Қазақстандағы демография туралы


Демография
Демография (demos - халық, grafo - жазамын) деген екі грек сөздерінен құралған - халық туралы және онын қоғамдық дамуы туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің маңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, емдеу, санитарлық, т. б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігерлер мен орта білімді мамандарды дайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіншіден, емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланылады.
Демографияның екі бөлімі бар:
1 бөлім - бір уақытқа сәйкес халық санын білу, оны "статика" дейді, яғни халық санының бір тұрақты қалпында жыныс, жас әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, тұрған жері (қала, ауыл), географиялык орналасуы және тығыздығы анықталады.
2 бөлім - халық санынын өзгерушілігін зерттеу, оны халық динамикасы дейді, оның екі түрі бар:
а) Халыктын механикалык қозғалысы: көшіп-қонуы, орын ауыстыруы, яғни миграциялық қозғалыс. Бұның бірнеше түрі бар: ішкі миграция - халықтың бір елдің шеңберінде орын ауысуы: сыртқы миграция - халықтың бір елден басқа елге ауысуы, яғни халықаралық миграция; маятниктік миграция - күнделікті қайталанып туратын қозғалу (күнде жұмысқа барып келу т. б. ) .
б) Халықтын табиғи өзгеруі - туу және олу процесстері, өмір ұзақтығы, табиғи өсу немесе азаю көрсеткіштері.
Негізгі демографиялық көрсеткіштерді әдетте 1000 адамға шағып есептейді.
1. Туу көрсеткіші бір жыл ішінде нақтылы жерде 1000 адамға шаққанда туулық жиілігін көрсетеді:
Туу көрсеткіші: = Бір жылдың ішінде туғанлардың саны * 1000
Бір жылдағы халықтың орташа саны.
2. Ѳлім көрсеткіші: = Бір жылдың ішінде өлгендердің саны * 1000
Бір жылдағы халықтың орташа саны.
3. Табиғи ѳсу кѳрсеткіші: = (Туғандар-өлгендер саны) * 1000
Бір жылдағы халықтың орташа саны.
Кѳбінесе бұл кѳрсеткішті есептегенде жылдық туулық және сол жылдағы өлім көрсеткішінің айырмасын алады. Сондықтан бұл көрсеткішті алғанда туулық және алім көрсеткішінің денгейін есепке алу керек.
Демографиялық көрсеткшггерді талдағанда арнайы көрсеткішгерді (әр топқа жасына сәйкес есептелген) табады. Оларды есептеу әдісі жоғарыда көрсетілгенден болады.
4. Әйелдердің бала туу кѳрсеткіші = Бір жылда туғандар саны * 1000
15-49 жастағы ейелдердін орташа саны.
5. Жасына сәйкес әйелдердің бала туу көрсеткіші =
Бір жылда әйелдердің жасына сай туылған балалар саны
Сол жастағы әйелдердің орташа саны .
6. Некелі әйелдердің бала туу көрсеткіші =
Некелі әйелдердің бір және туған балаларының саны * 1 000
Н екелі әйелдердің орташа саны.
7. Жасқа сәйкес өлім көрсеткіші (сәбилер өлімінен басқа) белгілі жастағылардың ішінде өлгендер санын барлық сол жастағылардың санына бөліп, 1000-ға көбейтеді.
Мысалы:
60-65 жасқа сейкес өлімшілдік =
60-65 жастағылардың ішінде өлгендер саны * 1000
Барлық 60-65 жастағылар саны
Денсаулық сақтау мекемелерінде өлім себептеріне көп көңіл бөлінеді, сондықтан әр аурудың туріне сәйкес өлгендер көрсеткіші бөлек есептейді. Мысалы: Жүрек ауруынан ѳлу кѳрсеткіші =
Жү рек ауруынан өлгенлер саны * 1000
Халықтың орташа саны
Республика бойынша өлімге себепкер болатындар ішінде алғашқы торт орынды:
1) жүрек және қан айналым жүйесінің аурулары;
2) жарақаттану және улану;
3) қатерлі ісіктер;
4) тыныс жүйесінің аурулары иеленеді.
8. Сәбилер ѳлімі - бір жасқа толмай өлген сәбилердің саны. Бұл көрсеткішті 1000 тірі туылған балаларға шағып есептейді. Ол үшін мәліметтерді жергілікті азаматтардың ѳмір ѳзгерістерін жазып отыратын болімнен (ЗАГС-тан) алады. Көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесін алғанда барлық бір жасқа толмай шетнегендер ішінде 2/3 биылғы жылы туылғандар, ал 1/3 алдындағы жылы туылғандар екені байқалады. Сондықтан жылдык, сәбилер өлімінің нақты кѳрсеткіші мынадай формуламен ссептелінеді:
Сәбилер өлімі =
Жыл бойы 1 жасқа толмай өлгендер саны * 1 000
Биыл туылғандардың 2/3 + былтыр туылғандардың 1/3.
Республика бойынша бұл көрсеткіштің денгейі орта есегаюн алганда 20, 2% 0 , бірақ кейбір облыстарда 30, 0%-ден асады.
Бір жасқа толмаған балалардың өмірі 2 мерзімге бөлінеді: Бір айлық (төрт апталық) - жада туған сәбилік (неонаталдық мерзім) және сәбилік мерзім - 2-12 айга дейін (постнеонаталдық мерзім) . Осы мерзімдерге сәйкес сабилер өлімініқ көрсеткіші есептелінеді. Сонымен катар тағы бір көрсеткіш есептелінеді. Оны перинаталдық сәбилер өлімі дейді. Бұл көрсеткішті есептегенде олі туылгандар және туылғандардың ішінде бір апта аралығында шетінегендер саны алынады.
9. Перинаталдык ѳлім кѳрсеткіші =
Ѳлі туылгандар саны + жаңа туылғандардың бір
апталыкта өлгендері * 1000
Өлі және тірі туылғандар сандарының қосындысы
Халық санының статистикасын зерттегенде, жанұяға байланысты көрсеткіштер есептелінді. Мысалы: некелік, некеліктін. ұзақтығы, ажырасу, оның себептері, жанұялар саны, жануя мөлшері, балалар саны, жұбайлардың жасы, т. б. көрсеткіштср талданады.
Халық денсаулығына бага бергенде жалпы ѳлім кѳрсеткішіне қарағанда алдағы ѳмір сүру мерзімінің көрсеткіші күрделі және маңызды фактор ретінде қарастырылады.
Бұл көрсеткішті есептеу әдістері арнайы демографиялық қолдамаларда келтірілген. Әр ел тұрғындарының өмірінің ұзақтығын есептегенде барлық өлген адамдар жастарының ұзақтығын қосып, өлгендердің жалпы санына бөлгенде өлген адамдардың орта жасы шығады, ал алдағы өмір сүру ұзақтығын есептегенде халық санағының нәтижелерін алып, өмірдің шегіне жету кестелері жасалады.
Алдағы өмір ұзактығы деген ол әр жастағы адамдардың (0, 1, 2, 3, . . . 80, . . жастағылардын) орта есеппен қанша жыл ѳмір сүретіндігін есептеу деген сөз, ол үшін алдағы жылдары өлім көрсеткіші сол кестелер жасалған жылдағы деңгейде болады деп алынады.
Демографиялык көрсеткіштерді зерттегенде міндетті түрде халықтың жасына сәйкес оның құрамы да талданады. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ұсынысы бойынша жасқа сәйкес халықтың 3 түрі болады: демографиялық құрамына қарай "жас халық", онда 65-тен асқандар 4-дан ашайды; демографиялық "кемеліне келген" - онда 65 жастағылар - 4-7% - шамасында және демографиялық "қарт халық" 65-тен асқандар 7%-дан жоғары. Бұл жағдайдың медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы маңызы зор.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ
Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5, 5 адамды құрайды. Мысалы, Қытайда бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адам.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарына ел халқы 15 394, 6 мың адамды құрады, оның ішінде 8838, 1 мың адам (57, 4%) - қала халқы, 6 556, 5 мың адам (42, 6%) - ауыл халқы, 2008 жылдың 1 қаңтарына - 15 565 647 адам, оның ішінде: 8 230 319 (52, 8%) адам қалада тұрса; 7 335 328 (47%) адам ауылда тұрады*.
2007 жылдың 1 қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар - 24% (24, 2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар - 68, 2% (68, 0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7, 8%-ын құраған. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 0, 2%-ға ұлғайған. 15-64 жастағы және 65 пен одан жоғары жастағылар саны тиісінше 1, 5% және 1, 2%-ға ұлғайған.
Қазақстанда әйел жыныстылар санының басым болуынан көрінетін гендерлік асимметрия қалыптасты. 1000 еркекке 1078 әйел келеді. 2007 жылдың 1 қаңтарына ерлер саны 7407, 8 (7324, 8) адам нмесе барлық халықтың 48, 1%-ын, әйелдер тиісінше 7986, 8 (7894, 5) адамды немесе 51, 9%-ды құраған. 15-64 жастағы әрбір қайтыс болатын 100 әйелге осы жас тобының қайтыс болатын 246 ер адамның келуі жағдайды қиындата түсіп тұр.
15-64 жастағы ерлер өлімінің жоғары пайызы мен өмір ұзақтығының аз болуы дағдарысқа әкелетін қазіргі әлеуметтік-экономикалық қатынастар проблемасымен астасып жатыр.
2007 жылы республика халқының табиғи өсімі 157 891 адамды ( 2006 жылы 141 876) құрады. Табиғи өсімнің 1000 тұрғынға жалпы коэффициенті 2008 жылдың 1 қаңтарына 10, 2 (9, 3) адамды құраған.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі өлген адамдар саны 158 931 (157 357) адамды құраған, оның ішінде 92 81 (92 425) адам қала халқы, 66 050 (64 932) ауыл халқы. Осы кезең ішінде 90 760 ер адам және 68 171 әйел адам өлген, немесе 100 әйелге 133 еркек. 1000 адамға жалпы өлім коэффициенті 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінде қалды және өлген адамдардың 10, 3 санын құрады.
2003 жылдан бастап елде жылына шамамен 250 нәресте дүниеге келеді, 2006 жылы бұл көрсеткіш 300 мыңға жетті, алайда нәресте өлім-жітімінің деңгейі өте жоғары болып отыр. Бұл көбінесе 30%-дан аспайтын бала туатын жастағы әйелдердің денсаулық индексінің төмен деңгейімен байланысты болып отыр. Халықтың ұрпақ берушілігі төменгі деңгейде, бүгінде елде 450 мың отбасының баласы жоқ. Сонымен қатар Қазақстанда жыл сайын 170 мың аборт жасалады.
2007 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде елде 4561 (4172) 1 жасқа дейінгі балалардың өлімі тіркелген, оның ішінде 2701 (2406) - ұл балалар және 1860 (1766) қыз балалар. Нәрестелер өлім-жітімі коэффициенті 1000 туған балаға 14, 5 (14, 1) құраған. Нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі жатырда өсу кезеңінде пайда болған жағдайға байланысты болып отыр, бұдан 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2169 (2063) нәресте өлген немесе барлық нәресте өлім-жітімінің 47, 6%-ын (49, 4%) құрайды.
Демографиялық ахуалды жақсартуда денсаулық сақтау саласы үлкен рөл атқарады. Әлсіз және көбіне қағаз жүзіндегі жұмыстар, коммерциялану деңгейінің жоғарылығы аналардың жүктілікке нашар дайындалуына әкеледі.
Халықтың көші-қонының оң сальдосы әлі сақталып отыр, 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда ол 10878 (33 472) адамды құрады, оның ішінде ТМД елдерімен 2989 (26 778) . Республикаға келген адамдар саны 53 309 (67 386), одан тысқары кеткендер 42431 (33914) адамды құраған.
Қазақстанға келушілер арасында қазақтардың басым салмағы 78, 2% (73, 1%), орыстар - 12, 5% (14%), немістер - 1, 0% (0, 9%) құраған. Қазақстаннан тысқары кеткендер ішінде орыстар үлесіне - 69, 5% (67, 5%), немістер - 7, 1% (7, 3%), қазақтар - 5, 3% (6, 7%) тиесілі.
Статистка агенттігінің деректері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтарда жастар (15-29 жастағылар) саны халық құрылымы ішінде 4 288 387 адамды құрайды, пайыздық қатынас бойынша бұл үлес 27, 8%. Олардың ішінде ерлері 2 168 347 адам, әйелдер - 2 120 040 адам.
Экономикада жұмыс істейтін жастар саны 2 730 951, оның ішінде 15-24 жастағылар 1577355 адам, 25-29 жастағылар 1 153 596 адамды құрайды. Республика бойынша экономикалық белсенді жастар саны 2 961 644 адамды құрайды, оның ішінде 15-24 жастағылар 1 710 600 адам, 25-29 жастағылар 1 251 044 адам.
Осы статистикаға орай жастардың 60%-ы халықтың экономикалық белсенді бөлігін, 30%-ы оқушылар мен студенттер және 10%-ы жұмысшылар.
Республика бойынша барлық жұмыс істемейтін жастар саны 264 652 адамды құрайды немесе 9, 6 %, олардың ішінде 15-24 жастағылар 183 610 адам немесе 10, 7 %, 25-29 жастағылар 81 042 адам немесе 6, 5 %.
Елдің барлық қалаларында жалпы жұмссыздық деңгейінен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары. Бұл жергілікті еңбек нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі және ауыл жастарының қалаға кетуі салдарынан болып отыр, олар көбіне біліктілігінің төмендігі немесе мүлде жоқтығына орай жұмысқа орналаса алмайды.
Қала мен ауылдағы кедейлік деңгейіндегі айырма сақталып отыр және қиындай түсуде, бұл да жастардың кетуіне әкеледі. Ауылдағы кедей халық деңгейі 21, 2%-ды, қалада - 5, 5%-ды құрап отыр.
Сонымен статистика 15-29 жас аралығындағы жастар саны Қазақстанның барлық халқының 28%-ын құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте жастар үшін қоғамның барлық проблемалары тән. Бұл ересектермен салыстырғанда жастар арасында 2 есеге жоғары болып отырған жұмыссыздық. Бұл қала жастарымен салыстырғанда ауыл жастарының кедейлігі. Бұл құқық бұзушылықтың жалпы статистикасі ішінде жастар жасайтын қылмыстар үлесінің жоғарлығы.
Демография мәселелерін шешуде экономикалық ынталандыру келешегін сипаттай отырып, Қазақстанда нәрестелерге арналған тамақ өнімі мен тауарлар өндірісі жоқ екенін атап кету керек. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі демографиялық проблемаларды шешуге бағдарланбағанын батыл айтуға болады. Сонымен қатар, елде балаларды мектепке дейінгі дайындау мекемелері жетіспейді, бұл проблема әйелдердің еңбек әлеуетін не аналар әлеуетін іске асыруға мүмкіндік бермейді.
Бүгінде халық арасында бала туу өсімінің үрдісі байқалып отыр. Осының негізінде кейбір зерттеушілер мұны демографиялық дағдарыстан шығудың басы деп бағалайды. Кейбір демографтар мен мемлекеттік билік органдарының басшылары қазіргі кездегі демографиялық дағдарысты, ең бастысы халық санының азаюын барлық өркениетті елдерге тән әлемдік процесс деп өзін-өзі жұбатады. Бұл құбылысты демографиялық өтпелі кезең (өмір сүру деңгейі ең жоғары елдерде бала туу барынша төмен) деп сипаттайды. Бұдан екі қорытынды шығады: жалпы әлемдік үрдістерден қорықпау керек және демографиялық саясат шаралары көп нәрсені өзгерте алмайды. Бірақ бұлардың екеуі де қате ұғым.
Ілгерінді демографиялық өтпелі кезеңнің негізгі құрамдас бөлігі - бұл бала туудың қат-қабат төмендеуі, ең бастысы өлім-жітімнің жоғарлауы. Қазақстанда да, бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде де өлім-жітім өсіп келеді және орташа өмір сүру ұзақтығы тым төмен, ол ерлерде 58 жас, әйелдерде 68 жасты құрап отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда бала туу ұлғаюда, жыл сайын 300 нәресте дүниеге келеді. Алайда 1989 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың жиынтық саны азайған. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанға келген және азаматтық алған жарты миллилон оралман да демографиялық ахуалды жақсарта алмай отыр. 1989 жылғы санақ деректері бойынша сол жылдары Қазақстанда 16 199 154 адам болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 15 565 647 адам.
Еуропа елдеріндегі демографиялық дағдарысты ескере отырып, бұл елдер экономиканың барлық саласына иммигранттарды белсенді тарта бастайтынын болжау қиын емес, әсіресе бұл Қазақстан, Ресей, Урнаина мен Белоруссияға қатысты болатын бұрынғы кеңес елдері халқының жоғары зиялы әлеуетіне айрықша назар аударылатын болады. Ресейдегі демографиялық депопуляция да таяу уақытта иммиграциялық саясаттың жандануына әкеледі, бұрынғы КСРО-ның орыс тілінде сөйлейтін халқының көшуіне негізгі екпін түсірілетін болады.
Бұдан шығатын қорытынды, Шығыс Еуропа, Канада мен Ресей елдеріне халықтың белсенді көшуі арқасында таяу арада Қазақстанның халық санының өсімі үрдісі оң бағыттан теріс бағытқа ауысып кетуі мүмкін.
Демографиялық өсімнің тоқтау себебі
Демографиялық проблеманы көбіне отбасының материалдық әл-ауқатымен байланыстырады, бірақ бұрынғы индустриялық қоғамдарда бұл проблеманы материалдық жағдаймен байланыстыру дұрыс емес және дамыған Еуропа елдеріндегі жағдай осыны дәлелдеп отыр. Онда материалдық проблемаларды отбасындағы балалар санын ұлғайтуды айқындайтын атаулы себеп емес, фактор ретінде ғана қабылдау керек.
Еуропа елдерінде бала тууды қаржылық көтермелеу қысқа уақыттық көбею әсерін беруі ғана мүмкін және бұл бала тууды «жақсы уақытқа» қалдырған отбасыларына ғана қатысты болады. Егер, мемлекеттік қаржыландыру бала тууды шынымен арттырған болса, онда Италия мен Германия бала туу жағынан барлық елдерді басып озған болар еді, өйткені бұл елдерде бала туғаннан кейін берілетін көмекақы мөлшері басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Алайда, бұл елдерде адами әлеуетті іске асыру мүмкіндігі жоғары және жоғары жәрдемақы ықтимал шығыстарды өтемейді.
Отбасы құндылығы, қоғамдағы құрмет пен бедел, екі ата-ананың да бала тәрбиесіне қатысу деңгейі, ажырасу саны, некенің орташа ұзақтығы, жалғыз ілікті аналар саны, денсаулық сияқты материалдық емес көрсеткіштер демографиялық процестердің серпінінде үлкен рөл атқарады.
Демографияны зерттеушілерді алаңдататын маңызды проблема - бұл отбасы институтының келешегі болып отыр, өйткені жылдар өткен сайын халықтың басым бөлігі азаматтық некемен ғана өмір сүруді жөн санап отыр. Ағылшын социологтарының болжамдары бойынша 2031 жылы британдықтардың жартысы азаматтық некемен өмір сүретін болады. 2031 жылға қарай Ұлыбритания ерлерінің жартысы бойдақ болмақ, ал 2003 жылы ерлердің 35%-ы некеде тұрмаған, бұл туралы ұлттық статистика қызметі жария еткен «Демографиялық үрдістер» (Population Trends) баяндамасында хабарланды. Күйеуге шықпаған әйелдер саны 28-ден 49 %-ға дейін өспек. Нәтижесінде некеде тұрмаған, бірақ жұптасып өмір сүретіндер саны екі есеге өсіп, 3, 8 млн. адамға жетеді. Мұндай үрдіс барлық жастағы адамдарға қатысты болады.
Балаларға қатынастың өзгеруінде және бір проблема жатыр. Associated Press агенттігінің деректер бойынша бақытты отбасылық өмірдің барынша маңызды тоғыз шартының тізімінде бала тек сегізінші орында ғана. Сауалнамаға қатысушылар «үй жұмыстарын бірлесе орындау», «жақсы тұрғын үйдің болуы», «жақсы табыс», «жұбайлардың сексуалдық сыйысушылығы» және «берілгендік» сияқты шарттарды маңызды деп санайды.
Бұрынғы индустриялық қоғамдарда бала туудың қысқаруы қоғамның әлеуметтендіру функциясының бұзылуымен байланысты. Мәселен, Жапонияда жапон менеджменттік білім беру орталығының қызметкері Такенобу Курихараның пікірінше отбасы деген не және ол нені білдіреді дегенді адамдарға түсіндіретін арнайы қызмет құратын уақыт жетті.
Сонымен демографиялық дағдарыс себептерінің бірі отбасы институтының және дәстүрлі құндылықтар жүйесінің дағдарысынан туындап отыр.
Бұдан ажырасулар санының ұлғаюы заңды түрде туындайды. Статистика бойынша еуропалықтар арасында екі некеге бір ажырасудан келеді.
Өспелі демографиялық дағдарыс бірқатар факторлармен байланысты. Соңғы он жыл ішінде, мысалы Еуропада аборттар саны 30%-ға өскен. Жыл сайын бұл сан 1 миллион 200 мыңға жетіп отыр. Бұл бойынша Бельгия мен Испания көш басында келеді, онда соңғы он жыл ішінде мұндай операциялар саны 50%-ға өскен.
Қазіргі қоғамның оған өз әлеуеттік мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік бермейтіні адам кездестірген басты проблема. Әңгіме ең бірінші басқа әлеуметтік рөлдермен бірге оның ата-ана рөлін толыққанды және бірлестіріп іске асыруы туралы болып отыр. Қазіргі заманғы адам жан-жақты дамыған тұлға болуға ұмтылады, бүгінде оны балалар бар кезде, ал ертең отбасы болған кезде жүзеге асыру қиын болмақ. Жеке-даралық ерлер мен әйелдердің санасына еніп, отбасылық негіздерді бұзуға қатер төндіре бастады және бұрынғы индустриялық қоғам осы проблемаға кез болды.
Бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде демографиялық құлдырау себебі пайда болған материалдық проблемалармен, ертеңгі күнге сенімділіктің жоқтығымен, тиісінше орнықты жұмыстың тұрғын жайдың болмауымен, мемлекеттік қолдаудың әлсіздігімен, жәрдемақыны беру кезінде бюрократияның жоғары деңгейімен т. б. байланысты болып отыр.
Демографиялық проблемаларды шешудің елдік моделі
Пайда болған демографиялық проблемаларды шешу үшін мемлекеттер халық өсімін ынталандыратын белгілі бір шаралар қабылдау үстінде.
Мәселен, Ресейде арнайы ұлттық жоба қабылданып, 2010 жылдан бастап туу туралы сертификат қолданыла бастайды. Жұмыс істемейтін жас аналарға арналған жаңа жәрдемақы пайда болды. 2010 жылға қарай туу туралы сертификат құны уәде етілген 250 мың рубль емес, 307 мың рубльді құрайды. Иммиграция ынталандырылады, атап айтқанда бұрынғы КСРО азаматтары үшін өңірлерге қарай Ресей азаматтығын алу рәсімі жеңілдетіледі. РФ өңірлерінде көп балалы отбасыларды танымал етудің дербес саясаты жүргізілуде, мәселен Мәскеуде көп балалы отбасыларына арналған коттедждер салу басталмақ.
Германияда, мәселенің елеулі екенін мойындаған неміс саясатшылары демографиялық проблеманы шешуді қолға алды. 2007 жылдың басынан нәресте күтетін анаға немесе әкеге соңғы жалақысының 67%-ы, ең көбі 1800 евроға дейінгі мөлшерде жәрдемақы төлейді. Жұмыстан амалсыз кеткені үшін өтемақы ретіндегі жәрдемақыны жыл бойы алуға болады. Одан соң ол отбасындағы әрбір бара үшін 300 евроға дейін қысқартылады.
Ата-аналарды материалдық ынталандырудан басқа Ангель Меркель басшылық еткен «үлкен коалиция» бюджеттік миллиардтарды қажетті инфрақұрылымдар: ясли, балалар бақшасы, ұзартылған күні бар мектептерды ұлғайтуға жіберуде. Германияда негізінен бала туу мен бала күту еңбек қызметі мен мансаптық өсуге қарай отбасының екі мүшесіне де қатысты болады.
Франция өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап бала тууды жоғарлатуға бағытталған белсенді демографиялық саясат жүргізіп келеді. Тіптен 1967 жылға дейін контрацептивтерді сатуға, 1975 жылға дейін аборт жасатуға тыйым салынды.
1946 жылы Францияда бірінші, екінші және әсіресе үшінші баланың тууын (пронаталистік саясат) көтермелеуге бағытталған отбасыларға ақшалай төлемдер мен салық жеңілдіктер жүйесі кеңінен тәжірибеге енгізілді. Нәтижесінде 80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдерінің ішінде Франция бала туудың ең жоғары - 1, 8 - 1, 9 жиынтық коэффициентіне ие болды (орташа алғанда бір әйелге келетін бала саны) . Халық саны жыл сайын 0, 3 - 0, 4%-ға ұлғайып отырды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында, 1946 - 1974 жылдар ішінде Франция халқы 12, 1 млн. адамға, оның ішінде 8, 5 млн. халықтың табиғи өсімі есебінен, 1, 2 млн. француздардың бұрынғы отар елдерден оралуы есебінен ұлғайды.
Францияның пронаталистік демографиялық саясатының қазіргі заманғы шаралары балалары бар отбасыларының материалдық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz