Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары



І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім

2.1. Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары
2.2. Ішімдіктің зияны
2.3. Маскүнемдік қоғам дертіне айналып бара ма?
ІІІ Қортынды бөлім

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу.Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
3. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – денсаулық кепілі, Алматы, 1999
4. Малдыбаев Ә. Мұны әркім де білуі тиіс, Алматы, 1987
5. Қазақ Энциклопедиясы, 6 том
6. http://www.azattyq.org
7. http://kaz.gazeta.kz/
8. http://www.abai.kz/
9. http://www.uralsk-akimat.kz
10. http://www.egemen.kz

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім

2.1. Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары
2.2. Ішімдіктің зияны
2.3. Маскүнемдік қоғам дертіне айналып бара ма?
ІІІ Қортынды бөлім

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық.
Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне
зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да
итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас
адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан
бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады.
Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің
балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы
алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары
кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте
өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау
етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан
келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы
ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда
көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау
жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге
құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын  құмартып,
ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір
бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап
ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те
іше береді, барған сайын сау жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы
өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік
дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу.Алкоголизм өршіген
сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы
қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді.
Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі
басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-
бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке
айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас
болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-
үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне
1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура)
ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір
зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады —
еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға
созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай
зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына  ұшырайды.
Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын
дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.
Емі. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге дейін — әркімнің
ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың
денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды
екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте,
еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы
аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін
емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы
бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн.
Денсаулық сақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды
міндетті түрде емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы
бақылау және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына
ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты —
маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін
аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі . үш
кезеңі бар: олар — алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін
қалпына келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге
жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың
қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті
және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс
жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар.
Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары —
республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер,
сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар.Сонымен бірге еңбекке қатыстыра
отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен
өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері қолданылады.
Ауылдық жерлердемас күнемд ерді емдеу үшін аудандық орталық аурухана
жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда
маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық
бөлімге жібереді.
ССР Одағы мен одақтас республикалардың денсаулық  сақтау туралы
негізгі заңдарында маскүнемдік қоға мдық ортаға қауіптіауруға жатқызылған
және арнайы емдеу мен сауықтыру шараларын жүргізу міндеттелген. ҚР-де
маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күреске мемлекет және партия
органдары, кәсіодақ комсомол және басқа да қоғамдық ұйымдар белсене
араласады. Мәселен, барлық одақтас республикаларда (соның
ішінде Қазақстанда да) халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару
комитеттері мен республика Министрлер Советтерінің жайын да мемлекеттік
органдар мен қоғамдық ұйымдардың маскүнемдікпен күресу жөніндегі жұмысын
үйлестіретін комиссия құрылған. Емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін
спиртті ішімдіктерді ішуін тоқтатпаған маскүнемдерді  еркінен тыс
ықтиярсыз емдету және еңбекпен түзеу шаралары, халық сотының шешімі бойынша
дәрігердің қорытындысы болған жағдайда)емдеу-еңбекпен түзеу мекемелерінде
(профилакторийде) 1 жылдан 2 жыл мерзімге дейін жүргізіледі.
Заңда қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл орындарға
мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік
тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты мас, не қызу
күйінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай
адамға ақшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу
құжатынан айырады. Ықпалындағы кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке
үйреткені, оларды мас еткені үшін қылмыстық жазаға тарту көзделген. Үйде
сииртті ішімдіктерді (самогон, чача, арақ, тұт арағы, брага) жасағаны,
сатқаны, сақгағаны үшін, спиртті ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін,
егер әкімшілік шаралар ықпалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар белгіленген.
Совет заңы бойынша мас күйінде қылмыс жасау кінәлі адамды қылмыстық
жауапкершіліктен босатпайды, қайта жаз асын ауырлата түседі.
Мастықтың әсерінен ауруға шалдыққан адамға аурулығы туралы листок
берілмейді және де уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдем
төленбейді.
Спиртті ішімдікке салыну салдарынан өз жанұясының материалдық жағдайын
ауырлатқан адамдарға, сот арқылы жаұясына жәрдем көрсетуі міндеттемеледі.
Маскүнемдікті емдеудің негізгі үш кезеңі бар:
алкогольден улану зардабын жою және науқастың көңіл-күйін қалпына
келтіру;
ішімдікке әуестікті жойып,
оларға жиіркеніш сезімін тудыру және оған төзе алмаушылықты
қалыптастыру.
Негізгі емі витаминотерапия, дәрі дәрмектер  (инсулин,  атропин, 
аминазин, т.б.) пайдалану. Сонымен қатар, ауру адамды қамқорлыққа алудың,
тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар.
МАСКҮНЕМДІК ЗАРДАПТАРЫ МЕН САЛДАРЫ
Пайда болуы маскүнемдікпен байланысты психикалық кесел. Барынша жиі
кездесетін түрлері – маскүнем елірмесі (ақыл-есінен айырылу), көру және
есіту елестеушіліктері, қозу, жүйке жүйесінің түрліше бұзылуы, қызғаныш
қозбасы және т.б.
Исламның мәңгілік тағылымдары мен ерекшеліктерінің бірі- адамның пәк
табиғатымен сәйкес болуы. Діни тағылымдар, тәңір елшілері құдай тарапынан
адамзатты бақытқа жеткізу үшін әкелген кешен болып табылады. Дінде рұқсат
етілген және тыйым салынған заттарға ой салсақ, діни үкімдер және ондағы
бұйрықтар мен тыйымдарда адамзатты жақсылыққа жұмылдырып және жамандық пен
азғындықтан алшақтататынын түсінеміз. Осындай түсінікпен ешбір зат бекерден
халал немесе уәжіп етілмеген және ешбір зат себепсіз харам етілмеген. Бір
құдайға құлшылық ететін адам бұл үкімдер құдайдың таусылмас білімінен
бастама алатынына сенеді. Құдай барлық істің басы мен аяғын және адамның
денесі мен рухын толық біледі. Сондықтан оның хикметі мен ақылы пенделердің
саулығына зиян келтіретін заңдар мен ережелер шығартпайды. Ислам
пайғамбары(с)-нің әулетінен болатын Имам Реза(ғ)өз хадистерінің бірінде
былай дейді: "Құдай адам үшін пайдасы бар кез-келген тағам мен сусынды
халал етті және зияны бар кез-келген затты харам етті".
Ислам тағылымдарында адамзаттың бітіміне, рухани, тұлғалық және
әлеуметтік аспектілеріне көңіл аударады. Көптеген діни нұсқаулар адамның
тек рухын тазартып қана қоймай, тіпті оның денесін де түрлі зияндар мен
зарарлардан қорғайды. Солардың бірі- алкогольдік ішімдіктерге тыйым салу
үкімі. Исламда алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салынған, өйткені ол
адамның денесі мен рухына және қоғамның саулығына қауіп төндіреді. Қазіргі
таңда дәрігерлер және психология саласының ғалымдары мен мамандары алкоголь
адам өмірінің түрлі аспектілеріне кері әсерін тигізетіндігі туралы айтуда.
Бірқатар зерттеу орталықтары осы салада практикалық ізденістер жүргізіп,
маскүнемдік – адамзат қоғамына төнетін қауіп деген қорытындыға жеткен.
Жуықта Американың нашақорлықпен күрес ұлттық орталығы америкалық мектеп
оқушылары арасында алкогольдік ішімдіктер тұтынуы туралы есеп жариялады.
Осы орталық жариялағандай, америкалық 13 млн оқушы кем дегенде бір рет
есірткі заттарын немесе алкогольдік ішімдіктің дәмін татқан. Бұл мәлімет
бойынша, 2002-2005 жылдар аралығында америкалық оқушылар арасында
алкогольдік ішімдіктер ішу көрсеткіші ұлғайған.
Осы орталық Америка мектептерінде нашақорлық құбылысының тез жайылуына
байланысты отбасылардан, білім саласының қайраткерлері мен саясаткерлерден
өз пікірлерін білдіруін сұрады. Мамандардың зерттеулері бойынша,
алкогольдік ішімдік ішудің түрлі себептері бар. Солардың қатарында –
торығушылық, көңіл күй мен өз-өзіне сенімнің жоқтығы және жүйке
қысымдарынан құтылуға тырысу бар. Кейбір кісілер торыққан кезде тынышталу
үшін алкогольдік ішімдік ішеді. Оны ішкен кезде бастапқыда торығудан
құтылған сияқты жалған сезім болуы мүмкін бірақ аз уақыттан соң әлгі
ішімдіктің нағыз және зиянды әсері байқала бастайды. Мұндай кері әсерлерге
дене тепе-теңдігінің жоғалуы, шешім қабылдаудағы келеңсіздік, ойлаудың
тежелуі және қатігездіктің күшеюі жатады.
Бұл келеңсіздіктердің әйелдерге жағымсыз әсері әлдеқайда жоғары.
Жаңадан жүргізілген зерттеулер бойынша алкогольдік ішімдіктер еркектерден
гөрі әйелдердің миына көбірек зиян келтіреді. Алкогольдің кері салдарының
бірі – адамның ішкі мүшелеріне әсіресе бауырға нұқсан келтіру болып
табылады. Ішкі мүшелер маманы, доктор Шахин Мераттың айтуынша, "алкогольдің
бауырға тигізетін зияндарын үшке бөлуге болады, біріншіден, бауырда май
мөлшері ұлғаяды. Алкоголь ішуді қойған жағдайда бұл келеңсіздікті емдеуге
болады. Алкогольді көбірек ішкен кезде адам бауыр гепатитіне және бауыр
қабынуына шалдығады. Алкогольді тоқтатумен бауыр гепатиті қалпына келеді,
алайда барлық жағдайда емес, жазылмауы да мүмкін".Алкогольдік ішімдіктерді
көп пайдаланудың соңы бауыр рагына ұшыратуы мүмкін және бұл ауру
емделмейді. "Бауырдың ең маңызды міндеті ішек ішіндегі уларды кетіру болып
табылады, ал алкогольдік ішімдік бауырды әлсіретіп, оның уларға қарсы
қабілетін азайтады",-дейді ол.
Адамдардың көбі алкогольдің бауырға кері салдарын білгенімен, бірақ бұл
ішімдіктің сүйекке тигізетін зиянынан бейхабар болуы да мүмкін.. Осы орайда
"Рейтер" ақпарат агенттігі зерттеулерге сүйеніп, былай деп жазады:
Алкогольдік ішімдіктер сүйекті әлсіретіп, оның сынуына себепші болады.
Ішімдікке құмар адамдардың сынған сүйектерінің емделуі, бастапқы қалпына
түсуі өте қиын және ұзаққа созылады. Өйткені алкоголь денедегі сүйекті
қалыптастыратын бөлшектерге нұқсан келтіріп, сүйектің әлсіреуіне әкеп
соғады,-деп жазады. Алкогольдік ішімдіктердің тағы бір зиянды әсері – қан
құрамындағы ақ түйіршіктерді азайтады. Ақ түйіршіктер сарбаздар тәрізді
денедегі микробтарға қарсы күреседі. Ал алкоголь олардың санын азайтады.
Алкоголь сондай-ақ құрамында темір бар гемоглобинге де кері әсерін тигізіп,
қан аздығының пайда болуына әкеледі. Иран медицина мамандарының
зерттеулерінде алкогольдік ішімдік ішу – "Б, "С" дәрумендеріне және фолий
қышқылына кері әсер ететінін көрсетті. Осы зерттеулер негізінде "В"
дәрумендерінің жетіспеуі бас айналу, көздің әлсіреуі және тепе-теңдіктен
айрылу тәрізді келеңсіздіктерге апарады. Кейбір исламдық руаяттарда
алкогольдің денеге тигізетін бірқатар кері әсерлері жайлы баяндалған. Имам
Садық(ғ) шарапқа тыйым салудың себебі жайында: шараптың жаман әсері мен
адамды аздыратын қасиеті үшін құдай оған тыйым салды, өйткені мас адамның
денесі тепе-теңдіктен айрылады,-дейді.

ІШІМДІКТІҢ ЗИЯНЫ
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа
үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз,
ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да
шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады,
адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын
мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине,
маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе
арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай,
белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв
жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады,
инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі
құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь нерв уы деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-
қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның
қоректену процесін бұзады.
Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары)
азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған
балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда
шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ
түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен
нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын
нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде,
ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай
адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған
қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан
былай бұл зиянды дәстүр халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік
қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп
отыр.
Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың,
еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның
алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды.
Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай
еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі — арақ-шараптың
сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік
зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын,
ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді
десек, қателескен бо-лар едік. Бұл күндері сәнге айналып жүрген те-мекі
шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде,
темекі план-тациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың бала
көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер
кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық
есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер
емірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы — осы
айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана,
ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің  
бұрынғыдай    жұбын    жазбай    жүру дәстүріне жол бермеу.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей
тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды
тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған.
Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың
қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады
емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса,
арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады.
Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі
қасиет, үлкен парасаттылық.
Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да
қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду
араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру,
оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды.
Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр.
Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра
алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік
салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі
сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта
білетін шын жанашыр адам керек.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін
шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске
салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп
пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және
апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка,
жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік
тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

МАСКҮНЕМДІК ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ АЙНАЛЫП БАРА МА?
Дүниеде менен бақытсыз жан жоқ шығар... Небары үш жасымда ата-анамнан
айырылып, жетім қалдым. Мені нағашы әжем бауырына басты. Оның айтуынша,
әкем мен шешем бір тойдан қайтып келе жатып жол апатына ұшырапты. Мас
күйінде көлік жүргізген әкем сол жерде өмірмен қоштасады. Ал анам байғұс
екі аяғынан айырылып, әкемнің жылына жетпей күйіктен көз жұмды. Екі ортада
ботадай боздап мен қалыппын. Әлі есімде, кішкентай кезімде оларды қатты
сағынып, көл-көсір болып жылайтынмын. Сонда әжем: Ботам, сен жылағанмен
әке-шешең тіріліп келмейді. Әжеңнің жүрегін ауыртпайын десең, көз жасыңды
көрсетпе. Тағдырдың жазуына амал бар ма? Сайтан су қос құлынымның түбіне
жетті ғой..., - дейтін үкілеп. Бұдан кейін мен әжеме көрсетпей, көз
жасымды бұлап алатынмын. Уақыт өте келе бәрі де біртіндеп ұмытыла бастады.
Кейін ер жетіп, ел қатарлы оқу оқып, жұмыс істеп, тұрмысқа шықтым. Енді
бақытты күн кешемін бе деп жүргенде, жолдасым маскүнемдікке салынды. Сол
үшін жұмысынан айырылды. Күнде ішіп келіп шаңырағымыздың шырқын бұзып,
көршілер мен ағайын-туыстың да мазасын алды. Соңғы кездері маған қол
көтеретінді шығарды. Оның ақырған дауысынан бесіктегі сәбиім шошып оянатын
болды. Маскүнем әкесінің кесірінен баламды дер кезінде емдете алмай, ауруын
асқындырып алдым. Мұндай қиындыққа тап болатындай не жазығым бар еді?! -
деп бастады әңгімесін ауруханада кезек күтіп отырып кездейсоқ танысқан бір
келіншек екі көзі мөлтілдеп.
Осылайша, маскүнемдіктің салдарынан ай мен күннің аманында аянышты күн
кешіп, сүрінген, бүлінген тағдырлар аз емес.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын..., - деп ұлы Абай айтқандай, бүгінгі қоғамда
тамағы тоқ, жұмысы жоқ, тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғадай азаматтар мен
ана деген ардақты атты арқалап жүрген нәзік жандар арасында маскүнемдікке
салынып кеткендер көп. Тіпті, қаймағы бұзылмаған ауылдық жерлерде де
ермегін сайтан судан іздеп, ақыл-естен жұрдай болып жүргендер жиі
кездеседі. Бұл – бүгінгі күннің боямасыз көрінісі.
ҰЛТ БОЛАШАҒЫ - ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА!
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне сүйенсек,
Қазақстан маскүнемдікке салынған азаматтар санының көптігі жағынан әлем
бойынша алғашқы ондықтың қатарында тұр екен. Әрине, бұл - дабыл қағатын
жағдай. Осыған қарап, егемен елдің ертеңі үшін алаңдауға негіз бар. Себебі,
мамандардың пікірінше, алкогольдік ішімдіктер адам ағзасын улап қана
қоймай, түрлі ауруларға шалдығуына себепкер болады. Статистикалық деректер
бойынша елімізде ішкілікке салынудың салдарынан жыл сайын 28 мыңға жуық
адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы, ми инсульті тәрізді
дерттерді асқындырып алып, жарық дүниемен қоштасады екен.
Ғалымдар маскүнем әке-шешеден туған бала да өскенде арақ-шарапқа әуес
болатынын анықтаған. Сірә, сынықтан басқаның бәрі жұғады деп халқымыз
тегін айтпаған-ау... Арнайы зерттеулер маскүнемдер отбасында туған
балалардың басым бөлігінің денсаулығы нашар, қабілеті төмен болатынын
дәлелдеген. Мәселен, француз дәрігерлері маскүнемдікке салынған он
отбасында дүниеге келген 57 балаға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, 25 бала
сәби кезінде шетінеген, 5 бала тырысқақ ауруына, 5-уі ауыр ми ісіктеріне
шалдыққан. Сондай-ақ, 12 баланың ақыл-есі кем болып туса, қалған 10 баланың
ғана денсаулығы салыстырмалы түрде дұрыс дамығандығы белгілі болған.
Мұндай жағдайдан кейін маскүнем адамы бар отбасында дүниеге келген
бейкүнә сәбилердің болашағына үмітпен емес, күдікпен қарамасқа амал жоқ.
Әсіресе, ұрпақтың саулығы – ұлттың саулығы деген қағиданы ұстанған
елімізде бүгінгі күні маскүнемдікке салынған жастар қатарының жыл сайын
көбейіп бара жатқаны өкінішті. Отандық наркологтардың айтуынша, соңғы үш-
төрт жылда маскүнемдікке бет бұрған балалардың саны 10 есеге артқан. Осыдан
кейін бұл жастардың болашағы қандай болмақ? деген ойға батасың...
Алкогольдік өнімдердің салдарынан талай шаңырақтардың шырқы бұзылып,
бақытсыздыққа тап болуда. Сонымен қатар, жастар арасында кісі өлтіру, өзіне
өзі қол жұмсау сынды қайғылы оқиғалар мен қылмыстық әрекеттер де жиі
тіркелуде. Айталық, Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі
бойынша, өткен жылы өңірде 18703 қылмыстық әрекет тіркелсе, олардың 9811-і,
яғни тең жартысы маскүнемдерге тиесілі екен. Ол аз болғандай, ащы суға
тойып алған ақымақтардың кесірінен болған жан түршігерлік оқиғаларды
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күн құрғатпай естіп жататынымыз да
жасырын емес. Тіпті, жол-көлік апаты оқиғаларының да елу пайызы ішімдіктің
салдарынан болатыны анықталған. Осылайша, бүгінгі бейбіт күнде біздің
қоғамда түрлі бақытсыздық оқиғалары орын алуда. Нарколог мамандар осының
бәрі елімізде алкоголь өнімдерін шамадан артық тұтынудан туындаған мәселе
екенін айтады.
АЩЫ СУ АР-ҰЯТТАН БЕЗДІРЕДІ...
Елімізде ішімдікке салынған маскүнемдерді дұрыс жолға салатындай ешбір
жаза жоқ. Ішіп жүріп оқыстан полиция қызметкерлерінің қолына түсіп
қалғандар ғана айықтырғыштың ар жағында бір түнегеннен арыға бармайды.
Міне, біздің елде маскүнемдер үшін қолданылатын ең қатал жаза түрі осы. Тек
араққа сылқия тойып алып, жазықсыз жандарға жапа шектіргендер ғана заң
жүзінде тиісті сыбағасын алады.
Қазіргі таңда кез келген азық-түлік дүкенінде алкогольдік өнімдер емін-
еркін сатыла береді. Заң бойынша спирттік ішімдіктерді жасөспірімдерге
сатуға, қоғамдық орындарда ішуге тыйым салынған. Бірақ, бұл заң толығымен
орындалып жатқан жоқ. Павлодар қалалық жастар мәслихаты төрағасының
орынбасары Дамир Бейсенбинов: Тәртіп сақшыларымен бірге облыс
орталығындағы дүкендерге 4-5 рет рейд жасадық. Рейд барысында кәмелеттік
жасқа толмаған жасөспірімдерге спирттік ішімдіктердің сатылатынын өз
көзіммен көрдім. Заңға шекесінен қараған дүкен қожайындарына айыппұл
салынды. Әрине, мұнымен мәселе толықтай шешіле қоймасы белгілі. Менің
пікірімше, көптеген сатушылар өздеріне қатысты заңдарды әлі де біле
бермейтін сияқты, - дейді. Бәлкім, бұл да жөн болар. Бірақ, дүкен ашып,
бизнестің қыр-сырын меңгерген қожайын мен сол дүкеннен нәпақасын тауып
отырған сатушы заңды да білуі тиіс емес пе?! Әлде, қоғам үшін үлкен қасірет
тудыруға себепші болған мұндай жандарға арнап заңгерлік кеңес, адамилық
тәрбие беретін курстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маскүнемдіктін алдын алу шаралары
Ішімдіктің организмге әсері
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама
Физалогия ғылымы және оның даму тарихы
Ішімдіктің ұрпаққа әсері
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдар
Жұмысбастылықты басқару
Жұмыссыздық және халық табысы
Пәндер