Психотерапия пәні бойынша дәрістер



1. Психотерапия туралы түсінік.
2. Ғылым ретінде қалыптасып дамуы.
3. Ғылыми . зерттеу әдістері.
Психотерапия – грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген мағынаны білдіреді. «Психотерапия» - термині 1872 жылы Д.Тьюктың «иллюстарция»влияние разума на тело» - кітабында енгізіліп, 19 – ғасырдың аяғынан кең қолдана бастады. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады. Психотерапияның негізі – логопедия (сөзбен әсер ету). Бұл арада К.С. Станиславскидің «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірімен астасып жатыр. Көп жағдайда психотерапия медициналық ұғым ретінде қабылданады. Медициналық әдебиеттерде және медицинамен аралас ғылыми салаларда психотерапия науқас адамның ағзасына психика арқылы емдік әсер ету ретінде қарастырылады. Психотерапия емдік әдіс ретінде әдістері педагогика, әлеуметтену, физиология, медицина, психология, т.б. ғылымдармен негізделеді. Психотерапия клиникалық мекемелерден тыс жерлерде де орын алуда, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде: жанұялық, әлеуметтік – психикалық көмек беру кабинеттерінде, сенім телефондарында, т.б. жерлерде.
Психотерапияның адам жан дүниесіне әсер етуі жөнінде төрт негізгі моделі бар:
 психотерапияның емдеу әдісі ретінде медициналық моделі;
 психотерапияны үйрету үрдісі ретінде психологиялық моделі;
 психотерапия манипуляция ретінде қоғамды бақылап отыру мақсатындағы әлеуметтік моделі;
 психотерапия адамдармен өзара әрекеттес құбылыс кешені ретінде философиялық моделі.
Психотерапияны тәжірибеде қолданылатын және өзінің нәтижелілігін дәлелдеген бірқатар әдістер жүйесі деп түсінеміз. Психотерапияның тиімділігі мен психосоматикалық медицинаның кең танымалдылығы психотерапия мен медицинаның байланыс тенденциясын құрайды. Күнделікті тұрмыста психотерапия деп адамның жан дүниесіндегі күрделі жағдайларды қалыпқа келтіру барысында байқалған әсерлерді айтамыз. Бұл әсерлер релаксациялаушы (босаңсыту) және психотерапияның көмекші әдістерінің бірін құрайтын суггестивті әдістің ықпалдарынан пайда болады. Психотерапия үрдісі үш кезеңнен тұрады:
 алдын – ала дайындық кезеңі;
 психотерапияны жүргізу кезеңі;
 адамдар мен кері байланысты жүзеге асыру кезеңі.
Неміс ғалымдары М. Перре мен У. Бауманн психотерапияны құрылымы әртүрлі және әрбіреуіне белгілі бір мақсаттары мен құрылымдары сәйкес келетін бөлек–бөлек кезеңдерден (фазалардан) тұратын үрдіс деп көрсеткен. Психотерапия үрдісінің фазаларына жататындар: терапиялық қарым–қатынасты орнатуды көрсету мен мақсаттарды түсіндіру, терапиялық шараларды қолдануды үйрету және көрсету, терапияның басталуы мен аяқталуын дұрыс бағалау.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
1. Глоссарий – түсініктемелер.
1. Психотерапия – жанды емдеу 1872ж. Д.Тьюктың Иллюстрация
влияние разума на тело - кітабында енізіліп, 19 ғасырдың
аяғынан қолдана бастады;
2. раппорт – кезекші нүктелер ұйықтамаған жағдайда дәрігер мен
ауру адам арасындағы қарым – қатынас (көпір);
3. гипноз – ми қыртысындағы клеткаларда болатын тежез прцесіне
негізделген жармы – жартылай ұйқы.
4. гипнопедия – табиғи ұйқы кезінде оқыту.
5. катарзис – тазалану (Аристотельдің темині).
6. психоталдау – катарзис әдісіне сүйене отырып Фрейд жасаған,
артынан санасыздық туралы ойды дамытып құрады.
7. Мәдениетті психоталдау, психодрама - психоталдаудың
өзгертілген түрлері.
8. өзін - өзі жаттықтыру – неміс психотерапевті Генрих Шульц 1932
жылы ұсынған.
9. Гипноз, аутогендік жаттығу, сендіру мен өзін - өзі сндру –
клиникалық бағдарлы психотерапияның әдістері.
10. магнитизм – магниттің құпия күшін емдеу ісіне пайдаланған әдіс
XVV ғасырда Парацельс, Ф.Месмер қолданған.
11. суггестия – сендіру, өзін - өзі сендіру әдісі
12. аутогенді жаттықтыру - өзін - өзі жаттықтыру.
13. логотерапия – сөзбен емдеу, негізін салушы Ф.Франкл.
14. трансактілі анализ – Эрик Берннің топтық және тұлғалық өсудің
психотерапевтік әдісі.
15. гештальттерапия – негізін салушы Ф. Перлз, форма теориясы -
адамның өзін - өзі танып білуіне, өзіне - өзі көмектесуіне,
өзін қабылдауына қабылданылады.
16. нейролингвистикалық бағдаурлау – психотерапияда кең
қолданылатын әдіс.
17. аффект – жан толқуы - деген латын сөзі, адамның психикалық
күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйдің айқын
көрінісі.
18. астения – грек сөзі әлсіз деген мағына.
19. рефлексия – латынша бейнелеу, адам санасының өзін - өзі
білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жан – күйін тануға
бағытталуы.
20. ременисценция – еске түсіру
21. стресс – шамадан тыс зорлану деген мағынанны білдіреді.
22. патоенез – бұзушы, кемістік туғызушы.
23. саногендік тенденция – қлыпқа келтіруші
24. бивербальдық қарым – қатынас – ойымызда тек сөйлеп, не жазу
арқылы ғана емес, өзге де жолдармен жеткізу, мысалы: бет -
әлпетімізбен, жүріс – тұрыс қимылымызбен.
25. конформизм – адамның өзі қосылған топтың ықпалынан жүріс –
тұрысын, бағалы құндылықтарын өзгерту тенденциялары.
26. симмуляция – қандай да бір әрекетті еліктеу арқылы жаңғырту.
27. сугестия – адам санасында қандай да бір әрекеттер мен кейбір
көріністерді тудыру арқылы белігілі бір жағдайдға түрткі болу
мақсатында орындалатын эмоциялық бояуға қанық вербальды және
бивербальды үрдіс.
28. таксономия – жіктеу жүйесі .
29. трансформация – бір нәресінің қалпының өзгеруі.
30. фрустрация – маңызды мақсаттар мен қажеттіліктерді
қанағаттандыру жолында тосқауылдарға (шынайы немесе
қиялдан)құралған кезіккен адамда болатын қорқыныш, торығу,
қысылудың психикалық қалпы.
31. фасилитация – ықпалдасу, бір нәрсені жүзеге асыруға
көмектесетін үрдіс.
32. эгограмма – эго қалпын сипаттайтын интуитивті тәсіл, негізін
салуына Джек Дюсей
33. рекалибровка – байланыстырушы стратегия терапиялық
метафорада, қайталанып отыратын жағдайларда қолданылады.
34. Сенсибилизация – ішкі психикалық факторлардың әсерінен
анализаторлар сезімталдығының жоғарлауы
35. десенсибилизация – жүйелеу әдістері мен адекватсыз сезімдердің
әлсіреуі
36. шин – кей – шит - цу - адамның эгоцентрлік келбеті, адамның
өмірлік үлкен күштерінің интеллектілік ағымдары мен
үйлесілімділігі
37. иммерциондық әдістер – қорқыныштарды коррекциялауға арналған
38. имплазиялар – қорқыныш қиялдарын тудыру, қарқынды үрей мен
қорқыныш қиялдарын тудыру арқылы нақтылы өмірдегі қорқыныш
сезімдерін азайту
39. жетондық жүйе - негізін салушы Б. Скиннер, модельге сүйене
отырып келісу
40. холдинг - эмоциялық бұзылулардың кең тараған түрлерін
коррекциялауда қолданылады
41. имаго - образ - бейне - мағынасында, коррекциялық мақсатта
клиенттің арнайы бейнелер комплексін жандандыра алуға
жаттықтыру әдісі

2. Дәріс материалдары.

№1 Дәріс

Тақырыбы: Психотерапия пәні мен міндеттері

Сұрақтары:

1. Психотерапия туралы түсінік.

2. Ғылым ретінде қалыптасып дамуы.

3. Ғылыми – зерттеу әдістері.

Психотерапия – грек тілінен аударғанда жанды емдеу деген мағынаны
білдіреді. Психотерапия - термині 1872 жылы Д.Тьюктың
иллюстарциявлияние разума на тело - кітабында енгізіліп, 19 – ғасырдың
аяғынан кең қолдана бастады. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен
шараларын қарастырады. Психотерапияның негізі – логопедия (сөзбен әсер
ету). Бұл арада К.С. Станиславскидің Театр киім ілгіштен басталады деген
сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден
басталады деген пікірімен астасып жатыр. Көп жағдайда психотерапия
медициналық ұғым ретінде қабылданады. Медициналық әдебиеттерде және
медицинамен аралас ғылыми салаларда психотерапия науқас адамның ағзасына
психика арқылы емдік әсер ету ретінде қарастырылады. Психотерапия емдік
әдіс ретінде әдістері педагогика, әлеуметтену, физиология, медицина,
психология, т.б. ғылымдармен негізделеді. Психотерапия клиникалық
мекемелерден тыс жерлерде де орын алуда, мемлекеттік және мемлекеттік емес
мекемелерде: жанұялық, әлеуметтік – психикалық көмек беру кабинеттерінде,
сенім телефондарында, т.б. жерлерде.

Психотерапияның адам жан дүниесіне әсер етуі жөнінде төрт негізгі
моделі бар:
➢ психотерапияның емдеу әдісі ретінде медициналық моделі;
➢ психотерапияны үйрету үрдісі ретінде психологиялық моделі;
➢ психотерапия манипуляция ретінде қоғамды бақылап отыру мақсатындағы
әлеуметтік моделі;
➢ психотерапия адамдармен өзара әрекеттес құбылыс кешені ретінде
философиялық моделі.

Психотерапияны тәжірибеде қолданылатын және өзінің нәтижелілігін
дәлелдеген бірқатар әдістер жүйесі деп түсінеміз. Психотерапияның
тиімділігі мен психосоматикалық медицинаның кең танымалдылығы психотерапия
мен медицинаның байланыс тенденциясын құрайды. Күнделікті тұрмыста
психотерапия деп адамның жан дүниесіндегі күрделі жағдайларды қалыпқа
келтіру барысында байқалған әсерлерді айтамыз. Бұл әсерлер релаксациялаушы
(босаңсыту) және психотерапияның көмекші әдістерінің бірін құрайтын
суггестивті әдістің ықпалдарынан пайда болады. Психотерапия үрдісі үш
кезеңнен тұрады:
➢ алдын – ала дайындық кезеңі;
➢ психотерапияны жүргізу кезеңі;
➢ адамдар мен кері байланысты жүзеге асыру кезеңі.

Неміс ғалымдары М. Перре мен У. Бауманн психотерапияны құрылымы
әртүрлі және әрбіреуіне белгілі бір мақсаттары мен құрылымдары сәйкес
келетін бөлек–бөлек кезеңдерден (фазалардан) тұратын үрдіс деп көрсеткен.
Психотерапия үрдісінің фазаларына жататындар: терапиялық қарым–қатынасты
орнатуды көрсету мен мақсаттарды түсіндіру, терапиялық шараларды қолдануды
үйрету және көрсету, терапияның басталуы мен аяқталуын дұрыс бағалау. Әрбір
фазаның өзіне сәйкес мақсаттары бар:
-қарым–қатынасты орнатуды көрсету фазасының мақсаттары:
- диагноз қою;
- психотерапиялық әдістерді таңдау;
- қажетті жағдайда медициналық тексеруден өткізу;
- ақпаратталған келісім.
-терапиялық шараларды қолдануды үйрету және көрсету мыналарға бағытталған:
- рөлдік құрылымдау;
- жағымды өзгерістерді қалыптастыру;
- қажетті жағдайда этиологиясын (себептерін) түсіндіру.
-терапиялық жаттығуларды жасап көрсету фазасының мақсаттары:
- қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеру;
- әрекет – қылық мотивтеріне талдау жасау;
- мен образын қайта құрылымдау.

Психотерапия үрдісінің ақырғы фазасының мақсаттары: мақсатқа жетудің
психодиагностикасы; нәтижеге жетуге кепілдік беру.

Барлық жоғарыда көрсетілген мақсаттар түрлі жолдармен жүзеге
асырылады:
➢ интервью алу, анамнез (психикалық жағдайлар жайлы мәліметтер)
толтыру;
➢ тұлғалық және клиникалық тестілерді жүргізу;
➢ эмпатияның (жағымды күйдің) көрінуі;
➢ ойын шарттарын түсіндіру;
➢ терапиялық байланыс орнату;
➢ психотерапиялық әртүрлі техникаларды қолдану;
➢ терапияның өткізілуін үздіксіз бақылау мен бағалау;
➢ сеанстар санын диагностикалау мен қысқарту.

Психотерапия – тәжірибеде меңгерілген манипулятивті техникалар
жиынтығы ғана емес, ол әрбір жағдайға психологтың тиімді шешімін дербес
қолдануы, ғылым мен өнер арасында орнайтын шығармашылық үрдіс. Терапияның
аяқталуы кезеңінде кері байланысты орнатудың міндеттілігі психотерапевттің
жауапкершілігін арттырып, кәсіби сенімділіктің жоғарылауына жағдай
туғызады.

Психотерапия психикалық жағдайларға кірісудің басқа да стратегиялық
жолдарымен тығыз байланысты. Құрамына психиатр, әлеуметтік қауіпсіздік
саласының маманы, біліммен қаруланған психолог пен психотерапевт кіретін
ұжым жұмыс істеген жағдайда ғана психикалық саулық қызметі
ұйымдастырылуының идеалды үлгісі қалыптасады.

Адамды қарастыруда бірін–бірі өзара анықтап, толықтырып отыратын үш
әлем мен үш тәсілдің маңызы ерекше:
1. тәндік – табиғи әлем;
2. психикалық әлем;
3. рухани әлем.

Тәндік – табиғи әлем жаратылыстану – ғылыми тәсілдер арқылы зерттелінсе,
психикалық әлем – психологиялық әдістер арқылы, рухани әлем – рухани –
ғылыми тәсілдер көмегімен қарастырылады. Психотерапия аталған үш әлемнің
әрқайсысына әсер ете отырып, әрбіреуіне қажетті сәйкес тәсілдерін
пайдаланады. Психотерапияның векторы – адамның психикасы мен тәнін
психикалық әлем арқылы емдеу. Шарттарға сәйкес маманның алдына қойылған
міндеттеріне байланысты психотерапиялық барлық әдіс тәсілдерді мынандай
типтерге бөлеміз:
- релаксациялық – адамның психикасын салыстырмалы түрде тепе –
теңдік қалыпқа әкелуші;
- нақты мақсатқа бағдарланған – белгілі симптомды (себеп–салдарды)
қалыпқа келтіруге бағытталған;
- тұлғаға бағдарланған – жеке тұлғаның терең өзгерістеріне
бағытталған.

Психотерапияның бағдарлы тәсілдері өзара тәуелсіздігіне қарамастан
принциптер мен ойлардан бастау алады. Философиялық ойлар психологиялық
мектептер мен психотерапиялық әдістердің пайда болуының алғышарттары бола
тұра, психотерапияның гуманитарлық бағытталғандығын анықтайды. Сондықтан да
психотерапиялық шараларды қолданатын психолог маман табиғи–ғылыми білімнен
емес, гуманитарлық білімнен бастау алуы керек. Психотерапиялық жұмыстың
мақсатына белгілі бір нәрсені (симптомды, білімді, диагнозды, жағдайды,
емдеу тәсілін және т.б.) тек тіркеу ғана емес, жеке тұлғаның өзін–өзі және
өзінің өмірлік жолын тануына әкелуші қабілеттерге ие болуына көмектесу
жатады. Науқас адамның анамнезі ішкі анамнезбен – индивидтің өзіндік
санасының қалыптасу тарихына жататын оқиғаларды бекітуімен толықтырылады.

Сыртқы биографияны тану анамнезі мен ішкі биографияны тану
анамнезі арасында бірқатар маңызды айырмашылықтар бар:
➢ біріншісіне жету оңай, оған ешбір күш салусыз қол жеткізуге болады,
өзіндік шыңдалуды талап етпейді;
➢ екіншісіне жету неғұрлым қиынырақ, көп уақытты және зерттеуші
санасының жаңа деңгейіне жетуді талап етеді;
➢ біріншісі ғылыми критерийге жақынырақ болса, екіншісі шындық пен
өмірге жақын;
➢ біріншісі жүйелеуге келтіріледі, екіншісі жүйеленбейді;
➢ біріншісі симптом мен диагнозды анықтауға, екіншісі – тұлғаның қайта
құрылуына бағытталған;

біріншісі психикалықтың барлық жалпы заңдарын тұлғалық және жағдаяттық
факторларының жиынтығын орнатуға бағытталса, екіншісі мәселе қалыптасуының
дербес шарттары мен рухани дүние өзгерістерінің белгілерін анықтауға
бағытталған.

Ю.В.Каннабих Психотерапия дегеніміз – ауруларды емдеуге психикалық
әдістерді жоспарлы түрде қолдану дейді. Психотерапияда ауруға себепші
болатын психикалық әсерлер аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай
жоспарлы, жүйелі және біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған
адаммен күнделікті жұмысы – психотерапия. Оған дәрігер диагноз туралы ойы,
сырқат адамға дертін түсіндіруі, жазылған рецепті берердегі жігерлендіру
сөздері т.б. жатады

Психотерапияның бұл күндері кең мағынада қолданылуы туралы Страсбург
қаласында Европа психотерапевтер ассоцияциясының 1990 жылы қабылданған
Декларациясында көрсетілген. Аталған декларацияда психотерапия көңіл –
күйдің жалпы гармониясы - на бағытталған және төмендегі міәндеттерді
қамтиды:
- психотерапия гуманитарлық ғылым саласы ретінде мамандықтарды еркін
қолданылады;
- психотерапия білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық
дайындықты талап етеді.
- психотерапия әдістердің көптеген түрлері қолданылады.

Психотерапия дегеніміз – ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға
негіздлген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі – сөзбен әсер ету. Бірақ
психотерапияда сөзден де басқа көптеген факторлар қолданылады. Жалпы және
арнайы психотерапия болады. Психотерапияның көптеген әсерлерін барлық маман
дәрігерлер қолдануы керек. Психотерапияның кейбір арнайы түрлерін (гипноз,
өзін - өзі жаттықтыру) тәжірибелі, бұл саланың арнайы тәселдерін игерген
психотерапевтер жүргізуі керек.

Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді
(гиперестезия), оларға күн сәулесі де, есік пен желдеткішті ашып – жабуда,
оларғакүн сәулесі де, әтірдің иісі де тез әсер етеді. Ауру адам сыпайылығын
сақатап осыларды кейде айтпауы мүмкін. Ал мұны дәрігер түсінуі керек.

Ауру адамдарды қарау, процедуралар мен белгілеулердің орындалуында
адамдардың табиғи ұялшақтығын ескеру керек. Сондықтан айтылған
ерекшеліктерді естен шығармау қажет. Аурухана жағдайында мейіркештер
дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқаша болған жағдайда,
ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл күйі төмендеп, жүйке жүйесі
зақымданады. Қорғау режимін сақтауда қызметкерлердің өзара қарым – қатынасы
үлкен рөл атқарады. Лауазымы жоғары тұрған қызметкерлер басқаларға ауру
адамның көзінше даусын көтеріп сөйлемегені, ескерту жасамағаны дұрыс.

№ 2 Дәріс

Тақырыбы: Ауру және адам

Сұрақтары: 1. Ауру туралы сипаттама

2. Психикалық және соматикалық аурулар

3. Ауруды тудыратын себептер

4. Этимиология және патогенез

Мұнда қорғау режимі операциядан бұрын, операция кезінде және
операциядан соң іске асырылады. Ауру адамға операция жасау қажет болған
жағдайда отбасылардың абыржуы, аурузананың ерекше жағадайы және басқа
себептер (үрей, қорқу, мазасыздану) сияқтылар ішкі қобалжуларды тудырады.
Американ дәрігерлер қауымдастығының мәліметі бойынша, жылан шақққаннан
кейін өлгендердің көбіудың әсерінен емес, қорыққанынан болғанын айтады.
Оперцияға дайындау кезінде және ауру адамның палатада болған жағдайында
қорғау әрекеттері жасалуға тиіс. Операция жасайтын бөлмелерде қан іздері
(қан мүшелер) болмауы керек. Белгілі бір мүшесі жансыздандырылған операция
кезінде де байқап сөйлеген дұрыс.

Операциядан кейін адамды қалайда сауығатынына сендіру керек. Бұл ауру
адамның көңіл күйіне, сергектігіне байланысты. Напалеон армиясының хирургі
Ларрет жеңген армияда жаралар жылдам жазылады деп жазады. 1941 – 1945
жылдардағы хирургиялық жылнамаларда жау қолындағыдан гөрі тылда қалған
жаралыллардың жылдам жазылғаны туралы айтылған.

Акушерлік және гинекология клиникасында босанатын әйел организмінде
күрделі эндокриндік өзгеріс болып, ішкі мүшелері жұмысының өзгеруіне
байланысты оның психикасы да өзгереді. Ананың бұл кезде дүниеге келетін
сәби туралы ойлайтыны кімге болса да түсінікті. Ол іштей мазасызданады.
Босану кезінде қатты қиналады. Жүктілікті үзу кезінде не гинекологиялық
рперация кезінде әйелдерде ұнамды эмоция пайда болмайды. Егер жүктілікті
ұзу отбасылық жағдайға байланысты болса (ері болмаса), онда гинекологиялық
оперция қолайсыздыққа ұшыратады (келешекте бала тұмау). Босану ме
гинекологиялық бөлімге түскен әйелдің қатты қайғырып, мұңаюы оның жүйке –
психологиялық жағдайларына әсер етпей қоймайды. Сондықтан күтушілерден
бастап дәрігерлерге шейін қорғау режимін сақтауы, ауру адаммен қалайда тіл
табысып, сөйлесуге тырысуы керек. Адамгершілік жөніндегі мәселелер, олардың
шешілуі адмның отбасылық жағдайына, жеке басының ерекшелігіне және басқа
себептерге байланысты айтылуы тиіс.

Жұқпалы, мерез және психикалық аурулармен ауырған адамдарға дәрігер
ерекше жағдайларға байланысты қорғау режимін сақтауы керек. Кейбір
аурулармен ауырған адам ауруханаға жатқызылып, міндетті түрде емделуге
тиіс. Бұл емдеу шараларындағы алғашқы қадам ғана. Ауруханада мұндай аурумен
ауырған адамдарға қызметкерлер жылы жүзбен қарап, барлық жағдайды жасауы
қажет. Жалпы емдеу – қорғау шараларын іске асыруда дәрігердің алатын орны
ерекше.

Жалпы психотерапиядан басқа арнайы психотерапия бар. Мұнда
психотерапевт дәрігерлер ауру адамның психикасына тікелей әсер етеді.
Психотерапияныңбір түрі гипнотерапия мен өзін - өзі жаттықтыруға
байланысты. Бұған ұйықтамаған кездегі сезім тұғызу, сендіру және көңілді
бөлу әдістері жатады. Рационалдық психотарепия практикада кең таралған.
Аранайы психотерапияның барлық түрлері ең алдымен психогенді ауруларға
қолданылады. Аурулардыңң бұл тобына нейроздар жатады. Бұл жағдайда
психотерапевт дәрігердің мақсаты – ауру адамға аурудың себептерін, оның
даму жолдарын түсіндірудің, осындай ауруларды емдеуге терапиялық әсерлерден
(транквилизаторлар, физиоемдеу т.б.) басқа түсіндірудің мәні зор.
Рационалдық психотерапияны психотерапевтер қолданады, бірақ бұл терапияның
жеке элементтерін кез келген дәрігер өз жұмысында пайдалана алады. Енді
дәрігердің практикасында маңызы бар жайттарға тоқталайық.

Рационалдық психотерапия ауру адламның арқасынан қағып, мақұлдау және
өрескел жұбатумен шектелмейді. Кейде өрескел жұбату ауру адамды
ызаландыруымүмкін. Психотерапиялық әсер дәрігердің білімділігін және
алдындағы ауру адамды терең біліуін қажет етеді. Білігнен аурудың
белгілерін, келешегін жақсы білген дәрігер ғана адамға жете түсіндіре
алады.Арнайы, бағытталған раационалдық психотерапияның әсерлерінің
(әңгімелерінің) кезеңдерін кез келген дәрігер пайдалана алады. Ауру адаммен
алғаш рет танысу мен анамнездіжинаған кезде психотерапиялық әсер негізгі
орын алады. Психотерапевт дәрігер басқа дәрігерлер сияқты, ауру адамның
анамнезімен танысқан кезде диагнозды қоюға қажет мәліметтерді жинайды.

Біріншіден, ауру адамның берген мәліметтерін жете түсіну керек. Бұл
жағдайда дәрігер өзіне қажет мәліметтерді алу үшін ауру адамның айтқанын
сыпайы түрде түзетіп отырады. Әңгіме арасында ауру адамға қосымша сұрақтар
қоя отырып, аурудың белгілерін дәлдеп түсінудің өзі психотерапиялық әсер
еткенмен бірдей. Басқаша айтқанда, ауру адам дәрігердің оны толығымен
түсінгенінен көзі жетеді.

Анамнез мәліметтерін жинау тек ауру адамның бір жқты мәліметімен
шектелмейді. Жақсы жиналған анамнез (кейбір жағдайда диагноз қоюдың 90
проценті осыған байланысты, мыфсалы жүйке – психикалық ауруларда) ең күшті
психотерапиялық әсер болып саналады. Егер психотерапиялық әңгіменің бірінші
кезеңіндегі (ауру адамның өмірімен, сырқаттың дамуымен танысу кезеніндегі)
мәліметтер ауру адамның белсенді түрде айтып берумен әрі дрігердің өзінің
қатысуымен алынса, рнда бұл психотерапиялық әсер қалдыра алады.

Психотерапиялық әңгіменің келесі кезеңі анамнез мәліметтеріне және
басқа объективті тексерулерге негізделіп, дәрігер ауру адамға оның
сырқатының ерекшелігі, дамуы мен аяқталу мүмкіншілігі туралы түсіндіреді.
Дәрілер мен процедураларды белгілей отырып, дәрігер ауру адамға түсінікті
түрде олардың организмге әсері туралы айтып беруі керек.

Сонымен психотерапияның түсіндіру элементтерін кез – келген дәрігер өз
практикасында кеңінен пайдаланады. Жалпы терапиялық шаралардың негізгі
ережелерін кез – дәрігер орындай алады. Психотерапияның сендіру, өзін - өзі
сендіру, гипноз, өзін - өзі жаттықтыру сияқты әдістерін мамандығы жоғары
психотерапевт дәрігерлер невроз, жүйке – психикалық және психосоматикалық
ауруларды емдеуге қолданады.

№ 3 Дәріс

Тақырыбы: Психологиялық стресс теориясы

Сұрақтары: 1. Стресс және стрессогендер

2. Депрессивті невроз

3. Конструктивті және деструктивті стресстер

4. Психоэмоциялық стресстер

Психотерапия ерте заманнан белгілі. Сол кезден бастап – ақ бір адамның
келесі адамға көрсететін ықпалы ерекше сөздер арқылы, құдіреті күшті Алла
тағаланың қатысуымен деп есептеледі. Психотерапиялық әсерлер жалбарыну,
үшкір, денені ұйыту, сендіру арқылы беріледі. Бағзы заманнан – ақ адам
психикасына еткен ықпалдардың бейнесі өнер туындыларында да жақсы
сақталған. Орта ғасырда адамдардың бір – біріне ықпалы сиқыршылық не
көзбайлау деп бағаланады. Пәлсапашылар, діндарлар, емшілер мен дәрігерлер
темірдің магнитке тартылуы – магнитизмге тән деп, табиғаттың ерекше
құбылысы ретінде қарады. Магнетизм туралы трактаттар жазылады. Осы
құбылысты ұғындыру үшін көптеген зерттеулерде түсініксіз, табиғаттан тыс
күштер туралы айтады. Магнетизм құбылысына ХVІ ғасырдың Парацельс (1493 –
1541) көңіл аударды. Оның ойынша, магниттің құпия күшін емдеу ісіне көңіл
аударды. Оның ойынша, магниттің құпия күшін емдеу ісіне пайдалануға болады.
Магнит темірдің кесегін өзіне тартқандай, ауруды өзіне тартып, организмді
аурудан босатады. Парацельс дифтериядан тынысы тарылған емшектергі балалар
мен миына қан құйылған, өлім халіндегі шалдарды емдеуге магнитті қолданды.
Парацельстің тәжірибесінде магнитті қолдану сіңірдің түйілуі мен құрысып
қалуды тоқтатты, адамдарға көмектесті. Мұндай өзгерістер истериялық сал
ауруы мен истериялық тіл байлану кезінде болатыны қазір белгілі. Нәтижелі
зерттеулер а болды, бірақ олар туралы лақап жылдам тарады. Әсіресе бұл
мәліметтер жын – шайтан мен құдайға сенетін адамдарға ерекше әсер етті.

Магнит күші арқылы емдейтін Парацельстің даңқы арта бастады. Тек
ғылымның мерзімсіз өлімі бұл салтанатты тоқтатты. Парацельс өлген соң
магнетизм қайтадан астрологтар мен пәлсапашылардың қолына ауысты.

Екі ғасырдан соң, 1766 жылы веналық дәрігер Франц Месмер
Планеталардың адамға әсері деген тақырыпта медицина ғылымы докторының
дәрежеін алуға диссертация қорғады. Мұнда ол әлем магнетизмі жайында және
планеталар мен алыс жұлдыздардың адамға ететін әсері туралы жазды.

Месмер медицинада ғана емес, заң мен пәлсапа саласында да танымал,
әмбебап ғалым еді. Ол Венаның бай адамдарының бірі, әуезшілердің меценаты
Леопольд Моцартпен және оның шыны гармоникада жақсы ойымен таңдандырған
данышпан баласы Вольфганг Амадеймен бірге әуезбен шұғылданды. Ғылымнан және
концерттерден қолы бос уақытта ол дәрігерлік қызмет атқарды. Месмер де
магнитпен емдеудің тәсілін байқап көруге шешім жасады. Парацельс сияқты ол
да жасына қарамай, аурулардың бәрін қабылдады. 15 – 20 адамның 2 – 3 уі
жеңілденіп, 1 – 2 уі мүлде жазылды. Осыдан соң Месмердің даңқы елге
жайылып, жан – жақты адамдар ағыл – тегіл келе бастады.

Екі ғасыр ішінде Франц Месмердің есіміне байланысты түсініксіз, ғажап
күші бар магниттің флюид ілімі тарады. Месмердің тсінігі бойынша біздің
айналадағы ортада флюид сұйық ретінде тараған. Оны табуға, өлшеуге,
сезінуге болмайды. Әлем осы сұйыққа толы. Ол планеталарға және Жердегі
адамдар тағдырына ғажайып әсер етеді. Ол сезілмейтін сәуле ретінде де
таралады, адамдардың қарым – қатынасын осы сәуле билейді.

Месмер магнитпен емдеу кезінде магниттік теорияға қайшы болатын
нәрселерді байқады. Кейбір ауру адамдардың айтуы я айықпауы магниттің
жанасуы мен жанаспауына байланысты емес екен. Келушілердің көптігі
соңшалық, Месмер өзінің ғажап әсерлі тағасын кейбіріне кигізіп те
үлгермеді. Алайда келушілерге ғажайып емшіні көрудің өзі сырқатын
жеңілдеткендей әсер етті. Ауру адамдаар өздерінің неліктентәуір болғанына
мән беріп жатпады.оларға бәрібір еді. Олар Месмерге, оның қолындағы магнит
пен кебісіндегі алтын тағаға қол тигізіп, жанасуды ғана ойлайды. Месмер
әбден абыржыды. Парацельстің магнитті қандай ауруларға және қалай қолдану
керектігі жайында айтқандарын ойына түсірді. Онда әр мүшеге магниттің қалай
әсер ететіні туралы анық жазылған – ды. Алайда ол магнитсіз де әсердің
болатынына көзі жеткізді.

Егер ол кезде магниттік флюид туралы теорияны емес, дәрігердің, яғни
емдеушінің күшіне сенгенде, қазіргі тілмен айтқанда, сену мен өзін - өзі
сендіру болатынын ескергенде, психотерапия бір ғасырға кешеуілдемес еді.

Алайда Месмер ғылыми тәжірибе жүзінде анықталған теорияны емес, өзінің
ойдан шығарған теориясын іс жүзінде қолдануға тырысады. Магнит болмаса да,
барлық тірі клекткалардың бөлінетің құдіретті флюид бар дейді Месмер.
Сөйтіп ол жануарлар магнитизмді туралы ілімді жасады.

Месмер емдеуге шөлмекті, бақты пайдаланады, оларға өзінің флюидін
беріп, әлемнен қайтадан флюдті жинайды. Барлық емдеу жағдайы құпия
сақталады. Магниттік бөлменің төріне құрылған шымылдықтың ар жағынан ұнамды
әуез естілісімен, үстіне алтынмен апталып, күміспен қапталған қамзолы бар,
қолы гауһар сақиналарға толы Месмер бір топ шәкіртттерімен сахнаға шығады.
Ол әуез ырғағымен ауру адамдарды сипап өтеді. Осы кезде бірнеше әйелдерде
истерикалық дерт қозады. Олардың бұл күйі аурудың дағдарыс кезеңі деп
саналып, осыдан кейін ауруынан айығады деп есептелген. Айтарлықтай нәтиже
беремегенмен, ел арасында Месмердің даңқы арта бастайды. Ол белді дворян
семьяларының құрметті қонағы атанды. Венадан Парижге келіп, Людовик ХVІ
корольдің сарайында да болды. Сыры беймәлім, осы түсініксіз құбылыстарды
әуес көретіін аристократтар сарайлары мен салондарында Месмердің есімі жиі
айтылып жүреді.

Ол кезде де итальяндық Калисторо сияқтылар адамдардың тағдырын болжап,
дұға оқып, ішірткі беретін. Месмердің кейін оның жолын қуушы, әуечқой
магнетезер Пюнсегюр мүлде күтпеген жерден гипноз ілімінің ең маңызды
мәселесі ретінде жасанды сомнамбулизм ең маңызды мәселесі ретінде жасанды
сомнамбулизм (ұйқы ауруы) қбылысын ашты. Ол дененің қатты дірілі,
истериялық бұлығу кезінде магнит қолданған. Бұл орайда ауырған адамның
ерекше ұйқыға кеткені байқалады. Оны ояту мүмкін емес, бірақ ол берілген
нұсқауларды орындайды (лунатиктердегі сияқты орнынан тұрады, сөйлейді).

ХІХ ғасырдың 40 – жылдары Манчестерге белгілі француз магнетизері
Шарль Лафонтен келді. Оның сеансына Джемс Брэд қатысты. Ол магнетизмнің
ғылымға қайшы екенін әшкереледі. Гипноз құбылысына ғылыми тұрғыдан қарау
осы кезден басталған еді. Гипноз (грекше – ұйқы) терминін тапқан да – осы
Брэд. ӨЗінің Нейрогипнология деген кітабында Брэд гипнозды физиологиялық
құбылыс деп қарады.

Жылытырағыш затқа ұзақ қадалып қарағаннан, көру мүшесі шаршап, гипноз
пайда болады дейді ол. Брэд өзінің хирургиялық практикасында гипнозды
анестезияның (жансыздандырудың) тиімділігін арттыруға қолданды.

ХІХ ғасырдан белгілі Сальпетриер неврологиялық клиникасының директоры,
француз невропотологы М.Ж. Шарконың (1825 - 1893) тексерулері гипноздың
психофизтологиялық негізін ашуға көмектесті. Шарко гипнозды жасанды
неврозды (гипноз кезінде истериялық бұлығу), нерв жүйесінің зақымдануы деп
қарады. Бұл гипнозға деген ғылыми көзқарастың жетілуін тежеді. Франциядағы
Ненси мектебінің бастығы Берегейм жоғарғы айтылғандарға қарсы шықты.
Беренгеймнің айтуы бойынша, гипноз9 – үйретуден болған ұйқы. Алайда осыған
дейін француз дәрігері Льебо да осылай айтқан екен.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басныда гипнозды психологиялық және
физиологиялық тұрғыдан пайдалану жөнінде арнайы жұмыстар жүргізілді.
Сендіру, түсіндіру сияқты әсерлерді қолданатын психотерапияляқ әдістің бір
түрі – рационалды психотерапия туралы алғашқы сөз осы кезде айтылады. Бұл
ілімді жасаушы неміс физиологы Э.Дюбуа – Реймон былай дейді: Ауру адамның
өз ауруы туралы теріс пікірін өзгерту үшін оған дау – дамайларды ақылмен
шешуді түсіндіру және үйрету керек.

Орыс клиницистері де ауырған адамға психотерапиялық әсерді қолданды.
Бұдан жүз жыл бұрын М.Я. Мудров: Өнер арқылы қайғырушыны жұбатуға,
шыдамсызды тыныштандыруға, қорқақты батыр, тұйықты ашық, өткір сезімді
етуге болады. Бұл өнер дененің ауырғанын, зарығуды жеңеді деген екен. Ауру
адамға дәрігердің игілікті әсері туралы орыс клиницистері В.А. Маккасеин,
С.П. Боткин, Г.А. Захарьин, Б.С. Корсаковтар жазған. Психотерапия мен
гипнотерапияның практикада іс жүзінде пайдалануда А.А. Токарский көп еңбек
сіңірді. Ол ресейде бірінші болып Мәскеу университетінде гипнология
кафедрасын ашты. В.М.Бехтерев бірінші гипнология кафедрасын ашты.
В.Н.Мясищев, М.С. Лебединский, Н.В. Иванов, В.Е. Рожнов және басқалар
психотерапия саласында көп еңбек сіңірді. И.П. Павло сендіру мен гипноздың
физиологиялық механизмін ашты. И.П. Павловтың ілімі И.М. Сеченовтың орталық
нерв жүйесіндегі қозу мен тежеу процестеріне негізделген.

№ 4 Дәріс

Тақырыбы: Психотерапияның қалыптасып дамуы.

Сұрақтары: 1. Психотерапия ғылымының даму тарихы.

2. XVI ғасырдағы магнетизм құбылысы:

3. Франц Месмердің үлесі.

4. Гипноз құбылысы.

Психотерапияда ғылым негіздерінде тек қана психологиялық әдістер мен
құралдар қолданылуда көрсетілген фармакологиялық және ағзалық әдістер мен
құралдарға тиым салынады. Қазіргі кездерде психотерапияны зерттер әдістері
клиникалқы – бағдарлы психотерапия мен жеке адамға бағдарлы психотерапия
болып екіге бөлінеді.

Клиникалық бағдарлы психотерапияда қолданылатны әдістер:
- гипноз
- аутогендік жаттығу
- сендіру мен өзін - өзі сендірудің түрлері.

Жеке адамға бағдарлы психотерпияда көптеген психологиялық ағымдар мен
мектептердің үлгілеріне негізділген әдістер мен тәсілдер қолданылады.

Қазіргі медициналық емес психотерапияда психотерапиялық әдістердің
мазмұны мен бағыттарын қамтитын міндеттерді шешуге бағытталған;
- науқастық психологиялық проблемаларын зерттеу және оларды шешуге көмек
көрсету;
- психологиялық денсаулығын нығайту және өзін - өзі сезінуін жақсарту
- қоғамдағы адамдармен үйлесімді және сапалы қарым – қатынас орнатуда
қолданылатын құралдардың психологиялық заңдылықтарын, механизмдерін
зерттеу:
- өмір сүру әрекетіндегі табысқа жету деңгейін, творчестволық
потенциалын қолдана білуге, жеке басының дамуына ықпал ету.

Психотерапияның негізгі мақсаты – адамның өз өміріне өзі өзгерістер
енгізуіне көмектесу. Сендіру (суггестия) науқас ұйықтай алмай,
мазасызданған кезде және гипноз жағдайында жүргізіледі. Мұндай сендірудің
екі әдісі бар – сөз арқылы (вербальді) және заттар арқылы. Мысалы,
маскүнемдікпен ауырған адамдарда арақтың дәміне, исіне, бөтелкенің түріне
т.б. реакция пайда болады. Сөздің мағынасы арқылы сендіру – тікелей, ал
заттар арқылы сендіру жанама сендіру деп аталады. Маскүенмдікті емдеген
кезде апомофиннің орнына басқа бейтарап заталынса, онда оның нәтижесі
бірдей болып шығады. Бұл әдіс ұйықтататын дәрілермен емдеу кезеңінде де
пайдаланады.

Сендіру және өзін - өзі сендіру бар. Әр адамдардың сену деңгейлері –
түрліше болады. Кейбір адамдар тез сенгіш келеді, ал басқалар ондай емес.
Мысалы, көру залында бір адам жөтелсе, басқалар да соған қосылып жөтеле
бастайды. Дәрігер сендіруді психотерапия мақсатында пайдалануы мүмкін.

Гипноз - әдісі көптеген адамдарға таныс болғаынмен, олардың
психотерапия мен гипноз туралы түсінігі жалпылама болады. Психотерапияда
гипноздан басқа көптеген әдістер тараған. Гипнотикалық сеанстардың мақсаты
– гипнотикалық ұйқы туғызу. Терапиялық әсер болуы үшін адамды қатты
ұйықтату міндет емес. Гипнотикалық ұйқының жеңіл, орта және терең кезендері
бар. Жеңіл кезеңде (сомноленттік) гипноздағы адам маужырап, жалпы
тыныштықты сезінеді, аяқ – қолы ұйып, ауырлағанымен, айналадағы дыбыстарды
естиді, болып жатқанды ұғынады, сөзбен сендіруге қарсы тұрып белсенді
қозғалыс жасайды. Орта кезеңде (гипнотаксия, каталепсия) ауру адам қайда
екенін, айналада не болып жатқанын сезінеді, бірақ денесінін қалпын өзгерте
алмайды, сендірудің бәрін орындайды. Сеанстан кейін сырқат адам сендірудің
мәнін есіне сақтайды. Терең кезеңде (сомнабулизм – жүйкесі бұзылған адамның
ұйқы кезіндегі жүрісі) ауру адам айналадағының бәрін шаттастырып, толық
бағынады, кей кезде кейбір мәліметтерді ойындасақтағанымен, кейін
ұмытыпкетеді. Басқаша айтқанда, ауру адам сендірудің маңызыны есте сақтай
алмайды. Ауру адамды жағдайыңыз жақсы, ұйқыңыз бен сергектігіңіз қалыпты
деп, аурудың белгілеріне байланысты сендіреді. Сеанстың ұзақтығы 30 минут,
ал оның саны 5 – тен 40-қа дейін. Гипноздың физиологиялық негізі әлі де жан
– жақты тексерілмеген, И.П. Павловтың айту бойынша, гипноз дегеніміз –
мидың жарты шар бөлігіндегі жүйке процестерінің күзет нүктелерін тежеу.
Осының нәтижесінде дәрігер мен ауру адамның арасында сөз арқылы байланыс
(раппорт) орнайды.

Физиологиялық тұрғыдан гипноз – ми қыртысындағы клеткаларда
болатын тежеу процесіне негізделген жарым – жартылай ұйқы. Мұнда ми қыртыс
клеткаларының бәрі тежелмейді, тек бір бөлігі ғана тежеледі, яғни кезекші
нүктелер ұйықтамаған жағдайда дәрігер мен ауру адамның арасындағы қатынас
сақталады (көпір, раппорт). Психотерапияның әдістернің бірі ретінде
гипнозотерапияны арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер жүргізеді.

З. Фрейд катарсис-тазалану (Аристотельдің термині катаризис)
принципіне психоталдауды (бұрын болған психикалық зақымданудан ажырасу)
қолданады. Катарсис әдісіне сүйене отырып, Фрейд артынан санасыздық
туралы ойды дамытып, психоталдау әдісін құралды. Мәдениетті
психоталдау, психодрама - психоталдаудың өзгертілген түрлері В.М.
Бехтерев психоталдаудан объективті бөлігі – психоанемнезді кең түрде
пайдаланады.

Психотерапиялық әсерлердің ішінде өзін - өзі жаттықтыру үлкен орын алуда.
Бұл әдісті ұсынған – неміс психотерапевті Генрих Шульц. 1932 жылы Шульц бұл
жөнінде көлемді еңбек жазды. Өзін-өзі жаттықтырудың тарихи тамырларын
зерттеу арқылы, ақыл-ойдың дене қызметіне тигізетін әсері үнділік діни ілім
бойынша хатха мен йогта екендігі анықталған. Алайда Шульцтің әдісінде
йогтардың діни – мистикалық ілімінің элементері мүлде жоқ.Тән жаннан
айырылған соң әлем рухымен қосылып, йогтардың дене тұрқы ерекшеленіп, өз
назарын бір нүктеге аударып, тынысын өзгертіп, айнадағылардан жекеленіп,
ерекше бір жайбарақат жағдайға түседі.Йогтар жаттығудың арқасында тыныс
алуын, жүрек соғуын және соматикалық қызметтерді өзгерте алады. Шульцтің
жаттығу арқылы бұлшық еттерді босаңсытуға, салмақ пен жылыны, ішкі
жайбырақаттық пен жеңілдікті сезінуге болатынын көрсетті. Қазір өзін-өзі
жаттықтыру арқылы әртүрлі жүйке-психикалық зақымданудың алдын алуға болады.

№5 Дәріс

Тақырыбы: Психотерапияның ғылыми-зерттеу әдістері

Сұрақтары: 1. Психотерапиялық ғылыми-зерттеу әдістеріне сипаттама.
1. Клиникалық-бағдарлы және жеке адамға бағдарлы әдістер
2. Гипноз, аутогендік жаттығулар, сендіру мен өзін-өзі сендіру

Ауру адамға қатыгез, тұрпайы мінез көрсету, адам тағдырына бейқам
қарау – дәрігерлік мамандыққа жат нәрсе. Егер студенттер секция залында
шылым шексе, анекдот айтып қарқылдап күлсе, одан қандай дәрігер шығуы тиіс.
Мұндай жағадай болмауы үшін дәрігер үнемі өзінің мамандық деңгейін және
адамгершілік қасиетін шындауы керек.

Ятрогения (ятропатогения) дегніміз дәрігердің тексеру, не
профилактикалық іс - әрекеттері кезінде ауру адамның денсаулығына зиян
келтіру, яки кең мағынада – ол медицина қызметкерлерінің ауру адамға
тигізетін залалы деген мағынада қолданылады. Корроригения – мейіркештің
тигізетін залалы, дидагтогения, не педагогения – оқытушының оқушыға
келтіретін залалы.

Дәрігердің дұрыс емдеуінен адам соматикалық ятрогенияға ұшырайды.
Психикалық ятрогения – психогенияның бір түрі (психикалық зақымнан кейінгі
ауру), яғни ауру адаммен ойлап, байқап, мақстақа байланысты сөйлесеуінен
болатын психикалық зиянды әсердіңі қорытындысы. Күту эмоциясы жаңа
рефлекстердің тууын үдетеді деген В.М. Бехтерев. Дұрыс жолға қойылмаған
медициналық ағарту жұмысы да ятрогенияны тудырады. Қалыпты жағдайдан
ауытқуды дұрыстап түсіндірмеу асығыстық жасау, аңдамай сөйлеу және басқа
жағдайлар – ятрогенияның көзі.

Дәрігердің өз кінәсінен жіберілген қателік білімнің таяздығынан,
жұмысқа немқұрайды, жауапсыз қарйтындығынан туындайды. дәрігерге
байланыссыз болатын қателер медицина салаларының нашар дамуның не аурудың
белгілі түрде білібеуінің салдары. Мұндай қателер жоғарғы дәрежедегі
мамандар мен үлгілі медицина мекемелеріне клиникалық, патаномиялық
диагноздардың сәйкес келмеуінен де болуы ықтимал. Клиника ішіндегі өзара
дау – дамай, дәрігердің жиі ауруы, асығуы мен шаршауы көптеген қателіктерге
душар етеді.

Медицинаға қатысы жоқ адам дәрігердің диагностикалық қателерге
көзқарастары әр түрлі. Дәрігер өз қатесін шындық тұрғыдан сезінсе, ал ауру
адам оны дәрігердің білмеуімен не көмектескісі келмегенімен байланыстырады.
Екі дәрігердің дербес ұсыныстарын да ауру адам қателікке санауы мүмкін.
Мұндай жағдайда ауру адамға дәрігерлердің әрқайсысының өзіндік емдеу
тәсілдерінің болатынын байыппен түсіндірген жөн.

Дәрігерлік құпияны сақтау Гиппакрат антында көрстілген. Болашақ
дәрігерлер оқу орнын бітірер алдында осы антты қайталайды. Дәрігерлік
құпияны сақтаудың әсіресе психиатриялық практикада мәні зор. Психиатр
дәрігердің бақылауында болу адамдарда теріс ұғым тудырады. Ауру адамдардың,
не олардың туыстарына берілетін және басқа мекемелерге жіберілетін
анықтамаларда дәрігер психиатрдың кеңесі мен қорытындысы көрсетілмеуі
керек. Азаматтардың психикалық денсаулығы туралы мәселені шешуді куәландыру
жөнінде нұсқау бар. Балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерді психиатр
тек ата – анасының ықтиярлығымен қарайды. Балаларды жалпылама қараған кезде
мұндай ықтиярлықтың қажеті жоқ.

Психогенетика мен психопрофилактика. Жалпы гигиенының бір саласы
психогигиена (гигиенос – ежелгі гректердің шипалы, емдік деген сөзі)
дегеніміз адамның психикалық қызметіне қолайлы жағдай жасап, оның
психикалық денсаулығын сақтап, нығайтатын шаралар кешені.

Психопрофилактика психикалық аурулардың және невроздардың алдын алу,
оларды бәсендету. Көне заман дәрігерлері ми мен дене қызметін қамтитын
жалпы гигиенаға, неке гигиенасына көп көңіл бөлген. К.Гален Құмарлық
гигиенасы немесе өнегелі гигиена деген кітап жазды. Бағзы замандағы Ж.Э.Д.
Эскироль, Морель, Э.Крепелин секілді психиатрлар психогигиена мен
психопрофилактканы дамытуда көп еңбек сіңірді. ХІХ ғасырдың екінші
жартсында Ресейде психогигиена мәселелерімен шұғылдану басталды.

Психогигиена айналадағы ортаның, әлеуметтік, өндірістік, тұрмыстық
себептердің адам психикасына ететін әсерін тексереді. Экология проблемалары
жалпы гигиеналық және психогигиеналық мәселелермен байланысты. Психогигиена
тұрмыс, отбасы, неке және бала емізетін әйелдер, жыныстық тәрбие гигиенасын
т.б. қорғауға ықпал жасайды.

Психогигиена мен психопрофилактиканың ара жігін ажырату қиын.
Психогигиена және психопрофилактика мәселелерімен дәрігерлердің бәрі де,
оның ішінде психиатрлар, педиатрлар мен гигиенистер шұғылданады. Бұл
мәселелердің көбісі емханаларда, диспансерлерде (психоневрологиялық,
наркологиялық, онкологиялық т.б.) шешіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы психопрофилактиканы үш кезеңге
бөледі. Бірінші кезеңде психикасы сау адамдарда жүйке – психикалық
аурулардың алдын алу шаралары, екіншісінде басталған процесіт үзу, аурудың
қайталануына қарсы шаралар, үшіншісінде мүгедек болудың адын алу шаралары
жүргізіледі. Бұларды психикалықденсаулық сақтау мкемелері реттейді. Туа
кемтар болған, жүйке – психикалық ауруларына шалдыққан балалардың әрі қарай
дамуын бақылауда медициналық – гинетикалық лабораториялар мен
кабинеттеріндің көмегі зор. Адамдардың психикалық денсаулығын сақтауда
спорттың алатын орны ерекше. Спортқа жұртты жаппай тарту шаралары
жүргізілген жерлерде жеке адамның ұнамды қасиеттері дамып, жігерін
күшейтеді, айналадағы ортаның қолайсыз жағдайларына деген қарсылықты
арттырады.

Балалардың ана құрсағында жатқандағы кезінен кейін психогигиена ата –
ана денсаулығынан, анасының, нәрестенің физикалық – психикалық дамуынан,
тамақтандыру сапасынан, сәби мен ата – аналарының психологиялық қарым –
қатынасынан басталады. Жеке адамның қалыптасуына отбасының эмоциялық іс -
әрекеті де бұған әсер етпей қоймайды. Ата – анасының маскүнемдікпен, не
нашақорлықпен айналысуы отбасына келеңсіз жағдай туғызып, баланың
психикасының зақымдануына, оның жеке басының қалыптасуына қолайсыз әсер
етеді. Дұрыс тәрбиелемеу (аз қамқорлық жасау, шектен тыс қомқорлық жасау,
отбасының табынушысы, жетім ретінде) ұнамсыз әсер етеді.

Оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы ой мен дене жұмысының және дұрыс
демалудың да біркелкі бөлінуінің психопрофилактикада маңызы зор. Мұнда
мектеп дәрігерінің атқаратын рөлі ерекше. Жүйке – психикалық зақымданудың
алдын алу, яғни дәрістердің белгілі бір жүйемен ауысуын көздейтін сабақ
кестесін жасауға қатысу мектеп дәрігерінің міндетіне саналады. Бұл орайда
ұнамды эмоцияларға толы белсенді сауықтыру ойындарын ұйымдастырудың пайдасы
мол.

Еңбек психогигиенасының мақсаты – жоғары автоматтандырылған, бір
қалыпты ырғақты, конвейер жүйелі өндірістің зиянды жағдайларын азайту.
Мұндай ұнамсыз әсерлерді азайтуда өндіріс гимнастикасының, сауықтыру
кабинеттерінің орны ерекше. Адамдар арасындағы дұрыс мәдени қарым –
қатынас, психикалық зақымдануды тежесе, ал өзгенің қайғысына қынжылмайтын
пиғылы теріс, меңмендік, тәкаппарлық, басқаларға немқұрайды қарау
психикалық жағынан өзгеруі туралы жоғарыда айтылды. Өзіне бағынатын
адамдарға немқұрайды, не дөрекі қарауға болмайды.

Психогигиенаның негізгі мідеті – адамдар қарым – қатынасында психиканы
зақымдайтын жағдайлар мен себептерді азайту. Оның негізгі міндеттерінің
бірі - өндірісте де, тұрмыста да шумен күресу. Көшедегі көлік,
радиоқабылдағыш, теледидар мен әуез аспаптарының шуы неврология, невроз
ауруларын тудырады. Психогигиеналық кешенде жыныстық өмірдің психогигиенасы
белгілі орын алады. Әр түрлі үйлеспеушіліктің алын алу үшін бала жастан
саналы жыныстық тәрбие беруді енгізу қажет. Балалық – жасөспірім уақытынан
әр деңгейдегі (интеллект, инстинкті) жыныстық қарым – қатынасты білу
неврозды тудыратын үйлеспеушілікті азайтады. Жыныстық сезіммен байланысты
невротикалық және басқа бұзылулардың алдын алу үшін жыныстық дамудың жасқа
қарай мерзімдерін, жыныстық ерекшеліктерді білу қвжет. Бұл мәселелерді
жыныс туралы ғылым – сексология (латынша жыныс, логос - ғылым) ғылымы
зертейді.

Ғылымның урология, эндокринология, психиатряи, неврология,
гинекология, дерматовенерология салдарымен байланысты бұл тарауы 1950
жылдардан бастап дамыды. Медициналық сексология, не сексопатология
клиникалық медицинаның саласы ретінде жыныстық бұзылудың функционады,
эмоционалды, дербес жақтарын зерттей отырып, диагностикалық, емдеу және
алдын алу шараларын белгілейді. Қазіргі кезде сексопатология жеке
клиникалық пән болы саналады.

Жыныстық қалыптасуға сәби жастағы себептер ғана емес, құрсақтағы
себептер де әсер етеді. Ультрадыбыстық зерттеулер құрсақтағы нәрестенің
өзінше тіршілік етіп, дыбыстарды еститінін көрсетті. Қазір жетілдірілегн
әдісті қолдана отырып, 8 – 12 апталық нәрестенің аяқ – қолы саусақтарымен
ойнап, басын қасып, көзін ашып – ұмғанын көруге болады. Егер анасының
жатырындағы сұйықты алу үшін ине өткізсек, нәресте инеден қашып, қарама –
қарсы жаққа ауысады. Соңғы жалдары құрсақтағы нәресте мен сәбидің жағдайын
зертейтін жаңа микропсихология ғылымы пайда болды. Ата - анасынан белгілі
мөлшерде ұнамды әсер алмаған нәрестенің (мәселен, жоспарланбаған баланың
керегі болмаған кезде пайда болған нәрестенің) орталық жүйке – жүйесінің
қалыптасуына келіссіз жағдайлар утаы екен. Бір – үш жастағы ұл – қыздарда
жыныстық сана қалыптасады. Қыз – қыз екенін, ұл – ұл екенін түсінеді. 3 – 4
жастағы бала басқа жыныстыны киіміннн, шашына дауысын қарай ажыратады. Ер
балаларға қарағанда, 1 – 3 жастағы қыз балаларөз ауруын сезгіш келеді.
Мұндай жағдайда қыз балаларға мейірімділік аз болса. Олардың есеген кезде
эрогендік және экстрагендік аймақтарының сезімталдығы тез дамиды. Қыз бала
дұрыс тәрбиленуі үшін үш жасқа шейін анасымен болуы керек. Жезөкшеліктің,
нашақорлықтың және жұққпалы жыныс ауруларымен ауырудың алдын алу үшін сәби
кезден дұрыс жыныстық тәрбие берген абзал. Жас кезінде шешесімен эмоциялық
қарым – қатынаста болмаған жезөкше, нашақор әйелдерден туған қыз балаларың
бой жетіп, тұрмыс құрып, нәресте сүйген кездерінде аналық сезімі күшті
болмайтынын байқаулар көрсетті.

№ 6 Дәріс

Тақырыбы: Психотерапиядағы динамикалық бағыттар

Сұрақтары:

1. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы

2. Батыстық психологияның бүгінгі жағдайы

3. Гуманистік психология

4. Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу
әдістері

XX ғасырдың басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс- экономиканың
талаптарына орай сана (интроспектік) психологияның дағдарысы болды. Оның
субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін
ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа объективті
әдістер тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады. Сондай-ақ сол кезде
Францияда кең тараған невропатология және психиатрия саласындағы
зерттеулердің нәтижесімен де байланысты болды.

Психологияның қарқынды дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық тағылымы үлкен
ықпал етті. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен
тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырасуы мүмкін емес деген тұжырым
орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін (үңіле тану)
қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.
Осылайша әр түрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық
теориялардың туындауына себепші болды.

Бихевиоризм – XX ғ. американ психологиясының басты бағыты- ол
психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет- қылықты зерттеу деп білді.
Бихевиоризм теориясы негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топтық психотерапия
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері
Диагноз қою және ем тағайындау
Виктор Эмиль Франкл
Фрейдтің фрейдизм теориясының дамуы
Тренингтік топтар типологиясының негіздері
Әлеуметтік жұмыстың мақсатты дайындау технологиясы
Суггестивтік психотерапия
Отбасы және бала тәрбиесі
Пәндер