ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

Дінтану және теология кафедрасы

ҚР ДІН ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ ПӘНІНЕН

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Түркістан 2013

Лекциялар жинағы «Дінтану және теология» кафедрасының

27 . 08. 2013 ж. мәжілісінде талқыланды № 61 хаттама.

Кафедра меңгерушісі, доцент Қ. Қаратышқанова

Құрастырған пән оқытушысы С. Оразбай

Лекциялар жинағында дін анықтамалары, негіздері, шығу тегі және ұлттық, әлемдік діндер туралы тақырыптар қамтылған. Лекциялар жинағы теология мамандығының типтік оқу жоспары және пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Лекция тақырыбы : ҚР-ның дін туралы заңнамасы пәні

2. Лекция жоспары:

1. Пән мақсаты мен міндеттері

2. Пәнді оқудың әдістері мен ұстанымдары

3. Пән терминологиясы

3. Лекция мақсаты: түсіндіру

4. Лекция мазмұны:

1. Пән мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, өзін зайырлы, әлеуметтік, демократия мен нарықтық экономика жолымен жүретін, азаматтық қоғам құратын мемлекет деп жариялады. БҰҰ, ЕҚҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше бола отырып, адам құқығы, ар - ождан және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету міндеттерін қабылдады. ҚР «Ата заңы» мен «Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңы ел азаматтарының діни сенім құқығына кепілдік береді.

ҚР - ғы дін туралы заңнама пәні теологиялық білім беру жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Пән мазмұнында білім алушыларға діни сенім бостандығының тарихи-әлеуметтанулық және конституциялық-құқықтық негіздері, әлем елдерінің дін туралы заңнамалары мен тәжірибелері, діни сенім құқығына қатысты халықаралық және отандық нормативтік құқықтық құжаттар туралы ғылыми жүйелі білім беріледі. Сонымен қатар студенттердердің дін саласындағы заңнамалармен жұмыс жасай білу дағдылары мен біліктілігін қалыптастырады. Діни бірлестіктердің заңға қатысты күнделікті түйткіл мәселелерін шешуде пәннің практикалық бағыттағы ерекшелігі көрінеді. Пән материалдарын дұрыс меңгеру болашақ маманның құқықтық білімінің артуына, діни салада заңға қатысты сұрақтарды дербес еркін шешуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан курстың кәсіби мамандар даярлау бағдарламасында ролі мен орны айрықша маңызды.

ҚР - ғы дін туралы заңнама пәнін оқытудағы мақсат: болашақ теолог мамандарға мемлекеттік - конфессияаралық қатынастардың сұрақтарын діни бірлестіктермен бірге шешудің жолдары туралы құқықтық білім беру. Бұл пән теологтарда түрлі конфессиялардың мемлекетпен және өзара қатынастарында туындайтын сан алуан мәселелерді шешудің құқықтық тәсілдері мен жолдарын қалыптастырады. Алған білімдерін практикалық кәсіби қызметінде қолдануға машықтауға үйретеді.

Пәнді оқытудың міндеттері: мемлекет пен дін қатынастарының тарихи және бүгінгі тәжірибесін танысу; дін туралы мемлекеттік заңнамалардың тарихи-әлеуметтік және теологиялық негіздерінің мәнін ашу; әлемдегі мемлекеттік - конфессияаралық тәжірибе үлгілерінің тарихи даму барысын талдау; Қазақстан тарихындағы мемлекеттік - дін қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу;

2. Пәнді оқудың әдістері мен ұстанымдары

ҚР - ғы дін туралы заңнама ғылымының пәні ретінде құқық, дін және мемлекет қатынастарының пайда болу заңдылықтары, дамуы және қызмет етуі, діни бірлестіктердің құқықтық статусы, діни сенім бостандығының негіздері, діни төзімділік, мемлекеттік заңнама және т. б.

Болашақ теолог мамандар даярлауда пән материалдарын құқық негіздері, дінтану, саясаттану, дін әлеуметтануы, діни философия және доктрина пәндерімен пән аралық байланыста игеру маңызды. Дін туралы заңнама мазмұны құқықтану және дінтанулық білімдермен толығып, кешенді ғылым және оқу пәні ретінде қалыптасады.

Пән зайырлық ұстанымына сәйкес оқытылады.

3. Пән терминологиясы

Пән терминологиясы:

Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Құқықтық норма - қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Заң- (ағылш. law ) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт "қолданысқа жарамсыз" деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялық заңға конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған күштеуді пайдалануға үстемдікке ие және қоғамды басқаруды арнайы тетіктер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекет-дін қатынастары-

Дін туралы заңнама - Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.

Адам құқығы- барлық адамдар өзінің қадір-қасиеті мен құқықтары бойынша ерікті және тең болып туылады. Оларға ақыл-парасат пен ар-ұят берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырлық қарым-қатынаста болуға тиіс. Адамның табиғи құқықтарына ешкімнің де мемлекеттің де қол сұғуға қақысы жоқ.

Адамның табиғи құқықтары- адамның өмір сүру, білім алу, еңбек ету, сөз бостандығы, еркін жүріп тұруы, кәсіп таңдауы, діни сенім еркіндігі, жеке өмірлік, отбасылық еркіндігі және т. б.

Ар-ождан және діни сенім бостандығы- діни сенім бостандығы - адамның жеке өзі немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және тарқатуға, соған сәйкес әрекет етуге құқылы адамның негізгі жеке бостандыктарының бірі. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.

Толеранттылық- [ лат. tolerencia - төзімділік] - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Толеранттық жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табатын психологиялық немесе әлеуметтік- психологиялық мінез-құлқы ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдарды жоққа шығарушы ретінде қарастырылады.

Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету. 1995 ж. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен толеранттықтың принциптер Декларациясында толеранттылық былай қарастырылады: 1) әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап, құрметтеу; 2) наным-сенімдерден, ақиқатты шексіздендіруден бас тарту және халықаралық құқықтық актілерде бекітілген адам құқы саласындағы ережелерді бекіту. Қазақ түсінігіндегі "қонақжайлық" ұғымы осы толеранттық ұғымымен мағыналас келеді.

Діни бірлестік- Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар- дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діндер) - соңғы кездерде пайда болған, шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан, бірақ қазір қайнарынан байланысын үзген, өзіндік ерекшелік пен әмбебептыққа ұмтылатын, жаңадан шығып жатқан діни сенімдер. Олар әлеуметтік тұрғыда діни секта деп аталады. Құқықта секта термині қолданылмайды сондықтан ғылыми әдебиеттерде бұл термин көп кездесе бермейді.

Секта- секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым. Ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау, дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктеге мән бермеу, келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу. Секта әлеуметтік терминология.

Зайырлық- з айырлық мемлекетің дінге қатысты ұстанатын принципі, оның мәні мынада: мемлекет пен дін арақатынасы заң жүзінле ажыратылған, мемлекет дін ісіне, ал дін мемлекет ісіне араласпайды. Бірақ бұл мемлекет дін мәселесінде бейтарап қалады дегенді көрсетпейді, өйткені мемлекеттің өзі әлеуметтік институт ретінде қоғам мүддесіне қызмет жасаса, дінде сол әлеуметтік жүйенің бір саласы ретінде қоғамда белгілі бір қызметтер атқарады. Мемлекеттің де діннің де қызметі қоғамға бағытталған. Дін адамның жеке және қоғамдық өміріне қажетті қызметтер атқарады, басқаша айтқанда адам дінге мұқтаж, ал енді мемлекет заң жүзінде өз азаматтарының рухани қажеттілігін өтеуге деген құқығын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл жерде сенім бостандығына заң жүзінде кепілдік берілген.

Зайырлық және діни кеңістерді ажыратудың бастауы құқықтық реттеу саласында емес, тұлғаның өзіндік санасы мен халықтың өзіндік санасында жатыр. Сондықтанда көптеген елдердің дін саласындағы заңдары әр түрлі. Еуропаның көптеген елдері заң жүзінде өздерінің тарихи дәстүрлі діндерінің құндылықтарын түсіне отырып оларға басымдық берген. Мысалы: Англия, Германия және т. б елдер. Соңғы уақытта Францияда осы мәселені қызу талқылап жатыр. Еуропа халықтары өздерінің қоғамдық өмірінің негізгі қағидаттарын мемлекеттік билік арқылы қорғаудың қажеттілігін түсініп отыр, олардың түсінуінде мемлекеттік биліктің қайнары биліктің демократиялық ( дауыс беру, референдум, халық өкілдігі органдары жұмысы, БАҚ) және табиғи-тарихи тетіктері арқылы іске асатын ( ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, өмір салты, қоғамдық пікір заңдылығы және т. б ) халықтың еркі. Осы тұрғыдан барлық елдерде зайырлық қағидасының үлгілері түрлі болып келеді, басқаша айтқанда зайырлық принципінің іске асырылуы әр елдің халқының еркіне байланысты, бұл жердегі барлық зайырлы елдерге тән ортақ дүние мемлекет пен діннің заң жүзінде ажыратылуы.

Зайырлы мемлекет - мемлекетті діннен бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сиапты.
Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүмкін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қарама-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анықталады. Зайырлы елде әрбір адам ешқандай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құқылы. Мысалы, некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып табылады. Сол сияқты зайырлы елде барлық конфессия өкілдері заң алдында бірдей. Діни мерекелер халықтың дінге сенуші бөлігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс күні ретінде бекітілген. Көптеген мұсылман елдері зайырлылық қағидаларына сай келмейді. Мысалы, Сауд Арабиясы мен Иран теократиялық ел болса, Малайзия зайырлылықтан біртіндеп басқаша жүргізуде (діни полиция құрылды), ал Түркия мен ТМД-дағы мұсылман елдері зайырлы болып есептеледі.

Зайырлы мектеп- зайырлы өкіметтер мен ұйымдар қалыптастыратын, қаржыландыратын және бағыттайтын мектеп. Әдетте зайырлы мектеп - мемлекеттік мектеп. Ол діни ұйымдарға тиесілі конфессионалдық мектеппен қатар қызмет етеді. Мемлекеттік бола отырып, зайырлы мектеп мемлекеттің сипатын бейнелейді.

Атеистік - [ а-теріске шығарушы, theos - құдай] - жаратылыстан тыс күштерге сенуді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны жоққа шығару. КСРО дәуірінде атеистік насихат күшейді. Ұжымдастыру, тәркілеу және т. б. саяси науқандарда дін иелері жаппай қудаланды, қара халық құранды жасырып оқып, "біссімілләні" күбірлеп айтатын халге жетті. "Дін - апиын!" деген сияқты жалаң ұрандар қаптады. Атеистік насихатты қарқынды жүргізу туралы арнайы қаулылар қабылданып, жоғары оқу орындарында "Ғылыми атеизм негіздері" курстары оқытылды.

Діни қызмет - діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

Діни қызметші - діни, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам.

Миссионерлік қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі.

Дiнтану сараптамасы- діни бірлестіктің құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасы объектілеріне жатады. Дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді.

Секуляризация - [лат. saecularis - зайырлы] - саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады. Саясат - қоғамдық өмірдің табиғи нәтижесі.

Саясат мемлекет органдарымен дайындалатын құқыққа бағынады. Дамыған демократиялық қоғамдарда саясатпен адамдар айналысады, ол өзінің қасиеттілігінен айрылады. Заңдарды дайындайтын адамдар, ал адамдар заңға бағынулары керек.

Бірақ қоғамдық үрдістерді тиімді түсіндірулерге қарамастан XX г. саяаттағы тиімді емес, түсіндіруге мүмкін емес жағдайлар қалып отыр. Демократия идеологтары зайырлы биліктің кемшіліктерін бейтараптандыру мақсатында табиғи тетіктер ұсынды: сайлау, жариялылық, құқық үстемдігі, билікті бөлу қағидаты, т. б.

Сакрализация - [лат. sacer - қасиетті] - діни реттеу саласына әртүрлі қоғамдық және жеке сананы, әлеуметтік қатынастарды, адамдар мен мекемелер қызметін тарту үрдісі. Сакрализация негізін зайырлы әлемге қарсы қасиетті әлемді мойындау қүрайды. Сакрализация жағдайында діни қызмет жалпы әлеуметтік қызметтің бөлінбес бөлігі, ал діни қатынастар басқа әлеуметтік байланыстарға таралады. Сакрализация сипаты мен таралу деңгейі әртүрлі тарихи дәуірлерде бірдей емес. Ол әсіресе алғашқы қауымдық құрылыс орта ғасырларға тән. Ал қазіргі қоғамда сакрализация басқаша қырынан көрініс беруде.

Демократия - сөзі (гр. demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

Мемлекет түрі. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т. с. с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Радикализм- 1) жақтастары өмір сүріп отырған әлеуметтік-саяси жүйені сынға алатын және түбегейлі өзгерістер мен реформалардың жүргізілуін талап ететін саяси ағым; 2) қандай да бір істердегі жағдайды түбірімен түбегейлі өзгертудегі талпыныстардың, тәуекелді ымырасыз талаптардың жүзеге асырылуы. Діни радикализм- діни мақсаттардағы әлеуметтік-саяси іс-әрекеттер.

Фанатизм - (лат. fanaticus - құрбандық ) -адамның белгілі бір сенімдерге деген, басқа ешқандай баламаны қабылдамайтындай болып қалтқысыз берілгендігі; бұл оның іс-әрекетінде және басқалармен қарым-қатынасында айқын көрінеді. Фанатизм сол жолда құрбан болуға дайындықпен астасады; идеяға берілгендік басқа пікірдегілерге төзбеушілікпен қараумен, ортақ мақсатқа жетуге кедергі болатын әдеп нормативтерін елемеушілікпен ұштасады. Фанатизм - топтың психологиялық феномені. Бір-біріне тәнті болудан қолдау табатын фанатиктер үшін көтеріңкі эмоциялық, өздерінің көзқарастарын қуаттайтын кез келген ақпаратқа талғамай қараушылық, тіпті тілектестік тұрғыдағы сынның өзін қабылдамаушылық тән. Фанатизм екінің бірінде идеологиялық (соның ішінде діни) сипатта болады.

Фундаментализм- бастапқыда протестантизмдегі либералдық протестанттық рационализмге қарсы бағытталған шектен шыққан консервативті ағым. 1910 жылдары АҚШ-тың оңтүстік штаттарында қалыптасты, інжілге (Библияға) кез келген сыни көзқарасты көтермей, оны жаңаша түсіндіруге талпынғандарды үзілді-кесілді мойындамады. Кейін келе бүл ұғым басқа діни, әлеуметтік, саяси басқа да қағидаларға кез келген радикалды - консервативті қатынасты білдірді.

Экстремизм - (фр. extremisme , лат. extremus ) -

1. «Шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) - жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді.

Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы кезеңдері. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Экстремистер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Құқықтық жүйелер
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz