл деректер түркі халқы үшін баға жетпес тарихи
да, мәдени мұра болып табылады. Түркі тілін зерттеуге көптеген
түркітанушылар өз еңбегін сіңірді. Н.А. Баскаков түркі тілдерінің
жалпы даму кезеңдерін алты дәуірге бөледі:
1. Алтай дәуірі
2. Хун дәуірі (б.з.б, III ғ-б.з.V)
3. Көне түркі дәуірі (Vғ-Хғ.ғ)
4. Орта дәуірі (X ғ.-ХVғ.ғ.)
5. Жаңа дәуірі (ХV-ХХ ғ)
6. Ең жаңа дәуір (Қазан көтерлісінен кейінгі кезең).
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін жазылу ксзеңі Көне түркі дәуіріне
сай келеді. Шығыс Түрк қағандығының құрамында өмір сүрген
түрктер жері - Орхон, Енисей, Селенга және Талас өзендерінің бойы.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы XVII ғасырдың
II жартысынан басталады. Н.Витзен – Орхон - Енисей жазба
ескерткіштері жөнінде ең алғаш рет (1662 ж) хабар берген болатын.
Сонымен қатар Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері
Ф.И.Табберт-Страленбург 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше
үлгілерін табады. Сол жылы Стокголым қаласында неміс тілінде жарық
көрген Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері атты
еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қажетті мағлұматтар
береді. Табберт - Страленберг өзі таяқан құлпытастардағы бұрын-соңды
тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз
елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Скандинавия
халықтарының тілінде Рунь деген сөз қазақ тіліне аударғанда Сыры
ашылмаған, құпия деген мағына береді.
XVIII ғ. I жартысында Орхон-Енисей жазба есткерткіштері жайлы
П.С. Паллас, Г.И. Спаский, А.Ремюза, А.Гумбольдт секілді көрнекті
ғалымдардың көлемді мақалалары жарық көрген.
Орыс География қоғамының Шығыс-Сібір бөлімі 1889 жылы
Моңғолияға арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белгілі орыс
саяхатшысы әрі ғалымы Н.М. Ядринцев басқарып, Орхон өзені аңғарынан
құпия жазуы бар үлкен-үлкен екі ескерткіш тапты. Оның бірі
Күлтегінге, екіншісі-Білге қағанға (Могилянға) арналған ескерткіш
еді. Оны құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін 1890
жылы Г.Гейкель бастаған Фин және В.В.Радлов 1891 жылы сонда барып,
бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бірақ та екі ғасыр
бойы бұл жазудың сыры құпия болып келген. Ескерткіштердегі жазуды
ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады.
Ескерткіштерді ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілер де, оны
ежелгі моңғол жазуы, фин жазуы, скиф главян жазуы деп жорамал
жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.
Көне түркі жазба ескерткіштернің ең алғаш сырын ашқан -
В.Томсон болды. 1893 жылы 15 желтоқсанда Дания Корольдік Ғылым
академиясының мәжілісінде Вильгелм Томсон ғылыми әлемді дүр
сілкіндірген мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі
халықтарының тілінде жязылғанын моәлімдеді.
Көне түркі жазуларын, зерттеуге айрықша көніл бөлген
ғалымдарының бірі -В.В.Радлов, В.Томсоннің ізімен 1894 жылы 19
қаңтарда Күлтегін ескерткішін аударыл шықты. Одан соң Могилян
ескерткіші аударылды.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне арнап В.Радлов, В.Томсен,
П.М.Мелиорянский, В.Бартольд, А.Н. Бернштам, С.Е. Малов, С.В.
Киселев, И.А. Батманов, К.Н. Оркун, В.Банг, В.Л.Котвич; Г.И.
Ральстед секілді көрнекті ғалымдар көптеген еңбектер мен ғылыми
мақалалар жазды.
Енисей жазуының нұсқалары осы күнгі түркі халықтарының ішіндегі
қырғыз, хакас, тува, алтай тілдеріне жақын деген пікірлер де
айтылып жүр. К.Сүйіншәлиев: Тілдік құрылысы жағынан ескерткіш
жазуды ескі қазақ тіліне мүлде жақын. Сөйлемі мен сөз тіркестері
ұғуға жеңіл - деген. Ал, профессор С.Аманжолов болса: Менің
түсінігімше, қазіргі дулаттар - V-VІІІ ғасырлардағы ежелгі Орхон-
Енисей түркілерінің тікелей ұрпақтары. Яғни, С.А. Аманжоловтың
пайымдауынша Орхон-Енисей жазуы дулат диалектісінде жазылған. Ал,
Ғ.Мұсабаев талас жазуының ескерткіштері үйсін диалектілінде жазылған
деп топшылайды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің негізгі түрлері қалыптастыруға
ойылған жазба түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге
қаған, Күлтегін, Тоныкөк (VІІ-VІІІ ғасырлар) басына қойған
құлпытастарға өте мәнерлі жазу қолданған. Бұларды тасқа жазылған
кітап деуге болады.
Орхон-Енисей ескерткіштерін тарихшылар: тарихи дегеннен гөрі
эпикалық дәстүр деп атауға болар еді. Одан әрі сол ырғақта екінші
Түрк қағанатының құрылуына байланысты оқиғалар баяндалып, Білге
қаған мен Күлтегін ерлігі айтылады. Көркемдік тәсілдерінің алуан
түрінің, тұрақты сөз тіркестері мен тұжырымды нақыл сөздердің
қолданылуы ресми баяндауды эмоциялық жағынан әрлендіріп, оның стилін
құлпырта түседі, -дейді.
Орхон-Енисей жазуы географиялық, тілдік және графикалық
ерекшеліктеріне қарай түрктанушылар тарапынан төмендегідей үш үлкен
топқа бөлінген:
1. Енисей ескерткіштері
2. Талас ескерткіштері
3. Орхон ескерткіштері
Енисей ескерткіштері көлемі жағынан өте шағын, олардың ең
үлкені 10 Енисей ескерткіштері түркі жазбаларының ең көнесі, ол
шамамен V-VІІ ғасырларды қамтиды. Енисей ескерткіштері қатарына:
Енисей өзені, Тува автономиялы республикасы, Алтай, Хакас
автономиясы облысымен Красноярск өлкесі территориясынан табылған бір
сыпыра ірілі-уақты ескерткіштер жатады.
Зерттеушілердің шамаларынша, Талас ескерткіштерін V ғасырда қойылған.
Талас жазу ескерткіштері қатарына Талас өзені бойына табылған 13
ескерткіш жатады.
Талас өзені бойындағы Айыртам-Ой дейтін жерден (қазіргі Тараз)
1896 жылы Әулие Ата уезінің бастығы В.А. Каллаур ғылымға үлкен
жаңалық боп енген жазуы бар тас тауып алды.
Орхон ескерткіштері қатарына VII ғасырдың аяғымен VIII ғасырдың
бас кезіндегі Орхон, Селенгі, Тола өзендері мен Минусинск
ойпатынан табылған Құтлық қаған (Онгин), Білге қаған (Могилян),
Күлтегін, Тоныкөк, Мойын Чөр, Күлі Чөр, Суджы және т.б. бір қатар
ескерткіштер жатады.
ІІ-Бөлім.
Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі морфологиялық
ұқсастықтар.
Көне түркі тілдерінің грамматикалық құрылысы қазіргі қазақ
тілімен жалғастығын салыстырусыз-ақ тауып тұр. Тілдің грамматикалық
құрылысын морфология мен синтаксис тексереді. Міне, осы
грамматиканың екі саласын екі үлкен бөлімге бөліп қарастырғанды жөн
көрдік.
Ескерткіштегі сөздер құрамына қарай қазіргі қазақ әдеби
тіліндегідей түбір сөздер, туынды сөздер, қос сөздер, бірріккен
сөздер және күрделі сөздер болып бес топқа бәлінеді.
1. Түбір сөздер ескерткіштердегі бөлшектеуге келмейтін, тек жалаң
түбірге құралған сөздер. Түбір сөздерді Ғ.Айдаров өз еңбегінде
төмендегідей негізгі түрлерін көрсетеді.
І. Тек жалғыз дауыстылардан тұрады. Бірақ ондай түбір сөз
текете жоқтың қасы. Мысалы: Ы-бұта, өсімдік, Ы бар бас асдымыз -
Бұтасы бар шыңнан астық.
II. Дауысты - дауыссыз дыбыс: У-С: іч-іш, еб-үй, ач-аш, ер-ер, үч-
үш.
III. Дауыссыз-дауысты дыбыс: С-У: Сү-әскер, не-не, кү-дыбыс т.б.
IV. С-УС: бен-мен, суб-су, күч-куш, йел-жел т.б.
V. У-С-С: алп-батр, елт-жүргіз, унч-мүмкін т.б.
VI. У-С-У: апа-апа, ұна-ұнау, ұқы-ұйқы т.б.
VII. С-У-С-С: қорқ-қорық, санч-шаныш, түрк-түрк т.б.
VIII. У-С-У-С: есір-тұтқын, оғул-ұл, обут-ұят, олтур-отыр т.б.
IX. У-С-С-У: алты-алты, едгү-әйгілі, арқа-арқа.
X. С-У-С-У: кісі-кісі, иеме-және, тағы, буқа-бұқа т.б.
XI. У-С-С-У-С: іңгек-сиыр, алтун-алтын т.б.
XII. С-У-С-У-С: будан-халық, қаған-қаған, күміс-күміс, қызыл-қызыл
т.б.
2. Туынды сөз. Ескерткіштегі сөздер тек жалаң түбірден ғана
құралмайды. Қазіргі тіліміздегідей көптеген сөздер жұрнақ жалғану
арқылы жасалады. Мысалы: Иерчі-жершіге, айғучы-кеңесші; күчліг-күшті,
йердекі-жердегі, буқалы-бұқалы.
3. Қос сөздер. Көне түркі жазба ескерткіштерде аз да болса, қос
сөздер кездесіп отырады. Мысалы: екі-үч-екі-үш; Иер-суб-отан, Ічі-
тысы-іші-тысы т.б.
4. Бірріккен сөздер. Ескерткіште бірнеше түбірлерден бірігіп, бір
ғана ұғымды білдіретін біріккен сөздер де кездесіп отырады. Мысалы:
Ілтері-Ілтеріс, Тонуқұқ-Тонуқуқ, Егрітебі-кілем, күнтүз-күндіз т.б.
5. Күрделі сөздер. Оларға көбіне кісі аттары мен жер-су аттары
жатады. Мысалы: Қара қум - қара құм; Иарыс йазы - Иарыс жазығы;
Бөгү қаған-Бөгі қаған; темір қапығ-темір қақпа; інел қаған-інел
қаған т.б.
Жазба нұсқалардағы сөздер мағыналық, тұлғалық және қызмет
жағынан әр түрлі болып, өзара бірнеше топқа бөлінеді. Жазбалар ең
алдымен негізгі және көмекші сөздер болып, екі топқа жіктеледі. Ол
сөздерді жинақтай келгенде, олар төмендегідей сөз таптарына
белінеді:
Зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай.
Алайда Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі сөз таптары қазіргі
қазақ әдеби тіліндегі сөз таптарымсн ұқсастыра мен өзіндік
ерекшеліктері бар. Міне, осыған тоқтала кетелік. Қазіргі қазақ
әдеби тілінде тоғыз сөз табы болса, көне түркі тілінде сегіз сөз
табы бар. Көне түркі тілінде еліктеуіш сөз табы жоқ. Бұл көне
түркі тілінде еліктеуіш сөздер жоқ деген емес. Орхон-Енисей жазба
ескерткіштерінде тек мәтінге қажет сөздерді ғана қолданған.
Зат есімге ескерткіштердегі заттың атын білдіретін сөздер
жатады. Жазбадан сөздер өздерінің мағыналық және тұлғалық жақтарынан
біркелкі емес, әр түрлі болып келеді. Мысалы зат есімдер
мағыналық жағынан мамандық атаулары: айғучы (кеңесші), қарағу
(күзетші) т.б.; зат, құбылыс атаулары: буқа (бұқа), қуш (құс),
лағзын (шотықа), іңгек (сиыр), йонт (жылқы); қоғамдық құбылысқа
қатысты атаулар: бег (бек), буйрық (бұйрық), шад (уәзір), бай
(бай) т.б; адамға байланысты атаулар: оғул (ұл), қыз (қыз), ана
(ана); қимылдық ұғымның атаулары: күч (күш), біліг (білік), былғанч
(былғаныш); географиялық атаулар: Орхон (Орхон), Ертіс (Ертіс), Кем
(Енисей).
Ал зат есімдер өздерінің тұлға жағынан бір буынды (ат, ер,
йер,(жер), оқ), көп буынды (күміш-күміс, қаған-қаған, інгек-сиыр,
т.б.), негізгі және туынды болып келеді.
Қазіргі қазақ әдеби тіліндегідей зат есімдер көптеледі,
септеледі, тәуелденеді және кейде жіктеледі. Алайда көне түркі
тіліндегі зат есімдердің бәрі бір бірдей жіктелмейді. Бұларға алда
толығырақ тоқтала жатамыз.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі сын есім мен қазақ әдеби
тілімің сын есімнің ешқандай айырмашылығы жоқ десек те болады.
М.Балақаев пен Т.Қордабаев еңбектеріндегі көрсеткен сын есімнің
мағыналық жағы да, жасалу жолы да көне түркі тіліне сабақтас.
Көне түркі тілінде сын есімнің үш шырайлары бар. Олар: жай шырай
(қызыл, қара, көк, сары), салыстырмалы шырай (ақсырақ, бөрітег,
теңрітег), күшейтпелі шырай (ең ілкі). Ескерткіштердеті сын есімдер
сөйлем ішінде анықтауыш қызметін атқарады.
Ескерткіштердегі сан есімдердің өзіне тон семантикалық және
грамматикалық ерекшеліктері бар. Олар жеке тұрғанда абстракті ұғымды
білдіреді. Бірақ олар тілде негізінде, затты не болмаса оқиғаны
сан жағынан анықтап береді.
Ескерткіштер тіліндегі сан есімдер сол дәуірдің өзінде-ақ әбден
қалыптасқан сөз таптарының бірі болған. Ескерткіштер тілінде
қазіргі түркі тілдерінде кездесетін сан есімдердің бәрі де
кездеседі. Орхон-Енисей жазбаларындағы сан есімдер құрамына қарай
дара (үч-үш, бір-бір, он-он, екі-екі) және күрделі (екі бың - екі
мың, йеті йүз - жеті жүз. Төрт түмен - қырық мың т.б.) сан
есімдер болып екіге жіктеледі. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі
сан есімдер мағынасына қарай төмендегідей бөлінеді.
Олар: 1. Есептік сан есімдер. Олар іштей бірліктер (бір, бес,
йеті, секіз, тоқуз) және ондықтар (отуз, еліг, йегерлі, он) болып
екіге белінеді.
2. Реттік сан есімдер. Олар ескерткіште -нті, -нч, -ынч, -інч
жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: үчүнч (үшінші), екінті
(екінші), йегермінч (жиырмасыншы) және т.б. Иадағ сүсін екінті күн
қоп көпүртім - жаяу әскерін екінші күн көп келтірдім. Ескерткіште
кейде реттік сан есімдер -қы, -кі, (ілкі, отузқа) жұрнақтары
арқылы жасалады.
3. Бөлшектік сан сеім. Мәтінде бөлшектік сан есімдер сынар сөзі
арқылы жасалады. Мысалы: Бізінье екі учы сыңарча ерті - Бізден
екі ұшы сыңарша артық еді.
4. Жинақтық сан есімдер. Ескерткіштердегі сан есімдер -ағу, егу
қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: үчегу (үшеуі); Бу
үчегу қабысыр-Бұл үшеуі бірігер.
5. Аралас сан есімдер. Мұнда Қазіргі кездегі түркі тілдеріндегідей
ондықтың үстіне келесі санды қосып айтпаған, онда ондықтан бастап
санағанда, санақ басталған санның өзі айтылмай, оның бірлігімсн
келесі ондық қосылып айтылған. Мысалы: йеті йегірмі (он жеті),
секіз йегірмі (он секіз), үч отуз (жиырма үш), алты йегірмі (он
алты); Йеті йегірмі шашыма таңут тапа сүледім - он жеті жасымда
таңғұттарға қарсы соғыстым.
Аралас сан есімдер туралы түркітанушылар арасында бірсыпыра
кереғар пікірлер бар. В.В. Бартольд аралас сан есімдер XI
ғасырдағы Құдатғу біліктен кейінгі кездегі түркі тілдерінде
кездеспейді деп тұжырымдайды. Ал, Орхон Енисей жазуларына ерекше
мән берген С.Е.Малов мұндай санау тәртібінің сары ұйғырлар тілінде
әлі де қолданылатындығын айта кеткен.
6. Болжамды сан есім. Олар есептік сан есімдерге -ча, че, жұрнағы
жалғану арқылы жасалады. Көне түркі ескерткіштерінде болжамдық сан
есімдер саны өте аз. Болжамдық сан есімдердің -ча, -че
жұрнақтарының орнына қазақ тілінде -дай, -дей жұрнақтары сәйкес
келеді - дейді.
Жіктеу есімдігіне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер,
сіздер, олар деген сөздер жатады. Бұлар көне түркі тіліндегі
келтірген жоғарыдағы мысалдармен сабақтас келеді.
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау,
осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Осының
ішінен көне түркі тілінде бұл, ол деген сілтеу есімдіктері
кездесіп отырады.
Қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері қай? қайсы? Деген сұрауларға
жауап береді.
Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? қай? қандай? қанша? қалай?
қашан? Орхон-Енисей жазбаларында бұларда кездесіп отырады.
Қазақ тілінде өздік есімдікте жалғыз ғана өз сөзі жатады деп
айтқан Ахмеди Ысқақов өз еңбегінде. Ал енді осы есімдік көбінесе
өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және
ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.
Белгісіздік есімдіктердің жасалуына бір, әр, әлде деген үш сөз
ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің
кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: біреу,
кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, әркім, әрке, әрқайсы,
әрқалай, әлдекім, әлдене, әлде қашан.
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір
есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: ешкім, ешбір, ештеме,
дәнеңе, стықашан т.б.
Етістік - ескерткіштегі ең қиын және күрделі сөз таптарының
бірі. Етістіктің ерекшелігі мен күрделігі лексикалық мағынасы мен
морфологиялық тұлғасы және сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Көне
түркі тілінде етістіктер құрамына қарай түбір (елт-жүргіз, тут-ұста,
тег-ти, ач-аш, адыр-айыр, айд-айт, сақын-ойлан, ас-ас) және туынды
етістіктер. Туынды етістіктер -а, -с: сан-сана, тіл-тіле; -ла, -ле:
ат-атла (аттан), топ-топла(топта); к(щ, -қ), -іч, -ічік(бағып); -л(-
ыл, -іл) тіріл жұрнақтары арқылы жасалады.
Етістіктер іс-әрекеттің жүзеге асу не аспау мүмкіндігіне қарай
болымды және болымсыз болып екі топқа бөлінеді.
Ескерткіштердегі іс-әрекеттің орындалуын білдіретін етістіктер
болымды, іс-әрекеттің орындалмағандығын білдіретін етістіктер болымсыз
етістіктер деп аталады. Көне түркі тілінде болымсыз етістіктер
жасалу үшін оның соңына -ма,-ме қосымшалары жалғанады. Мысалы
удымадым (ұйықтамадым) қорқымадды (қорықпады), олурмадым (отырмадым),
келмеді (келмеді).Түркі будун үчүн түн удымадым, күнтүз олурмадым -
Түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Біз
қорқымадымыз -Біз қорықпадық.
Мәтіндегі етістіктер мағынасына және сөйлемдегі басқа сөздермен
байланысына қарай сабақты және салт етістік болып екіге жіктеледі.
Сабақты етістік. Ескерткіштер тілінде табыс жалғаулы сөзді
керек ететін сабақты етістіктер де кездеседі. Бу сабымын едгүті
есіді - Бұл сөзімді жақсы тыңда. Чығай бұдынығ бай қылтым, аз
будынығ үкүш қылтым - Кедей халықты бай қылдым, аз халықты көп
қылдым.
Салт етістік. Ескерткіштерде табыс септікті қажет стпейтін салт
етістіктер де бар. Мысалы: Бір йылқа біш йолы сүңүсдіміз-Бір
жылда бес рет соғыстық. Күлтегін қой йылқы, йеті йегірлік учды-
Күлтегін қой жылдың он жетісінде қайтыс болды. Түрген қағанта
көрүг көлті-Түргеш қағаннан тыңшы (хабаршы) келді.
Қазіргі қазақ әдеби тіліндегідей көне түркі тілінде де іс
істеуші адамға немесе іске байланысты затқа іс-әрскеттің белгілі
қарым-қатынасын білдіретін, етістік түрі-етістіктер бар. Көне түркі
тілінде қазіргі түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тіліндегідей
өздік етіс (өтүн-өтін, боғузлан-бауыздан, қанлан-кандап), өзгелік
етіс (елсірет-елсірет, олурт-отырт, ағтур-аударт, келүр-келтір, секүр-
сөктір, алтыз-алғыз), ырықсыз етіс (адырыл-айрыл, катыл-косыл, арыл
– арыл), ортақ етіс (уруш-ұрыс, сүңүп соғыс, йараш-жарас).
Сонымен қатар көне түркі тілінде етістіктің төрт райы бар.
Ашық райда істелетін істің субьектісі көрсетіліп, істің
істелгендігін, істеліп жатқандығын, не алдағы кезде істелетіндігін
көрсетеді. Көне түркі тіліндегі ашық райда қазақ, әдеби
тіліндегідей ұлшақ бар. Олар: осы шақ (Табғачы өлүтечі-табғашты
өлтіреді) келер шақ (көрүр-көре, келүр-келер), өткен шақ (өңрекі
будун келті-алғашқы халық келді).
Бұйрық рай. Ескерткіштерде бұйрық рай ІІ жақ және 111 жақта
айтылады. Түрі тілдеріндегідей бұйрық райдың соның ішінде қазақ
тіліндегідей 11 жақ жекеше түрі етістіктің түбірі болып есептеледі.
11 жақ: біл-біл, есід-есіт, елт-апар, білің-білін, олурын отырың;
III жақ: йорымазын - жүрмесін, болчын-болсын, барзын-барсын. Көне
түрі тілінде бұйрық райдың болымсыз түрі -ма, -ме жұрнақтары
арқылы жасалады.
Қалау рай. Ескерткіштерде қалау райдың жекеше түрі -айын,
ейін, йын, -ійі (айтайын, қысайын, йоғлатайын) жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалады. Қала райдың көпше түрі -алым, -елім,
-лым, -лім жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Кейде -ғай
(болғай) жұрнағы жалғану арқылы да жасалады. Шартты ра іс-әрекеттің
істелу, істелуінің шартын білдіріп, -сар, -сер (бар ерсер - бар
болег еүлемесер-соғыспаса, нең ерсер - қандай болса) жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалады. Алайда, мәтінде -сар, -сер жұрнағы
жалғанған сөздер үнемі іс-әрекетті: шартын білдіре бермейді.
Алайда ескерткіште мұндай сөздер жоқтың қасы.
Ескерткіштегі есімшелер де, көсемшелер де етістік түбірден
жасалады. Есімше болған сөздер қимыл-қозғалыс, іс-әрскет түрінде
ұғынылмай, сана, белгі, қасиет түрінде ұғынылады. Есімшелерде екі
белгі: етістіктердің және есімдердің де белгілер болады. Көне түркі
тілінде есімшелер септеледі, тәуелденеді, көптік жалғауы қабылдайды
және етістіктердей үш шаққа жіктеледі.
Осы шағы -тачы, -течі, -дача, -дечі (өлтечі-өлуші, қалтачы-
қалушы) жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы: Бөдке көрүгме беглер гү
йаңылтачысыз-Таққа құма] бектер, сіздер, жаңыласыңдар ғой.
Есімшенің келер шағы -ур, -үр, -ар, -ер, -ыр, -ір, -р
жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: келүр-келер, тезер-
қашар, тір-дер, айтар. Көне түрк тілінде есімшенің келер шағының
болымсыз түрі -ма, -маз, -мез (келмез, білмез, көрмез жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалады.
Өткен шағы -мыс, -міс, -мыш, -міш (айытмыс-айтқаи, келміс-келген,
тіліміс деген), -дүқ, -дүк, -түқ, -түк (қазғантуқ үчүн-пайдаланған
үшін өтүнтүк -әтінген), -ған, ген (қазған-пайдаға асырған, табысған-
табылған) жұрнақтарының жалғануы арқылы: жасалады.
Ескеркіште көсемше негізгі етістігі істің, қимылдың амалын,
мезгілін, мақсатыі т.б. білдіріп, -ып, -іп, -уп, -үп, -п (қылып-
қылып, тіндеп, тезіп-қашып, тіріліп-жиналып олурып-отырып), -пап,
-пек, -ыпан, іпен (йорыпан-жүрік, тутыпанұстап, сөкіпен-сөгіп), а,
-е (уча-ұша, тоға-туа, кече-кеше, санча-шаныша) жұрнақтарының
жалғануы арқыль жасалады.
Бір айта кететін жайт Ғ.Айдаров өз еңбегінде: Жазба
нұсқалардағы -ыпен, -іпсі жұрнақтары қазіргі кездегі түркі тіліндегі
-ып, -іп, -п жұрнақтары жұмсалады Отырапынан түрк будының терүсін,
ілім тута бірміш, іті бірміш - отырып, түрк халқыкың елдігін,
ережесін қолдана берген, ұстай берген- деген.
Сонымен қатар ескерткіштегі етістіктер көмекші және күрделі
етістік болып екік бөлінеді. Бұл жіктеу қазіргі қазақ әдеби
тілімен сәйкес тілімен сәйкес. Көне түрк тілінде үстеулер зат пен
қимылдың әр түрлі сындық, мекендік, мезгілдік, шарттық мөлшерлік
күй-жайларын және сынының белгілерін білдіреді.
Ескерткіште үстеулер морфологиялық құрылысына қарай негізгі
(қыйып, ешті енді, ырық-алыс қоды-төмен, үзе-үстіне) және туынды
(ічре-ішке, удышыру-қарса йазару-жоғары) болып екіге жіктеледі.
Туынды үстеулер -ра, -ре (ташра-тысқа); -ру, -рү, -ры, -рі
(керү-кері); -йа, -ісе (берійе-оңға); -ғару, -геру, -ғары, -гері
(ебгеру-үйге қарай); -та,(анта-онда); -ты, -ті, -ды, -ді (түкеті-
түгел); -ча, -че (түкеті-түгел); -ча, -че (терче-тердей, отча-
оттай); -тег(қой тег қойдай) жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Үстеулер мағынасына қарай: мезгілдік (емті -енді, кіче-кеш, түн-
түн); мекендік (қода-төмен, үзе-үстіне, шег-алыс); Сын-қимыл (егере-
айнала, тегер-артқа, қоты-күшті); мөлшерлік күшейткіш (азча-азғана,
субча-судай) үстеулер болып жіктеледі. Сөйлем ішінде үстеулер
пысықтауыш мүше болады.
Көне түркі тіліндегі шылаулардың қызметі мен мағынасы қазақ
әдеби тіліндегімен сабақтас. Алайда, ескерткіштердегі шылаулардың
сөйлемде ерекшеліктеріне қарап үш топқа бөлінеді: септік, жалғаулық
және демеулік шылаулар.
Шылау сөз табының ұқсастығын салыстыруысыз-ақ көруге болады.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде жеке тұрып, өз алдына сөйлем
мүшесі бола алмайтыи, бірақ сөйлемде адамның әртүрлі эмоциясьш
(қуану, өкіну, ренжу т.б.) білдіретін одағай сөздер де азын-аулық.
Ескерткіште одағай бір сөз: Алайда бұл сөздің одағай ма, жоқ әлде
басқа сөз табы ма екені нақты емес. Түркітанушылар арасында даулы
мәселе болып келеді.
Көне түркі тілінде қазіргі қазақ тіліндегідей род категориясы
жоқ. Түркі тілінде атықандай грамматикалық көрсеткішсіз-ақ өзінің
лексикалық мағынасы жағынан белгілі, бір жынысты білдіретін сөздер
кездеседі. Олар семантикалық жақтарынан адамның не хайуанның белгілі
бір жынысын білдіреді. Бұл сөздер ескерткіш тілінде жеткілікті:
ата, оғул, қатун, қыз, келін, сіңлі, іні т.б. Сонымен қатар
ескерткіште бірен-саран синтаксистік әдіспен жасалған қыз оғул-қыз
бала секілді сөз тіркестері де кезедеседі. Бірақ олар жоқтың қасы.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі зат есімнің кептік жалғауы
заттардыц біреу емес, көп екендігін білдіреді. Ерте заманның
өзінде-ақ кептік жалғаулар қалыптасқан болатын.
Қазіргі заманғы түркі тілдері сияқты көне түркі ескерткіштері
тіліңде де көптік пен арнайы жалғаулар арқылы да немесе сөздің
лексикалық мағынасы мен сөз тіркестері арқылы да берілген. Кейбір
жеке сөздердің мағынасының өзінде кептік ұғым болған. Мысалы,
йылқы, барым тәрізді сөздер қолданылуынша қарай жекелік те, көптік
те ұғым берген. Сонымен бірге, көптік ұғым сан есім мен зат
есімнің тіркесі арқылы да, мысалы, асты йегермі йаш (он алты
жас), екі шад (екі шад) т.б. қос сөздер арқылы да жасалған: шад-
апыт (шадтар, би-бектер) т.б.
Орхон-Енисей жазбалараның тілінде де қазіргі қазақ тіліндегідей
көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы - көптік жалғаулар. Орхон-
Енисей жазбаларының тілінде көптік жалғаудың екі түрі кездеседі.
Дыбыс үндестігі бойынша түбірдің соңғы буыны болсалар, жіңішке
болса -лер, қосымшалары жалғанады. Мысалы: атлар (аттар), қардашлар
(жолдастар), беглер (бектер), кунчуйлар (әйелдер), күдегүлер
(күйеулер) т.б. Жинақтық мен беретін сөздер көбіне -лар жалғауынсыз
қолданылғанға ұқсайды. Мысалы: Тоқуз оғуз бегілері, будучу бу
сабымын егүтү есід, қатығды тыңла -Тоғыз оғыз бектері, халқы
сөзімді мұқият тыңда, терең ұқ деген сөйлем құрамында бег (бек)
сөзіне - лер жалғанған да, жинақтық мән беретін будун (халық)
сөзіне жалғанбаған.
Көптік мағына беретін қосымшалардың бірі - т. Ол қосымша
Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дәрежені, шенді білдіретін тарқан-
тарқат, шад-апыт, тігін-тігіт секілді азын-аулақ сөздердің ғана
құрамында кездеседі. Зерттеушілер бұл қосымшаны монғол тілінен
ауысқан соңғы дыбысы мүлдем түсіп қалады: тарқан-тарқат, шад-апыт.
Сонымен бірге, -т қосымшасы Орхон-Енисей дәуірінде жиі қолданылудан
қалып бара жатқан еді деген де болжам бар. Сірә, бұл
қосымшаның 5-6, онда да бір ғана мағыналық топқа жататын
сөздердің құрамында кездесуі осы пікірді растаса - т қосымшасы
уақыт жағынан Орхон-Енисей жазбаларынаи кейінгі дәуірге жататын
ескерткіштердің ешқайсысына да көптік мән туғызудың өнімді тәсілі
есебінде ұшыраспайды. Х-ХІІІ ғасыр жазбаларьшда -т аффиксімен
келген бірен-саран сөздер кездескенімен, олардың өзіне де кейде
-лар жалғанады. П.М. Мелиоранский өзінің Күлтегінге қойылған
ескерткіш атты еңбегінде кейбір сөздер құрамында кездесетін -т
қосымшасын түбірден бөліп алып қарауға болмайды деген пікір айтқан
болатын. Бірсыпара зерттеушілср сүт, аспауыт т.б. сөздердің
құрамындағы -т-ны көптік жалғау деп қарайды. Бұлай болғанда қазақ
тіліндегі сәлем-сауқат дегендегі -т да осы жалғау. Өйткені қазақ
тілінде оның сауға дейтін -т-сыз айтылатын варианты бар. Алайда,
мұның бәрі даусыз дәлелдігін жайлар емес. Қазірге басы ашық мәселе
-Орхон-Енисей жазбаларында -т көптік жалғау есебінде қолданылған.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде көптік жалғауы жалғанбай-ақ
көптіп ұғымды беретін сөздерді де біз ескерткіштерден кездестіреміз:
1) Ру, тайпа, халық аттарын білдіретін ескерткіштердегі кейбір
сөздер: оғуз (оғыз), қыбчақ (қыпшақ), түрк (түркі) т.б.
2) Лексикалық мағынасының өзінде көптік ұғымы бар сөздер:
інгек (сиыр), құлғақ (құлақ), адағ (аяқ) т.б.
3) Дараланып санауға келмейтін кейбір зат есімдер: алтун
(алтын) күмүш (күміс), сач (шаш) т.б.
4) -лығ, -ліг (лық, лік) жұрнақтары арқылы жасалған кейбір
дерексіз зат есімдер жеке ұғымда да, көптік ұғымда да кездеседі.
Мысалы: қағанлығ (қағандық), бегліг (бектік) т.б.
Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде көпті мағына сөз тіркестері
арқылы да жасалады. Оларды Х.Айдаров өз еңбегіндс үшке жіктеп
қарастырады. Олар төмендегідей:
1. Зат есімнің алдына оның қанша екендігін көрсетстін сан
есімдер болса, оларға көптік жалғауы жалғанбайды. Олар: йеті йүз
кісі (жеті жүз кісі), он түмен сү (он мың әскер) т.б.
2. Зат есімдердің алдында қоп-кеп, үкіл-бүкіл сияқты
анықтауыштар айтылса, оларға көптік жалғауы жалғанбайды. Мысалы, Қөп
соғады (көп соғды), үкіл ер (бүкіл ер).
3. Ескерткіштердегі кейбір қос сөздер де ешбір көптік
жалғаусыз-ақ көптік ұғымды білдіреді. Мысалы: қыз-қудуз (қыз-қырқын).
Сөздердің тәуелдену жүйесі. Заттар арасындағы тәуелділік,
екінші заттың меншіктілік, иелік қатынасы көне түркі тілінде
тәуелдік жалғаулар арқылы беріледі. Тәуелдік жалғау қазақ әдеби
тіліндегідей үш жаққа байланысты көптік, жекелік бойынша онаша,
артықтық қасиетін сақтап түрленеді. Грамматикалық тұлғасы мынадай:
І-жақ, жекеше: -м, -ым, -ім, -ум, -ұм будуным (халқым),
қағаным (жаным), -інім. Сабымын түкеті есідгіл - Сөзімді түгел
естіңдер.Інім Күлтегін бірле сөзленедеміз - інім Күлтегінмен
ақылдастық, көпше: -мыз,
-міз, -ымыз, -іміз: қанымыз (әкеміз), йағумыз тегіре учук тег ерті
- жауымыз тегіс жыртқыш құстай еді.
ІІ-жақ, жекеше: -ың, -ің: қаған-ың, қан-ың, оғыл-ың, қан-ың.
Қанық субча йүгүрті, соукүң тағча йатды - Қаның суша құйылды,
сүйегің таңдай үйілді, көпше: -ңыз, -ыңыз, -іңіз: алпыңыз
(батырыңыз), іліңіз (еліңіз), қаныңыз.
ІІІ-жақ, -ы, -і, -сы: қаған-ы, беглер-і, көз-і, көзі-қаша
йаблақ болтача тіл-көзі, қасы жаман болар деп. Тоқуз оғуз беглері,
будуны-тоғыз оғыз бектері, халқы. Қағану алп ерміс, айғучусу белгі
ерміс-Қағаны алп еді, ақылгөйі білгір еді.
Септеу жүйесі. Көне түркі тілінде септік түрінің саны туралы
әр түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz