Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ...
8

1.1 «Инновация» ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

8
1.2 Иинновациялық технологияларды қолдануда танымдық процестерді қалыптастырудың мәні және мазмұны, ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ...
19
1.3 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру моделі, өлшемдері мен деңгейлері

2. БӨЛІМ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК.ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
2.1 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
2.2 Жаңаша оқыту жағдайында студенттердің танымдық процестерін қаыптастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
57
2.3 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру бағытындағы эксперимент нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 71
КІРІСПЕ

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.
Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде практика жүзінде оқытуды ізгілендіру, демократияландыру бағытындағы әдіс-тәсілдер көптеп қолданылады. Себебі біздің қоғамымызға заман талабына сәйкес қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, білімді, белсенді, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азаматтар қажет-ақ.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Студент қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі - жоғары интеллектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.
Тұлғаның шығармашылық бағдарын, ізденімпаздығын, өзіндік іс-әрекетін жетілдіруде оқытудың жаңаша әдістері мен инновациялық процестерді дамыту мәселелері бойынша еліміздің дидакт-ғалымдары: А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова, Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, А.А.Бейсенбаева, И.Н.Нұғыманов, т.б. арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп студенттердің болашақтағы кәсіби өсуіндегі акмеологиялық бағдарын қалыптастыруды негіздейді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында студенттерді кәсіби даярлаудағы маңызды мәселелер ғалым-педагогтарымыздың ғылыми зерттеулерінде талданған (Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Саипов, А.А.Жолдасбеков, Б.А.Оспанова, К.М.Беркінбаев, Қ.Ералин, М.Ә.құдайқұлов т.б.). Ал жеке тұлғаның дамуындағы ақыл-ой әрекеті, зерттеушілік мәдениетін сауықтыру шаралары арқылы дене мәдениетін қалыптастыруды сабақтастықта зерделеу Ж.К.Оналбек, Б.Ә.Нұрлыбекова, Б.А.Тойлыбаев, А.Қарақов т.б. еңбектерінде және зерттеу мәселесінің тарихи дамуын сараптауда маңызы бар.
Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Инновациялық технологияларға жалпы сипаттама беру, студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру және оны оқу үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:
- инновациялық технологиялары жөніндегі отандық, шетелдік, Ресейлік теориялық-әдістемелік материалдарға талдау жасау;
- инновациялық технологиялардың мәні мен мазмұнын негіздей отырып, студенттердің танымдық процестерін қалыптастырудың моделін жасау.
- студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент жағдайында дәйектеу және әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі. жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлау үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні. Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының болжамы. егер, инновациялық технологияларды оқыту дерісінде тиімді және орынды қолданған жағдайда студенттердің жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыруға деген ұмтылысы, қызығушылығы артады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып Э. Брансуиктің теориясы, Б.Д. Эльконин мен М. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдарын қолдану технологиясы, Ш.А. Амонашвилидің білім беруді ізгілендіру технологиясы, Ж, Қараевтің деңгейлеп оқыту технологиясы, С.Н. Лысенкованың перспективалық жеделдете оқыту технологиясы, В.Т. Кабуштың тәрбиені ізгілендіру технологиясы, П.И. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, С. Микулстің «Ақыл-ой Одиссеясы» технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы технологиясы, көркемөнер туындыларын көру арқылы студенттің жеке басын дамыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, іскерлік ойындардың жүргізілу технологиясы, оқытудың интерактивті әдістері сияқты құнды еңбектер табылады.
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін «технология» ұғымына жан-жақты түсінік берілді, оқытудың инновациялық технологиялары, студентердің танымдық процестері, инновациялық технологиялар түрлеріне талдау қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. «Технология» ұғымына, оқытудың инновациялық технологияларына, студенттердің танымдық процестеріне, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану ерекшеліктеріне тұңғыш рет сараланып нәтижелі жинақталуына қол жеткізілді. Оқытудың инновациялық технологиялары ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.
Зерттеу жұмысының базасы. Этнопедагогика колледжі, Яссы колледжі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ университеті.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында сызбалар, кестелер, диаграммалар көрсетілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бұзаубақова К. “Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру - міндет”. // Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005 ж. 25-26 б.
2. Байғазиева Г. “Жаңа Педтехнология”. // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж.
3. Бұзаубақова К. “Жаңа педагогикалық технологиялар”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2005 ж. 5-8 б.
4. Тұрғынбаева Б. Дамыта оқыту технологиясы. А. 2004ж.
5. Женни. А. Стилл, Курт.С. Мередит, Ч. Темпл. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Мет. құрал №1, №2.
6. Керімбаев М.С. Мектептегі инновациялық процестер: мәселелер, болашағы, ізденістер. – Алматы, 1995ж.
7. Арысбаева З. “Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері”. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007 ж. 69-70 б.
8. Әмір Шарапат. “Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары” // Қазақстан мектебі. № 6. 2001 ж. 32-34 б.
9. Бейсембаева А. “Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктері”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2001 ж. 12-13 б.
10. Көшімбетова С. “Оқыту тиімділігі – озық технологияларда”. // Қазақстан мектебі. № 7. 2005 ж. 16-17 б.
11. Б.М. Камзина. “Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шарттары”. // Валеология. № 3. 2006 ж.
12. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. / Егемен Қазақстан, 2007 ж.
13. Қазақстан -2030. / Егемен Қазақстан. 11 қазан, 1997 ж.
14. Карвасарский Б.Д. Психотерапия. Питер, 2001
15. Божович Л.И. Проблемы формирования личности. М., Воронеж, 1995
16. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М.: Высшая школа, 1991
17. Грин А.А. Зоопарк творческих задач.//Школьные технологии 2000 г.
18. Гузеев В.В. Образовательная технология: от приема до философии. М.: Сентябрь, 1996. С.112.
19. Джакупов М.С.Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. – Алматы, 2002
20. Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Как помочь особенному ребенку. СПб.: 2001
21. Кларин М.В. Интерактивное обучение – инструмент освоения нового опыта// Магистр. 1999. С.85-95
22. Шоманбаева А.О., Кабылбекова З.Б. Теория и практика инновационных технологий. Шымкент, 2004
23. Нестеренко А.А Страна загадок //Школьные технологии, 2000г №5.
24. Подласый И.П. Педагогика: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений, - М.:, 1996
25. Полянский В.С.Теоретические основы психолого-педагогического сопровождения обучаемых.// Инновации в образовании. 2001, № 3
26. Смолкин А.М. Методы активного обучения. – М.: Высшая школа, 1997
27. Автономова Н.С. Современная западная философия: Словарь – М., 1991.
28. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 7 маусым
29. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы / жоба // Қазақстан мұғалімі, 1996, №7.
30. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 1993, 5 ақпан
31. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 1991, 14 қараша
32. Қазақстан бастауыш білім мемлекеттік стандарты // Алматы, 1998ж
33. Сардарова Ж. Оқыту әдістемесіндегі мәселелер. // Бастауыш мектеп, 1999, №8-9, 7-8 беттер
34. Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
35. Гоноблин Ф.Н. Книга об учителе // Мәскеу, Просвещение, 1965, 260-бет
36. Кузьмина Н.В. Психологическая структура деятельности учителя и формирование его личности // Ленинград, ЛГУ, 1967, 183-бет
37. Кудайкулов М.А. Дидактичесик проблемы формирования основ профессионально-методических умений у будущего учителя, Киев, 1977.Айтмамбетова Б.Р. Педагогика курсының лекциялары // Алматы, 1991 Луначарский О воспитании и образовании // Мәсеку, Педагогика, 1976.Андреев И.Д. Научная теория и методы познания // Мәскеу, Знание, 1975.
38. Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе // Мәскеу, Прсвещение, 1985, 208-бет
39. Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалары // Алматы, Жазушы, 1989.
40. Психолого-педагогический словарь для учителей и руководителей общеобразовательных учережденй, Ростов на Дону, 1998, 544-бет
41. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар // Алматы, 1955, 414-бет
42. Душков Б.А. Индустрально-педагогическая психология // Мәскеу, Просвещение, 1981, 208-бет
43. Аманкелдиев Ә. Педагогикаға да технология қажет // Зерде, 1994, №5 44.Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе // Мәскеу, Просвещение, 1977, 240-бет
45. Беспалько В.П. Основы теории педагогических систем // Воронеж, 1977, 304-бет
46.Баймұқанов Г. Оқушы шығармашылығын дамыту // Бастауыш мектеп, 1999, №8-9

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тілеулиева Ләззат

Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық
процестерін қалыптастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050103- Педагогика және психология

Түркістан 2011
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қорғауға жіберілді
Жалпы психология
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор____________ Б.А.Оспанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің
танымдық процестерін қалыптастыру

050103- Педагогика және психология

Орындаған:
Тілеулиева Л

Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.к., доцент
Садуова Ж.Н.

Түркістан 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

1. БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... 8

1.1 Инновация ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму
сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік
және отандық ғалымдардың 8
пікірлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
1.2 Иинновациялық технологияларды қолдануда танымдық процестерді
қалыптастырудың мәні және мазмұны, 19
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ...
1.3 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің
танымдық процестерін қалыптастыру моделі, өлшемдері мен деңгейлері

2. БӨЛІМ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕЛЕРІ 28
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.1 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің 28
танымдық процестерін қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ...
2.2 Жаңаша оқыту жағдайында студенттердің танымдық процестерін
қаыптастыру 57
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
2.3 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің 66
танымдық процестерін қалыптастыру бағытындағы эксперимент нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 71
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..


КІРІСПЕ

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Өмірімізде болып жатқан
түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай
бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық
ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде
жүруіне жол ашу ерекше орын алады.
Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас,
жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.Тиімді оқыту жолдарын бүкіл
әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен
психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде практика жүзінде оқытуды
ізгілендіру, демократияландыру бағытындағы әдіс-тәсілдер көптеп
қолданылады. Себебі біздің қоғамымызға заман талабына сәйкес қалыптан тыс
ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, білімді, белсенді,
шығармашылықпен жұмыс істей білетін азаматтар қажет-ақ.
Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен
адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа
бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман, -
деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды
тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында
тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын
қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат
болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны тиімді
пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Студент қабілеті дегеніміз
оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта
оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
Қазақстан-2030 атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең
негізділерінің бірі - жоғары интеллектуальды жастарды жан-жақтылыққа
тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан
ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда
жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып
табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана
білуіне назар аударған жөн.
Тұлғаның шығармашылық бағдарын, ізденімпаздығын, өзіндік іс-әрекетін
жетілдіруде оқытудың жаңаша әдістері мен инновациялық процестерді дамыту
мәселелері бойынша еліміздің дидакт-ғалымдары: А.Е.Әбілқасымова,
Р.С.Омарова, Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, А.А.Бейсенбаева, И.Н.Нұғыманов,
т.б. арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп студенттердің болашақтағы кәсіби
өсуіндегі акмеологиялық бағдарын қалыптастыруды негіздейді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында студенттерді кәсіби
даярлаудағы маңызды мәселелер ғалым-педагогтарымыздың ғылыми зерттеулерінде
талданған (Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Саипов, А.А.Жолдасбеков, Б.А.Оспанова,
К.М.Беркінбаев, Қ.Ералин, М.Ә.құдайқұлов т.б.). Ал жеке тұлғаның дамуындағы
ақыл-ой әрекеті, зерттеушілік мәдениетін сауықтыру шаралары арқылы дене
мәдениетін қалыптастыруды сабақтастықта зерделеу Ж.К.Оналбек,
Б.Ә.Нұрлыбекова, Б.А.Тойлыбаев, А.Қарақов т.б. еңбектерінде және зерттеу
мәселесінің тарихи дамуын сараптауда маңызы бар.
Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық,
психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру
қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің
ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі.
Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді
қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Инновациялық технологияларға
жалпы сипаттама беру, студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру және
оны оқу үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың
ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:
- инновациялық технологиялары жөніндегі отандық, шетелдік, Ресейлік
теориялық-әдістемелік материалдарға талдау жасау;
- инновациялық технологиялардың мәні мен мазмұнын негіздей отырып,
студенттердің танымдық процестерін қалыптастырудың моделін жасау.
- студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру әдістемесінің
тиімділігін эксперимент жағдайында дәйектеу және әдістемелік
ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі. жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды
кәсіби даярлау үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні. Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды
қолдану және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының болжамы. егер, инновациялық технологияларды оқыту
дерісінде тиімді және орынды қолданған жағдайда студенттердің жан-жақты әрі
үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады және студенттердің танымдық
процестерін қалыптастыруға деген ұмтылысы, қызығушылығы артады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып Э.
Брансуиктің теориясы, Б.Д. Эльконин мен М. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі,
В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдарын қолдану технологиясы, Ш.А. Амонашвилидің
білім беруді ізгілендіру технологиясы, Ж, Қараевтің деңгейлеп оқыту
технологиясы, С.Н. Лысенкованың перспективалық жеделдете оқыту
технологиясы, В.Т. Кабуштың тәрбиені ізгілендіру технологиясы, П.И.
Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, С. Микулстің
Ақыл-ой Одиссеясы технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы технологиясы,
көркемөнер туындыларын көру арқылы студенттің жеке басын дамыту
технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, іскерлік ойындардың жүргізілу
технологиясы, оқытудың интерактивті әдістері сияқты құнды еңбектер
табылады.
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу жұмысымыздың
мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін технология
ұғымына жан-жақты түсінік берілді, оқытудың инновациялық технологиялары,
студентердің танымдық процестері, инновациялық технологиялар түрлеріне
талдау қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы.
Технология ұғымына, оқытудың инновациялық технологияларына, студенттердің
танымдық процестеріне, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану
ерекшеліктеріне тұңғыш рет сараланып нәтижелі жинақталуына қол жеткізілді.
Оқытудың инновациялық технологиялары ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан
сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.
Зерттеу жұмысының базасы. Этнопедагогика колледжі, Яссы колледжі,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ университеті.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы
кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында сызбалар,
кестелер, диаграммалар көрсетілген.

1. БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инновация ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму
сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік және
отандық ғалымдардың пікірлері

ХХІ ғасырда еркін білім беру, адамның шығармашылық ойлауын дамыту
негізгі мәселе болып отыр. Осы идеялардан оқытудың және тәрбиелеудің
инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда.
Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы
бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда
ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің
тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл
үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті
деңгейдегі білімді қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық
әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің
маңызы зор.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал
білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда
болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр.
Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса
оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.
XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе
жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі.
Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық
меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: “Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар
даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық
технологияларды жетілдіру болып табылады”,- деп атап көрсетілген.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік
білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді 1.
Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз
ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының
әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді
талап етіп отыр 2.
Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және
сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер
жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушылардың оқу-
танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал
бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін
жаңашаландыру оқушылардың оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі
еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы
оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен
әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты
болады.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан
орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет
етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа
технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда
шетел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді.
В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз –тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық
жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” –
деген тұжырымдама берді 3.
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны
өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік
ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту
үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен
оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде
анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну
кілті бола алады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің
бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін
емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты
өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту
әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін
сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын
тигізуде.
“Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың
зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне
енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін
сақталған.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
“Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс:
“Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге
асуын, шешімдерін күтеміз” дейді 4 .
Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген
термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп
көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.
Инновация - in-noves деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда
жаңалық, жаңарту, өзгерту деген мағына береді.
Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалық деп 3 нәрсені айтады:
1. бұрын еш жерде, ешқашан қолданылмаған идеялар
2. бұрын болған, бірақ жаңа жағдайға бейімделген идеялар
3. бұрыннан бар, тек мақсаты өзгерген идеялар

1-сызба. Педагогикалық жаңалық (Э. Брансуик бойынша)

Қазіргі кезеңде білім беру саласында төмендегідей жаңалықтар бар:
І. Ұйымдастырудағы жаңалық
ІІ. Технологиялардағы жаңалық
ІІІ. Оқулықтар мен бағдарламалардағы жаңалық

2-сызба. Білім беру саласындағы жаңалықтар

Осы жаңалықтарға сәйкес технология, оқыту технологиясы, білім
беру технологиясы, педагогикалық технология, жаңа педагогикалық
технология, оқытудың инновациялық технологиялары терминдері
қолданылуда.
Мысалы, Оқыту технологиясы термині ең алғаш рет АҚШта қолданылды.
Педагогикалық технология 1960 жылдан бастап қолданыла бастады.
Технология, Оқыту технологиясы, Педагогикалық технология терминдеріне
әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Мысалы:
Скиннер: Оқыту технологиясы – психология жетістіктерін педагогикалық
практикада қолдану.

В. Беспалько: Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
В.М. Монахов: Педагогикалық технология – оқыту процесін жобалау,
ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз –
жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық
енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны
ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны,
оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз”
делінген.
Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен
энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді:
“Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық
және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р.Масырова
мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың
тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол
қандай инновация” делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша
“инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің
шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып
табылады 5.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші
жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті
мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты
шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.
” Масырова Р., Линчевская Т – “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп
түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі
ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде
кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы
белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың
көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру
жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар
едік.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік.
Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған,
жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан
таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде
әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең
тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін
емес.Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау
мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа
беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда
“Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз 4.
Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-
XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин
кездеспейді.Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен,
бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және
Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес,
сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен
өзгеріс” деп түсінеді.
Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір
идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не
бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді.
Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың
еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым
Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз –
білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда
көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта
жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-
бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен
байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .
“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника
салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру,
жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа,
жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің
негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту
материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға
шығады.
Техника терминінің сөздікте 2 мағынасы беріледі:
1. өндіріс құралдарының жиынтығы
2. бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы
Технология - сол тәсілдер жүйесі деген мағына береді.
Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде
бағалайды, әрбір оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп,
ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне оқушының іс-
әрекетін бақылау жатады.
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап
көрсеткен:
1. Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы
ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала –субъект”, “бала-объект” тұрғысынан
енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы
мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
2. Ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық
байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
3. Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
4. Деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері
шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық
қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;
5. Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін
игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігн арттырады;

Жаңа инновациялық технология жасаудың теориялық негіздерін зерттеп
дайындауды оқу процесі жөніндегі әртүрлі ойлар жүйесінің принциптері
негіздерін сын көзқараспен ұсынып, мәнін түсіндіруден бастаған жөн.
В.И.Андреевтің “Педагогикалық технология” туралы анықтамасында:
“Педагогикалық технология, соның ішінде оқыту технологиясы – бұл жобалау,
оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық заңдылықтары, мақсаты, принциптері,
мазмұны, формасы, әдісі мен құралдарын тәжірибеде қолдану, оның
тиімділігінің жоғары деңгейіне кепілдік беретін, соның ішінде келешекте оны
шығаруға, басылымға беруге ықпал ететін жүйе”.

В.И.Андреев бойынша педагогикалық жаңа технологияны төмендегі
көрсеткіштер анықтайды: 8.
1. Мақсаттылық (анықтылық, нақтылық мақсатты дидактикалық жүйеге
ауыстырылуы).
2. Тұжырымдылық (терең мазмұнды теорияға негіздеу).
3. Жүйелілік (оқытудың мақсаты, мазмұны, формасы, әдісі жағдайын
жобалау және бүтіндей жүйеде қолдану).
4. Диагностикалық (оқушының оқу іс-әрекеті нәтижесінің алғашқы аралық
және қорытынды бағасын сандық түрде емес, терең сапалы диагностикалық
мінездемесі).
5. Оқыту сапасының кепілдігі (оқу материалын қабылдау коэффициенті 0,7-
ден төмен болмау керек).
6. Жаңалығы (педагогика, психология, дидактиканың жетістіктерін,
қазіргі заманның идеяларын, бейне құралдарды, компьютерлік техниканы
қолдану).
В.П.Беспалько педагогикалық технологияның келесі элементтерін атап
көрсетті:
1. Оқыту мен тәрбиелеудің анық, бірізді педагогикалық, дидактикалық
мақсатын жасау.
2. Меңгеруге тиісті ақпараттың мазмұнын құрылымдау, кеңейту, тәртіпке
келтіру.
3. Оқыту мен тәрбиелеудің диагностикалық функциясын мүмкіндігінше
күшейту.
4. Дидактикалық технологиялық, соның ішінде оқыту мен бақылаудың
компьютерлік құралдарын кешенді пайдалану.
5. Оқыту сапасының жоғары деңгейінің кепілдігі.
Осыған байланысты педаогикалық технологияларды қолдану, жаңа білім
мазмұнын, инновациялық әдіс-тәсілдерді, жаңа оқу жоспары мен оқу
бағдарламаларын ендірудің тиімді құралы болып отыр

Педагогикалық технологияны П.К. Селевко 6- ға бөледі:
1. Қолдану деңгейіне қарай
2. Философиялық негізіне қарай
3. Психикалық дамудың жетекші факторына қарай
4. Ғылыми тұжырымдамасына қарай
5. Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай
6. Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай
Ал жалпы инновацияны үш түрге 6 бөлуге болады:
1. Модификациялық инновация
2. Комбинаторлық инновация
3. Радикалдық инновация
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек
конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі
әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін
қалыптастырады.


Педагогикалық технология

Қолдану деңгейіне қарай

Дамыта оқыту В.Ф.Шаталовтың
технологиясы технологиясы









Мәні Білім, ептілік, дағдыны Баланың өзін-өзі субьект
меңгерту ретінде өзгертуі
Мақсаты Білім, ептілік, дағдыны Әрбір оқушыға оқып-тану
игерту үдісінің өзіндік өзгеретін
субьектісі ретінде дамуға
жағдай жасау
Дамытудың негізгі Білім, ептілік, дағдының Соған қоса маңызды
факторы дәрежелері психикалық қызметтерді,
ақыл-ой жұмысының
тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу
үрдісі
Мұғалімнің ролі Дайын білімді Танымдық іс-әрекетті
түсіндіруші, бақылаушы, ұйымдастырушы, ұжымдық
бағалаушы, тәртіпті істердің ұйытқысы, кеңесші
қадағалаушы, білім
насихатшысы
Педагогтың негізгі Мен сияқты істе Ойлап істе
талабы
Педагог қызметі Білім беру Адамды “өсіруші”
Әрекеттестік стилі Авторитарлы Демократиялы
Мұғалім мен Монологты (мұғалім Диалогты
оқушының өзара жағынан)
қарым-қатынастық
стилі
Оқытудың басым Мәліметтілік Ізденісті-зерттеушілік
әдісі
Сабақты ұйымдастыруФронтальді, топтық Жекебастық, топтық
түрі (формасы)
Мазмұнның негізі Адамның кейбір саладағы Дамыту үрдісіндегі
іс-әрекеттерін оқушылардың игеретін
құрастырудың жалпылама іс-әрекеттері қалыптастыру
ұстанымдарына сүйеніп, ұстанымдарын анықтайтын
анықталған мәселелерді ғылыми түсініктер
шешудің дайын әдістері
Әдіс-тәсілдер Көрсету-түсіндіру-жаттықтОқу мақсаттарының қойылуы,
ыру-бақылау-бағалау ізденушілік-зерттеушілік
әрекеті,табылған шешімді
дәлелдеу, шешімді тексеру
Әрекеттестік түрі Басқарушы мен бағынушы Іскерлік-сәріктестік,
ынтымақтастық
Әрекеттестіктегі Мұғалім-жетектеуші, оқушыҚызметтер бөлінбейді,
қызметтер -орындаушы бірлескен ізденіс
Педагогтың Өте аз Салыстырмалы
материалды
түсіндіруге кеткен
уақыты мен
салыстырғандағы
оқушының өзіндік
жұмысының уақыты
Оқушы позициясы Қызығу аз, пассивті Қызығу бар,а ктивті,
ынталы, шабытты
Оқуға деген мотив Эпизодты түрде туындайды Әрқашан және мақсатты
туындайды
Сабақтағы жанға Кей кезде пайда болады Әрдайым және мақсатты
жайлы сәттер бағытталған

Профессор Б.Д. Элькониннің пікірі бойынша, “дамыта оқыту жүйесімен
білім алу балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің
жаңа тәсілді игергендігі көзге түседі, яғни, дүние және адамтану үрдісі
баланы сол үрдіспен толық шұғылдануға және қызығу таныту жағдаятында пайда
болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайлар, жаңашыл міндеттер туа бастайды,
соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни, дамыта
оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың
(түзудің, білім берудің) жүйесін қалыптастыру”.
В.С.Лазарев (Ресей білім беру жетекшілерінің Жоғары мектеп ректоры)
ойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін жан-жақты
типті мектеп қажет, сондықтан педагогтарды ғана дайындамай басқарушыларды
да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруші Ю.В.Громовтың
(Мәскеудің білім беру комитетіндегі эксперименталдық және инновациялық іс-
әрекеттер орталығының директоры, В.В.Давыдовтың оқушысы) пікірінше, бөлек
сыныптарға ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А.Б.Воронцовтың (“Дамыта оқыту” халықаралық ассоциациясы басқармасының
төрағасы) пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы
өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай
мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-жерлерде ынталы
жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Харьков т.б.
қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Занковтың оқыту жүйесі оқу-тәрбие
үрдісінде қолданылып жүр.
Дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық,
ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға
іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен
қажеттілікке негізделген “еркін тәрбие” мектептеріндегі білім беру үрдісі
оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың
механикалық есте сақтау қызметі жөнді дамымайды және кейбір қажетті
дағдылар мен ебедейліктер игерілмейді деген астарлы пікір бар. Сондықтан,
болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту элементтері мен балама оқыту
әдістемеліктерінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырылмайтын
мәселе-қайсысынан қандай элементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай
қатынаста құрастырылғандығы.
Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарына
негізделген, сыныптық-сабақтық ұстанымды сақтайтын, бірақ үнемі
өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және
психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
Оқушы тұлғасына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы
бойынша ұстанымдар жүйесі:
1. Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеруге
оқушының қызығуын тудыру.
2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісі
оқушының өзіне берілген тапсырманы орындау барысында оны шешуге қабілеті,
білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны
тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.
3. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының
“жеңістік жағдаятын” алдын-ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз
күштерімен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін
жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде
сезінеді.
4. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның
еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
5. “Сырттағы ” білімді “іштегі” білімге алмастыруға арналған іс-
әрекеттер тізбектерін алдын-ала болжау қажет. Бұл нәтижеге топтық талдау
пікір-таластар және т.б. жеткізеді.
6. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім
тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында өзі
жетуі керек.
Сонымен, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің
бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру
стандарты бойынша игеру жүйесін) жетілдіру;
- оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру
әрекеттері мен танымдық қабілеттерін белсендіру;
- оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
- белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын,
серіктестігін ұйымдастыру;
- көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін
ұйымдастыру;
- оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді
(стандартқа сәйкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
- дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар,
зейін, ес, ойлау және т.б. дамыту жаттығулары).
В.Ф. Шаталовтың технологиясы
Принципі: Үздіксіз қайталау, кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша
оқыту, тірек сигналдарын пайдалану, әрекет негізіне бағыттау.
- Жекелей әрекет жасау
- Ізгіліктілік
- Күш түсірмей оқыту
- Түзету, жетістікке жетелеу
- Жетістіктің жариялылығы
- Тәрбие мен оқытуды байланыстыру
Мақсаты:
1. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру
2. Жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту
3. Жеделдете оқыту
Мазмұндық ерекшелігі:
1. Материалдар ірілендіріліп беріледі
2. Оқу материалы тірек сызбасы арқылы беріледі
3. Берілетін ақпаратты айқын бейнелейтін тірек конспектісі
Технологиясы:
1. Теориялық блок
2. Практикалық блок
Бақылау, бағалау:
Бағалау кезеңдер бойынша жүргізіледі, яғни, өзіндік бақылау, кезеңдік
бақылау, жазбаша бақылау, кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мәні: Еріктілікке, еңбексүйгіштікке, өз күшіне сенуге,
қабілеттілікке, жауапкершілікке, адалдыққа, жолдастыққа тәрбиелеу
В.Т. Кабуш технологиясы тәрбиеленуді ізгілендіру жүйесі
Мақсаты:
1. Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру қабілетін, қызығушылығын дамыту,
өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру
2. Адам + қоғам мүшесі + тұлға -- азамат тізбегін жүзеге асыру
3. Азаматтық тәрбиені, әлем мәдениетін, құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Тұжырымның негізі:
1. Тәрбиенің ізгіліктік жүйесі
2. Тәрбиенің адамгершіліктік және демократиялық сипаты
3. Тәрбиенің мақсаты - оқушылар қызметі – ізгіліктік қызметті жүзеге
асыру
4. Ынтымақтастық- еңбектестік-серіктестік – достық
Мазмұн ерекшелігі:
1 . Жанұялық тәрбие
2. Жалпыадамдық мораль және мәдениетке тәрбиелеу
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
4. Өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату
5. Азаматтық және ұлттық, әлеуметтік мәдениетке жетелеу
6. Өмірге қабілеттендіру
Әдістемелік ерекшелігі:
1. Тәрбие негізгі роль атқарады
2. Балаған сенімділікпен қарау
3. Күштеусіз, зорлықсыз тәрбиелеу
4. Еркіндік
5. Шығармашылыққа жетелеу
6. Ізгілікті ойлауға үйрету
Ұжымдық оқыту технологиясы
Мақсаты: Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымдық
қабілетін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға,
байқампаздыққа жетелеу.
Ерекшелігі:
1. Жекелей
2. Жұптық
3. Топтық
4. Ұжымдық
Оқушы – оқушы
Оқушы-оқытушы
Оқушы үйретуші
Талабы:
- Әр оқушы еңбегін пайдалану
- Өзінің ғана емес басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау
- Өзі оқи отырып, өзгені оқыту
- Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту
Технологияның кезеңдері:
1. Тапсырманы даярлау кезеңі
Берілген тапсырмамен танысу, бөлімдерге бөлу, бөлімдерге ат қою,
жоспар құру, мәтін мазмұнын меңгерту, тексеру сұрақтарын даярлау
2. Тапсырманы екінші оқушыға түсіндіру кезеңі
Тақырыптың мақсаты, жоспармен таныстыру, мазмұнын түсіндіру, бақылау
сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу
3. Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу,
түсінгенін баяндау
Тәрбиелік мәні: Өзін-өзі басқару, өзіне-өзі қызмет ету, жауапкершілік,
басқаның еңбегін бағалау, ұқыптылық, белсенділік, адалдық, байқампаздық,
зейінділік, ынтымақтастық, ұжымдық.
Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы
Мақсаты: Талап етуден қарым-қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік
тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігін іске асыру
Ерекшелігі: Мұғалім де оқушы да субьект болады, басымдылық
көрсетілмейді, бірлікте қызмет етеді, өзара ынтымақтастық орнайды.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы
Ш.А. Амонашвили бойынша
Мақсаты: Баланың жеке қасиетін дамыта отырып, азамат етіп тәрбиелеу,
танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге
жағдай жасау
Ерекшелігі:
1. Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады
2. Бала психикасы дамиды, есею және еркіндікке құштарлығын
қалыптастыру
3. Әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау
4. Рухани жетілдіру
5. Ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау
6. Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу
7. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі
С.Н. Лысенкованың технологиясытірек сигналдарын пайдалана отырып
перспективалық – жеделдете оқыту
Мақсаты: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру, стандартқа бағыттау,
оқушылардың барлығын табысты оқыту
Ерекшелігі:
1. Педагогикалық ынтымақтастық
2. Тұлғалық қарым-қатынас
3. Оқу материалы мазмұнының жүйелілігі
4. Материалдардың сабақтастығы
5. Саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі
6. Білетін оқушы арқылы білмейтін оқушыны оқыту
7. Түсінбегенін түсіндіру
Әдістемелік ерекшелігі:
- Үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік жұмыс
орындауы үшін тиімділігіне қарай беріледі.
- Ережелерді түсінбей жаттауға жол бермеу
- Ата-аналардың өзара әрекет жасауы
- Оқу жылдарының аралық байланысы
- Мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі
Тәрбиелік мәні: Мейірімділік, өзара көмек, ұйымшылдық, табысқа жетуге
ұмтылу, толық дербестік
Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы
Дайындық кезеңі:
1. Ойынды дайындау
(сценарий дайындау, жоспар құру, жалпы сипаттау, мазмұнын
меңгеру, материалмен қамтамасыз ету)
2. Ойынға кіріспе
(проблемалық мақсат қою, шарттарын білу, топ құру, рольдерді бөлісу,
регламент белгілеу, жалпы түсінік беру, консультация беру.
Ойынды жүргізу кезеңі:
1. Топтық жұмыс
(әдебиеттермен жұмыс, трениниг, ойлану, ойыншылармен жұмыс)
2. Топаралық жұмыс, пікірталас
(топтардың жұмыстарын баяндауы, нәтижені қорғау, пікірталас, туғызу)
Талдау және қорытындылау кезеңі:
Ойынға қорытынды жасау
(талдау, рефлекция, баға және өзіндік баға қорытындылау, жинақтау,
ұсыныстар беру)
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
ДБІ
ДБІ технологиясын 1964-1996жж. академик П.И. Эрдниев жасаған.
Бұл технологияны академиктер В. Журавлев, А. Маркушевич ғасыр идеясы
деп атаған.
Қазақстанда 1997ж. бастап қолданылады.
Мақсаты: Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін
өзі дамытудың басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін
тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.
Ерекшелігі:
1. Өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде
қарастыру
2. Есеп шығару, құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету
3. Тура есепті кері есепке айналдыру
4. Жүйелі де тиянақты білім беру
Әдістемесі:
1. Бір мезгілде тура және кері амалдарды меңгеру
2. Өзара қарама-қайшы ұғымдарды салыстыру
3. Тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру
4. Амалдардың орындалу тәртібін реттеу
Мазмұны:
І. Қарама-қарсы ұғымдарды қатар оқыту
ІІ. Тура есепке кері есеп ойлап табу
ІІІ. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану

Көркемөнер туындыларын көру арқылы баланың жеке басын дамыту технологиясы
VTS
VTS – Алматы, Шымкент қалаларында Сорос-Қазақстан қорының
демеушілігімен 1996ж. бастап қолданылады.
Бұл технологияны Нью-Йорк қаласы Арт Корпорациясының метрополитен
музей мамандары және американдық психологтар жасады.
VTS - әсемдікті, әдемілікті түсіне білуді үйретеді. Өнер туындыларына
қарай отырып, бірін-бірі тыңдайды, әркім өз ойын әңгімелейді.
VTS- суретпен жұмыс жасау.
Ақыл-ой Одиссеясы технологиясы
Бұл технология 1978ж. Американың Нью-Джерси штатында ең алғаш
қолданылды. Бұл технологияның негізін қалаған Самуэль Миклус болды.
1978ж. РОУАН колледжінде 28 мектеп түрлі шығармашылық тапсырмалар
шешуден жарысқа түседі.
Қазақстанда 1992 жылдан бастап қолданылады. Бұл технология 2 бөлімнен
тұрады:
1. Лезде шешілетін тапсырмалар
2. Ұзақ мерзімді тапсырмалар
Лезде шешілетін тапсырмалар 3-ке бөлінеді:
а) Тілдік
б) Манипуляциялық
в) Аралас
Мысалы: тек саусақтың көмегімен әр түрлі дыбыстар шығар.
500 теңгемен сөйлес
Ұзақ мерзімді тапсырмалар
Орталықтан тапсырманы орындауға ниет білдірген соң, арнайы ережелер
мен тапсырмалар жіберіледі. Тапсырмалар 5 түрлі тақырыптарды қамтиды:
1. Экология
2. Экономика
3. Өнер
4. Техника
5. Білім және тәрбие
7 адамнан тұратын команда 8 минуттық көрініс дайындайды.
Ақыл- ой Одиссеясы технологиясында баланың шығармашылықпен ойлауын
дамыту үшін түрлі ойындар қолданылады. Мысалы, Жаман-жақсы, Жағымсыз
нәрсенің пайдасы, Ол не? және т.б.
И.П. Волков технологиясы
Игорь Павлович Волков Цель одна – дорог много, Много ли в школе
талантов? деген еңбектерінде өз технологиясын ұсынады:
1. Оқушыларды шығармашылық жұмыстармен қамтамасыз ету, оқушы санасы
мен қабілетін дамыту
2. Бейнелеу өнерін саналы да сауатты игеру
Шоғырландырып қарқынды оқыту
ШҚО авторы Қасымбай Әбдіғалиев (мектеп-гимназия директоры) Жамбыл
облысы, Шу қаласы:
ШҚО мәні:
1. Білім философиясы
2. Білім мазмұны
3. Дамудың философиялық және психологиялық заңдары
4. Уақыт факторы
5. Ұстаз бен оқушының орны
6. Мақсат қою
7. Құрал, әдіс, тәсіл
8. Қолдану ережелері
9. Таным үрдісі
10. Нәтиже
Деңгейлік оқыту технологиясы
Оқушы қызметін белсендендіру негізінде педагогикалық технологиялардың
бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын.
Деңгейлік оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму
деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлік оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлік-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген
деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейлік оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін
күнделікті сабақта қолдану барысында мына жағдайларға көңіл бөлген жөн:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелілігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс
жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша
деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол
оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім
саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның
тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік
тапсырма беру.
Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының өзіндік ықпалы
зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.
Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы
өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Педагогика ғылымдарының
доктор профессоры Ж.Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген:
1) репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған
білімдеріне және оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей - мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей - оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді
қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей - оқушының таза өзіндік шығармашылығын
байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен
меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Сабақта тарау
бойынша топқа бөліп, әр топқа ақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар
беріледі.
Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы
тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсыруға болады.
Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды. Мұндағы ең басты мақсат
мынау:
1) оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өз бетінше ізденеді.
2) әр түрлі басылым мен анықтамаларды қарайды, олармен өздігінен жұмыс
істеуді үйренеді.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап
оқытудың тиімді жақтары:
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы
белсендігін оятады.
2) оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, ұстамдылыққа
тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекет ретінде
өзінің даму жолдарын айқындау үстінде. Қазақстан халықтың ұлттық-мәдени
сұраныстарын, даму қажеттіліктерін есепке ала отырып, білім беру саласына
қатысты талаптар мен сұрақтарды өздігінен шешуге мүмкіндік алды.
Білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі оқытудың жаңа
технологиясын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
коммуникациялық глобальды жүйеге шығу болып табылады. Нәтижесінде, уақыт
пен қоғам талабын жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған жаңа оқыту
инновациялық технологиясын іздестіру мен тәжірибеге ендіру кеңінен өріс
алды.
Жаңа оқыту технологиясы, яғни, инновациялық технология, бұл-саналы
түрде ұйымдастырылатын оқыту процесінің проекцияланған түрі. Оқытудың
инновациялық технологиясы, атап айтсақ, альтернативті әдістемелерге,
бағдарламаларға, бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдануды түсіндіреді.
Отандық өнегелік-рухани білім беру әдістемесін құру және оқыту
процесіне ендіру, білім беру саласына жаңа көзқарас, адамгершілік-рухани,
өнегелі ағарту әдістемесі оқытудың инновациялық технологиясын кеңінен
қолдану болып табылады.

Интерактивті оқыту технологиясы

Inter - аралық, act - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру жайлы
Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Касіптік білім беру
Іскерлік ойындар технологиясы
Оқыту технологиясы мен әдістері
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Модульдік оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Пәндер