ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Орынбор губернаторларының қазақ даласындағы әкімшілік саясаты.
(XVIII ғ. II.жартысы)
1.1 Орынбор губернаторларының іс.әрекеттерінің бағыттары мен функциясы 24
1.2 XVIII ғасырдың II.жартысындағы алғашқы әкімшілік реформалар ... ... ... ..36
1.3 Губернаторлардың ұлттық саясаттағы ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
2 Орынбор губернаторларының қазақ даласындағыэкономикалық саясаты. (XVIII.ғ. II.жартысы)
2.1 Орынбор губернатоларының саясатындағы жер және жерді пайдалану мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
2.2 Аймақтықтық әкімшіліктің сауда саясатының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ..82
2.3 Жәрмеңкелердің Орынбор губернаторларының саясатына әсері. ... ... ... ...98
3 Орынбор губернаторларының діни саясаты. (XVIII.ғ. II.жартысы)
3.1 Орынбор губернаторлары саясатындағы исламдық фактор ... ... ... ... ... ... 105
3.2 Орынбор губернаторларының саясатындағы татарлардың коммуникативтік рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...118
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..124
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 129
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .141

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласындағы саясатының ерекшеліктері, оның сипаты, негізгі бағыттары, салдарлары қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. XVIII ғасырдағы тарихи құбылыстар мен процестерді байыптау қазіргі таңда айырықша өзектілікке ие, себебі әлеуметтік таным аймағындағы ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда, тарихтың алатын орны ерекше. Империялық Ресейдің көшпенді қазақ қауымына қатысты саяси мәселелерін зерттеу, жаңа мақсаттар мен сапа жағынан жаңарған жүйелі көзқарасты талап етеді. Ал империялық саясатты тарихи терең тану процессінің бағыттарының бірі, бұл XVIII ғасырдың 40-шы жылдарының ортасында, қазақ көшпелі қоғамын басқарудың бір формасы түрінде енгізген губернаторлар институтының мәселесін зерттеу болып табылады. Аталып отырған басқару формасы Қазақ даласында (губернаторлар, генерал-губернаторлар, наместниктер, әскери-губернаторлар болып) өзгерістерге ұшырағанмен, 170 жыл бойы өзінің өміршеңдігін танытты. Сондықтан да, губернаторлардың саясатарының бағыттарын, оны жүзеге асырудағы өкілеттік механизмдерін, зардаптарын жеке аймақтар тұрғысынан Қазақстанның жаңа тарихында көрсетудің маңызы зор. Ресей империясының мәдени, конфессиялық және этникалық алуандығы, оны аймақтық көлемде зерттеу талабына деген сұраныс туғызуда. Алғашқылардың бірі болып неміс тарихшысы А.Каппелер, аймақтық көлемдегі тарихи зерттеудің болашағы мол екендігіне баса назар аудара отырып, бұл әдіс «полиэтникалық империяның сипатын, әртүрлі кеңістікте зерттеуге мүмкіндік береді» деп атап өтті [1, с.21].
Осыдан келіп, ресей билігінің Қазақ даласына енудегі стратегиялық жобаларын жасаған, сондай-ақ империялық Ресейдің отарлық саясатының әдістерін қолданудағы Орынбор губернаторларының саясатын зерттеу өзіне деген қызығушылық туғызада. Сонымен қатар Орынбор өлкесі өзінің географиялық және табиғи-климаттық факторларының ерекшелігіне, халқының полиэтникалық құрамына және сыртқы саяси ортаның ықпалына байланысты, осы өлкені басқарған әр губернатор үшін, өзінің интелектуальдық мүмкіндігін, мінезінің жігерлілігі мен қайратын, адами сапасын, ақырында әр қайсысының стратегиялық мақсаттағы көрегендігін сынауда айырықша өлкеге айналды. Әрине орыс билігінің Орынбор өлкесінде бекінуі жергілікті халықтардың (негізінен башқұрттардың) Ресей құрамына орыс емес халықтарды қосуға, толық және терең саяси интеграциялауға ұмтылған стратегиялық мақсаттарына қарсы жүйелі түрдегі саяси наразылықтарына ұласып отырғанын білеміз.
Жергілікті халықтардың(орыстар, татарлар, башқұрттар, қазақтар, қалмақтар және т.б.) әлеуметтік наразылықтарының саяси тұрғыда жетілуі, әрдайым өсіп отырды және ол, 1773-1775 жж өлкенің барлық этностары қатысқан, Е.Пугачевтің басшылығымен болған шаруалар соғысында айқын көрініс берді. Осы оқиғадан кейін XVIII ғасырдың екінші жартысында полиэтникалық өлкені, соның ішінде Қазақ көшпелі қоғамын басқару үшін жаңа жобалар жасалып, енгізіле бастады. Бұл жобаларға бірінші кезекте Ресей билігінің ислам дініне қатысты саяси тактикасын өзгертуін және мұсылман дінбасыларымен қарым-қатынас орнатуға бағытталған механизмдерін дайындауды айтуға болады. Бұл саясат (1788ж) Ресей империясының едәуір бөлігіндегі діни процестерді бақылауында ұстаған жоғары мұсылман ұйымының-Орынбор Мұсылман Діни Жиыны мекемесінің ашылуынан көрініс береді. Әрине бұл жағдай Орынбор губернаторларының қазақ көшпелі қоғамына қатысты да тактикаларын өзгертуіне әсер етті, олар қазақ даласына татар және башқұрт молдаларын мешіт салуға, мектептер ашуға жібере бастады. Нәтижесінде бұл саясат көшпелі қазақ қоғамының әлеуметтік және мәдени өмірінің белгілі бір саласында интегративтік тенденцияларға себепші болды. [2. б.45-51.]

Қысқартулар мен
белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Орынбор губернаторларының қазақ даласындағы әкімшілік саясаты.
(XVIII ғ. II-жартысы)
1.1 Орынбор губернаторларының іс-әрекеттерінің бағыттары мен функциясы 24
1.2 XVIII ғасырдың II-жартысындағы алғашқы әкімшілік
реформалар ... ... ... ..36
1.3 Губернаторлардың ұлттық саясаттағы
ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
2 Орынбор губернаторларының қазақ даласындағыэкономикалық саясаты.
(XVIII.ғ. II-жартысы)
2.1 Орынбор губернатоларының саясатындағы жер және жерді пайдалану
мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
2.2 Аймақтықтық әкімшіліктің сауда саясатының қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ..82
2.3 Жәрмеңкелердің Орынбор губернаторларының саясатына әсері.
... ... ... ...98
3 Орынбор губернаторларының діни саясаты. (XVIII.ғ. II-жартысы)
3.1 Орынбор губернаторлары саясатындағы исламдық
фактор ... ... ... ... ... ... 105
3.2 Орынбор губернаторларының саясатындағы татарлардың коммуникативтік рөлі

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 118
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 124
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
129
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .141
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста ХVІІІ ғасырдың
екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласындағы саясатының
ерекшеліктері, оның сипаты, негізгі бағыттары, салдарлары қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. XVIII ғасырдағы тарихи құбылыстар мен
процестерді байыптау қазіргі таңда айырықша өзектілікке ие, себебі
әлеуметтік таным аймағындағы ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда, тарихтың
алатын орны ерекше. Империялық Ресейдің көшпенді қазақ қауымына қатысты
саяси мәселелерін зерттеу, жаңа мақсаттар мен сапа жағынан жаңарған жүйелі
көзқарасты талап етеді. Ал империялық саясатты тарихи терең тану
процессінің бағыттарының бірі, бұл XVIII ғасырдың 40-шы жылдарының
ортасында, қазақ көшпелі қоғамын басқарудың бір формасы түрінде енгізген
губернаторлар институтының мәселесін зерттеу болып табылады. Аталып отырған
басқару формасы Қазақ даласында (губернаторлар, генерал-губернаторлар,
наместниктер, әскери-губернаторлар болып) өзгерістерге ұшырағанмен, 170 жыл
бойы өзінің өміршеңдігін танытты. Сондықтан да, губернаторлардың
саясатарының бағыттарын, оны жүзеге асырудағы өкілеттік механизмдерін,
зардаптарын жеке аймақтар тұрғысынан Қазақстанның жаңа тарихында көрсетудің
маңызы зор. Ресей империясының мәдени, конфессиялық және этникалық
алуандығы, оны аймақтық көлемде зерттеу талабына деген сұраныс туғызуда.
Алғашқылардың бірі болып неміс тарихшысы А.Каппелер, аймақтық көлемдегі
тарихи зерттеудің болашағы мол екендігіне баса назар аудара отырып, бұл
әдіс полиэтникалық империяның сипатын, әртүрлі кеңістікте зерттеуге
мүмкіндік береді деп атап өтті [1, с.21].
Осыдан келіп, ресей билігінің Қазақ даласына енудегі стратегиялық жобаларын
жасаған, сондай-ақ империялық Ресейдің отарлық саясатының әдістерін
қолданудағы Орынбор губернаторларының саясатын зерттеу өзіне деген
қызығушылық туғызада. Сонымен қатар Орынбор өлкесі өзінің географиялық және
табиғи-климаттық факторларының ерекшелігіне, халқының полиэтникалық
құрамына және сыртқы саяси ортаның ықпалына байланысты, осы өлкені
басқарған әр губернатор үшін, өзінің интелектуальдық мүмкіндігін, мінезінің
жігерлілігі мен қайратын, адами сапасын, ақырында әр қайсысының
стратегиялық мақсаттағы көрегендігін сынауда айырықша өлкеге айналды. Әрине
орыс билігінің Орынбор өлкесінде бекінуі жергілікті халықтардың (негізінен
башқұрттардың) Ресей құрамына орыс емес халықтарды қосуға, толық және терең
саяси интеграциялауға ұмтылған стратегиялық мақсаттарына қарсы жүйелі
түрдегі саяси наразылықтарына ұласып отырғанын білеміз.
Жергілікті халықтардың(орыстар, татарлар, башқұрттар, қазақтар, қалмақтар
және т.б.) әлеуметтік наразылықтарының саяси тұрғыда жетілуі, әрдайым өсіп
отырды және ол, 1773-1775 жж өлкенің барлық этностары қатысқан,
Е.Пугачевтің басшылығымен болған шаруалар соғысында айқын көрініс берді.
Осы оқиғадан кейін XVIII ғасырдың екінші жартысында полиэтникалық өлкені,
соның ішінде Қазақ көшпелі қоғамын басқару үшін жаңа жобалар жасалып,
енгізіле бастады. Бұл жобаларға бірінші кезекте Ресей билігінің ислам
дініне қатысты саяси тактикасын өзгертуін және мұсылман дінбасыларымен
қарым-қатынас орнатуға бағытталған механизмдерін дайындауды айтуға болады.
Бұл саясат (1788ж) Ресей империясының едәуір бөлігіндегі діни процестерді
бақылауында ұстаған жоғары мұсылман ұйымының-Орынбор Мұсылман Діни Жиыны
мекемесінің ашылуынан көрініс береді. Әрине бұл жағдай Орынбор
губернаторларының қазақ көшпелі қоғамына қатысты да тактикаларын өзгертуіне
әсер етті, олар қазақ даласына татар және башқұрт молдаларын мешіт салуға,
мектептер ашуға жібере бастады. Нәтижесінде бұл саясат көшпелі қазақ
қоғамының әлеуметтік және мәдени өмірінің белгілі бір саласында
интегративтік тенденцияларға себепші болды. [2. б.45-51.]
XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресейдің шектес азия мемлекеттерімен сауда
жасаудағы жаңа орталығы - Орынбор қалыптасты, ол ресей-шығыс саудасының
негізгі орталығына айналды. Орынборда қонақ үй және айырбас сарайлары
салынған болатын. Осыдан келіп ресейдің жаңа бодандары қазақтарға қатысты,
оларға белгіленген жеңілдіктер беру, татарларды саудада делдалдыққа тарту,
Орынбор, Троицск, Орск қалаларында жәрмеңкелер ашу сияқты сауда саясаты
қалыптасты. Аймақтық сауда нарығына Кіші және Орта жүз қазақтарын тарту,
қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік құрылымына өз әсерін тигізді. Аймақтық
саясаттың басым бағыты бұл дәстүрлі құрылымды қиратып, оның орнына қазақ
көшпелі қоғамының ішінен жаңа немесе өзгерген әлеуметтік топ қалыптастыруға
ұмтылды.
Империялық Ресейдің Қазақстандағы саясатының өзгеруіне 1771 жылы Кіші
жүздің территориясы арқылы қалмақтардың басым бөлігінің өздерінің тарихи
отандарына оралуы сияқты маңызды оқиғалар да өз әсерін тигізді.
Қалмақтардың белгілі бір бөлігінің көшіп кетуі, XVIII ғасырдың соңғы
ширегінде ресей билігінің көшпенділерге (қалмақтар, башқұрттар және
қазақтар) қатысты тұрақты басқару жүйесінің жоқтығын және Орынбор
губернаторларының қарамағындағы территорияларды бақылаудың осал тұстарын
ашып берді. Осы жағдайларды есепке ала отырып орыс билігі XVIII ғасырдың
соңғы ширегінде аймақта әкімшілік реформаларды жүзеге асыруға тырысты,
әрине бұл саясат Уфа және Симбир наместниктігінің генерал-губернаторы барон
О.А.Игельстромның атымен тығыз байланысты. Ол бұл шараларды жүзеге асыруда
башқұрттар мен қазақтарға қатысты бірдей саясат ұстанды, яғни бұл
халықтардың дәстүрлі билік жүйесіне реформа жасауға ұмтылды.
Осы тұрғыдан алғанда, Орынбор генерал - губернаторларының қазақ даласында
жүргізген саясаты, оның қазақ қоғамына тигізген зардаптарын қазіргі күннің
талабына сай, ұлттық мүдде тұрғысынан жан – жақты зерттеу маңызды
мәселелердің бірі болып отыр. Осы айтылғандардың бәрі диссертациялық
жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеу жұмысының нысаны XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Кіші және Орта
жүз территорияларында болған әлеуметтік – саяси өзгерістер.
Зерттеу жұмысының пәні Орынбор губернаторларының саясаты және олардың қазақ
көшпелі қоғамына жалпыимпериялық заңнаманың негізін енгізу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты –
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ Даласына
қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу. Осы
мақсаттарға байланысты төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- империяның биліктік жүйесіндегі Орынбор губернаторларының функциялары мен
құзыреттіліктерін ашып көрсету;
- Орынбор губернаторларының Петербург және қазақ ақсүйек өкілдерімен
арақатынастарының механизмі мен сипатын карастыру;
- Орынбор губернаторларының Кіші жүзде жүргізген әкімшілік реформаларын
зерттеу;
- көшпелі қазақ қоғамына қатысты аймақтық әкімшіліктің жерді пайдалану
саясатының ерекшеліктерін анықтау;
- полиэтникалық және поликонфессионалдық аймақтардағы Орынбор
губернаторларының бөліп алда, билей бер саясаттын қарастыру;
- Орынбор губернаторларының конфронтациядан әріптестікке бағытталған діни
саясатын талдау;
- аймақты ғылыми тұрғыдан зерттеуде және қазақ халқының арасында
ағартушылықты таратуда Орынбор губернаторларының қызметтерінің негізгі
бағыттарын анықтау.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері ХVШ ғасырдың екінші жартысын қамтыды.
Себебі, 1749 жылғы 13 сәуірде алғашқы рет ресми тұрғыда хандық билік
тағайындалы, екіншіден, ХVШ ғасырдың 50-ж. даланы бірыңғай экономикалық
кеңістікке біріктіру мақсатын көздеген ұмтылыстары мынадай көріністерге
әкелді: экономикалық орталық құрылымдары (Верхнеуральск, Орск, Орынбордағы
және т.б. жәрмеңкелер), империялық инфрақұрылымдарды ұйымдастыру (пошта,
телеграф, байланыс жолдары), мәдени орнығу (мұсылман және зайырлы
мектептері, медициналық және ветериналдық пунктер), ғылыми жаулау
(академиялық экспедициялар, этнографиялық, статистикалық зерттеулер
басылымы, картографиялар жасау), жергілікті басқару органдарын аралас құру
(шекаралық сот, шекаралық расправалар және т.б.), үшіншіден, осы кезеңнен
бастап шекаралық тактикадан, далаға тікелей ену бағытының негізі қаланды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы орыс
билігінің Қазақстандағы аймақтық саясатының ерекшелігі осы уақытқа дейін
арнайы зерттеу обьектісі болмағанымен, қазақтардың көрші халықтармен қарым-
қатынасы, тұрмысы, әлеуметтік жағдайы, шаруашылық дамуы, тарихына қатысты
зерттеулерде ғана ішінара қарастырылған. Мәселенің тарихнамасын үш топқа
бөліп қарастыруға болады.
I. XVIII ғ - XX ғ басындағы Ресей империясының қазақ даласындағы саясаты
туралы тарихи әдебиеттер. XVIII ғасырда Ресей үкіметіне империяның оңтүстік
шығысында орналасқан орыс емес ұлттар әсіресе қазақтар туралы мәліметтерге
іс жүзінде, яғни практикалық қажеттіліктер туындады. Бұл еңбектердің
авторлары академиялық экспедицияның мүшелері, мемлекет қызметкерлері, маман-
тарихшы шығыстанушылар, губерндік әкімшіліктің шенеунектері, генералдық
штабтың офицерлері болды. Олардың барлық зерттеулерін бір ғана мақсат -
Ресейдің Шығысты өркениеттендіру миссиясы тұрғысынан жаңа аймақты отарлау
мақсатына негізделген ұстаным біріктірген еді. Бұл ұстанымның себебін неміс
ғалымы А.Каппелер тамаша түсінік бере отырып былай: аңшылар мен
көшпенділерді дамудың ең төменгі сатысында тұрған мәдениетсіз жабайылар
ретінде қарау басталды, оларды мәдениетпен таныстырып отырықшы шаруалар мен
бейбіт азаматтарға айналдыру керек болды. түсіндіреді [1, с. 61].
Әрине XVIII ғасырдағы Орынбор аймағының тарихында Орынбор губерндік
кеңсесінің шенеунегі П.И Рычковтың зерттеуі өзінің негізділігімен
ерекшеленеді. Ол өзінің еңбегінде көп ұлтты аймақтың территориясында өмір
сүретін халықтарды жан-жақты суреттеген.
Сонымен қатар ол көшпенділерді мәдениетке тартуда, оларды отырықшылыққа
бірінші шөп шабуды, ал кейін егін егуге үйрету арқылы қол жеткізуге
болады деп ойлады [3, с. 133-134].
Сондай-ақ ол өзінің еңбегін мемлекет мүддесі үшінжәне осы аймақтың
жоғарғы басшылары үшін, себебі ұлан байтақ аймақтың ішкі және сыртқы
жағдайымен үнемі танысып отыру әрқашан керек және қажет ..деп білді [4, с.
225].
П.И Рычковтың 1774 жылы жазған Нижайшее представление о состоянии киргиз-
кайсайцких орд и о способах приведении их к спокойному пребыванию и
исполнению подданических должностей атты еңбегі Ресейдің аймақтағы басқа
халықтарға қатысты империялық саясатқа көзқарасы жағынан алғанда
ерекшеленеді. Бұл еңбекте автор жергілікті халыққа қатысты ресей үкіметінің
іс әрекетіне тактикалық ұсыныстар жасаған, атап айтқанда башқұрттар мен
қазақтар арасындағы жайылымдыққа қатысты алауыздықтарды немесе бұрынғы
жаулықты пайдалану кей кезде пайдасыз болмайды билікті күшейту үшін
қажет деп қолдау көрсетіп отырды.
Ресей үкіметі саясатының апологеті П.Рычков Орынбор аймағының алғашқы
билеушілерін мадақтап, оларды қазақ даласындағы өркениеттің жүргізушілері
деді.
П.И Рычковтың зерттеулері аймақтағы биліктің әкімшілік тәжірибесінде үлкен
мәнге ие болды, П.И.Рычков өз еңбегін жергілікті басшыларға қажет деп жазуы
тегін емес еді.
Историчекий экстракт о киргиз-кайсацком народе.. деп аталатын П.Рычковтың
Қазақ даласын зерттеуге арналған еңбегі де, өзіне көңіл аударады. Бұл
еңбекте, Орынбор губернаторы Д.В. Волковтың императрица Екатерина II-мен
хат алмасуы көрсетілген. Сондай-ақ Орынбор губернаторы Д.В.Волков
жергілікті халықты империяның саяси-әлеуметтік кеңістігіне икемдеу туралы
ойларында коммерцияны дамыту, егіншілікті енгізу, жат діндегі слободаларды
құру амалдарын, сондай-ақ Орынбор губернаторының әскери билігін күшейтуді
ұсыныс жасайды.
Екатерина II-ші Д.В.Волковтың ұсынысын мұқият қарастырып, Орынбор
губернаторының Ресей билігі үшін маңызды қызметтегі ынтасын атап өтті.
Бұл еңбекте губернаторлық қызметті екі жыл атқарған А.А. Путятиннің және
Рейнсдорптың ойлары да келтірілген. Рычковтың губернатор Рейнсдорп туралы
жазбаларында, оның ұсыныстарының губернияның экономикасын дамытуда
көптеген пайдасы бар деп атап өтті [5, с. 213-264].
Қазақ даласын зерттеуде И.И. Лепехина, П.С. Паллас, И.Г. Георги басқарған
XVIII ғасырдың 70-ші жылдарының ортасы мен 60-шы жылдарының соңындағы
академиялық экспедиция да өз үлестерін қосты. Алғашқы рет бұл экспедиция
Еділ және Оралдан, Байкалға дейінгі аралықтағы халықтар туралы
этнографиялық мәліметтер жинады. Бұл экспедицияның іске асуына Екатерина II
себепші болды, біздің назарымызды аударатыны империялық биліктің алдағы
тактикалық және стратегиялық іс-әрекетін жүзеге асыруы үшін шет аймақ
халықтарының экономикалық жағдайын, салт-дәстүрін жүйелі түрде жинақтауға
деген сұраныстың болуы.
Бұл экспедицияның зерттеушілік бағдарламасы болды, ол Ғылым Академиясының
басшылығымен жүзеге асырылды. Орынбор өлкесін зерттеген экспедицияға
қатысушылар осы күнге дейін өзінің түп нұсқа ретінде құндылығын
жоғалтпаған, қазақтар туралы бай тарихи-этнографиялық материал жинады [6].
Әсіресе бұл еңбектерде халықтардың саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесінің
ерекшеліктері туралы тарихи сипаттағы құнды мәліметтер бар. Орыс үкіметінің
қолдауымен жүргізілген бұл ғылыми экспедицияның еңбектері, орыс емес
халықтардың тарихы мен мәдениетін зертеуде, европалық көзқарас бойынша
мәдениетті түсінудегі империялық биліктің стратегиялық саясатын
қалыптастыруда, айтарлықтай өз үлесін қосты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында ізденістік тақырыптар кеңейіп, зерттеудің
жаңа әдістері пайда болды және Ресейдің орыс емес халықтарға қатысты
саясатын зерттеу мәселесіндегі негізгі теориялар мен ұстанымдар қалыптаса
бастады. Бұл зерттеулер аймақты игеру бағытын айқындауда, Даланың
экономикалық қуатын анықтауға өз үлесін қосты. Осылай И.Жуковский мен
И.Дебу Орынбор губерниясының аймақтық жеке бөліктеріне қатысты (география,
өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, бекіністерді салу т.б.) топографиялық
суреттемелер мен статистикалық тізімдер жасалды [ 7, с.224 ].
Орынбор өлкесінің тарихына қатысты В.М. Черемшанский мол материал жинады,
онда полиэтникалық өлкеге қатысты ағартушылық және экономикалық, тарихи
және географиялық мәліметтер берілген. Автор, XVIII ғасырдың екінші
жартысынан, XIX ғасырдың бірінші жартысына дейінгі аралықта, Орынбор
губерниясынның бір территориялық-әкімшілік басқармасының құрамына кірген
халықтардың әлеуметтік–экономикалық дамуын жан-жақты зерттеген [ 8, с.472
].
Жоғарыда аталған еңбектер стратегиялық басқарудың мінез-құлқын
қалыптастыруда өз үлестерін қосты. Қазан университетінің профессоры,
тарихшы Н.Фирсов Орынбор губернаторы И.Неплюевтің қызметін зерттеген
еңбегінде былай деп: ол әлеуметтік және финанстық амалдар арқылы Орынбор
губерниясының башқұрттарымен қатынас орнатқан басқа ұлттардың байланысын
үзе алды атап өтеді. Н.Фирсов өзінің замандастарына (П.И. Рычков,
В.Витевский) қарағанда Еділ бойы мен Орал маңының орыс емес халықтарының
Москва мемлекетінің құрамындағы саяси-құқықтық жағдайын және тарихын
(хронологиялық және географиялық қалпы кеңейтілген) зерттеуде ірі масштабта
қарастыруға ұмтылған [9, с.123].
XIX ғасырдың екінші жартысында, империя халықтарының саяси және әлеуметтік-
экономикалық тарихын зерттеу, Ресей мемлекетінде жүйелілік сипат ала
бастады. Мұндай жағдайдың қалыптасуына белгілі түрде Орыс географиялық
қоғамы, Қазан университеті, Қазан университеті маңындағы тарих, археология
және этнография қоғамы, сонымен қатар Ресейдің шығыстану мектебі де өз
үлестерін қосты. Осы кезеңге тән жағдай, жариялымдардың әртүрлілігі,
сапалылық және сандық ауқымының молдығымен ерекшеленді.
А.Левшиннің, Л.Мейердің, А.Добросмысловтың, А.Алекторовтың зерттеулерінде
өлке халқының әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріне қатысты нақты
деректік материалдар ауқымы жағынан мол қамтылған. А.Левшин XVIII ғасырдың
екінші жартысындағы негізгі оқиғаларды: қалмақтардың қазақ даласы арқылы
Жоңғарияға көшуі, Уфа наместнигі О.Игельстромның жүргізуге ұмтылған
реформалары туралы жан-жақты қарастырған [10, с.656].
А.Левшин мен А.Добросмыслов О.Игельстромның жүргізген реформасының
маңыздылығын, хандық биліктің тұрақсыздығын атап өтті. Генералдық штабтың
офицері Л.Мейер империялық биліктің басқарудағы қателігі, үкімет
қазақтардың хан сайлау еркіндігін, яғни негізгі бастаманы бұзды деп
есептеді [11, с.288].
Ең маңыздысы олар жергілікті әкімшіліктің, атап айтқанда губернаторлар
Рейнсдорп пен Игельстромның қателіктеріне назар аударып отырды. Олар шын
мәніндегі қазақтарды бағындыру процесінің тежелуіне тоғышар және жанаяр
шекаралық басшылардың қызметі кінәлі деп санады. Революцияға дейінгі
тарихнамада тек алғашқы Орынбор губернаторы И.И.Неплюевтің қызметі өз
бағасына ие болып қолдау тапты.
Орынбор өлкесінің Ұлы Петрі атты толық қанды еңбектің авторы В.Витевский,
И.И. Неплюевтің кең байтақ өлкені отарлаудағы еңбегін ашып көрсетті. Оның
еңбегінің бағалылығы сол әрбір томына қосымшалар (жарлықтардың көшірмесі,
мақтау қағаздар, Орынбордың алғашқы жоспары, Орынбор губерниясының картасы,
жазба және баспа түп-нұсқалардың библиографиясы) беріліп отырған. Оның
жинаған нақты деректі материалдары, XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы
Оңтүстік Оралды отарлау кезеңдерін, И.Неплюевтің қолданған бөліп ал да,
билей бер саясатының тенденциясын бақылауға мүмкіндік береді [12, с.701].
Қазақтарды басқару мәселесі, Далаға әкімшілік реформалар жүргізу және оны
жүзеге асырудың әдістері мен механизмдері Орынбор губернаторларының
саясатын тереңірек зерттеуге итермеледі. Сондықтан да әр бір өлкенің
тарихы оның негізгі билеушілерінің атымен байланысты деп есептеген
Ф.Лобысевичтің еңбегі де, тарихи деректерге бай.
Оның зерттеулерінде алғаш рет Орынбор өлкесінің билеушілері статстық
кеңесші -И.К.Кирилловтан бастап генерал адьютант - Н.А.Крыжановскиге
дейінгілердің қызметінің негізгі бағыттары және биографиялары берілген. Ол
бізді қызықтырып отырған кезеңге, яғни XVIII ғасырдың II–ші жартысындағы
губернаторлардың қызметіне қысқаша ғана мінездеме беріп, олардың көп ұлттық
өлкені басқарудағы ерекшеліктеріне қатысты деректерді аз қамтыған.
Алайда Ф.Лобосыевич өз еңбегінде И.А. Рейнсдорптың (1769-1781) қызметіне
көңіл аударған, себебі оның басшылығы кезеңінде өлкеде айтарлықтай
оқиғалар: қалмақтардың дала арқылы Жоңғарияға көшуі(1771) және Е.Пугачевтың
басшылығымен болған шаруалар соғысы (1773-1775)болған еді. Әрине барлық
губернаторлардың бейне галереясынының ішінен тек барон О.Игельстром ғана
Далаға жалпы губерниялық кеңсе жүйесін енгізуге бағын сынап көрген болатын.
Алайда Ф.Лобосыевич, О.Игельстромның қызметіне айтарлықтай қызығушылық
танытпады. Ф.Лобосыевичтің жұмысы өзінің бір жүйелігімен, губернаторлардың
қызметіне талдаулардың жоқтығымен, олардың басқару әдістеріне сыртқы және
ішкі факторлардың әсеріне көңіл бөлмеуімен және т.б. ерекшеленеді. Толық
алғанда оның еңбегі деректердің қателігі және аяқсыздығымен көрініс береді
[13,с.41-68]. Орынбор генерал-губернаторы Перовскийдің қол астында қызмет
еткен әйгілі шығыстанушы В.В.Вельяминов-Зерновтың жазған еңбегі менің
қарастырып отырған мәселеме тікелей қатысы бар [14, с.288].
А.Левшин өзінің зертеуінде И.Неплюевтің Орынбор өлкесін билеген соңғы он
жылдағы саясатын ашып көрсете отырып оны Орынбордың I-ші Петрідеп атады.
Ол Әбілқайыр хан династиясының, аймақтық билік өкілдерімен қарым-
қатынасының даму жүйесін ұсынды. Әйгілі шығыстанушы, Орынбор шекаралық
комиссиясының төрағасы В.Григорьевте, Орынбор билеушілерінің саясатына
талдау жасауға талпынды [15].
Бұл еңбектерде қазақтарды басқаруды жетілдірудің әр түрлі оңтайлы жолдары
ұсынылып және аймақтық биліктің саясатының қателіктерінің себептері
көрсетілген. А.Добросмысловтың ойынша, Игельстромның реформаларының
сәтсіздігіне оның даланы білмеуі және шектен тыс асығыстығы себеп болды
деп есептеді [16,с.124].
А.Добросмыслов XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі жоғарғы биліктің саясатын
зерттей отырып исламмен әріптестік орнатуда татарлар мен мешітті,
қырғыздардың (қазақтардың С.К) орыстармен жақындасуы үшін, қосымша өтуге
тиіс өткел деп есептеді. Кейін бұл саясаттың жетістігін бағалай отырып, ол
татарлар қазақ даласында орыстар енгізе алмаған нәрсені іске асырды деп
атап өтті [17, с.170-173].
Жоғарыда атап өткен еңбектердің авторлары, империялық әкімшілік аппаратының
өкілдері қатарында болды, олардың жазған еңбектерін тәжірибелік мақсаттар
айқындап отырды. Жергілікті және Орталық (нақтырақ Азия департаменті)
биліктің шенеунектері Ресей империясының саясатын дәйектемелеумен
айналысты, олар өздерінің зерттеулерімен оңтайлы әкімшілік-басқару
стратегиясын жасауға көмектесті.
Сонымен қатар бұл жұмыстардың біз үшін құндылығы сол, оларда XVIII ғасырдың
екінші жартысындағы аймақтық биліктің саясатын талдау үшін деректі
материалдардың түп нұсқалық мәнге иелігі, және де авторлардың көбі бұл
процеске қатысып қана қойған жоқ, Даланы жаңғырту жобасының да авторлары
болды.
II. Аймақтық билік іс-әрекеттерінің кеңестік дәуір әдебиеттерінде
зерттелуі.
Кеңестік тарихнамада Орынбор өлкесінің басшыларының қызметтеріне арналған
арнайы зерттеулер болған жоқ. Кеңестік тарих ғылымы орыс-қазақ
қатынастарына, Даланы шаруалардың отарлау мәселесіне, қазақ жұртына қатысты
патша самодержавиясының саясатының әр алуан аспектісіне және империя
құрамына даланы интеграциялау процессі кезіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалысына көңіл бөлді.
Кеңес тарихнамасының алдына қойған кең ауқымды мәселелер спектірін ескере
отырып, келесі бағыттарды бөліп қарастыруға болады:
XVIII ғасырдағы Ресей империясының оңтүстік-шығыс шегін шаруалардың отарлау
мәселесі, олардың жергілікті халықтың тарихи тағдырына әсері М.Любавский
және Ю.Тарасовтың еңбектерінде қарастырылған [18, с.688].
М.Любавский - империя кеңістігінің кеңею процессі кезіндегі Ресей
халықтарының полиэтникалық қалыптасуының жалпы көрінісін берсе,
Ю.Тарасовтың зерттеу обьектісі - Оңтүстік Оралды орыс мұжықтарымен
қоныстандыру және олардың өлкенің жергілікті халықтарына материалдық және
рухани мәдениетіне ықпалы ету мәселесі болды.
XVIII – XIX ғғ Ресей империясы халқының этникалық құрамы мен орналасуын,
санын зерттеуде белгілі демограф В.М.Кабузан мол еңбек сіңірді [19, с.254].
М.Вяткиннің (1783-1794жж) С.Датұлының басшылығымен болған қазақтардың ұлт-
азаттық көтерілісіне арналған ғылыми еңбегі, тарих ғылымында белгілі бір
мәнге ие. Оның еңбегінің бағалылығы сол, ол өз зерттеуінде алдына қойған
мақсатының шегінен шығып XVIII ғасырдың II жартысындағы Орынбор
әкімшілігінің қызметіне сипатама берді.
М.Вяткин нақты түпнұсқалық негізге сүйене отырып, Орынбор губернаторларының
қызметін екі түрге бөледі. Біріншісі-әскери жолмен бекіністер, шептер салу
арқылы, қарулы топтарды шекара шегінде ұйымдастырып ойлаған нәтижеге жетуге
болады деп ойлайтын губернаторлар, ал екінші түрі - қазақ даласын бейбіт
жолмен жаулау, яғни қазақтардың атқамінерлерімен одақтасу саясатын
жетілдіру ұстанымындағы губернаторлар.
М.Вяткиннің еңбектерінің басым бөлігінде О.Игельстромның реформаларына
талдау жасай отырып, оған қазақтарды әкімшілік басқаруды 1755ж Мекеме
түріне жақындатуға деген ұмтылыс деп баға берді.
М.Вяткиннің зерттеулерінің маңыздылығы сол, ол Орынбор әкімшілігі хандық
биліктің дағдарысын дала старшиналарын қолдау арқылы империялық мүддеге
пайдалана отырып, биліктің басқыншылық саясатынының XIX ғасырдың басында
ілгерілеуіне жағдай жасағанын ашып көрсете білді [20, с.392].
Профессор М.П.Вяткин Кіші Жүздегі жаңа саяси құрылымның мәселесін түсіндіре
отырып, қазақ феодалдарын патшалық Ресейге рухани тұрғыдан тәуелді
ұстауға және басқару шебін даланың ішкі жағына жылжытуға т.б. ұмтылған
патша үкіметінің жоспарларымен, шынайы пиғылдарын ашып көрсетті. Бірақ та,
билікке, басқару және саяси реформалар мәселесіне көп көңіл бөле отырып,
автор олардың дәстүрлі қазақ қоғамына тікелей ықпал ету мәселелерін
жеткілікті дәрежеде қарастырмаған. Сонымен қатар қазақтардың кедейленуі
және қайыршылыққа ұшырауының себептерін атай отырып, автор қазақ жұртының
үнемі апаттық жағдайға ұшырауына мал шаруашылығымен айналысу кезіндегі
тұрақсыз шаруа жағдайы мен XVIII ғасырдағы тонаушылық соғыстар себеп болған
жоқ, керісінше Кіші жүз Қазақ тайпаларының Ресей империясының құрамына енуі
нәтижесіндегі отаршыл саясаттың себептері деп түсіндіреді. М.П.Вяткиннің
еңбектерінде өзінің нақтылығы және тереңдігімен ерекшеленген бірқатар ойлар
кездеседі, сонымен қатар айтып отырған кезеңдегі тарихи саяси мәселелерде
ұйқассыздықтар орын алған, мысалы көне әкімшілік құрылымның округтарды құру
кезіндегі рөлін көтермелеу кездеседі. XVIII ғасырда орталық билік саясатын
зерттеуде белгілі дәрежеде зерттеуші Н.Г. Апполова да өз үлесін қосты [21,
с.254].
Е.Б. Бекмахановтың монографиялық еңбегінде Қазақстанның империя құрамына
қосылу мәселесі жан-жақты қарастырылған [22, с.342].
Патша үкіметінің ХУШ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанға қатысты
саясатын Г.Семенюктің еңбегінен де көреміз.
Ол, кең байтақ Орынбор өлкесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын
іске асырудағы амалдарын және шекаралық шеп бойындағы қазақ жұртының
жерлерін тартып алу саясатын ашып көрсетті. Сонымен бірге аймақтық биліктің
қазақ атқамінерлерімен қарым-қатынас механизмін әшкереледі [23, с.414-447].
ХVIII ғасырдың соңы - ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси
құрылымын зертеуге белгілі ғалым С.З. Зимановтың еңбегі арналды. Ол қазақ
қоғамының саяси құрылымдарындағы өзгерістерді сыртқы және ішкі факторлар
тұрғысынан қарастырды. Әрине сыртқы ықпалды факторлардың бірі, орыс
билігінің даланы басқару структурасына араласу саясаты еді, оның алғашқы
көрінісін, қазақ жүздерін басқару жүйесіндегі Игельстромның реформасы
арқылы С.З. Зиманов ұсынған болатын [24, с.296].
ХVШ ғ орыс-қазақ қатынастарының мәселесін зерттеуде маңызды қадам жасаған
В.Басиннің монографиясында, Ресейдің сыртқы саяси жүйесіндегі басымдылық
бағытқа ие болған Қазақстанның рөлін кең деректік база негізінде ашып
көрсеткен, сонымен бірге аймақтық биліктің іс-әрекеттерінің әдістері мен
амалдары айқындалған [25, с.276].
Біздің қарастырып отырған мәселемізді зерттеуде, Н.Е.Бекмаханованың
Е.Пугачевтың басшылығымен болған шаруалар соғысына, қазақтардың қатысуын
зерттеген еңбегі де белгілі бір мәнге ие болды [26, с.325].
Кеңес кезеңіндегі тарихи-ғылыми зерттеулер, негізінен экспанссионизм
мәселесі: отарлау және жаулау төңірегінде қарастырылған болатын. Осы
тарихнамалық жағдайды ескере отырып, бұл зерттеу жұмысында Ресей
империясының құрамына шығыс өлке халықтарын қосып алу процессі кезіндегі
олардың орыстармен өзара қарым-қатынасын, және осы акт кезіндегі
халықтардың тағдырындағы прогрессивтік салдарын айқындауға баса назар
аударылды. Кеңес тарихшыларының негізгі зерттеу обьектісінде, шеткі ұлттық
аймақ халықтарының Ресеймен сауда-экономикалық, саяси қатынастары мәселесін
жан-жақты қарастырды. Бұл бағыт Н.Аполлованың, М.Рожкованың, Г.Михалевтың,
Б.Сулейменовтің, П.Галузоның, Ж.Касымбаевтың еңбектерінде көрініс береді
[27, с.411].
Сонымен қатар кеңес тарихнамысында Ресей империясы мен Қазақстан
халықтарының өзара мәдени қатынастарының дамуы мен ағартушылықтың
таралуына, Далада орыс білім беру мекемелерінің ашылуы туралы мәселелеріне
баса көңіл бөлінген болатын [28].
Алайда, Ресей империясының шеткі аймақтарындағы үкіметтің мектептік
саясатының нәтижесі мен мақсаты, аймақтық және орталық тенденциялардың ара
қатынастары толық зерттелмеген, сондықтан әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Губернатор О.Игельстромның кезінде қазақ балаларына арнап мектептер ашу
процессі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz