Отбасы-қоғамның рухани институты



Қазіргі экономиканың дамып, қазақ елі еркіндік дәмін татып, бостандық алуының жолында тәрбиелік құндылықты сақтаудың әртүрлі бағыттағы жолы қарастырылуда. Елбасының халыққа арнаған әрбір Жолдауында елдің болашағы айқындалып, даму жолы нақтыланып, тығырықтан шығудың жолдары қарастырылып келеді. Қай кезеңде де, қоғамда да, отбасында да әйелдерге сенім мен ауыр жүк артылуда. Елдің бостандығын, еркіндігін түсіну үшін сол жүктен арылудың бар мүмкіншілігін пайдалануда әртүрлі шаралар қарастырылуда.
Отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?
Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар әртүрлі пікірлер ұсынған. Мысалы, ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал Аристотель болса «Отбасы – адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деген. Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» атты кітабында Л.Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын экономикалық, әлеуметтік дамуымен және қызметімен байланыста қарастырған. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі – Ф.Энгельстің 1884 жылы шыққан «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегі. Мұнда Ф.Энгельс отбасын тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.

Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, қазақтың ұлылары Абай, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Әуезов отбасы тәрбиесін көп қарастырған.

Философиялық тұрғыда «отбасы» – қоғамның ажырамас құрамы, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп саналады. Ал педагогикалық-психологиялық тұрғыда «отбасы» ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.

«Тәрбие басы – тал бесік» деген даналықты халқымыз тауып айтқан. Қазақ «Ана бір қолымен бала тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Осы қанатты сөздің тәрбиелік мәні тереңде жатыр.

Алып анадан туады. Ананың ақ сүтін ақтау әр перзенттің парызы ғана емес, мойнындағы қарызы. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, бір түндік ұйқысына татымайды» деген дана халқымыз. Қазақ халқындай қыздарға құрмет көрсетіп, бір үйдің көркі емес, бүкіл ұлттың ұйытқысы ретінде аялаған ел әлемде кемде-кем.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Отбасы-қоғамның рухани институты.

Қазіргі экономиканың дамып, қазақ елі еркіндік дәмін татып,
бостандық алуының жолында тәрбиелік құндылықты сақтаудың әртүрлі бағыттағы
жолы қарастырылуда. Елбасының халыққа арнаған әрбір Жолдауында елдің
болашағы айқындалып, даму жолы нақтыланып, тығырықтан шығудың жолдары
қарастырылып келеді. Қай кезеңде де, қоғамда да, отбасында да әйелдерге
сенім мен ауыр жүк артылуда. Елдің бостандығын, еркіндігін түсіну үшін сол
жүктен арылудың бар мүмкіншілігін пайдалануда әртүрлі шаралар
қарастырылуда.
Отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?
Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар,
ғалымдар әртүрлі пікірлер ұсынған. Мысалы, ежелгі грек ойшылы Платон
Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан
шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет деген екен.
Ал Аристотель болса Отбасы – адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші
түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі деген. Классикалық неміс
философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы
адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар
толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан Ежелгі қоғам атты кітабында
Л.Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын экономикалық,
әлеуметтік дамуымен және қызметімен байланыста қарастырған. Одан кейінгі
уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі – Ф.Энгельстің
1884 жылы шыққан Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы атты
еңбегі. Мұнда Ф.Энгельс отбасын тарихи категория ретінде қарастырып, оның
формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.

Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары
К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, қазақтың ұлылары Абай, А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Әуезов отбасы тәрбиесін көп қарастырған.

Философиялық тұрғыда отбасы – қоғамның ажырамас құрамы, өмірде зор мәні
бар кішігірім ұйым деп саналады. Ал педагогикалық-психологиялық тұрғыда
отбасы ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.

Тәрбие басы – тал бесік деген даналықты халқымыз тауып айтқан. Қазақ Ана
бір қолымен бала тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді дейді. Осы
қанатты сөздің тәрбиелік мәні тереңде жатыр.

Алып анадан туады. Ананың ақ сүтін ақтау әр перзенттің парызы ғана емес,
мойнындағы қарызы. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, бір түндік
ұйқысына татымайды деген дана халқымыз. Қазақ халқындай қыздарға құрмет
көрсетіп, бір үйдің көркі емес, бүкіл ұлттың ұйытқысы ретінде аялаған ел
әлемде кемде-кем.

Қыздардың ақылды, тәрбиелі болуына арналған ән мен жыр, аңыз-әңгімелер
ұлттық тәрбиенің негізгі өзегі болып табылған. Ұлтымыздың өткен өміріне көз
салсақ, небір қилы замандар: Кеңес дәуіріндегі ұжымдастыру (1920-28 жж.),
аштық (1932-33 жж.), саяси қуғын-cүргін (1937-38 жж.), соғыс (1941-45 жж.),
соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру қазақ халқының өсіп-өнуіне үлкен
зардап әкелсе де, аналарымыздың еш мойымай, тағдыр талқысына төзімділік
танытып, қазақ әйеліне тән әдептілігі мен тазалығын, парасаттылығы мен
сыпайылығын, мейірімділігі мен инабаттылығын сақтай отырып, ұлағатты, текті
ұрпақ өсіруге, ибалы, әдепті қыз-келіндерді тәрбиелеуге, қазақ әйелі деген
абыройлы атқа селкеу түсірмеуге зор ықпал еткені анық.

Ұлт болашағын қалыптастырып, алға сүйрейтін адам – әйел. Сондықтан әйелге
ХХІ ғасырда ұлтының жағдайын ойлайтын, өткен тарихтағы ұлы аналардың
арманын жалғастыратын, әсемдік пен махаббаттың жаршысы ретінде бар
жауапкершілік жүктеледі. Кәмшат Дөненбаева, Зылиха Тамшыбаева, қазақ
өнерінің қос қарлығашы Күләш пен Шара – үлгі тұтарлық тұлғалар.

Бір кездегі ұлағатты бәйбішелердің келінге қоятын талаптарының барлығы
отбасы тәрбиесінің негізінде жүзеге асқан. Жаңа түскен келін сол аймақтың
жоғын жоқтап, намысын ту етіп тігіп, қайнаға, қайын сіңлі, жеңге,
абысын деген ұғымдарға ерекше мән берген. Осындай тәрбие ұрпақтан ұрпаққа
жалғасқан. Келін бір шаңырақтың ғана қуанышы емес, ауыл-аймақтың қуанышына
айналған.

Қазіргі қазақ баласының мінез-құлқының қалыптасуында отбасылық тәрбие басым
болуы керек. Әрине, ол шаңырақтан бастау алады. Отбасынан басталған тәрбие
бертін келе баланың санасына әсер етіп, одан болашақта елін сүйетін
ұлтжанды тұлға өседі. Жалпы, ұлт деңгейінде қарайтын болсаңыз, кеңестік
дәуірде отбасында бала тәрбиелеуде шектеу болған. Ол қазақ ұлтының
санасында қабілетсіздікті, жасқаншақтықты тудырды, яғни ол нәрсені мен
істей алмаймын деген сенімсіздік, жалтақтық пайда болды. Ал Келін
түсіру, Қыз ұзату, Жаңа отау құру – үлкен ұлағатты әдеттердің барлығы
өткеннің қалдығы деп түсіндірілді. Кеңес дәуірінде отбасының құндылығы да
мүлдем басқаша қалыптасты. Біз әлі содан арыла алмай келе жатырмыз.
Сондықтан қазақ халқының қалыптасқан отбасын құрудағы тәрбиелік мәні күшті
салты мен әдет-ғұрпын, ұла­ғатты аналардың қалдырып кеткен үлгісін қайта
жаңғыртуымыз керек.

Баланың келешекте жақсы адам болуына сыртқы орта факторлары, оның ішінде,
негізгісі – тәрбиенің алатын орны зор. Қазақ халқында мынадай сөз
тіркестері бар: тегіне қарап немесе тегі мықты, тағы сол сияқты. Яғни
бұл жерде тегі деген сөз ғылыми тілде айтқанда – гені деген сөз.
Шешесін көріп, қызын ал деген халық мәтелі тегін айтылмаған. Тәрбиенің
негізгі көзі анасында, оның тектілігінде. Отбасын құруға ата-анасы, ауылы
мен елі араласып, ұзатылатын қыз бен түсетін келіннің тектілігі анықталған.
Бұл – философиялық категория. Қыздары еркіндікте бұлаң болып, жарына адал
баруына ата-анасымен бірге ортасы да жауапты болған. Сондықтан қазақта тірі
жетім болмаған.

Қазақтың құда түсуі кездейсоқ ұғым емес. Қызына тастай батып, судай сің
деп бата берген. Қазіргі жолдан қосылған жігіт пен қыз отбасының
тұрақсыздығы сондай үлгінің кемістігінен болар.

Қазақта жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі жүйелі түрде дамыған. Бұл
дәстүрді шетелдің беделді ғалымдары да ұлттық құндылық деп бағалайды.
Өйткені, адам организміндегі көптеген гендік мутациялар (өзгерістер) осы
туысаралық немесе қандас некелер арасында туындайды. Мұны қазақ ерте
заманда байқаған, жеті атаға дейін қыз алуға тыйым салып отырған.
Сондықтан, ұрпағы текті, дарынды болған.

Халқымыз қызды еркелетіп, қолпаштаумен бірге, Қызға қырық үйден тыю деп,
болашақ жар, адал келін болу үшін қыздардың тәрбиесіне ерекше мән берген.
Сол секілді Беташар, Үлкендерге сәлем беру, Шілдехана, Ат қою,
Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсаукесер, өзге де салт-дәстүрлер
отбасының бекуіне негіз болған.

Қазақ қыздары отбасын, әке-шешесін, ағайын-туыстарын құрметтеп, отбасы
бірлігін сақтаған.

Үлгілі келін, тәрбиелі қыз өсіру – қазақ бәйбішелерінің педагогикалық
қалыптасқан ұжымдық тәрбиесінің жемісі. Кешенді тәрбиенің үлкен мағынасы
отбасы мүшелерінен басқа туған-туыстарына ат қоюдан көрінеді. Ол ұлттық
тәрбиенің кепілі де. Жаңа түскен келіннің іскер, инабатты, ізетті,
мейірбанды болуы да отбасы тәрбиесінен. Олар өз үйінен алған тәрбиесін
келген жерінде сол отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпына үйлестіріп, жақсы
келін атануға тырысқан. Осы айтылған әдет-ғұрыптарды жастардың бойына
сіңіру болашақ жақсы ұрпақтың қалыптасуының негізі болып табылады.

Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқалай
әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан, жастар жолдас таңдағанда, оның бойында
өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-
зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес, олардың психологиялық
даярлығы да маңызды. Болашақ шаңырақ иелерінің бір-бірін толық танып, жақсы
түсіністік қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Отбасының берік болуы болашақ
ерлі-зайыптылардың өзіне байланысты. Олар болатын қиыншылықтарды алдын-ала
сезіп, саналы түрде соны жеңіп шығуға бел бууы қажет. Әрине, отбасында
түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне
байланысты мәселелер туындамай тұрмайды. Ондайдың соңы отбасының ыдырауына
әкеп соғатыны да бар.

Отбасы құндылық ретінде әртүрлі басымдықтарға ие. Әлеуметтік зерттеулерге
қарасақ, осыдан 25-30 жыл бұрын жүргізілген зерттеулерде Сіз үшін не
құнды? деген сұраққа жастар: Бірінші кезекте – Отан, екінші – махаббат,
үшінші – отбасы, бала деп жауап берген. Ал 2000 жылдың ортасынан бастап
жастар Алғашқы орында – материалдық жағдай, екінші – мансап, үшінші –
білім алу деп, отбасы, бала деген құндылықтар тоғызыншы, оныншы орындарға
ысырылып қалды. Демек, бұл соңғы 25-30 жыл ішінде құндылықтар жүйесіндегі
күрделі өзгерістерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Әлеуметтанудың институттары мен процестері
Әлеуметтік институттар түсінігі
Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер
Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
Әлеуметтану және саясаттану
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Қоғам туралы ғылыми көзқарастар
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы
Пәндер