Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

1. ОБСӨЖ тақырыбы: Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері

2. ОБСӨЖ жоспары:

1. Ғылыми проблеманың пайда болуы

2. Ғылыми шындық, шатасу мен таңғажайыптылық

3. ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4. ОБСӨЖ мәтіні:

Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы - білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру.

Осыған байланысты технология, ақпараттану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру проблемасы:

біріншіден; студенттердің, педагогтардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болса: екіншіден; адамға іс - әрекетке ой - арманына, дүниеге көзқарасына, талапшыл талғам, пікір түюге бейімделуге, жалпы интеллект қалыптасу үстіндегі дүниетаным, ұғымталдық сана құдіретін сезінуді үйрету; үшіншіден; елімізде күш алып келе жатқан білім беру саласын реформалау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан толық қанды қамтамасыз ету үшін, осы саладағы педагогикалық зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігін айтарлықтай көтеру, олардың мектеп практикасына нақты әсерін күшейту болып табылады.

Осы тұрғыдан қарағанда, ғылыми іс-әрекет, адамның басқа іс -әрекеті сияқты қандай да бір үлгілерді қайта тудырумен байланыстырылады. Бұл, өз кезегінде зерттеуді, зерттеу мақсаты мен бағдарламасын, оны ұйымдастыру принциптерін анықтайды.

Ғылым - адамдардың арнайы іс- әрекеттері нәижесінде табиғат, қоғамның және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім болып табылады. Сондықтанда, ғылым негізі білім болып саналады.

Білім - шындықтың бейнелену формасы және тәсілі болғандықтан- онда заттың қасиеті, белгілері және өзара байланыстары қаперге алынған. Осы себепті, білімнің ғылымды ашудағы жұмыс істеу тәсілі, материалдық, не рухани іс - әрекет болып табылады. Яғни, ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.

Сол себепті де, ғылымның мақсаты - сырттан көрініп тұрғанның ішкі, нақтылы қозғалысын, яғни, зерттелініп жатқанның мәнін ашу болып табылады.

Ғылымның логикалық құрылымы төмендегідей болып келеді:

1. ғылымның іргетасы немесе жалпы қағиданың (теорияның) жағдайы;

2. заңдар;

3. негізгі ұғымдар;

4. қағидасы (теориясы) ;

5. мұраты (идеясы) ;

Ұғымдар, заңдар, принциптер, мұрат, ережелер - ғылыми білім категориялары болып саналады. Осылардың негізінде ғылым қағидасы түзіледі.

Қағида - зерттеу пәнінің түзілу блогы болып есептеледі. Көп заттардан ортақ сындарын алып жинақтау, жинақтай білу, зат туралы ұғымды береді. Ұғымдар жиынтығы - пікірді түзеді.

Сондықтан, принцип - танымда методологиялық және гнесологиялық роль алады. Принципті - білімнің ұйымдастырылу формасы деп түсіну керек.

Ғылымның бірден - бір пайдасы, алдын - ала болжам жасауға, алдағыға зер салуға ғана себеп болады. Ғылымның, сол себепті де, ақиқат нәрсе емес екендігі де осыдан. Қандайда тәжірибе жөнінде әңгіме қозғалмасын, сіз өзіңіз тікелей араласпасаңыз, сол мезетте - ақ сенімсіздік пайда болады. Дегенмен, біз мұнда тек өзіміз нақтылы қатыспаған облыстар жөнінде ғана пікір айтуымыз керек, олай болмағанда ғылымнан ешқандай да, пайда, қайыр болмаған болар еді.

Мысалы, энергияның сақталынуына байланысты дене қозғалғанда массасы өзгереді. Масса мен энергия эквивалентті болғаны себепті, қозғалыстағы дене ауыр тартады.

Десекте, Ньютон басқаша пікірде болған еді. Ол масса әрқашанда тұрақты қалып отырады деген. Жоғарыдағы шындық анықталғанда, барлық ғалымдар Ньютонның пікірі дұрыс еместігіне байланысгы. «Сұмдық! Физиктер өздерінің қатесін тапты! Не себепті . олар өздерін дұрыс санаған?» - деп жағасын ұстағандар болды. Айтылған мысалда эффект аз, бұл жағдай тек дене жарық жылдамдығына жақын қозғалыста ғана білінетіні хақ. Осы себепті, ғылымда қандай да бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенеді және онда оның орындалу шарттары ескерілуі тиіс. Сондықтан, біз ғылымнан пайда болсын десек болжам жасауымыз қажет - ақ.

Ғылым тәжірибелер хаттамаларына айналмасын десек, біз заңдар, заңдылықтарды алға тартуымыз керек. Сондықтанда-ғылымда, оның орындалу шарттары алдын - ала, бағынатын заңдары, заңдылықтары ескерілуі тиіс.

Мысалы: Симметрия туралы. Симметрия дегеніміз не? Сырт қарағанда адамньң оңы мен солы бір - біріне симметриялы. Олай болса, оларды өзара ауыстырып қойған жағдайда бұрынғы қалыпты сақтауы тиіс.

Белгілі неміс ғалымы Герман Венль (1885-1935) симметрияның тамаша анықтамасын ұсынғаны белгілі. Бұл анықтама бойынша: Симметриялы дене - деп, оны қалай қарай өзгерткенде де, нәтижеде, бастапқыда неден бастасаңыз сол болып шығуы керек - деген. Бұл қағида математикалық фигуралар үшін солай - ақ шығар, бірақ физика үшін басқаша болған болар еді. Яғни, дененің А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстыруы жоғарыдағы анықтамаға сәйкес, жеткен нүктеміз бастапқы тұрған орнымыз.

жол

АВ

Екінші мысал; Бір кесек борды саусақтарымызға қысып ұстап тұрайық. Саусақтарымызды ажыратуымыз сол - ақ екен, бор төмен қарай құлағанын көреміз. Бор неге құлады?, - деген сауалды әртүрлі аудиторияға қоятын болсақ, төмендегідей жауап алған болар едік.

Аудитория. Жауаптар.

Мектепке дейінгі балалар. - өйткені саусақтар ажырады;

Мектеп оқушылары. - өйткені Жерге тартылады;

Студенттер. - бор Жердің гравитациялық

өрісінде орналасқан;

Жер жүзінің ең жақсы физиктері. - біз өкінішке орай әлі мұны

біле алмаймыз.

Өкінішке орай, бұл ащы шындық тек гравитациялық құбылысқа ғана қатысты емес, ғылымның басқа салаларында да біздің ғалымдарымыз дәрменсіздікті мойындауға мәжбүр.

5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары

1. Ғылымның адамзат өміріндегі маңызын қалай түсінесіз?

2. Герман Венльдің симметрия жайлы анықтамасын тұжырымдаңыз

3. Таңғажайыптылық дегеніміз не?

1 апта

ОБСӨЖ №2.

1. ОБСӨЖ тақырыбы: Жаңа білімнің қажеттілігі жєне ѓылыми шыѓармашылыќ методологиясы

2. ОБСӨЖ жоспары :1. Проблема жєне ќарама-қайшылық түрлері

2. Ѓылыми шыѓармашылыќ

3. Ѓылыми шыѓармашылыќ кезењдері

3. ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4. ОБСӨЖ мазмұны:

Ғылым танымдық процестің объектісі және жемісі. Сондықтан, ғылыми танымдағы және оқу процесіндегі пайда болатын проблеманы айыру үшін танымдағы проблеманың объективті маңызы мен оқытудағы оның объективті мәнін айыру қажет.

Танымдағы проблеманың мәні - ғылыми білімді түзуге, маңызы- дүниенің даму заңдылықтарын ашуға кемектеседі.

Проблема - деп, негізінен практикалық мақсаттың синонимін немесе ғылымдағы белгісіз болып тұрған жәйтты түсінеміз. Проблеманы шешу дәлелдер жүйесі арқылы түзілуі керек.

Қандайда бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенуді және онда, оның орындалу шарттарынын ескерілуі жайлы жоғарыда айтылды да.

Сол себепті, проблеманы қоюда келесі педагогикалық талаптар орындалуы қажет:

- тапсырма, меңгерілген білім мен біліктілікке негізделуі керек;

- белгісіз нәрсе жалпы заңдылықты және жалпы әрекет тәсілін түзуі керек.

Проблема - шешуді қажет ететін келелі мәселе болып табылады.

Проблема- қағида мен практикалық құбылыстар арасындағы қарама - қайшылықтар арқылы анықталады. Біз дүниедегі құбылыстарды бақылап, олардың өзара бағыну деңгейлерін белгілей отырып, олар жөніндегі ұғымдар мен түсініктерді анықтаймыз. Бұл талдау әдісі - делінеді. Осы әдіс нәтижесінде- проблеманың мәнін -ғылыми фактілермен олардың қағидалық (теориялық) танылуындағы қарама - қайшылықтар және бір - біріне таласқа түскен ғылыми қағидалар (теориялар) - деп түсінеміз.

Қарама - қайшылық деген не?

Қарама - қайшылық қандай көріністерден пайда болады?

Алға қойған тапсырмалар, міндеттер мен сұрақтар - шығармашылық іс - әрекеттің тиімді құралдары деуге болады.

Әсіресе, олар проблемалық болатын болса, яғни, мазмұнында қарама - қайшылық жүретін болса. Қарама - қайшылық келесі түрде көрініс табады: ақпараттық - танымдық; танымдық; логикалық.

Ақпараттық - танымдық, зерттелінетін құбылыстар, процестер мен пәндердің мәндерінде жүретін болады. Ол көбінесе, мағыналық конфликт түрінде көрініс алады. Мысалы: - Не себепті червякті беріліс қайтымды беріліс бола алмайды? Шындығында, мұнда айналыс тек червяк арқылы ғана берілуі керек, ал доңғалақ арқылы червяктің қозғалысы емес. Осындай қарама - қайшылық әсерінен адамда жағдайды (ситуация) түсінуге құштарлық пайда болады. Бұл жағдайды адамның психологиялық күйі, яғни, проблемалық ситуация - деп атайды.

Таным процесіндегі қарама - қайшылық теориялық және практикалық мәселелердің танымдық сипаттағы және адамда бар білім деңгейі, түсінуі мен дамуы арасында орын алады. Жеке жағдайда:

1) көптеген әрекеттер арасындағы және олардан қажетті, ыңғайлысын таңдау;

2) бар біліммен және оны практикада пайдаланудың шарттары арасындағы;

3) мәселені шешудің теориялық мүмкіндігі мен оның практикалық іске асырылуының қиындығы арасындағы.

Бұйымды конструкциялауда, технологиясын құруда, пайымдауда және диагностикалауда, оқыту материалдарының құрылымын түзуде, бір ғана нәрсенің төңірегінде әр түрлі пікір пайда болады және мұндай жағдайда пікір дәлелін практика шешеді. Мұндай қарама - қайшылық - логикалық делінеді. Ал, таным процесі мен логикалық қарама - қайшылық арасындағы қарама - қайшылық, адамда объектілердің, құбылыстың немесе процестің мәнін түсінуден пайда болады.

Қарама - қайшылықтар мазмұнында пайда болған құштарлық -ғылыми бағдарлаудың элементар дәрежесі ретінде, көрініс тапқанның мәнін, маңызын ұғынуға тырысу, танып білу.

Жоғарыда аталған факторлар жаңа білімнің қажеттілігін туындатады және ғылыми шығармашылыққа негіз болады. Өйткені, іс-әрекеттің қозғаушы күші, белсенділік көзі, қажеттілік болуы тиіс.

5. Студенттің орындайтын тапсырмасы .

Тестілік -сауалнама

1. Білім -

а) тіршіліктің тұтас бейнесі;

в) шындықты бейнелеу формасы және тәсілі;

с) ғыыми заңдар мен бейнелер;

д) әлемдік өркениет жетістігі.

2. Ғылыми білім категориялары -

а) ұғымдар мен қағидалар;

в) ұғымдар, заңдар, принциптер, мұрат, ережелер;

с) ұғымдар мен заңдар;

д) ұғымдар, принциптер, ережелер.

3. Адамдардың арнайы іс-әрекеттері нәтижесінде табиғат, қоғамның және ойлаудың объективті заңдылықтардың үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім, бұл -

а) қағида;

в) принцип

с) ғылым

д) идея

4. Ғылымның іргетасы немесе жалпы қағиданың (теорияның) жағдайы -

а) ұғымдар жиынтығы;

в) ғылыми білім категориялары;

с) ғылымның логикалық құрылымы;

д) ғылыми тәжірибе

5. Қағида -

а) зерттеу пәнінің түзілу аймағы.

в) зерттеу пәнінің нысаны;

с) зерттеу пәнінің мазмұны;

д) зерттеу пәнінің түзілу блогы;

6. Герман Вейльдің өмір сүрген жылдары

а) 1885-1936 жж.

в) 1886-1934 жж.

с) 1885-1938 жж.

д) 1885-1935 жж.

7. Ғылымда қандай да бір ақиқатқа көз жеткізуде неге сүйенеді?

а) теорияға

в) әдістерге

с) тәжірибеге

д) қағидаға

8. “Симметрия дене, оны қалай қарай өзгертсең де, нәтижеде бастапқыда неден бастасаңыз сол болып шығуы керек”дегенді кім айтты?

а) И. Ньютон

в) И. Гардон

с) Г. Вейль

д) Ю. К. Бабанский

9. Зерттеу пәнінің түзілу блогы -

а) идея

в) қағида

с) принцип

д) ұғым

10. Принцип -

а) ғылыми тәжірибелер хаттамасы

в) ұғымдар жиынтығы

с) ғылыми тұжырымдар

д) ғылыми қағидалар

Глоссарий

Ғылым

Білім

Қағида

Принцип

Проблема

Қарама-қайшылық

Қарама-қайшылық түрлері

Талдау тәсілі

Проблемалық ситуация

6. Әдебиеттер тізімі

1. Пошаев Д. Қ. Ғылыми - педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2. Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3. Введение в научные исследование (Под. Ред. В. И. Журавлева) . М, 1998.

4. Герасимов И. Г. Структура научного исследование. - М, 1995.

5. С. Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005. №4.

6. Загвянский В. И. Учитель как исследователь. - М, 1980.

7. Квиткина Л. Г. Научное творчество студентов. -М, 1980

8. Е. С. Асқаров, Е. А. Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері. А, 2004.

2 апта

ОБСӨЖ № 3.

1. ОБСӨЖ тақырыбы: Ғылыми жұмыстың әдістемелік негіздері

2. ОБСӨЖ жоспары:

1. Ғылыми әдістеменің деңгейлері

2. Ғылымижұмыстың маңызы

3. ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4. ОБСӨЖ мәтіні:

Еліміздің күш алып келе жатқан білім беру саласын- реформалау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан толыққанды қамтамасыз ету үшін, осы саладағы, педагогикалық зерттеулердін; сапасы мен нәтижелілігін айтарлықтай көтеру, олардың мектеп практикасына нақты әсерін күшейту қажет.

Соңғы уақытта байқалып отырған зерттеулердің практикалық бағытының күшею тенденциясы, оларды бағалау проблемасын ерекше өткір қойып отыр. Себебі, практикалық «бағыт» тек өз «плюстерін» тудырып қана қоймай, сапаның, зерттелетін проблеманың теориялық - методологиялық жақтарына бөлінетін ықыластың төмедеуіне әкеледі. Бұл, ғылым мен ғылым методологиясының бір - бірінен алшақтауына соқтырары хақ.

Егерде, проблеманың өзі болып, ал, оны шешу жолы айқын болмаған жағдайда, яғни, ескі тәсілдердің күйі шектеулі екендігі анықталса, ғылыми зерттеулерді методологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету қажеттігі туады. Проблеманы шешу үшін объект байланыстарының жан-жақтылығын анықтаумен бірге мәдениетпен де байланысу керек болады. Өйткені, проблеманы шешуге керекті тәжірибе, нақты мәселені шешу алгоритмі болсын немесе проблеманы шешуге мүмкіндік беретін шындық туралы жалпы мағлұмат болсын -мәдениеттен алынады.

Бұл тұрғыда, методология - ғылым мен мәдениеттің байланыс құралы болып табылады.

Ғылым өзінің даму барысында, әсіресе кризисті сәттерде, өзінің прогресін қамтамасыз ететін нормативтерді мәдениеттен алады.

Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс заманы, методология мен ғылымның өзара әсерлесу проблемасына қызуғышылықты күшейтіп отыр.

Ғылыми білімнің үнемі дифференциялануы, оның интеграциялануына деген қажеттілікті тудырады. Ал, шындықтың интегративті бейнесін тек ғылыми методология негізінде ғана құруға болады. Сондықтан, адамзат мәдениетінің құрылымында ғылыми іс-әрекет методологиясымен қоса, практикалық іс-әрекет методологиясы да алдыңғы қатарлы рөлге ие болып келеді. Өйткені, біз іс-әрекетіміздің әртүрлі салаларында - не істеу керек? - екенін білгенімізбен, оны - қалай істеу керек? - екенін біле бермейміз.

Ғылыми іс-әрекет, адамның басқа да іс-әрекеті, сияқты, қандайда бір белгілі үлгілерді қайта тудырумен байланысады. Ол біріншіден -зерттеу мақсаты мен бағдарламасын, оны ұйымдастыру принциптерін анықтау немесе алынатын өнімнің үлгісін алу және т. б., болуы мүмкін. Екіншіден - ғылыми зерттеу, оның формаларын жаңартпай, жаңа бағдарламалар жасалмай жүргізілуі мүмкін емес. Бірінші жағдай арнаулы - ғылыми іс - әрекетке, ал, екіншісі - методологиялық іс әрекетке қатысты, ол, ғылыми зерттеулердің жалпы, принципті даму жолдарын анықтаумен байланысады.

5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Тестілік -сауалнама

1. Практикалық мақсаттың синонимі немесе ғылымдағы белгісіз болып тұрған жәйт, бұл-

а) қарама-қайшылықтар

в) проблема

с) ақпарат

д) логика

е) ғылыми шығарма

2. Танымдағы проблеманың мәні -

а) ғылыми шығармашылыққа жетелейді

в) дүниенің даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі

с) объектінің сырын ашады

д) зерттелетін құбылыс

3. Қарама-қайшылық әсерінен адамда жағдайды (ситуация) түсінуге құштарлықтың пайда болуы

а) танымдық ситуация

в) ақпараттық-танымдық ситуация

с) проблемалық ситуация

д) логикалық ситуация

4. Қарама-қайшылық түрлері

а) ақпараттық-танымдық, танымдық, логикалық;

в) проблемалық, жағдайлар, танымдық;

с) логикалық, ғылыми шығармашылық;

д) проблеманың мәні, талдау әдісі

5. Проблема - қағида мен практикалық құбылыстар арасындағы немен анықталады?

а) тәжірибе

в) қарама-қайшылықтар

с) логика;

д) ситуация

6. Өмірде жоқ, қандай да бір жаңа өнімнің пайда болу процесі

а) шығармашылық

в) тәжірибе

с) теория

д) жаңалық

7. Қоршаған ортаны танып білуге, оқыту процесін ұйымдастыруға, оны өзгертуге және жетілдіруге тікелей бағытталған танымдық іс-әрекет

а) ғылыми шығармашылық

в) ғылыми ақпараттық

с) ғылыми қажеттілік

д) ғылыми логикалық

8. Ғылыми шығармашылық неше кезең арқылы жүзеге асты?

а) 5

а) 3

с) 2

д) 4

9. Дәлелді шешім айту мүмкін болмағанжағдайда -

а) пайымдау (интуиция) көмекке келеді

в) шығармашылық көмекке келеді

с) зерттеулер көмекке келеді

д) қарама-қайшылықтар көмекке келеді

10. Жаңа білімді меңгерудегі принциптер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде шындыққа жету жол

а) теория

в) тәжірибе

с) практика

д) әдіс

Глоссарий

Шығармашылық

Ғылыми шығармашылық

Шығармашылық кезеңдері

Пайымдау

Ғылыми техникалық прогресс

Бақылау сұрақтары

1. Ғылымның шығармашылық әдістемесі дегенді қалай түсінесің?

2. Шығармашылық үш кезеңін келтір

3. Ғылыми және методологиялық іс-әрекет мазмұнын түсіндір

4. Ғылыми білімнің дифференциялануы және интеграциялануы дегенді қалай түсінесің?

6. Әдебиеттер тізімі

1. Пошаев Д. Қ. Ғылыми - педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2. Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3. Введение в научные исследование (Под. Ред. В. И. Журавлева) . М, 1998.

4. Герасимов И. Г. Структура научного исследование. - М, 1995.

5. С. Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005. №4.

6. Загвянский В. И. Учитель как исследователь. - М, 1980.

7. Квиткина Л. Г. Научное творчество студентов. -М, 1980

8. Е. С. Асқаров, Е. А. Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері. А, 2004.

9. Соколов В. Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С. 110-206.

10. Эвристика. Разработано О. Е. Столяровой.

2 апта

ОБСӨЖ №4.

1. ОБСӨЖ тақырыбы: Ғылыми іс-әрекет түрлері

2. ОБСӨЖ жоспары :1. Теориялық ғылым

2. Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым

3. ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

4. ОБСӨЖ мазмұны:

Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой-пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Бұл әдістің ең белгілі жақтаушысы атақты тыңшы Шерлок Холмс болған. Ол былай айтадыиекен: "Бұл қылмысты ашу үшін маған менің ыңғайлы креслом, темекі салынған бірнеше трубка керек, сонда мен бұл істі бөлмеден шықпай-ақ шешемін".

Негізгі теория қасиетіндегі жұмыс зерттеушінің жеке басында, жазба үстелде, компьютер жанында жүргізіледі. Ғылыми іс-әрекеттің бұл түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтылығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса маңызды. Сырттан қарағанда мұндай іс-әрекет көзге көрінбейді. Мұндай ғылыми іс-әрекетпен айналысқан тұлға сырт көзбен қарағанда күні бойы үстел басында отырған пенде немесе тіпті диванда жатқан жалқау кісі секілді. Ал шын мәнісінде зерттеуші болса тура сол кезде басымен, яғни миымен күшті жұмыс жасайды. Мұндай зерттеуші тәуліктің қай мезгілінде, қай жерде болмасын толыққанды жұмыс жүргізіп отырады-автобуста немесе машинада, магазинде, саяжайда, моншадағы Архимедке ұқсап, тіпті ұйықтап жатқанда Д. И. Менделеев сияқты. Дәл осылай ғылымның көптеген негізгі заңдары қалыптасқан, мысалға физикада, математикада, т. б.

Мұндай іс - әрекеттің түрі, нәтиже алуда белгілі қауіп-қатер әкеледі, себебі көп жағдайда, жоғарыда айтқандай, адамның өзіне оның шығармашылық қабілетіне, қиялына күнделікті құбылыстарды түсініксіз, әдеттен тыс фактілерді байқауында, одан жаңа идеяны ойлап табуына байланысты. Сондықтан кейбір жағдайда орасан зор уақыт өткізіп, зерттеуші ешбір қорытындыға келмеуі немесе теріс иәтиже алуы да мүмкін.

Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді.

Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, Мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу обьектісін жүзеге арсырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.

Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі-ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі-ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Жұмыстық оқу бағдарлама «Мұнай шикізаттарының құрылымын өзгертпей өңдейтін процестердің химиялық технологиясы»
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұны
Ғылыми зерттеу әдістемесі
Шығармашылық және шығармашылық емес әрекеттер турасында
Әдеби бастаулардың түрлері
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
Педагогикалық зерттеулердің логикасы
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz