Абылай және қазақ батырларының ерліктері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І.тарау. Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
1.1. Қазақ. жонғар қатынастары Бұхар жырау шығармаларында ... ... ...
1.2. Үмбетей шығармалары. Қазақстан тарихының дерегі ретінде ... ... .
1.3. «Елім.ай» әні және Қожаберген жырау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ.тарау.Абылай және қазақ батырларының ерліктері.
2.1. Жыраулар шығармаларындағы . Абылай бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жыраулар шығармаларындағы батырлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендік алып ұмыт болған дүниемізбен қайта табысып жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға зерттеуге мүмкіндік туып отыр.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз,білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды»-дей келе, «тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи,мәдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сзіміне сіңіп отырған.Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған,себебі, бұл даладағы әрбр жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке әбден жаттығып,көз қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп,білу әрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған» /1/
Ресейдегі ХХ ғасырда пайда болған революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтың соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді.Кеңес өкметінің орнауымен қазақ елінде өткен тарихын ұмыту, жоғалту басталды. Тіршілікке жаңа ұрпақ жетіліп тарих пен тағдырдың таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған ел тарихын қайта зерделеу өткенімізбен қайта табысу қазақ тарихының көмексі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
Қазақ даласында XX ғ.дейін ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен үстем болып келгені баршаға аян.Сондықтан қазақ тарихына қатысты жазба деректерді ілуде біреу кездестірсек, ауыз әдебиетінің дерегіне жататын ақын-жыраулар шығармалары жетерлік. Өкінішке орай ауыз әдебиетінің деректерінің құнын жазба деректерден төмен санайтын тарихи қате ойдан әлі арыла алмай келеміз,сол себепті нақты тарихи шындықты баяндайтын көптеген ақындардың өлең-жырлары зерттелінбей жатыр.Ал ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері ақындар халықпен бірге біте қайнасып жатқандықтан сол заманның ащы шындығын өлеңдеріне негіз етіп алады,яғни тарихи шындықты айтады.Ақын шығармаларынан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыр таразыға түскен небір тарихи тайталастардың мәліметтерін табасыз.Ал әдебиетте бейнеленген бұл мәліметтер белгілі бір дәуірдің мән-мағынасын айқындайтын елеулі тарихи фактілер, шынайы өмір шындығы екендігі мәлім. /2/
Қазақ халқының тарихи жырларын жазып алып жариялау ол туралы азды-көпті ғылыми пікір айту өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бері қарай көзге түсе бастағаны мәлім.Алайда бұл жанрға арналған байсалды еңбектер Советтік дәуірде, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін пайда болды /3/.
XVІІІ ғ. қазақ халқының әлеуметтік саяси және философиялық ой жүйесіне ерекше бір шабыт беріп, қозғау салып, хандарымызға елін,жерін түгендетіп, батырларымызға қолына найза ұстатып жауға қоса, жырауларымыздың ойына түрткі салып,замана жайлы сол кездің көкей кесті мәселелерінің шешімін өз шығармашылықтарына арқау еткізген заман болды. Евразиялық кеңістіктегі Қазақ ордасының осы бір кезеңінің тарихи хал-ақуалын жазушы М.Мағауин былай деп сипаттайды: «Түркістан бастаған 25 қаладан айырылу Қазақ Ордасының қанатын қырқып,өрісін тарылтып қана қойған жоқ,оның алдағы замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашлығымен ғана айналысатын көшпенді кепке түсірді. Түркістандағы Әзірет сұлтан дүрбесінен бастап, Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана ондағы діни-фәлсафалық еңбектер,ескі тарихтар мен шежірелер біз бар деп білменген тағы қаншама мұра өртке кетті, талан-таражға түсті,жойылды.» /4/
Осындай алмағайып заманда қазақ халқының өмір сүруімен жойылып кетудің алдында тұрған неғайбіл шақтарында ұлттық жоғары рухы, көзсіз жанқиярлық ерлігі жайында қаншама аңыздар, өлең-жырлар, талғаулар өмірге келді. Ол туындылар сол кездегі өмір шындығы, жүректердің

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І-тарау. Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
1.1. Қазақ- жонғар қатынастары Бұхар жырау шығармаларында ... ... ...
1.2. Үмбетей шығармалары- Қазақстан тарихының дерегі ретінде ... ... .
1.3. Елім-ай әні және Қожаберген жырау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ-тарау.Абылай және қазақ батырларының ерліктері.
2.1. Жыраулар шығармаларындағы – Абылай
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жыраулар шығармаларындағы
батырлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендік алып ұмыт болған дүниемізбен қайта
табысып жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға
зерттеуге мүмкіндік туып отыр.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: Қазақ
болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан
хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз,білім институттарының
дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы
жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды-дей келе, тарихи білімнің
мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи,мәдени оқиғалардың ағыны
ретінде бала кезінен сана-сзіміне сіңіп отырған.Қазақ даласының дүйім
жұртында кең құлашты тарихи сана болған,себебі, бұл даладағы әрбр жұмыр
басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке
әбден жаттығып,көз қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп,білу әрбір
адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған 1
Ресейдегі ХХ ғасырда пайда болған революциялық қозғалыс ұлттық шет
аймақтың соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді.Кеңес
өкметінің орнауымен қазақ елінде өткен тарихын ұмыту, жоғалту басталды.
Тіршілікке жаңа ұрпақ жетіліп тарих пен тағдырдың таразысынан қайта өтіп
жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған ел тарихын
қайта зерделеу өткенімізбен қайта табысу қазақ тарихының көмексі тұстарын
қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
Қазақ даласында XX ғ.дейін ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен үстем
болып келгені баршаға аян.Сондықтан қазақ тарихына қатысты жазба деректерді
ілуде біреу кездестірсек, ауыз әдебиетінің дерегіне жататын ақын-жыраулар
шығармалары жетерлік. Өкінішке орай ауыз әдебиетінің деректерінің құнын
жазба деректерден төмен санайтын тарихи қате ойдан әлі арыла алмай
келеміз,сол себепті нақты тарихи шындықты баяндайтын көптеген ақындардың
өлең-жырлары зерттелінбей жатыр.Ал ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері
ақындар халықпен бірге біте қайнасып жатқандықтан сол заманның ащы
шындығын өлеңдеріне негіз етіп алады,яғни тарихи шындықты айтады.Ақын
шығармаларынан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыр таразыға
түскен небір тарихи тайталастардың мәліметтерін табасыз.Ал әдебиетте
бейнеленген бұл мәліметтер белгілі бір дәуірдің мән-мағынасын айқындайтын
елеулі тарихи фактілер, шынайы өмір шындығы екендігі мәлім. 2
Қазақ халқының тарихи жырларын жазып алып жариялау ол туралы азды-
көпті ғылыми пікір айту өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бері қарай көзге
түсе бастағаны мәлім.Алайда бұл жанрға арналған байсалды еңбектер Советтік
дәуірде, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін пайда болды 3.
XVІІІ ғ. қазақ халқының әлеуметтік саяси және философиялық ой
жүйесіне ерекше бір шабыт беріп, қозғау салып, хандарымызға елін,жерін
түгендетіп, батырларымызға қолына найза ұстатып жауға қоса, жырауларымыздың
ойына түрткі салып,замана жайлы сол кездің көкей кесті мәселелерінің
шешімін өз шығармашылықтарына арқау еткізген заман болды. Евразиялық
кеңістіктегі Қазақ ордасының осы бір кезеңінің тарихи хал-ақуалын жазушы
М.Мағауин былай деп сипаттайды: Түркістан бастаған 25 қаладан айырылу
Қазақ Ордасының қанатын қырқып,өрісін тарылтып қана қойған жоқ,оның алдағы
замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашлығымен ғана айналысатын
көшпенді кепке түсірді. Түркістандағы Әзірет сұлтан дүрбесінен бастап,
Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер
қоймасында сақталған бай кітапхана ондағы діни-фәлсафалық еңбектер,ескі
тарихтар мен шежірелер біз бар деп білменген тағы қаншама мұра өртке кетті,
талан-таражға түсті,жойылды. 4
Осындай алмағайып заманда қазақ халқының өмір сүруімен жойылып кетудің
алдында тұрған неғайбіл шақтарында ұлттық жоғары рухы, көзсіз жанқиярлық
ерлігі жайында қаншама аңыздар, өлең-жырлар, талғаулар өмірге келді. Ол
туындылар сол кездегі өмір шындығы, жүректердің тебіренсі, халықтың арман
тілегі. Біздің жадымызда екі ғасыр бөліп тұрса да, бабалар үні құлағымызда
тұрғандай. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ елінің дербестіктен айырылып
қалу қауіпі туған кезең еді. Өздеріне соншалық қымбат құндылықтардың күйрей
бастауының нышандары айқын көріне бастаған кез. Сондықтан да осындай
қауіпті ең алғашқы көрген, сезіне бастаған халықтың ең сезімтал ұлдары-
жыраулар, билер, ақындар, осындай күйреудің үрейлі ұшқындарын өздерінің
шығармаларында көрсетіп, халықты, билік басындағы хандарды бірлікке
шақырды. Олардың негізгі үні- отаншылдық, ерлік, жерін, ата-мекен қорғау
т.б. бір кездегі Түрік империясының дәуірлеген кезіндегі рухтың өрлігі
бәсеңсіп, ұсақ мүдделердің , билікке таласудың, тайпалық, рулық, және т.б.
пиғылдардың белең алғандығы қатаң сыналып, тұтас халықтың бірлігінің
мүдделерін алға тарту басым.
Қара өлеңнің, сиқырлы сөздің тұтқынға тұтылып, шырғалаңға шырмалып,
кәдімгідей қасірет шегетіні арқаға аяздай бататын ащы шерді
ақтарғандығынан. Ал ащы ақиқат қайғы-мұңның зілмауыр салмағы түскенде ғана
айтылады. Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды
шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болады, я тілден сөз болып шығады
деп ұлы Абай айтқандай көкірегі қайғы қасіретке толы XVІІІ ғ. жыршылары
Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама оқиғасына байланысты жыр толғамай
өтпеген. Жыраулар шығармаларында жоңғар басқыншыларының басып кіруі
кезеңіндегі әскери қақтығыстар, ойран салу,қырып жою қазақ халқының сол
кездегі бастан кешкен қайғы-қасіреті баян етіледі.
Дегенмен тарихи жырлар әлі де түбегейлі зеттеліп біткен жоқ.Оның
табиғатын танып, даму заңдылығын аша түсу, сөйтіп поэтикасын жан-жақты да
терең зерттеуді қажет етеді. Жыраулар шығармаларын пайдалана отырып
тарихтың ақтаңдақ беттеріне айналған көптеген тарихи оқиғалардың
мазмұнын ашу өзекті болып табылады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы: XVІІІ ғасыр жыраулары қат-
қабат қайшылығы мол,аумалы-төкпелі дәуірде өмір кешті,олардың жырлап өткен
жырлары да тарихшылар тарапынан зертелінбеген тың тақырыптардың бірі болып
табылады, тіптьі әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың өзі бұл тақырыпқа
көп көңіл бөлмеген. Мұны тарихтағы тұлғаларды таптық,партиялық және саяси
көсқарас шеңберінде зерттеген Кеңес дәуіріндегі ғылымды, ислам дінін
мақтаған,отырықшы езгіге қарсы жыр жырлаған жырауларымыздың еңбектерін
зертеудің қиын болғандығмен түсіндіруге болады. Бірақ,идеологиялық қатаң
қысымшылыққа қарамастан XVІІІ ғасырда өмір сүрген жырауларымыз зеттеушісіз
қалмады. Жұмат Тілепов, М.Әуезов, Х.Сүйіншіәлиев, Р.Бердібаев т.б.
ғалымдарымыздың еңбектерінде жарияланды. Х.Сүйіншіәлиевтің Қазақ
әдебиетінің қалыптасу кезеңдері, Қазақ әдебиеті, XVІІІ-ХІХ ғасырда
зертеулерінде қазақ-жоңғар соғысына қатысып,өздері куә болған
жоңғарлардың басқыншылық саясатын өз жырларында жырлап өткен жыршыларға
қысқаша тоқталып өткен. Сондай-ақ кейбір шығармалары Үш ғасыр жырлайды,
Бес ғасыр жырлайды, VІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Әдеби мұра
жинақтарында басылды.
XVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау
сынақ жылдары болды. Шынына келгенде ел басына ел болу, не табанға түсіп
құл болу күн туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар
басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда
тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан тарихи оқиғалар
жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе, бұл екі шайқастың қазақ
жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр деген жерде
және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды
жеңген шайқастардың жәй жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар қатынастарының ХІХ
ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің,
Ә.Бөкейхановтың күш-жігер салу арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі
саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі,
жоңғарлардың 1723-26 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси
және экономикалық ауыр жағдайы,басқа да мәселелер ХХ ғасырдың 70-
80жылдарындағы тарихнамада: И.Я.Златкиннің В.А. Моисеевтің т.б.
монографияларында ғана ғылыми тұрғыда көрсетілді.
Диплом жұмысының алғашқы тарауының зерттелуіне келер болсақ,тек
жыраудың жыр-толғауларын ақын әрі жинаушы М.Ж. Көпеевтің жазып қалдыруымен
бізге жетуінің өзі аса елеулі жәйт. Соңғы жылдары Пекин қаласының
кітапханасынан табылған отыз алты толғауда үлкен үлес болып қосылды, оны
тапқан тарихшы М.Оразбай, жариялаушы әдебиетші ғалым А.Сейдімбеков. Бұдан
тыс әйгілі жазушымыз С.Мұхановтың Қазақстан XVІІІ-ХІХ ғасырлардағы
әдебиетінің тарихынан очерктер (Алматы,1942) атты кітабындағы мән
мағынасы зор бір топ жырлары да жыраудың жаңа бір қыларын ашуға септігін
тигізді.
Қаратаудың басынан көш келеді туындысының әу бастағы авторларының
кім екендігінің тұспал жасап, оның қанша нұсқасы, ілгері-кейінгі
уақыттарда бұл шығарманың қай басылымда жарық көріп, кімдер зерттеп, кімдер
сөз еткендігі Г.Тұрсынова, Қ.Бигожин және С.Жұмабаева зерттеуінде сөз
болды.
Екінші тарау тақырыбы Абылай және қазақ батырларының ерліктері
Ақтабан шұбырынды оқиғасы кезінде біраз батырлар тарихи батырлардың
кейіпкерлеріне айналды.Кейбіреулері хақында тіпті бірнеше тарихи
жыр,дастан бар. Ол дастандардың негізгілері біраз жырлардан бері қарай
зерттелініп келеді. Солардың ішінде М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Р.Бердібай
Қ.Халид, М.Жолдасбекұлы, Т.Дүйсенбаева т.б. ғалымдардың эпос табиғаты және
оның қазақтың батырлық жырларына қатынасы хақында айтқан пікірлері бұл
төңіректі зерттеушілер үшін үлгі тұтар ғылыми еңбектері екендігі хақ.
Қазақ тарихы жырларының мәселесі.А., 1979\
Елдің мұңын, халықтың қайғысын ойлап, ұлтын ұлықтап, жұртын жоқтаған
арыстардың жәдігерлік дүниелері күрмеуі көп күрделі кезеңде қапасқа
қамалып, табанға тапталғанымен, түптің түбінде тарихтың шөгіндіні батырып,
шын асылды қалқытып шығаратын толқындарына ілесіп,жағалауына жол тартады.
Жаңа заманның жаңаша ойлайтын ұрпағының қолына тиеді. Бағасы аспандап,қадір-
қасиеті артып,құндылығы еселеніп жетеді 5 - деп Б.Омарұлы айтқандай
тәуелсіздік алған соң жоғардағы жырауларымыздың да барлығы дерлік
шығармалары кітап болып басылып шығып,елдің қолына тиді.
Жұмыстың мақсат мен міндеті: Қазақ хандықтары XVІІІ ғасыр басынан-
ақ сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының
басынан кешкен тарихи оқиғалары, ХVІІІ ғасыр қазақ тарихынан орын алған
қазақ-жоңғар қатынасының жыраулар шығармаларында бейнеленуін талдау жасай
отырып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағалау диплом жұмысының басты мақсаты
болып табылады, осыған орай диплом жұмысының алдында төмендегедей
міндеттер қойылады:
- Жыраулар шығармаларының мазмұнын ашу.
- Ауыз әдебиетінің құндылығын дәлелдеу.
- Жыраулар жырындағы тарихи оқиғаларға сиапаттама беру.
- Әр бір жырдағы оқиға барысын жүйелеу, тарихи сараптама жасап оның
мәнін ашу.
Диплом жұмысының хронологиялық шегі: Қазақ халқының басындағы жоңғар
басқыншылығына қарсы күресінің күшеюі тұсындағы XVІІІ ғасырды қамтиды.
Диплом жұмысының деректік негізі: Диплом жұмысын жазу барысында осы
уақытқа дейін ғылыми айнылымға тартылмай келген баспа сөз материалдары
мен XVІІІ ғасырға байланысты түрлі әдебиеттер , ғылыми зерттеулердің
мәліметтері сұрыпталып алынды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Деректер негізінде қазақ-жоңғар
қатынасы халық жыраулар шығармаларына қатысты деректік материал
негізінде тарихи шындық пен объективті тұрғыдан нақты талданып зерделеніп
көрсетілуі.
Диплом жұмысында мынандай жаңалықтар бар:
- Тарихи деректің ғылыми айналымға енгізілуі негізінде қазақ-жоңғар
қатынастары жыраулар шығармаларындағы мәселелер объективті түрде
баяндалады.
- Қазақ халқының XVІІІ ғасырдағы тыныс тіршілігі,елдін тұтастығын
сақтау, ел басына күн туған шақтағы басқыншылармен күрес жолындағы
әрекеттері айтылады.
- Ел басына күн туған шақта қазақ халқын бірлікке шақырған, жаумен
күресуде рух берген жыраудың ел алдындағы сіңірген еңбектері хақында
баяндалады.
Диплом жұмысының методологиялық негізі: Диплом жұмысының
методологиясы, объективтілік, тарихилық, жүйелілік және даму сияқты ғылыми
танымға негізделген. Сондай-ақ қазақ-жоңғар қатынасын жыраулар
шығармаларында мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған
әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының практикалық негізі: Қазақ- жоңғар қатынасы халық
жыраулар шығармаларындағы тақырыбына байланысты зерттелінбеген еңбектің
қатарын толықтыра түседі.Диплом жұмысының материалдары орта араулы және
жоғарғы оқу орнында оқылатын сабақтарға пайдалануға болады.
Диплом жұмысының сыннан өтуі: Диплам жұмысы студенттердің ғылыми
конференциясында баяндалып, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ тарих факультетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды
бөлімдерінен, сілтемелер тізімі мен пайдаланылған әдебиеттерден және
қосымшалардан тұрады
І-тарау. Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
1.1. Қазақ- жонғар қатынастары Бұхар жырау шығармаларында.
Қазақ хандықтары XVІІІ ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың
одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан
руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол
арқылы қазақ руларының қоныстарын сыртан басып кіруден қауіпсіздендірді.
Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша,оның қарамағында 80 мыңға жуық
сарбаз болғаны едәуір көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен
сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпен бірлікті бұзды,оны көршілері
дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ
қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты;
Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді.Оңтүстік жағынан
қазақтарды Орта Азия хандықтарының феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі
қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар
хандығы тарапынан төнген еді 1.
Жонғария өзінің басқыншылық ниетін Қазақстанға бұрды. Жоңғар
феодалдары қазақтарға үсті-үстіне шабуыл жасап, тұтқындар мен малдарын
айдап әкетті, жайылымдары мен мүлкін тартып алып, кейде тұтас рулар мен
ауылдарды қырып-жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы қақтығыстар мен ішкі
алауыздықтар бытыратып, әлсіреткен қазақ халқы бұл кезеңде асқан зор
қайғы-қасіретті бастан кешірді.
Жоңғар басқыншылығының зардабы мен елдің жерінен айыруын зар-заманның
туындауы Жиембет жыраудың мына шумағында келтірілген:
Қол-аяғым бұғауда,
Тарылды байтақ кең жерім.
Арманда болып барамын,
Қоштасуға аял жоқ,
Қалқаман,Шолан ерлерім!
Қайырылып,қадам басарға.
Күн болар ма екен сорға,
Өзен,Арал жерлерім?!..
Қиядан қолды көрсеткен,
Төбеңе шығар күн бар ма,
Жотасы биік Дендерім?!
Қайрымсыз болған жауларға,
Тиер ме екен бір күні,
Жолбарыстай шеңгелім!
Жоңғарлар қазақ жеріне XVIII ғ. ІІ-жартысынан бастап шабуыл
жасады.Сол шабуылын олар XVIII ғ. ІІ-жартысына дейін үздіксіз жүргізіп
отырды.Оның ең ауыр кезеңі XVIII ғ. бас кезі еді. Ақтабан шұбырынды деп
аталған оқиға да осы басқыншылықты сипаттайды.
Ескіден итжығыспен келе жатқан жау қалмақтардың 1723 жылы тұтқиылдан
шауыл,қазақтарды қырғынға ұшыратады, қазақ халқы өзінің ескі мәдени
ошақтары – Оңтүстігіндегі қалалардан айрылды, ата-қонысынан босып, халық
санасында терең із қалдырған ақтабан шұбырындыға ұшырайды. Бірақ осы үлкен
жеңілістен соң көп ұзамай-ақ ес жиған қазақтар біріккен күшпен 1728, 1730
жылдары жоңғар басқыншыларына ауыр соққы беріп,жау қолында қалған біраз
жерлерді босатады.
А.И.Левшиннің атап өткеніндей Отарлар мен табындар күн санап кеми
берді, айырбас сауда тоқтап қалды, жұрт жаппай қайыршылықпен қайғы-
қасіретке ұшырады, кейбіреулер аштан өліп, енді біреулері әйелдері мен
балаларын тастап кетті... Егер Оңтүстікке кетпесе үш жақтан қысым көріп,
қудаланған оларды мүлдем қырып жіберуі мүмкін еді 2.
Қазақ халқы Азияның орталық даласында қалыптасты. Байтақ жерді көшіп-
қонып,өмір қарекетіне жаратты .Қысы қатты, жазы аңызақ, панасы бар таулы
өлкелердің мүмкіншілігін пайдаланған халық барынша, жомарт, ақпейіл,
дархан болды.Бірақ оның пешенесіне күші тасқан, бағыты асқан, жері аз,
демографиялық өсуі айрықша парсы,монғол,қытай,орыс халықтары сияқты
көршілері беріпті. Жаугершілік бір сәт толастай қалса түрік тайпаларының
хандары мен феодалдары өзара үстемдік үшін қырқысты, біріне-бірі бас салып,
халық қанын судай төкті. Міне,осындай қилы-қилы замандарда қазақ халқы ел
болуды аңсады. Бірлік бар жерде тірлік барын жақсы білді ол. Тоқсан тоғыз
қырылып, тоқсан тоғыз тірілген ол халықтың асыл тұқымын қалай сақтау заңын
игерді. Жеті атаға дейін өзара қан араластыруға болмайтынын барша түрік
тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді 3.
Осындай қиын-қыстау кезінде қазақ қауымының ішінде ел мұңын,ел
тілегін жоқтайтын екі алуан адамды шығарды. Біреулері: заман халін
қайғырып,елдің мұң зарын жалынды сөзбен шығаратын жоғарыдағы айтылған
кеменгер ақылшы кәрия,толғаушыл жырау,сезімді ақындар. Екіншісі: жаңағыдай
ілгері, соңғы жақсылардың ақыл, өсиетінен, өлең, жырынан, саяси ой мен
бағытты, салт-сананы іске асырамын деген қол батырлар. Сонымен ел
тіршілігінің ауыр күндері туғызған екі алуан адамның бірі-ой батыры болса,
екіншісі- қол батыры деу керек 4.
Бұхар өмір сүрген дәуірдің қан-құйлы оқиғасы –жоңғар қалмақтарының
өктемдіктері, олардың қазақ жеріне баса көктеп енуі заманында өткен.
Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін Бұхар бар ауыртпалықты
елімен бірге кешкен.
Сәбит Мұқанов Бұқар жыраудың шығармаларында азаттық,саяси сарын
терең, әлеуметтік астар басым... ,-деп Бұқардың барлық шығармаларына
тән тақырып халық қамы, халық мүддесі, жалық мақсаты, халық мұңы. Бұқардың
барлық шығармасы сол кездегі халықтың тілегіен туған,ол тілек-қазақ
халқының жер бостандығы, тәуелсіздігі, тыныштығы, шаттық тұрмысы,-деп
әділ түйіндейді 5.
Үмбетей жырау жырлап өткендей:
Өткіздің тоғыз ханды толғауменен,
Шештің талай түйінді болжауменен.
Іс болса қиын қыстау сен сайыстың,
Қылыш қып қызыл тілді қорғауменен.
деп Бұқардың Әз Тәукеден бастап - Қайып,Болат, Сәмеке,Әділмәмбет, Күшік,
Әбілхайыр, Барақ, Абылай хандар тұсында өмір сүргендігін айтады.Бұқар
жырау Абылай хан дәуіріне дейін де қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік
өміріне араласқан болатын. Өзінің терең ойлы философиялық тұжырымдамалары
мен қоғамдық ойды жетілдіруге ат салысты 6.
Батыстан-Ресей, Шығыстан-Жоңғар мен Қытай мемлекеттері қазақ
даласының табиғи байлығы мен ұлан-байтақ жеріне көзін тігіп, жаулап алу
саясатын жүргізе бастаған кезеңінде қазақ халқының тұтастығын сақтап
қалу,тәуелсіз ел ету Абылай ханның басты мақсаты болды. Ханның осы
саясатын Бұқар жырау қолдап, толғауларында халықты бір тудың астына
топтасуға шақырады. Сондықтан да Бұқар баба поэзиясының негізгі өзегі- Отан
тағдыры, ұлт санасы, ел бірлігі болып табылады. Бұқар жырау
шығармаларында елдік пен ерлік мәселесі, ел-жер тағдыры ой таразысына
салынып тереңінен толғанады. Бірлік болмай, тірлік болмас-деген. Сырт жау
соқтыға алмайтын айбынды ел болу үшін жұрттың ынтымағы бірауыздылығы қажет.
Бұл жайды Бұқар жақсы түсінеді. Ел бірлігін жырлау-Бұқар өлеңдерінде
негізгі мәселенің бірі ... Ол ел бірлігі мәселесіне үлкен мән береді,-
дейді, Бұқар шығармашылығын көптен бері зерттеп келе жатқан профессор
Қ.Жұмалиев 7.
Дана жырау халықты тұтастыққа,елді бірлікке шақырып
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал-ерегіс 8,
не болмаса:
Маң-маң басып жүрініз,
Байсалды үйге түсініз,
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін,
Бәрінің бір енеден туғандай болыңыз!-
Деп жырлай отырып,елді ынтымаққа,жатқа тізгін бермеуге шақырады 9.

1745жылы Жоңғар мемлекетінің ханы Қалдан Серен өліп,оның
мирасқорының арасында хан тағы үшін талас,кескілескен тартыс басталды. Ең
әуелі оның орнына 19 жасар ұлы Цеван Доржы отырды. Осы орайда көрші жатқан
Цинь империясы жоңғарға қарсы қайта-қайта соғыс ашып,жоңғарлар мемлекетін
әлсіретті. Міне,осы аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайдаланған Абылай
қазақ жерін жоңғар қалмақтан тазарту мақсатымен Оңтүстіктегі Телікөлдің
маңына үш жүздің әскери жасақтарын жинап,Түркістан мен Сыр бойындағы
қалаларды азат ету жорығына атанады.Бұл үш жүздің қоян-қолтық басы
қосылған алғашқы жорығы еді.Осы жорықта ерен ерлігі,жойқын батырлығымен
көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батыры
Бұғыбай, Уақ руының батыры Баян,Шапырашты Наурызбай,шақшақ Жәнібек өз
есімдерін өшпес даңқа бөледі.
Абылай бұл жорықта қазақ әскерін үш топқа бөлді.Оның бірінші тобын
Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей жырау
қосылды.Бөгенбай басқарған он мың әскер қолы Түркістанның Солтүстік
жағына ,Созақ бекінісіне барып бекінуге тиіс болды.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сырдарияның төменгі ағысына
қарай бет түзеді. Оған Тәтіқара жырау қосылды.
Үшінші, негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар
Шиелі,Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл
топқа қазақтың атышулы батырлары Қабанбай,Баян, Сырымбет, Малайсары,
Жанұзақ, Жәпек т.б. кірді. Бұқар жырау науқастанып келе алмағандықтан,топқа
17 жасар Көтеш ақын қосылды.
Жоңғар әскерін басқарған қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цеван Доржы де
өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарсы бағыттады.
Жоңғар әскерінің қаруы-мылтық, найза,қылыш, болды және түйе үстіне
орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақ,
найзамен қаруланған болатын.
Цеван Доржы өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп,
Жаңақорғанға бекініп алады. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға
тапсырады. Сырымбетті оң жақ қанатқа,Баянды әскердің сол жақ қанатына
қояды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары,Оразымбет батырдың
жасақтарын топтастырады. Абылай өзінің Сағымбай,Қанай, Жанұзақ сияқты
сенімді батырларымен және 17 жастағы ұлы Жанаймен әскердің дәл ортасында
жүреді. Бұл соғыс екі айға созылады. Қазақ әскерлерін Жаңақорғанды,
Шымкентті жаудан тазартып, Түркістанға таяп барады. Бөгенбай бастаған
әскерлер созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне тақау
барды.Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатады, амалы таусылған
Цеван Доржы Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр блады.
Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары қазақ хандығы қарамағына
өтті. Абылай бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы
деп есептеді. 10
Ру аралық тартысты қоймаса елдің елдіктен айрылатынын, басына қиын
күндер туып,әркімнің бір теперіш көретінін айтады.
Алауыздықтың өз-ара қырқыстың неге соғатынын көрсету үшін Бұқар
қалмақтардың тағдырын мысалға келтіреді.
Кіші қара қалмақ бүлерде,
Бозылардың билігі
Бұлт бұрқан болысты,
Уағдадан жылысты,
Буыршындай тіздесті,
Жамандықты іздесті,
Бірін-бірі күндесті;
Жаулаған ханын қара оңбас,
Хан қисаиса бәрі оңбас.
Ханын қалмақ жаулаған,
Сүйткен қалмақ оңбаған:
Сол қалмақтың жұрты еді-ау,
Үш Қарқара ,Көктөбе,
Иттей ұлып қалмаған 11.
Халықты осы қалмақ еліндегі оқиғадан хабардар етіп,оның жайын
баяндап,алауыздықтан ауызбіршілікке,күншіліктен аулақ болып жамандық
іздеспей жақсылыққа ұмтылуды билеушісін сыйлауға үндеп толғаулар
арнаған.Өзінің көрші елде болып жатқан оқиғаларға ден қойып қан қоймай,
соны сараптап, алдын ала сондай жағдайларды өз елінде болдырмауға, қандай
шаралардың бар екенін ол жыр жолдары арқылы халық санасын оятып, үгіт-
насихат жұмысын қатар жүргізді. Бұқардың саяси-әлеуметтік көзқарастары
жайлы С.Мұқанов былай деп жазды: Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық,
саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана
емес, сыншысы да 12
Бұқар шығармашылығының негізгі арқауы-ол елдің бірлігі,ал бірліктің
негізгі ұйтқысы сыйластықта,өмірдің сәні де, мәні де осында деп білген
жырау тіршіліктегі адамдар арасындағы осындай жарастықты,шад-шадымен өмір
сүру туралы былай деп жырлайды.
Адамзаттың баласы,
Атаудан алтау тумас па,
Атадан алтау туғанмен,
Оның ішінде біреу арыстан болмас па.
Арыстанның барында,
Жорғасы болса мінісіп,
Торқасы болса киісіп,
Толғамалы қамшы алып,
Толғай да толғай дәурен сүрмеспе.13
Араларындағы асылдарыңды қадірлеп,құрметтеп,оны сақтай біліңдер
дейді.Арыстаннан айрылса,артында қалған жамандар бас-басына тозбаспа деген
ғұлама айтқан өсиет әлі күнге өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ол өсиет жан
ұядан бастап, мемлекетке дейінгі аралықтағы әлеуметтік топтар ішінде өз-ара
қарым-қатынастың жазылып қойған кодексіндей.
Халық өмірінің алмағайып – аласапыран,тарихта қалу-қалмауы екі талай
кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті,
күрделі мәселелерге жауап іздеп,соның бірден-бір жоқшы –жыршысы бола білді.
Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының
басты себебі де осыдан.
Тарихта Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама атанған 14М.
Татишев., аумалы-төкпелі заманға душар болған ел жұртқа бір жағадан
бас,бір жеңнен қол шығарып басқыншы жаудың бетін қайтарып,өз
тәуелсіздігін қорғап келу немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту
мәселесі көлденең тұрды.Жырау ең алдымен осындай жауапты сәтте шоғырланбай
шашырап жатқан халықтың басын тас түйіндей біріктіру арқылы қан құйлы жауға
тойтарыс беру ісін ұйымдастыру керектігін түсінді.
Бұқар жырау өзінің шығармаларында халықтың еңсесін көтеріп елге-ерге
дем беріп, жұрттың көңілінде жүрген асыл арманы- Қой үстінде боз торғай
жұмыртқалаған тыныш заманның салтанатын жыр етеді. Маң-маң басып жүріңіз,
байсалды үйге түсіңіз деп тынымсыз жаугершіліктен қажи бастаған елге
қуатты сөздермен қайрат беріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, халықты
рухани жүдеушіліктен сақтап, жігерлендіріп өз күшіне сенімін арттырып
бейбітшіліктің мазмұнды тіршілігін жыр етті. Оны мына өлең шумағынан көруге
болады:
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға жүйгемен,
Көлден көлге қоныңыз
Байлар ұғылы шоғалар,
Бас қосыпты десінде,
Маң-маң басып жүріңіз,
Байсалды үйге түсіңіз.
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз.15
Бұхар жырау өзінің үгіт насихат жырларында көшпенді елдің ертеден
орныққан қағидасы шеңберінде рулық қайшылықтарға қарсы тұрып, туысқандық,
ынтымақ жолымен, ру тайпалардың ара қатынасын бекітерліктей саналы саясат
жүргізді.
Қазақ мемлекетінің негізі елдің рулық ара-қатынасынан құралса, оның
қайнар бұлағы әр ошақ басының саулығы, туысқандық мейірімділік сезімнің
артуы арқылы құралатынын жырау жақсы түсінген. Ертедегі орыс халқының осы
сияқты бірікпей басынан кешкен тарихын жаза келіп, белгілі жазушы Гумилев
Л.Н. былай дейді: Древнюю Русь погубила дестабилизация, явившаяся
следствиям снежения пассионарного напрежения этнически системы или, что
проще увелещение числа субпассионарного-эгойстов, не способных к само
пожертованию ради бескорысного патриотизма16.
Бұхар жырау елді басқарып отырған сұлтан,шонжар билердің алауыздығына
қарсы жұртшылықты ауыз бірлілікке шақырып, халықты сыртқы жауына соққы
беруге ұйымдастырған. Шашырап шыққан хандар көп, шашауы жатқан малдар көп
деп елді бұра тартқан сұлтан, ру басы адамдардан отты сөзін аямаған.
Сонымен бірге ол халық бұқарасы мен халық арасындағы түсінушілік
мемлекеттің тірегі екенін білген.
Бүгінгі біз айтып жүрген патриоттық сезім кейінгі ұрпаққа Бұқар
жырының бесігімен тербеліп, жүрегіне осылай ұялаған. Ол кездегі алға
қойылған міндет пен саяси әлеуметтік талап қазақ деген ұлттық сананы, рулық
жүздік ұғымның шеңберінен асырып, түбі бір тұтас мемлекеттік дәрежеге
көтеру еді.
Бұқар жырау қазақ жұртын қабырғалы мемлекет қатарына қосуды арман
етті.Елімнің басын біріктірем деп,талай қияпат қиындықты басынан
кешірді.Жарқ етіп сермеген алдаспан жырлары ханды да қараны да
аямады,түйінді ойлардың тұсауын кесіп, шеңберлі саясаттың тынысын кеңейтіп
отырды.
Жырау сол замандағы ірі мемлекеттердің қол астында қалған ұсақ
елдердің тағдырына шұқшия үңіліп,бағдарлай байқап, бастарына түскен алапат
өмірдің ауқымынан еліне тиімді зерделі ой пікірлер айтып,ақыл кеңес беріп
отырды. Ұлы мемлекеттердің шен-шекпен арқылы бүтіндей елді айрандай
ашытып,сүттей іріту саясатын әшкерелеп,ел басқарушыларына ескерте:
Жемқорларға жем беріп, ел қамын айтқан жақсыны, сөйлетпей ұрар ұртына,
деп өсиет нақыл сөздерін айтып та,жазып та кеткен.
Бұхар баба тек жырау емес,халықты бірлікке шақырып,елдің тәуелсіз
мемлекет болуы жолындағы ірі саясаткер Абылай ханның Батагой данасы болды,
сондай-ақ Абылай ханның маңайына ержүрек батырлардың,әділ билердің, халық
жаны ашырларының топтасуына игі ықпалын тигізді.Академик М.Қозыбаевтің
сөзімен айтқанда: Бұхар жырау – жыраулықты көрегендікпен, көрегенділікті
көріпкелдікпен ұштастырған ел данасы. Болашаққа қырандай ғарыштан қараған
барша халықты алаламай тұтас бір халық деп санаған, шалдыққанда Абылайға
тірек болуға жаралған, аптыққанда қаһарлы Абылайдың өзін де жас баладай
сабаған халық бабасы. Ол ханнан да қаһарлы,оның тірегі – халық, сыншысы-
тарих 17.
Бұхар жырау толғауларында сайын сахараға шашырап қоныстанған, өзара
байланысы әлсіз қазақ рулары мен жүздерінің басына төнген қауіптің негізгі
себептері де ашық айтылады. Өздерінің ежелгі шегараларынан тым алыс жатқан
елдер мен жерлерді бірінен соң бірін күшпен бағындырып, барған сайын араны
ашылып, қомағайлана түскен екі империяның- Ресей Қытайдың тегеурініне төтеп
беру қандай қалыққа да қиын еді.Ал ұшы қиырсыз кең алқапты алып жатқан
ойрат пен қазақ бірін-бірі қырып бітірсе екі империя да өздерінің жері
кеңейтінін байлығы артатынын өте жақсы біледі. Сондықтан да олар сөз
жүзінде бейбітшілікті жақтаушылар болып көрінгенімен шынтуайттап келгенде
бірің өліп бірің қал деген саясат жүргізді. Осындай жағдайда қазақ елінің
ішкі бүтіндігін, жауынгерлік рухын сақтау,жауға тойтарыс беріп қана қоймай
елдің ежелгі қоныстарын қайтарып алу қиынның қиыны болатын.Қазақ хандары
мен сұлтандарының кейбіреулері бас сауғалап, қара басының қамын ойлап,
қарауындағы руларының ғана мүддесін көздеп, дұшпанға бағынып, іріткі салып
жүрген шақта өзара алауыз жұрттың басын қосу ел басшыларының
көреген,қажымас қайратты,данышпан, парасатты болуын қажет ететін. Абылай
бейнесін халық қиялында ерекше іріленіп, сомдалуының басты себебі де оның
тар кезінде, тайғақ кешулерде ел бірлігіне ұйытқы боларлық, ақыл, айла,
ынтымақ кілтін таба алғандығына байланысты 18.
XVІІІ ғасыр Қазақ елінің басына күн туып аумалы-төкпелі заман
орнап,жоңғардың шапқыншылығынан көп зардап шеккен халыққа жырымен рух
берген ханға ақылшы,елге дана бола білген жыраулар қазақ халқының сол
кездегі өмірінен жырлары арқылы қоғамды сипаттап ел өмірінен хабар берген.
Бұқар шығармасы қазақ тарихының ақтаңдақ тұстарын көзге көрсете
жырлап,қазақ-жоңғар шапқыншылығы хақында таптырмас дала деректері дала
жыры тұрғысынан баяндап, болашақ ұрпаққа елінің тарихынан хабар беріп
тұрғандай.

1.2. Үмбетей шығармалары- Қазақстан тарихының дерегі ретінде.
Ақтамберді мен Бұхар,Тәтіқара мен Қожаберген бастан өткерген XVІІІ
ғасырдың аласапыран уақиғаларының ішінде Үмбетей де болды. Қазақ-жоңғар
қатынастарындағы бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін
Үмбетей жырау, Ақтамберді жырау, Тәттіқара жырау, Көтеш ақын және Бұқар
жырау туындылары жеткізді.
Ақтабан шұбырындыдан кейін қазақ батырлары жеткен алғашқы
жеңістер, Ордабасыдағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді.Әрі
батыр,әрі жырау Ақтамбердінің сөзімен айтқанда, көптеген қазақтар:
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке
Жауға қарай аттандым
Жеткіз деп құдай тілекке!-
деп жауға аттанды 19.
Үмбетей жырау өз толғауларында Жоңғарлардың Баянауыл,
Қызылтау,Абралы,Шыңғыс таулары мен Қара Ертіс бойындағы Мамырықты және
Алатауды қалай жаулап алғанын суреттеген 20.

Баян Ауыл, Қызыл тау,
Абыралы, Шыңғыс тау
Қозы- Маңырақ,Қой-Маңыра
Арасы толған коп Қалмақ,
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың,
Ақ Шәуліге қос тігіп,
Ауыр қол жиып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың,
Қабанбай мен Бөгенбай
Арғын мен Найманға
Қоныс қылып қалдырдың 21.
Назар аударарлық – бұл деректер түгелдей дерлік ақиқат.Бұл
мекендердің Қозымаңырақ мен Қоймаңырақтан өзгесі қазір де солай аталатын,
бүгінгі Повлодар, Қарағанды, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының
территориясын алып жатқан үлкен тау алаптары, шұрайлы, құйқалы қоныстар
екенін көреміз 22. Осы аталып отырған жерлер ұзаққа созылған күрестерден
соң Жоңғар тауларынан шыққан Ойрат тайпалары басып алған Қазақтың байырғы
мекендері болатын.ХҮІІІ ғасыр орта шенінен бастап бұл қоныстар қайтадан
қазаққа өтті. Осы жеңісті жорықтар кезінде Қазақ халқының басында жүрген
батырлардың бірі Бөгембай еді.Тек бұлғана емес. Бөгембай - Жоңғарға қарсы
күрестің қиын күндерінде, қазақтар ауыр жеңілістерге ұшырап, Сайрам,
Түркістан, Ташкенттердің бірінен соң бірінен айрылғанда, Ақтабан-
шұбырындыға ұшырап, атамекенінен босқан кездерде еңсесі түспеген, жүрегі
шайлықпаған ерлердің бірі еді.Бұл кезде Бөгембай Қалмақтарға қарсы күресті
ұйымдастырушылардың бірі болды. Үш жүздің хан, сұлтандары бір сәт мәмілеге
келіп,бас қосып,жоңғарға қарсы соғысты қайта ашқанда,ол алдыңғы сапта
шықты. Қазақтардың 1728,1730 жылғы жеңісті жорықтарында Бөгембайдың
атқарған рөлі ерекше.
Үмбетей бейнесі Бөгенбай батырдың есімімен байланысты. Оның
Бөгенбайға қатысты екі ұзақ жыры бар: Біріншісі- Бөгенбайды жоқтау;
Екіншісі-Бөгенбай өлімін Абылайханға естіру.
Қанжығалы Бөгенбай батырдың аты кімге болсын жақсы таныс.Ол-
Жоңғарға қарсы күрестің қаһарманы,әлуетті батыр, атақты қолбасы, еліне
еткен қызметі арқасында жұрт сүйіктісіне айналған Қазақ халқының ардагер
ұлдарының бірі.
Сондықтан дұшпанға қарсы оқ атқан, үрей болған қалмақты
талқандаған,
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгембай,
Жалаң қия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған,
Білегі жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бөгембай,-
дүниеден көшкенде Үмбетей жырау көзінің жасын көл қылады, батырдың өлімін
аза тұтады, оның тірісінде халқына еткен қызметін еске алып,марқұмды
мадақтайды 23. Бөгембай қабірінің басында жоқтау жырын айтқан соң жырау
батырдың аманатын орындауға Абылай ханның ордасына барады,ел сүйіктісінің
өлімін хабарлайды.Үмбетейдің өмірі Абылайханмен тұтас өтеді және ол хан мен
істес қимыл жасайды.Қалмақ басқыншылары жүргізген үздіксіз ұзақ соғыс
кезінде Үмбетей батырлар бастаған жорыққа белсене қатысады. Өз атынан
халыққа, батырларға үндеу тастап, ел амандығын сақтауды,жауға
берілмеуді,ашына жыр еткен.Өзі өмір шеккен ғасырдағы халықтың ардақты
азаматтарын, яғни батырларын, билерін құрметтеп мадақтайды.
Бөгенбайдың Қалмақты қырып, туған жерден қуып тастағанын шабыттана
толғайды.
Қалмақты қуып қамырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың,
деп атамекенді жаудан босатқанын мадақтайды 24.
Үмбетей жыраудың қалмаққа қарсы күресін шындық түрінде жырлаған ақын
және өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған эпик ақын. Үмбетей Абылай
маңында болған шағында ханды оның тірегі болған Бөгембай, Олжабай сынды
батырлардың халық үшін сіңірген еңбегін, қалмақпен соғыста жасаған қаһарман
ерліктерін мақтан етіп жырлап отырады. Соғыстың ауыр сәтінде батырға дем
беріп, оларға қиыншылыққа мойма деп әрдайым жігерлендіреді. Ақын
батырлармен бірге жауға аттанып, шайқастың ортасында жүреді. Сондай
сәттерде өзі көрген ұрыс- барысы, ерлік істі куәгердей суреттеп, батырдің
күш-қайратына сүйсініп, отты жырлар төгеді. Сондай соғыстардың бірінде
Абылай ханның жортуылда жолы болмапты.Өкшелеген жаудан құтылуға
айналғанда алдыдан өткел бермес тасыған өзен кездеседі. Жұрт ұйлығып
қалыпты.Бәріне де харап болу қаупі төнеді.Сонда ақын:
Қамыстың басы майда,түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы болат найза.
Алдыңнан су артыңнан жау қысқанда
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт соғыр менен дулаттағы
Дербісәлі маңдайды айт, қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да біз қайтпайтын,
Сары менен Баянды айт уақтағы.
Ағаштың биіктігін айтсаң,қарағайды айт.
Жігіттік ерлікті айтсаң,Бөгембайды айт.
Найзаның ұшына жау мінгізген,
Керейде Еменәлі, Ержебайды айт.
дегенде, аты аталған батырлар ақынның соңынан тасып жатқан өзенге түсе
бастайды.Бұлардың артынан қалың қол еріп судан аман өтіпті.
Қазақ халқының тұтастығын, елінің жауға алдырмас қайсарлығын жырлай
отырып елдің басына түскен зар заманды, күйзелісті жырына арқау еткен
Үмбетей жырау болашақ ұрпақтың да таңы жарқын, рухы биік болсы деп тарих
бұрмаланбасын деп ел алдындағы тарихты жырымен жазуы қазақ тарихының жаңа
көзқарастарды тануына жетелейді.

1.3. Елім-ай әні және Қожаберген жырау.
Халқымыздың тартқан ауыртпалығы қазақтың бәрі білетін Елім-ай
әнінде керемет суреттелген. Бірақ, он бір буынды қара өлеңмен айтылған бұл
туындының авторы ұзақ уақыт бойы халық болып есептеліп келеді. Әрине, қазір
халықтікі болып есептеліп жүрген талай туындының әу бастағы иесі жеке адам
екендігінде дау жоқ. Бұқар жыраулармен тұстас келген адамның көкірегін
жарып шыққан осы шығарманың авторы жайлы халықтың жақ ашпай келуінде бір
сыр бар,мұның мәнісі: халық өзінің табиғатында намысқой ол бірлі-жарымды
адамның емес, күллі халықтың сүйегіне түскен таңбаны ел болып етегін
жапқаннан кейін, авторын айта отырып, жаңғырта жырлауға қашан да құштар
болмаған. Сондықтан кешегі бір жан даусы шыға қиналған тұста өзінің мұңы
мен қайғысын қапысыз тап басқан әуен мен сөзді айтса да, оның авторын
айтпайды. Өйткені, мұндай автор кейінгі күндерде өмір сүріп, елміз,халықпыз
деп соның абыройлы, рухтылығын қалай еткенде де жоғары ұстаймыз деп
жүргендер үшін кешірілмес күнә иесі секілді болып қабылданады.
Авторсыз туынды саналып келген Елім айдың халық арасында бірнеше
нұсқасы бар.Олардың көлемі мен сөз құрылысында да азды-көпті айырмашылықтар
байқалады. Тіптен, олардың авторлары туралы пікірлер де әрқилы.Осы мәселе
төңірегінде Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі
Ы.Дүйсенбаев т.б. ғалымдар пікірлерімен байланыстыруды орынды деп
ойлаймыз 25.
Ы.Дүйсенбаев аталмыш жырды өзіне Оразайұлы Мұстафа деген азаматтың
1970 жылы тапсырғанын, туындыны біреулер белгілі Көтеш ақын, біреулер
тобықты Топыш, енді біреулер Қоңырқожа деген кісі айтыпты деген
әңгімелерді айтады. Қаратаудың басынан көш келеді туындысының әу бастағы
авторының кім екендігі төңірегінде тұспал жасап,оның қанша нұсқасы,ілгері-
кейінгі уақыттар да бұл шығарманың қай басылымнан жарық көріп, кімдер
зерттеп,кімдер сөз еткендігі Г. Тұрсынов зерттеуінде сөз болады. Мұнда
автор өзіне дейінгі зерттеушілер пікіріне сүйене отырып пікір
айтады.Қазақстан Ғылым академиясының әдебиет және өнер инситутының
қолжазба қорында халық мұрасын жинақтаушы Бұқар жыраумен тұстас Керей
Қожаберген жырау шығарыпты дейтінді хабарлайды.Сондай-ақ, филология
ғылымдарының кандидаты М.Жармұхамедов те Қазақ әдебиеті газетінде
Қожаберген жыраудың Елім-ай жыр-дастаны туралы мақала жарияланған.
Қожаберген бабамыз 1688-1710жылы 22-23 жыл бойында қазақ,ноғай,
қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған
сардарбек,ордабасы,Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер. Ақтабан
шұбырындыдан кейін Қожаберген ұлы жеңісті шыңдаған ақылы найза бойламас
ұлы тұлға болды.
Қожабергеннен сақталып жеткен мұраның туу тарихы.1723 жылы көктемде
Қожаберген екі баласын алып Сыр бойындағы қайын жұртына, әйелі Айманның
еліне келеді.Осында жүргенде Қалмақтардың үлкен шабуылы басталып,еліне
қарай шегіне қашуға мәжбүр болады. Шығарма ат үстінде туған,кейіннен
Қожаберген өзі хатқа түсіріпті.
Жырау көз көрген жайды баяндайды. Елім ай дастанында қасіретті
ошақтың улы зары, шер мұңы көз көрген, ел үшін, жер үшін халқымен бірге
күрескен ұлы жыраулардың түйін,тұжырым, таразы бағасымен берілді. Орыс
елімен қытай мемлекеті қолдап,қолпаштап,қолына қазақ көрмеген дәу мылтықты
ұстатып,айдап салған қанішер Қалмақтың сұмдық соққысынан есеңгіреген ел,
ата қонысынан ауған,бет бетімен бас сауға іздеп,ашық күнде аспаннан қан
жауғандай күй кешіп, есеңгіреген шақтың шежіресі болған бұл дастанда
халықтың болашақ күнге сенімі, ызасы мен кегі,қылыш шапса қырқылмаған ар
намысы, жауға кегі, келер күнге сенімі тұтас түскен.
Елім ай қазақ тарихындағы айтуы бетбұрыс кезеңінің көңіл күйі,
шындығы.Жырау ата жаудың бел алып, күшейіп кету себебі орыс пен қытайдың
қолдауы дегенді баса айтады. Елім ай жеті бөлімнен тұрады,3683 шумақ,
яғни14732 жол өлең. Бізге жеткені соның 2000 жолдары ғана. 26
1718 жылы Тәуке хан өліп,билік оның баласы Болат ханға өткен
тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейеді. Бұл жорықтардың табысты
болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген
әсері үлкен. 1709 жылы Полтова түбінде орыстың қолына түскен Ренат Тобыл
қаласына айдалды, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан
Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кееку қаланың маңында 1715 жылы қыста
ол қалмақтарға тұтқынға түседі.1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған
ол қалмақтарды темір балқытып, зеңбірек жасауға,оның оғын дайындауға,
тіпті баспахана жасап, әріп құюды үйретеді. Сонымен бірге қазақтарды өз
қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмақтарға Сібір бойындағы
бкеіністерден зеңбірек берген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс
жарақтарын жасап,жүз мыңнан астамәскер құрып,қалмақтар қазақтарға қарсы
соғысқа дайындалып жатқанда қазақтан жағы олардан қауіп күтпей , ішкі талас-
тартыспен жүрген ьолатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы
Ертіс өзені, Балқаш көлі,Шу,Талас өзенінің аралығымен өтетін 27.
Шығармада сол Ақтабан өткен тұстағы елдің сыртқы ішкі жағдайы соғыстың
бастауы, бет алысы баяндалады.Цеван Рабдан қытай мен орыстың білгірлерін
жолдап,бес жыл әскерін жаңа қарумен соғысуға, жалпы соғыс өнерін мықтап
үйретеді.
Болмаса қалмаққа өнер қайдан келсін,
Тетігін зор мылтықтың қайдан білсін.
Осындай мол жабдықпен келіп шапты,
Дегендей қайратымды қазақ көрсін.
... Қырғызып қазақтарды қалмақтарға,
Орыстар қамалдарын салып жатты.
Дастанда сол кездегі қазақ мемлекетінің ішкі сыртқы жағдайы айқын көрінді.
Жау болды ағайын ел естек бізге,
Жасады ол да жорық елімізге.
Қоқан да күнгей беттен қоқаңдайды,
Соқтықпай ойғыр,қырғыз тағы бізге.
Мұсылман көмектеспей мұсылманға,ғ
Бермеді қару жәрдем қысылғанда.
Түрікпен Қоқан, Хиуа,Бұқар жау боп,
Жат болды өзбек, тәжік дін исламға.
Елім-ай негізгі бөлігі қара өлең үлгісімен келген дастан. Шығармада
Қожабергеннің ақындық қуатын айғақтап жатқан әсерлі шумақтар, өзіндік
қолданыстар аз емес.
Бастарын қара таудың мұнар жапқан,
Салдырып сырдың суы сылаң қаққан...
Атаңа нәлет ит қалмақ...
Қумалақтай қорғасын...
Атақты Елім-ай дастанында:
Шабуылы жау қалмақтың күші екен,-деп,
Кетпеңдер жаудан қорқып тарап бәрің-
деп бірлікке шақырса,
Кеудеңде шыбын жаның болса егер,
Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын-
деп намысқа шақырады.
Қожа,молда,ишандар артын қысып,
Қоржынға салып қойсын шариатын-
деп Отан қорғауды дін жолынан жоғары қояды.
Мекенің болсын,тау мен орман,тоғай,
Ол жерден жау алуы емес оңай,
Сайла орын,жер үй салып, жапан түзден,-
деп партизандық күрес жолын көрсетеді.
Қазыбек,Ер Жәнібек,Алдабек би,
Үшеуі тозған елді біріктірер,-
деп оларға үміт артады.
Шәкіртім қайда екен, Бұқар жыршы,
Сөзіне оның халқым құлақ түрші,-
деп оның даналығына сенеді.
Қыздарым,келіндерім жауынгер бол!-
Қыздарым,келіндерім топ құрыңдар,
Ерлерше киініңдер, сап тұрыңдар.
Ұрыста өл,мазақ болма,берілмеңдер,
Қалмақты селебемен шапқа ұрыңдар,-
деп ұрыс әдісін үйретеді.
Бөгенбай,Ерсары, Асқан,Жабай,Көшек,Ақпанбет,Жайнақ сияқты батырларды
халқын жинап,
Жинаңдар құрастырып қалың қолды,-
деп кеңес береді.
Сүйей жүр әлсіздерді әлі барың
Тізе қос етек жиіп ес барында,-
деп елді бірлік-тірлікке шақырады.
Бастап өт,Сарыарқаға қалған елді -
деп Бұхара,Үргеніш жағында ашыққан,босқан елді жинауға жол сілтейді. Ең
соңында:
Бастасын тозған елді көсемдерім,
Ақылшы болсын сөзге шешендерім.
Хан сұлтан, төрелерді ел санамай,
Тізе қос күшті жинап есендерің,-
деп үндейді жырау 28.
Дауылпаз Қожаберген –дүлділ тарихшы.Біріншіден, тек Елім-ай
дастанында ғана бүкіл дәуірді суреттейді. Жоңғар империясының дәуірлеп
күшеюі себептерін ашады. Екіншіден, Жоңғарлардың орыстар мен қытайларға
арқа сүйегенін көрсетеді.
Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып,жоңғарларға кіші зеңбірек
жасауды үйретіп,құтыртып екі түркі тілді халықтарды өз-ара қырып салуына
мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді.
Үшіншіден,түрікпен,Қоқан,Хиуа,Бұхар дың қазақ еліне деген қастандық саясатын
өзбек пен тәжіктің жатығын әшкерлейді. Төртіншіден,Әз Тәуекелден кейінгі
қазақ хандығында болған теке тірес бақталас берекесіздіктің бетпердесін
ашады.Бесіншіден, ақтабан шұбырыды қалай болды, халық қалай неге тозды
деген сауалдарға жауап береді. Қырылу Алакөлден басталып тұр- деп Алқакөл
емес Алакөл екендігін еске алады. Әдебиетте Алқакөл сұлама термині
жөнінде алуан пікірлер айтылады. Біреулер қателесіп, сұлама түйенің қатпа
болып қырылуы деп санайды. Басқа біреулер Алқакөл емес, Алакөл деп
есептейді. Бқл жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңырақай шайқасы
Қазақ батырларының әскери өнері
Қазақ халқының батырларының ерлігі
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы
Қазақ батырлары және көркем әдебиет
ТАРИХИ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақтың ұлы ханы Абылай
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар
Бөгенбай батыр (1690 - i778)
Қазақ батырларының ерлік істері
Пәндер