Мұрыннан қан кету


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мұрыннан қан кету

Мұрынан қан кету

Мұрынан қан кету - көптеген аурулардың ағымын асқындататын таралған патологиялқық жағдай. Көпшілік науқастар мұрыннан қан кеткен кезінде медициналық көмекке жүгінбей, қан тоқтатудың қарапайым әдістерін қолданылады.

Этиологиясы. Мұрыннан қан кетудің негізгі себебі: мұрын қуысы шырышты қабығы тамырларының бүтіндігінің бұзылуы. Мұрыннан қан кету себептерін жергілікті және жалпы деп бөлуге болады.

Жергілікті працестер:

  1. Мұрын және мұрын іші құрылымдарының жарақатт түрлері ( бөгде зат түсіп, шырыш қыбықтың жарақаттануы, операциялық жарақаттар, мұрын синустарының пункциясы, катетеризациясы, назотрахеалді интубация, назагастральді зондтау, эндоскапия т. б )
  2. Жедел, созылмалы ринит, синусит, аденоидты вегетациялар.
  3. Риниттің атрафиялық түрлері, мұрын қалқасының айқын қисаюы.
  4. Ангиома, қатерлі ісіктер, операциялық гранулемелар.

Жалпы факторлар:

  1. Жүрек -тамыр жүйесінің аурулары ( АГ және симптомдық АГ, жүрек ақаулары, атересклероз) ;
  2. Коагулопатиялар, геморрагиялық диатездер, қан жүйесінің аурулары, гипоавитаминоз және авитаминоз.
  3. Гипертермия.
  4. Барометрлік қысымның күрт төмендеуі.
  5. Кейбір гармональді дисбаластар.

Клиникалық көрінісі:

  • Қан кетудің тікелей белгілері;
  • Себептік патологиялар симптомы;
  • Жедел қан кетудің белгілері;

Мұрыннан қан кетудің тікелей белгісі - мұрыннан визуальді түрде қан ағу немесе мұрынжұтқыншақтан ауыз жұтқыншаққа қан кету.

Мұрыннан қан кету орналасуы бойынша: « алдыңғы » және « артқы » деп жіктеледі. мұрын қалқасының алдыңғы бөлігінде Киссельбах зонасы орналасқан, бұл зона 90-95% жағдайда қан кетудің негізгі көзі болып табылады. Бұл аймақтың шырышты қабаты жұқа, шырышасты қабаты болмайды.

« Алдыңғы » қан кету интенсивті болмайды, көбінесе өзінен-өзі тоқтайды немесе қарапайым алғашқы медициналық көмекті көрсеткеннен кейін тоқтайды.

« Артқы » қан кету өмірге қауіп төндіреді, тоқтату үшін арнайы қан тоқтату әдістерін қолдану керек.

Диагностикасында қиындық тудыратыны бұл мұрыннан қан кетудің этиологиясын анықтау және қан кету көлемін анықтау. Жалпы клиникалық және параклиникалық зерттеу тәсілдері қолданылады ( ЖҚА, коагулограмма ) .

Емі.

Мұрыннан қан кету кезіндегі медициналық көмек көрсету принциптері:

  1. Қан жоғалтуды тоқтату үшін тез арада қан кетуді тоқтату;
  2. Этиотропты терапия ( мысалы АГ кезінде гипотензивті терапия )
  3. Жедел қан жоғалту нәтижелерінен алдын - ала ( гиповалемия, геморрагиялық шок, тромбогеморрагиялық sd, постгеморрагиялық анемия )
  4. Гемостатикалық терапия.

Мұрыннан қан кетуді тоқтатудың хирургиялық әдістері.

Егер артқы тампонададан кейін мұрыннан қан кету тоқтамаса хирургиялық ( этмоидотомия, сыртқы және жалпы ұйқы артериясын байлау ) немесе эндоваскуллярлық әдістер ( жоғарғы жақ артерия тармақтарын эмболизациялау ) қолданылады.

Әдетте мұрынна қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек:

1. Көмек көрсетілетін бала отыруы керек.

2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады.

3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс.

4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін бала сәл алға еңкеюі керек.

5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет.

6. Егер қан кету тоқтамаса, баланы міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады.

Мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы

Шартты мұрыннан қан кету кезінде мына шараларды сақтап, мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы жүргізіледі.

  1. керекті құрал-саймандар: мұрын кеңейткіші, пинцет, дәке тампоны, маңдайлық рефлектор.
  2. науқас отырған күйде болады.
  3. дәрігер 40-50см ұзындықтағы тампонды жиегінен 4-5 см қалдырып пинцетпен ұстайды. Тампонды ілмек түрінде мұрын қуысына ендіреді. Ендірілген ілмекті бір-біріне тығыздап орналастырады. Есте сақтау керек! Мұрыннан қан тоқтату үшін тампонды тығыздап енгізу керек. Бұл жағдайда тампонның гигроскопиялық қызметі төмен дәрежеде және өзіне қанды сіңдірмейді. Тампон мұрын қуысында 48 сағатқа дейін бола алады. Аларда мұрын қуысының шырышты қабатын қайта жарақаттамау үшін шартты түрде тампонды вазелин майына сіңдіру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан кету. Қан ағуын тоқтату
Қан кету және оны тоқтату
Кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем пәнінен дәріс комплекстері
ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ
Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы
Геморрагиялық Қырым-Конго қызбасы вирусы
Өмір қауіпсіздігі негіздері
Туберкулезбен ауырған науқастардағы өкпеден қан кету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz