Қазақстан Республикасының мерекелері



Жоспары

1. Қазақстан Республикасының ресми мерекелері
2. Қазақстан республикасының діни мерекелері.
3. Қазақтың ресми мейрамдарында әзірленетін тағамдар мәзірі
4. Қазқтың діни мейрамдарында ұсынылатын мәзір түрі
Қаңтардың 1-2-і Жаңа жыл

Түпкі негізі көшпелі түркі халықтарының көне дәстүрлерінен бастау алатын шығыс күнтізбесі бойынша 2008 жыл Тышқан жылы – мүшел есебінің бірінші жылы, доңыз жылынан кейін сиыр жылының алдында келеді. 12 жылда бір рет қайталанып тұрады. Тышқан жылы Азия халықтары күнтізбесінің көпшілігінде қолданылады. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, т.б. жұрттарда ол наурыздың 22-інде енеді. Тышқан әлем халықтарының көпшілігі үшін байлық символы.

Наурыздың 8-і Халықаралық әйелдер күні

Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.

Наурыздың 22-і Наурыз мейрамы

Көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша наурыз ай аты емес, тек бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдалықтар «наусарыз», хорезмдіктер «наусарджи», армяндар «навасарди», чуваштар «норас-ойахе» деп атаған. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. Оның жаңғыруына көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.

Мамырдың 1-і Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі. 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. www. google. Kz
2. www. yandex. Kz
3. www. Madeniet. Kz

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
1. Қазақстан Республикасының ресми мерекелері

Қаңтардың 1-2-і Жаңа жыл

Түпкі негізі көшпелі түркі халықтарының көне дәстүрлерінен бастау алатын
шығыс күнтізбесі бойынша 2008 жыл Тышқан жылы – мүшел есебінің бірінші
жылы, доңыз жылынан кейін сиыр жылының алдында келеді. 12 жылда бір рет
қайталанып тұрады. Тышқан жылы Азия халықтары күнтізбесінің көпшілігінде
қолданылады. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, т.б. жұрттарда ол наурыздың 22-інде
енеді. Тышқан әлем халықтарының көпшілігі үшін байлық символы.

Наурыздың 8-і Халықаралық әйелдер күні

Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы Копенгагендегі әйел
социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы
қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша 8 наурызды
Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914
жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын
болды.

Наурыздың 22-і Наурыз мейрамы

Көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше
мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша наурыз ай аты емес, тек бірінші
айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдалықтар наусарыз,
хорезмдіктер наусарджи, армяндар навасарди, чуваштар норас-ойахе деп
атаған. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп
саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы
Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. Оның
жаңғыруына көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібеков
көп еңбек сіңірді.

Мамырдың 1-і Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996
жылдан бастап атап өтіледі. 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан
үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналды.

Мамырдың 9-ы Жеңіс күні

Кеңестер одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысында жеңіске
жеткен күні. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады.
Соғыс кезінде көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары мен Мәскеу, Ленинград,
Киев және басқа да қалалардың оқу орындары Қазақстанға қоныс аударды.
Олардың ішінде физиология, микробиология, биохимия, шығыстану институттары
болды.
Бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар
алды. Олардың бесеуі – бір, төртеуі – екі, екеуі – үш орденмен
марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес одағының
Батыры И.В.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы
отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес одағының Батыры атағын алды. 1990
жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан
Момышұлына берілді. 1941 жылы аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған атқыштар
жүргізе отырып, өз позицияларын сақтап қана қоймай, сонымен қатар дұшпанға
қарсы пәрменді шабуылға шығып отырды. Төрт қазақстандық Т.Ж.Бигелдинов,
Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және С.Д.Луганский 2 мәрте Кеңес одағының Батыры
атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші М.Мәметова және мерген
Ә.Молдағұлова Батыр атағын алды. Батыр атағын алғандар қатарында атқыштар
Т.Тоқтаров, С.Баймағамбетов, С.Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристтер
С.Мүткенов, И.К.Новиков, ұшқыш Н.Әбдіров, минометші Қ.Сыпатаев, атты әскер
М.М.Қаратаев, сапер П.И.Гончаров, политрук М.Ғабдулин, торпедалық катер
командирі Б.П.Ущев және басқалар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық
иегері болды. Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын
тіккендердің ішінде қазақстандық Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета,
минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар
болды.

Тамыздың 30-ы Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған күн

1995 жылы республикалық референдумда елдің жаңа Конституциясы қабылданды.
Ата Заңымызға сәйкес, Қазақстан Республикасында президенттік билік
жарияланды.

Қазанның 25-і Республика күні

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік
егемендігі туралы Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің
бастамасы болды.

Желтоқсанның 16-ы Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні желтоқсанның 16-17-і күндері
атап өтіледі. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық
заңға қол қойды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Желтоқсанның 17-і Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

1991 жылы желтоқсанның 12-інде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға
қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы Жарлығымен
Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны
үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды.
Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і –
Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

2. Қазақстан республикасының діни мерекелері.

Ораза айты – дініміздің дәстүрі

Бұл мерекенің ерекшелігі; ол адамдар тарапынан ойлап табылған нәпсіні
еліктіруші той-думан емес, керісінше, мұсылмандар өмірін мүлтіксіз
шариғатқа топтастырушы Ұлы Тәңірінің біздер үшін бекіткен төл мерекесі.
Анас ибн Мәлик (р.а.) айтады:
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келгенде олардың (Мәдиналықтардың) ойын-
сауық құратын бір екі күні бар еді. (Пайғамбар (с.а.с.)): Бұл не күндер?
деп (сұрады). Олар: Біз жаһилият (Исламнан алдыңғы) кезеңінде ол
(күндерде) ойын-сауық құратынбыз — деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтты:
Расында, Аллаһ сендерге ол екеуін одан жақсымен алмастырып берді:
құрбандық күні және ораза айты күні. (Әбу Дәуід)
Бұл мерекені іштей сезіну, оған құрмет көрсету – иман мен тақуалықтың
белгісі. Өйткені, ол Аллаһтың белгілеген рәсімдеріне жатады. Ал, Аллаһ
Тағала Өзінің рәсімдеріне құрмет көрсету жайлы былай дейді:
Міне сол, кім Аллаһтың рәсімдерін ұлықтаса, расында, ол жүректің
тақуалығынан. (Хаж: 32)
Бұл айтты тойлау Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетіне ілесу болып табылады. Бара
ибн Азиб (р.а.) айтады:
Мен Пайғамбардың (с.а.с.) құтпа жасап жатқанын естідім. Ол (с.а.с.) былай
деді: Біз бұл күні әуелі (айт) намазын оқимыз, сосын (намаздан) қайтып,
құрбан шаламыз. Кім (мұны) істесе, біздің сүннетімізге дұрыс (келеді).
(Бұхари)
Бұл хадис құрбан айтына қатысты айтылғанымен, Имам Бұхари оны Екі айт
кітабының мұсылмандар үшін екі айттың сүннет екендігі туралы бабында
келтірген.
Сондай-ақ, Пайғамбар (с.а.с.):
Расында әрбір қауымның өз мерекесі бар. Ал бұл – біздің мерекеміз —
деген. (Бұхари; Айша (р.а.) риуаяты)
Және Аллаһ елшісі (с.а.с.):
Бұл біздің мерекеміз, мұсылмандар! — деген. (Бұхари)

Құрбан айт мерекесі
Құрбан айт (Arabic: عيد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā, Urdu: بقرعید) –
мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол ораза айттан кейін 70 күннен соң
басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады.
Айт күндері әрбір мұсылман ата-бабаларының басына барып құран оқиды,
аруағына құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың
негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман ата-баба аруағына арнап құрбан
шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Алланың бұйыруы бойынша бірінші
құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды.
Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Алла әкесі мен баласының өзіне
берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан
түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр
жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой,
ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру,
соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші
күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың
осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен
дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады.
Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін дайындау үшін
жұмыстан сұрану керек еді.

Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір
сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу
үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту –
хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Алла Тағала әмірі мен
пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып,
ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы
немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о
дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап
етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ
ғибадат – құрбандық шалу. Бұл – айтулы мерекенің ең маңызды амалы.
Құрбандық деп құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды
айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни Құрбан айт деп аталады.
Қасиетті Құран Кәрім және Ислам тарихы бойынша бұл мереке мен оның шежіресі
сонау адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) ата және дәстүрлі діндердің түп атасы
Ибраһим (ғ.с.) мен оның ұлы Исмайыл (ғ.с.) пайғамбарлармен тығыз
байланысты. Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85
грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда
емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір
адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес
жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіпті қасиетті
Құранда: Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал, – деп бұйырылған.
Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық
шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!

Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады.

3. Қазақтың ресми мейрамдарында әзірленетін тағамдар мәзірі

Еттен әзірленетін тағамдардың мәзірі
Құйрық-бауыр
Гарнирлi қабырға
Қазақша ет
Ми-шұжық
Қуырдақ (бiрiншi нұсқа)
Қой етiнен белдеме
Қуырдақ (екiншi нұсқа)
Бұқтырылған қой iшегi
Бауырдан жасалған шашлық Әсiп
(қазақша шұжық)
Ет-қошан (етпен жасалған шығыстық қатпарлы самса) Тандырлы самса
Шалқан палауы Туралған жауырын

"Шалқан" палауы
Қой, қозы немесе қарақұйрық етi - 600 г.
Бас пияз- 150 г.
Тұрма - 300 г.
Өсiмдiк майы - 200 г.
Күрiш - 600 г.
Тұз, дәмдеуiш заттар - қалауынша.
Балдыркөк - 30 г.

Жуылған күрiштi тұздалған суық суға салып (1 литр суға 100 грамм тұз) 2
сағат ұстайды. Еттi 25-30 грамм кубиктерге бөледi, майға қызарғанша
қуырады, одан соң тұздайды, кесiлген бас жуа қосып тағы да 5 минут қуырады.
Оған ұзындап кесiлген тұрма салады, күрiш себедi, 1:1,5 есебiнде ыстық су
немесе сорпа құяды да, нығыздалып жабылған ыдыста әлсiз отта пiсiредi.
Әкелер кезде маринадталған қиярлармен, балдыркөктермен безендiредi.
Тандырлы самса
Бiр бөлiкке
Қой етi - 110 г.
Бас пияз - 30 г.
Тұз - 3 г.
Қара бұрыш - 0,1 г.
Су - 10 г.
Құйрық майы - 10 г.
Қамыр үшiн:
Бидай ұны - 60 г.
Су - 20 г.
Тұз - 3 г.
Майлау үшiн май - 3 г.

қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнде арнайы пештерде - тандырда пiсiрiлген
самса кеңiнен қолданылады. Бұл жоғары колориялы аспаздық тағам шәйға
дәмтатым ретiнде пайдаланылады. Қой етiн (майлы болғаны дұрыс) үлкен торлы
еттартқыштан өткiзедi, майдалап кесiлген бас жуа, су, тұз, ұнталған қара
бұрыш, салып, жақсылап араластырады.
Ұннан, судан, тұздан қаттылап қамыр жаяды, одан домалақ нандар жаяды,
оған дайын тураманы, құйрық майын салады. Одан соң самсаның шымшылап
бекiтiлген жерлерiне салқын су шашады, сөйтiп, тандырдың қабырғаларына
жабыстырады. Үстiнен тағы да су шашады да, қақпағын жауып 25 минут
пiсiредi. Самса дайын болғанда оған май жағады. Үстелге ыстықтай бередi.

Ұсынылатын салаттардың мәзірі

Ет-салат (бiрiншi нұсқа) Ет салаты
Ет-салат (екiншi нұсқа) Бауырдан жасалған салат
Аралас салаттар Етті асорти салатык
Көкөніс салаттары Ащы салаттар

ЕТ САЛАТЫ

Ет - салат (бiрiншi нұсқа)
Жылқы етi - 830 г., түйе етi - 930 г., немесе қарақұйрық етi - 800 г.
Аспаздық май - 50 г.
Бас жуа - 100 г.
Тұзды не маринадталған қиярлар - 275.
Жасыл бұршақ - 115.
Балдыркөк - 10 г.
Тұз бен бұрыш - қалауынша.
Еттi үлкен тiлiктермен дайын болғанша қуырады, салқындатады, жұқалап
кеседi. Көкөнiстермен (тың не тұзды қиярлар, жасыл бұршақ), балдыркөктермен
безендiредi.

Қазы-салат
Қазы - 450 г.
Шұжық - 435 г.
Картоп - 230 г.
Cәбiз - 50 г.
Ақжелкек (түбiрiн) - 45 г.
Консервiленген жасыл бұршақ - 60 г.
Жусай - 25 г.
Тың алма - 50 г.
Жасыл салат - 50 г.
Соус мойонез - 200 г.
Тұз бен бұрыш қалауынша.

Балдыркөк, тұз және дәмдiк қоспалар - қалауынша. Пiсiрiлген картопты,
өткiзiлген сәбiз бен ақжелкектi, қабықшасы мен дәнегiнен аршылған алманы
тiлiктеп кеседi. Жусай мен жасыл бұршаққа майонез қосып, қалауынша тұздайды
және бұрыштайды. Мұның бәрiн жасыл салаттың жапырағына салаттық ыдысқа
салады. Қазы мен шұжықты алдын ала асады. Ол үшiн оларды жылы сумен шаяды,
қайнатады және әлсiз отта әзiр болғанға дейiн псiредi. Одан соң жiбiн алып,
қазыдан тысына шығып тұрған қабырға сүйектерiн кеседi. Жылқы етiнiң
сүрлерiн өздерi қайнаған српасында салқындатады және қабығымен бiрге 5-6
милиметр қалыңдықта тiлiктейдi. Қазының қабырғалық бөлiгiн шығармайды,
етiмен және тысымен бiрге кеседi. Сүрдiң кесiлген тiлiктерiнiң үстiнен
көкөнiс салып, балдыркөктердiң жапырақшаларымен безендiредi.-мойонездi
бөлек ыдымпен бередi.

Ұсынылатын ішімдіктердің мәзірі

Шампанъ Салқын сусындар (Fanta, Coca-colla, Sprite)
Вино Ыстық сусындар (шай, кофе, какао )
Коктейлъ Арақ

4. Қазқтың діни мейрамдарында ұсынылатын мәзір түрі

Ұннан әзірленетін тағағамдардың мәзірі
Нан Қиықша
Шелпек Бөртпе
Төп Төңкерме
Жарма Нан салма

Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен
аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді.
Қазақтар нанды қасиетті санайды. Мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен
шарада араластырып жасайтын тағам. Ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма
жеп алсаң, қарның тоқ.

Қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ
тәрізді майға пісіреді. Қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші.

Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Шарттың мәні
Қазақстан және Корея қарым қатынастары
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары
Діни мерекелердің рөлі
Жас ерекшеліктеріне сай баланы сауықтыру шараларының маңызы
Иран Ислам Республикасы
Пәндер