Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы - практикалық сабақ жинағы



№1 Практикалық сабақ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Ішкі сөлініс бездерінің физиологиялық қасиеттері
2. Қалқанша, қалқансерік, айырша, қарынасты, бүйрекасты бездері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

№2 Практикалық сабақ
Оқу бөлмелерінде ауаның физикалық, химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
№3.4 Практикалық сабақ
Жоспар І.Кіріспе
Тыныс алу жүйесі. П.Негізгі бөлім
1 .Тыныс алу мүшелерінің қүрылысы.
2. Тынысалудың жүйке жэне гуморальды реттелуі.
3. Қолдан тыныс алдыру.
Ш.Қорытынды
Қорытынды
Пайдаланылған эдебиеттер

№5 Практикалық сабақ
I. Кріспе
II. Негізгі бөлім
1) Инфекциялық аурулар
2) Инфекцилық аурулардың түрлері
3) Инфекциялық аурулардың алдын алу жолдары
III. Қорытынды бөлім
№6 Практикалық сабақ
Сүйектер және олардың қосылыстары
№7 Практикалық
Жоспар
І.Кіріспе
Тыныс алғанда жұғатын жұқпалы аурулар.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Бұл ауруларды емдеу жолдары.
2. Тыныс алғанда жұғатын аурулардың зертханалық тәсілдері.
ІІІ.Қорытынды
№8.9 Практикалық сабақ
Жоспар:
I. Кіріспе
Зат алмасуы мен оның жас ерекшелігі.
II. Негізгі бөлім
1.Белоктің алмасуы
2.Май мен көмір суның алмасуы
3.Туздар мен судың алмасуы
4.Бауыр қызметі
III. Қорытынды
Зат алмаудың қоректік құрамы
Адам және жоғарғы сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрлым ұқсастығын, физика–химиялық, биологиялық қасиеттерінің орталығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.
1. Белоктық-пептидті қосылымдар (инсулин, глекогон, соматотропин т.б.);
2. Стереоидтар (бүйреккүсті безі қабынғаның және жыныс бездері гормондары);
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер- адренали, норадренали ). Гормондардың биосинтезі арнайы эндокриндік клеткалардың генетикалық аппараттарында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондардың белгілі бір гормандарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктармен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон альбумин және а–глобулинмен бірігеді, бұдан активтігі төмен байланысқан гормон формасы пайда болады.
Гормондардың құрлымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері (фрагменттері) әртүрлі қызымет атқарады . Актондар – гормонның клеткаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар – гормонның әсер етуі жерін , нысана клеткаларын іздейтін бөлік. Гормон құрлымының үшінші бөлігі активтілік дәрежесін және гормон молекуласының басқа қасиеттерін реттейді .Ағзалармен тканьдер, негізінен бауыр мен бүйрек клеткалары гормондардың сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен (Т ½) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің концентратциясы екі есе азаятын уақыт. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер-0,5-2,5 мин., инсулин-8-12 мин., альдесторондар -30-50 мин., кортизондар-70-90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды).
Гормондар құрамы мен әсер жағынан бірдей емес, яғни оларға бір қатар физиологиялық қасиеттері бар.
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без – біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 гр., балаларда (2 жасқа дейін) – 1,5-2 гр., қартайған шақтабасқа да ішкі сөлініс бездері секілді оның салмағы кішірейеді. Қалқанша безі тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гармондарды түзеді. Олар белокпен қосылып йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гармондар бөлініп, қанға өтеді. Эпителийлы беткей тіндерінде протоездардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гармондар босатылады. Қан плазмасында гармондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарында бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гармондардың жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет.
Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гармондардың 75%-ға жуығы белоктармен байланысқан қалпында ағып жүреді. Бұл тиреоидты гармондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді. Гармондардың тек бос тироксиннің белсенділігінен 6-10 есе жоғары.
Гармондардың күйрелуі быршама ақырын жүреді (2-4 тәуліктен кейін). Артық гармондар бауырда ферменттік күйрелуге ұшырайды. Бездің дәнекер тінді стромасында «ақшыл» жасуша немесе С-жасушалары деп атылатын ерекше түрі табылады, кейде оны орысша атына байланысты К-жасуша деп те атайды. Бұлар кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатын құрамында йод жоқ – тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гармондарын бөліп шығарады.
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемін 3-7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік дүйелер арқылы жүзеге асырылады.
1.Сәтбаева Х.Қ. (Жас ерекшеліктер физологиясы)

2.Өтепбергенов А.А. (Жас ерекшеліктер физологиясы)

3.Нілдібаева Ж.Б. (Жас ерекшеліктер физологиясы)

4.www.goole.kz. (Зат алмасу)

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің
барлық топтарға арналған

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ жинағы

Түркістан 2011

№1 Практикалық сабақ
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:
1. Ішкі сөлініс бездерінің физиологиялық қасиеттері
2. Қалқанша, қалқансерік, айырша, қарынасты, бүйрекасты бездері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Ішкі сөлініс бездерінің физиологиялық қасиеттері
Адам және жоғарғы сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрлым
ұқсастығын, физика–химиялық, биологиялық қасиеттерінің орталығын негізге
ала отырып, 3 класқа бөледі.
1. Белоктық-пептидті қосылымдар (инсулин, глекогон, соматотропин т.б.);
2. Стереоидтар (бүйреккүсті безі қабынғаның және жыныс бездері гормондары);
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер- адренали,
норадренали ). Гормондардың биосинтезі арнайы эндокриндік клеткалардың
генетикалық аппараттарында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің
әрқайсысы тек белгілі бір гормондардың белгілі бір гормандарды жасап
шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір
мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктармен қосылған күйде
болады. Мысалы, транскортизон альбумин және а–глобулинмен бірігеді, бұдан
активтігі төмен байланысқан гормон формасы пайда болады.
Гормондардың құрлымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері
(фрагменттері) әртүрлі қызымет атқарады . Актондар – гормонның клеткаға
арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар – гормонның әсер етуі
жерін , нысана клеткаларын іздейтін бөлік. Гормон құрлымының үшінші бөлігі
активтілік дәрежесін және гормон молекуласының басқа қасиеттерін реттейді
.Ағзалармен тканьдер, негізінен бауыр мен бүйрек клеткалары гормондардың
сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен
(Т ½) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің
концентратциясы екі есе азаятын уақыт. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың
жартылай ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер-0,5-2,5 мин., инсулин-
8-12 мин., альдесторондар -30-50 мин., кортизондар-70-90 мин., тироксин 4
тәулікте ыдырайды).
Гормондар құрамы мен әсер жағынан бірдей емес, яғни оларға бір қатар
физиологиялық қасиеттері бар.

Қалқанша без
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без – біршама
ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 гр., балаларда (2
жасқа дейін) – 1,5-2 гр., қартайған шақтабасқа да ішкі сөлініс бездері
секілді оның салмағы кішірейеді. Қалқанша безі тіні дәнекер тіннің жұқа
қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады.
Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гармондарды түзеді. Олар
белокпен қосылып йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат
фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан
гармондар бөлініп, қанға өтеді. Эпителийлы беткей тіндерінде протоездардың
әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гармондар босатылады. Қан
плазмасында гармондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарында
бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл
гармондардың жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет.
Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гармондардың 75%-ға жуығы
белоктармен байланысқан қалпында ағып жүреді. Бұл тиреоидты гармондардың
бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді. Гармондардың тек бос тироксиннің
белсенділігінен 6-10 есе жоғары.
Гармондардың күйрелуі быршама ақырын жүреді (2-4 тәуліктен кейін).
Артық гармондар бауырда ферменттік күйрелуге ұшырайды. Бездің дәнекер тінді
стромасында ақшыл жасуша немесе С-жасушалары деп атылатын ерекше түрі
табылады, кейде оны орысша атына байланысты К-жасуша деп те атайды. Бұлар
кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатын құрамында йод жоқ –
тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гармондарын бөліп шығарады.
Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан
ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемін 3-7 есе көп. Қанның мөлшері
жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық
қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі
торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық
және денелік дүйелер арқылы жүзеге асырылады.
Фолликула эпителий тіндерінде йод бар тиреоиодты гармондардың түзілуі
организмге бейорганикалық йодтың келуімен тығыз байланысты. Адам және
жануарлар оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су арқылы
алады. Тамақтанудың тіуліктік мізірінде оның орташа мөлшері 100-200 мг
болады. Организмде 30-35 мг йод бар, оның 15 мг қалқанша безінің құрамына
енеді. Сөйтіп, адамның және жоғары сатыдағы омыртқалылардың қалқанша безі 4
түрлі гармон бөліп шығарады:
1. тироксин
2. трийодтпронин
3. тирокальцитонин
4. катокальцин
Қалқанша безінің гармондары организм қызметтеріне кең түрде әсер етеді.
Тәжірибелі зерттеулер кезінде де, ішкі сөлініс бездерінің қызметі бұзылған
ауруларды бақылағанда, гармондардың жеткіліксіз немесе шамадан тыс көп
бөлінуі бұлардың қаншалықты ерекше әсер ететіндігін айқын көрсетеді.
Тиреодты гармондар әсерінің негізгі әсерлері бұлардың түрлі алмасу
үрдістеріне, өсу және дамуға ықпал етуіне, сонымен қатар көптеген бейімделу
әсерленістерге қатысуынан тұрады.
Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізетін әсері,
олардың калоригендік - жылу өндіру ықпалынан өте жақсы көрінеді.
Тиреоидты гармонжар жоқ кезде алмасу тыныштық қалпында да, қалыпты жағдайда
да 2 есе жоғарылуы мүмкін. Жылу өндіру нәтижесі жоғары сатыдағы жануарлар
мен адам организмінің барлық жасушаларында, әсіресе бауыр, бұлшықеті және
жүйке жүйесі жасушаларында айқын байқалады.
Гармондар зат алмасудың түрлі жақтарына, барлық ферменттерді
белсендіру жіне тотығу үрдістерін күшейту арқылы әсер етеді, әсіресе
белоктың синтезделуін және майлар мен көмірсулардың ыдырауын күшейтетін
митохондриялық үрдістердің тездетеді. Түрлі жануарлардың организмін зерттеу
арқылы олардың минерал алмасады реттеудегі тиреоидты гармондардың мәні анық
дәлелденген. Сөйтіп, тироксин жасуша ішіндегі және сыртындағы орталардағы
электролиттердің мөлшері айырмасының сақталып тұруына көмектеседі. Бұның
биопотенциял генерациялану кезінде үлкен мәні бар. Т3 және Т4 әсері сонымен
қатар тіндердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатуынан да тұратын олар
адреналин мен норадреналиннің гликогенолиздік жәнегиперликеиялық әсері
күшейтеді. Қалқанша безінің гармондары дененің өсуін реттейді, сондықтан
олардың жетіспеушілігін өсудің баяулауына соқтырады. Тиреоидты гармондардың
маңызы әсіресе төлдерден айқын көрінеді. Бұл гармондардың жетіспеушілігі
салдарынан жүйке жүйесінің қалыпты жағдайы бұзылып, даму және өсу
баяулайды. Жас кезіндегі өсу үрдісінде гипотиреоздан балалардың ақыл – ойы,
санасының дамуы бұзылады. Эмбриондық кезінде осы гармондар жетіспесе, ақыл-
ойдың мешеулігінің ауыр түрі (кретенизм) байқалады. Тиреоидты гармондар
метаморфоз (өзгеріс) үрдістеріне әсер етеді, бұны қосмекенділерден айқын
көруге болады. Итбалықтардың құрамында йод жоқ суға салғанда өзгеріс
болмады, яғни итбалық бақа күйіне ауыспайды, сол суға йод немесе қалқанша
без гармондарын қосқанда ол бірден бақаға айналып өзгеріс пайда болды,
екінші сөзбен айтқанда жануарлардың есейген түріне өтуі іске асты.
Қарастырылып жатқан гармондардың кейбір жануарлардың түк қабаты мен түлеуге
әсері дәлелденді. Қазақтың тәжірибелі аңшылары өздерінің аңшы құстар тез
түлеп, күш алуын, әрі құс көрікті болуы үшін жеміне қалқанша безінің
кептірілген тінін қосқан. Қалқанша безінің гипоқызметші салдарынан
жануарлардың түктері, құстардың қауырсындары көмеккіленіп, түсіп қалады.
Тері қатарланып кетеді.
Қалқанша без гармондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар
орталықжүйке жүйесінің дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді. Иттердің
безін алып тастағаннан кейін оларда шартты рефлекстердің қалыптасуы өте
қиын болады. Қалыптасқан шартты рефлекс келесі күні жойылып кетеді де, оны
жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал без қызметінің жоғарылуынан орталық
жүйке жүйесіне қозу тежелуден басым болады. Бұл – гипертиреоз кезінде
аурулардың өте эмоциялы болуының себебі қалқанша без қызметінің бұзылуынан
адам зейінінің бірқатар көрсеткіштер өзгереді. Қалқанша безінің үшінші
гармоны – тирокальционин. Бұл гармон бездің фолликула жанындағы
жасушаларынан бірден қан мен лимфаға фолликулалардан өтпей-ақ келеді, ол
тиреодты коллоидтың құрамында да жоқ.
Тирокальцитонинді денеде кальций сақтайтын гармон деп атайды. Ол қан
плазмасында кальций және фосфор иондарының деңгейін төмендетеді. Бұл
гармондар үшін бүйрек және сүйек тіндері жасушасына болады. Сүйекте
кальцитонин оның тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек тінін
бұзатын жасушалар – остеокластар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін
жасушалар – остеобластар қызметін сендіреді.
Қалқансерік бездер
Қалқансерік бездер (glandule parathyroid) аса үлкен емес эпителилі
құрылымы, саны 2-6, салмағы 20-50 мг., әдетте олар қалқанша безінің артқы
жағында, жоғары және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы
тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға сиппатикалық және
парасимпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны
паратгормон деп аталады. Паратиреоидэктомия – қалқансерік бездерін алып
тастаудың салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге болады.
Бездерді алып тастағаннан кейін алғашқы күндерітәбеті төмендеп, қатты
шөлдеу сезімі пайда болғаннан байқауға болады. Операциядан кейін 1-3 күн
өткен соң әуелі кейбір жеке бұлшықеттер тартылып, одан соң жалпы дененің
барлық бұлшықеттерінің ұзақ уақыт тартылуының дайындығы басталады. Оны
паратиреоидты тетания деп атайды.

Айырша без
Айырша без – тимус көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің
ішкі бетінде, жүрек ұясының (ортаңғы қабырғаның) жағында орналасқан.
Астыңғы жағы жүрек қабы – перикардпен, артқы жағы ірі-ірі қан тамырлармен
шектескен. Айырша безінің көзбен көріп, қолмен ұстау қиын, сондықтан ол
ойдағыдай зерттелмеген.
Без екі – қабық және ми қабаттардан тұрады. Онда екі түрлі жасуша бар
– лимфоид (ұсақ микроциттер) негізінен қабық қабатт, торлы жасуша астыңғы
қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға айналады, толда лимфоциттер
орналасқан. Бездің қандай қызмет атқаратыны тек соңғы уақытта зерттеле
бастады. Көкірек хирургиясының жедел дамуы осы безді алып тастауға
мүмкіндік береді. Бірақ арнайы әдіспен орнын ауыстырып салса, ол тез арада
ыдырап, бойға сіңіп кетеді.
Ғылым деректерге қарағанда өсу (есею) барысында, атап айтқанда
жеткіншік жынысына келіп, жыныс жетіле бастаған кезеңде без ұлғаяды. Жыныс
жетіліп болған соңол кері дамиды (инволюция) – құрамында безді құрылымдар
азаяды да, олардың орнын дәнекер тін басады.

Қарынасты безі (ұйқы безі)
Қарынасты (ұйқы) безі аралас сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі әрі
сыртқы сөлініс қызмет атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорту сөлін
өндіру қызметі жатады. Ішкі сөлініс Лангерганс аралшықтары атқарады.
Лангерганс аралшықтары ұйқы безінің негізінен ұш жағында және аздап басқа
бөлімдерінде орналасқан ерекше тін. Аралшық жасушалардың өзектері болмайды.
Ең алғаш аралшықты морфологиялық жеке құрылым ретінде 1863ж. Лангерганс
ашты. Лангенганс аралшықтарында 2 түрлі жасушалар бар альфа және бетта
(түйірлі жасуша). Олардың жалпы салмағы бездің 0,01%. Аралшық тіндерінің
салмағы аз болғанымен организмінің тірлігіне өте қажетті. Оның гипоқызметі
қантты диабет ауруын тудырады. Диабет деген исөз грекше тесіпр өтемін
деген мағынада. Осы сөз бұл аурудың дәл негізін көрсетеді. Шынында, қант
жасушалық тіндік кедергінің бірінен өтіп көп мөлшерде сыртқа шығады. Диабет
ауруының клиникасы жақсы зерттелген.

Бүйрекүсті бездері
Бүйрекүсты бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың
салмақтары 6-12гр. әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты
қабат без салмағының 45, милы 15 бөлігін алып жатады. Милы және қыртысты
қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі жағынан
әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше. Бүйрекүсті бездерінің
салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануарлардың екі безін
де салып алып тастаса 7-10 күннің ішінде өліп қалады. Мұндай жағдайда
жануар еттері әлсіреп тартып ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан тағару
қызметтері нашарлайды қантамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны
қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады.
№2
Практикалық сабақ

Оқу бөлмелерінде ауаның физикалық, химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Сыртқы ортаның организмге әсері. Организмнің дұрыс дамып еңбек етуіне
қажетті сыртқы ортаның қолайлы жағдайлары - оқушылардың денсаулығын
сақтауға, күшейтуге арналған шаралардың бірі.
Адам организміне сыртқы ортаның көптеген жағдайлары әсер етеді.
Олардың қалыпты шамада өзгеруі денсаулықты бұзбайды, себебі әрбір организм
сол өзгерістерге жүйкелік және гуморальдық тетіктер арқылы бейімделіп
отырады. Сыртқы ортаның - әсерлерін дұрыс пайдалана отырып, адамның
денсаулығын жақсартып, оның қорғаныс және еңбек қабілеттерін күшейтуге
болады. Мысалы, суықтың әсерін дұрыс пайдаланып, организмді шынықтырып,
оның салқынға төзімділігін арттыруға болады. Шынықпаған жағдайда сыртқы
ортаның жағымсыз әсерлері адамның сырқаттануына себеп болуы мүмкін.
Сыртқы ортаның әсерлерін химиялық, физикалық, биологиялық,
психогендік, әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топтарға бөледі.
Химиялық әсерге ауаның, судың, топырақтың, азықтың құрамындағы
заттар жатады. Олардың көпшілігі адам организмінің қалыпты тіршілігіне,
денсаулығына қажет. Бірақ ол заттар қажетті мөлшерден асса не азайса,
сырқаттың пайда болуына себеп болады. Мысалы, тамақтың құрамындағы
йод жеткіліксіз болғанда эндемиялық зоб ауруының пайда болуы немесе
таулы жердегі ауаның құрамында оттегі аз болғандықтан биіктік ауруының,
немесе ауада көмірқышқыл газы, хлор т.б. заттар көбейгенде адамның улануы
мүмкін.
Физикалық әсерлерге температуралық, ылғал, ауа козғалысы, атмосфералық
қысым, күн радиациясы, айқай-шу, әлектромагниттік өріс т. б. жатады.
Бұлардың да көпшілігі организмнің өмір сүруіне қажет. Ал қажетті мөлшерден
артық болған жағдайда, мысалы, ыстық ауада күннің өтуі, айқай-шудан керең
болу, не құлақтың мүкістенуі т. с. с, жағымсыз әсер етеді.
Биологиялық әсерлер - ауру тудыратын микроорганизмдер,
вирустар, құрттар т. б. олар денеге әсер етсе, түрлі инфекциялық, паразитті
ауруларды тудырады.
Психогендік әсерлерге сөз, ұжымдық қарым-қатынас тәрізді адам
қоғамындағы түрлі әлеуметтік жағдайлар жатады. Олар адамға жағымды не
жағымсыз көңіл-күй тудырып, организмін өзгерістерге ұшыратуы мүмкін.
Әлеуметтік әсерлер - еңбек, үй тұрмысы және саяси әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар. Бұлар физикалық, химиялық, биологиялық және
психогендік әсерлермен байланыса отырып, олардың адам организміне әсерін
күшейтеді. Ғылыми зерттеулер арқылы кейбір аурулардың халыққа көп тарауы
қоғамдық әсердің ықпалынан екені танылып отыр. Мысалы, құрт ауруының,
нервтік психикалық аурулардың ауқатты адамдарға қарағанда жағдайы төмен
кісілердің арасында көп кездесетіні мәлім. Дегенмен организмге тек сырткы
орта ғана әсер етіп қоймайды, адамның өзіне де байланысты. Денсаулықты
сақтау, оны күшейту және үй тұрмысын, тамақтану, еңбек
жағдайларын жақсарту үшін адам өзіне пайдалы жағымды өзгерістерді тудырады.
Басқа организмдерге қарағанда адам саналы түрде физиологиялық, әлеуметтік
қажеттерді өзгерту арқылы сыртқы ортаның өзгерістеріне белсенді
бейімделеді.
Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектептің орналасқан жер оқитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға
дейін болады (1-кесте).
Мектеп кешенінің құрылысы, жері калалық және ауылдық әкімшілік
үкімімен бекітіледі де, мектепке арналған жерді босату мерзімі шешіледі.
Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1 -2 км, ауылда 3 км-ден аспауы
керек. Ауылдық жерде балалар алыс тұратын жағдайда әкімшілік орындары
оқушыларды таситын көлікпсн қамтамасыз етеді.
1-кесте
Мектеп жерінің ауданы
Мектеп Оқушылар саны Мектеп
Бастауыш 40-80 0,5-0,8
Орта мектеп 192-320 1,2-1,7
392,464,624 2,0
784-1176 2,2-8,0
1180-1568 3,0
1960 4,0-6,0
Мектеп-интернат 280 2,0
370 2,2
560 2,5
400 3,2
Кәсіптік оқу орыны 400-ден артық 4,0-6,0

Мектеп территориясы тұрғын үйлерден, балалардың денсаулығына зиян
келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт
жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол,
таза жерден орын алады. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50 %
өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе
алаңдарына пайдаланады.
Мектел ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетіндс 15 м қашықта
салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалады.
Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе,
спорт және шаруашылық зоналары.
Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) мектеп кешенінің көше жағында орналасады. Ол
мектепті транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі
ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің
көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Мектеп
терезелері мен бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5
м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, есе келе терезелерді көлеңкелеп,
сынып бөлмелерінің жарығын азайтады.
Д е м а л ы с аймағы (0,2-0,3 га) мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста
желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады.
Шаршаған, аурудан жаңа тұрган әлсіз балалардың демалуына қажетті орыңдықтар
қойылады. Демалыс аймағында балалардың денесіне зиян келтіретін өткір
бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру
керек.
Оқу-тәжірибе аймағында (0,2-0,4 га) метеорология саймандары, биология,
география пәндеріне қажетті тәжірибе аландары орналасады. Оқу-тәжірибе
аймағы мектеп ауласының шетінде немесе мектеп кешенесінің қабырғасына жақын
жерде орналасады. Бұл жерде ауа райын аныктауы қажетті аспаптар, яғни
желдің бағытын анықтайтын флюгер, ылғалдылық пен ауа температурасын
өлшейтін аспаптар болады, кейбір мектептерде география пәніне қажетті
шұңқырлар, ботаника пәнінің тәжірибе алаңы, кейбір мектептерде (көбінесе
ауылды жерде) көжектер өсіретін бұрыш т. б. орналасады.
Спорт аймағы (0,1-1,07 га) мұнда дене шынықтыру пәніне және спорт
ойындарына қажетті алаңдар орналасады. Оның жері мектеп кешенінің
терезесінен ең кем дегенде 10 м қашыкта болу керек. Көпшілік мектептерде
спорт аймағына 5800-7900 м2 , тек кейбір мектептерден ғана 4900-10700 м2
жер бөлінеді, яғни мұның да жері оқушылардың санына лайық беріледі. Барлық
мектептердің жеңіл атлетика (4900 м ) және
гимнастика (600 м2 ), баскетбол мен волейбол (480 м2 ) алаңдары, ал ірі
мектептерде (1176-1960 орындық) футбол немесе баска спорт ойындарына
арналған алаң (2960 м2) болады.
Көпшілік ауыл мектептерінде үлкен спорт алаңдары (волейбол, баскетбол,
футбол) ауыл шетінде жеке орналасады. Бұл алаңдардың тегіс, шөптесін жерде,
шаңы аз жерде орналасып, транспорт жолдарынан алыс, ауылшарушылық
құрылыстарынан, мал қоралардан аулақ балғаны дұрыс. Спорт алаңдарын
тастардан, ағаш бұтақтарынан, шыны сынықтарынан тазартып, балалардың
денесіне зиян келтірмеу жағына көңіл бөлу керек.
Шаруашылық аймағы(500м2) мектеп ауласының алыс түкпірінде балалардың
жүретін жолынан демалыс орындарынан қашық орналасады. Бұл аймақтың жері
мектептің басқа аулаларынан аласа бұтақты өсімдіктермен қоршалады. Оған
келетін жеке транспорт жолы болуы тиіс. Мұнда түрлі қоймалар, мектеп
гаражы, қосымша дәретхана, сыпырынды жәшіктері, өрт кауіпсіздік
жабдықтарының бұрышы т. б. шаруаға қажетгі құрылыстар болады. Мұңдағы
дәретхана мен сыпырынды жәшіктері мектеп кешенесінен кемінде 25 м қашық
орналасады. Олардың маңайы егілген ағаштармен немесе шағын қоршаумен
бөлінеді. Дәретхана мен сыпырынды жәшігі тұрған жерге келетін тазалық
транспортының қатынасуына қажетті жеке жолы болуы керек. Шаруашылық
аймағының таза, ұқыпты ұсталуына шарушылық меңгерушісі мен мектеп директоры
жауапты. Мектептің медицина қызметкерлері оның тазалығын мезгіл-мезгіл
тексеріп, бақылап отырады, себебі дәретханалар, сыпырынды жәшіктері,
транспорт жолдары түрлі инфекцияны оқушыларға жұқтыруға себеп болуы мүмкін.
Мектеп ғимаратын салғаңда оның оқу бөлмелерінің терезелерін
оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал косымша бөлмелерінің терезелерін
терістікке қаратып салады. Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша
бөлмелер деп екі топқа боледі. Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін
кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия
пәндерінің лабораториялары жатады. Қосымша бөлмелерге әкімшілік және
балалардың денсаулығын сактауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем
көрсету бөлмесі, методикалық бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп
музейі, оқушылар мен мұгалімдердің демалыс орындары т. б. жатады. Олардың
ішінде, әсіресе сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің гигиеналық талапқа
сай келуіне көбірек көңіл бөледі.
Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері. С ы н ы п б ө л м е л е р
і мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен және оқушылардың демалыс
бөлмелерімен жалғасады. Бастауыш сыныптар мектептің жеке қабатында, ондағы
бірінші, екінші сынып бөлмелері төменгі қабатта орналасқаны жөн. Кабинеттік
жүйеге ауысуға байланысты әр пәнге екі-үш кабинет бөлінеді.
Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50-60 м , яғни әр
оқушыға 1,25-1,50 м2 есебінен анықталады. Бөлменің ұзындығы 8-8,2 м2, ені
5,6-6,2 м2 мөлшерінсн аспау ксрек. Егер ұзындығы 8,2 метрден артық болса,
соңғы қатардағы оқушылар тақтаның касында сөйлеп тұрған мұғалімді және
оқушыны анық ести алмауы мүмкін және ондай жағдайда балада алыстан көру
қабілеті қалыптасады. Ал аз болса, қажетті мөлшердегі парталар симайды. Ені
6,2 метрден кең болса, есікжақтағы қатардың оқушыларына терезе жарығы
жеткіліксіз болады, үш катар парталар сыймайды. Бөлменің биіктігі 3,5 м
болғанда балалардың денсаулығына қажетгі ауа мөлшері жеткілікті болады:
жасына лайық ауа мөлшері мен оның тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа
көбіне бөлменің үстіңгі жағында болады да, оқушыларға жағымсыз әсері
азаяды. Егер одан аласа болса, бөлменің ауасы тар болады. Осыған байланысты
соңғы кездегі гигиеналык талаптар бойынша бөлменің биіктігі 3,5 метрден кем
болмауы керек. Мұндай жағдайда әр балаға қажетті 15 м3 ауа молшерін
қамтамасыз етеді, ал соңғы кезге дейін пайдаланып келген 3,1 м биіктік
қосымша ауа желдеткішін қажет етеді немесе ондай бөлмеде сағатына 3 рет
терезелерді ашып ауаны желдетіп тазарту керек. Әрине, оқу барысында ондай
мүмкіндік болмайды да, балалардың денсаулығына зиян келеді.
Сыныптар мен кабинеттердің қабырғаларын ақ балшықпен, немесе
ізбеспен, немесе арнайы эмульсиямен жылына 1 рет әктеп отыру керек.
Бөлменің жоғарғы жағын сырлы бояумен бояуға болмайды. Себебі ол құрылыс
материалдарының тесікшелерін бітеп, ауаның табиғи жолмен алмасуына кедергі
болады. Қабырғаның төменгі жағын биіктігі 1,1-1,8 метрге дсйін ақшыл сырлы
бояумен сырлауға болады. Эмульсиялармен әктегенде бүкіл қабырғаны ағартып,
панельді сырлайды.
Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын
тудыру үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Бөлме ауасының температурасы 17-21
°С, ылғалдылығы 40-65 % ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15-0,25 мсек, әр
балаға шамамен 15 м ауа болғаны жөн.
Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы тиіс. Терезелер
кең, күн сәулесі мол түсетіндей ашық әрі таза, шынысы жұка біртегіс болуы
керек. Терезелердің алдына ұзын сабақты үй өсімдіктерін қоюға болмайды:
олар жарықты көлеңкелеп, мөлшерін азайтады. Терезенің төменгі жақтауы
еденнен 60-70 см, ал жоғарғы жақтауы мен төбенің арасында 15-30 см аралық
болғанда, бөлмеге жарық түсіру мүмкіндігі толық пайдаланылады. Терезеден
далаға көз салғаңда әйнектің 23 бөлігінен аспан көрініп түрса, табиғи
жарықтың мөлшері дұрыс болады. Сыныптағы терезені бөлменің ауасын тазарту
үшін де пайдаланады. Ол үшін терезенің жоғарғы жағынан ашпалы-жаппалы
желдеткіш жасайды. Олар бөлменің биіктігі 3,5 метрден аз болғанда үнемі
ашық тұру керек, тіпті қыс ішінде бір желдеткіш сәл ашық тұрғаны жөн.
Сыныптағы табиғи жарық коэффициент 1,5-2 %, яғни 1:4 қатынасындай
болу керек; мұнда 1 - терезелердің аудаңдарының қосындысы, ал 4 еденнің
ауданы. Бөлмедегі ашық түсті жиһаздар жарық коэффициентін көбейтеді.
Мысалы, парталардың беті ақшыл көк, акшыл жасыл, ақшыл сары түске боялғаңда
жарық коэффициенті 2 есе артады. Жарық коэффициенті формула бойынша есептеп
шығаруға болады:
К жарық = S t x E
S e 7 •
Мұндағы St - терезенің ауданы, Е - терезенің саны, Sе — еденнің
ауданы. Сыныптағы табиғи жарық мөлшері әр партаға 150 люкс пен кем
болмауы керек.
Күн бұлтты болғанда, қыс күндсрі табиғи жарык жеткіліксіз болады, сондықтан
бөлмелердің қосымша электр жарық шамдары болуы тиіс. Жарық шамдарының
көлеңкесіз біркелкі жарық беруі үшін олардың сыртында жарық сейілдіргіштері
болуы кажет. Жарық сейілдіргіштер ақ түсті шыныдан, немесе жұқа қаңылтырдан
немесе пластинкалардан жасалады. Олардың пішіндері әр түрлі: айналмалы
дөңгелектер, төрт бұрышты табақшалар немесе шыны плафондар т. б. Жасанды
жарықтың мөлшері пайдаланатын электр шамына байланысты. Электр шамдарының
жарық мөлшері әр партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесцентгік
шамдардың жарығы 300 люкс. Соған байланысты әлектр шамдарын 2 немесе З
қатар етіп, қуаттылығы 300 вт 7-8 лампа ілінеді. Ал люминесценттік
шамдарының қуаттылығы 40 вт 12 шам орнатылады.
Мектеп лабораторияларының мөлшері 66-70 м2 , яғни әр оқушыға; 1,5-1,75 м2
есебінен анықталады. Лабораториялар мектептің әр секциясында бірінің
үстінде бірі болса, онда ең үстіңгі қабатта химия лабораториясы орналасады.
Мұндай жағдайда бөлмелерге су жеткізу, ауа сорғыш шкафтарды орналастыру
және басқа лабораторияларға қажетті жағдайларды жасау жеңілденеді. Әрбір
лабораторияға шектес 15-24 м кішірек препаратор бөлмесі болады.
Лабораториялардың микроклиматына деген гигиеналық талаптары сынып
бөлмелерімен бірдей болуы тиіс
Мектеп шеберханалары екі түрлі болады: біріншісі ер балалардың,
екіншісі қыз балалардың еңбек сабақтарына бейімделген арнайы бөлмелер.
Шеберхана бөлмелерінің ауданы 50-60 м2 (әр оқушыға кемінде 3,3 м2
есебінен), оның қосымша ауданы 15-16 м2 еңбек сабағының мұғаліміне арналған
бөлмесі болады. Мектептің арнайы жобасында шеберхана болмаған кезде көбіне
мектеп ауласынан ер балалар шеберханасына арнап бөлек үй салады.
Шеберханалар кең, іші жарық, тазартуға ыңғайлы болуы тиіс. Қажетті құрал
жабдықтары (станоктар, іс мәшинелері, компыотерлер, верстактар) терезе
бойына орналастырылып, олардың оқушыларға қауіпсіз болуына көп көңіл аудару
керек. Шеберханалардың микроклиматы, жарығы, ауасы гигиеналық талапгарға
сәйкес болуын қадағалап отыру керек. Дене еңбегімен шұғылданған жас баланың
денсаулығына зиян келтірмеуін ойластырған жөн. Шеберханадағы станоктар мен
оқушының көз деңгейінің арасы 45 см болуы тиіс. Оны мынадай әдіспен
анықтауға болады: оқушы станокқа бүйірінен тұрғанда оның төмен қарай
созылған қолының алақандары верстактың үстіңде орналасса, баланың жұмыс
істеуіне қолайлы болады. Аласа бойлы балалар үшін верстак пен станоктың
жаныңда арнайы аяқ қойғыштары болады. Шеберханадағы аспаптар балалардың
жасына және бойына лайық орнатылғаны жөн. Ересек адамдарға арналған
аспаптармен жұмыс істегенде, балаларға ыңғайлы болмағандықтан, олар тез
шаршайды. Шеберханада оқушыларға арнайы киім (халат, алжапқыш, қолғап,
темір ұшқындарынан қорғайтьн көзілдірік т. б.) кигізіп, олардың киім және
дене
тазалығына қажетті жағдайларды туғызады.
Балаларға өте ауыр жүкті көтеруге болмайды. Тек қана баланың жасына
лайықты мөлшерде ғана жүк тасуға болады. 5-8 жаста - 4 кг, 9-10жаста - 6
кг, 10-12 жаста - 10 кг, 13-15 жаста - 14 кг, 16-17 жаста - 24 кг жүкті
көтеруге болады.
Тез қозғалатын бөлшектері бар станоктармен, электр аспаптарымен
жұмыс істегендс жұмыс қауіпсіздігін мұқият сақтаған жөн.
Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минут сайын 2-3
минуттай, ал жоғарғы сынып оқушылары 40-45 минуттан соң 10-15 минут үзіліс
жасап отыруы керек. Еңбек сабағының мұғалімі жұмыс кезінде балалардың,
әсіресе іс тіккен, тоқыма тоқыған қыз балалардың денесін дұрыс ұстауына
көңіл бөлуі қажет.
Жастар үшін таза ауада ауылшаруашылық еңбектерімен шұғылдану өте
пайдалы, бірақ балаларға ыстықта күн өтпейтін жағдайды қарастыру керек.
Ашық ауада еңбек ету үшін жаздың ыстық айларында таңғы 7-11 сағат, кешкі 17-
20 сағат аральтғы қолайлы. Ауыл шаруашылық жұмысында 5-6-сынып оқушылары -
2 сағат, 7-8-ші сыныптағылар - 4 сағат, 9-11 сынып оқушылары -6 сағаттан
еңбек етсе жеткілікті. Оқушылардың ой өрісін кеңейтуге көмектеспейтін,
денсаулығына зиян келтіретін, мысалы, мал қора тазалау, ауру малды күту,
бағу, улы химикаттармен жұмыс істеу сияқты жұмысқа салуға болмайды.
С п о р т з а л ы н ы ң ауданы мектептегі оқушылар санына сәйкес әр
оқушыға 4 м2 есебінен бөлінеді: 192, 320, 624 орындық мектептерде 162 м
(9x18), 784 және 1176 орындық мектептерде 288 м (12x24),
одан ірі мектептерде 2 зал: 1568 орындық мектепте 144 м (12x12) және 288
м
(12x14), ал 1960 орындық мектепте 144 м2 және 450 м (15x30) залдар болуы
керек. Спорт залдарының биіктігі 5-6 м. Спорт залының қосымша бірнеше
бөлмелері болады: ер балалар мен қыздарға арналған және киім шешетін
бөлмелер. Спорт залына шектес спорт жабдықтарының кішкентай қойма-бөлмесі
болады.
Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп орналасады. Оның есігі
жеке дәліз арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді.
Спорт залының жылылығы 15-17 °С, киім шешетін бөлмесінде 19-22 °С. Спорт
залдарына, жабдықтарына арналған талаптар бойынша спорт жабдықтары
балалардың жасына және бойына лайық болу керек.
Барлық мектептердің үлкен м ә ж і л і с залы болады. Кейбір жаңа
мектептерде ғана оған шектес кино, радио аспаптарына арналған косымша шағын
бөлме болады. Оның ауданы шамамен 12 м 2 демалу орындары әрбір оқушыға 0,42-
0,75 м есебінде беріледі. Демалыс орындарына арнайы бөлмелер, дәліздердің
кең жерлері, оқушылар бұрышы т.с.с пайдаланылады.
Мектеп кітапханасы меноқк және дайындалу залына әр оқушыға 0,05м
есебінен орын береді.
Оқушылардың тамақталу орындарына асхана, буфет, ас дайындау бөлмесі, ас
коймасы, ыдыс жуатын орын балаларды толық (100 %) тамақтандыруға сәйкес
болу керек. Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м есебінен бөлінеді.
Мұндай асхана төрт кезекпен барлық оқушыларды толык тамақтандыруға
арналған.
Ж у ы н а т ы н бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қабатында
орналасады. Бұл бөлмелердің ауданы әрбір оқушыға 0,12 м2 есебінен бөлініп
алынады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны 12 м2 болады. Мектеп
қызметкерлерінің жуыну орыны мен дәретханасы оқушылардан бөлек болуы тиіс.
Жуынатын бөлме мен дәретханалардың едені су сіңірмейтін, аяқ таймайтын,
оңай тазартылатын болады. Және күшті дезинфекциялау химикаттары мен ыстық
судың әсеріне төзетін құрылыс материалдарынан, көбінесе қыш немесе
полимерцемент плиталардан жасалады. Бұл бөлмелердің қабырғасын толық немесе
тек кана панелін ақ түсті немесе көкшіл қыш шыны, полистироль тәрізді су
өткізбейтін плиталарметі қаптайды.
Мектеп кешенінің басқа бөлмелері 10-25 м2 есебінен алынады. Оның
ішінде директордың кабинеті екі бөлімнен тұрады: қабылдау және
кабинет. Мектеп директорына келетін ересек адамдар түрлі жұқпалы
ауруларды таратуға себепші болуы мүмкін, сондықтан оның кабинетін мектеп
кешенесінің есігіне жақын бірінші қабатта немесе екінші
қабаттың баспалдағына жақын орналастырады.
Оқу бөлімін меңгерушісінің бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі сыныптар мен оқу
кабинеттеріне жақын, қолайлы жерден орын алады. 8-10 м шағын бөлмені барлық
мектептерде дәрігерге береді, ал ірі мектептерде оған қоса тіс емдеу
бөлмесіне 12 м кабинет береді.
Мектеп кешеніндегі баспалдақтар ең кемінде екеу немесе үшеу болады.
Баспалдактың әрбір сатысының ені 30 см, биіктігі 16 см. Баспалдақтар жарық,
оқушылардың жүруіне ыңғайлы болу керек. Баспалдақтар бұрылысында қосымша
жарық көзі орналастырылады.
Мектеп жиһаздары мен жабдықтарына койылатын гигиеналық талаптар
Мектепті жабдықтау. Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес
еркін жұмыс жасауға ыңғайлы болу керек. Олардың сырт көрінісі, түсі көзге
ұнамды, бөлшектері тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян
келтірмейтіндей болып, сыныпта дұрыс орналасуы қажет. Жабдықтардың бояуының
түсі оқушылардың көңілін жадыратып, жарықты аз сіңіріп, бөлмедегі жарық
коэфффициентін төмендетпейтіндей болуы тиіс.
Парталар. Мектеп парталары- сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Еліміздегі
қазіргі, мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Ертеден
келе жаткан Ф. Ф. Эрисман партасы іспетті отырғышы бірге орнатылған екі
орынды парталар көбінесе басгауыш сыныптарда колданылады. Ол парталар
"мектеп парталары'1 деген мемлекетпк стаңдартқа орта шамамен алған
балалардың дене көрсеткіштеріне байланысты өлшемде жасалады. Парталардың
негізі ағаштан немесе металдан жасалады.
Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі және отырғышы. Парта үс телінің
беті жөне отырғышы ашық ақшыл түсті бояулармен боялып, металл қаңқасы
әбден тегістеледі. Оның бөлшектері оқушы денесінің пропорциясына
негізделген. Ертеректе жиі қолданылған қара, қою қоңыр, кою жасыл түске
партаны бояу қазіргі гигиеналык талапқа сай болмай шықты. Ондай түстер
жарықты көп сіңіріп, бөлменің жарық мөлшерін азайтады да балалардың көңіл-
күйі жабырқау тартады.
Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап
оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы.
Үстелдің ұзыңдығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы иісті
еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның
дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта
отырғышының арасыңдағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы
оқушы отырғанда денесін тік ұстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы
болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау
керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс сақталмаса, оқушының омыртқа
сүйектері қисаяды, дифференция биік болғаңда оң жақ сколиоз, дифференция
аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады.
Парта отырғышының тереңдігін баланың санының 23 бөлігіне сәйкес жасайды.
Мұндай тереңдік ыңғайлы, орнықты отыруға қолайлы. Отырғыштың еденнен
биіктігі 32-47 см, тереңдігі 29-38 см, арқалығының биікгігі 18 см. Оқушының
дұрыс отыруын қамтамасыз ететін парта үстелі мен отырғышының басты-басты 3
көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және
отырғыш дистанциялары.
Парта отырғышының арқалық дистанциясы үстелдің оқушы жақ шетінен отырғыштың
арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне
байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің
шегіңде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз
болғанда окушының кеудесі үстелдің шегіне тіреліп,
жазуды еңкейіп жазады да, омыртка сүйектері қисық өседі және көздің
қызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды.
Парта о т ы р ғ ы ш ы н ы ң д и с т а н ц и я с ы да парта үстелінің оқушы
жақ шеті мен отырғышының алдыңғы шетінің арасындағы аралықты айтады. Ол 3
түрлі болады: нөлдік, оң жене теріс дистанция. Егер үстелдің шеті мен
отырғыштың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, отырғыш дистанция н о л
дік, арасында аралық болса оң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса
- т е р і с дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша
оқушылардың дұрыс отыруына 4-5 см теріс дистанция колайлы.
Парта кақпағының ішкі жағына оның өлшемі көрсетіледі. Ескі номенклатура
бойынша орта мектептерде пайдаланатын парларды оқушылардың бойына сәйкес
топқа N6 -N12 бөледі.
Қазіргі жаңа номенклатура бойынша оқушыларға арналған үстелдер
мен парталар 5 топқа бөлінеді.
А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балалар үшін,
Б тобы бойы 130-145 см,
В тобы бойы 145-160 см,
Г тобы бойы 160-175 см,
Д тобы бойы 175-190 см балаларға арналған
Бұл өлшемдер парта қақпағының астына немеее отырғышының астыңғы бетіне
жазылады. Мысалы, А130. Әр топтарға мынадай түстер бекітілген: А — сары;
Б - қызыл; В — көкшіл; Г — жасыл; Д — ақ түсті. Әр мұғалім өзінің сынып
бөлмесіне парталар таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының
ұзындығына сәйкес тандап алуы тиіс.
Сыныптағы парталарды о р н а л а с т ы р у . Бастауыш
сыныптарда парталарды 3 қатар орналастырады. Әр қатарда 6-7 партадан
болады. Жоғарғы сыныптарда көбінесе 2 қатардан қояды. Шеткі парталар мен
қабырға аралығы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, , алдыңғы парталар мен
тақта аралығы – 2,4 -3 м, соңғы парталар мен тақта аралығы – 8 м.
Партада отыру ережесі.
Оқушының партада отыру ережесі бойынша оқу жылының басында сынып жетекшісі
оқушыларды дене ерекшеліктеріне сай отырғызады. Әрбір тоқсан сайын
балалардың дене ерекшеліктерін ескере отырып, 1-ші қатар мен 2-ші қатардағы
алдыңғы парталар мен соңғы парталардағы балалардың орнын ауыстырып
отырғызған жөн. Партада немесе үстелде отырғанда оқушының денесі тік
орналасып, орындыққа терең отыру керек. (1-сурет). Кітап окып, қағаз
жазғанда баланың басы сәл алға еңкейеді. Оның көзі мен қағаз аралығы 35-40
см шамасында болу керек. Оқушының арқасы орындық арқалығына сүйеніп
отырғанда оның бел омыртқасы, сегізкөз сүйектері мен жауырынының төменгі
бұрыштары орындық арқалығына тиіп тұрады. Ұршық жәнс тізе буындары тік
бұрыш жасап бүгіледі, аяқтары еденге немесе партаның аяқ қойғышына
тіреледі, білектері үстелдің үстіңде еркін орналасады.
Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигиеналық талаптар. С ы н ы п
т а қ т а с ы - оқу бөлмесінің ең қажетті жабдықтарының бірі. Такта
бөлменің алдыңғы кабырғасының дәл ортасында бастауыш сыныптарда еденнен 75
см, 5-7 сыныптарда - 95 см жоғарғы сыныптарда - 100 см биікте ілінеді.
Тақтаның ұзындығы көбінесе 3 м, ені 1,2 м, беті біртегіс, бірақ өте жылтыр
емес, түсі - қоңыр немесе қою жасыл болады. Сызу-сурет сабағының бөлмесінде
ғана қара бояумен сырлауға болады. Тақтаның негізі — линолеум, релин
пластмасса, жұқа тақтай іспетті жеңіл, тегіс, су сіңірмейтін материалдардан
жасалады, ал оның жақтауын ағаштан не жеңіл металдан жасайды. Тақтаның
жақтауының төменгі шетіне бор ұнтактарын жинайтын жіңішке астауша не жүк
тақтай орнатады да бір шетіне бор, су шүберек коятын кішкентай қорапшаны
бекітеді. Тақтаның тұсына арнайы жарық шамын іліп қосымша
300 вт шам

дисплейіне тікелей түсіп, шағылыспайтындай етіп орналастырады.
Сыныптағы шкафтар артық көрнекі құралдар мен оқулықтарды сақтау үшін
қажет. Дегенмен шкафтар көп орын алмайтын, бөлмені тарылтпайтын ықшам
болғаны жөн. Әр сыныпқа 2-3 шкаф жеткілікті. Олар сол сыныпта оқитын
балалардың бойына лайық, денесіне зиян келтірмейтін, көңілге жағымды болу
керек. Шкафтарды бөлменің артқы қабырғасына орналастырады. Соңғы жылдары
салынған мектептерде қабырғада жасалған шкаф-нишалар
пайдалануға өте ыңғайлы.
Мұғалімнің үстелі мен орындығының мөлшері ересек адамға арналған,
отырып түруға қолайлы болу керек. Ол терезе жақтағы парта қатарының
алдында немесе ортада орналасады. Оқушы партасы мен мүғалім үстелінің
арасында кемінде 15-20 см аралық қалдырады.
Кейінгі кезде оқу-тәрбие жүмыстарында оқу-техника құралдарын жиі
пайдалануға байланысты оларды орналастыру гигиенасы пайда болды. Оқу-
техника құралдары, яғни киноаппарат, диапроектор, теледидар, магнитофон,
радиоаппараттар т. б., шамадан көп болып, бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаң
жинамайтын жағдайларды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде
шкафтарда немесе арнайы бөлмелерде сактау керек. Диафильмдерді 7-15 минут,
кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минуттан артық корсетуге
болмайды.
Соңғы кезде оқу-техника аспаптарын жеке кабинетке орналастырып,
мүғалімдер кезекпен пайдаланатын жағдай тудыруда. Ондай кабинеттер үлкен,
15-20 оқушы сиятыңдай болуы тиіс. Бүл бөлмелердің есік-терезелері мықталып,
кілті арнайы лаборанттың жауапкершілігінде болады. Согғ і кезде информатика
пәнін өтуге байланысты мектепте 1 немесе 2 кабинетке компьютерлер
орналастырады. Компьютерлерді терезеден түсетін жарык
дисплейіне тікелей түсіп, шағылыспайтындай етіп орналастырады. Әрбір
компыотердің арнайы 1 кісілік орындықтары болуы тиіс. Бүл бөлмеге
информатика мүғалімі жауапты болады.
Мектеп лабораториясының жабдықтарына бір немесе екі кісілік
лабораториялық үстелдер мен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі
жатады. Онда көп орынды үстелдерді қоюға болмайды, себебі одан
әрбір оқушының еркін жұмыс жасауына қолайсыз болғандықтан, балалардың
жарақаттануына себеп болады. Тар жерде химиялық ыдыстар сынып, ондағы
ерітінділер оқушылардың киіміне, денесіне зиян келтіреді. Тәжірибелерді
дұрыс орындау үшін бір кісіғе 65-70 см кеңістік қажет, сондықтан
лабораториялық үстелдердің ұзындығы 130-140см, ені 60 см, биіктігі 75-76
см болады. Үстелдің кітап, дәптер салатын орны немесе тартпасы болады.
Үстелдерді 3 қатар етіп орналастырады. Қатар аралығы кемінде 70 см.
Лабораториялық үстелдерді орнықты бекітіп, оған су, электр сымы өткізіледі.
Химия лабораториялардағы үстелдер ыдыстарды қоюға ыңғайлы, орнықты болуын
көздеп арнайы сөре және 3 жақ шетінде кедергі тақтайша (биіктігі 7-15 см)
орнатылады. Үстелдің үсті қышқыл-сілтілерге төзімді заттардаң жасалады және
ол тәжірибелердің нәтижесін жазуға колайлы болуы тиіс.
Физика лабораториясындағы үстелдердің беті тегіс, саңлаусыз, төгілген
заттардың бөлшектерін жинауға қолайлы, әлсктр сымдары қауіпсіз, аспаптар
сыртына әлектр өткізбейтін болуы тиіс.
Лабораториялардағы орындықгар үстелдердің биіктігіне сәйкес алынады:
отырғыштары еденнен 44-46,5 см.
Демонстрациялық үстелдің ұзыңдығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см.
Үстел лабораториялық бөлменің алдыңғы жағында сәл биіктелген арнайы орында
тұрақты бекітіледі.
Түрлі аспаптарға, ерітінділерге арналған шкафтарды лабораторияның
қосымша препараторлык бөлмесіне орналастырады. Шкафтардың ішіне улы
заттар, күшті сілтілер мен қышқылдар сақтауға болмайды. Оларды арнайы
орында, балалар ала алмайтын жерде ұстайды да, қажетті мөлшерде ғана
тәжірибе алдыңда лабораторияға аздап қана әкелуге болады. Химиялык
лабораторияда улы, иісті затгарды тартатын сорғыш шкафтар болады. Олардың
ұзындығы, ені, биіктігі бөлменің көлеміне және бөлмедегі жиһаздарға сай
болады. Сорғыш шкафтар 2 бөлімнен тұрады: төменгі бөлімі заттар қоятын
сөрелерден, жоғарғы бөлімі ауа сорғышы бар шкафтан тұрады. Жоғарғы
бөлімінің асты, қабырғалары сілті-қышқылдарға гозімді заттардан жасалған
материалдармен қапталады.
Мектептегі барлық лабораторияларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы
дәрігерлік жәрдем ережелері мен дәрі-дәрмектер жинағы, өрт қауіпсіздігіне
қажетті құм, өрт сөддіргіш саймандар болуы керек.

Қорытынды
Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе,
спорт жәнс шаруашылык зоналары.
Мектеп ғимаратын салғаңда оның оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не
онтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып
салады.
Бастауыш сыныптар мектептің жеке қабатында, ондағы бірінші, екінші сынып
бөлмелері төменгі қабатта орналасқаны жөн.
Шеберханалар кең, іші жарық, тазартуға ыңғайлы болуы тиіс. Қажетті құрал
жабдықтары (станоктар, іс мәшинелері, компыотерлер, верстактар) терезе
бойына орналастырылып, олардың оқушыларға қауіпсіз болуына көп көңіл аудару
керек. Шеберханалардың микроклиматы, жарығы, ауасы гигиеналық талаптарға
сәйкес болуын қадағалап отыру керек. Дене еңбегімен шұғылданған жас
баланың денсаулығына зиян келтірмеуін
ойластырған жөн.
Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес еркін
жұмыс жасауға ыңғайлы болу керек. Олардың сырт көрінісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
«Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінің барлық топтарға арналған практикалық сабақ жинағы
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
Пәндер