Жалпы нозология



1. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Биология мен медицинадағы норма түсініктері. Денсаулық.
2. Ауру табиғатына деген эволюциялық көзқарастар. Ауру, ауру мен денсаулық арасындағы аралық жағдай (ауру алды).
3. Патологиялық үрдіс, патологиялық реакция, патологиялық жағдай түсініктері; типтік патологиялық үрдістер.
4. Ауру критерийлері.
5. Аурулардың жіктелу принциптері.
6. Ауру көріністері, жалпы және жергілікті, спецификалық және спецификалық емес.
7. ауру кезеңдері, соңдары. Толық және жартылай сауығу. Ремиссия, рецидив, асқыну.
8. Терминалдық жағдай. Өлім кезеңдік үрдіс ретінде. Агония алды жағдай, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім.
9. Реанимацияның патофизиологиялық негіздері.
Жалпы нозология (грек сөзінен нозос-ауру)-ауру туралы жалпы ілім.
Ауру-организмнің денсаулықтан жаңа сапалық жағдайымен ерекшеленеді, қоршаған орта факторларынан зақымдалуға жауап болып табылады. Ауру тұрмыстық жағдай арқылы берілетін, қорғаныс серпілісінің бұзылуымен және организмнің қоршаған орта жағдайларына бейімделу серпілісінің бұзылуымен және еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен сипатталады.
И.П. ауру табиғаты жайлы ойлай отырып, байқаған: ауру тек жәй зақымдалу нәтижесі, өмірлік қызметтер бұзылысы, “қирау” ғана емес. Әрбір ауру тудырушы тітіркендіргіш зақымдалуды тудыра отырып, ауру шақырады, сонымен қатар бір уақытта қорғаныс механизмдері іске қосылады. Организмнің кез-келген қоршаған орта әсеріне серпіліс заңдылығы осындай. Организм бұл қоршаған ортаның үздіксіз әсеріне өзінің функционалдық жүйе әрекетінің өзгеруімен жауап беретін, күрделі өзін-өзі реттеуші жүйе.
Функционалдық жүйенің осы серпілістері (реакциясы) организмді қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне бейімдейді. Яғни бейімделу –механизмі денсаулық жағдайында үздіксіз әрекет етеді. Дәл осы механизмдер патогендік тітіркендіргіш әсерінен де іске қосылады, бірақ басқа сандық мөлшерде, ал кейде өз сапасы өзгерген түрде. Бұл бейімделу серпілістерін И.П. Павлов ауруға қарсы “физиологиялық өлшем” деп атады. Осы механизмдер сауығу үрдісіне бастау береді. Дәлірек айтқанда бұл: антидене, өндірілуінің күшеюі (кез-келген емес, берілеген микробқа қатысты арнайы), шырыш секрециясының күшеюі, бактерицидті сөлдерің күшеюі, жүрек жұмысының күшеюі, қан ағысының жылдамдауы, тынысалудың жиілеуі және тереңдеуі, лейкоциттер түзілу үрдісінің күшеюі, тер бөлудің күшеюі, кейбір гормондарың көптеп түзілуі және т.б. Аурудың әрбір белгілі жағдайында (ауру себебінің әсер ету ерекшелігіне байланысты: солардың біреуі-инфекция қоздырғышы, төмен температура, т.б.) осы аталған механизмдердің белгілі біреулері іске қосылады.
Әрине бұл бейімделу серпілістерінің күші және көлемі әрқашан организмге қажетті шекте болмайды, яғни әрқашанда оптимальді емес.
Дәрігер белгілі бір жағдайда бейімделу мәні бар организмнің серпілістерден зақымдалу “қирау” көріністерін жақсы айыра білуге міндетті. Тек дәрігер-клинецист қана аурудың кез-келген симптомын басуға ұмтылады.
Ауруалды-бұл денсаулық пен ауру арасындағы өтпелі жағдай. Ол тек қоршаған ортаның кейбір патологиялық және физиологиялық факторлар әсерінен көптүктелген қызметтің жеке компенсация элементінің бар болуынан тек прогресстеп қана қоймай, сонымен бірге регресстенуімен де сипатталады.
Дәрігерге бұл сатыда ауруды болдырмау, аурудың бастапқы кезеңіне қарағанда, айтарлықтай жеңіл. Сондықтан да ауруалды кезеңін білу, практикалық және профилактикалық медицинада, маңызы зор.
Кез-келген ауруда ауруалды кезеңнің болуы міндетті емес. Аруалды (басқаша айтқанда преморбидтік жағдай) деп физиологияға жатпайтын, бірақ әлі айқын дертке өтпеген, организмнің реактивтік қасиетінің өзгеруі. Ауруалды кезеңінде компенсация механизмдері әлі көрініс бермейді. Кейде ауруалды жағдайы, кейбір қоршаған орта факторларына организмнің төзімділігін төмендететін, бұрын ауырған аурулар аясында пайда болады.
Адамда ауруалды жағдайы тұрмыс және еңбек әрекетімен байланысты, жедел патогенді емес факторлардан пайда болады: шамадан тыс тамақтану, тұзды көп жеу, гиподинамия, тоңазу ыстықтау, шу, вибрация т.б. Олардың ауру тудырушы әсері бір нәрсенің себебінен және көп уақыттан кейін көрініс беруі мүмкін. Жиі бұл факторлардың әсері сабақтасады, мұның созылмалы нервтік-психикалық зорығуда маңызы бар.
Дерттік үрдіс ( патологиялық процесс)- бұл зақымдалған организм немесе зақымдалған ағза, ұлпаларда дертік және қорғаныс-бейімделушілік серпілістерінің сабақтасуы. Мысалы: жедел аппендецит кезінде құрт тәрізді өсіндінің флегмонозды қабынуы жергілікті дерттік үрдіс болып табылады.
Дерттік серпіліс (патологиялық реакция)-бұл дерттік үрдістің қарапайым түрі. Мысалы: аурутудырушы әсерге жауап ретінде артериолалардың тұрақты кеңеюі немесе шырыштың көп бөлінуі дерттік серпіліс болып табылады.
Дерттік жағдай (патологиялық жағдай)-дегеніміз ұзақ уақыт аралығында өте жәй дамитын дерттік үрдіс болып табылады. Мысалы: асқазанның ойық-жарасы (дерттік үрдіс) тыртықтанумен немесе кіреберіс қақпасының тарылуымен (дерттік жағдай) аяқталып, ұзақ уақыт айтарлықтай өзгермей қалуы мүмкін.
Типтік дерттік үрдіс деп жануар түріне, локализациясына, себебіне, ерекшелігіне қарамастан бірдей негізгі заңдылықтармен дамитын үрдістерді айтамыз. Басқаша айтқанда типтік дерттік үрдістер әр түрлі жануарларда, әр түрлі мүшелерде негізінде қандай дерттік әсер жатпасын, ағымы негізі бірдей заңдылықтармен өтеді. Бұл қабыну, қызба, ісік, гипоксия, ашығу, гиперэмия, тромбоз, эмболия. Жануарларда соның ішінде адамдарда да (негізінен) ашығу бірдей өтіп, оттегі жетіспеушілігіне бірдей жауап беруі, барлық жануарларда қабыну үрдісінің бірдей заңдылықтарымен өтуі, бізге бұл үрдістердің эволюция барысында қалыптасып, олардың дамуы тұқым қуалау жолымен берілетіндігін көрсетеді. Әрине, қабыну немесе ісік әр түрлі жануарлар түрінде әртүрлі ерекше қасиетке ие, бірақ патофизиология ол ерекшеліктерден ауытқып, олардың даму заңдылықтарын түсіну үшін, ортақ жалпы қасиеттеріне көңіл бөледі.
Әдебиеттер:

1. Тель Л.З., Серебровская И.А. Избранные лекции по патологической физиологии// Алматы.- 1995. -
420 б.
2. Тель Л.З., Серебровская И.А. Физиология человека и общие механизмы болезней.
//Алматы»Казахстан».- 1994. - Ч.1-2. – 344 б, 167б.
3. Н±рм±хамбетов Э., Дєленов Е. Патологиялық физиология. // Алматы. - 1995 ж. – 562 б.
4. Н±рм±хамбетов Э. Патофизиология. // Алматы. - 2000 ж. – 568 б.
5. Адо А.Д., Адо М.А., Пыцкий В.Н., Порядин Г.В., Владимиров Ю.А Патологическая физиология.//
М.:Триада-Х. - 2000.- 574 б.
6. Адо А.Д., Новицкий В.В. Патологическая физиология.//Томск.-1994.- 461с.
7. Воложин А.И., Порядина Г.В. Патологическая физиология // М.: «МЕДпресс». - 2000. – 525 б.
8. Зайко Н.Н. Патологическая физиология. // Элиста АОЗТ «Эсен».- 1995.- 549 б.
9. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Основы общей патологии // С.-Петербург. «Элби- СПБ». - 1999. – 470 б.
10. Литвицкого П.Ф. Патофизиология. Курс лекций; Учебное пособие.//М.-1995. – 741 б.
11. Михайлов В.В. Основы патологической физиологии // М., «Медицина»- 2001. – 703 б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Ф КГМА 1-8-2102
МУ Организация
методической работы в
соответствии с ГОСО 2006
года от 04.07.2007 г

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра Патологиялық физиология

ДӘРІС
Тақырыбы: Жалпы нозология

Пән: Патологиялық физиология 1

Мамандығы: 051301 Жалпы медицина

Курс: ІІ

Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат

Қарағанды 2011

Кафедраның әдістемелік
жиналысында бекітілген.
№ _2_ хаттама _01__ __09____ 2011 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.
• Тақырыбы: Жалпы нозология.

• Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың
маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын алу мен
емдеудегі патофизиологиялық негіздерімен таныстыру.

• Дєріс жоспары:
1. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Биология мен медицинадағы
норма түсініктері. Денсаулық.
2. Ауру табиғатына деген эволюциялық көзқарастар. Ауру, ауру мен
денсаулық арасындағы аралық жағдай (ауру алды).
3. Патологиялық үрдіс, патологиялық реакция, патологиялық жағдай
түсініктері; типтік патологиялық үрдістер.
4. Ауру критерийлері.
5. Аурулардың жіктелу принциптері.
6. Ауру көріністері, жалпы және жергілікті, спецификалық және
спецификалық емес.
7. ауру кезеңдері, соңдары. Толық және жартылай сауығу. Ремиссия,
рецидив, асқыну.
8. Терминалдық жағдай. Өлім кезеңдік үрдіс ретінде. Агония алды жағдай,
агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім.
9. Реанимацияның патофизиологиялық негіздері.

• Клиникалық есеп
Хирургиялық бөлімшеге оң аяғының инфицияланған жыртымды жарасы бар 44
жастағы науқас В. түсті. Науқастың аяғы ампутацияланды. Үш аптадан кейін
науқастың жағдайы жақсарғаннан соң ол ауруханадан шығарылды.

• Дәріс тезистері:
Жалпы нозология (грек сөзінен нозос-ауру)-ауру туралы жалпы ілім.
Ауру-организмнің денсаулықтан жаңа сапалық жағдайымен ерекшеленеді,
қоршаған орта факторларынан зақымдалуға жауап болып табылады. Ауру
тұрмыстық жағдай арқылы берілетін, қорғаныс серпілісінің бұзылуымен және
организмнің қоршаған орта жағдайларына бейімделу серпілісінің бұзылуымен
және еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен сипатталады.
И.П. ауру табиғаты жайлы ойлай отырып, байқаған: ауру тек жәй
зақымдалу нәтижесі, өмірлік қызметтер бұзылысы, “қирау” ғана емес. Әрбір
ауру тудырушы тітіркендіргіш зақымдалуды тудыра отырып, ауру шақырады,
сонымен қатар бір уақытта қорғаныс механизмдері іске қосылады. Организмнің
кез-келген қоршаған орта әсеріне серпіліс заңдылығы осындай. Организм бұл
қоршаған ортаның үздіксіз әсеріне өзінің функционалдық жүйе әрекетінің
өзгеруімен жауап беретін, күрделі өзін-өзі реттеуші жүйе.
Функционалдық жүйенің осы серпілістері (реакциясы) организмді қоршаған
орта жағдайларының өзгерістеріне бейімдейді. Яғни бейімделу –механизмі
денсаулық жағдайында үздіксіз әрекет етеді. Дәл осы механизмдер патогендік
тітіркендіргіш әсерінен де іске қосылады, бірақ басқа сандық мөлшерде, ал
кейде өз сапасы өзгерген түрде. Бұл бейімделу серпілістерін И.П. Павлов
ауруға қарсы “физиологиялық өлшем” деп атады. Осы механизмдер сауығу
үрдісіне бастау береді. Дәлірек айтқанда бұл: антидене, өндірілуінің күшеюі
(кез-келген емес, берілеген микробқа қатысты арнайы), шырыш секрециясының
күшеюі, бактерицидті сөлдерің күшеюі, жүрек жұмысының күшеюі, қан ағысының
жылдамдауы, тынысалудың жиілеуі және тереңдеуі, лейкоциттер түзілу
үрдісінің күшеюі, тер бөлудің күшеюі, кейбір гормондарың көптеп түзілуі
және т.б. Аурудың әрбір белгілі жағдайында (ауру себебінің әсер ету
ерекшелігіне байланысты: солардың біреуі-инфекция қоздырғышы, төмен
температура, т.б.) осы аталған механизмдердің белгілі біреулері іске
қосылады.
Әрине бұл бейімделу серпілістерінің күші және көлемі әрқашан организмге
қажетті шекте болмайды, яғни әрқашанда оптимальді емес.
Дәрігер белгілі бір жағдайда бейімделу мәні бар организмнің
серпілістерден зақымдалу “қирау” көріністерін жақсы айыра білуге міндетті.
Тек дәрігер-клинецист қана аурудың кез-келген симптомын басуға ұмтылады.
Ауруалды-бұл денсаулық пен ауру арасындағы өтпелі жағдай. Ол тек
қоршаған ортаның кейбір патологиялық және физиологиялық факторлар әсерінен
көптүктелген қызметтің жеке компенсация элементінің бар болуынан тек
прогресстеп қана қоймай, сонымен бірге регресстенуімен де сипатталады.
Дәрігерге бұл сатыда ауруды болдырмау, аурудың бастапқы кезеңіне
қарағанда, айтарлықтай жеңіл. Сондықтан да ауруалды кезеңін білу,
практикалық және профилактикалық медицинада, маңызы зор.
Кез-келген ауруда ауруалды кезеңнің болуы міндетті емес. Аруалды
(басқаша айтқанда преморбидтік жағдай) деп физиологияға жатпайтын, бірақ
әлі айқын дертке өтпеген, организмнің реактивтік қасиетінің өзгеруі.
Ауруалды кезеңінде компенсация механизмдері әлі көрініс бермейді. Кейде
ауруалды жағдайы, кейбір қоршаған орта факторларына организмнің
төзімділігін төмендететін, бұрын ауырған аурулар аясында пайда болады.
Адамда ауруалды жағдайы тұрмыс және еңбек әрекетімен байланысты, жедел
патогенді емес факторлардан пайда болады: шамадан тыс тамақтану, тұзды көп
жеу, гиподинамия, тоңазу ыстықтау, шу, вибрация т.б. Олардың ауру тудырушы
әсері бір нәрсенің себебінен және көп уақыттан кейін көрініс беруі мүмкін.
Жиі бұл факторлардың әсері сабақтасады, мұның созылмалы нервтік-психикалық
зорығуда маңызы бар.
Дерттік үрдіс ( патологиялық процесс)- бұл зақымдалған организм немесе
зақымдалған ағза, ұлпаларда дертік және қорғаныс-бейімделушілік
серпілістерінің сабақтасуы. Мысалы: жедел аппендецит кезінде құрт тәрізді
өсіндінің флегмонозды қабынуы жергілікті дерттік үрдіс болып табылады.
Дерттік серпіліс (патологиялық реакция)-бұл дерттік үрдістің қарапайым
түрі. Мысалы: аурутудырушы әсерге жауап ретінде артериолалардың тұрақты
кеңеюі немесе шырыштың көп бөлінуі дерттік серпіліс болып табылады.
Дерттік жағдай (патологиялық жағдай)-дегеніміз ұзақ уақыт аралығында
өте жәй дамитын дерттік үрдіс болып табылады. Мысалы: асқазанның ойық-
жарасы (дерттік үрдіс) тыртықтанумен немесе кіреберіс қақпасының
тарылуымен (дерттік жағдай) аяқталып, ұзақ уақыт айтарлықтай өзгермей қалуы
мүмкін.
Типтік дерттік үрдіс деп жануар түріне, локализациясына, себебіне,
ерекшелігіне қарамастан бірдей негізгі заңдылықтармен дамитын үрдістерді
айтамыз. Басқаша айтқанда типтік дерттік үрдістер әр түрлі жануарларда, әр
түрлі мүшелерде негізінде қандай дерттік әсер жатпасын, ағымы негізі бірдей
заңдылықтармен өтеді. Бұл қабыну, қызба, ісік, гипоксия, ашығу, гиперэмия,
тромбоз, эмболия. Жануарларда соның ішінде адамдарда да (негізінен) ашығу
бірдей өтіп, оттегі жетіспеушілігіне бірдей жауап беруі, барлық жануарларда
қабыну үрдісінің бірдей заңдылықтарымен өтуі, бізге бұл үрдістердің
эволюция барысында қалыптасып, олардың дамуы тұқым қуалау жолымен
берілетіндігін көрсетеді. Әрине, қабыну немесе ісік әр түрлі жануарлар
түрінде әртүрлі ерекше қасиетке ие, бірақ патофизиология ол ерекшеліктерден
ауытқып, олардың даму заңдылықтарын түсіну үшін, ортақ жалпы қасиеттеріне
көңіл бөледі.
Ауруларды классификациялау принциптері
Қазіргі уақытта аурулар саны мыңға жуық (нозологиялық формалары).
Уақыт ағымына қарай олардың саны өзгеріп отырады. Кейбір аурулар жоғалып,
олардың орнын жаңа аурулар басады. Мысалы рентген сәулелерін қолданғанға
дейін, сәулелік аурулар мүлдем болмаған. Ғарышқа ұшуға дейін ғарыштық
медицина да болмаған. Аурулардың жіктелуінің негізіне кейбір нышандар
кіреді:
1) Этиологиялық жіктелу. Этиологиялық жіктелу аурулар тобының пайда
болу себебінің жалпылығына негізделеді. Мысалға, инфекциялық емес
аурулар. Осындай принциппен даму себебінің негізі улану (тағамдық,
проффесионалдық), гендік және хромосомалық мутациялар (тұқым
қуалайтын), т.б. бірдей болып табылатын ауруларды жіктеуге болады.
2) Топографо-анатомиялық жіктелу мүшелік принциппен құрастырылады.
Жүрек, бүйрек, құлақ т.б. Бұндай жіктелу бірнеше рет қатаң
сынауларға алынған, себебі мүшелік ауру мүлдем болмайды, кез-келген
жергілікті зақымдалу серпілістері бүкіл организмді қамтиды деген
ойға негізделеді. Дегенмен бұл жіктелу кеңінен тарған, практикада
қолайлы болғандықтан. Одан басқа бұл жіктелу қазіргі таңдағы
дәрігерлік көмекті мамандандыру тенденциясына жауап береді. Бұл
жіктелу қызметтік жүйе бойынша жіктеумен сабақтасады: қан жүйесі,
асқорыту жүйесінің, тірек-қозғалыс аппаратының аурулары т.б.
3) Жас және жыныс бойынша жіктеу. Балалық шақ (жекелегенде нәрестелер
ауруы) қарттық шақ ауруларын ажыратады. Пациенттер арасында қарт
адамдардың санының өсуінен, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының
артуынан, соңғы кезде геронтология және педриатрияның жеке ғылым
болып бөлінуінің қажеттілігі туып отыр. Медицинаның арнайы бөлімі-
Гинекология болып табылады.
4) Экологиялық жіктеуге адамның мекен ету жағдайларынан туатын аурулар
тобы кіреді. Ауа температурасы, атмосфералық қысым, күн жарығы, күн
мен түн алмасуы белгілі бір аймақтың тұрғындарының денсаулығына
әсер етеді. Мысалы қиыр солтүстік немесе тропика. Бұл географиялық
немесе аумақтық дерт.
5) Патогенез жалпылығы бойынша жіктеу: аллергиялық, қабыну аурулары,
ісіктер, шок.
Ауру көріністері (жалпы және жергілікті, арнайы және арнайы емес)
Ауруды анализдеу жалпы және жергілікті арсындағы арақатынасты түсінуде
қатаң талаптар қояды, осыған ауруды емдеу шараларының эффективтілігі
белгілі бір дәрежеде байланысты болғандықтан. Жалпы және жергілікті
біртұтастықтың ішінен үрдіс тенденциясын анықтайтын жетекші жағын табу
керек. Айталық тіс кәрезі жергілікті емдеуге келетіндіктен, пломба қою
жеткілікті. Егер кәруыз минерал және ақуыз алмасуының бұзылысының
нәтижесінде пайда болса, онда бәрінен бұрын емдеу жалпы түрде болуы керек.
Жергілікті және жалпылық арасындағы арақатынас уақыт ағымына қарай
өзгереді. Жергілікті (фурункул) тарап, жалпыға (сепсис) айналуы мүмкін,
жалпы дерттік үрдіс организмнің қорғаныс күші көмегімен шектелуі,
локализациялануы немесе жойылуы мүмкін.
Аурудың арнайы немесе арнайы емес көріністері.
Ауруда әрқашан тек қана сол ауруға тән көріністерді ажыратуға болады
(мысалға, стенокардия, стенокардия кезіндегі ауырсынудың иррадиациясы),
сонымен қатар көптеген, я болмаса барлық ауруларға тән көріністер
(симптомдар) болады. Бұл патогенездің жалпы арнайы емес жағы, эволюция
барысында қалыптасқан, тұқым қуалау арқылы берілетін организм
серпілістерімен анықталады. Олардың мән мағынасына дерттік жағдайда
әрқашан іске қосылатын организмнің қорғаныс қасиеті кіреді. Мұндай жүйкелік
немесе жүйкелік және эндокриндік мүшелермен анықталатын арнайы емес
серпілістер кем дегенде бесеу: дерттік парабиоз, дерттік доминанта,
неврогенді дистрофия, қыртыс-висцеральдік динамиканың бұзылуы және стресс.
Парабиоз-бұл тұрып қалған, таралмайтын қозу, қозатын ұлпаның
зақымдалуынан тұрады. Мысалға кейбір жүрек блокадалары формаларының
патогенезінде парабиоздың маңызы зор.
Доминанта-яғни орталық жүйке жүйесінде басқа басқарушы ошақтың пайда
болуы. Бөгде басқарушы ошақ басқа орталықтарды өзіне тәуелді етіп, көптеген
психикалық аурулардың дамуындағы дерттік үрдістерге әкелуі мүмкін (Мысалға
аңду үрейіне). Доминантамен кейбір ауырсынулардың өткірленуін, организмге
индеферентті тітіркендіргіш (мысалға, дыбыс, жарық) әсерінен де ауырсынудың
пайда болуын түсіндіруге болады. Бронхиалдық астмада және гипертониялық
ауруларда, бас миында кез-келген тітіркендіргішке бронхтардың тарылуымен
(бірінші жағдайда) немесе тамырлардың таралуымен жауап беретін, тұрып
қалған қозу ошақтары пайда болады.
Сонымен бірге жүйке жүйесінің трофикалық қызметі де іске қосылады. А.Д.
Спиранский трофикалық компонент қосылмайтын бір де бір ауру болмайды деп
есептеген. Қант диабеті және туберкулез сияқты айырмашылығы өте үлкен
ауруларда жүйке жүйесіне, оның трофикалық қызметіне бірінші жағдайда
ұлпаның инсулинге сезімталдығы байланысты болса, екінші жағдайда оның
туберкулез таяқшасына резистенттілігі тәуелді.
Ауруда арнайы еместік түсінігі Сельенің стресс жайлы оқулығында ерекше
дамуына жеткен. Автор әр түрлі тітіркендіргіштер жылу, суық, у, ауырсыну
әрқашанда стандартты, арнайы емес серпіліс тудырады. Бұл барлық жағдайда
гипофиз гормоны-кортикотропиннің бөлінуі, бұған бүйрек үсті безінің қыртысы
көптеп гормон түзуімен жауап береді. Егер агенттер әсері өте ұзақ және өте
күшті болмаса, бүйрек үсті безі гормондары организмнің жағдайларға
бейімделуіне тек көмегін тигізеді. Егер де зақымдаушы агент әсері шектен
тыс болса, онда ауру дамиды немесе өлімге әкеп соқтырады.
Патогенездегі арнайылылыққа келетін болсақ, яғни диагноз қойылатын
симптомдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде жетекші орынды
этиологиялық фактор алады. Жалпының үстіне бірдей және ерекше қабаттасады.
Себептер жалпы ауады, бейне бір өз өрнегін салатындай. Одан басқа жоғарыда
аталған бес факторды (парабиоз, доминанта, кортика висцеральді байланыстар,
жүйкелік трофикалық қызмет, стресс) естен шығармау керек. Олар өз бетінше
арнайы емес, бірақ олардың өзара күрделі құрамдасуы берілген аурудың ерекше
қасиетін беруі мүмкін.
Осылайша, кез-келген ауру арнайы және арнайы еместің, жеке және
жергіліктінің, ерекше және жалпының қоспасы болып табылады.

Ауру дамуының негізгі кезеңдері (периодтары) және аурудың ақыры

Ауру дамуында, әдеттеә 4 кезеңді ажыратамыз: латентті, продромальді,
аурудың шарықтау шегі және соңы немесе аурудың аяқталуы. Мұндай кезеңділік
баяғыда жедел инфекциялық ауруларды (іш сүзегі, оба т.б.) клиникалық
анализдеуде құрастырылды. Басқа аурулар (жүрек-тамырлық, эндокриндік,
ісіктер) басқа заңдылықтармен өтеді, сондықтан да келтірілген кезеңділік
бұларға аз қолданылады. А.Д. Адо аурудың үш кезеңін ажыратады: басы,
аурудың өзінің кезеңі, аяғы.
Латентті кезең (инфекциялық ауруларда қолданылады-инкубациондық)
себептің әсер ету мезетінен бастап аурудың лорлық клиникалық
көріністерінің пайда болуына дейінгі кезең. Бұл кезең қысқа болуы да
мүмкін, әскери уландырушы заттардың әсеріндей және өте ұзақ та болуы
мүмкін, проказа кезіндегідей (бірнеше жыл). Бұл кезеңде организмнің
қорғаныс күштерінің мобилизациясы жүреді, күштер мобилизациясы мүмкін
бұзылыстарды компенсациялауға, аурутудырушы агенттерді не жоюға, не
шығаруға бағытталады. Латентті кезеңді профилактикалық шараларды
жүргізгенде (инфекция жағдайында изоляция), сонымен бірге емдеуде, жиі тек
осы кезеңде ем эффективті (құтырма), білу міндетті түрде қажет.
Продромальді кезең-бұл алғашқы ауру көрінісінен оның толық
симптомдарының көрінуіне дейінгі уақыт бөлігі. Кейде бұл кезең айқын
(Крупті пневмония, дизентерия), кей кезде әлсіз, бірақ аурудың дәл
айқындалуымен сипатталады. Мысалы тау ауруы кезінде, бұл себепсіз шаттану
(эйфория), корь кезінде-Коплик-Филатов дақтары т.б. Мұның барлығы
дифференциялдық диагностикада маңызды. Сол уақытта көптеген созылмалы
ауруларда продромальді кезеңді анықтау жиі қиындық туғызады.
Аурудың шарықтау кезеңі: клиникалық суретінің толық дамуымен
сипатталады: қалқаншамаңы безінің жетіспеушілігі кезіндегі қалтырау, сәуле
ауруындағы лейкопения, типтік триада (гипергликемия, гликозурия, полиурия)
қант диабеті кезіндегі. Бұл кезеңнің ұзақтығын анықтау бірқатар ауруларда
салыстырмалы жеңіл. Созылмалы ауруларда ағымның жәйлілігінен кезең алмасуы
байқалмай ағымы ошақтардың жандануымен кезектеседі, жаңа жандану аурудың
алғашқы көріністерінен айтарлықтай айрықша болатынын ескеру керек.
Ауру ақыры. Аурудың келесі ақырларын ажыратамыз: сауығу (толық және
толық емес), рецидив, созылмалы күйге өту, өлім.
Сауығу. Аурудан туған бұзылыстардың жойылып, организмнің қоршаған
ортамен қарым-қатынасының қалпына келуі, адам үшін ең бастысы-еңбекке
қабілеттілігінің қалпына келуі.
Сауығу толық және толық емес болады. Толық сауығу деп организмдегі
аурудың барлық іздері жоғалып, бейімделу мүмкіндіктерінің толық қалпына
келуі. Сауығу әрқашан бастапқы күйге оралуды білдірмейді. Ауру нәтижесінде
әр түрлі жүйелердің өзгеруі не сол күйінде қалуы да мүмкін, оның ішінде
иммундық жүйе де. Толық емес сауығуда ауру зардаптары айқын көрінеді. Олар
көпке дейін кейде өмірбақиға қалады (Мысалы, плевра жапырақшаларының
бітісіп өсуі, митральді тесіктің тарылуы). Толық және толық емес сауығу
арасындағы айырмашылық салыстырмалы. Сауығу тұрақты анатомиялық кемістікке
қарамастан толық болуы мүмкін (Мысалы, бір бүйректің жоқ болуы, егер екінші
бүйрек біріншінің жұмысын толық компенсацияласа). Сауығу алдындағы ауру
кезеңдері өткеннен кейін басталады деген ой қате. Сауығу үрдістері ауру
туған сәттен бастап басталады.
Сауығу механизмдері туралы түсінік сандағы жалпы жағдайдан туындайды,
ауру екі қарама-қарсы құбылыс-жеке дерттік және қорғаныс-компенсаторлық
механизмдерінің біртұтастығынан туындайды. Осы екі жақтың біреуінің
басымдылығы аурудың ақырын шешеді. Сауығу мүмкін бұзылыстардың бейімделі
кешені серпілісінің күшімен толық қалпына келуімен сипатталады. Сауығу
механизмінің ішінде жедел (апаттық) және ұзақуақыттық түрлерін ажыратады.
Жедел тыныс алу және қанайналым өзгерістері сияқты рефлекторлық қорғаныс
серпілістері, стрестік серпілістері кезіндегі адреналин және
глюкокортикойдтардың бөлінуі, сонымен бірге ішкі орта тұрақтылығын сақтауға
бағытталған механизмдер (РН, қандағы глюкоза деңгейі, қан қысымы т.б.).
Ұзақуақыттық серпілістер шамалы кештеу басталып, ауру ағымының аяғына дейін
әсер етеді. Ең алдымен бұл-қызметтік жүйенің резервтік механизмдердің іске
қосылуы. Мысалы қант диабеті панкреаттық аралшықтың ¾-ін жоғалтқан кезде
пайда болмауы мүмкін. Адам бір өкпемен бір бүйрекпен өмір сүре алады.
Қалыпты жағдайдағы жүрек тыныштық күйіндегі жұмысынан 5 рет күшті жұмысты
жүктеме кезінде атқара алады.
Функцияның күшеюі тек мүшелердің бұрын жұмыс істемеген құрылымдық-
функционалдық бірліктердің (Мысалы, нефрондар) іске қосылуынан ғана емес,
сонымен бірге олардың жұмыс істеу интенсивтілігінің ұлғаюынан, осы себептен
мүшеде пластикалық үрдістер күшейеді, мүше массасы (гипертрофияланып)
ұлғаяды, бұл жағдай әрбір құрылымдық-функционалдық бірлікке қалыпты жүктеме
күшінен аспайтын күш түскенде болады. Компенсаторлық механизмдердің іске
қосылуы және әрекетінің тоқтауы, ең алдымен жүйке жүйесіне байланысты. П.К.
Анохин зақымдалу тудыратын функционалдық дефектілерді арнайы
компенсациялайтын функционалдық жүйе жайлы түсініктеме қалыптастырды. Бұл
функционалдық жүйелер белгілі бір ұстанымдар бойынша құралады және жұмыс
істейді:
1. Сәйкес компенсаторлық механизмдердің іске қосылуына жетекші, пайда
болған зақымдалу туралы дабыл (сигнализация)
2. Қордағы компенсаторлық механизмдердің үдемелі мобилизациясы
3. Бұзылған функциялардың қалпына келуінің кезектескен кезеңдері туралы
кері афферентация
4. Орталық жүйке жүйесінде шеткері мүшеде функцияның қалпына келуін
анықтайтын қозу комбинациясының қалыптасуы
5. Динамикада соңғы компенсацияның адекваттылығын және тұрақтылығын
бағалау
6. Қажеті жоқ кезде жүйенің ыдырауы
Компенсацияның кезеңдерінің кезектілігіне бір аяқ зақымдалғандағы
ақсақтықты мысалға алуға болады:
1. Кіреберіс-ұлулық мүшеге тепе-теңдіктің бұзылғандығы жайлы дабыл
түседі.
2. Қозғалыс және тепе-теңдікті сақтау мақсатында бұлшық ет топтары және
қимыл орталықтары жұмыстарының қайта құрылуы жүреді.
3. Тұрақты анатомиялық дефекті жүйке жүйесінің жоғарғы орталықтарына
түсетін тұрақы афферентация комбинацияларына әкеледі, сөйтіп
оптимальді компенсацияны қамтамасыз ететін, яғни ең аз ақсаумен жүруді
қамтамасыз ететін уақытша кері байланыс түзіледі.
Рецидив-бұл аурудың толық емес тоқтауынан кейін, қайта басталуы,
мысалға безгек кезінде ұстаманың біраз уақыт интервалы өткеннен кейін
қайтадан басталуы.
Созылмалы формаға өту деп ауру ағымының жәй ұзақ уақыты ремиссия
кезеңдерімен (айлап, жылдап) өтуі. Аурудың мұндай ұзақ уақытты ағымы
қыздырғыш вируленттілігімен, ең бастысы, организм реактивтілігімен
анықталады. Осылайша, көптегенаурулар қарттық шақта созылмалы күйге ауысады
(созылмалы пневмония, созылмалы колит).
Терминалдық жағдайлар. Өлу-кезеңді үрдіс.
Өлу (организм қызметінің өшу үрдісі) өмірден өлімге сапалық өту ғана
емес, сонымен бірге ол организм қызметімен жүйесінің заңды түрде
кезектесіп өтетін бұзылуының соңында мүлдем істен шығуы, өшуі. Міне осы
жағдай, яғни заңды түрде біртіндеп организм қызметінің өшуі, өмірді қалпына
келтіру үшін уақыт беріп, жағдай жасайды.
А.А. Неговский және соавторының анықтамасы бойынша терминальді
жағдайларға преагония, агония және клиникалық өлім жатады.
Преагоналдық жағдай. ОЖЖ қызметінің бұзылысымен, науқас күрт тежелген
немесе комада, қанайналым бұзылысымен-төмен (60-70 мм.с.б.б.) немесе
анықталмайтын артериалық қысым әлсіз жиі пульспен, шеткері қанайналым
бұзылыстарының айқын көріністерімен-цианоз, терінің бозаруымен немесе
дақтануымен сипатталады.
Гемодинамика бұзылуы тынысалу бұзылыстарымен тереңдейді, тыныс-беткей,
жиі кейде кезеңді болады. Мұның барлығы гипоксияның, ұлпалық ацидоздың
дамуына әкеледі. Дегенмен преагональды жағдайда зат алмасу негізінен
тотығу болап табылады. Преагональді кезеңнің белгілі бір ұзақтығы жоқ. Ол
өте қысқа немесе мүлдем болмауы мүмкін, мысалға электр тоғымен зақымдалу
нәтижесіндегі кенеттен жүрек қарыншаларының фибриляциясы немесе тәндік
қанайналымның жедел бұзылуы. Басқа себептермен өлу кезеңдерінде, мысалы
қансыраудан, организмнің өз компенсаторлық механизмдерін іске қосуға қосуға
мүмкіншілігі бар кезде, (компенсаторлық механизм негізгі өмірлік
қызметтерді қалпына келтіруге және демеп тұруға бағытталады). Преагональді
жағдай емдік көмек берілмесе де бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.
Агональдық жағдай. Агония басталуы жиі (бірақ барлық өлу түрінде емес)
клиникалық айқын тіркеледі, себебі преагональді жағдайдан агония жағдайына
өту кезеңі терминальдық үзіліс болып табылады. Ол жиі тыныстың кенет
тоқтауымен; мүйіздік рефлекстердің тез өшуімен сипатталады. Егер
преагональды жағдайда ЭКГ-да айқын өзгерістер, миокардта метаболизм
өзгерістерін көрсететін, пайда болса, дегенмен монотонды ритм болса, ал
терминальді үзіліс кезеңінде ол интравентикулярлы немесе кейде эктопиялық
сирек импульстар тіркеледі. Терминальді үзіліс бірнеше секундтан бірнеше 2-
4 минөтке созылуы мүмкін.
Агония динамикасын В.А. Неговский тәжірибесінде жақсы зерттеген.
Агония қысқа сериялы демалумен немесе бір ғана беткейлік дем алумен
басталады. Тыныс алу актіне тек көкірек бұлшықеттері ғана емес сонымен
бірге мойын, ауыз қуысы аймағының бұлшықеттері де қатысады. Тыныс алу
актісінің бұзылысы, яғни бір уақытта бұлшықеттердің қозуы және босаңсуы,
дем алу және дем шығарудың жүзеге асырылуын қиындатып, өкпе
вентиляциясының толық тоқтауына әкеледі. Мұндай клиникалық суреттің пайда
болуы ОЖЖ функциясының және жағдайының радикальді өзгеруінің салдары болып
табылады. Оның жоғарғы бөлімдері, соның ішінде бас-ми қыртысы істен шығып,
өмірлік функцияларды регуляциялау қызметі бульбарлы және кейбір жұлын
омыртқаларына өтеді. Олардың қызметінің мобилизациясы организмнің барлық ең
соңғы мүмкіндіктерін сақтау үшін бақытталады. Бұл кезде тек жоғарыда
көрсетілген тынысалу қозғалыстары ғана қалпына келіп қоймай, сонымен бірге
ірі артериялар пульсациясы, синустық ритм және қанайналым пайда болып, бұл
корнеальдік және қарашықтық рефлкстерді кей кезде есті қалпына келтіріуі
мүмкін. Дегенмен бұл өліммен күрес эффективті емес, себебі бұл жағдайдан өз
бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ: оның энергетикасы анаэробты гликолиз арқылы
толықтырылады, бірақ бұл энергия сандық жағынан жеткіліксіз болып қана
қоймай, ағзада толық тотықпаған өнімдердің тез жиналуына әкеліп соқтырып,
сапалық өзгерістерге әкеледі.
Агония ұзақтығы, әрине, ұзақ емес. Оның көріністерінің айқындалуы
агония пайда болған аяда, организмдегі патологиялық өзгерістер сипатына
байланысты. Жүрек жиырылуы және тыныс алу жылдам тоқтап, клиникалық өлім
басталады. Бұл жерде айта кету керек, жүректің әлсіз функциясы тоқтаған
кезде, миокардтың электрлік белсенділігі (20-30ми.) клиникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру туралы
Аурудын дамуы мен сыртқы белгілері
Ішектік инфекциялар жалпы түсінік, нозология, этиологиясы мен эпидемиологиясының жалпы ерекшеліктері
Аурулардың жіктелу негіздері
Патофизиология курсынан дәрістер жинағы
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Коронавирус инфекциясы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламалары (денсаулықты, спортты, дене шынықтыруды дамыту)
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Вирустық гепатиттер туралы
Пәндер