Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХғ соңғы ширегі-ХХғ. басы)

Жоспары:

  1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы
  2. 1905-1907 жж. Орыс революциясының Қазақстанға әсері
  3. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс

1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: Жаңа кезеңде қазақ буржуазиясы мен ұлттық интеллигенция өкілдері отаршылдыққа қарап күресті басқарды. 1902 жылдардан бастап-ақ патша өкіметі күзетшілері қазақ халқы арасына таратыла басталған, астыртын өкіметке қарсы панисламдық рухтағы үндеулерді ұстай бастады. 1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды. Қарқаралы қаласы маңындағы Қоянды жәрмеңкесінде 1905 жылы 25 июльде өткізілген Қазақ съезі Министрлер Кеңесінің төрағасына Петиция қабылдады. Негізгі талаптар төмендегі пунктерден құралды: орталық губерниялардан шаруаларды шетке қоныстандыруы тоқтату; қазақтарға жеке діни басқарма ұйымдастыру; цензураны жою; қазақ тілінде арнаулы іс-қағаздарын жүргізу; сайланбалы өкілетті соттар жүйесін енгізу; Мемлекеттік Думаны шақыру жобасын жасау кеңесіне қазақ депутаттарын қатынастыру.

Дәл осы уақытта қазақ депутаттары 1905-1906 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездері жұмысына қатысты. Қазақ депутаттарының бірі Шахмардан Қожағұлұлы “Иттифақ-аль-Мусдумин” (“Мұсылмандар Одағы”) партиясының Президиум мүшесі болып сайланды. 1905 жылдан бастап мұсылман баспасөздерінде және орыс оппозициялық баспаларында қазақ авторларының саяси мақалалары шыға бастайды.

1905 жылдың соңында Орал қаласында Бірінші Жалпы - қазақ съезі болып өтті, мұнда қазақтың ұлттық саяси партиясын құру мақсаты алға қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің тұрғылықты халқының мүддесін қорғау негізінде болуы керек делінде. Ұлт-азаттың күрес басында қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тұрды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Бақытжан Қаратай, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын және т. б.

Қазақ оппозициясының бірігуінен қорыққан патша өкіметі, олардың жетекшілеріне қарсы жазалау, құдалауды күшейтті. 1906ж. қаңтарында Семей қаласында ІІ-жалпы қазақ съезін ұйымдастыруға аттанған Әлихан Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында өткізіп, мұның жұмысына 150 делегат қатысты. Съезде ресей кадеттерінің жоспары мақұлданып, мұндағы Қазақстан жерінің қазақ халқының меншігі деп қарастыру, мектептер медреселер ашу данын қабылдау және шаруаларда жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды.

Бірақ, бұл талаптар, Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясының орталық комитетінің құрамында болуына қарамастан, кадет партиясының басшылығынан қолдау таппады. Құғындау мен тұтқындаулар қазақ патриоттарына өздерінің саяси партиясын құруға мүмкіншілік бермеді, бірақ саяси күрес екі бағытта жалғаса берді. Қазақ депутаттары Мемлекеттік Дума мінбесін белсенді түрде қолдана бастады, қазақтың саяси баспасөзі пайда болды.

2. 1905-1907 жж. Орыс революциясының Қазақстанға әсері: ХIХ ғасырдың соңында Ресей капиталистерi Қазақстанда өнеркәсiп өндiрiсiн ұйымдастырып өздерiнiң капиталын әкеле бастады. Қазақстандағы шикiзат, арзан жұмысшы күшi өнеркәсiптi дамытуға қолайлы болды.

Кен өндiрiсi Қазақстанда дами бастаған өнеркәсiптiң маңызды саласы болды. 1896 жылы бiр ғана Қарқаралы уезiнде 70-ке жуық шағын мыс өндiретiн, 170 күмiс-қорғасын, 3 темiр, 2 күмiс-никель, 4 мырыш руднигi, Атбасар уезiнде 15 жерден мыс, күмiс, қорғасын рудниктерi ашылды. Бiрнеше жерден таскөмiр кенi ашылды. Кәсiпорындарын пайдалану үшiн акционерлiк қоғам, әрiптестiк компаниялар орнады.

Өнеркәсiптiң келесi саласы балық кәсiпшiлiгi. Балық өнеркәсiбi Каспий мен Жайық өзенiнiң маңына топтасты. Каспийдiң жағасында 150-ден астам балық аулайтын кәсiпшiлiк болды. Балқаш, Iле, Зайсан, Арал теңiзi, Сырдария өзенiнен балық ауланды.

Өнеркәсiптiң келесi саласы тұз өндiру. Көл, өзендерден тұз өнiдiрiлдi. Өнеркәсiптiң дамуы жол қатынасын жолға қоþды талап еттi. Жайық, Ертiс, Iле өендерiнде кеме қатынасы дамыды. 1876 жылы Саратовты Орынбормен жалғастырған темiр жол iске қосылды. ұасырдың ақырында Орынбор-Ташкент темiр жолы салынып Қазақстан Ресейдiң Орталық бөлiгiмен байланысты.

Өнеркәсiптiң дамуына байланысты жұмысшы табы сан жағынан өстi. 1990 жылы Қазақстанда 11 мыңнан астам жұмысшы, оның 60% қазақтар болды. Жұмысшылардың жағдайы ауыр, жалақы аз, жұмыс 14-16 сағатқа созылды, жұмысшылар жер тамда тұрды. Алғашқы жұмысшы қозғалысы арыздану, қашып кету, стачка сияқты формада жүрiлдi.

Қазақстанда жұмысшы қозғалысының өрлеуі, социал-демократиялық үйірмелер мен топтардың пайда болуы жер аударылған орыс революционерлерінің көмегімен және инициативасымен болды. Мысалы, Петропавловск қаласында 1903 жылы пайда болған социал-демократиялық топ осында жер аударылған бірнеше социал-демократтар - Омбы теміржол шеберханаларының жұмысшылары - күшімен құрылды.

Алғашқы социал-демократиялық үйірмелердің бірі 1902 жылы Орал қаласында “Уралец” газеті баспаханасының жұмысшылары мен қызметкерлері арасында құрылды. Баспахана жұмысшылары бірінші рет бір күндік ереуіл өткізді. Баспаханадағы жұмысшы үйірмесіне басқа, Орал қаласында интеллигенция өкілдерінен тұратын социал-демократиялық үйірме болды , үйірме мүшелері теміржол жұмысшылары, диірмен жұмысшылары, орта оқу орындары оқушылары арасында жұмыс жүргізіп, жалпы-білім және саяси тақырыптарында лекциялар оқыды.

Осы жылдарда Ташкент қаласында алғашқы марксистік үйірме пайда болды, кейінірек осы үйірме негізінде социал-демократиялық топ құрылды.

Бірінші орыс революциясының басталуымен Қазақстанның өңдіріс орындарында да толқулар жиіледі. Ең ірі ереуіл 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде болды, мұндағы жұмыс істейтін 300 жұмысшының 265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың жұмысшыларға “мейірімсіз және сорақы қатынастары” себеп болды. Ереуіл 9-желтоқсанда басталып, жұмысшылар “Орыс-қырғыз одағын” құрды және рудник иелерін өздерінің алға қойған біраз шарттарын қабылдаттыруға мәжбүр етті.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында ереуілдер теміржол жұмысшыларының арасында да - Сібір темір жолында және Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы жұмысшылары арасында болды, мұ

нда ереуілге 800 адам қатысты.

Жұмысшы қозғалыстары, негізінен, Қазақстанның өндіріс орталықтары мен теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905-1907 жылдардағы ереуілдер мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, Перовскіде және т. б. жерлерде болды.

1909-1910 жылдарда жұмысшылар ереуілдері Қарағанды өндіріс орындары мен Орталық Қазақстан мыс рудниктерінде, Өскемен уезінің алтын өндіру орындары мен рудниктерінде болып өтті. Өскемен уезінің “Николай” алтын өндіру кенішінің жұмысшылары екі ай бойы ереуілдеп, олар кәсіпкерлердің еңбекке ақы төлеу тәртіптеріне және жарық беру ақысын жұмысшылар мойнына ілуіне қарсы шықты.

Жұмысшы табының жаппай революциялық толқулары 1912 жылдың көктемінде Ленск алтын өндіру кенішінде жұмысшыларды атқылауға байланысты күшейе түсті. Қазақстанда Риддер жұмысшылар, Екібастұз шахтерлері, Омбыда Раундруптың шойын балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 12 майда Спасск мыс қорыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 7 июльде Ембі мұнай өндіру кендерінде жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Социалистік идеялар көшпелі қауыммен тығыз байланысты қазақ жұмысшылары арасында кеңірек тарамады. Қазақстан территориясында жұмыс атқарған кішкене топтар мен социал-демократиялық үйірмелердің орталық басшылығы болмады және олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады.

3. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс: Бүкiл Қазақстанды қамтыған бұл қозғалыс Ресейдiң отаршылдығына қарсы қазақ халқының соңғы iрi шайқасы едi. Бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипатта болды. Қозғалыстың негiзгi себебi Ресейдiң отаршылдық әрекетiнiң тереңдей түсуi едi. Патша үкiметтi қазақтарды ата бабасынан берi мекендеп келе жатқан жерiнен қуып, оған орыс шаруаларын қоныстандырды, қазақтар шөл, шөлейт өлкелерге қуылды. Сөйтiп жер мәселесi шиеленiстi, бұл 1916 жылғы қозғалыстың негiзгi себебi едi. Қозғалыстың 1916 ж күзде бұрық етуiне патшаның Маусым жарлығы себепшi болды. Бұл жарлық бойынша үкiмет қазақ және басқадай бұратана халықтардан соғысып жатқан /бiрiншi дүние жүзiлiк соғыста/ орыс армиясының жағдайын жеңiлдету үшiн тылдағы қара жұмысқа /окоп қазу, жүк тасу т. б. /. 19-43 жастағы азаматтарды алмақ болды. Бұл бiр жағынан Ресейдiң азаматтарымен бiрдей қолына қару берiп майданға жiбермегенi бұратана халықтардың намысына тидi. Ресейдiң отаршылдығына қарсы көп жыл күрескен қазақтардың қолына қару беруге патша үкiметi қорықты. Екiншi жағынан жастар тылдағы жұмысқа барғысы келмедi. Болыстарда тылдағы жұмысқа баратындардың тiзiмiн жасағанда әдiлетсiздiк орын алды, ауқатты адамдарының балалары пара беру арқылы тiзiмге iлiкпедi, тiзiмге көпшiлiгiнде қарапайым қазақ iлiндi.

Көтерiлiс Жетiсу, Сырдария, Маңғыстау, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын қамтыды. Көтерiлiстi қазақтың интеллигенöия өкiлдерi басқарды. Жетiсуда көтерiлiске Тоқаш Бокин, Бекболат Әшкеев, Сыр бойында Тұрар Рысқұлов, Торғайда Амангелдi Иманов, Әлiби Жангельдин, Семейде Сәкен Сейфуллин т. б. басқарған.

Көтерiлiске қатысушылар сарбаз жинап болыстардың ауылдарына шабуыл жасап ондағы қара жұмысқа шақырылған азаматтардың тiзiмiн, салық кiтапшаларын тауып алып өртеп жiберiп отырды. Кей жерде халыққа жексұрын болған болыстар, хатшыларды өлтiрдi, патша үкiметi жұмсаған жазалаушы отрядтармен соғысты.

Жетісу және Торғай облыстарындағы көтерілістер. Көтерілістің болған аудандарының бірі Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы июльдің ал ғашќы күндерінде Жаркент-Тараншы болысының Городское селосындағы тылдағы жұмыстарға «» тізімдерін жасауға ќарсылыќ көрсеткен ќазаќтардың бас көтеруімен басталды. Осы уаќыттан бастап барлыќ болыстардан Жетісу облысының әскери-губернаторының атына ќазаќтардың патша укзын орындаудан бас тартќаны туралы мєлімдемелер түсіп жатты.

Ќазаќтардың, ұйғырлар мен дүнгендердің кедей бөлігі «реквизициялау» туралы указға бағынудан бас тартты. 11 июльде Жаркент уезіндегі Иванов болысының тұрғындары болысты және басќа ќызмет адамдарын ұстап алды. Дєл сол күні Нарынкөл учаскелік бастығы үйінің алдына бір мыңға тарта ќазаќтар жинаып, олардың өкілдері мобилизацияға адам бермейміз, адам жинауға көмектесіп жүргендердің бєрін өлтіре отырып, бір адам ќалғанша өлуге єзірміз деп мєлімдеді.

1916 жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 километрдей Үшќоныр деген жерде төңіректегі болыстардағы ќазаќ халќының өкілдері сьезге жиналып, онда «реквизицияға» көзќарас туралы мєселе ќаралды. Жігіттер әскерге берілмесін, жұрт таудан төмен тұспесін, єкімшілік тарапынан күштеу шаралары ќолданылған ретте телеграф бұзылсын, »реквизицияланатын» адамдардың тізімдері жойылсын деген шешім ќабылданды. Көтеріліс болған жағдайда сьезге ќатысушыларға баќандарын єзір ұстап, єрбір киіз үй босағасында шешім «бата» оќумен бекітілді.

10 шілдеде Ұзынағаш болысының Үлкенсаз деген жерінде де дєл осындай, біраќ ќұрамы жөнінен көп адам ќатысќан сьезд болып, оған Жетісудың он бір болысынан 5 мыңнан астам адам ќатынасты. Сьезге ќатысушылар да «оќтың астына барғанша осында өлген артыќ»деген ќаулы ќабылдады.

Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер болды; Лепсі уезінің солтүстік және шығыс болыстарында, Ќапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.

1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Ќастек, Ырғайты және Тайторы болыстары ќазаќтарының Самса станциясы маңында біріккен бас көтеру басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоќмаќ маңына ауысты. Верный - Ќордай жолының бойындағы барлыќ почта станциялары өртелді.

Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі ќазаќтың демократияшыл интеллегенциясының өкілі Тоќаш Бокин болды. Ол ќазаќтар, ќырғыздар, ұйғырлар, дүнгендер арасындағы үгіт жұмысына басшылыќ етті; соғыстың халыќќа ќарсы сипатын түсіндірді, ұстем феодал-байлар тобының сатќындыќ рөлін єшкерлеп, патша указын орындамауға шаќырды. Ол халыќтың ќарулы күресін езгіден азаттыќ алудың бірден - бір жолы деп есептеді.

1916 жылғы августың бас кезінде революциялыќ ќызметі үшін ол ќамауға алынды. Түрмеде Тоќаш Бокин Февраль революциясының жеңісіне дейін отырды.

Көтерілісшілерге ќарсы артиллериямен, пулеметтермен жараќтандырылып, арнайы жасаќталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзету күшейтілді, әскери -далалыќ соттар ұйымдастырылды . Түркістан өлкесінің басќа облыстарынан Жетісу облысына ұш әскери жасаќ, жеті атќыштар ротасы, ќазаќтардың бес жүздігі және екі пулемет командасы бар екі ќазаќ полкі жіберілді.

Көтерілісшілерге ќарсы әскерлер жіберілгеніне, ауылдар мен ќалаларда «күдіктілердің» бєрін жаппай тұтќынға алуға, ал әскери- дала соттарының өлім жазасына кескен үкімдер шығырғанына ќарамастан, патша єкімшілігі көтерілісшілердің жауынгерлік рухын жасыта алмады. Көтерілісшілер ќорғанып ќана ќоймай, шабуылға да шығып жүрді. Алайда олар саны көп және техникалыќ жағынан басым ќарсыласын жеңе алмады.

Көтеріліс басшыларының кейбіреулері ғана жасырынып ќала алды. Неғұрлым табанды ќарсылыќ көрсеткен ауылдар күйзелді, олардың малын айдап єкетіп, мүлкін талан-таражға салды.

Торғай облысындағы көтеріліс. Ең бұќаралыќ ең ұзаќќа созылған, ең табанды және ұйымдасќан көтеріліс болды. Барлыќ жерлердегіде көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25і шілдедегі указ болатын. Торғай облысының әскери губернаторы М. М. Эверсманға ќазаќ еңбекшілерінің ќару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыстарын ойрандады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты ќамтыды. Оған жұрт арасында танымал халыќ батыры Аманкелді Иманов басшылыќ етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Ќайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Єкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен-аќ жоќшылыќ пен мұќтаждыќ көрді.

Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылыќ ќабілеті халыќ көтерілісінің алғашќы күндерінен - аќ айќын көрінді. Ұшы-ќиырсыз Торғай даласының барлыќ түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары ќұрылып, оларға Байќоныр руднигінің, Шоќпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп ќосылып жатты. Аманкелді Имановты жаќтаушылардың ќатары күннен - күнге өсе берді. оған Торғай облысындағы жаќын жатќан Ќостанай, Ырғыз және Аќтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Аќмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты .

1916 жылғы октябрьге ќарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20 - ға жуыќ көтерілісшілер отряды болды. Олардың кейбіреулерінде 2-3 мың адам болатын. Торғайдың көтерілісші отрядтары 3 топќа бірікті. Торғайдың солтүстігіне таман жатќан бірінші топ наурызым және Сарыќопа болыстарының шаруаларынан ќұралды; Торғайдан батысќа таман орналасќан екінші топќа Тосын және Шұбалаң болыстарының отрядтары кірді; Торғайдан шығысќа ќарай жатќан үшінші топќа Ќайдауыл, Аќќұм, Ќараторғай және Ќараќоға болыстарының отрядтары кірді.

Торғайдағы көтеріліс ошағына басќа көтерілістерден өзгеше көтерілісшілер отрядтары арасында ұдайы байланыс болды, ќару-жараќ жасау ісі жолға ќойылып, отрядтар байлардан тартып алынған мал есебінен азыќ-түлікпен ќамтамасыз етілді, патша жазалаушыларына ќарсы біршама жоспарлы операциялар жүргізілді.

13 октябрьде Ырғыз уезіндегі Ќызылжар болысының көтерілісшілері Жаманќұм деген жерде патша әскерлеріне көмекке жіберілген байлардың отрядын талќандады. 17 октябрьде Аќтөбе уезінің көтерілісшілері Ќарабұтаќ селосын ќоршап алды; келесі күні 2500 адамнан ќұралған көтерілісшілер отряды көжекөл көлінің маңында (Ырғыздан 70 км) жерде жазалаушылар отрядына шабуыл жасап, табанды ұрыстан кейін патша әскерлерін шегінуге мєжбүр етті. 21 октябрьде 4 мың көтерілісші Татыр көлі маңында ќазаќ жүздігімен және полиция отрядымен шайќасќа түсті. Көтерілісілермен ќаќтығысуларда жазаалушылар өлгені, жараланғаны бар көптеген адамдарынан айрылып, Торғай ќаласына єрең жетті.

23 октябрьде Аманкелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай ќаласын ќоршап алды. Ќазан әскери округінің командашасы әскери министрге «Торғай және ырғыз уезіндеріндегі жағдай жедел нашарлай түсуде. Торғаймен арадағы байланыс ғана емес, ќатынас атулының бєрі үзілді… Торғай ќоршалды, Ырғыз ќоршалып жатыр» деп телеграмма жіберді.

Көтерілісшілер партизандыќ күрес єдістерін кеңінен пайдаланды. 22 ќарашада Ырғыз уезіндегі Ұлпан станциясында 4 мың көтерілісші есауыл Фроловтың отрядымен соќтығысып ќалды. Хабарламада «ќырғыздар әскери сап ќұрып коонналар сатыланып алды да, лап беріп шабуыл жасады; тынығу кезінде 25 шаќырымға дейінгі жерге шолғыншылар мен тосќауылдар жіберіп ќорғанады»деп көрсетілген. Соғыс ќаќтығыстары сондай-аќ 21-23 ноябрьде Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да болды.

Ќыстың ерте түсуі көтерілісшілердің ќимылын ќиындатты. Аманкелді Иманов өз отрядтарын жазалаушы отрядтардың жетуі ќиын жерлерге жинаќтады. Көтерілісшілер өздерін азыќ-түлікпен және жеммен ќамтамасыз етті, жертөлелер салып, кигіз үйлер тікті. 1917 жылдың басынан бастап А. Иманов күресті ќайта бастамакшы болды.

Ќазаќстанның басќа облыстарында көтеріліс 1916 жылдың аяғына ќарай басып-жаншылған болса, Торғай облысында біршама жаќсы ұйымдастырылуының арќасында ол 1917 жылы да жалғасып, Февраль буржуазиялыќ- демократиялыќ революциясына ұласты.

3. Сырдария, Аќмола, Семей, Орал облыстарындағы және Бөкей ордасындағы халыќ толќулары.

С ырдария облысында бұќаралыќ бас көтерулер «бұратана» халыќты тылдағы жұмыстарға күштеп тарту туралы патша указы алынысымен іле басталған еді.

Көтерілісшілер феодал-байлар єкімшілігінің өкілдерін жазалады, болыстардың мал-мүлкін ќұртты, полициямен және патша әскерлерімен соќтығысты. Түркістан генерал-губернаторыының пашаға жіберген рапортында облыс аудандарындағы «тєртіпсіздіктер байырғы єкімшілік шендерінің тылдағы жұмысќа алынатын жұмысшылыардың тізімдерін жасауына ќарсылыќ көрсетілуінен көрінді, соның өзінде байырғы єкімшіліктің шенді алты адамы өлтірілді » делінді.

1916 жылғы тамыздың бас кезіне ќарай көтеріліс Сырдария облысының барлыќ уездерін ќамтыды. Көтерілісшілер уезд орталыќтарына таяу жерлерге жиналып, ќазаќ жүздіктеріне шабуыл жасап отырды.

Әулиеата уезінің жекелеген аудандарында (атап айытќанда, Мерке маңында) феодалдыќ-клерикалдыќ элементтер ќозғалысќа басшылыќты уаќытша өз ќолдарына түсіріп алды.

Патша указы шыќќанын білгенен кейін Ќазалы уезіндегі Тоќмаќ аралының ќазаќтары жұмысты тастады. Олар топ-топ болып жиналып, тойтарыс беруге єзірленді. Әулиеата уезінің Алматы, Арғын, Аспара, Ашын және Ботамойнаќ- Аомалы болыстарындағы және Шымкент уезінің Аќсу, Ќаракөл болыстарындағы көтерілс неғұрлым ұзаќќа созылды.

1916 жылғы ќыркұйектің аяќ шенінде Сырдария облысындағы көтеріліс аяусыз басып-жаншылды. Жекелеген ауылдар патша өкіметі орындарына бағынбай, Торғай облысына көшіп барып, мұнда Аманкелді Иманов көтерілісшілерінің ќатарына ќосылды.

Патша указы туралы хабар Семейге 1916 жылғы 28 июньде, Аќмолаға - 29 июньде жетті. «Аќ патшаның жарлығы» жарияланысымен-аќ ¤скемен уезінде толќулар басталды, ол кейін зайсан, Ќарќаралы және Семей уездеріне, Аќмола және Атбасар уездеріне, Бийск уезінің Ќосағаш болысына тарады. Көтерілісшілер көбінесе найзамен, сойылмен ќаруланды, мылтыќтары да болды. Ќазаќстанның басќа да облыстарындағы сияќты Аќмола және Семей облыстарында көтерілістің мобилизацияға ашыќ ќарсылыќ білдіру сипаты аныќ болды.

Аќмола облысында көтерілісшілер негізінен Ќорғалжын көлінің маңына жиналды. Мұнда Аќмола уезінің сегіз болысының өкіддері жиналды. Оларға Атбасар уезінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі бес болыстың көтерілісшілері ќоысылды. Саны және ќарулануы жөнінен бұл топ Аќмола облысындағы ең күшті топ болды; көптеген болыстарды басќару осы топтың ќолына көшті. Аќмола уезінің басќа болыстарында 2-3 және одан да көп бролыстардың көтерілісшілері бір жерге жиналды, 22 июльде Петропавл, Ильинск, Смайыл, Менгісері және басќа болыстарда тєртіпсіздіктер басталды.

Көтеріліске ќазаќ жұмысшыларыда белсене ќатынасты. Семей және Аќмола облыстарында көтерілісшілерге ќарсы ұрыстарға 12 атты әскер жүздігі, күшейтілген 11 жаяу әскер ротасы ќимыл жасады. 1916 жылғы сентябрь-октябрьде Зайсан, ¤скемен, Ќарќаралы, Аќмола және Атбасар уездерінде ерекшк күшті соќтығысулар болды. Павлодар уезінде жазалаушылар отрядына ќарсы көтерілісшілердің шайќастары 21 сентябрьден 3 октябрьге де-йін Алабас деген жерде жүргізілді. Ќаражар маңында және басќа жерлерде ірі-ірі ќарулы соќтығыстар болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан тарихы» бітіруші курс «тарих» мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы
Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы және отарлау саясатына қарсы күресі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялыларының өкілдері
Қазақстан тарихы курсынан дәрістер
ХIX ғ. аяғы –XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
Қазақстан жаңа заман тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz