Орхон - Енисей ескерткіштері



Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Орхон . Енисей ескерткіштерінің зерттелуі;
ә) Орхон . Енисей жазба ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тіл- адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді.Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы,болмысты тануы, игеруі тілде бейнеледі, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі- адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады.
Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші-тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені « Өнер алды- тіл» (М. Қашқари). Демек, дүниенің кілті- тілде.Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды.Яғни, ата-баба білігі балаға тіл арқылы дамып,болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі.Тілде ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Тіл- «дыбыс таңба» жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы таным-түсінігі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді. Ғ.Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» дейді. Тіл- ойдың ең басты қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл арқылы ғана жүзеге асады десек, осы ойды жеткізетін таңба-жазу.
Жазу- адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-катынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы,кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен.Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарға да пайдаланылған. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған.Осылайша алғашқы жазу пайда болған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Jump up↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
2. Jump up↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі;
ә) Орхон - Енисей жазба ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тіл- адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың
ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар мен
құбылыстарға атау береді.Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы
осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі,
көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы,болмысты тануы, игеруі тілде
бейнеледі, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі- адамдар
арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан
тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады.
Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші-
тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені Өнер алды-
тіл (М. Қашқари). Демек, дүниенің кілті- тілде.Тілдің дамуы арқылы адам
баласының дүниетанымы сатылы дамиды.Яғни, ата-баба білігі балаға тіл арқылы
дамып,болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі.Тілде ертедегі
танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Тіл- дыбыс
таңба жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы
таным-түсінігі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы
халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді.
Ғ.Мүсірепов Тілін білмеген түбін білмейді дейді. Тіл- ойдың ең басты
қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл
арқылы ғана жүзеге асады десек, осы ойды жеткізетін таңба-жазу.
  Жазу- адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы
жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың
қарым-катынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы
нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде
пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын
басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы,кеткен
бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа
садақтың оғын қадап кеткен.Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда
тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарға да пайдаланылған. Кейін
мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар
қолданылған.Осылайша алғашқы жазу пайда болған.
Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны,
ағаштың қабығын, т.б.пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан
құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты
белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Таңбаларының мағынасына қарай адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді:
1) пиктографиялық жазу- жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі
неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.Мұнда хабарлануға тиісті
оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын
абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы,
бақыттылықты, олжаны- тасбақаның, махаббаты-сызықшамен қосылған екі
жүректің, достықты –ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен
белгіленген; 2) идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет
арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты
графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады.Идеографиялық
жазудың бір түрі- иероглиф жазу; 3) буын жазуында -сөз құрамындағы әрбір
буын жеке таңбамен белгіленеді; 4) дыбыстық жазу (әріп жазуы)- жазудың
дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу
жүйесі.

Түркі жазуының зерттелуі
Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар
екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды Руна жазулары,
яғни скандинавия тілдерінен алғанда құпия, сыры ашылмаған таңбалар деп
атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.
Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының
экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г.
Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген
материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729
ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының
жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу
нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің
қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі
жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі
аздау болатын, себебі Минусинскаймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік
және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым
қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне
жазлардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді
бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты
жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В.
Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В.
Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей
жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.

Дала жазуларының тарихы
Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи
жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған
қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы шаньюй (Моде шаньюй)
деген сөздің Ғұн тілінде Сеңгір деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл –
биік, асқақ, жоғары деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде,
мысалы Қазақ тілінде Сеңгір таулар, Заңғар көк сияқты тіркестерде
кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі Хунну жазуы деп
отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды
жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5
ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның
оңтүстігінен табылып отырған Күлтөбе жазулары
б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады.
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі
қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығыкезінде қолданылған.
Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы
Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының
орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей
жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты
болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары
ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі
халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.

Көне түркі жазуларның сипаттамасы
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі,
яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен
аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1. Енисей ескерткіштері.
2. Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында
және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ.
Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена
бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан
Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын
көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы
біркелкі.
1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай
республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары)
аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір
(Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның
қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан
табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі
кезде шамамен 150-дей.
2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан,
Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде
көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі
бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
3. Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің
бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер
жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны
30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады.
Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан Құтлығ қаған, Білге қаған,
Күлтегін, Тоныкөк, Күлі Чор және Мойын Чор ескерткіштерінің
орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір,
Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде
кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескі заман ескерткіштері. орхон-енисей жазу ескерткіштері
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
ОРХОН – ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТАРИХЫ
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Орхон – енисей жазба ескерткіштері туралы ақпарат
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Енисей жазба мұралары
Пәндер