Мұғалім- бұл болашаққа ұмтылған адам
Алғы сөз
Мұғалім. бұл болашаққа ұмтылған адам.
Мұғалім. бұл болашаққа ұмтылған адам.
Педагогика, психология пәндерінің теориялық мәселелері оқу тәжірибесімен және жаттығуларымен тығыз байланыста болса, оқу материалдарын меғгеру оңай, түсінікті болады. Бұл педагогтардың тәжірибесін, шеберлігін арттырып, оқушымен жақсы қарым-қатынас, тәлім-тәрбие беруде тәсілдерді таңдап алуға мүмкіндік береді.
Осы мақсаттарды негізге ала отырып, бұл құралда бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын зерттеуге арналған педагогикалық жағдаяттар қамтылды. Бұл жағдаяттар студенттердің ұстаздық қиялын, ойлауын, ой тапқырлығын, шеберлігін жетілдіріп дамытады. Сонымен қатар берілген жағдаяттарды шешу барысында кездесетін қиындықтарды жеңудің тиымді, ұтымды тәсілдерін іздестіруге, шешуге баулыйды. Бұл педагогикалық жағдаяттар мектептегі бастауыш сынып оқушыларының өмірінен алынды. Әр оқушының жан дүниесінің сырын білуге, даралық ерекшеліктерін, ақыл-ойын, санасын, дұрыс тәлім-тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін болжай білу студенттердің оқушы психологиясын білудегі міндеттері болып табылады.
Бұл жағдаяттарды студент оқытудың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануына сонымен қатар жағдаяттарды семинар сабақтарында, педагогикалық практика барысында пайдаланып, бақылаулар жүргізуіне де болады.
Берілген жағдаяттарда баланың әрекеттері мен қажеттіліктері әлеуметтік ортамен байланысы, оның мінез-құлқындағы өзгерістерін, белсенділігін арттыруға бағыттап отыру мақсаттары көзделген.
Оқу процесіндегі кездесетін түрлі қайшылықтарды ескере отырып, балалардың бойындағы жағымды, жағымсыз мінез-құлықтарының, тиімді жолдарын, қоғамдық пайдалы іс-әрекетке ұмтылуын дамытуда тиісті тәсілдерді қолдануға бағыттау жолдарын үйретеді.
Педагогикалық жағдаяттар – бұл студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға дайындайды, әр баланың жеке ерекшелігін, мінез-құлқын ескеріп, тәрбие әдістерін пайдалануды үйретеді. Педагогикалық жағдаяттарды шешуде мұғалім мына шарттар мен талаптарды ескереді:
І.Мұғалімге қойылатын талаптар:
1.Тәрбие әдістерін, заңдылықтарын жақсы білуі;
2.Балалар психологиясын терең білу;
3.Педагогикалық әдептілікті игерген, тапқыр болуы;
4.Тез ой қорытындысын жасап, сендіре алуы;
ІІ.1.Берілген педагогикалық жағдаяттың мазмұнын дұрыс түсіну;
2.Шешуі дұрыс деген әдісті таңдау;
3.Талдау, шешім қабылдау.

Педагогика, психология пәндерінің теориялық мәселелері оқу
тәжірибесімен және жаттығуларымен тығыз байланыста болса, оқу материалдарын
меғгеру оңай, түсінікті болады. Бұл педагогтардың тәжірибесін, шеберлігін
арттырып, оқушымен жақсы қарым-қатынас, тәлім-тәрбие беруде тәсілдерді
таңдап алуға мүмкіндік береді.
Осы мақсаттарды негізге ала отырып, бұл құралда бастауыш сынып
оқушыларының психикалық дамуын зерттеуге арналған педагогикалық жағдаяттар
қамтылды. Бұл жағдаяттар студенттердің ұстаздық қиялын, ойлауын, ой
тапқырлығын, шеберлігін жетілдіріп дамытады. Сонымен қатар берілген
жағдаяттарды шешу барысында кездесетін қиындықтарды жеңудің тиымді, ұтымды
тәсілдерін іздестіруге, шешуге баулыйды. Бұл педагогикалық жағдаяттар
мектептегі бастауыш сынып оқушыларының өмірінен алынды. Әр оқушының жан
дүниесінің сырын білуге, даралық ерекшеліктерін, ақыл-ойын, санасын, дұрыс
тәлім-тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін болжай білу студенттердің оқушы
психологиясын білудегі міндеттері болып табылады.
Бұл жағдаяттарды студент оқытудың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануына
сонымен қатар жағдаяттарды семинар сабақтарында, педагогикалық практика
барысында пайдаланып, бақылаулар жүргізуіне де болады.
Берілген жағдаяттарда баланың әрекеттері мен қажеттіліктері
әлеуметтік ортамен байланысы, оның мінез-құлқындағы өзгерістерін,
белсенділігін арттыруға бағыттап отыру мақсаттары көзделген.
Оқу процесіндегі кездесетін түрлі қайшылықтарды ескере отырып,
балалардың бойындағы жағымды, жағымсыз мінез-құлықтарының, тиімді жолдарын,
қоғамдық пайдалы іс-әрекетке ұмтылуын дамытуда тиісті тәсілдерді қолдануға
бағыттау жолдарын үйретеді.
Педагогикалық жағдаяттар – бұл студенттердің теориялық білімдерін
тәжірибеде қолдануға дайындайды, әр баланың жеке ерекшелігін, мінез-құлқын
ескеріп, тәрбие әдістерін пайдалануды үйретеді. Педагогикалық жағдаяттарды
шешуде мұғалім мына шарттар мен талаптарды ескереді:

Мұғалім- бұл болашаққа ұмтылған адам.
Мұғалім-қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. Мұғалім мамандығын
мәңгілік деп атайды.Қоғамды дамытатын өндіргіш күштердің ішіндегі негізгі
тұлға - адам, сондықтан адам факторына ерекше мән беру лазым. Қоғам дамуы
мен адамның дамуы бір-бірімен байланысты. Қоғам адамды қаншалыкты дәрежеде
жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Өйткені
өмірге материалдық, рухани байлық жасайтын адамдар, ал оларды сәби шақтан
баулитын, аға ұрпақтың жасаған байлығын жас буынның бойына күнделікті там-
тұмдап үздіксіз тәрбие арқылы дарытатын, көзін ашып, көңілін оятатын,
ізгілікке, азаматтыққа, әдемілікке баулитын мұғалімдер. Мұғалім мектепте
баланың күнделікті өмірін ұйымдастырып, жанын билейді, ата-аналарына,
отбасына көмек көрсетеді. Сондықтан да тарихтың қай кезінде болмасын
алдыңғы қатарлы ойшылдар оның қоғамдағы әлеуметтік орнын жоғары бағалаған.
Еңбектеген баладан, ақ басты академикке дейін ұстаз алдынан өтеді. Мемлекет
қайраткерлері де тәрбиеші-педагогтардан тәлім-тәрбие, тағлым, үлгі алады,
осылайша ұстаз ғасырлар бойы адамзат қоғамы жасаған байлықты жас ұрпаққа
итертеді.
Ұстаздың адам өміріндегі орны туралы қазақтың ұлы жазушылары мен ақындары,
педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, орыстың
алдыңғы қатарлы демократтары А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов,
жазушылары Л.Н.Толстой, М.Горький, В.МАяковский, педагогтары К.Д.Ушинский,
А.С.Макаренко, Н.К.Крупская т.б. құнды пікірлер айтқан. Халқымыздың классик
ақыны Абай:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалыкпас,
Үйретуден балаға, - десе балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин:
Балалармен қысқа, байсалды, ашуланбай сөйлесу, әрбір пәнді бар пейілмен
және қарапайым тілмен, екі үшті мағыналы сөздерсіз әрі қатесіз, терминдерді
араластырмай түсіндіру керек, - деп кеңес берген. Ұстаз -мектептің
жүрегі - деп анықтаған.
Қазақтың ғұлама ғалымы Әл-Фараби Жаман мінез-құлык рухани кесел
десе, Ж.Аймауытұлы: ...Дәрігерден не тәрбиешінің көп болғаны артық,
дәрігер адамның денесін сауықтандыратын болса, мұғалім адамның ақылын,
мінезін, жанын сауықтырады, - деген.
Мұғалімнің міндеттері.
Мұғалім жас ұрпақты жан-жақты дамыту үшін баланың күнделікті өміріне дұрыс
басшылық етіп, күн тәртібін ұйымдастыру арқылы ақыл-ойын, мінез-құлқын,
эстетикалық талғамын, адамның сапа касиеттерін, еңбекке, кұрбы-құрдастарына
жанашар қарым-қатынасын, ниеттестігін калыптастыруға міндетті.
Мектепте мүғалімнің нақты міндеттерін балаларды дұрыс тәрбиелеуді
камтамасыз ету, өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне
ұқьптылықпен қарап, денсаулығын сақтау, тәрбие мәселелері туралы ата-
аналармен жұмыс жүргізу, жұмысына жауапкершілікпен, сеніммен қарау екені
атап көрсетілген.
Мұғалімге қойылатын талаптар:
Мұғалім өз жеке басының үлгісімен балаларға жақсы өнеге көрсетуді алдына
мақсат етіп қоюы керек.
Жас ұрпақ бойына тәрбиенің алғашқы негізін қалыптастыратын мұғалімнің
адамгершілігі жоғары, мәдениетті, өз ісіне сенімді, қоғамның идеясы мен
ғылыми жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің және өзге
ғылым салаларының дамуын жақсы түсініп, оны балаларға түсіндіре алатын
болуы керек. Өйткені Ғылым мен өнер адамның қос қанаты.
Ұстаз тұлғасына тән сапа - жоғары мәдениеттілік.
Мәдениеттілік -коғамдық сананың бір түрі. Қазақ энциклопедиясында
Мәдениет ұғымына адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен,
олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен
адамның белгілі тарихи даму дәрежесі, - деп түсінік берген.
Мұғалім баланы мәдениеттілікке баулуда, сауаттылыққа үйретуден әлде
қайда бұрын бастауы керек. Сондықтан мұғалім айналасындағы адамдарға
(үлкендерге, балаларға) сый құрметпен қарауы, тіл -табысуы, сөйлеу
мәдениеті, кішіпейілдігі, әдептілігі, білімдігі, ата-аналарға ілтипатпен
қарауы, мәдени-гигиеналық дағдысының қалыптаскандығы, қоғамдық орындардың
өзін сыпайы, еркін, қоршаған ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі,
сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасы.
Мұғалімнің дүниеге көзқарасы табиғат пен қоғамның даму заңдарын дұрыс
түсінетін, тұрақты болу үшін ол өзінің білімін үнемі жетілдіріп, өзін-өзі
ұштап, дамытып отыруы тиіс. Онысы іс-әрекетінен, ұстаған принципінен,
жүргізген оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістерінен байқалуға тиіс.
Мұғалім үнемі алға талпынып, жас үрпақ тәрбиесіне белсенді араласуға
, балалар арасында беделді болуға міндетті. Мүғалімге педагогикалық зейін,
ақыл-ой, ерік-қайрат, жігер, шыдамдылық, ұстамдылық, шыншылдык, адалдық,
қарапайымдылық, мейірімділік, ізеттілік, іздемпаздық қасиеттер қажет. Бұл
сияқты адамгершілік сапаларды игерген тәрбиеші баланың әрі қарай дамуына
әсерлі ықпал етіп, мінез-құлқына өшпес із қалдырады.
Мұғалімнің жеке басының үлгісі - жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі
әдістерінің бірі, балалар мұғалімге барлық жағынан еліктейді. Өйткені
еліктегіш, тез қабылдағыштық балаға тән ерекшелік. Ол үнемі жинакы, таза,
ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы, демі, байыпты болуға тиіс.
Мұғалім қызметінің ерекшелігі
Таным-тәрбие ісінің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік тудыратындай
етіп ұйымдастыра білген мұғалім - шебер мұғалім.
Мұғалімнің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес,
бірақ ол дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет
ететін мамандық. (А.С.Макаренко)
Шебер мұғалім өз ісін терең білумен қоса, жұмыс стилі мен дауыс
ырғағынан, тәрбиеде тексерілген әдіс-тәсілдер жиынтығынан, күнделікті оқу-
тәрбиенің мақсат, міндетін анықтауынан байқалады. Ол тәрбие жұмысының әрбір
кезеңінде не істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетінін саналы, анық дәл
біледі.
Шебер мұғалімнің бөлмелерді жабдықтауы, әр нәрсенің өз орнында тұруы,
тәрбие жұмысына қажетті құралдардың түгел болуы педагогикалық мақсатқа
сәйкестелінген болады. Бұлардың барлығы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды.
Мүғалімнің негізгі қасиеттерінің бірі - психологиялык әдептілік.
Педагогикалық әдептілік бала психологиясына және оның жас ерекшеліктерін
жете білуді талап етеді.
Педагогтік әдептіліктің қайнар көзі - балаларды және мамандығыңды сүю,
кадірлей білу.
Педагогтік әдептілік - балаларға ілтипатты сезімтал болып, азамат
ретінде олардың жеке басын кадірлей, олармен қарым-қатынаста өзінің жақсы
жақтарын көрсете, сөйлесе, түсінесе білу. Мұғалімде қажетті әдептіліктің
болмауы балаларды алдау мен өтірік айтуға итермелейді.
Педагогикалық әдептің бір көрінісі - шамамен сезе білу қасиеті.
Қолайлы әдісті таба білу - педагогикалық шеберлік пен әдептіліктің
көрінісі. Нағыз беделді мұғалімнің күші балалар ұжымын ұйымдастыра білуі
және сол арқылы балаларға әсер ете білу қабілетінде жатыр.
Шеберлік бізден емес, жылдар өтіп тәжірибе жинақтаумен келеді.
Шеберлік үйретумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, ұқыптылықпен,
тәжірибемен, саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.
Білікті маман дайындау үшін жоғары оқу орындарында педагогты дайындау,
үйрету, кажетті педагогикалық техниканы меңгерту керек. Олай болса,
шеберлікке жетудің жолы педагогты жоғары оқу орындарында тәрбиелеу,
өздігінен педагогикалық теорияларды меңгерту, өз мамандығын жақсы көру,
шығармашылықпен еңбек ету, тәжірибе жинақтау.
Мүғалім қызметінің еркшеліғі.
Жас ұрпақ тәрбиесі - заманымыздың Ұлы ісі. Бұл іс мұғалімнен
балалардың күн санап өсуін, ақыл-ойының дамуын, психологиясының, дене
құрылысының жетілуін, мінез-құлқынын қалыптасуын, дүние танымның кеңеюін
үнемі көріп, сезіп отыруды талап етеді. Мұғалім әрбір тәрбие жұмыстарын
жүргізгенде балаларға Жұмбақ дүниенің құпия сырын ашады, алғашқы білім
сатысына жетелеп, қиялын дамытады. Әрқашанда білуге құштар, көңілі шат,
еліктегіш, елгезек балалардың талабы мен мүддесінен шығып, дұрыс басшылық
етіп, бағыт беруі үшін тәрбиеші өз ісінің шебері болуға тиіс.
Өмір есігін жаңа ғана ашқан балдырғанды тәрбиелеу үшін, мұғалім
олардың жас ерекшеліктерін жете біліп, соған орай балалармен қарым-қатынас
жасауды, өз басы өнеге үлгі болатындай білім дәрежесін көтеріп, шеберлігін
ұштауды міндет етіп қояды. Өйткені тәрбие міндеттері мұғалімнен
білімдарлықты, шынайылықты, адалдықты талап етеді.
Жаңашыл педагог Ш.А.Амоношвили төмендегідей талап кояды:
тәрбиеші үстаз эріптестеріне мейірімді, жылы, шырайлы, ықыласты болуы
керек; олармен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін
игеру керек; әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға,
жоғарыдан төмен карауға құқығы жоқ; әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге
міндетті; әріптестерінің үйренуге ұялмауы. әріптестерінің атақ-даңқын, ар-
намысын сақтауы керек, балаға байланысты отбасының қүпия-сырын білуі
керек, бірақ оны ешкімге шашпауы кажет, - деп мұғалімнің кызметінің өзге
мамандықтардан ерекшеліктерін байқатады.
Қызметінің ерекшелігіне байланысты мұғалім педагогтік кәсіп этикасын
игеруі керек.
Этика - мораль оның шығу табиғаты туралы, белгілі адамгершілік
принциптер мен нормалардың негізделуі туралы ғылым. Ал педагогтік этикадан
педагогикалық мораль құралады. Ұстаздың жеке басына қойылатын талаптар
дұрыс көзқарас пен сенімділік, азаматтық, кәсіптік ерлік, педагогтік
ынтымақтастық пен ұжымдық, мұғалімнің гуманизмі.
Дедагогтік этикага оның категориялары негіз болады. Жақсылық пен
жамандық, педагогтік парыз, педагогтік әдептілік, кәсіптік, намыс пен
абырой, педагогтік бедел, ар-ождан, еңбек тәртібі сияқты категориялар.
Жақсылық категориясының мағынасы қоғамның қуатын нығайту, абырой-
даңқын орнықтыру, еңбек сүйгіштік, адалдық, шыншылдық, сыпайылық, адамдарға
деген сүйіспеншілік, жамандық атаулыға, ымырасыз болу.
Педагогтік бедел категориясының мағынасы - ұстаздың жеке басының
кәсіби қасиеттерінің жиынтығы, қоғамға, табиғатқа, балаларға, педагогтарға,
ұжымына, ата-аналарға адамгершілік қарым-қатынасының көрінісі. Педагогтің
беделі оның, мінез-құлқын, жеке басының қадір-касиетін мойындауға
негізделеді. Педагог этикасының негізі педагог еңбегінің әлеуметтік мәні,
жеке басының адамгершілік мазмұны, психологиялық жағынан қалыптасуы,
кәсіптік жағынан қарулануы, өзгелерімен қарым-қатынасының сипаты, мінез-
құлқы, жасы, жынысы, мамандығы, отбасы жағдайы т.б. жатады.
Педагогтің жеке басының психологиялық жағынан қалыптасуы -кәсіптік
бақылампаздығы, жүйке-жүйелерінің ерекше төзімділігі, ұстамдылығы, ұжымдағы
қарым-қатынас стилі, табиғатқа, коғамға, әдебиетке, өнерге, ғылымға т.б.
кызығушылығы, көтеріңкі көңіл-күйі, педагогтік оптимизмі, артистігі, дене
бітімі, сыртқы келбеті, жинақтылығы,ұқыптылығы, белсенділігі, кез-келген
жаста жарқын жүзділігін, жағымды көңіл-күйін, шығармашылық қабілетін, жалпы
мәдениетінің сақтауы.
Мұғалім қиын жағдайлар кездескенде тапқырлық жасап, ұтымды әдіс тауып
шеберлік көрсете білу, оқу, тәрбие үстінде өз сезімін, жан дүниесін
басқарып, ұжыммен қарым-қатынас үстінде ерік-қайратын, күш-жігерін шығара
білуі керек. Педагогика ғылым ғана емес өнер де, сондыктан педагог өз
бойына әртістік шеберлікті қалыптастыруы керек. Оның әдістемесі қандай?
Балаларға суық, ашуланшақ ұстаздарға қарағанда, әзілді түсінетін,
жайма-шуақ, өмірге шаттана қарайтын мұғалім қатты ұнайды. Мұғалімнің
жұмысқа шат көңілмен ширақ қарауы балаларды сергітіп, жұмысқа жұмылдыра
түседі.
Педагогтік оптимзм туралы сөз болғанда, психолог В.Левидің өзіне-өзі
гипноз жасау туралы кеңестерін пайдаланып, (таңертең сенімді, әрі әсерлі
дауыспен: (Мен жүмысымды сүйемін, Бүгін ісім сәтті болады деген сиякты
педагогтік оптимизмді қалыптастыратын өзін-өзі сендіру әдістерін қолдану
тиімді. Педагоггің дені сау, сергек болуы, киімінің эстетикалық талғамына
сай, сәнді, жасына лайықты, жұмыс істеуіне ыңғайлы тігілуі де көтеріңкі
көңіл-күй тудырып, сергектігін қамтамасыз етеді. Балалар мұғалімнің салдыр-
салақ келгенін кешірмейді. Адамның сырткы келбет көрінісі
айналасындағыларға құрмет көрсетуі. Киім адамды жинақыландырып, тәртіпті
болудың алудың факторы бола алады. Мысалы, сәнді киініп тұрып, балаларға
дөрекі дауыспен айқайласуға, ерсі қимыл-
әрекет жасауға болмайды. Ол сыртқы әсемдігімен үйлеспейді.
Педагог эстетикасының келесі белгісі - мұғалімнің кәсіби қарулануы.
өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын; әлеуметтік адамгершілік, мәдени жағынан
үздіксіз жетілу, кәсібіне сай білімін тереңдету, педагогика, психология
теориясын, әдістерін игеруі тиіс. Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарды:
тыныс алуды реттеу, дауысты жолға қою, түсінікті, анық, мақалдап сөйлеу,
орфоэпикалық норманы сақтап, әдеби тілді игеру, сөйлегенде сөздің эмоциялык
әсерлілігін қамтамасыз ету.
Мұғалімнің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі тәрбиені үздіксіз, түтас,
бір ізді, жүйелі жүргізу үшін балалар ұжымымен тіл табысу, олармен
мәдениетті түрде сөйлесе, түсінесе білу керек. Балалардың күнделікті іс-
әрекетін жас ерекшеліктеріне сай, үйлесімді шебер, қызық пен қуанышқа толы
өмірін ұйымдастыра алады. Жағымды мәдени мінез-құлкын, әдет-дағдыларын
бірте бірте қалыптастырады. Мінез-құлық мәдениеті баланың тәрбиелілігінің
көрсеткіші, ал мәдениеттіліктің негізі - терең әлеуметтік сезімге апарып
тірейді, ол адамды сыйлау, құрметтеу сезімі.
Баланың сан түрлі дербес әрекетіне басшылық ету, тату балалар ұжымын
ұйымдастыру, әр баланың қызығушылығын дамыту, мәдени мінез-қүлқын
тәрбиелеу, еңбекке дұрыс қатынасын қалыптастыру т.б. ұстаз тұлғасына
байланысты.
Педагогикалық үрдісте негізгі рөл мұғалімде және ол барлық балаға
әсерін тигізеді. Мұғалім бір баламен сөйлескенде, бір баланы мақтағанда,
бір балаға түсіндіргенде, айыптағанда, сурет салу, жапсыру, тігу, кию т.б.
барлық өзге балалар да естиді, көреді, үйренеді, тыңдайды, яғни барлығына
бірдей ықпалын тигізеді. Сол себептен мүғалім тәрбие әдістері мен
құралдарын бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүр, ырым-кәде, жөн-жоралығы,
халықтың ойындар мен көркем әдебиет, қолөнер, музыкалық шығармаларын,
халыктық ата-кәсібін т.б. білуі, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты
дамуын, қабілетін, дарындылығын танып, ішкі сарайына енуі, әр балаға жеке
дара ұқыптылықпен келу, тіл табысып түсінісуі, ойланып-толғанып жылы сөздер
айтуы, еркелетуі, еркелетіп атын атауы, қажет кезінде талап етуі, баланың
жан-дүниесіндегі өзгерісте оның бет құбылысынан, кезінен, кабағынан, көңіл-
күйінен ұғып, бағдар беруі тиіс. Қысқасы, мұғалім бала үшін өте қызықты да,
сүйкімді адам болып көргендіктен баланың жақсы қасиетіне, мінезіне сүйеніп,
ата-анасымен бірлесе тәрбиелейді.
№1
Берілгені: Қоңырау соғылды. Сабақ басталды. Мұғалім сабақ өткізіп жатыр.
Бір кезде сыныпқа мектеп директоры кірді де, мұғалімнен кеше мектептің
педагогикалық кеңесіне неге келмегенін, оның себептерін сұрай бастады.
Мұғалімде үн жоқ.
Сұрақ: Мұндай жағдайда мұғалім не істеуі мүмкін?
Жағдайдан қалай шығуы керек? Ал, директордың орнына өзіңіз болсаңыз ше?
№ 2
Берілгені: Бірде мұғалім тәрбие сағатын өткізбекші болды. Тәрбие сағатына
байланысты өлеңді Майра деген қыз *Мен орындаймын* деген соң мұғалім
Майраға сеніп, өлеңді тапсырды. Бірық сол тәрбие сағатын болатын күні Майра
сабаққа келмей қалды. Апай оған журналға *екі* деген баға қойды. Соңынан
Майраның әкесі қайтыс болғасын сабаққа келмеу себебін естіді.
Сұрақ: Бұл жерде мұғалімнің оқышыны бағалағаны дұрыс па ?
№ 3
Берілгені: Талғат нашар оқуымен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп
сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын. Оның ата-
анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап, мұғалімдердің өздері
кінәлі-деп санайтын. Оның әке-шешесі баланы тек тамақтандырып, киіндірсек
болды, ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін.
Сұрақ: Балаға адамгершілік тәрбие берудегі отбасының жауапкершілігі
неден?
№ 4
Берілгені: Қазақ тілі сабағында мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп,
баға қоя бастады. Сол сыныптағы озат оқушының бірі дәптері толық, бірақ үй
тапсырмасын орындамады. Мұғалім оқушыға нашар баға қояды. Оқушының осыдан
кейін сабаққа деген ынтасы болмайды.
Сұрақ: Бұл жағдайда кім кінәлі?
№ 5
Берілгені: Мұрат кешке дейін ойнап үйіне бірақ оралды. Тамағын ішер-ішпес
төсегіне қисайып жатып, үйқыға кетті. Ертеңіне үйқыдан кеш ойянып, сабағына
асығыс жиналып кетті. Жолда келе жатыр, алдынан қарт әжей шығады, қолында
сөмкесі, бір қолында таяғы бар. Әжей Мұратты тоқтатып, қарағым мына сөмкені
үйіме дейін апарып салшы – деп өтінеді. Мұрат сол кезде былай жауап береді:
*Әжей мен асығыспын, сабақтан кешігемін* - деп жауап айтады. Әжей ойланып
қалады.
Сұрақ: Осы жерде Мұраттың іс-әрекеті дұрыс па?
№ 6
Берілгені: Асхат төртінші сынып оқушысы. Сабаққа үлгерімі өте жақсы. Бірақ
ол үйде ерке ме, әлде үйінің кенжесі ме, бұзықтығы бар.
Сұрақ: Бұл оқушыға қандай кеңес айтар едіңіз.
№ 7
Берілгені: Сыныпта жаңа сабақ өтіліп жатыр. Сабақтың ортасында бір оқушы
кешігіп келеді. Мұғалім оқушыға ұрысып сыныптан шығарып жібереді.
Сұрақ: Мұғалімнің әрекеті дұрыс па? Сіз мұғалім болсаңыз не істер
едіңіз?
№ 8
Берілгені: Сынпта барлық оқушы бір баланы өздеріне қоспай, онымен ойнамай
жүр. Ол бала барлық уақытта көңілсіз. Сабаққа келгісі келмейді, көп қалады.
Сұрақ: Сіз мұғалім болсаңыз қандай шара қолданар едіңіз?
№ 9
Берілгені: 1-сыныпқа келген оқушы анасынан ажырағысы келмей, жылай берді.
Сұрақ: Сіз мұғалім болсаңыз не істер едіңіз? Баланы өзіңізге сыныпқа
қалай тартар едіңіз?
№ 10
Берілгені: 3- сыныпта оқитын Аида ауырып сабаққа бір апта келмей қалады.
Мұғалім Аидаға оқушылардың көзінше қатты ұрсады.
Сұрақ: Мұғалімнің қолданған жазасы дұрыс па?
№ 11
Берілгені: Сіздің сыныбыңызда бір үлгілі оқушы бар. Оның сабаққа деген
ынтасы жоғары. Бірақ, ол баланың тәртібі өте нашар.
Сұрақ: Мұндай жағдайда не істер едіңіз?
№ 12
Берілгені: Өз сыныбыңыздағы жақұсы оқып жүрген оқушыңыздың бірден сабаққа
үлгерімі нашарлап кетті.
Сұрақ: Сіз осы оқушымен қандай жұмыс істер едіңіз?
№ 13
Берілгені: Еркебай бірінші сыныпқа барды. Жексенбі күні көп ойнап ертеңінен
сабағына асыға қоймады. Мұны байқаған әжесі:
- Балам мектебіңе барсаңшы, сабағыңнан қалып қоясын ғой, дейді.
Еркебай оған:
- Барғым келмей тұр, әже, - дегені.
- Неге, сабақтан қалуға болмайды.
- Бәрібір *үш* аламын.
- Қой балам, - деді әжесі, сабағыңа бар. Егер бармасаң *үш* түгілі
*екіліктен* де құр қаласын.
Сұрақ: Еркебайды қандай бала деуге болады? Неліктен ол *үш* аламын деп
қорқады.
№ 14
Берілгені: 6 жасар Болат салдыр-салақ , ұқыпсыз. Тіпті, өзіне өзі қалай
болса, солай қарайтын бала. Қимылыда икемсіз, өте баяу, тәртіп ережелерін
жие бұзады. Ұқыпсыздығынан, салған сүреттеріде нашар, өте лас.
Тәрбиешілердің талап- тілектері мен ескертулеріне де нем құрайлы қарайды.
Сұрақ: Болаттың сабақ үлгерімі қандай екенін анықтаңыз, оған қалай
көмектесу керек?
№ 15
Берілгені: Далада ойнап жүріп екі бала керісіп, аяғы төбелеске барады.
Сізге келіп шағымданады.
Сұрақ: Сіз осы мәселені қалай шешер едіңіз?
№ 16
Берілгені: 2 сыныпта мұғалім қазақ тілінен диктант алды. Үнемі қатемен
жазатын оқушы бұл жолы қатесіз жақсы баға алуға тырысып жазған.
Бірақ оны мұғалім:
- Сен қасыңдағы үлгілі оқушыдан көшіргенсін – деп төмен баға қояды.
Сұрақ: Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз?
№ 17
Берілгені: Оқушылар апайына гүл сыйлады. Бәрінің ішіндегі Сарсенбаевтың
гүлі әдемі екен. Бірақ оның иісі жоқ екен – деді мұғалім.
Сұрақ: Сіз мұғалімнің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
№ 18
Берілгені: Сыныпта бір баланың тәртібі өте нашар, ол барлық сабақта тыныш
отырмайды. Ән-күй сабағының мұғалімі баланың тәртіпсіздігіне шыдай алмай
бір қойып қалады.
Сұрақ: Мұғалімнің қолданылған шарасы дұрыс па?
№ 19
Берілгені: Мұғалім қазақ тілі сабағынан үйге берілген тапсырманы тексеріп
жатыр, оқушылар үй тапсырмасын орындамаған.
Сұрақ: Сіз мұғалім орнында болғанда не істер едіңіз?
№ 20
Берілгені: 2 сынпта сабақ басталды. Мұғалім сабаққа кіріп балалармен
сәлемдесті балалар орнынан тұрды, тек екі оқушы тұрмады.
Сұрақ: Сіз сол кезде не істер едіңіз?
№ 21
Берілгені: Мұғалім математика сабағынан үйге берілген тапсырманы тексеріп
жатыр. Сыныпта бір-екі оқушы тапсырманы дұрыс орындамаған, яғни оқушылар
есептің шығарылу жолын түсінбеген.
Сұрақ: Сіз мұғалімнің орнында болғанда не істер едіңіз?
№ 22
Берілгені: Ата-аналар мұғалімдерге мына сияқты сауалдарды жиі қояды:
неліктен барлық бала оқұ мен жазуды бірдей жақсы меңгермейді? Баламызға
көмектескіміз келеді. Ол үшін не істеуіміз керек?
Сұрақ: Ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз?
№ 23
Берілгені: 2 сынып оқушысы Мақсат үнемі сабақ үлгерімі, тәртібі жөнінде
жиналысқа түсетін. Бір күні сынып жетекшісі Мақсаттың мамасын көріп
баласының үлгермеушіліктерін айтып, жиналысқа не себепті келмегенін сұрады.
Сонда Мақсаттың мамасы: *жиналысқа не деп барамын, ылғи жамандайтыныңыз
менің балам*.
Сұрақ: Мұғалімнің ата-анамен байланысын орынды деп ойлайсыз ба?
№ 24
Берілгені: Жас ата-анасы балсы Әділді 1-сыныптың мұғаліміне *міне ұлымыз,
өте қабілетті, көптеген тақпақтар біледі, ән айтып, би билейді!* - деп
таныстырды. Тәжирибелі ұстаз оған бірден көңіл аударып, бақылады. Ал Әділ,
ата-анасы айтқан бойындағы ұнамды қасиеттерін көпке дейін көрсете алмады.
Оқуға көңілі соқпай, үйіне кетуге сұрана бастады.
Сұрақ: Не себепті Әділ өз қабілетін сабақта көрсете алмады? Ұстаз бен
анасы енді Әділмен қандай жұмыстар жүргізулері керек?
№ 25
Берілгені: 3 *А* -сыныбында Жаңа жыл қарсаңында жаңа жылдық жаттаулар
беріліп жатыр. Барлығы көңілденіп тақпақты қуана айтып жатыр. Тек Нұрлан
ғана шеттеп қалды. Өйткені ол жаттау берсе жаттамай келетін. Бұл жолы апайы
оған жаттау бермеді. Ал, Нұрлан болса *мағанда беріңізші* - деп сұраған
жоқ.
Сұрақ: Мұғалім бұл баламен қандай жұмыс жүргізу керек? Нұрлан неліктен үн-
түнсіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz