Әбілхасан Рудаки


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әбілхасан Рудаки

Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің халықтары ғажайып ойшыл, атақты ақын, тәжік әдебиетінің алғашқы үлкен өкілі Әбілхасан Рудакидің туғанына мың бір жүз жыл толуын зор құрметпен атап өтті. Бір кездерде әде-биеттік антологиялардан аты ғана мәлім болып келген осынау алып ақынның биік бейнесі соңғы жылдарда көп-шілік оқушыға таныла бастады. Тәжікпарсы классикалық әдебиетінің зор тұлғалы шайыры - Рудакидің шығармалары қазақ тілін-де де басылып шықты.

Рудаки туындылары-ның жүздеген жылдар бойы ұмытылмай, ғасыр-лардан өтіп, біздің дәуірімізге жету сыры неде? Бұл сұрауға жауап беру үшін тәжік-парсы әдебиетінің тарихына азырақ шолу жасай кету қажет болар еді.

Бұл күнде әмбе жұртшылыққа мәлім тәжік жазба әдебиетінің, тұңғыш туындылары IX-X ғасырларда дүниеге келген. Әрине, одан бұрын да Иран мен Орта Азияда иран халықтары ақындарының араб тілінде жазған шығармалары болған. Руда-киден басталатын классикалық әдебиеттің алдында иран халықтары жасаған тамаша бай ауыз әдебиеті, мифологиялық аңыздар, эпикалық әңгімелер бар еді. Феодалдық өктемдікке қарсылықтың аса үлкен көрінісі қарматтардың діни қозғалысы еді. Бұған еріксіз, езілген еңбекшілер бұқарасы ғана емес, ақсүйектер қауымының да кейбір өкілдері ниеттес болған. Қарматтар қозғалысының бір қайшылығы осында еді . . . Тәжіктің Рудаки, Фердауси, Әбу Әли ибн Сина секілді білімпаздары да қарматтар қозғалысын қолдаған. Ираи халықтарының ояну, сергу, сілкіну дәуірінде поэзиянын, түрлі жанрында көптеген шығармалар жазылды. Бұл кезде, әсіресе ода мен элегия үлгісіндегі өлеңдер көбейеді. Араб әдебиетінің әсерімен мақтау жырлары - қасыдалар, философиялық ойға құрылған лирикалар туады. Сол дәуірде эпикалық, лироэпикалық поэмалар да (месневи) пайда болады. Парсыша жазба әдебнет нұсқаларын ол кезде көбінше шах сарайларының төңіреғіндегі білімдар, ойшыл ақындар жасаған. Бірақ поэзияның тақырыбы патша салтанатын жырлаумен шектелмей, тіршіліктің түрлі тарауларын да қамтыған.

X ғасырдың бас кезінде, саманидтер дәуірінде өрен ойшылдар мен білікті ақындар көбінше Бұқар мен Самарқан шаһарларына топталған еді. Солардың ішінен аты мен сөзі өлмей, халық жадыида сақталған үлкен ақын - Әбілхасан Рудаки.

Рудакидің ақындық қызметінің жолдары, жүрген жерлері, жасаған істері көп жағынан әлі күиге дейін көмескі. Зерттеушілер оны IX ғасырдың елуінші жылдарының ақырында туып, X ғасырдың қырқыншы жылдарында дүние салған деседі. Сондайак, кейбір жазба нұсқаларда Рудаки жазған бәйіт өлең жүз мыңнан асады деп көрсетеді. Алайда ақыннын. біздің дәуірімізге бірнеше жүз өлең жолдары ғана жеткен . . .

Рудакидің өмірбаянына байланысты мол мағлұмат жинап, көптеген мәселеге анықтық енгізген кісі - тәжік совет әдебиетінің негізін қалаушы Садриддин Айни. Ол XII ғасырдың оқымыстысы ас-Саманидін. «Китаб-ул-ан-саб» деген едбегіне сүйене отырып, ұлы ақынның туған жері қазіргі Тәжікстанның Пенджикент атырабындағы Рудак деген көне қыстақ екенін айқындады. Көптеген тексерулер нәтижесінде Рудакидін. денесі қойылған Панджруд қыстағы да мәлім болды. Ақынның бейітін қаздыру үшін 1956- жылы белгілі антрополог-скульп-тор М. М. Герасимов бастаған арнаулы экспедиция шығарылды. М. М. Герасимов Рудаки бейітіндегі дене сү-йектерінің қалдықтарын егжей-тегжейлі зерттей отырып, ақын портретінің жоба-мүсінін жасап шығарды. Сонымен бұдан мың жыл бұрын опат болған адамның бейнесін болжауға мүмкіндік туды. М. М. Герасимов осындай тәсілмен Ақсақ Темірдін., Ұлықбектін келбеттерін де қайта жаратқан еді!. .

XII ғасырда өмір сүрген тәжік жазушысы Мұхаммед Ауфи Бухарап өзінің «Л"убаб-ул-албаб» деп аталған антологиясында Рудаки «туғаннан көр еді, бірақ талантты, зерек болғаны соншалық - сегіз жасқа шыққанда құ-ранды түгел жатқа білді» дейді. Рудакидің табиғи көрлігін басқа да деректер ескертеді. Дегенмен, кейінгі кездегі зерттеушілер Рудаки саманидтер әулетінің әмірімен жазаланған, содан көзден айрылып, соқыр болған деген пікірге бейімірек келіп жүр.

Қалай болған күнде де Рудаки кедей семьяда туып, өзінің асқан зейінділігімен, талаптылығымен ғана атаққа ие болған жан екеніне шүбә жоқ. Кейбір мәліметтерде Рудаки патша сарайының әйгілі ақыны болып, атағы шар тарапқа кетіп тұрған кезде көп сый-сияпат көріп, мал дәулетке де ие болған делінеді. Бірақ қартайған шағында ғаріптікке үшырағаны да оның өз өлеңдерінен ай-қын сезіледі.

Рудаки асқан ақын, музыкант қана емес, үлкен оқымысты да болған. Ол заманындағы әкімшілік пен ғылым тілі болған араб тілін жақсы біліпті. Оның «Калила мен Димнаны» арабшадан аударғаны осыны дәлелдейді. Со-нымен қатар Рудаки астрономия мен грек философиясынан да хабардар болған. Дегенмен, Рудакидің адамдық, ақындық, ойшылдық келбетін тануға көмектесетін нағыз қымбатты куәгер - оның шығармалары. Ендеше ақынның асыл сырларына - өлең жолдарына көз жіберіп көрейік. Бір ретте ол:

Дана болсақ катал саған тағдыр да,

Бұрқанып қал - аяғыңнан шалдырма-дейді.

Бұл - өмірдің күреске толы екенін оймен ғана болжа-ған кісінің емес, тірліктіи аумалы-текпелі тар жол, тай-ғақ кешуін өз басынан кешірген жанның лебізі секілді. Коғам қайшылығын, әртүрлі әділетсіздікті көзімен кө-ріп, біліп отырған дана ақынның ақуалы саманидтер сарайында женіл болмаған. Рудаки қартайған шағында патшаның қаһарына ұшырап, азап шеккені жайында тарихи деректер бар. Өйткені қатал, әділетсіз заманда дана кісіге қатер, қауіп көптігін ақын тамаша тауып айтқанға ұқсайды.

Әбілхасан Рудаки тәжік поэзиясында философиялық лириканың негізін салушы ақын деп танылады. Ол өмірдің өзгермелі болмысын қатқабатымен таныған, орасан ойшыл болғанын көп өлең жолдары қапысыз аңғартады.

Бүгін саған шипа дәрі,

Ертен. у боп тиер жанға.

Жүтсаң кейін сол у тағы,

Шипа болар ауырғанда.

Заман илеп, жас қартайса,

Жаңартады ескіні де.

Гүлстандар шөлге айналса,

Шөлдер толар жастық гүлге . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия халықтарының ортағасырлық мәдениеті
Орта ғасырдағы географиялық мәлімет
Азияның ортағасырлық мәдениеті
Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры
Қарахан Әулетінің мемлекеті
ӘЛЕМНІҢ АСЫЛ ДАНАСЫ
Қарлұқ мемлекеті
Абай оқыған шығыс шайырлары
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz