Олжабай батыр



Олжабай батыр – ХVІІ ғасырда жасаған қазақ халқының ардақты ері. Ол 1709 жылы туып, 1783 жылы дүниеден өткен (Жаяу Мұса дәптері). Туып өскен жері Түркістан, Ташкент қалалары. Тәуке ханның тұсында. Әкесі Толыбай би ел басқарушылардың бірі болған. 1723 жылы жоңғарлар қазақ елін жойқын шабуылға түсіргенде, әкесі Толыбай Түркістан қаласын қорғаймын деп оққа ұшады. Қазақ елі аш-жалаңаш әр жерге босып кетеді. «Ақтабан шұбырындыда» кіші жүз Жайық бойына барып тоқтайды. Орта жүз алдымен Самарқанд, Бұқара төңірегіне барып тыныштық таппай, одан ауып Ырғыз, Торғай бойына тоқтайды. Жетпіске таянған Қазыбек би ол жерге әзер барып жетеді. Ешқайда кетпей, Түркістанда қалған 13 жасар жетім бала Олжабайдың артық бүліншілікке түспеген Ұлы жүз қазағының ортасына барып, Төле бидің туысқаны нағашысы Қаратайдың қолына барып тұруды үміт етеді.
Ел күйзеліп, аш-жалаңаш күйге түсіп, әр жерде зарығып жүргенде, жас бала Олжабай үйінде отыра алмай, жоңғарға бағынып отырған Ұлы жүз жеріндегі нағашысы атақты Қаратайдың ауылына келеді. Жалғыз бала жапан түзде бір биік қия тастың түбіне келіп, түнегенде атының мазасы кетіп тұра алмайды. Қараса, баланы алты қасқыр қамап алған, біреуі алпауыт көкжал қасқыр, бөлініп жеке тұр. Бірақ олар баланы үрейлендіріп қасына келмейді. Бала таң атқанша олардан көзін алмай қарап отырады. Әлден уақытта таң атты, бөрілер көз ашып-жұмғанша жоқ болды. Бала атына мініп келе жатса бір үлкен бақшаның алдынан бір сәуегей ана кездеседі. Ананың сөзі:
- Қарағым, түсің қашып, өзің жүдеп қайдан келесің?
- Үйсіндерде Қаратай деген нағашым бар еді, соны іздеп келемін.
Сәуегей ана баланы жібермей үйіне түсіріп, қонақ қылады. Әбден шаршап, қажып келген бала көп уақыт ұйқыда болады. Сәуегей ананың сөзі:
Мынау келген бір құтың,
Ашылар қазақ аяңыз.
Қиямет қашан болғанша,
Ұранды сөз арылмас,
Жатыр ұйықтап өзі мас,
Алты бәрі қолдаушы,
Бойына жақын жоламас.
Көкжал кетті Шығысқа,
Ойы жауды жеңуге,
Қалмақ, қырғыз алмасы,
Бұған табиғат болар ас.
Қазаққа ата болсын деп.
Олжабай аты болған пәш.

(Жаяу Мұса Байжан ұлы. «Ер Олжабай», Библиотека Казанского университета, рукоп. № 1238 – т. 18-24 бет).
«Олжабай жырында «Ақтабан шұбырынды» суретін Жаяу Мұса тағы былай суреттеген:
Ұғлы Мейрам софы Әнет ббаба,
Әр қашан сөйлейді екен сөзді бұра.
Сонда еліміз малсыз боп әр тарапқа,
Бүлінген амалсыздан дара-дара».
(Сол кітап, 14-бет).
Олжабай нағашысы Қаратайға он үш жасында келіп, осы арада биікке өрлеп өседі. Әкесі Толыбай биді жоңғарлар Түркстан қаласын алғанда өлтіреді. (Жаяу Мұса, 14-16 бет).
Сәуегей ана:
Кеудесі жаухар, басы алтын,
Денесі мырыш сап болат.
Түркістанға ол кірер,
Жау қолынан оны алып,
Бағыты оның ашылар.
(Жаяу Мұса, 22-23-бет).

Содан Олжекең үш жүздің сайдауыт қолын ертіп, Түркістанды басып отырған жоңғар әскеріне қарсы шабады. Ол уақытта оларды қиратып, қалғандарын Сырдариядан, Жетісудан қуып, Қытай жеріне асырады. «Ақтабан шұбырындыда» өксіген ел жаңадан ес жинап бір тыныш алды. Той үстінде Яссауи мавзолейінде көп замана сақтаулы тұрған алтын балдақ бүкір қылышты Әбілмәмбет Олжабайға әкеп сыйға тартады. Бұл бүкір қылыш әуелде Әмір-Темір көрегендікі, ол мешітке сыйға тартқан, содан Олжекеңе мұра болады. Ол қылыш қазір Омбы музейінде сақтаулы болуы керек. Музейге Жаяу Мұса апарып тапсырған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ОЛЖАБАЙ БАТЫР

Олжабай батыр – ХVІІ ғасырда жасаған қазақ халқының ардақты ері. Ол
1709 жылы туып, 1783 жылы дүниеден өткен (Жаяу Мұса дәптері). Туып өскен
жері Түркістан, Ташкент қалалары. Тәуке ханның тұсында. Әкесі Толыбай би ел
басқарушылардың бірі болған. 1723 жылы жоңғарлар қазақ елін жойқын шабуылға
түсіргенде, әкесі Толыбай Түркістан қаласын қорғаймын деп оққа ұшады. Қазақ
елі аш-жалаңаш әр жерге босып кетеді. Ақтабан шұбырындыда кіші жүз Жайық
бойына барып тоқтайды. Орта жүз алдымен Самарқанд, Бұқара төңірегіне барып
тыныштық таппай, одан ауып Ырғыз, Торғай бойына тоқтайды. Жетпіске таянған
Қазыбек би ол жерге әзер барып жетеді. Ешқайда кетпей, Түркістанда қалған
13 жасар жетім бала Олжабайдың артық бүліншілікке түспеген Ұлы жүз
қазағының ортасына барып, Төле бидің туысқаны нағашысы Қаратайдың қолына
барып тұруды үміт етеді.
Ел күйзеліп, аш-жалаңаш күйге түсіп, әр жерде зарығып жүргенде, жас
бала Олжабай үйінде отыра алмай, жоңғарға бағынып отырған Ұлы жүз жеріндегі
нағашысы атақты Қаратайдың ауылына келеді. Жалғыз бала жапан түзде бір биік
қия тастың түбіне келіп, түнегенде атының мазасы кетіп тұра алмайды.
Қараса, баланы алты қасқыр қамап алған, біреуі алпауыт көкжал қасқыр,
бөлініп жеке тұр. Бірақ олар баланы үрейлендіріп қасына келмейді. Бала таң
атқанша олардан көзін алмай қарап отырады. Әлден уақытта таң атты, бөрілер
көз ашып-жұмғанша жоқ болды. Бала атына мініп келе жатса бір үлкен бақшаның
алдынан бір сәуегей ана кездеседі. Ананың сөзі:
- Қарағым, түсің қашып, өзің жүдеп қайдан келесің?
- Үйсіндерде Қаратай деген нағашым бар еді, соны іздеп келемін.
Сәуегей ана баланы жібермей үйіне түсіріп, қонақ қылады. Әбден шаршап,
қажып келген бала көп уақыт ұйқыда болады. Сәуегей ананың сөзі:
Мынау келген бір құтың,
Ашылар қазақ аяңыз.
Қиямет қашан болғанша,
Ұранды сөз арылмас,
Жатыр ұйықтап өзі мас,
Алты бәрі қолдаушы,
Бойына жақын жоламас.
Көкжал кетті Шығысқа,
Ойы жауды жеңуге,
Қалмақ, қырғыз алмасы,
Бұған табиғат болар ас.
Қазаққа ата болсын деп.
Олжабай аты болған пәш.

(Жаяу Мұса Байжан ұлы. Ер Олжабай, Библиотека Казанского
университета, рукоп. № 1238 – т. 18-24 бет).
Олжабай жырында Ақтабан шұбырынды суретін Жаяу Мұса тағы былай
суреттеген:
Ұғлы Мейрам софы Әнет ббаба,
Әр қашан сөйлейді екен сөзді бұра.
Сонда еліміз малсыз боп әр тарапқа,
Бүлінген амалсыздан дара-дара.
(Сол кітап, 14-бет).
Олжабай нағашысы Қаратайға он үш жасында келіп, осы арада биікке
өрлеп өседі. Әкесі Толыбай биді жоңғарлар Түркстан қаласын алғанда
өлтіреді. (Жаяу Мұса, 14-16 бет).
Сәуегей ана:
Кеудесі жаухар, басы алтын,
Денесі мырыш сап болат.
Түркістанға ол кірер,
Жау қолынан оны алып,
Бағыты оның ашылар.
(Жаяу Мұса, 22-23-бет).

Содан Олжекең үш жүздің сайдауыт қолын ертіп, Түркістанды басып
отырған жоңғар әскеріне қарсы шабады. Ол уақытта оларды қиратып,
қалғандарын Сырдариядан, Жетісудан қуып, Қытай жеріне асырады. Ақтабан
шұбырындыда өксіген ел жаңадан ес жинап бір тыныш алды. Той үстінде Яссауи
мавзолейінде көп замана сақтаулы тұрған алтын балдақ бүкір қылышты
Әбілмәмбет Олжабайға әкеп сыйға тартады. Бұл бүкір қылыш әуелде Әмір-Темір
көрегендікі, ол мешітке сыйға тартқан, содан Олжекеңе мұра болады. Ол қылыш
қазір Омбы музейінде сақтаулы болуы керек. Музейге Жаяу Мұса апарып
тапсырған.

Алғаны Олжекеңнің бұл Түркістан
Бүкілді ұстағаны қырық бір жастан.
(Жаяу Мұса, 18- б.).
Қынабы алтын бүкірге жұрт таңқалып,
Ел ішінде бұл бүкір болды мақтан.
(Жаяу Мұса, 33-бет).
Олжекеңнің халыққа ардақты болуы әсіресе Ақтабан шұбырынды кезіндегі
жойқын істері, екінші, Амурсананы іздеп келген қалың қытай әскерін
тегісімен қыруы (Шүршіт қырған). Бұл соғыстың ішінде болған бір француз
суретшісі қағазға түсірген, ол француз тілінде басылып шықты. Онда Жоңғар
Алатауы, Алтай жақсылап суреттелген. Алыптың ерлік істерін халық ерекше
бағалап, Олжабайға арнап ұлы той жасайды. Оған Абылай, Әбілмәмбет, Қазыбек
би, Бұқар жырау қатынасады (Н.С. Миронова, Қазақстаның ерлік жыры, 5 том,
440-449 бет.). Ақтабан шұбырынды кезінде Әбілхайыр, Сәмеке хан,
Әбілмәмбет үшеуі ерді биікке көтеріп, қалмақты Сыр бойынан, Жетісудан қуып
шыққанына сонша разы болады. Олжекеңе Он сан қазақ еліне ұран болған ер
Олжабай деп атақ береді. (Мәшһүр Жүсіп қол жазбасы, Қазақ ССР Ғылым
академиясының кітапханасы).
Олжекеңнің тарихи маңызды ісінің тағы бір түрі – Сарыарқа жеріне
күншығыстан қаптаған жау әскеріне қарсы тұруы. Оның дәлелі: Олжекең
басқарған қалмақ қырған соғысы, Қытайға қарсы қырғын соғысы.
1711 жылы Орта жүздің ханы Абылай тұтқын болып жоңғарлардың қолына
түскенде, жоңғарлар әскерін Ертіс жағынан шығарып, Сарыарқаны тегісімен
басып алуға ой жасады. Ең алдымен Қарқаралы, Баянауыл даласын алуға бет
бұрды. Отан қорғау жөнінде Олжекеңнің осы кездегі ерлік істері айта
қалғандай еді. Ол кісіге өзінің апасынан туған жиені ер Жасыбай бірге
болады. Бұл оқиға орыс ғалымдарының зерттеулерінде, оның ішінде
Ф.А.Щербинаның, Н.Я. Коншиннің, Д.Приймактың кітаптарында кездесіп отырады.
Халық ойынан Коншиннің жазып алуында былай деген: Однажды по поручению
главного предводителя киргиз, батыры Улжабая, Джасыбая должен был с
небольшим отрядом удержать в горах калмицкого хана с тысячью тысяч
калмыков. В битве пал Джасыбай храбрым... Киргизы дрогнулы, но в это время к
месту битвы подоспел Улжабай, и ущелья огласились криками калмыков,
просивших пощады (Н.Я. Коншин, От Павлодара до Каркаралинска, память
книжка Семипалатинской области, 1901. стр. 36.)
Олжекең туралы таңғажайып аңыздарды әдемілеп жазып алған Орталық
Қазақстанды зерттеуші профессор Ф.А. Щербина, (Ф.А. Щербина. Материалы
киргизского землепользования, собранные и разработанные экспедицией по
исследованию степных областей, т. 4., Семипалатинская обл, Павлодарский
уезд. Воронеж, 1903). Бұл ғалымдардың жазып алған халық күн сайын айтатын
тарихы бойынша, Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжекең қалмақтарды Баянауыл
тауының шығысында тұратын бір тауда тегісімен жойған ол тау сол күннен
бастап осы кезге дейін Қалмақ қырған аталады. Таудың теріскей бетінде
соғыстың ізі осы күнге дейін сақталған. Олжекеңнің әскерінен қаймыққан
қалмақтар тастан қоршау жасап, соның ішінде тығылған. Ущелья огласились
криками калмыков, просивших пощады деп осы араны айтқан (Н. Коншин).
Олжекеңнің атымен байланысты тарихи әңгіменің бір түрі – Шүршіт
қырған оқиғасы. Бұл жер ескіше Баянауыл жерінде, бүгінде Қарағанды облысы,
Молодежный ауданына қарайды. 18-ғасырдың орта кезінде Жоңғардан қашып
шыққан атақты Амурсананы іздеп, Баянауыл төңірегіне бір топ қытай әскері
келді. Олар біріншіден, Амурсананы тауып бер, екіншіден, әскерімізге
тамақ, ат тауып бер, - дейді. Олжабай оларды алдап бір жерге жатқызып, тез
әскер келтіреді, он сан қол жинайды. Сол арада үлкен соғыс болып, азып-
тозған қытай әскерін тегісімен қырады. Ол жер - Шүршіт қырған аталады.
Сол арада халық жиналып, Он сан Орта жүзге ұран болған ер Олжабай деген
ат беретін (Мәшһүр Жүсіп қолжазбасы).
Олжекеңнің ерекше ардақталуы, әсіресе қытайға қарсы Талқы қамалындағы
соғысы.
Қолбасшы, ел ағасы ер Олжабай,
Жер-жерден қол жиды ер Бөгенбай.
Қарқабат, Қарауыл мен Найман, Керей,
Келеді Қыпшақтан ол ер Қошқарбай.
Ақылды, батыр кісі Сары Баян,
Бәсентиін Малайсары ол данышпан,
Шақшақ ұлы атақты ер Жәнібек,
Қаракесек Қадырлы би ол Қазыбек.
Арғынға жаңа шыққан би Едіге,
Мейрамға ұран болған ер Олжабай.
(Жаяу Мұса, Ер Олжабай, 34-б.).
Тағы бір шумағында:
Қол алдында келеді ер Олжабай,
Есітіп қарсы жүрді хан Абылай,
Төлкөкке мініп алып, бата бер деп,
Сұрайды Абылайдан ер Олжабай.
Күн жарқырап шыққан соң еркін барып,
Тұра шапты қақпасын Олжабайлап.
Бес күн болды бұзғалы Олжабайдың,
Талқы асуын мықты қорған, Темір қақпа.
(Жаяу Мұса, Ер Олжабай 48, 50-б.).

Барлық соғыстарда Олжекең әскерге жөн беріп, биік тас үстінде ту ұстап
тұратын болған. Демек, ол кісі ту көтеріп, әскерге айбат беруші болған.
Жабдығы алтын берен ту ұстап тұр.
Жарқ-жұрқ жаухар киген, түсі суық.
Қол алдында туымен тұрды күтіп,
Туын алып Олжабай шығып тасқа.
(Жаяу Мұса, Ер Олжабай, 25, 26, 42-б.).

Омбыға жиналған билер кеңесінде (1826 ж.) атақты билер Шоң бидің
қасында жүретін Баянауылдың қарт ақыны Көтешке билер бір сұрақ беріп,
елінде өткен заманда қандай жақсы адамдар болды, соны айтсаңыз дегенде,
Көтеш былай деген:
Олжабай біздің елде ту ұстаған,
Ақсұңқар тұйғын құстай құныстанған,
Қолының қос басынан оқ өтсе де,
Ту ұстаған жерінен, жылыспаған.
(Мәшһүр Жүсіп қолжазбасы).
Көтеш тағы бір жырында былай деген:
Олжекең ұлы дана асып туған,
Жақсы сөз жан тербетер ашып туған,
Еліне ұлы жауда ұран болып,
Сұңқардай биікте ұшқан тасып туған.

Ожекеңнің әскер басқару ісіне жан күйімен серік болған атақты ерлер
Қанжығалы қарт Бөгембай, Қара-керей Қабанбай, Бәсентиін Малайсары, Уақ Баян
батыр, Қыпшақ Қошқарбай тағы басқа қылыш үшінде ойнаған атақты ерлер.
Қалмақтарды жеңіп, оның елін күншығысқа бостырғанда Бөгембай мен Олжабай
екеуі Ғалдан-Шерінің екі аяулы қызына үйленеді. Оның біреуі Лағба, оны
Олжекең алады, енді бірі Лаба, оған Бөгембай үйленеді. Екеуі сол қысылшаң
заманан дос болып кетеді.
Әскер басы болумен қатар, Олжекең ел арасындағы билік, шаруашылық, ел
басқару ісіне де ерекше қатынасқан. Қазыбек бимен бірігіп Абылайдың кісі
өлтіру заңына қарсы шыққан (Ботақан).
Кейде Абылайдың елшісі болып Россияға барып жүреді, екі елдің арасында
сауда ісін күшейтуді тілек етеді. Олжекең жас кезінде Түркістан
медресесінде оқып, арабша жүйрік білген кісі. Сондықтан бар жұмыс оның
алдында айқын шешіліп отырады. 1742 жылы Әбілхайыр бастаған қазақ
сұлтандары, билер, батырлар бас қосып, Россия үкіметіне бағынуға ант
береді. Сонда арғын тайпасынан бұл антқа қол қойған Олжабай батыр. (Русско-
казахские отношения в ХV-ХVІІІ веках).
Олжекеңнің шаруашылық туралы бір жарқын ісі 1761 жылы Екатерина
патшаға жазған ашық хаты. Ол хатты қалың терідей үлкен сары қағазға араб
харпімен қазақша жазған. Жазушы екі кісі – бірі Олжабай, енді бірі
Олжекеңнің немере інісі атақты Едіге би. Олардың Екатерина патшаға айтқаны
жылқы шаруасы туралы. Бұл біздің орасан бай дүниеміздің бірі. Бірақ
бүгінде қыс күні жылқы асырап шығу үлкен қиындыққа айналады. Кей жылдары
аяусыз боран жылқыны қырғынға ұшыратып отырады. Өткен ғасырларда жылқымыз
қысқа қарсы Ертістен өтіп, Сібірдің қою ормандарының ішінде қыстап шығатын
еді. Ол жерде боран жоқ, жылқы ығуды білмейді, орманның қою шөбін
пайдаланып, жаз шыға елге аман-есен қайтатын еді. Жазғытұрым биелер Құлынды
даласында құлындап көбейген соң, ол жер Құлынды аталады. Сізден өтініп
сұрайтынымыз қысқа қарсы жылқышымызды Ертістен өткізіп, Сібірдің қою
ормандарында бағуға рұқсат беріңіз дейді.
Жаугершілік бітіп, Жоңғар елі құрыған соң, Олжекең елінде тыныш жатып,
бір ғана Едіге бимен кеңеседі. Ойлағаны – шаруашылық, елді қалай тәрбиелеп
өсіру, балаларды мектепте оқытып, білім беру. Оның аса жақсы көрген
адамдары темір соғатын ұста, әдемі дүние жасайтын зергерлер, ағаштан түйін
түйіп, өрнек жасайтын асқан шеберлер, арба, күйме жасайтын ұсталар,
ағаштан, кірпіштен үй салатын сәулетшілер.
Халық Олжекеңді қадірлеп, ол кісімен ауық-ауық әзілдесіп отырған.
Халықтың аңызы бойынша Олжекең соғыс үстінде еш нәрседен қорықпаған, ұшқан
оққа өз еркімен баратын болған. Бұған ерекше мән берген, әсіресе, Бұқар бір
күні Олжекеңнің шаш таразына ой түсіріп, Олжекең еш нәрседен қорықпайды,
сен есебін тауып, қорқытып көрсең қызық болар еді дейді.
Олжекең Қытайға қарсы Талқы соғысынан елге қайтқанда шашы, сақалы,
мұрты көпіріп өсіп, омырауын басып кеткен екен. Еліне келісімен ең алдымен
өзінің жақсы көретін, қолы жұмсақ, ұстарасы өткір шаштаразыны үйіне
келтіріп шашын алдыра бастайды. Шаштараз өзімен замандас, әзілдесіп отырып,
ақырын білдірмей, тілін кескен бір жыланды қалтасынан алып, байқаусызда
Олжекеңнің мойнына аса қояды. Шашын, сақалын алғанға қызығып отырған
Олжекең:
- Мойныма оралған немене, - деп ұстаса, бір метрдей жылан екен.
- Осы жыландар да кісіге дамыл бермейді. Бетпақдалада мұның талайы
мойныма келіп оралды ғой, - депті баяу.
Бетпақтың шөлінде шаршап келіп бір сайда шалқасынан түсіп ұйықтай
бастағанда бір метрдей жылан кеудесінен жорғалап аузына кірмекші болады.
Олжекең соны сезіп, жыланға тимейді, аузын аша түседі. Жыланның басы аузына
кірген кезде, оны тісімен қыршып түсіреді. Міне, бұ да ерліктің бір түрі.
Көпке тараған әзілдің бірі – Олжекеңнің жақсы көрген қос тұлпары
туралы, Айту, Байту деген қаржас руының алтынторы елінен шыққан екі сері,
Бұқар жыраудың туысқандары, Олжекеңнің екі тұлпарын ұстап алып, ешкімге
көрсетпей тығып қояды. Олжекең аяулы тұлпарын бір ай бойы іздеп таба
алмайды. Екі тұлпардан бірдей айрылған ер іші құса болып қайғырады.
Күндерде бір күні Олжекеңнің алдына Айту мен Байту келіп:
- Уа, ардақты ием, Орта жүздің баласы ардақтаған аяулы ерді жаяу
қалдырып, оның қанаты болған екі тұлпарын алып кетсе не болады екен? – деп
сұрағанда Олжекеңнің екі көзі оттай жайнап, көңілі жарқырай бастайды. Айту
мен Байту:
- Сіздің қос тұлпарыңызды әкеткен біз едік. Қылшығына шаң тигізбей
аман-есен алдыңызға әкеліп тұрмыз. Ұсынған басты қылыш кеспейді деген сөз
бар. Ендігісін өзіңіз білесіз.
Олжекең Айту, Байтуға еш жаза кеспеген. Екі тұлпарының аман келгенін
қуаныш етіп, екі серіге сый тартып еліне қайтарады.
Олжекең тарихқа белгілі болған балалары Дулат, Есенаман, Бұлан,
Жалаңтөс, бұлар Галдан-Шерінің қызы Лағбадан туған, одан соңғы баласы
Бектен (қазақ қызынан), Өтебай, Өтеп, Көшқұлы (қарақалпақ қызы) 1770 жылы
Олжекеңнің балаларына айтқаны:
- Мен сендердің аналарыңды жаугершілік үстінде алған едім. Қазақ
тәртібімен бір қыз алғым келеді. Осыған қалай қарайсыңдар? – деген.
Өзінің таңдауынша Тосынай дегеннің қызын алып, одан Ноғайбай, Сақау,
Жұмабай деген балалары болады. Олар кенже тұрғандықтан ХІХ ғасырдың
ортасында әлі де шаруа бағып жүрген. (ЦГА КазССР, Ф. 345, оп. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Олжабай Толыбайұлы (Төлебайұлы)
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы
«Олжабай батыр» жырының тарихи-фольклорлық сипаты
Серіктас тауындағы қазақ- жоңғар соғысына қатысқан батырлар
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар
Бұқар Қалқаманұлы
Тәтіқара ақынның шығармашылығы
Олжас Сүлейменов
Май өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар
Маңдайы жарқыраған марғасқа Әлкей Марғұлан
Пәндер