Қазақстанды әлеуметтік құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудағы конснститутциялық негіздеулер



1 Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
2 Біз . бостандық жолындағы талай күрестерде шыңдалған, рухын түсірмеген ұлтпыз
Конституциямыздың 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көр¬се¬тіл-ген. Және «Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу» деп жалғасады осы бап. Осындай құқық беретін Ата Заңның жолымен жүргенде ғана кез келген халық, оның ішіндегі жеке тұлға өзін ерікті сезіне алады. Ал ерікті адам қоғамдық ойдың озық болуына да ықпал етеді. Адам бойындағы ерекше қабілеттілік, дарындылық, ой тереңдігі оның бостандығының арқасында ғана қанатын кеңге жая алады.
Біз тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай өзіміздің Ата Заңы¬мыз¬ды қабылдадық. Мұндағы негізгі мақсат –қазақ¬стан¬дық¬тар¬дың достық, бауырластық қарым-қатынасын орнықтырып, ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерімізді сақтап қалу. Сол міндеттердің ішіндегі ең қасиеттісі – азаматтарымыздың бойында отан¬сүй¬гіш¬тік қасиетті қалыптастыру десек, қателеспейміз. Тағы бір аса маң¬ыз¬ды міндет – әрбір Қазақстан азаматының орта білім алуға мін¬деттілігі. Білім алуға міндетті болудың арғы жағында біздің мем¬лекетіміздің әрбір азаматының саналы да ойлы, көзі ашық, жақсы мен жаманды салмақтай білетін, ұлы бәсекелестіктер дәуірінде қиындықтардан қаймықпайтындай болып қалыптасуына мүм-кін¬дік жасау қағидасы жатыр.
Ата Заңға сүйене отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономикамызды дамытып, демократияны орнықтыруға күш сал¬дық, өндірістік қатынастарды реформалап, нарықтық эконо¬ми¬каға өтуді жеделдетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша көңіл бөлінді. Әлемдік қауымдастыққа кірігіп, дамыған мем¬лекеттермен тең дәрежеде тұра алатын жағдайға жеттік.
Біз – бостандық жолындағы талай күрестерде шыңдалған, рухын түсірмеген ұлтпыз. Сол ерлік рухының бұдан әрі қарай да ұр¬пақтан-ұрпаққа жалғасып, Отанымыздың іргесінің нығая тү¬суі¬не ықпал ету қажеттігі де Ата Заңымызда атап көрсетілген. Ал бұл мақсатты жүзеге асыруда халықтың бірлігінің аса маңызды рөл атқаратындығы түсінікті. Сондықтан да біздің Консти¬ту¬ция¬мыз¬дың 3-бабында «Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық» делінген. Халықтың тұтастығы, өзара сыйластық, басқа мем¬лекеттермен достық қарым-қатынас орната алу, экономи¬ка¬ның дамуы, жоғары мәдениеттілікке қол жеткізу – осының бәрі де тек қана халықтың ауызбірлігі арқылы жүзеге асырылады.
1.Г. Сейітмағанбетова «Әлеуметтік қамсыздандыру және оның даму болашағы» www.kaz.stat.kz
2.Ж. Омаров ,,Ата заң – ел болашағының негізгі баспалдақтары’’www.elgazeti.kz 29.08.2012
3. Ж. Омаров, «Заң және заман» журналы №7, 2010 жыл. 14 бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанды әлеуметтік құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудағы
конснститутциялық негіздеулер.
Қ.Қ.Баймұратова
Құқықтану мамандығының 2 курс студенті,
заң факультеті.
E-mail:93-muslim@mail.ru

ТҮЙІНДЕМЕ

Мұндағы негізгі мақсат –қазақстандықтардың достық, бауырластық қарым-
қатынасын орнықтырып, ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерімізді сақтап қалу.
Сол міндеттердің ішіндегі ең қасиеттісі – азаматтарымыздың бойында
отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру десек, қателеспейміз.

Buradaki temel amaç-Kazakistanların dostluk, kardeşlik ilişkilerini
sağlamlaştımak, eskiden devam adan adan geneklerimizi korumak. Bu
vasifelerin en kufsalı-vatandaşlarımızın vatanseverlik dugularını
oluşturmaktır.

Конституциямыздың 1-бабында Қазақстан Республикасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары
мен бостандықтары деп атап көрсетілген. Және Республика қызметiнiң
түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл
халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм;
мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның
iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы
шешу деп жалғасады осы бап. Осындай құқық беретін Ата Заңның жолымен
жүргенде ғана кез келген халық, оның ішіндегі жеке тұлға өзін ерікті сезіне
алады. Ал ерікті адам қоғамдық ойдың озық болуына да ықпал етеді. Адам
бойындағы ерекше қабілеттілік, дарындылық, ой тереңдігі оның бостандығының
арқасында ғана қанатын кеңге жая алады.
Біз тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай өзіміздің Ата Заңымызды
қабылдадық. Мұндағы негізгі мақсат –қазақстандықтардың достық, бауырластық
қарым-қатынасын орнықтырып, ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерімізді сақтап
қалу. Сол міндеттердің ішіндегі ең қасиеттісі – азаматтарымыздың бойында
отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру десек, қателеспейміз. Тағы бір аса
маңызды міндет – әрбір Қазақстан азаматының орта білім алуға міндеттілігі.
Білім алуға міндетті болудың арғы жағында біздің мемлекетіміздің әрбір
азаматының саналы да ойлы, көзі ашық, жақсы мен жаманды салмақтай білетін,
ұлы бәсекелестіктер дәуірінде қиындықтардан қаймықпайтындай болып
қалыптасуына мүмкіндік жасау қағидасы жатыр.
Ата Заңға сүйене отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
экономикамызды дамытып, демократияны орнықтыруға күш салдық, өндірістік
қатынастарды реформалап, нарықтық экономикаға өтуді жеделдетіп, халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша көңіл бөлінді. Әлемдік қауымдастыққа
кірігіп, дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде тұра алатын жағдайға жеттік.
Біз – бостандық жолындағы талай күрестерде шыңдалған, рухын түсірмеген
ұлтпыз. Сол ерлік рухының бұдан әрі қарай да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,
Отанымыздың іргесінің нығая түсуіне ықпал ету қажеттігі де Ата Заңымызда
атап көрсетілген. Ал бұл мақсатты жүзеге асыруда халықтың бірлігінің аса
маңызды рөл атқаратындығы түсінікті. Сондықтан да біздің Конституциямыздың
3-бабында Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық делінген.
Халықтың тұтастығы, өзара сыйластық, басқа мемлекеттермен достық қарым-
қатынас орната алу, экономиканың дамуы, жоғары мәдениеттілікке қол жеткізу
– осының бәрі де тек қана халықтың ауызбірлігі арқылы жүзеге асырылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы халыққа Жолдауында Бізге мемлекеттің
келешегі, болашақ дамуы үшін не керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі
сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің
болашағы бұлыңғыр болады, деп көрсеткен еді. Біз қазір әрбір азаматтың
құқықтық санасы жоғары сауаттылықпен қалыптасқан, әркім өзінің
жауапкершілігін терең сезінетін қоғам құрдық және оны әрі қарай дамыту
үстіндеміз. Өз құқығымызды жақсы білу арқылы қоғамдық тәртіп пен әлеуметтік
қарым-қатынастарда Ата Заңның қағидаттарының сақталуын әрқайсымыз қатаң
қадағалайтын жауапкершілікті де мойнымызға алдық.
Соның арқасында Қазақстан әлемге бейбітсүйгіш ел ретінде танылып
үлгерді. Жаһандық мәселелерді қарастырған, халықаралық деңгейдегі аса
маңызды құжаттар қабылданған талай алқалы жиындардың біздің Астанамыздың
төрінде өткендігіне әлем куә болды.
Өткен жылдың соңында Астана форумы аясында Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа G-Global жобасын ұсынды. Бұл жоба
бүгінгі таңда көп қырлы әлемді біріктіруші идеялардың біріне айналуда.
Жобаға жаһандық қауымдастықтың саясаткерлері, экономистері мен сарапшылары
дереу үн қосты. Ресей экономистері мен сарапшылары бүгінгідей ауыр дағдарыс
жағдайында әлемдік экономиканың кез келген ойыншысы еркін қатыса алатын
жаңа G-Global пішініне сенім зор екендігін білдіруде. Өйткені, ол бүгінгі
таңдағы ең өзекті деген инновациялық дамудың, ядролық және экологиялық
қауіпсіздіктің, этносаралық және дінаралық толеранттылықтың, геосаясаттың
және басқа да толғақты мәселелерді талқылау алаңына айналып отыр.
Қай мемлекеттің болсын басшысының сөзіне әлемдік сарапшылардың құлақ
түруі – бұл сол мемлекеттің халықаралық деңгейдегі әлеуетін
мойындайтындықтың белгісі болып табылады. Осыдан 20 жыл бұрын әлемдегі ең
жас әрі ең артта қалған мемлекеттердің қатарында жүрген Қазақстанның аз
ғана уақыт аралығында жеткен жетістіктері осындай. Мұның барлығы да Ата
Заңның қағидаттарын басшылыққа алып және оны қатаң сақтай отырып қол
жеткізген табыстарымыз екенін сезінудің өзі зор бақыт![1]
Осындай іргелі жұмыстардың нәтижесі және ең басты жетістігі –
бейбітшілік пен келісім. Қазақстандық қоғам енді өзінің қалаған дербес
жолымен жан-жақты да анық  қадаммен дамуда.
Біздің Конституциямыз Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатының
артуына үлкен ықпалын тигізді. Қазір бізде мемлекеттік және жеке меншік
теңдігі, кәсіпкерлік еркіндігі, қоғамның қажеттілігі қағидаттары ескеріле
отырып, осы тұрғыдағы тағы басқа да тетіктерді  пайдалануға сәйкес дамуда.
Бұл өз кезегінде экономиканың өркендеуіне айтарлықтай ықпалын тигізуде. Ата
Заңымыз меншік иелерін, бірінші кезекте мемлекеттің өзін көп нәрсеге
міндеттеуде. Негізгі заңды орындау арқылы мемлекет медициналық қызметті
және білім беруді жақсарту, жаппай тұрғын үй құрылысы, жалақы және
әлеуметтік төлемдер мөлшерін көбейту, азаматтарға және отандық
кәсіпкерлерге салықты азайту сияқты әлеуметтік мәселелерді шешуде. Нарық
кезінде жіберілген қателіктерді мемлекет біртіндеп түзетуде. Қазақстан
экономикасының тепе-теңдігі қалпына келтірілуде. Конституцияны басшылыққа
алған Қазақстан халқының біріге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Ғылыми техникалық үрдісті және мемлекеттің инновациялық саясатын жоспарлау
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Бейбітшілік пен келісім елі
Ресейдегі бизнес Паблик рилейшнз мәнін жетік түсінбей, оның рынокты табысты игерудегі маңызын ескере алмай отыр дейді мамандар
Әлеуметтік бағдарламалар түсінігі
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарының сақталуы
Саяси қуғын-сүргіннің себептері. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары
Пәндер