Кооперацияның ғылыми негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 КООПЕРАЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 5

1. 1 Кооперативтік қозғалысты құру мен даму тарихы . . . 5

1. 2 Шаруашылық қызметтегі кооперацияның мәні және даму ерекшеліктері . . 11

1. 3 Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру . . . 17

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРДІҢ ДАМУЫ . . . 24

2. 1 Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтегі басқару және ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы . . . 24

2. 2 Қазақстандағы өндірістік кооператив жағдайы («Бостан» өндірістік кооператив мысалында) . . . 31

2. 3 «Бостан» өндірістік кооперативінің тиімділігін талдау . . . 44

3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНДЕ КООПЕРАЦИЯНЫ ДАМЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ . . . 53

3. 1 Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтердің шетелдік тәжірибесі және оларды мемлекеттік қолдау . . . 53

3. 2 Ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияның даму перспективасы … . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: саясаттық және әлеуметтік-экономикалық сфералардағы кординалды өзгерістермен байланысты қазіргі қоғамның өмір сүру шарттары шаруашылықтың жаңа формалары мен типтерін ендіруді талап етеді. Бұл міндет ҚР «Қазақстан-2030» негізгі стратегиялық құжатында да актуалды болып табылады.

«Ауыл шаруашылығында дамыған кооперативтік қозғалысының жоқтығы көптеген шаруашылық-экономикалық міндеттерді шешуге; шаруаны коммерциялық банктерден, мемлекеттің өзінен қорғауға; өнімді өткізу, қамту, сақтау, қайта құру және сатуды тузетуге мүмкіндік бермейді», - деген Никонов А. А. Көпқырлы драма спиралі: Ресейдің аграрлы саясаты және ғылым (ХІХ - ХХ ғғ. ) . Автордың пікірінше «1989 ж. тұған кооперация ауылшаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырмай, тез коммерциялық қызметке кетіп қалды және өзінің спекулятивтік жақтарымен кооперация туралы адамдардың жаман ойларын тұғызды». Бірақ, тек қана кооперация екі бастаманы біріктіре алады: таңдауға еркіндік беретін өндірушінің меншігі; техникалық және экономикалық артықшылықтары бар өндіріс көлемдері және нарықтағы экономикалық көлемі», - деп аяқтады Никонов А. А.

Бірақ кооперацияны құру оңай емес екенін ол түсінеді. Әр ірі және кең қозғалыс сияқты бұл тез орындалмайтын іс. Бұл істі «Кооперация туралы» заң құру арқылы бастайды.

Кооперацияның дамуы қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді; шығаратын және сататын тауарлар көлемін ұлғайтады; сөйтіп жұртшылықтың табыс табуын ұлғайтуға әкеледі; Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуына жағдай тұғызып, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартады.

Осы жұмыс аталған деректердің негізінде жазылды. Мақсаты - ауылшаруашылық кооперацияны, оның негізгі мәселелерін зерттеу және аталған қиыншылықтарды шешу жолдары, экономикалық реформалар уақытында кооперацияны дамытуды талдау болды.

Осы мақсаттарда жұмыста: 1) Кооперацияның ғылыми негіздері және ауылшаруашылығындағы ерекшеліктері қарастырылған. Оның ішінде: кооперативтік қозғалысты құру мен даму тарихы, шаруашылық қызметтегі кооперацияның мәні және даму ерекшеліктері, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру қарастырылады. 2) ҚР өндірістік кооперативтердің дамуы бөлімінде аыл шаруашылық өндірістік кооперативтегі басқару және ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы, Қазақстандағы өндірістік кооператив жағдайы («Бостан» өндірістік кооператив мысалында), «Бостан» өндірістік кооперативінің тиімділігін талдау. 3) Ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияны дамытуды, оның ішінде ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтердің шетелдік тәжірибесі және оларды мемлекеттік қолдау және ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияның даму перспективасы көрсетілген.

Зерттеу объектісі болып «Бостан» өндірістік кооперативі табылады. Жұмысты жазу барысында ғылыми-зерттеу және аналитикалық әдіс қолданды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 28 атаулы қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 10 кесте, 4 сурет келтірілген. Жұмыстың мазмұны 71 бетте жазылған.

1 КООПЕРАЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Кооперативтік қозғалысты құру мен даму тарихы

Қазіргі қоғамда өмірдің жағдайы саяси және әлеуметтік - экономикалық сферада күрт өзгерістермен түсіндіріледі, ол шаруашылық жаңа үлгілері мен түрлерін енгізуді талап етеді. Н. А Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» негізгі стратегиялық құжаты мен берілген мақсат приоритетті болып табылады, онда нарықтық шаруашылық жағдайында административті топтық жүйеден пайда болған мемлекеттік күтудің орынына әрбір азаматтың өзіндік құндылығы мен еңбектік ұжымдық жауапкершілік пен шаруашылық қызмет еркіндігі келу керек. Қазақстандық қоғамның берілген стратегиялық дамуына сәйкес, шаруашылықтың және меншіктің түрлі өмірлеріне негізделген нарықтық экономикалық интенсификация есебімен кооперация ролі жоғарлайды [5, 23] .

Кооперация пайда болу мен дамуы ұлттық шаруашылықтың басшылығын экономикалық административті әдістер орнына шаруашылық басқарудың механизмін радикалды жаңарту өз үлесін енгізуге тиісті. Кооперация тауарлар өңдеуде және қызметтерде адамдардың белсенділігін, инициативасын арттыруға қабілеті бар, өндіруші мен тұнынушы арасында дұрыс байланыстарды құру үшін тауарлық қатынастарды қамтамасыз етеді. Ол біздің экономикамызға адамдар қызығушылықтарына қажетті әлеуметтік бағыт береді.

Кооперация - бұл бөлек қатысушыларының материалдық құндылықтарына жету үшін жалпы шаруашылық мақсаттары бар бірнеше еркін физикалық тұлғалардың бірігуі. Өздерінің формасы бойынша бұл бірлестіктер демократиялық басқару формасымен кооперативтер меңгерушілері басқару шешімдерінде өздерінің қызметтері шектеулі [2, 12] .

Кооперация генезисі Қазақстанға ХІХ ғасыр 70 жылдар ортасына келді. Бұл массалық және қоғамдық - шаруашылық кәсіпорында бір уақытта болады, барлық қатысушылардың еркіндігі, тандау теңдігі принциптеріне құрылған. Кооперацияның 3 негізгі формалары - өндірістік, қаржылық, саудалақ кең қолданысқа ие. Қоғамының барлық қабаттары үшін қол жетерлік болған бірлестіктер болды. Өндірістік кооперативтер ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен өткізу, сатып алуды жүзеге асыру, ауыл шаруашылық құралдары үшін қол жетерлік арзан несиені алу мүмкіндігін береді, сонымен бірге кооперативтерді субсидиялау, өздерінің қатысушыларының сатып алу белсенділігін біріктірді және дамытты, табыстарды рационалды бөлуді ұйымдастырды.

Кооперациялық қозғалыстың және кооперациялық бизнестің ғылыми негіздері әртүрлі мемлекеттердің ғалымдарының көбісі, әсіресе кооперациялық теорияның негізін салушыларының аттары белгілі: Ф. Оуэн, Ш. Фурье, Ф. Райфайзен, И. Г. Чернышевский, М. Н. Туган-Барановский, т. б.

Кооперация теориясын және ұйымдастырушылық принциптерін әзірлеуге үлкен үлесін ХХ ғ. басындағы келесі орыс ғалымдары мен кооперативтік қызметшілері қосты: А. Н. Анцыферов, А. Н. Васильчиков, Н. П. Гибнер, Н. В. Крылов, А. В. Меркулов, С. Л. Маслов, К. А. Пажитнов, И. И. Попов, Л. М. Кинчук, А. И. Чупров және т. б.

Ауылшаруашылық кооперацияның ғылыми негіздеріне көптеген мемлекеттерде кең тараған және аграрлық секторларда кең қолданатын А. В. Чаяновтың, Н. Д. Кондратьевтің, Н. А. Рыбниковтың, Н. П. Макарованың, А. Н. Челищеваның еңбектері жатады.

Жалпы түрде кооперацияға өзінің шаруашылық қызығушылығын іске асыру үшін және жалпы мақсаттарға жету үшін ресурстарын үлестік негізде еркін біріктіретін барлық жеке және заңды тұлғалар кіреді.

Кооперативтік қозғалыстың алғашқы кезеңінде кооперативтерге әрқайсысы жеке және бірге мақсатқа жету үшін біріксе, нарықтық экономикада кооперативтер қызметі бизнес нысанына айналады, кәсіпкерлік мінезге ие болады [6, 31] .

Жалпы «пайда» немесе «қызығушылықты қанағаттандыратын» мақсат нақты экономикалық пайдаға, яғни нарықтық шаруашылықта нақты қабылданатын мақстақа - неғұрлым көп пайда табуға - айналады. Өзге жағдайда кооператив нарықтық бәсеке сферасына, яғни жалпы нарықтық қатынастарға кірмейді.

К. Маркс социализм кезінде келесі сөздерді айтқан: «Кооперациялық еңбек жалпы ұлттық масштабта және жалпы ұлттық қорлармен даму керек».

Кооперация мақсаттары мен міндеттері барлық жерде бірқалыпты: қызмет көрсету және өз мүшелерінің құқықтарын қорғау, олардың қызығушылықтарын қанағаттандыру, кооперативтік принциптерді еске алып жалпы экономикалық заңдармен және қоғам дамуының қозғаушы күштерімен сәйкес. Ең бірінші кооперативтік ұйымдар өзара кооперацияға, бірге иемденуге, еңбектің және экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бұлақтарының теңдігіне негізделген коммунистік теңдік ұйым үшін құралдарды жинақтауға ұмтылған.

Р. Оуэн бұл кооперативтердің уақытша жетістіктерін қарап, асығыс қорытындылар жасаған: темір ақша керек еместігі сияқты тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы қатынастағы делдардар және сатушылар керек емес, яғни нарықтық қатынастар да керек жоқ деген. Оған қарамастан саудаға бағытталған саудалық қызмет қоғамдағы барлық экономикалық қатынастар жүйесінің тұрақтылығы себебі болып табылады [7, 29] .

Кооперативтік қозғалыстың отаны болып Батыс Еуропа табылады. ХІХ ғ. ортасында Батыс-Еуропалық мемлкеттерде өнеркәсіптің дамуымен байланысты және қалалық тұрғындар санының өсуіне байланысты ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс өсті. Еуропалық континентте бірінші ауыл шаруашылық кредиттік кооперацияны құруға ХІХ ғ. 30 Ж. ортасындаШвеция оңтүстігінде ипотекалық ұйым нысанында несиелік серіктестік. Ауыл шаруашылық несиелік кооперация Германияда ең кең тараған, бұл қозғалысты еңдірген Ф. Райфайзен.

Нарыққа өнімнің және өндіріс құралдарының еркін шығуы және кең қажеттілігі өткен ғасырдың соңғы 10-жылдығында ауыл шаруашылық өткізім және қызмет көрсетуші кооперативтердің құрылуына әкелді, әсіресе Скандинавияда. 1880 ж. Швецияда ең бірінші сүт кооперативі ашылды (сары майды ағылшын нарығына шығару), екі жылдан кейін - Данияда ашылды. 1887 ж. Данияда Еуропалық континеттегі ең бірінші шошқа сою кооперативі ашылды. Шошқа еті бірінші күннен бастап сол ғасырдағы ең көлемді нарыққа.

ХІХ ғ. 80-90 жж. Кооперативтік ұйымдар континенттің барлық мемлекеттерінде тез тараған. ХХ ғ. басында сүт кооперативтері дами бастады. 1884 ж. Францияда бірінші ауыл шаруашылық синдикаттарын құру сатып алушы - қызмет көрсетуші кооперативтердің тұрақты дамуына әкеледі.

Кооперация бұл әріптестік және көптеген ұйымдастырушылық форма арқылы іске асырылатынын көрсетеді. Ауылшаруашылық кооперативтердің құрылымы мен әрекеттері «Ауылшаруашылық кооперация туралы» Заңға сәйкес анықталады. Ауылшаруашылық кооперация - бұл әр түрлі ауылшаруашылық кооперативтері және олардың одақтары, өздерінің экономикалық және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерден құрылған жүйесі. Ауылшаруашылық кооператив ұйымдық-құқықтық формадағы шаруашылықты еңгізуді көрсетеді. Бұл ұйым ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бірігіп өндіру үшін немесе басқада шаруашылық әрекеттерге құрылған. Ауылшаруашылық кооперативтің басқа кооперативтерден ерекшелігі, оның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен құрылымда «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер» түсінігі негізінен кооперативті ауыл шаруашылық статусына жатқызатын және жалпы өндірілетін өнім көлемін құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін Заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Ауылшаруашылық кооператив келесі қағидалар негізінде құрылып, қызмет етеді:

  • қатысушылар еркіндігі;
  • кооператив қатысушылары үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету және өзара көмек;
  • кооперативтің пайдасы мен шығындарын мүшелері арасында олардың жеке еңбекке қатысуы есебіне немесе кооперативтің шаруашылық қызметтке қатысуына қарай бөлуі;
  • кооператив мүшелері болып табылмайтын тұлғаларды шаруашылық қызметтері қатысуларын қысқарту;
  • кооператив мүшелерінің қауымдасқан үлестік жарналарын және мүшелердің қосымша үлестік жарналары бойынша дивидендтерді қысқарту;
  • кооперативтің әрекетін демократиялық басталымда басқару (бір мүше бір дауыс) ;
  • кооперативтің іс-әрекеті туралы ақпараттық барлық мүшелеріне ашықтығы.

Бұл қағидалар кооперацияның даму тарихының 150 жыл бұрын әлемдік тәжірибеде шығарылған болатын [6, 39] .

Кооператив мүшелері негізгі және қауымдастық болып бөлінеді кооперативтің негізгі мүшелері - кооперативке үлестік жарна салған және дауыс беруге құқылы заңды және (немесе) жеке тұлға. Кооперативтің қауымдастық мүшелері - үлестік жарна салған, дивиденд алатын, дауыс беруге құқығы жоқ заңды және (немесе) жеке тұлға. Кооперативтің негізгі мүшелері кооперативтік төлемдер алады - мүшелері арасында жеке еңбекке қатысуымен немесе кооперативтің шаруашылық қызметке қатысуына қарай кооператив мүшелерінің қосымша жарна бойынша төленетін пайда бөлігі. Сонымен қатар, өндірістік кооператив мүшелері, кооператив табыстарына және оның жеке еңбекке қатысуына қарай жалақы алады [2, 13] .

Үлестік жарналардың үш түрі бар:

  • міндетті
  • қосымша
  • қауымдасқан қатысушылар.

Міндетті үлестік жарна кооператив мүшелеріне міндетті тәртіпте дауыс беруге және шаруашылық қызметке қатысуға құқық береді. Қосымша үлестік жарна кооператив мүшелерінің таңдауы бойынша міндетті үстеме жарна береді. Қауымдасқан үлестік жарна мөлшері кооператив жарғысына сәйкес қауымдысқан мүшелері келесілген, оның бақыланатын кең есімен бекітілген келісім-шарт негізінде анықталады.

Ауыл шаруашылық кооперативтің өндірістік және тұтынушылық формасы бар. Ауыл шаруашылық кооперативі ауылшаруашылық өнімдердің өндірісі, қайта өнделуге және өткізілуі бойынша өз еркіндік қызмет үшін және де кооператив мүшелерінің жеке еңбек қатысуына негізделген заңмен тыйым салынбаған өзге де қызметтерді орындау үшін азаматтар құрады, ал заңды тұлғалар тек кооперативтің қауымдасқан мүшелері ғана бола алады. Өзге ерекшеліктері өндірістік кооператив мүшелерінің өз қызметіндегі жеке еңбек қатысуы болып табылады.

Өндірістік кооператив - бұл қызметінің негізгі мақсаты пайда табуды көздейтін коммерциялық ұйым болып табылады. Өндірістік кооперативтің келесідей түрлері болады: ауыл шаруашылық немесе балық аулау картель (колхоз), кооперативті шаруашылық (коопхоз) . Ауыл шаруашылық картель (колхоз) ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндіру және өткізу үшін азаматтардың еркінді мүлікті үлестік жарналарын ақша қаражаттары, жер учаскелері, жерлік және мүліктік үлестері және азаматтардың басқа да мүліктері түрінде қосып, өндіріс бойынша өз еркімен қызмет ету үшін құрылады.

Коопхоз шаруа (фермер) қожалықтарының және (немесе) азаматтардың басшыларымен құрылды. Олар өзара мал шаруашылық өнімдерін өндіру, жер жырту және басқа да ауыл шаруашылық өнімдермен байланысты жеке шаруашылық жүргізеді.

Өндірістік кооператив мүшелері 5 адамнан кем болмауы керек. Басқа жағдайда оны жоюға тура келеді. Ауыл шаруашылық тұтынушылық кооперативтің шаруашылық қызметі міндетті қатысу бойынша азаматтар және заңды тұлғалар құрады. Кооперативтің шаруашылық қызметіне қатысуы кооператив мүшелері өнімді шикізатты жеткізуді көздейді. Тұтынушылық кооператив - бұл коммерциялық емес ұйым. Олар қызметіне қарай бөлінеді: қайта оңдіруші, өткізуші жинақтаушы, несиелік және т. б. Тұтынушылық кооператив құрамында кем дегенде екі заңды тұлға немесе бес азамат кірсе ғана ол кооператив болып танылады. Осыған байланысты заңды тұлға жалпы жиналыста шешім қабылдауда бір дауыс беруге құқылы кооператив мүшесі болып табылады [19, 30] .

1. 2 Шаруашылық қызметтегі кооперацияның мәні және даму ерекшеліктері

Территориялық өзгерістерге қарамастан жүз жылдық тарихы бар кооперацияның дамуын да бірнеше кезеңдерге бөлуге болады, олардың әрқайсысы өзіндік белгілерімен ерекшелінеді.

Кооперативті қызметтің алғашқы даму кезеңі әр елде ХІХ ғасырдың аяғында алғашқы кооперациялық пайда болуымен байланысты. Бұл кооперативті ұйымдықтың қалыптасуы кезеңі, алғашқы қоғамдардың құрылуымен құлдырауы, олардың принциптерінің тәжірибеде қалыптасуы мен тексерілуі, мәселелерді шешудегі алғашқы қадамдар, әр елдерде идеологтардың, қозғалыстарды ұйымдастырудың және ұйымдастырудың аттарының шығу кезеңі болатын.

ХІХ ғасыр аяғымен ХХ ғасыр ауыл шаруашылық кооперативтің дамуының 2-ші кезеңін қамтиды. Бұл онжылдыққа кооперативті қозғалыстың процесі тән. Мемлекеттік кооперативтік бірлестіктер несиелендіру саласында ғана емес сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өндіру салаларында маңызды орын алады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін алғашқы кооперативті кәсіпорындар жұмыс істей бастады. ХХ ғасыр басында кооперативтер әлемдік азық - түлік рыногына кірді, онда маңызды рөлге ие болды. 1896 жылы халықаралық кооперативті альянстың қалыптасуымен тәжірибе алмасу және халықаралық кооперативті серіктестіктің дамуына әсерін тигізді.

Көптеген елдерде кооперативті заңдар қалыптасуда, әртүрлі деңгейде және қызмет бағыттарына қарай алғашқы «мысал ережелер» пайда болды. Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылық даму процесіне әлемдік экономикадағы 1929 - 1933 жылдардың кризистің барлық звеноларға әсер етуі және көптеген елдердегі мемлекеттің белсенді қолдауымен байланысты. 30 жылдардың 1-ші жартысында мемлекеттерде ауыл шаруашылық кооперациялардың ұлттық ұйымдастыру орталықтары құрылды. Скандинавия елдерінде, Голландияда. Германиядағы сүт шаруашылығы саласында, 30 жылдар аяғына қарай Францияда дәнді-дақыл кооперативтері тұтыну нарығында алдыңғы орындарды алған. Жекелеген елдерде бұл кезеңде кооперативтердің қызметін әртүрлі деңгейде реттейтін ережелер унификациясы жүрді.

Фермерлік кооперативтердің дамуының келесі маңызды кезеңі 50 жылдар ортасынан 70 жылдар аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Ғылыми техникалық процесстердің әсерінен кооперативтердің модернизациясы жүргізілді. Осы кезеңмен қатар кооперативті ұйымдарды қайта ұйымдастыру жүргізілді, яғни алғашқы ұсақ кооперативті қозғалыстар бірігіп үлкен кооперативтік салалар және аймақтық жоба негізінде құрылды. 70 жылдар ортасынан фермерлік кооперацияның дамуының жаңа кезеңі басталады. Бәсекелестік күшейе түсті. Жеңіске жетудің алғашқы шарты болып модернизацияланған бөлімдерде жаңа технологияларды пайдалану және инвестиция тарту шаралары жатады. Капиталдық орталықтандырылуы және теңдігі шешуші маңызға ие [8, 8] .

Кооперативті компаниялардан акционерлік принципке көшу тенденциясы жоғарлады, бұл нарық коньюнктурасының талаптарына едәуір жеңіл. Кооперативті қозғалыстарды мемлекеттік реттеу деңгейінде жоғарланды, қызметте қаржыландыру мен басқа да ұйымдастырушылық формаларын заң жүзінде реттеу жүргізу қатаңдатылды.

Ауыл шаруашылық кооперативтерінің вертикальды типі жанұялық фермерлік шаруашылықтан жеке функциялау жолымен ірі масштабта ажырауы. Сәйкесінше, фермерлерге әртүрлі қызмет көрсететін кооперативтер пайда болады. Алғашқы және қазіргі таңда кең танымал фермерлік кооператив жеке кооператив болып табылады, фермерлік өнімдерді ұжымдық өндіруді қамтамасыз етеді. Нарықтық экономикалық қиыншылықтары өндіру қиындығын туғызады. Үлкен көтерме сатушы нарық артықшылықтарға ие, себебі ол да үлкен көлемде және бөлшек партиямен сату, орау, бөлшектеу және сақтауға, сонымен қатар сату маркасын пайдалану, жарнамаға және т. б. мүмкіндіктері бар. Жанұялық фермерлер кооператив құра отырып ауыл шаруашылық өнімдер нарығындағы делдалдармен бәсекеге түседі. Шикізатты сатуға қарағанда қайта өңделген өнімді сату тиімдірек, ал бір шаруашылық шеңберінде эффективтті қайта өндіруді жүзеге асыру қиынырақ, кооператив өнім өндіру қайта өндірумен толықтырылады.

Кооперативтың басқа түрлері фермерлерді өндіріске қажетті ресурстарын қамтамасыз етеді - ауыл шаруашылық техника, тыңайтқыш, тұқым, қоректер, жанар-жағар май және т. б. Бұл кооперативтер қамтамасыз етуші кооперативтер деп аталады. Олар фермерлерге үйге қажетті жабдықтар, баққа және бакалеялық тауарлармен қамтамасыз ете алады. Бұл кооперативтің негізгі функциясы фермерлерге тиімді бағамен ресурстардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету. Кейде бұндай кооператив фермерлік тапсырысын сатып алумен шектелмейді, ресурстарды өндіретін өз зауыдтары болады.

Фермерлік кооперативтің 3 - ші түрі бар. Бұл сервистік кооперативтер. Олар фермерлік шаруашылықтарға әртүрлі өндірістік қызметтер көрсетеді. Мысалы: ирригация, электрофикация немесе ауылдық жерлерде телефон орнату. Ең алдымен кооперативті форманың АҚ, кооперацияларының ұқсастығы көзге түседі. Қай жағдайда болмасын кооперациялаудың басшылары болып меншік иелерінің коллективі табылады, басқару ұжымдылық шешім негізінде жүзеге асырылады, алған табыстар қатысушылар арасында бөлінеді. Екі формада дамыған экономикада кеңінен тараған, еңбек, капитал нарықтарына қатысады, басқа өндірістік факторлар экономикалық пайданы көздейді, өз кооперациясының эффективті дамуына тырысады. Кооперацияның екі типінде бизнес структураларының технологиялары, операция типтері біркелкі болуы мүмкін. Соған қарамастан бұл формалар бір - бірінен ерекшелінеді, және олардың өзгешіліктері кооперациялардың рентабельділігі ұйымдастыруашылардың өндірістік форманың спецификасы ретінде кооперацияларды ерекшелейді.

Кооперациялардың негізгі ерекшелігі бастапқы мақсатты құру және функциялау. Кооперация үшін негізгі мақсат - кооперациялардың жоғары табыстылық қызмет етуін қамтамасыз ету және оған не, қайда, қалай өндірілетініне маңызды емес. Кооператив қатысушыларының табысын сақтау және көбейту үшін құрылады. Кооператив мүшелеріне қажетті бизнесті керекті сферада сақтап қалу үшін практикада кооператив құрылымының негізгі принциптері негізінде жасалған [8, 32] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кооператив мүшелерінің экономикалық қатысуы
Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең
Еңбек қызметін ұйымдастыру
Еңбек қызметі ұғымы және мазмұны
“Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланысын жақсарту механизмдері”
Ауыл шаруашылық малдары
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалау
Қазақстан Республикасында кластерлерді құрастырудың экономикалық тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz