Кәсіпкерлік іс


Жоспар
І. Кіріспе
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар
- Серіктестік түрлері.
- Шектелген жауапкершілікті қоғам.
- Акционерлік қоғамдар.
- Унитарлық кәсіпорындар.
ІІІ. Қорытынды.
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық - праволық формалы кәіпкерліктер құрылуда.
- Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Оларды. Мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
- Коммандиттік серіктік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс - жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
- Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
- Қосымша жауапкершілігі бар қоғам, қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
- Ашық және жабық акционерлік қоғам.
- Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
- Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқығы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорын болып есептеледі.
Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар.
Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар бұл ең көп тараған ұжымдық кәсіпкерлік форма.
Азаматтық кодекс бойынша шаруашылық серіктестік және қоғамдар болып жарғылық (уставтық) капиталы құрылтайшылардың салым үлесіне бөлінген коммерциялық ұйымдар саналады.
Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың жалпыға бірдей ерекшеліктері болады:
- құрылтайшылар есебінен құрылған, сонымен бірге шаруашылық серіктестіктер немесе қоғамдар іс - әрекеті негізінде өндірілген және сатып алынған мүліктер оған меншіктік право ретінде қолданылады;
- олардың барлығы жалпы меншіктік праволылығы бар коммерциялық ұйымдар болады;
- серіктестіктер және қоғамдар заңды тұлғалар ретінде басқа да серіктестіктерге және қоғамдарға мүше бола алады;
- қоғамдар және серіктестіктер өздерінің мүліктеріне иелігі болуымен байланысты, олардың құрылтайшылары қоғамға міндеттемелік праволығы бар, бірақ мүлікке заттың праволық ретінде емес.
- Шаруашылық серіктестік және қоғамдар ұйымдық - праволық шаруашылық жүргізу формалары жағынан өте жақын, сондықтан формаларын өзгерту мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге олардың түбегейлі өзгешеліктері бар: серіктестіктер - бұл адамдардың бірлестігі, ал қоғамдар - капиталдың бірлестігі.
Сонымен байланысты серіктестіктер мен қоғамдырдың әртүрлі праволық жағдайлары бар:
- серіктестіктерде оның құрылтайшылары кәіспкерлік іспен айналысуы дербес кәсіпкерлікпен немесе коммерциялық ұйымдар болуы тиіс;
- қоғамдарды бір адам жасақтауы мүмкін;
Серіктестіктің түрлері:
Толық серіктестік - өзара жасақталған шарт бойынша кәсіпкерлік іс
жүргізетін қатынасушы адамдар және өздерінің мүліктерімен міндеттемелерге жауап беретін серіктестіктер. Толық серіктестік мекеме, кәсіпорын, қатынасушылардың өзара жасаған, қол қойған құрылтай шарттары бойынша құрылады және жұмыс істейді. Басқару жұмысы өзара келісілген келісім бойынша жүргізіледі және әрбір құрылтайшы бір дауысқа ие болады. Серіктестіктің пайдасы, зияны қатынасушылардың (құрылтайшылардың) қосқан капиталының ара салмағына бөлінеді:
Коммерциялық практикада мұндай серіктестіктер көпшілігінде семьялық кәсіпкерлік формада орын алады.
Шаным негізіндегі серіктестік - толық серіктестіктің бір түрі, бірақ оның мынадай ерекшеліктері бар. Оған қатынасушылар екі топқа бөлінеді: толық серіктестіктер өз серіктестіктері атынан кәсіпкерлік жұмыс жүргізеді және серіктестіктің міндеттемелері бойынша толық және шексіз жауапкершілікке жауап береді. Ал екінші топ - салым салушыларды коммандиттер дейді, олар өздерінің мүліктерімен серіктестіктің міндеттемелеріне жауап бермейді. Сонымен шаным серіктестікте басқа адамдардың капиталын пайдалануға мүмкіндік береді. Салым - салушы - екінші топтың адамдары серіктестік жұмысын басқаруға, финанстық жұмысына кірісуге праволары жоқ. Бұл серіктестіктің ерекшелігі, қосымша капиталды өндіріске қоса алады.
Шектелген жауапкершілікті қоғам - бұл бір немесе бірнеше адам ұйымдастырған уставтық капиталы, құрылтай құжаттары мен мөлшеріне байланысты ара салмағына (үлесіне) бөлінген, мүшелері қоғамның ісі жөніндегі міндеттемелерге жауап бермейтін және қоғамның ісі жөніндегі міндеттемелерге жауап бермейтін және қоғамның ісімен байланысты тәуекелділік зиянға қосқан үлесіне қарай жауап беретін қоғам.
Қоғамның уставтық капиталы қатынасушылардың салған салымдарынан тұрады. Уставтық капитал - бұл несие (кредит) берушілердің мүддесін кепілдейтін, қоғамның мүлкінің минималды мөлшері. Уставтық капиталдың мөлшері қоғам құрардағы берген мәлімдемесінен кем болмауы керек. Уставтық капиталға заң бойынша қатал қойылған талаптар болады. Сонымен бірге уставтық капиталдың мөлшері заңмен тағайындалған мөлшерден кем болмауы керек.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам - бұл шын мәнінде шектелген жауапкершілікті қоғамның бір түрі. Бірақ бұл қоғамның маңызды ерекшелігі мынада: қоғамның мүлкі жетіспеген жағдайда, кредиторлардың (несие берушілердің) талабын қанағаттандыру үшін қоғам мүшелері мүліктік жауапкершілікке ынтымақты негізде қосымша тартылуы мүмкін. Бірақ бұл жауапкершілік шектелген, себебі олардың дербес меншіктеріне тиюге болмайды, ол тек толық серіктестіктерге тарайды. Қосымша жауапкершілікті қоғамның артықшылығы несие берушілерге тартымдырақ, себебі қоғамның жауапкершілігіне қосымша дербес жауапкершіліктері бар.
Акционерлік қоғамдар - бұл уставтық капиталы белгілі бір акциялар санына бөлінген қоғамдар. АҚ қатынасушылары қоғамның жұмыс бабындағы міндеттеріне, тәуекелділік шығынына жауап бермейді. Акционер қоғамнан шығарда өзінің үлесіне ешқандай төлем талап ете алмайды. Шығу үшін ол акциясын біреуге сату, немесе беруі мүмкін. Сондықтан АҚ, жауапкершілігі шектелген қоғамдардан айырмашылығы қоғам мүшелері шығуымен байланысты АҚ - ның негізгі капиталы кемиді. АҚ ұсақ салым салушылардың қаржыларын ірі капиталға шоғырландыруға мүмкіншілігі бар. Жылдам мүлікті меншіктіктен алу және акцияларды әсіресе биржа механизмі арқылы алу және уәкілдік акцияларды алу көп капиталды бір саладан екінші салаға жылдам ауысуын коньюнктураға байланысты ұйымдастыру мүмкіншілігі бар.
АҚ ашық немесе жабық болуы мүмкін. АҚ ашық түрі шығарылатын акцияларға ашық жариялауға, сатып алуға барлығына бірдей мүмкіндік береді. АҚ жыл сайын жылдық есепті, есепшілік балансына, пайда мен зиян туралы мәліметтерді жариялайды. АҚ акциялары тек алдын ала белгілі адамдар арасына таратылатын қоғамды жабық АҚ дейді. Жабық АҚ қоғам мүшелері заң бойынша белгіленген қоғам мүшелерінен аспауы керек. Олай болмаса, ол ашық АҚ - ға айналады немесе жабылады (таратылады) . Жабық АҚ - да жариялы іс жүргізілмейді. Уставты (жарғысы) жалғыз құрылтай құжаты болады, басқа құрылтайшылық құжаттар керегі жоқ. Жабық АҚ-ның жоғарғы органы акционерлер жиналысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz